Мектеп жасына дейінгі кезең
10 – тарау. Мектеп жасына дейінгі кезең.
Мектеп жасына дейінгі кезең мінездемесі.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс- әрекеті.
Когнитивті даму: қабылдау, ес, ойлау ерекшеліктері.
Эмоционалды – ерік аймағының дамуы, тіл даму ерекшеліктері.
10.1. Мектеп жасына дейінгі кезең мінездемесі.
Жас кезең 3 жастан 6 – 7 жас аралығын қамтиды. Мектеп жасына дейінгі кезеңде адам өмірінде маңызды көптеген психика дамуы байқалады. Психиканың сапалық дамуы көптеген аспектілерді: тілдің жоғары деңгейде дамуы, қиялдың дамуы, ойлау, ес, мотивер иерархиясы, т.б. қамтиды. Бұл адамгершілікті меңгеру, басқа адамдармен бірлесе қарым – қатынас жасау, жаңаны білумен сипатталады. Барлық жаңалықтар ересек адамның белсенділігіне байланысты болады. Баланың сезімталдығы жоғары, қорытындысы бірден байқалмаса да, болашақта алған білім өзінің нәтижесін береді. Алғашқы әлеуметтену тілдің дамуына байланысты одан әрі жедел қарқынмен дамиды. Жеке тұлғаның мінезі дамиды: мінез, қызығушылық, бағыттылығы, қарым – қатынас субьектісі қалыптасады, құрбы – құрдастарымен қарым – қатынас осы кезеңнің негізгі ерекшеліктердің бірі.
Аталған кезең екі периодтан кіші мектеп жасына дейінгі кезең және жоғары мектеп жасына дейінгі кезең 5 жасты қамтиды. Мұндай бөліну негізгі іс – әрекеттің пайда болу мен психикасының сапалық өзгерістеріне байланысты. Д.Б. Эльконин мектеп жасына дейінгі балаларға мінездеме бере отырып, былай дейді: баланың ересек адаммен бірлескен әлеуметтік жағдаяты жойылады, бала жеке әрекет жасауға тырысады. Бала ересек адамның өміріне толығымен араласып кете алмағандықтан, ойын оның ересектермен идеалды қарым – қатынасына айналады. Ойын барысында ғана бала ересек адамның өміріңдегі іс – әрекеттер мен рөлдерді қайталап, ойнай алады.
Д.Б. Эльконин ойынның 4 дамуын көрсетеді.
1) Тұрмыстық элементтерден ойынның шаруашылық, одан кейін қоғамдық саяси сюжеттерге айналуы.
2) Қиялдағы жағдаяттар мен ойын тәртібі қарым – қатынасының өзгеруі.
3) Бір заттан келесі затқа ойын мазмұнын өзгерту.
10.2. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс – әрекеті.
Ойынның арқасында бала заттар мен адамдардың қоршаған ортасын түсінеді. Бала мектеп жасына келгенде оқу түрткісін ойынмен алмастарып алмауы алмауы үшін қойылған талаптар қай кезде оларды түсінгенін ғана көрсету керек екенін айыру үшін осы қызметті меңгеруі тиіс.
Заттық іс – қимылды меңгергеннен кейін бала ойнауды үйренеді. Мектеп жасына дейінгі баланың ойыны біршене кезеңдерден өтеді.
Бірінші – бұл рөлдік ұйым, бала өзін – өзі ана, әке, аю, қоян, мыстан кемпір және т.б. атаумен атап, өзін соларға ұқсатып ойнайды.
Екінші – сюжеттік ойын, бала басталуы, дамуы мен аяқталуы бар, бір күнде аяқталып қалмай, жалғасын келесі күні табатын оқиғаны өрбітеді.
Үшінші – ережелері бар ойындар, бала сюжеттің логикасына сәйкес іс – қимыл жасап қана қоймай, барлығына бірдей қатысты жектеулердің (нормалар мен ережелердің) жүйесін әзірлеп, қабылдайды.
Алғашқы екі кезең балалың шағармашылық мүмкіндіктерін, артистизмин, өзін – өзі ұстау қабілетін ашады.
