Медицинаның түрлі саласында құбылыстардың
МЕДИЦИНАНЫҢ
ТҮРЛІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ЖӘНЕ
Медицинаның түрлі саласында құбылыстардың немесе белгілердің бір-бірімен юайланысын статистикалық талдаудан өткізуге тура келеді. Сонымен қатар факторлы және нәтижелі белгілердің арасындағы байланысты да анықтау қажет.
Бұл әдіс әр адамның дене өсуін бағалауда пайдаланылады және әр адамның функционалды көрсеткіштерге түрлі сыртқы факторлардың әсерін ғылыми түрде дәлелдеу үшін керек.
Өзара байланыс екі түрге бөлінеді:
- Функционалдық.
- Корреляциялық.
Функционалдық байланыс – белгілердің бір-бірімен қзара қатынасын көрсетеді. Бұл белгілердің әрқайсысының мөлшеріне басқа белгілер мөлшерінің нақты сәйкес келуі талап етіледі. Мысалы, шеңбердің радиусы үлкейген сайын оның көлемі де үлкейеді; суда тұздың мөлшері көбейсе оның ащылығы да көбейеді. Негізгі функционалды байланыс – физикалық, химиялық құбылыстарға тән.
Корреляциялық байланыс – бір белгінің әрбір орта мөлшерінің мағынасы басқа бір белгімен өзара байланысу арқылы бірнеше мағынаға сәйкес келеді (нәрестенің бойы мен салмағының арасындағы өзара байланыс, әйелдердің бала туу жиілігі мен отбасының табысы арасындағы өзара байланыс, т.б.). Көбінесе корреляциялық байланыс әлеуметтік-медициналық, биологиялық, медициналық өзгерістерге тән. Сонымен қатар корреляциялық байланыстың ерекшелігі ол тек бақылау санын есептегенде, яғни статистикалық жинақты зерттегенде анықталады. Корреляциялық коэффициентінің мөлшеріне сәйкес (0-ден 1-ге дейін) белгілер арасындағы байланыстың күші мен бағытын білуге болады.
Корреляциялық байланыс бағыты бойынша: тікелей, кері болып 2-ге бөлінеді.
Корреляциялық байланыстың күшін анықтау нұсқасы:
- Күшті ±1,0 ден ±0,7 дейін;
- Орташа ±0,7ден ±0,3 дейін;
- Әлсіз ±0,3тен ±0,1 дейін;
- Жоқ - 0.
Егер (+) болса тікелей байланыс дейміз.
Егер (-) болса, оны кері байланыс дейміз.
Корреляциялық байланыстар: кестелік, графикалық, корреляциялық коэффициенттер арқылы бейнеленеді.
Корреляциялық коэффициентті есептеудің екі тәсілі бар. Олар:
- Квадратты тәсіл (Пирсон тәсілі).
- Рангілі (сандық, реттеу) тәсіл (Спирмен тәсілі)
Квадратты тәсілді қолданудың жолдары мыналар:
- егер белгілер сан жағынан көп болса;
- егер белгілер арасында байланыс күшін нақты түрде анықтау қажет болса.
Пирсонның тәсілі бойынша корреляциялық коэффициентті есептеу формуласы былайша белгіленеді
мұнда: - корреляциялық коэффициент.
“х” және “y” өзара байланысын анықтайтын белгілер;
және әрбір ауыспалы вариантаның, өзінің орта арифметикалық өлшемінен ауытқуы ( және ).
Пирсон тәсілі бойынша корреляциялық коэффициентті есептеу әдісі мен тәртібі:
- ауыспалы (“x” және “y”) белгілерден вариациялы қатар құру;
- әрбір вариациялы қатардың орта өлшемін анықтау;
- “х” және “у” қатары үшін орта өлшеміне әр вариантаның ( және ) ауытқуын табу;
- ауытқулардың көбейтілгеннен ( ) кейінгі қосындысын табу керек ( );
- әрбір ауытқуды квадратқа алып және қатар бойынша қосындысын табу керек ( және );
- көбейтәндәсән тауып шығару;
- корреляциялық коэффициентінің формуласына шыққан нәтижелерін қондырып есептеу керек
Есептелген нәтеже 0 мен 1,0 арасында (+) немесе (-) белгімен болуы мүмкін. Ол байланыстың бағыты мен күшін көрсетеді.
Рангтік корреляция тәсілін қолдану жөніндегі нұсқаулар:
- Егер байланыс күшінің деңгейін нақты түрде білу қажет болмаса, ондай мәліметтерді болжап алуға болады.
