Мәдениет және өркениет

 

     Мазмұны 

Кіріспе..................................................................................................................3 

І. Египет халқы және қазіргі әлеуметтік экономикалық

жағдайы...............................................................................................................4 

І.1.  Географиялық орны, орналасу ерекшеліктері...........................................6

І.2. Халқы.............................................................................................................8

І.3. Жалпы  шаруашылығы................................................................................14

а) Өнеркәсібі......................................................................................................14

б) Ауыл шаруашылығы.....................................................................................15

в) Транспорты....................................................................................................16 

ІІ. Қазақстан Республикасы мен Египет  Республикасының  қарым – қатынастары....................................................................................................19 

Қорытынды......................................................................................................22

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………23-24 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе

     Египет  жерінде бірнеше мың жыл бойы құл иеленуші Ежелгі Египет мемлекеті  өмір сүрді [қ. Египет (Ежелгі)]. Феодалдық қатынас Египетте 3-4 ғасырларда туа бастады. Бұл кезде ол Рим империясының құрамында болатын. Рим империясы ыдырағаннан кейін (395), Египет елі Византияның провинциясына айналды. Египет экономикасының тұтқасы ірі жер иелерінің қолында болды.

     7 ғасырдың басына таман Египет  халқы түгел дерлік монофизит  мәніндегі христиан дінін қабылдап, копт тілінде сөйледі. 7 ғасырдың  басында Египетке Сасани әулеті басып кірді, ал 639-42 жылы арабтар жаулап алды. Ірі жер иелерінен, Византия әкімдерінің зорлығынан әрі православие дін басыларынан қысым көрген жергілікті копт жұрты арабтарға қарсылық көрсетпеді, қайта ара-тұра солардың сойылын соқты. 7 ғасырдың өзінде-ақ Египеттің жергілікті халқының едәуір бөлігі ислам дініне көшті, ал түбегейлі көшу бірнеше ғасырға созылды. 17 ғасырдың аяғына таман араб тілі Египеттегі бар халықтың тіліне айналды; копт тілі Египет христиандарының діни уағызында ғана қолданылды. Етегі халифат әкімдері қарудың күшімен еңбекші халықтан алым-салық жинап, жер суландыру, құрылыс жұмыстарына феллахтарды күштеп көндірді. 8-9 ғасырларда копт шаруала-рының көптеген қарулы көтерілістері болды, олардың кейбіреулеріне араб тайпалары қатысты. 8-9 ғасырда Бағдад халифаты ыдырай бастаған кезде, Египет әміршісі Ибн Тулун іс жүзінде тәуелсіз болып, Тулун әулетін (868—905) құрды. Бағдад халифатының билігі аз уақытқа қайта орнаған кезде, оның әміршісі Мұхаммед Ихшид мұнда Ихшид әулетін құрды.  

     І. Египет халқы және қазіргі әлеуметтік экономикалық

     жағдайы.

     Египетте  көп жылдар бойы шетел капиталының  қожалық етуі, оның ұлттың өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. 1952 жылғы  июль революциясынан кейін елде экономикалық реформалар жүргізілді, шаруашылық жоспарлы даму жолына түсті. Алғашқы бесжылдық (1960—65ж) жоспар орындалғанда БАР-дың  ұлттық табысы 1728 млн. египет фунтына  жетті. 800-ден астам кәсіпорын  іске қосылды, еңбек етушілердің  саны 6 млн.-нан 7,2 млн-ға дейін көбейді. Бесжыл-дықтың аяғында мемлекет сектор ұлттық табыстың 50%-ін берді. 1967-70 жылдарға белгіленген жоспарда әсіресе ауыр өнеркәсіпті (металлургия, машина жасау, энергетика) дамытуға қатты көңіл  бөлінген еді, бірақ оның орындалуына 1967 жылы басталған Израиль агрессиясы кедергі болды. БАР-дың экономикасы  бұл агрессиядан алғашқы екі  жылдың өзінде 95 млн. египет фунты мөлшерінде зиян шекті. Барлық өнеркәсіп орындары әскери жағдайға көшірілді.

     Елдегі  басты кәсіпорындар (Асуан гидротехникалық  жүйесі, Хелуандағы металлургиялық комбинат т. б.) Совет Одағының техникалық көмегімен  салынуда. Іске қосылған Асуан гидротехникалық  жүйесінен (плотина   бөгені   165   млрд. м3 СЭС қуаты 2,1 млн. квт-сағ жоғары вольтты  электр  линиялары) 1970 жылы 125 млн. египет фунты пайда түсті.