Ойын қызметіне деген бейімділік бәрінде болмайды және ол темперамент ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ұлшақ балалар ақыл ой қызметін, спорттық және компьютерлік ойындарды қалайды. Бірак бұл тең ауысым емес. Оларды дәстүрлі ойындарға қалай үйретіге болады?
Біріншіден, өзіңіз баламен ойнауыңыз керек. Бұрын өзіңіз, ата - анаңыз қалай ойнайды, қазір қандай ойындар бар туралы еске алып, айтып беруіңіз керек.
Екіншіден, ойынға делдал –қатысушыны – қуыршақты, көрші баланы, баланың ағасы немесе әпкесін қатыстыру қажет.
Үшіншіден, баланың барлық мүмкінді белсенділік таныту және қиял елесін көтермелеп, оның жаңа сөздер, бейнелер, ассоциациялар, жаңа ойындар мен жаңа рөлдер ойлап табуына мүмкіндік жасау керек. Егер ол ұялатын болса және қажетті артистизмге ие болмаса, оған ренжиссер немесе сыншы болуды ұсыну керек.
Рөлдік немесе шығармашылық ойындар мектеке дейінгі жаста пайда болады. Бұл баланың ойын жағдайларында өзіне үлкендердің қызметі мен олардың арасындағы қарым - қатынастарын алып, оны жалпы түрде көрсету.
Ойын заттық – манипулятивтік қызметтен ерте балалық кездің соңында шығады.
Заттық іс – қимылдардың қажетті даму деңгейінен басқа ойынның пйда болу үшін баланың үлкендермен жасайтын қарым – қатыныстардың түпкілікті өзгері керек. Бала 3 жасқа жақындағанда ол өздігінен іс –қимыл жасауға қабілетті болады да, оның жақын адамдармен бірігіп қызмет жасауы ыдырай бастайды. Сонымен қатар, ойын өзінің шығу тегі жағынан да, мазмұны жағынанда әлеуметті болып келеді. Ол жие үлкендермен толыққанды қарым – қатынассыз және баланың үлкендер арқылы алатын түрлі әсерінсіз дами алады. Ерте балалық және мектепке дейінгі кездің шекарасында балалар ойынының алғашқы түрлері пайда болады. Бұл бізге белгілі режиссерлік ойын. Онымен бірге бір уақытта немесе кейінірек рөлдік бейне ойындар пайда болады. Онда бала өзін кез келген адамға және нәрсеге ұқсатады және соларға сәйкес іс – қимыл жасайды. Мұндай ойынның міндетті шартты ашық және қарқынды жан толғанысы болып табылады: баланы көрген оқиға таңғалдырғаны соншалық, ол ойындық іс – қимылдарында өзінің қатты эмоцияналдық үн қатуын тудырған бейнені көрсетеді.
Режиссерлік және рөлдік бейне ойындар мектепке дейінгі жастың ортасында өзінің дамыған түріне жететін сюжеттік -рөлдік ойынның бастауы болып табылады. Кейінірек одан ережелер бар ойындар бөлініп шығады. Жаңа ойындардың пайда болуы бұрын меңгерілген, ескі ойындарды толық жоймайды, олардың бәрі сақталады және жетілдіре береді. Сюжеттік - рөлдік ойындарда балалар баладар нақты адамдардың рөлін және қарым – қатынасын көрсетеді. Сюжет – ойында көрсетілген нақта өмірдің саласы. Алғашында бала отбасымен шектелетін болғандықтан, оның ойындары ең алдымен отбасы, тұрмыстық мәселермен байланысты болады. Кейін, өмірдің жаңа жақтарын меңгеру бойынша, бала аса күрделі сюжеттерді пайдалана бастайды.
