Мемлекеттің қаржылық реттеу тәсілдері
МӘНЖАЗБА
ТАҚЫРЫБЫ:
Мемлекеттің қаржылық реттеу тәсілдері
Тексерген: Қартжанова Қарлығаш
Орындаған:
Омарова Камила
Мемлекеттің
қаржылық реттеу тәсілдері
Кіріспе
1.Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы
және реттеу тиімділігі
2. Қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру
3.Күрделі қаржы құралдарын реттеу
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
КІРІСПЕ
Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы әлемдік ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Әлсіз жақтары мемлекеттік реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды.
Қаржы
институттарының проблемалары тәуекелдерді
басқару жүйелерінің
Дағдарыстан кейінгі кезеңнің айрықша белгілерінің бірі қаржы секторының анықталған проблемаларын жою қажеттілігі, жіберілген қателерді түзету және тұрақты әртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы, тұрақты және бәсекеге қабілетті қаржы жүйесін құру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
Өзінің
әлеуетін жоғалтпай, қалыптасып отырған
нақты жағдайларды ескере отырып,
пысықтау мен жетілдіруді талап
ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1284 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының қаржы секторын дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ 90 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015
жылға дейінгі жоспарын іске асыру бойынша
жұмыс жалғастырылады.
1.Орын алған жағдайлар қаржы жүйелеріне тән проциклдық сипатты растады, бұл сипат кезінде кредиттердің, левередждің және активтер бағаларының тым жоғары өсу қарқыны базалық экономикалық серпінділікті күшейтеді. Сонымен бірге олар бір мезгілде жүйелік тәуекелдердің және қаржылық сәйкессіздіктердің үдеуіне ықпал етеді, себебі экономикалық дүрбелең кезеңдерінде тәуекелдердің жинақталу қасиеті болады және олар көп жағдайда бағаланбай қалады және кейіннен құлдырау жағдайында ең теріс күйінде көрінеді. Нарықтық тәртіп те, реттеу де жылдар бойы жинақталған, жылдам инновациялармен және заем қаражатының өсіп отырған үлесінен туындаған тәуекелдерді шектей алмады. Активтердің жоғары бағаларына және заем қаражатының өсіп отырған үлесіне байланысты қаржы жүйесіндегі жүйелік тәуекелдердің үдеуіне ықпал еткен ұлғайған макроэкономикалық үйлесімсіздіктер есепке алынбады.
Қаржы
нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалаудың қолданылып жүрген
практикасы халықаралық стандарттарға
сәйкес келеді. Интеграцияланған бірыңғай
қадағалау қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеуге және қадағалауға
шоғырландырылған, қадағалаудың функционалдық
немесе институционалдық схемалары
болған кезде орын алатын мүдделер
қақтығысы тәуекелін
Қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржы нарықтарының жұмыс істеуін реттеуді және қадағалауды одан әрі жетілдіру реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын өзгертуді ескере отырып, қаржы нарығының әрбір бөлігінің жұмыс істеу және даму ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі дағдарыс сабақтарын негізге ала отырып, қаржы секторының субъектілерін реттеу мен қадағалауды қатаңдатуды жүйелік тәуекелдерді болдырмау мақсатында алдын ала қабылданатын іс-шаралар жүйесін болжайтын макропруденциалдық тәсілді күшейту арқылы нығайту қажет. Макропруденциалдық тәсіл реттеу мен қадағалаудың жекелеген институттар мен нарықтардың сенімділігіне негізгі назар аударылатын қолданыстағы құрылымының маңызды алғышарты және факторы болуы тиіс.
Қазіргі
уақытта неғұрлым толық, жан-жақты
және тиімді реттеу қажеттілігін түсіну
өсіп отыр. Тұтастай алғанда, экономика
үшін тәуекелдер туғызатын қызметтің
барлық түрін қоса алғанда реттеу
саласын және периметрін кеңейту, тәуекелдің
реттеу периметрі шегінен тыс
шоғырлануын болдырмау
Қазақстанда
бүгінгі күні қаржылық қызмет көрсетуге
қажеттілікті толық дәрежеде қанағаттандыруға
мүмкіндік беретін қаржы
Инвестициялық банкинг институтының жұмыс істеу жүйесі қайта қаралады. Жаһандық инвестициялық банктердің банкроттығы олардың қызметін реттеудегі тәсілдерді түрлендіру қажеттілігін туғызды. Осыған байланысты инвестициялық банкингке қатысты жүргізуге рұқсат етілген операциялардың тізбесі белгіленді және реттеу шеңберінде оларға левередждің және жүйелік тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында екінші деңгейдегі банктерге қатысты белгіленген жекелеген талаптар қолданылады.
Кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдармен қатар елдегі қаржы делдалдығы жүйесін дамытуға ықпал етуді жалғастыруы тиіс. Алайда, осындай ұйымдар мөлшері бойынша шағын, бірақ жоғары тәуекелді кредиттерді жеткізушілер болып табылатынын ескере отырып, міндеттемелердің бір заемшыға арналған ең жоғары лимиті қайта қаралатын болады. Сондай-ақ кредиттік серіктестіктердің және шағын кредиттік ұйымдардың жүйелік тәуекелінің өсуіне жол бермеу мақсатында олардың қаржы операцияларының жекелген түрлерін жүзеге асыру, депозиттер тартуды (кез келген нысандағы) қоса алғанда мүмкіндіктері заңнамалық түрде қайта қаралатын болады.
Өсімқорлық қызметті заңнамалық түрде реттеу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Отандық
сақтандыру ұйымдарының қайта сақтандыру
қызметінің тиімділігін арттыру, оларды
капиталдандырудың өсуін
Кредиттік
тарихтарды қалыптастыру жүйесін жетілдіру
мақсатында коммерциялық емес ұйым нысанында
кредиттік тарихтардың бірыңғай
деректер базасын құру, кредиттік
тарих субъектілері бойынша ақпараттың
шынайылығын қамтамасыз ету, кредиттік
бюроның лауазымды тұлғаларының
ақпараттық қауіпсіздікті бұзғаны
үшін жауапкершілігін күшейту
Осылайша, реттеу шаралары өсу мен тұрақтылықтың оңтайлы арақатынасын қамтамасыз етуге бағытталады, бұл қаржы секторы мен экономиканың теңдестірілген дамуына, ондағы «сабынды көпіршіктердің» пайда болуына жол бермеуге және қаржы ұйымдарының қызметінде «домино» теріс әсерлерінің алдын алуға ықпал етеді. Жүйелік тәсілді қамтамасыз ету және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында қаржы ұйымдарының алуан түрлерін реттеу мен қадағалау практикасы қажетті деңгейде қаржы нарығындағы қызметтің түрлері бойынша қажетті дәрежеде бірегейлендірілетін болады.
Қаржы
ұйымдарының лауазымды
Қадағалау органы шетелдік инвестицияларды және кредиттеуді жүзеге асыру бойынша шешімдер қабылдау процесінің айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде қаржы ұйымдарына қосымша талаптар белгілейді. Қаржы ұйымдарының құқықтық тәуекелдердің жоғары деңгейі және инвесторлар мен кредиторлрдың құқықтарын қорғаудың төмен деңгейі бар елдерде операцияларды жүзеге асыруына байланысты тәуекелдер шектеледі. Осыған байланысты осындай заңсыз операциялар жасағаны үшін қаржы ұйымдарының лауазымды тұлғаларына қатысты мүліктік және қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
Сондай-ақ активтерді шетелге заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында меншік иесі (бенефициар) туралы, сондай-ақ шетелде орналасқан (тіркелген) активтерге ауыртпалықтың болуы туралы ақпараттың айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. Бұл ретте осындай ақпарат болмаған жағдайда, қадағалау органы осындай активтердің сақталуын қамтамасыз ету және пайдаланылуын (басқарылуын) шектеу бойынша, оның ішінде оларға ауыртпалық салу арқылы шаралар қолданылады.
2.Қазақстанның қаржы жүйесі нарықтық шоғырландырудың барынша жоғары деңгейімен сипатталады. Әсіресе, бұл елдің банктік және зейнетақы секторларына қатысты. Осындай үрдістердің болуы және Қазақстанның қаржы секторы үшін қазіргі дағдарыстың салдарлары аса ірі қаржы институттарының тәуекелдері бүкіл қаржы жүйесінің жай-күйіне жүйелік қысым көрсететін дәстүрлі теорияны тағы да растайды.
Мұндай
жағдайларда дағдарыстан
Қазіргі
заманғы бөлшек қаржы қызметін ұсыну,
ең алдымен тиісті банкаралық инфрақұрылым
жасау арқылы бүгінгі күні халық
барынша талап ететін төлем қызметін
ұсыну бойынша банктердің мүмкіндіктерін
кеңейту үшін жағдайлар жасауға
көңіл бөлінетін болады. Осы міндеттің
шеңберінде негізгі күш-жігер тиімділікті
және технологиялық үйлесімділікті
арттыруға қол жеткізу
Қажет болған жағдайда қаржы секторына шетелдің қатысуын қаржы секторының әрбір сегменті бойынша жеке-жеке жиынтық жарғылық капиталдың 50%-ынан аспайтын мөлшерде шектеу жөніндегі мәселе қаралатын болады. Адал бәсекелестікті дамыту мақсатында қаржы нарығының барлық бөліктерінде бәсекелестіктің жеткілікті деңгейіне қол жеткізген кезде оның толық шығуына дейін мемлекеттің қатысуын қысқарту қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы дағдарыс нәтижесінде әлемдік қаржы қауымдастығы жасаған және реттеу жүйесін жетілдіру мен осындай дағдарыстарға жол бермеу мақсатында бұдан әрі айрықша көңіл бөлуді талап ететін негізгі қорытынды реттеудегі проциклдықты барынша аз мәнге жеткізу болып табылады.