     1998 жылы Египеттің ішкі жиынтық  өнімі 70 млрд. АҚШ долл. Шамасында болды. Экономикадағы жеке меншік кәсіпорында үлесі—70%, ауыл шаруашылығының үлесі—17%, ал өнеркәсіп орындарының үлесі 28,3%-тен астам. Жерінің 5%-ке жуығы ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. Азық-түлік тауарларымен халық 40% қана камтамасыз етілген. Қалғаны сырттан әкелінеді. Жоғары сапалы мақта шығарудан Египет дүние жүзінде 1-орын алады. Ауыл шаруашылығында бұдан басқа бидай (6,2 млн. т.), жүгері (5,9 млн. т.), күріш (5,1 млн. т.), ет (0,6 млн. т.) өндіріледі. 1997 жылдан бастап, жаңа жоба бойынша 1,4 млн.-га шөл даланы игеру жүзеге асырылуда. Өнеркәсібінің  негізгі салалары: мұнай шығару, мұнай өндеу, тамақ, тоқыма өнеркәсібі, металлургия. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     І.1. Географиялық орны, орналасу ерекшеліктері.

     Африканың солтүстік-шығысын және Азиядағы Синай  түбегін алып жатқан Таяу Шығыстағы мемлекет. Батысында Ливиямен, оңтүстігінде Суданмен, солтүстік-шығысында Израильмен және 1947 жылғы БҰҰ-ның араб мемлекетін құруға арнап бөлген территориясымен шектеседі. Жер көлемі 1001,4 мың км2. Халқы 34 млн. (1971), астанасы — Каир қаласы. Әкімшілік жағынан 25 мухафазаға (губернаторлыққа)   бөлінеді  (1972).

     Египет  Республикалары Федерациясының құрамына кіретін республика. Қазіргі конституциясы 1971 жылы 11 сентябрьдегі референдумда мақұлданған. Мемлекет басшысы — президент, оны халық 6 жылға сайлайды. Президент мемлекеттің жалпы саясатын белгілейді, үкімет (Мин. Советі) председателі мен оның орынба-сарларын тағайындайды, декрет шығарады, халықаралық шарттар жасайды және оны бекітеді. Сонымен қатар ол — қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы. Заң шығарушы жоғарғы органы — бір палаталы, бес жылға сайланатын (ең кемі 350 депутаты болады) халықтық жиналыс. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Халық жиналысы елдің әлеуметтік-экономикасы дамуының бас жоспарын, мемлекеттік бюджетті бекітеді. Маңызды экономикалық және саяси мәселелер жөнінде заңдар қабылдайды. Мухафазаларды орталық өкімет тағайындаған губернаторлар басқарады. Сот жүйесі орталық және жергілікті соттардан құралады. Мемлекет гербі мен мемлекет туын Мемлекеттік герб, Мемлекеттік ту мақаласының таблицасы.

     Египет  тропиктік шөлді аймақта, Сахараның  шығыс бөлігін ала орналасқан. Жерінің 96%-і шөл, қалғаны — Ніл өзенінің аңғары мен атырабындағы шұрайлы аймақтар. Жері негізінен жазық. Ніл аңғарының батыс жағын Ливия, шығысын Арабия шөлдері алып жатыр. Елді екіге бөліп жатқан Ніл өзенінің аңғары оңтүстігінде 1—3 км-ге, солтүстігінде 20—25 км-ге жетеді. Нілдің шаруашылыққа қолайлы атырауы 245 км-ге созылып жатыр. Елдің ең ойпаң жері — Каттара қазан шұңқыры (теңіз деңгейінен 133 м төмен) Ливия шөлінің солтүстік бөлігінде, ал ең биік жері—Катерин тауы   (биіктігі 2637 м)   Синай түбегінің оңтүстігінде. Көпшілік жерінің климаты тропиктік, ыстық, құрғақ, континенттік, солтүстік бөлігі субтропиктік. Январьдың орташа температурасы 12°-16°С, июль — августа 26°-34°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 200—400 мм, ал оңтүстігінде көп жылдар бойына тамшы тамбайды. Тұрақты ағатын жалғыз өзені — Ніл. Ливия шөлінің ойпаң жерлерінде жер асты сулары көптеп кездеседі. Жерорта теңізі жағалауы сұр және қоңыр топырақты. Шұрайлы жерлерінде көбінесе пальма, қалған бөлігінде,,шөлге төзімді өсімдіктер өседі

     Египет  негізінен, тропиктік шөлді аймақта, Сахараның шығыс бөлігін ала  орналасқан. Ливия, Арабия, Нубия шөлдері теңіз деңгейінен 300 — 1000 м биіктікте жатыр. Қызыл теңіз бен Суэц каналының маңайындағы тау қыраттары 2187 м-ге дейін жетеді. Ең биік жері Синай түбегіндегі Катерин тауы (2637 м), Ливия және Арабия шөлдерінің арасында Ніл өзені ағып жатыр (Египет жеріндегі ұзындығы 1200 км, ені солтүстікте — 25 км, оңтүстікте 1 — 3 км). Жерінен фосфор, темір кентастары, мұнай, газ, т.б. өндіріледі. Климаты субтропиктік, кейбір жерлері ауа райы өте тез өзгеретін тропиктік шөл. Каңтар айыңдағы орташа темпра солтүстікте 11-12°С, оңтүстікте 15-16°С, ал шілде айыңда солтүстік жағыңда 25-26°С, оңтүстігінде 30-34°С. Елдің көпшілік бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аз.  
 