Баланың ойында көрсететін үлкен адамдардың қызметіндегі және қарым қатынастардағы сәттер ойынның мазмұнын құрайды. Бірте – бірте ойындық іс қимылдар қысқарады және жинақталады, ал кейде тіптен сөйлеумен ауысады. Сюжет пен ойынның мазмұны рөлде көрініс табады. Мектепке дейінгі жоғары жастағы балалардың ойыны ережелері бар ойындармен жалғасады. Сөйтіп, ойын өзгеріп отырады да, мектепке дейінгі жастың соңына қарай жоғары даму деңгейіне жетеді. Ойынның дамуында 2 негізгі сатылар немесе кезеңдерге бөлініп шығады. Бірінші кезең үшін (3-5 жас) адамдардың нақты іс – қимылдарының логикасын көрсету сипаты; ойынның мазмұны заттық іс – қимылдар болып табылады. Екінші кезең (5-7 жас) адамдардың арасындағы нақты қарым – қатынастардың үлгісі көрсетіледі және ойынның мазмұны әлеуметтік қарым – қатынастар үлкен адам қызметінің қоғамдық мәні болып табылады. Ойын - мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші қызметі, ол баланың жетекші қызметі, ол баланың дамуына маңызды ықпал етеді. Ең алдымен балалар бір – бірімен толыққанды қарым – қатынас жасауға үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балада ойын әрекетінің даму этаптары.
Ойынның даму кезеңдері |
Баланың жасы |
Мазмұны |
Ойын барысындағы серіктесі |
Ойынның бала дамуына әсері |
Заттық манипулятивтік, сюжеттік – рөлдік ойындар |
Кіші мектеп жасына дейіңгі кезең (2,5-4жас) |
Рөлдерді орындауға тырысады. |
Қажеті жоқ |
Адамның қоғамдағы қызметін меңгереді (анасы, сатушы т.б.) |
Сюжеттік – рөлдік ойындар |
Орта мектеп жасына дейінгі кезең (3,5-4 жас) |
Ойынның мазмұны күрделенеді. Бала ойынның ережесі толық меігермейді, алайды рөлдерді орындайды. |
Ойын ойнауға серік қажет. Егер рөл дұрыс орындалмаса, ойыншылар арасында кикінжіл туады. |
Меңгереді. |
1. Адам функциясын |
||||
2. Оны жүзеге асырудың әдіс – тәсілдері. |
||||
3. Қарым – қатынас ережелері |
||||
Сюжетті – рөлдік ойындар |
||||
1. Ережелі ойындар |
Жоғары мектеп жасына дейінгі кезең (5-7 жас) |
Рөлдің шарттары мен нормаларын меңгеру,ойын барысында негізінен ойын шарты бойынша әрекет жасау. |
Ойынға серік қажет. Егер ойын барысында ойын шартын орындамаған баланы ойыннан шығарлуы талап етіледі. |
Өзін – өзі тежеу пайда болады. Еріктік әрекет пайда болады. |
2. Драмалы ойындар |
Жоғарғы мектеп жасына дейінгі кезең (5-7 жас) |
Ертедегі кейіпкерлердіңморальдік – этикалық тәртіп нормалары меңгерледі. |
Ойынға серік қажет. Рөлді таңдау барысында кикілжіңдер туады. |
Мораль нышаны қалыптасады, бала қарым – қатынас дағдыларын одан әрі жетілдіреді. |
Ойын әрекетінен басқа мектеп жасына дейінгі кіші бала әрекетінің бірі – сурет салу.
Зеньковскиий бойынша сурет салу сатылары:
1 – саты – «бұлғау». 1 жастан 1,5 жаста басталады. Бала қолына түскен қаламсап, карандашты тұңғыш рет қолына алғандықтан, ересек адамның іс – әрекетіне електеу жасайды.
2-саты – «шимайлау». Аяқ асты сәтті болған сызық белгілі бір образға әкеледі. Осының нәтижесінде бала «доп», «шар», т.б. сала бастайды.
3-саты – 4-5 жаста басталады да, 9-10 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Обьектіні танып білуге болады, алайда ол схемалар. Ересектерге қарағанда балалар бір – бірінің суреттерін жақсы тани алады. Суреттің ерекшелігі олардың интелектісінің дамуына байланысты.
4-саты. 10-11 жаста басталады. Суреттер шындыққа сәйкес, схемалы түрде таныла бастайды.