- Егер белгілер (n≤30) сан жағынан және сапалық белгілер болса, (атбутивті белгі) деп аталады.
- Ранглі тәсілі бойынша корреляциялық коэффициентті есептеу формуласы:
мұнда - ранглі корреляция коэффициенті, d – рангтардың айырмашылығының ауытқуы, n – бақылау саны.
- Ранглі корреляцияның коэффициентін есептеу жолы:
- Салыстырылатын белгілерден қатар құру, қатарды “х” және “у” деп белгілейміз. Бірінші қатардың “х” белгісін өсу немесе төмендеу бойынша реттік санмен белгілеу (1,2,3,4 .....), екінші қатардың (у) мағынасын бірінші қатардағы мағынасына сәйкес келетіндей қарсысына қою керек.
- Әрбір белгінің өлшемін ранглі номермен (реттік санмен) белгілеу керек, оны “ ” және “ ” дейміз. Ранглы қатарда белгінің бірдей мөлшері болса, осы мөлшердің реттік номерлерінің қосындысының орташа саны деп алуға болады.
- “ ” және “ ” арасындағы ранглардың айырмашылығын анықтау d= -
- Әрбір рангның айырмасын квадратқа алу ( ).
- Рангның айырмасының квадраттарының қосындысын табу ( ).
Табылған нәтижелерді формулаға қондырып есептеу керек.
Корреляция
коэффициентінің қатесін
- Пирсон тәсілі бойынша есептелген корреляция коэффициентінің қатесін мынадай формуламен табады:
- Спирмен тәсілі бойынша рангтік корреляция коэффициентінің қатесин мынадай формуламен табады:
Квадратты тәсілі мен есептелген корреляция коэффициентінің дұрыстық критерийін анықтайтын формула:
Рангылы корреляция коэффициентінің дұрыстық критерийін анықтайтын формула:
Есептелген коэффициенттердің сенімді болуы дұрыстық (t) критериймен анықталады. Коэффициентті сенімді деу үшін дұрыстық критерий t”2” тең, не одан жоғары болуы керек.
Кесте мағынасы бойынша дұрыстық критерийінің еркін дәрежесін ескере отырып (n-2) баға береді, n – бақылау саны. Дұрыстық критерий t=2 болса, онда есептеп алған коэффициентіміздің нақтылығы 95% дейміз.
Коэффициент мөлшері бойынша корреляция байланысының күші мен бағытына баға беру үлгісі мынадай болады.
| Байланыс күші | Тікелей + | Кері - |
| Толық
Күшті Орташа Әлсіз Байланыс жоқ |
+1 +1-ден +0,7 дейін +0,7-ден +0,3 дейін +0,3-тен +0 дейін
0 |
−1,0
−1-ден − 0,7 дейін − 0,7-ден −0,3 дейін − 0,3-тен −0 дейін 0 |
Екі айнымалы шаманың бір-бірімен байланысының бағыты мен күші корреляциялық көрсеткіші арқылы анықталады, ал бір белгі мөлшерінің екінші белгінің мөлшері өзгергенде сан жағынан қаншалықты өзгеретіні регрессия тәсілі арқылы көрсетіледі.
Регрессия – бір-бірімен
Регрессия коэффициенті - абсолюттік шама, ол бір белгінің мөлшері бірлік санға өзгергенде екінші белгінің өлшемі қаншалықты өзгеретінін көрсетеді.
Регрессия коэффициентін
Мұнда:
- регрессия коэффициенті, - корреляция коэффициенті, және (Х және У қатарларының орта квадратты ауытқуы).
Мысал: 9 жасар қыздардың орта шамамен бойларының ұзындығы белгілі, ал осы жастағы қыздардың бойы 1 сантиметрге өскенде орта есеппен салмағы қанша килограммға ұлғаятынын білуге болады. “У” арқылы олардың салмағы мен“Х” арқылы бойдарын белгілейміз. Бойларының орта квадратты ауытқуы да белгілі, ол . Салмақтарының орта квадратты ауытқуы да белгілі, ол бойымен салмақтың корреляциялық көрсеткіші бұл мәліметтер бұрынғы зерттеулерден алынады. Сонда регрессия коэффициенті мынадай болады:
Қорытынды: 9 жасар қыздардың орта шамамен бойы 1 см өскенде салмағы орта есеппен 0,43 килограммға көбейеді.