     1.2. Халқы.

     Египет  халқының 98%-іне жуығы (1970) арабтар (египеттіктер). Олардан басқа көшпелі — бәдеуилер, берберлер (шөлді бөлігінде), түріктер, армяндар, итальяндар, француздар, ағылшындар, гректер (көбінесе қалаларда) тұрады. Халқының 90%-ке жуығы мұсылман-сунниттер. Мемлекет тілі — араб тілі.

     Египет жерінде бірнеше мың жыл бойы құл иеленуші Ежелгі Египет мемлекеті өмір сүрді [қ. Египет (Ежелгі)]. Феодалдық қатынас Египетте 3-4 ғасырларда туа бастады. Бұл кезде ол Рим империясының құрамында болатын. Рим империясы ыдырағаннан кейін (395), Египет елі Византияның провинциясына айналды. Египет экономикасының тұтқасы ірі жер иелерінің қолында болды.

     7 ғасырдың басына таман Египет  халқы түгел дерлік монофизит мәніндегі христиан дінін қабылдап, копт тілінде сөйледі. 7 ғасырдың басында Египетке Сасани әулеті басып кірді, ал 639-42 жылы арабтар жаулап алды. Ірі жер иелерінен, Византия әкімдерінің зорлығынан әрі православие дін басыларынан қысым көрген жергілікті копт жұрты арабтарға қарсылық көрсетпеді, қайта ара-тұра солардың сойылын соқты. 7 ғасырдың өзінде-ақ Египеттің жергілікті халқының едәуір бөлігі ислам дініне көшті, ал түбегейлі көшу бірнеше ғасырға созылды. 17 ғасырдың аяғына таман араб тілі Египеттегі бар халықтың тіліне айналды; копт тілі Египет христиандарының діни уағызында ғана қолданылды. Етегі халифат әкімдері қарудың күшімен еңбекші халықтан алым-салық жинап, жер суландыру, құрылыс жұмыстарына феллахтарды күштеп көндірді. 8-9 ғасырларда копт шаруала-рының көптеген қарулы көтерілістері болды, олардың кейбіреулеріне араб тайпалары қатысты. 8-9 ғасырда Бағдад халифаты ыдырай бастаған кезде, Египет әміршісі Ибн Тулун іс жүзінде тәуелсіз болып, Тулун әулетін (868—905) құрды. Бағдад халифатының билігі аз уақытқа қайта орнаған кезде, оның әміршісі Мұхаммед Ихшид мұнда Ихшид әулетін құрды. Египеттің шығыс Жерорта теңізіндегі экономикалық және саяси маңызы алғашқы тәуелсіз египеттік Фатима әулеті тұсында мейлінше артты. 10 ғ. және 11 ғ-дың 2-жартысында суармалы егістік, мал шаруашылығы, қолөнері едәуір өркендеді. Плотиналар мен каналдар салу егіс өнімін арттырды, қолөнерінің, әсіресе тоқыма өндірісіне шикізат болып табылатын техникалық дақылдардың маңызы артты, қолөнері бұйымдарының едәуір бөлігі Алдыңғы Азия елдеріне шығарылып, Египет қазынасы молыға түсті.

     11 ғасырдың 2-жартысында Фатима халифаты әлсіреді. 11 ғасырдың аяғында жалдамалы әскерлер үкіметтің саяси билігіне араласа бастады. 1171 жылы Фатима халифатын Салах ад-Дин жойды. Айюби әулеті (1171—1250) тұсында мемлекет жерінің көпшілігі иктаға айналып, өнімі әскери қызметі үшін тарту ретінде ұсақ және орта феодалдар үлесіне тиді. Айюби әулетінің сұлтандары мамлюктерден жасақталған гвардиядан өздеріне қорғаныш шеп құрды. 1250 жылы мамлюктердің әскери басшылары Египеттегі жоғаргы билікті басып алды. Бұл кезең жер бетінде басқыншылықтың үдеп тұрған кезеңі еді. Европа елін кресшілер қансыратып, Азия елдерін монғолдар қырып-жойып, ылаң салғанды. Осы екі қақтығыстың ортасындағы тәуелсіз мемлекет Египет мамлюктерінің мемлекеті болды. Бұлар кресшілерді тойтарып, монғолдармен бітісудің амалын қарастырды. Мамлюктердің әскери басшылары Айбек сұлтанды (1257-59), Котуз сұлтанды (1259-60) өлтіріп, Сирияны монғол-дардан жаулап алуда ерен ерлік көрсеткен қолбасшы Байбарысты 1260 жылы таққа отырғызып, сұлтан жариялады. Байбарыс қыпшақ даласынан шыққан адам еді. Монғолдар қыпшақ даласын басып алғанда қолға түскен түріктерді Сирия мен Мысырға құлдыққа сатты. «Осылардан,— деп жазды Вадр ад-Дин эл-Айни,—мұсылман мемлекеттерінде өшпес із қалдырған адилилік, камалилік, ашрафилік, мұззамилік, насирилік, азизилік мамлюктер тарады».