Дене дамуы.
- Бойы мен салмағының күрт өсуі, бойдың өсуі біркелкі емес.
- Сүйектену толығымен әлі аяқталған жоқ, май терісінің қалыптасуы азаяды да, бұлшық еттің салмағы артады.
- Қимыл қозғалыс аппаратының жұмысы одан әрі дамиды.
- Қан айналысы мен тыным алу жетіледі.
- Жоғарғы жүйке жүйесі жетіледі, мидың салмағы ересек адам миының салмағына теңеседі.
Бала бойының өсуі.
Жасы |
Жылдық өсуі, см |
3 - 4 |
8 - 10 |
4 – 5 |
4 - 5 |
5 - 6 |
6 - 7 |
6 - 7 |
7 - 8 |
7 |
10 дейін |
10.3. Конготивті даму: қабылдау, ес, ойлау ерекшеліктер
Сенсорлы – перцептивті даму. Мектеп жасына дейінгі балаларда бағдарлаушы әрекеттер интенсивті дамиды. Бағдарлану әр түрлі деңгейде: материалды, сенсорлы көру, ақыл ой дамиды. Л.А. Венгер зерттеуі бойынша, сенсорлы эталондардың дамуы интенсивті болады. Түр, түс, өлшем, бір - біріне теңестіру эталондармен салыстыра бастайды. Ана тілінің эталондық фонемдерін меңгеру жүзеге асады. 3 жастан 7 жасқа дейін барлық көру, есту, тері, қимыл – қозғалыс сезімталдығының табалдырығы кемиді. Көру, байқампаздық жоғарлайды. 6-7 жасқа таман әр түрлі иістерді жақсы ажыратады. Қабылдаудың, форма, көлем, түстерді ажыратуға әр түрлі продуктивті іс -әрекеттер – сурет салу, құрастыру әсер етеді. Тері сезімталдығы илеу үрдісінде қалыптасады, фонематикалық есту – сөйлеу қарым – қатынасында, жоғарғы дыбыстарды есту –әуен сабақтарында жүзеге асады. Үш жасқа таман продуктивті әрекеттер туралы мағлұмат жинақталады да, бұл кеңістікті қабылдауға әсерін тигізеді. А.В. Запарожец еңбектерінің көрсеткеніндей, баланың сенсорлы эталондардың меңгеруі қабылдаудың дамуына әсер етеді дейді. 4 жаста балада форманы меңгеру көріне бастайды: шеңбер, үшбырыш, квадрат. 31 анықтама бергенде бала «үйдің төбесі сияқты», «үй сияқты» шеңберді «доп сияқты» қызыл түсті «шие сияқты» (В.С. Мухина) деп ажыратады. 3-5 жаста баланың геометриялық фигураларды ажыратуға арналған ойындар ойнағаны жөн. Перцепцияның дамуына 5 жас бетбұрыс болып табылады. Бала бағытта шатаспайды (алға- артқа, оң жақ- сол жақ).
Уақытты қабылдау мектеп жасына дейінгі балаларда қиын болып табылады. Ол тәулікті таңертең тұру, ұйықтаған кезде түн басталады деп бағдарлайды.
Ес.