Регрессия коэффициенті арқылы бір белгінің (мысалы салмақтың) мөлшерінің арнайы өлшеу жүргізбей-ақ, екінші белгінің (мысалы, бойдың) орта шамасы бойынша табуға болады. Ол үшін сызықтық регрессия теңдеуін пайдаланылады:
мұнда:
У – ізделіп отырған (
Х – белгілі (бойдың) шамасы.
- салмақты бойға салыстырғандағы регрессия коэффициенті.
- белгілі жасқа тән (салмақтың) орта шамасы
- бойдың орта шамасы.
Мысал: 9 жасар қыздардың орта есеппен салмағы =30,3 кг., бойының шамасы = 135,5 см. Егер де 9 жасар қыздардың орта есеппен бойының ұзындығы 132 см болса, онда салмағының орта шамасы қанша болатынын табуға болады. Барлық белгілі мәліметтерді регрессия теңдеуіне жазамыз:
У = 30,3+0,43 (132-135,5) =28,8 кг.
Қорытынды: Орта есеппен 9 жасар қыздардың бойының ұзындығы 132 см болса, бұған сәйкес салмақтың мөлшері орта шамамен 28,8 кг болады.
Жеке адамдардың белгілерінің мөлшері әр түрлі. Мысалы, бойларының ұзындығы бірдей болғанымен салмағы тән өзгерушіліктің шамасын табу регрессияның коэффициентінің ауытқуы қолданылады:
- зерттелінетін белгінің (мысалы, салмақтың) орта квадратты ауытқуы, - корреляция көрсеткіші.
Негұрлым - тың мөлшері аз болса, соғұрлым әр адамның зерттелген белгісінің орта шамасынан айырмашылығы аз болады.
Регрессия теңдеуін және регрессия ауытқуын пайдаланып регрессия коэффициенті арқылы регрессия шкаласын құрады. Бұл шкала бойынша балалардың және жас өспірімдердің дене дамуын зерттегенде бойдың, салмақтың, кеуде көлемінің мөлшерлерін жасына сәйкестігін бағалайды.
Регрессия шкаласы бойынша қан қысымының ең жоғарғы деңгейін табуға болады, ал жұқпалы аурумен ауырғандардың саны белгілі болса, шкала бойынша бацилла сақтаушылардың санын анықтауға болады. Осы принципті қолданып әр түрлі есепте қолданылатын геометриялық шаманың графигі жасалады. Номограмма арнайы тор сызық секілді болады. Онда бір сызықта бір белгінің мөлшері жазылса, екінші сызықта соған сәйкес екінші белгінің шамасы жазылады. Бұл регрессиялық әдіс жұмыстар жүргізілгенде де және дәрігерлердің (бала дәрігерлері, эпидемиологтар, санитарлық дәрігерлер) күнделікті жұмысында да қолданылады.
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
Демография (demos – халық, grafo – жазамын) деген екі грек сөздерінен құралған – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Халық туралы мәліметтердің маңызы өте зор. Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау, емдеу, санитарлық, т.б. медициналық мекемелердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сауықтыру шараларын жүргізуге, дәрігрлер мен орта білімді мамандарды жайындау мақсатында пайдаланылады. Екіншіден, демографиялық көрсеткіштер халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерге жатады. Үшіншіден емдеу профилактикалық мекемелердің жұмысын талдауда пайдаланылады.
Демографияның екі бөлімі бар: 1 бөлім – бір уақытқа сәйкес халық санын білу, оны “статика” дейді, яғни халық санының бір тұрақты қалпында жыныс, жас (6-сурет) әлеуметтік, топтық, кәсіби және қызметі, үйелмендік жағдайын сипаттау. Сонымен қатар ұлты, ана тілі, мәдениеттілік деңгейі, сауаттылығы, білімі, тұрған жері (қала, ауыл), географиялық орналасуы және тығыздығы анықталады.
2 бөлім – халық санының
а) Халықтың механикалық
б) халықтың табиғи өсуі – туу және өлу процестері, өмір ұзақтығы, табиғи өсу немесе азаю көрсеткіштері.
Осы көрсеткіштердің Қазақстан Республикасы бойынша негізгі мәліметтерді ресми түрде шығарылған статистикалық жинақтардын (1991, 1998, 1999, 2000 ж.ж.) алынған. (1,7,8,9-суреттер, 4,5-кесте).