     Байбарыс  таққа әл-Мәлік аз Заһир-Рукн ад-дуниа  вад-дин Байбарыс эл-Бундуқдари ас-Салих деген есіммен отырды. Бундукдари Байбарысты монғолдардан құлдыққа сатып алған әмірдің есімі еді. Байбарыс Бундукдариге жоғары әскери шен беріп, Дамаскіні билетті.

     «Египеттің  тағына скиф отырғандықтан, скифтер бұрынғыдан да көбірек қажет болды (Египетке), өйткені әскери құрам солардан еді»,— деп жазды византия тарихшысы Пахимер (Вернадский, Золотая Орда, Египет, Византия, 1929, с.76-77). Байбарыс моңғолдың екі үлкен мемлекеті — Алтын Орда мен Ирандағы Хулагудың бірлігіне іріткі салды. Ал, Алтын Орда мен Египет арасындағы достық-одақтастық қатынас 13 ғасырдың 60-жылда-рының басында  қалыптаса бастады.

     13 ғасырдың 2-жартысы мен 14 ғасырдың  басында мамлюк мемлекетінің экономикасы өркендеп, Европа, Үнді мұхиты жағалауындағы елдермен сауда қатынасын күшейтті. Мамлюк бейлері билігінің ұлғаюы шаруаларды аяусыз қанаудың күшеюімен ұласып жатты. 14 ғасырдың 2-жартысы мен 15 ғасырда жаппай эпидемия мен аштық пайда болып, елдегі халық саны азайды, әлеуметтік қайшылықтар шиеленісті, феодалдарға қарсы қозғалыс күшейді. Мамлюктерге қарсы тұрғын халық әлденеше рет көтерілді: Жоғ. Египеттегі бәдеуилер көтерілісі (1253, 1302, 1313-14), 1352 жылы Жоғ. Египеттегі шаруалар көтерілісі т. б.

     Мамлюк  мемлекеті түрік басқыншыларының соққысынан құлады. 1517 жылы түрік сұлтаны Селим I Египетті Осман империясына қосты. 17 ғасырдың аяғында Осман империясының әлсіреуі мамлюктерге өздерінің елдегі саяси билігін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызды. 18 ғасырдың орта шенінде Египеттегі түрік пашасы билігінің әлсірегені сонша—мамлюк бейі Әлибейге шын мәнінде тәуелсіз мемлекет құрудың сәті түсті. 18 ғасырдың аяғында француздарға [қ. Египет экспедициясы (1798-1801)], түріктер мен мамлюктер езгісіне қарсы күрес тоқтаусыз жүргізілді. 1804 жылы Каирда халық көтерілісі басталды. Түрік армиясы командирлерінің бірі Мухаммед Әли көтерілісшілер жағына шықты. 1805 жылы Омар Макрам бастаған Каир шейхтері Мұхаммед Әлиді Египеттің билеушісі деп жариялады. Мұхаммед Әли ұлт-азаттық қозғалысы көсемдерін аяусыз жазалады, мамлюк бейлері қырғынға ұшыратылды (1811). Түрік және мамлюк феодалдары езгісінен құтылған Е. халқы феодалдық топтың тепкісіне түсті. Осы кезеңде жер суландырудың негізі қаланды. 19 ғасырдың 20-30 жылдарында Европа үлгісінде ақсүйектер мектебі ашылды. Европа ғылымы мен техникасының жетістіктерін пайдалану қолдау тапты. Алғашқы баспахана құрылып, араб тіліндегі тұңғыш газет шықты. Тұрақты әскер саны 200 мың адамға жуықтады. Вах хабшылармен соғыста (1811—18) Мұхаммед Әлидің қол астына Арабия жерінің бір бөлігі қарады, 1822 жылы Батыс Судан жаулап алынды. 1831 жылы түрік сұлтаны Махмуд ІІ-ні жеңіп, Сирияны, Палестинаны, Киликияны қаратып алды, Түркиямен арада болған екінші соғыстың кезінде (1839-40) Мұхаммед Әли жеңіліп, оның билігінде Египет пен Шығыс Судан ғана қалды, Египет армиясының саны 18 мың адамға шегерілді. 19 ғасырдың орта шенінен Египетке шетел капиталы құрсау сала бастады. Англия Александриядан Суэц пен Каирға қарай темір жол салды (1857 жылы аяқталды), 1869 жылы Суэц каналы салынып бітті, кеме жүре бастағанда, Египеттің құрылысқа жұмсаған шығыны 400 млн. франкке жетті.