Ес екі деңгейде дамиды. Алғашқы деңгей - тану (жедел дамуы), жоғары деңгей – қайта жаңғарту. Естің қалыптасуына сөйлеу де әсерін тигізеді де, ол ырықты болады. З.М. Истомина зерттеулері бойынша, ес ырықсыз түрде ырықты, жанама және тікелей еске сақтау жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі балаларда эмоционалды көру және ырықсыз ес басымдылық көрсетеді. Ес үрдісінің дамуы жастың өзгеруіне байланысты дамиды. Ырықты қайта жаңғарту ырықты еске сақтауға қарағанда бірінші пайда болады. Естің дамуы баланың қызығушылығы мен мотивациясына да байланысты болады. 5-6 жаста балада алғашқы перцептивті әрекеттер пайда бола бастайды. Ол әрекеттер саналы еске сақтау мен қайта жаңғартуға әсерін тиғізеді. Оған карапайым алғашқы қайталау жатады. 6-7 жаста ырықты еске сақтау толығымен аяқталады. Баланың еске сақтау мен жаңғырту икемдігілігі артады да, бала материалды еске сақтау мен жаңғыртуда өзінің икемділгін арттырады. Мысалы, төрт жастағы бала өзіне көрсетілген 12 суреттен барлық 12 суретті тануы мүмкін, ал 2-3 –еуін ғана жаңғырта алады. 10 жасар бала барлық суреттерді танып, 8 қайта жаңғырта алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көбінде механикалық еске сақтау дамыған. Бала зат өзін қызықтырған жағдайда оны есіне сақтай алады. Естің осы түрлеріне байланысты балада тілдің дамуы болады да, бала кеңістікке жақсы бағдарлана алады. Осы кезеңде эйдетикалық ес жақсы дамиды. Бұл балаға көрген заттарын есте сақтауда көп көмегін тигізеді. 4 жасқа таман ойлау көрнекі әрекеттік мінездемеге ие болады. Бірте – бірте ол көрнекі – бейнелі ойлауға айналады. 6 – 7 жаста логикалық ойлау көріне бастайды. Эталондарды меңгеру балада ойлаудың да өзгеруіне әсер тигізеді. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңында балада эгоцентризмнен децентрацияға ауысу басталады. Бұл қоршаған ортаға қабылдауда обьективті түрде қабылдауына жағдай туғызады. Баланың ойлауы педагогикалық үрдісті ұйымдастыруына байланысты жүзеге асады. А.В. Запорожецтің пікірінше, балада көрнекті – бейнелі ойлау пайда болады. Осылайша, ойлау келесі кезеңдерді басынан өткізеді. 1. Қиялдың дамуына байланысты көрнекі – әрекеттік ойдың жетілуі; 2. Тікелей және жанама ес нәтижесінде көрнекі бейнелі ойдың жақсаруы. 3. Тілдің дамуына байланысты сөздік – логикалық ойлаудың белсенді қалыптасуы.
Обьектілерді есте сақтаудың көлемінің өзгеруі.
Жасы |
Заттық (образдық) |
Сөздік (вербалды) |
3-4 |
3,9 |
1,8 |
4-5 |
4,4 |
2,6 |
5-6 |
5,1 |
4,6 |
6-7 |
5,6 |
4,8 |
Ойлау.
Көрнекі бейнелі ойдың қалыптасуына қиял әр етеді. Алғашында бала заттарды бір – бірінің қызметіне байланыссыз заттарды алмастырады. Кейін бала алмастырған заттардың белгілі бір функциялық рөлін анықтайды да, олармен тәжірбиелік әрекеттер жасау өзінен – өзі өміршеңдігін жоғалтады. Сөздік – логикалық ойлау балада тілді меңгеру кезінде пайда болады. Мектеп жасының ортасында балада талдау ерекшелігі пйда болады да, әсіресе Ж.Пиаже сипаттайтын эгоцентрлік сөйлеу феноменінде ерекше көрінеді. Балада талдау көрінгенмен, ол әлі де болса өлшем, сапа деген түсініктерді ажырата алмайды. Аталған ойлаудың түрі екі кезеңде өтеді. 1. Бала алдымен затқа байланысты сөзді меңгереді де, оны пайдаланады: 2. Бала логикалық талдаудың шартын меңгеріп, қарым – қатынасты ажырататын түсініктер жүйесін танып біледі. Логикалық ойлаудың дамуы кезінде балада іс – әрекеттің ішкі жоспарының даму үрдісі жүзеге асады. Н.Н. Подьякова бұл үрдісті зерттеу барысында дамуыдң алты кезеңін атайды:
- Алдымен бала көрнекі– әрекетті жағдайда қолдың көмегін арқылы заттармен манипуляция жасайды.
- Заттармен манипуляция жасауды одан әрі жалғастыра отырады, бала тілді пайдалана бастайды.
