Мектепке дейінгі балаларды санауға үйретудің әдістері

                                               Аннотация

       С.Найманбаеваның курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен  пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

       Кіріспе бөлімі зерттеудің  көкейкестілігінен, мақсаты, міндеті, пәні, әдісі нысаны, жаңашылдығы, көздері мен зерттеудің ғылыми педагогикалық әдістерінен тұрады.

      1 тарауда Қазақстандавғы мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы. Сондай-ақ, мектеп тжасына дейінгі қарапайым математиканың басқа ғылымдармен байланыстылығы  туралы жазылған.

      2 тарауда Естияр топтағңы балаларға санауды үйретудің тиімді әдістері. Мектеп жасына дейінгі балаларға санауды үйрету барысында қолданылатын тиімді әрекеттер. Мектеп жасына дейінгі балаларға ауызша санауды үйретуде халық педагогикасын пайдалану қарастылған.

      Қорытынды бөлімінде жалпы екі тараудың  қорытынды нәтижелері көрсетілген.

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі -  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

               Мазмұны

Кіріспе

I Қазақстандағы мектепеке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы.

1.1 Мектеп дейінгі қарапайым математиканың  басқа ғылымдармен байланысы............................................................................................................

1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.......................................................................................................

II Мектеп жасына дейінгі балаларға  санауды үйретудің тиімді әдістері.

2.1 Мектеп жасына  дейінгі баплаларға санауды үйретудегі  психологиялық әрекеттер..............................................................................................................

2.2 Ммектеп жасына  дейінгі балаларға ауызшап санауды  үйретуде халық педагогикасын  пайдалану..................................................................................

Қорытынды ........................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   3

   Зерттеудің  өзектілігі:Қазақстан Республикасының  президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы “ Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” ы халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.

   Өндірістік  орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік  технологиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.

   Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған  жағдайда демократиялық  жолмен дамушы  мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы  мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі  мен білімдерін  арттыру қажеті туындап отыр.

   Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар  мен компьютерлік технология жақсы  дамып отырған кезде қоғам  талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі  қажет. Осы орайда әлемдік білім  берудің озық  үлгісін қолдана  отырып, білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс-жүзінде  қуаттандыра біліп,  балабақша  шеберханаларын қажетті матеиалдармен, құрал-жабдықтармен сұраныссыз  жабдықтап  отыр, ең негізгісі – жеке тұлғпны  жауапты етіп тәрбиелеуді талап  етіп отыр.

   Демек, бүгінгі күні балабақшаларда қарапайым  математкалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқытуда мектепке дейінгі балаларға  саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін  көтеру мақсатында  баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуге көп үлесін қосуда.

   Зерттеудің  мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелерде қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жұмысын жоспарлау.

   Зерттеудің  міндеті:

   - Балабақшадағы балаларға  қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

   - Мектепке  дейінгі қарапайым математика  пәнін басқа пәндермен сабақтастыра  жүргізу;

   Зерттеудің  теориялық қолданымы: Балалар бақшасындағы балаларға санауды үйретуде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында, ойындарда баланың математикалық түсінігін жан-жақты дамыту керек.

   Зерттеудің  практикалық қолданымы: Балабақшадағы балаларға математикалық түсінікті қалыптастыру  жұмысын тәрбиеленушілердің дара және айрықша даму деңгейіне қарвай бағыттай, соны ескере ұйымдастыру, олардың ой-ебегіне қызығушылық, бір іске құштарлық, еліктеушілік, шығарымпаздық ұмтылыс жасауына ұдайы көңіл бөлініп, дарынды баланың талантына бағыт беріп дамытып отыру

   Зерртеудің  пәні: Мектепке дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді қалыртастыру пәнін оқытудың өзіндік оқыту үрдісі.

   Зерттеудің  нысаны: мектепке жасына дейінгі балабақшадағы балалар. 
 

                                                          4

   Зерттеудің  жаңашылдығы: Мектепке дейінгі қарапайым математикаклық түсініктерді қалыптастыру пәнін тағы  басқа пәндерді оқыту барсында жаңаша әдіспен түсіндіру. Яғни  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін түрлі ойындармен, ертегі кейіпкерлерімен, жұмбақ, тағы сол сияқты басқада жолдармен қалыптастыруға болады.

   Зерттеудің  педагогикалық әдісі:Мектепке дейінгі қарапайым математиканы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында белгілі бір  жоспар бойынша жүргізу, қарапайым математикалық ұғымдарды қоршаған ортамен байланыстыра  үйрету әдісін қолдана отырып үйрету. Зерттеу мәселесі бойынша, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау мен мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие үдерісін бақылау; сауалнама, әңгіме жүргізу; зерттеу проблемасы бойынша арнайы курс ұйымдастыру және оны талдау; педагогикалық эксперимент нәтижелерін статистикалық тұрғыдан өңдеу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   5

   I Қазақстандағы мектепке  дейінгі ұйымдарда  қарапайым математиканың  ғылым болып қалыптасу  тарихы

   1.1 Мектепке дейінгі  қарапайым математиканың  басқа ғылымдармен  байланыстылығы. 

   Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді  қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек  1996 ж.) Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мазмұны.

   Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында  өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың  көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін  қалаған тұңғыш педагог, әрі –  журналист-публицист.      
      Н. Сағызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905-1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік қызметте болған. 
      Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды. 
     Аталмыш кітапқа алғысөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау

                                   6

   керек».     Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады :1. «Күллі жер жүзінде»2«Мектеп жасына толмаған бала»3. «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?»4. «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі»5. «Бала бақшасы деген не?»      Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, «Күллі жер жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен Автор дамыған елдердегі бала бақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қарайды.       
     Сонымен қатар, Италия балабақшаларының балаларға арналған құрал-жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швицарияның Цюрих қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған балалардың үйі бар екендігін және оның балалардың жас шамасына сай құралдармен жабдықталғандықтарын бейнелейді.       
      Шотландиядағы Эдинбург қаласындағы балалар бақшасын өз алдына ерекше етіп көрсеткен. Ол жерде күнделікті, таңертең ашық далада балалар бастары қосылғанда, кешкісін үйлеріне қайтарда бір-біріне «Амандық өлеңдерін» айтады дейді.        
     Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін де әңгімелейді.        
     Автор бұл еңбегінде ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөледі. Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды.        
     Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың бақылауында болуы қажет дейді. Сол кездің өзінде оқымысты ғалымдардың үш жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді. Үш жастағы баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын мәлімдейді. Назипа Құлжанова баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға,

                                    7

   көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін  тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мүмкіндігіне қарай тұқым 

қуалаған  мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балаларды  мектепке баруға дайындауды, оларға «Мен»  түсінігін қалыптастыруды және де жас  шамаларына байланысты даму деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген. Сонымен  қатар, балаларды мектепке толыққанды дайындау мәселелері бойынша қойылған сауалдарды жауапсыз қалдырмаған, ғылыми тұрғыда негіздеп берген. 
      Н. Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді». 
      Н.С. Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған.

   Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің ғылыми теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеген: Б.Баймұратова, Қ.Меңдаякова,Ә.Әмірова, М.Тұрыскелдиева,А.Е Манкеш, М. Жиенбаева т.б. педагог-ғалымдардың еңбектеріне атауға болады.

   Мектепке  дейінгі тәрбие мазмұнын қоғам мүддесіне  лайықты жаңартып, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан  ертеңгі қоғам иесін дайындау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы қазақ  білім академиясында қызмет ететін  ғалымдардың ( Н.Нұрахметов, М.Сәтімбекова, Б.Баймұратова, Ә.Әмірова, Ғ.Дүкенбаева, Ф. Жұмабекова, С.Бәтібаева, Г.Өтебаева) еңбектері нәтижесінде 1996 жылы  « Балбөбек»  бағдарламасы жарық көрді. 
 

       1.2. Мектеп  жасына  дейінгі   балаларға  қарапайым математикалық   ұғымдарды қалыптастыру. 

       Кіші жастағы баларға математиканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.

       Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік және дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың өзгер-уімен байланысты дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады.

                                   8

Оқыту міндеттері:

      1) Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болмауға, тілін дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту;

      2) Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау;

      3) Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, білік және дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу және толықтыру;

      4) 10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктерін қалыптастыру;

      5) «Теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі тобын салыстыру)

      6) Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай-ақ сан ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету;

   7) «Шама»  және «сан» ұғымдарын оқытуға  дайындық ретіндегі заттардың  ұғындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және  өлшем бірлігі – 1 см-ді енгізу  сияқты ұғымдарды меңгеру;

   8) Геометриялық  фигуралардың қарапайым түрлері,  заттардың бір-біріне қатысты  орналасуымен және амалдар мен  әрекеттің өту ретімен кеңінен  таныстыру;

   9) Бүтін  және бөлшек ұғымдарына дайындық  ретінде фигураны бөліктерге  бөлу және оны бөліктерден  қалыптастыру;

   10) Дәптермен  жұмыс істеу: оның беттерін  шамалай алу, жаза білуге дайындық  ретінде қарапайым элементтерді  жазуға үйрету.

   Осыған  байланысты бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды  қалыптастыру.