     19 ғасырдың 60-жылдарында Египетте  экономикалық дамудың жаңа нышандары пайда болды. Халықаралық жәрмеңкеде Египет мақтасы базарлы болып, осыған байланысты егіс көлемі, суару жүйелері кеңейтіліп, мақта тазалау, қант заводтары, темір жол салынды, телеграф байланысы дамыды. Сауданың, өнеркәсіптің, жол қатынасының дамуына байланысты қала тұрғындары көбейді. Бұлар 19 ғасырдың 60-70 жылдарында жалпы халықтың 15—20%-і болды.

     Исмаил  паша (1863—79) тұсында Египет Осман империясына сырттай тәуелді бола тұра, ішкі билігін кең көлемде өзі басқарды. 1867 жылы Исмаил түрік сұлтанынан мирасқорлық хедив лауазымын алды. 60-70 жылдарда ұлттық интеллигенция кадрлары өсті, жаңа араб әдебиеті мен публицис-тикасы туып, көптеген газет-журналдар шықты. Египет ұлттық банкісі, музейлер, ғылыми қоғамдар құрылды. Дегенмен Египет шетел капиталына кіріптар еді. 1876 жылы ол шетелге 94 млн. фунт стерлинг қарыздар болды. Осының салдарынан 1876 жылы Египеттің финансын ағылшындар мен француздар бақылауға ала бастады. Офицерлердің жалақысын кеміту, әскерден 2000 офицерді босату ашық наразылық тудырды, шетелдіктерді үкіметтен қуу талабы қойылды. Англия, Франция, Германияның талап етуімен түрік сұлтаны Абдул-Хамид II Исмаилды орнынан алып (1879), хедивтікке Тауфик пашаны (1879—92) тағайындады. Финансқа қайтадан екі жақты бақылау қойылып, Египет армиясының саны тағы да шегерілді. 1879 жылы «Ватан» («Отан») атты алғашқы египеттік ұлттық ұйым құрылып, ол «Египет-египеттіктер үшін» деген ұран көтерді. 1881 жылы 9 сентябрьде Араби паша бастаған Каир гарнизоны солдаттарының қарулы көтерілісі болды, Көтерілісшілердің талабы бойынша хедив ағылшынның қолшоқпары Ря-ядты орнынан алып, Шериф пашаны премьер-министр етіп тағайындады. Ол Египет бюджетін басқаруды өз қолына алу талабын қойды. 1882 жылы февральда Махмуд Сами әл-Баруди премьер-министрлікке    тағайындалды,    Соғыс министрі Араби паша болды. Екі жақты финанс бақылауы жойылды. Үкімет барщинаны   жою, ауыл шаруашылығы банкісін құру және басқа   реформалар   енгізу жөнінде    заң    қабылдады.    Осындай жағдайда әсіресе төменгі Египетте шаруалар қозғалысы етек ала бастады. Бұл ағылшын — египет   соғысына    (1882) әкеліп   соқтырды   да,  аяғы ұлт-азаттық   қозғалысын   басумен   тынды.

     Египет  Осман империясының   бір   бөлігі саналғанымен іс жүзінде ағылшын отарына   айналды.   Өкімет   билігі ағылшын   елшілері   Кромер   (1883—1907), Горст (1907—11), Китченердің  (1911-14) қолында болды.

     Египеттегі  ұлт-азаттық күресінің жаңа бет  бұрысы 1905-07 жылдардағы орыс революциясының ықпалымен басталған Азияның  ояну дәуіріне байланысты. Әсіресе ағылшын үкіметінің Деншавай қыстағының шаруаларын аяусыз жазалауы бостандық отына май құйғандай болды. Азаттық қозғалысы негізінен Мұстафа Камиль құрған (1907) «Ватая» партиясының төңірегіне топтасты. Ағылшын өкіметі «Күмәнды адамдар туралы» (1903 жылы 4 июль) заң шығарды. Осыған сүйеніп, үкімет ұлтшылдарды қуғындауға хұқық алды. Ватаншылдар астыртын жұмысқа көшті, біразы шетелді паналады. 1-дүн.жүз. соғыс басталған соң (1914 жылы 18 дек.), Англия Египетті протекторатым деп жариялады. Соғыс ауыртпалығы жергілікті өнеркәсіптің біршама дамуына жағдай жасады. Өнеркәсіп пен қолөнерде істейтін адамдардың саны артты.