- Бала ойша бейнелерді талдай бастайды.
- Бала тарсырманы алдын – ала ойластырып, жоспар бойынша орындайды.
- Бала алдымен ойша іс – әрекетті жоспарлап алады да одан кейін оны жүзеге асуруға кіріседі.
- Тапсырма іштей ғана орындалады да, оның бекуіне назар аударылмайды.
Н.Н. Подьяковтың зерттеулері бойынша, балада ойша жасалған кезеңдер мен жетістіктер жоғалмайды. Олар жаңа, жетілген түрімен одан әрі жалғасады. Қажет болған жағдайда балада көрнекі – әрекеттік, көрнекі бейнелі, сөздік – логикалық ойлаудың дамуы қайтадан қосылады. Осыдан мектеп жасына дейінгі балаларда интеллектінің дамуында жүйелік приципі жүзеге асады.
10.4 эмоционалды ерік аймағының дамуы, тіл даму ерекшеліктері.
Мектеп жасына дейінгі балаларда зейін ырықсыз түрде дамиды. Негізгі ерекшелік – қызығушылық байланысты зейіннің дамуы. Бала өзін қызықтырған затқа, обьектіге, адам назарын қызықтаған уақытқа байланысты аударады. Ырықты зейін эгоцентрлік сөйлеуге байланысты дамиды. Бала алғашқы кезде ырықсыз зейіннен ырықты зейінге ауысу үшін шығара отыра талдау нәтижесінде жүзеге асады. Кіші мектеп жасына дейінгі балаларда затқа зейінін тұрақтата алуы 6-8 секунд, ал ересек мектеп жасына дейінгі балалар 12-20 секунтқа назар аударады. Балалардың бұл кезеңдегі зейінін тұрақтата алуы әр түрлі болады. Оның себебі, балалардың жүйке жүйесінің әртүрлілігі, дене дамуы мен өмір сүру ортасына да байланысты. Аурушаң, қозба балалар сау, даму деңгейі қалыпты балаларға қарағанда зейіндері әлсіз, тұрақсыз болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні 4-5 жаста қарқынды дамиды. Ойын барысында бала 2-3 затты пайдалана алады. 5-6 жаста балаға 2-3 зат туралы айтып берші десең, бір зат сипатталса, қалған зат ұмытылып қалады. Мектеп жасына дейінгі балалар ырықты түрде анализдің дағдыларын қалыптастыру қажет. 5 жастан бастап ырықты зейін қалыптаса бастайды. Бала затқа 10 минут өз зейінін бағындыра алады да, 7 жаста 1 сағат, 1,5 сағатқа дейін ұлғаяды.
Қиял.
Сәбилік кезеңнің соңында бала заттарды алмастыра бастайды, осыдан қиялдың алғашқы кезеңі басталады. Кейін ол ойында одан әрі жетіле түседі. Қиялдың дамуын тек қана ойын үстінде емес, сурет салу мен әр түрлі қолдан жасалған заттар арқылы көруге болады. О.М. Дьяченко қиялдың даму кезеңдері барлық басқа да психикалық жан қуаттары сияқты өтеді деп көрсетеді. Қиялдың негізгі қайнар көзі – сенсорлы эталондар. Мектеп жасына дейінгі кезінде балаларда репродуктивті қиял басымдылық көрсетеді. Ол балада қабылданған заттарды механикалық қайта жаңғырту арқылы образдарды бейнелеуден тұрады. Бала өзіне қатты әсер еткен эмоционалды жағдайларды қайта жаңғыртады. Жоғары мектеп жасына дейінгі балаларда репродуктивті қиял қиялға айналады. Ол шындық әрекеті шығармашылық айналдырады. Бұл үрдіс кезінде ойлау да қатысады. Қиялдың бұл түрі сюжеттік – рөлдік ойындарда жетіледі. Қиял функциялары: танымдық – интеллектуалдық, аффективті –қорғаныш болып бөлінеді. Танымдық – интеллектуалды қиял бейнесін заттан бөлу мен тілдің дамуы арқасында жүзеге асады. Аффективті – қорғаныш баланың ішкі жан дүниесіне үңілу, өсіп келе жатқан баланың дұрыс қалыптасуы мен үйлесімділіге назар аудару.