   Оқушыны мектепке оқытуға бейімдеу: өзіңмен тең санап, әңгімеге тарту арқылы тілін дамыту (мұғалімнің шыдамдылығы, қамқорлығы, сүйіспе-ншілігі қажет); оларды зейін қоя тыңдауға, тапсырма бойынша әрекеттер орындауға, сұрақтарға жауап беруге үйрету.

   Оқушылардың мектепке дайындық деңгейін – олардың  қарапайым ұғымдар жайлы білімдерін анықтау, бала: санай біле ме және нешеге дейін санайды? Заттарды санай ала ма және қалай санайды? Заттарды сыртқы белгілеріне: түсіне, мөлшеріне, пішініне қарай ажырата ала ма? Заттардың екі тобын салыстыра ала ма: «артық», «кем», «сонша» терминдерінің мәнін түсіне ме? (Мысалы, қай дөңгелек артық: көк пе әлде қызыл ма? Суретте қанша шаршы болса, оң қолыңа сонша таяқша ал). Заттардың екі тобын біріктіре ала ма және заттардың жиынтығынан екі топ жасай ала ма? Геометриялық фигуралармен таныс па?

   Кеңістік  түсінігі қандай деңгейде («Шалқан», «Үйшік»  ертегілері бойынша: кейін, жанында, арасында, оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде  т.б.). Кеңі-стіктегі заттардың орнын анықтай ала ма?

   Нәтижелері  сабақты ұйымдастыру жәнежеке-дара жұмыс жүргізу үшін арналған кестеде  көрсетіледі. 

                                   9

   1. Білім,  білік, дағдарларды анықтау, жүйелеу  және толықтыру:

   а) бақылау  арқылы әртүрлі белгілеріне (түсіне, пішініне, мөлшеріне) қарай ажырата  алу білігі төмендегі: «бірдей», «пішіндері әртүрлі» сөз тіркестерін, сондай-ақ «ұзын-қысқа», «жуан-жіңішке», «кең-тар», «биік-аласа», «үлкен-кіші», «жоғары-төмен», «ең ұзын- ең қысқа», т.б. ұғымдарын  игеру жүзеге асырылады; «Тез фигура құрастыр», «Не өзгерді?», «Екі бірдей фигураны тап», «Қандай?», «Геометриялық  лото» сияқты балалар ойындарын  қолдануға болады. Таратылатын материалмен (санау матер-иалдары мен қағаз парақтары) жұмыс: жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру;

   ә) кеңістік түсініктерді қалып-тастыру: жоғары, төмен, жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, солдан оңға қарай, алдында, артында, арасында, жанында, жоғары жақтан, төмен жақтан, ішінде, артынан, алдынан және т.б.

   б) уақыт  жайлы түсінікті анықтау: ерте, кеш, алдымен, содан соң, одан соң, басында, соңында, таңертен, түсте, кешке, күндіз, түнде және т.б. Циклдік уақыт  ұғымдарын бекіту: тәулік өзгеру (кеше, алдыңғы күні, бүгін, ертең, бүрсігүні) және жыл мезгілдерін (қыс, көктем, күз, жаз), сондай-ақ тәулік бөліктері (таңертен, күндіз, кеш, түн). Уақыт түсініктерін бейнелейтін «Бауырсақ», «Үйшік», «Шалқан», ертегілерін және «сиқырлы терезе» ойынын қолдануға болады. Оқулықпен жұмыс: уақыт аралығы жайындағы түсінік қоршаған ортада болатын қандай да бір мысалды келтіру барысында қалыптастырылады. Мысалы, өсімдіктің тұқымын себу, оның көктеуі, өсуі, гүлдеуі, және жеміс беруі немесе оқушының күн тәртібі.

   Математикалық ұғымдарды оқытудың мазмұны мен  әдіс-тәсілдерін анықтаудың теориялық  жағымен бірге практикалық та маңызы бар.

Қазіргі ғылым  мен мәдениеттің өркендеген кезінде, әсіресе математика ғылымының дамуы  барысында оқу-шыларды математика ұғымдарын оқумен бірге өзінің ойын жеткізе білуге, оқыған математикалық  ұғымдарды дұрыс тани біліп, қолдана  алуға баулудың маңызды айрықша  екендігі белгілі. Сондықтан оқушыларды математикалық ұғымдарды біліп  қана қоймай, оның қолдану ерекшеліктерін тани алуға, оларды практикалық жұмыстарында қолдана алуға үйрету қажеттігі  келіп туады.

   Математикалық ұғымдарды оқытуға мәселелерге  көңіл бөлу қажет:

   а) математиканы, қарапайым ұғымдарды мектепте оқытуда  теориялық жақтарын таныстырумен бірге, практикалық бағытта да жұмыс жүргізу;

   ә) математикалық  ұғымдарды үйретуді тек балабақшада  ғана жүргізіп қоймай, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты оны күнделендіріп жүйелі түрде әр сыныпта оқыту;

   б) математикалық  ұғымдарды қалыптастыру тек сабақта  ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда жүргізу.