     Россиядағы Октябрь социалистік революциясының   әсері   (1918—21)   Египет  халқының ұлт-азаттық күресінде жаңа өрлеу туғызды. 1918 жылдың   аяғында   ағылшындарға қарсы Египетке тәуелсіздік беруді талап еткен көтеріліс басталды. 1918—19 жылы Александрияда,   Каирда, Порт-Саидта    Египет     Социалистік    партиясына (1922   жылдан   Египет  Коммунистік  партиясы)   біріккен   алғашқы   социолистік коммунистік топтар құрылды. Қозғалыстың қарқыны 1922 жылы февральда Англияға протекторатты   жойғызып,   Египет тәуелсіздігін жариялауға мәжбүр етті. Сұлтан Фарук I король атағын алды. Бірақ Англия, «Египетті қорғау», Египет арқылы өтетін империялық   жолдарды күзету,  «Суданды бірігіп басқару» правосын сақтап қалды. 1936 жылы 26   августа   ағылшын-египет   шарты жасалып,   ағылшын   әскерінің   Египеттегі басқыншылығы  тоқтатылды  деп жарияланды. Египет өз тарапынан шетелдермен   қарым-қатынас   жасап,   елшілік жіберуге ерікті болды. Дегенмен Суэц   каналы   бойында,    Каирда   және Александрияда ағылшын әскері қала берді де, Египет армиясы ағылшын әскери миссиясының бақылауында болды.

     Екінші  дүниежүзілік соғыс кезінде Англия Египет жерін, оның игіліктері мен әскери күшін, Ливиядағы итальян-герман әскеріне қарсы соғыс қимылдары үшін пайдаланды. 1942 жылдың жазында итальян-герман әскерлері Әл-Аламейнге дейін   Египет жеріне өтіп кетті. 

     1.3. Жалпы шаруашылығы

     а) Өнеркәсібі

     Өнеркәсібі. Басқа араб елдерімен салыстырғанда Египеттің өнеркәсібі әжептәуір дамыған. 1952 жылдан кейін көптеген жаңа кәсіпорындар салынып, ескілері жаңартылды, үлкейтілді. Металлургия, машина жасау т.б. жаңа өнеркәсіп салалары пайда болды. Алғашқы бесжылдықта өнеркәсіп өнімінің жылдық өсу қарқыны 7,4%-ке жетті (жоғары дамыған капиталдық елдерде жылына 5,5%).  

     Өндірілетін пайдалы қазындыларының бастылары (1970 жылы мың т): мұнай (15500), марганец (4), темір рудасы (460). Ірі мұнай кәсіпшіліктері Суэц шығанағы жағалауында (Рас-Гариб, Карим, Әл-Гурдак т.б.), марганец кені — Синай түбегіндегі Умм-Бугма тауында, темір кені Асуан ауданында ашылған. Асуан СЭС-і іске   қосылғанша   Египетте су энер: мүлдем пайдаланылмады. Негізгі энергетикалық   отыны —мұнай    (85%-і), (15%-і). 1970 жылы  7592 млн.   Квт. электр энергиясы алынды   (ірі станциялары   Каир   мен  Александрияда). 1969 жылдың аяғында Асуан СЭС-нің 9 агрегаты іске қосылды, оның 1575 млн. Квт-қа  жетті.   1969 жылы өндірілген  өнеркәсібі   өнімі   құнының 30%-ін мата тоқу, 28%-ін тамақ, 11%-ін   химия,  8%-ін   тау-кен   өнеркәсібі берді.  Басты  өнеркәсіп  саласы — тоқудың ;(1970 жылы  815 млн. м мақта, мата тоқылып, 164 мың т мақта иірілді)    орталықтары:     Махалл Кубра,   Александрия,   Думьят,   Каир т. б. Тамақ (І970 жылы 547 мың т қант 92 мың т мақта майы өндірілді) кәсіпорындары Ком-Омбо, Армант, Каир, Александрия   қалаларында   шоғырланған. Хелуандағы кокс-химия, Александрия мен Суэцтегі мұнай   айыру Асуандағы    азот    тыңайтқыш   зоналары — Египет химиялық   өнеркәсібінің   түрлі кәсіпорындары.  1970 ж 824 мың тыңайтқыш алынды   1958 жыл елде алғашқы  металлургия   комбинаты Хелуанда) іске   қосылды.1970 жылы елде 250 мың т шойын балқытылып, 380 мың т прокат   шығарылды. Машина жасайтын   (Александрияда автомобиль    құрастыру,    кеме     верфі Порт-Саидта кеме жөндеу т.б.) шағын кәсіпорындары жұмыс істейді.  

     ә) Ауыл шаруашылығы

     Ауыл  шаруашылығы. Елдің ұлттық табысының 29,5%-ін, экспортының 70%-ін ауыл шаруашылығын береді (1969). Еңбек. етуші халықтың 49%-і ауыл шаруашылығымен айналысады (1969). Египет— ежелде суармалы егін шаруашылығы дамыған ел. Басты ауыл шаруашылығы аудандары Ніл өзенінің аңғары мен атырауына орналасқан. 1953 жылдан бері Ливия шөлінің Нілге таяу жерлері игерілуде. Егістік жері 2,7 млн.га (одан жылына екі-үш рет өнім жиналады), оның 40%-іне астық дақылдары егіледі, 30%-і — мақта плантациясы. Егілетін басты дақылдары: мақта, жүгері, бидай, күріш, қант құрағы. Олардан 1970 жылы мынадай өнім жиналды (мың т): мақта 1379, жүгері 2393, бидай 1516, күріш 2605, қант құрағы 515. Барлық   ауыл шаруашылығы өнімінің   30%-ін   мал шаруашылығы береді. 1969-70 жылғы мал саны (млн): мүйізді ірі қара 3,6, қой 2,2, ешкі 0,8, есек 1,2, түйе 0,2, үй құсы 99. 