Тілдің дамуы.
Тілдің көлемі ұлғаяды. 6 жаста 5-6 мың сөзді пайдаланады. 38% зат есім, 32% етістік, 10% есімдік, 7% одағай, 2% сын есім пайдаланады. Тілдің даму кезеңдері.
- Жағдаяатты сөйлеу, алғашқы кезеңде дамиды.
- Контексті сөйлеу. Ойлаудың жоғарлауына байланысты сипаттайтын жағдаятты толық айта бастайды.
- Түсіндірмелі сөйлеу. Ақыл ойдың жоғарғы деңгейі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық жаңа құрылымның пайда болу ерекшелігі бұл мектепке даярлық.
Оның негіздері:
- Когнитивті даярлық
- Эмоционалды даму деңгейі
- Технологиялық құрал – жабдықтар
- Тұлғалық дайындық
- Коммуникативті дайындық
Когнитивті даярлық.
Ж.Пиаже бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл – ой дамуының екінші кезеңінде болады. Ақыл – ой образдарды ойлауға байланысты, алайда логикалық ойлау әлі қалыптасқан жоқ. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңында балада анимизмдік және антроморфизмдік ойлауды жеңе бастайды, яғни жансыз заттарға адамның мінез бітісін сипаттауға тырысады. (Ж.Пиаже)
Эмоционалды даму.
Бала әр түрлі эмоциялық жағдаяттарды меңгеруді үйрене бастайды. Балалар тәртіп нормаларын меңгере бастағандықтан, агресия азая бастайды. Ертегі және ойын негізгі көмекші құралдары.
Технологиялық құрал – жабдықтар
В.В. Давыдов бойынша «даярлықтың негізгі көрсеткіші – қиялдың жоғарғы деңгейде дамуы ».
Тұлғалық дайындық. Өзін – өзі жігерлендіруден көрінеді.
Коммуникативті дайындық. Қоршаған адамдармен дұрыс қарым – қатынас орната алуында.
Мектепке дайын болмауына себептері:
- Балаға ортаның тәрбиелік сипатының жетіспеушілігі.
- Соматикалық дамудың жетіспеушілігі.
- Мінездің невротикалық дамуы.
- Жоғарғы жүйке жүйесінің ерте зақымдалуы.
- Интеллектінің олигофренияға дейінгі формасында дамуы.
Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайда әлеуметтік – психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады. Баланың барлығы өмірлік әрекетінің жаңа жағдайында табысты түрде бірдей бейімделмейді. Г.М. Чуткинаның зерттеуі бойынша, ол баланың мектепке бейімделуінің үш деңгейін атап көрсетеді. Бейімділік жоғарғы деңгейі: 1– сынып оқушысының мектепке деген қарым – қатынас жағымды; оқу материалдарын жеңіл меңгереді; күрделі есептерді шығарады; мұғалімнің түсіндіргенін, берілген тапсырманы ешкімнің бақылауынсыз орындайды; өздік оқу жұмыстарына үлкен қызығушылықпен қарайды; барлық сабақтарға дайындалады; қоғамдық жұмыстарды қуана және адал орындайды; сыныпқа белгілі бір ұнамды тық орны бар.
Бейімділіктің орта деңгейі: 1– сынып оқушысының мектепке деген қарым – қатынас жағымды; оның қатысуы кері күйзелісті шақырмайды; егер де мұғалім оқу материалын нақты және көрнекілік пайдалану арқылы баяндаса; онда оны түсінеді; оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын меңгереді; типтік есептерді өз бетімен шығарады; үлкендердің нұсқауын, тапсырмаларын орындағанда мұқият, бірақ үлкендердің бақылауымен жасалынады; өзі қатты қызыққан іске ғана зейінін тоқтата алады, сабаққа дайындылығы және арқашан үй тапсырмасын орындайды; қоғамдық жұмыстарды адал орындайды; сыныптастарымен достасады.