Негізгі демографиялық
1. туу көрсеткіші бір жыл ішінде нақтылы жерде 1000 адамға шаққанда туулық жиілігін көрсетеді:
Туу көрсеткіші = Бір жылдың ішінде туғандардың саны • 1000
2. Өлім көрсеткіші = Бір жылдың ішінде өлгендердің саны • 1000
3. Табиғи өсу көрсеткіш = (Туғандар - өлгендер саны)_________ • 1000
Көбінесе бұл көрсеткішті есептегенде жылдық туулық және сол жылдағы өлім көрсеткішінің айырмасын алады. Сондықтан бұл көрсеткішті алғанда туулық және өлім көрсеткішінің деңгейін есепке алу керек (1,2-кесте, 10-сурет).
Демографиялық көрсеткіштерді
4. Әйелдердің бала туу көрсеткіші = Бір жылда туғандар саны_____________ • 1000
5. Жасына сәйкес әйелдердің бала туу көрсеткіші =
=
6. Некелі әйелдердің бала туу көрсеткіші = =
7. Жасқа сәйкес өлім көрсеткіші
(сәбилер өлімінен басқа)
60-65 жасқа сәйкес өлімшілдік =
Денсаулық сақтау
(осы әдіспен туберкулез және т.б. аурулардан өлім көрсеткіштері есептелінеді; 12-сурет).
Республика бойынша өлімге
- жүрек жіне қан айналым жүйесінің аурулары;
- жарақаттану және улану;
- қатерлі ісіктер;
- тыныс жүйесінің аурулары (11 сурет) иеленеді.
8. Сәбилер өлімі – бір жасқа толмай өлген сәбилердің саны. Бұл көрсеткішті 1000 тірі туылған балаларға шағып есептейді. Ол үшін мәліметтерді жергілікті азаматтардың өмір өзгерістерін жазып отыратын бөлімнен (ЗАГС – тан) алады. Көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесін алғанда барлық бір жасқа толмай шетінегендер ішінде 2/3 биылғы жылы туылғандар, ал 1/3 алдындағы жылы туылғандар екені байқалады. Сондықтан жылдық сәбилер өлімінің нақты көрсеткіші мынадай формуламен есептелінеді:
Сәбилер өлімі =
Республика бойынша бұл
Бір жасқа толмаған балалардың өмірі 2 мерзімге бөлінеді: Бір айлық (төрт апталық) – жаңа сәбилік мерзім –2–12 айға дейін (постнеонаталдық мерзім). Осы мерзімдерге сәйкес сәбилер өлімінің көрсеткіші есептелінеді. Сонымен қатар тағы бір көрсеткіш есептелінеді. Оны перинатарлық сәбилер өлімі дейді. Бұл көрсеткішті есептегенде өлі туылғандар және туылғандардың ішінде бір апта аралығында шетінегендер саны алынады.
9. Перинаталдық өлім көрсеткіші =
Халық санының статистикасын
зерттегенде, жанұяға
Халық денсаулығына баға бергенде жалпы өлім көрсеткішіне қарағанда алдағы өмір сүру мерзімінің көрсеткіші күрделі және маңызды фактор ретінде қарастырылады.
Бұл көрсеткішті есептеу
Алдағы өмір ұзақтығы деген
ол әр жастағы адамдардың (0,1,2,3,....80....
жастағылардың) орта есеппен
Демографиялық көрсеткіштерді
Халықтың табиғи өзгеруінің көрсеткіштерін бағалау үлгісі
| Көрсеткіштерді бағалау | Туулық | Өлім | Сәбилер өлімі |
| Төмен
орта Жоғары |
15- ке дейін
15–25-ке дейін 25 |
9-ға дейін
9–16-ға дейін 15 |
30-ға дейін
30–50-ге дейін 50 |
Статистика және талдау комитетінің мәліметі бойынша Қазақстан Республикасындағы демографиялық көрсеткіштер
(1000 адамға шаққанда) 1990,1997 жж.