     б) Транспорты.

       Ел ішінде жүк және жолаушылар тасу жөнінен т. Жол транспортының үлесі басым   (жүктің 80%-і жолаушылардың 96%-і). Транспорт жолының жалпы ұзындығы 7,2 мың км (жыл; жүк   айналымы  4   млрд. т).   Басты магистральдары:Каир — Асуан, Каир—Александрия, Каир— Исмаил Порт-Саид — Суэц. Тас жолдың 21,6 мың км (1969), ірі магистральдары: Каир — Александрия —   Тобрук (Ливияда), Каир — Порт-Саид, Каир-Суэц. Египет жерінен Жерорта және Қызыл теңіздерді қосатын Суэц каналы (ұз. 173 км) өтеді. Үлкен теңіз порттары — Александрия, Суэц, Порт-Саму Каирда халықаралық аэродром бар.

     Сыртқы саудасы. 1969 жылы Египетте импортқа шек қойылып, экспорт кеңейтілді. Соның нәтижесінде, сыртқы сауданың көлемі 653 млн. египет фунтына жетті, импорт 55% кеміп, экспорт 20% өсті. Экспортқа мата және мақта бұйымдар, күріш, пияз шығарылды. Басқа елдерден машиналар, химиялық бұйымдар, өндірістік  құрылыс-жабдықтар, металдар т. б. Сатып алынады. 1970   жылы   Египет   импортының 12%-ы, экспортының   60%-і   социалистік елдердің үлесіне  (соның ішінде импортының 12%-і,    экспортының   37%-і СССР-дің үлесіне)  тиеді, басқа сауда әріптестері — АҚШ, ГФР, Италия, Үндістан, Франция, Жапония. Ақша өлшемі – египет  фунты. СССР Мемлекет банкісінің  нарқы  бойынша (1972) 1 египет фунты 2,08 сомға тең.

     Египетте 1968 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы 38,2, адамнан өлімі 16,2 болды. 1970 жылы тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 68,0.   Адам   өмірінің   орташа ұзақтығы ерлерде 51,6 әйелдерде 53,8 жас. Бұл елде микробтар арқылы таралатын жұқпалы ішек және тері аурулары, басыр    және    конъюнктивит сияқты көз аурулары,безгек, сүзек, бруцелез т. б. аурулар жиі кездеседі. Шөлді аймақтарында ауасы өте құрғақ, атмосферада шаң-тозаңның   көптігі малдарынан   тыныс  мүшелерінің ауруы көбірек кездеседі.

     Денсаулық   сақтау   министрлігі елдегі жұқпалы ауруларды  жою,  халықты ондай аурулардан алдын ала сақтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Әрбір мұхафазада  денсаулық сақтау департаменті бар. 1969—70 жылы денсаулық сақтау ісіне   39677  мың   египет фунты бөлінді. Фармацевтік   өнеркәсіпті өркендету   және   дәрі-дәрмекті арзандату  шаралары   жүргізілуде. Фармацевтивтік, химиялық және медициналық   препараттарда шығару жөнінде. Бүкіл египеттік ұйым құрылды. 1962 жылы СССР-дің көмегімен Абу-Заабалда химиялық фармацевтік антибиотиктер   зоналарды салынды. Дәрі-дәрмектер нарқы 25-ке   арзандатылды.   Еңбекшілердің көпшілігіне ақысыз дәрігерлік көмек беріледі.

     1968 жылы Египетте 68 мың төсектік 175 аурухана болды. 1969 жылы елде 16,2 мың дәрігер, 2 мың тіс дәрігері, 5,4 мың фармацевт, 20 мыңдай орта білімді мединициналық қызметкерлері жұмыс істеді. Дәрігерлерді Египеттегі университеттердің 6 медициналық фунттері дайындайды. Медсестралар дайындайтын 18 мектеп бар. Асуан, Хелуан, Луксор сияқты атақты курорттары бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ІІ. Қазақстан Республикасы мен Египет  Республикасының  қарым – қатынастары.