   Озат  мұғалімдердің тәжірибесі мен ғылыми методикалық әдебиеттерді талдап, жинақтап құрастырғанымызды мате-матиканы мектепте оқытудың жалпы дидактикалық әдістерімен  қатар, кейбір әдіс-тәсілдері нәтижелі екендігі анықталды. Олардың қатарында: математикалық бай-қау, талдау. 

                                   10

Нумерацияны оқып үйренгенде оқушылар мыналарды оқып меңгеріп алулары керек:

   - біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы  санмен бірліктен, сондай-ақ сан  мен бірліктен, қалай жасалатынын;

   - екіншіден,  әрбір сан қалай аталады және  ол баспа және жазба цифрмен  қалай белгіленетінін;

   - үшіншіден,  әр сан санағанда тікелей өзінің  алдында тұрған саннан қанша  үлкен және тікелей өзіне кейінгі  саннан қанша кіші болатынын;

   - төртіншіден, 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарында  қандай орында тұратынын, оны  санағанда қай саннан кейін  және қай саннан бұрын айтатынын.

   Осыларды  ұғынып біліп алу оқушыны сан  ұғымын саналы түрде түсінуді жаңа сатыға көтереді; санды олар жеке өзін емес басқа сандармен өзара байланысты қарастырады, балалардың санның натурал  қатары жөнінде түсінігі қалаытаса  бастайды.

   Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оның қыр-сырын толығымен түсіндіре жалпылау. Соған байланысты математикалық сауат-тылықтың ең дұрыс та нақты айтылу мен жазылуын еске отырып, математикалық ұғымдарға толығымен көңіл бөлу.

      Математикалық ұғым – мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелеген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. Математикалық ұғым – біздің ойлауымызда шындықтың белгілі бір түрлері мен қатынастарының көрінісі болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер олар болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады.             Ұғымдардың анықтамасын берудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі – түрлік ерекшеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде енетін тегі көрсетіледі. Бұл тәсілдің схемалық түрі: анықталатын ұғым – түрлік ерекшелігі – тегі. Мысалы: Ромб (анықталатын ұғым) дегеніміз барлық қабырғалары тең (түрлік ерекшеліктері) параллелограмм (тек).   Математикалық ұғымның мазмұны мен көлемі болады.

   Ұғым  мазмұны – нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығы.

   Ұғым  көлемі – нәрселердің осы ұғым тарайтын жиынтығы. Мысалы: «Үшбұ-рыш» ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі «барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың» жиыны. Математикалық ұғымдарды қарастыра отырып олардың ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты.

   Ежелгі  замандардан бері матема-тиканың  алар орны, оның ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі, жас  жеткіншектерді тәрбиелеудегі маңыздылығы  аз айтылған жоқ. Дегенмен, әрбір адамның интелектуалдық мәдениет деңгейіне байланысты, жоғарыда келтіргендей, математиканың қажеттілігі жөніндегі сұрақтар да аз туындамайтынын жасыра алмаймыз. Олай болса, ең алдымен мектептегі математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына тоқталайық:

   1) Математика  – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады;

                                   11

   2) Математика, ең алдымен оқушылардың дұрыс  ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі;

   3) «Математикалық  сауаттылық» (ауызша және жазбаша)  қабілетін қалыптастыру арқылы  оқушының «мате-матикалық сауаттылықты»  меңгере білу қабілетінің болуы;

   4) Математика  әлемде болып жатқан түрлі  құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс  қабылдап, түсінуге көмектеседі;

   5) Математиканың  болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық  және этикалық тұрғыдан да  тәрбиелік мәні бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   12

   II Мектеп жасына дейінгі балаларды санауға  үйретудің тиімді әдістері 

   2.1 мектеп жасына дейінгі балаларға санауға үйретудегі психологиялық әрекеттер. 

   Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін  реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің  бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне  ие, білімге қызығушылық сипаттары  мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.

   Мектепке  алғаш бару - бала өміріне үлкен  жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы  жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен  ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға  дайындығын ақыл-ойының даярлығымен  ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық  жағынан даярлауды қарастыру  қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы  оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа  кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл  қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен  зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан  да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл  бөлінеді.

   Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық»  ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.

   Мектепке  дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық  жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде  мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың  оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді  орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау  және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.

     Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық  даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген  тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович  мектепке келетін баланың таным  қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет  деген пікірге келді.

Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай  алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың 

                                   13

жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде  қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады [3].

   Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан  ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

Мектепке дейінгі балаларды санауға үйретудің әдістері