4-кесте
| Облыс.атауы | Туулық | Өлім | Табиғи өсу | Сәбилер өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда | ||||
| 1990 | 1997 | 1990 | 1997 | 1990 | 1997 | 1990 | 1997 | |
| Қазақстан
республикасында барлығы
Ақтөбе обл. Алматы обл. Атырау обл. Жамбыл обл. Жезқазған обл. Қарағанды обл. Қызылорда обл. Көкшетау обл. Қостанай обл. Маңғыстау обл. Паылодар обл. Солт. Қаз. обл. Семей обл. Талдықорған обл. Торғай обл. Орал обл. Ақмола обл. Оңтүстік Қаз. обл. Шымкент обл. Алматы Астана |
21,7 23,9 23,1 26,4 23,8 21 16,2 29,2 19,8 19,0 – 18,9 18,4 20,9 22,8 – 23,0 19,8 17,1 29,9 15,8 |
14,7 14,4 14,7 19,6 17,4 12,2 12,2 22,0 12,3 11,5 19,9 11,4 11,6 11,4 14,7 12,7 14,0 12,6 11,4 22,9 10,6 |
7,7 6,9 7,1 6,6 7,7 7,3 7,9 6,8 8,1 7,7 – 7,2 9,2 8,1 7,9 – 8,2 7,6 9,7 6,7 8,6 |
10,1 9,4 8,8 9,4 9 12,2 12,2 7,8 12,2 10,8 7,5 10,7 11,7 11 8,8 10,8 10 11 12,5 7,4 11,5 |
14 17 16 19,7 16,1 13,6 8,3 122,4 11,7 11,3 – 11,7 9,2 12,9 14,9 – 14,8 12,2 7,4 23,2 7,2 |
4,6 4,9 5,8 10,1 8,1 0 0 14,2 0 0,6 12,3 0,6 0,1 -0,4 5,8 1,8 3,9 1,6 -1,1 15,5 -0,9 |
26,1 26,6 25,5 32,3 29,6 25,7 24,3 31,7 23,6 23,3 – 26,7 20,5 28,7 21,9 – 25,3 23 25,3 28,9 22,9 |
24,2 25,1 19,5 26,8 30,4 26,2 26,2 29,1 22,2 21,7 41 23,1 29,6 22,2 19,5 19,6 21,6 22,2 25,8 22,5 21,9 |
Ескерту: (Статистикалық мәліметтер). 1990, 1997 жылдардығы Қазақстан республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысынан алында.
Алматы – 1998, 1999 жж.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТИІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ.
Сабақтың мақсаты:
Денсаулық сақтау жүйесінің экономикалық тиімділігі туралы түсінің беру. Экономикалық тиімділікті есептеу жолдарын меігерту.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- экономикалық тиімділікке түсінің беру.
- экономикалық әсерлерді есептеу әдістері.
- экономикалық тиімділік түрлері.
Сабақтың негізгі мазмұны:
Денсаулық сақтау салысының алдына қойған мақсаттары:
- халықтың ауру-сырқауын азайту;
- халықтың өлім-жітімін төмендету;
- адам өмірінің ұзақтығын ұлғайту.
Нақты айтқанда денсаулық сақтау жүйесі ауру-сырқаудың алдын алу мен дерт түрлерін азайту арқылы өлім-жітімді төмендетеді, ал оның нәтижесі халықтың орта есеппен алғанда өмірін ұзартады, өлім-жітім мен ауру-сырқаулықты төмендету арқылы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздықты азайтады және жұмыс істемеу уақыты азаяды, ал оның есесіне адамның еңбекке жарамды жылдары көбейсе, белсенділігі нығаяды. Сондықтан сырқаттанып жүрген адамдарды емдеп, оларды қайтадан жұмысқа қосу және денсаулығын сақтап қалу арқылы қоғамның дамуына денсаулық сақтау саласы үлкен үлес қосады.
Экономикалық пайда әкелетін халықтың денсаулығы (яғни балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, үй жұмысындағыларды алып тастағанда) дейтініміз, адамның еңбекке қабіліттілігін, адамның жұмыс істеген жылдарын арттыру дәрежесімен өлшенеді. Сондықтан, емдеу-сауықтыру және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы әлеуметтік, медициналық және экономикалық тиімділікпен сипатталады.
Ауру-сырқаулықты азайту және
денсаулықты жақсарту

- Медицина первобытного общества
- Медицина раннего и развитого средневековья . Медицина на Руси (IX-XV вв)
- Медицина средневековья
- Медицина средневековья
- Медицина стародавнього Єгипту
- Медицина эпохи Средневековья и Возрождения
- Медициния саласы
- Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
- Медициналық және биологиялық мазмұнды есептерді екі факторлы дисперсиялық талдау әдісін қолданып шешу
- Медициналық мекемелердегі құжаттардың жіктемесі
- Медицина мекемелерінде дәрігердің жұмыс орнын автоматтандыру
- Медицина Месопотамии
- Медицина Месопотамии
- Медицина Московского государства