     Араб  шығысы елдерінің халқының саны жөнінен  аса ірісі және мейлінше ықпалдысы  болып табылады. Айтарлықтай әскери экономикалық әлеуеті бар. Президент  Гамал Абдел Насер заманынан  бері Египет байсалды да ұсынақты саясатының, күрделі аймақтық проблемаларды  шешуде ұтымды делдалдық күш-жігер  жұмсауының арқасында мұсылман, Африка және дамушы елдер арасында зор беделге  қол жеткізе алды. Бүгінгі күннің ақиқатына сәйкес Египет сыртқы саясатының негізгі мақсаты араб ынтымақтастығын  дәйектілікпен нығайту, Таяу Шығыс  бейбіт процесін ілгерілету, аймақты  ядролық қарудан ада өңірге айналдыру, ұжымдық қауіпсіздіктің Жерорта  теңіздік жүйесін құру, сондай-ақ Африка құрылығында этникааралық қақтығыстарды  реттеу болып табылады.

     Қазақстан мен Египет арасындағы дипломатиялық  қатынастар 1992 жылғы наурызда орнатылды. Екі мемлекеттің алғашқы ресми  байланыстары жан-жақты ынтымақтастық  орнатуда екі жақтың мүдделі екендігін  көрсетті. Бұл ниет екі мемлекеттің  өзекті аймақтық және халықаралық проблема-лардың көпшілігіне көзқарастарда әлде бір елеулі айырмашылықтың жоқтығымен беки түсті. Алайда, рыноктардың географиялық қашықтығы және көлік коммуникацияларының  проблемалары толыққанды сауда-экономикалық байланыстардың дамуына объективті түрде қиындықтар келтірді.

     Осыған  орай мәдени-гуманитарлық байланыстар  әлдеқайда ойдағыдай дамыды. 1993 жылдан бастап Египет тарабының шақыруы  бойынша Египеттің түрлі жоғары оқу орындарында 150-ден астам қазақстандық студенттер оқыды. ЕАР Сыртқы істер  министрлігі жанындағы ТМД елдеріне техникалық көмек қорының білім беру бағдарламалары шеңберінде экономиканың түрлі саласын, сондай-ақ дипломатияны, заң саласын, ауыл шаруашылығын, журналистиканы және туризмді қамтыған 300 қазақстандық маман Египетте тегін тағлымдамадан өтті.

     Президент Н.Назарбаевтың 1993 жылғы 13-16 ақпанда  Египетке ресми сапары Қазақстан-Египет қатынастары тарихында ірі оқиға  болды. Қазақстан басшысының ЕАР  Президенті X. Мубаракпен келіссөздері екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымын, сондай-ақ екі жақты мүдделілік туғызып отырған бірқатар халықаралық проблемаларды қамтыды. Сапар қорытындылары бойынша ұзақ мерзімді өзара қатынастардың негізін қалаған маңызды мемлекетаралық келісімдер топтамасына қол қойылды. Солардың ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы, өзара инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімдерді бөліп айтуға болады. Келіссөздер барысында Қазақстан Египет қатынастарының тарихы талайға кетіп, дәстүрі ғасырлардан келе жатқан гуманитарлық астарларына зор көңіл бөлінді. Біздің ұлы отандасымыз мамлюк сұлтаны Әз Зәхир Бейбарыс атындағы Каир мешітінде болғаннан кейін Н.Назарбаев екі халықтың ортақ игілігі болып табылатын осы монументті сәулет құрылысын қайта жаңғырту үшін Қазақстанның сыйы ретінде жартылай асыл тастарды сыйға беретіні туралы ұсыныс айтты. Өз кезегінде қазақстандықтарға ықылас пен достық қатынастардың белгісі ретінде Египет басшылығы Алматыда Ислам мәдени орталығын тегін салып беру туралы шешім қабылдады.

     Қазақстан мен Египет саяси өзара іс-қимыл  арқылы сыртқы саяси ведомстволардың, соның ішінде түрлі халықаралық  ұйымдар шеңберінде консультациялар  алмасу амалын ұстанып отыр. Қазақстанның ИКҰ-ға толық құқылы мүше мәртебесін алуы Египет басшылығының біздің елімізге айрықша ықыласын туғызды. Бұл қадам египеттіктерді ТМД елдері арасында жалғыз Қазақстанның Араб мемлекеттерінің лигасы (АМЛ) сияқты беделді аймақтық құрылымда бақылаушы мәртебесін алуына қолдау білдіруге итермеледі.

     Бірлесіп  жұмыс істеудің маңызды бағыты АҒСШК-ні шақыру туралы идеяны іске асыру жөнінде  өзара іс-қимылға қатысты. Араб дүниесінде елеулі салмағы бар және аймақта  қауіпсіздік шараларын нығайту  үшін сындарлы күрес жүргізіп келе жатқан Каир Қазақстанның осы бастамасына  зор мән берді. Бұл ретте египеттіктер Таяу Шығыс қауіпсіздіктің Азия жүйесінің  батыс бөлігін білдіретінін негізге  алады, сондықтан АҒСШК процесін ілгерлету жөніндегі ұжымдық  күш-жігер жан-жақты қолдау табуы  тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мәдениет және өркениет