Бейімділіктің төмен деңгейі: 1– сынып оқушысының мектепке деген қарым – қатынас жағымсыз; көңіл күй түсінкі; мұғалімнің түсіндірген материалдарын көрнесті түрде көрсетеді; денсаулығына жиі шағымданады; оқулықтармен өздік жұмыс жасау қиынға соғады; сабаққа жүйелі түрде дайындалмайды; оған үнемі бақылау жасап отыру керек, мұғалімдер мен ата – аналар тарапынан ескертулер мен жүйелі түрде көмектер қажет; қоғамдық жұмыстарды ынтасыз; пасстивті; бақылаудың көмегімен жасайды; жақын достары жоқ; сыныптастарының жартысының ғана аты жөнін біледі.
Баланы мектеп бейімдеуде әсер ететін жағымсыз факторлар – жанұя жағдайында тәрбие үрдісінің дұрыс болмауы, үлкендермен қарым – қатынасы қанағаттанарлықсыз, ата – анасының білім деңгейінің төмен болуы, құрбы – құрдастарының арасында өзін теңдей, сезінбеу, жартылау отбасынан шығуы, отбасында үнемі кейкілжіңдер орын алуы т.б.
Л.С. Выготский суреттеуі бойынша, бұл кезеңді жоғалу жасы деп атады. Негізгі белгілері: бала қиқарланады, ересек адамға бағынғысы келмейді. Бұрын ересек адамның айтқанын екі етпейтін бала, енді өзіне қарым – қатынас талабын жоғарлатады. Бала тәртіптің бір формасын жоғалтып, екінгі форманы әлі меңгермеген. Негізгі қажеттілік – өзін – өзі сыйлату. Әрбір бала өзін ересек, өз бетімен шешім қабылдайтын жеке тұлға ретіндесе қабылдатқысы келеді.
К.Н. Поливанова мынадай ерекшеліктер айтады:
1) Кідіріс – бала өзіне қойылатын талапты, тілекті «естімейді».
2) Дауласу – басқа отбасындағы мүшелермен өзін салыстырады да, іс– әрекеті жоққа шығарады. «Неге оған рұқсат, неге маған ол іс – әрекетті жасауға болмайды? »
3) Тыңдамау – демонстративті түрде өтеді. Жиі алдау арқылы жүзеге асады.
4) «Ересек адам тәртібі» – ересек адамша пайымдылық іс – әрекеті.
5) Сыртқы түрі – өзінің түр әліпетіне ерекше зейінділік (өз жасынан ересек көрінуге тырысады).
6) Қыңырлық, қырсықтық, табандылық, сынға деген реакция.
Бақылау сұрақтары.
- Мектеп жасына дейінгі кезеңнің әлеуметтік даму жағдаятының ерекшелігі неде?
- Мектеп жасына дейінгі баланың ойынын сипаттама.
- Мектеп жасына дейінгі баланың ойынның мазмұндылығын сипаттама.
- Мектеп жасына дейінгі баланың ересектер мен құрбы – құрдастар қарым – қатынасының ерекшелігі неде?
- Д.Б. Эльконин мен А.В. Запорожец еңбектеріндегі бала дамуының амплификациясы дегеніміз не?
- Л.С. Выготскийдің бала дамуының негізгі заңдылықтары атаңыз.
- Л.С. Выготский психикалық функциялардың қайсысы жоғары «жоғарғы» деп аталады?

- Мектеп жасына дейінгі оқушылардың психологиялық ерекшіліктері
- Мектеп жасына дейінгі фигуралы түсінігін қалыптастыру
- Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар
- Мектеп жұмысын жоспарлау
- Мектепке дейінгі балаларды санауға үйретудің әдістері
- Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік, жобалаушылық дағдыларын дамыту
- Мектепке дейінгі жас
- Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру
- Мектеп жасына дейінгі балаларда сан туралы түсініктерін қалыптастыру
- Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру немесе әлеуметтік тәрбие
- Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі
- Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы
- Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері
- Мектеп жасына дейінгі бейнелеу өнері