Осыған
байланысты, қаржы секторын реттеу
жөніндегі қызметтің басты
Меншікті капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды экономикадағы ахуалдың жақсаруына және бастапқы өсу белгілерінің пайда болуына қарай көтеру болжанады. Меншікті капиталдың жеткіліктілігін бағалау тәсілі сандық қана емес, сапалық тұрғыдан да жетілдірілетін болады, бұл қаржы ұйымдары капиталы құрылымының сапасын жақсартуды болжайды.
Жоғары
тәуекелді операциялардың динамикалық
өсуі, оларды шоғырландыру шектеледі
және провизиялар мен резервтерді
қалыптастыруға қойылатын талаптарды
арттырудан көрініс табады. Қажет
болған кезде шоғырландыру лимиттерінің
белгіленуі, сондай-ақ тәуекел деңгейі
жоғары операцияларды жүргізуге
тікелей тыйым салулар
Кредиттік
тәуекелді бағалау рәсімін
Қазіргі
бар резервтерді ауыстыруға емес,
арнайы резервтерді толықтыруға
арналған динамикалық резервтер
енгізілетін болады. Динамикалық
резервтер нақты актив құнының
шығынына қарсы, ал шартты міндеттеме
жағдайында – қаржы ұйымының өз
міндеттемелерін ықтимал
Кредиттік дүрбелеңмен қоса жүретін экономикалық өрлеу кезеңінде кредит бойынша маржа кредит берумен байланысты тәуекелдің бағалау деңгейінің төмендеуі салдарынан төмендеу үрдісіне ие болатын фактіні есепке ала отырып, банк қабылдайтын тәуекелдердің жинақталуы және барабар емес баға белгілеу жүргізіледі. Даму кезеңін бағалауға балама тәсіл ретінде бір жағынан, өтімділік пен капиталдандыру, екінші жағынан кредит бойынша маржа арасындағы кері байланыстың белгіленуі ықтимал. Бұл сондай-ақ банктер тартатын ресурстардың оңтайлы құнын белгілеуге әсер ететін болады.
Баланстан
тыс міндеттемелердің өсуін ынталандырмауға
қатысты шаралар қабылданатын болады.
Бұл ретте бірінші кезеңде
халықаралық ұйымдар ұсынған
капитал жеткіліктілігіне кеңейтілген
тәсілді есепке ала отырып капиталдандыруға
қойылатын талаптар күшейтіледі. Кейіннен,
егер осы шаралар күткен нәтижелерге
әкелмесе, осындай операцияларға
қатысты тікелей тыйым
Оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғалармен өзара іс-әрекетке қатысты қаржы ұйымдарын реттеудегі тәсілдерді күшейту болжанады.
Қаржы институттары өтімділігінің барабар деңгейін қалыптастыру мақсатында өтімділіктің жеткіліктілігін бағалау үшін сандық көрсеткіштер, бағдарлар және өлшемдер белгіленеді. Банктер салымшылардың сенімдерін жоғалтқан жағдайда белгіленген мерзім ішінде (демалыс күндер басталғанға дейін) міндеттемелерді орындауға қабілетті және қаржы нарығында жалғасып отырған шиеленіскен кезеңдер ішінде тұрақты күйінде қалуы тиіс. Өтімділік деңгейінің артуы сондай-ақ өтімділігі аз активтер бағасының құбылмалылығына күйзелістердің ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді.
Қаржы ұйымдарына қатысты сондай-ақ қаржылық левередж коэффициенттері белгіленетін болады, себебі оған тән проциклдық ағымдағы жаһандық қаржы дағдарысының бастапқы себептерінің бірі болып табылды және айтарлықтай теріс салдарларға алып келді. Бұл ретте левередждің проциклдық коэффициенттері жеке негізде, сондай-ақ шоғырландырылған негізде де белгіленетін болады.
Қорландыру және қайта қаржыландыру тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ өтімділікті, оның ішінде валюталық өтімділікті жоғалтудың басқарылатын тәуекелдері бар міндеттемелердің құрылымын қалыптастыру мақсатында банктер міндеттемелерінің құрылымын қайта теңестіруге қойылатын талаптар белгіленеді. Ұйымдардың және нарықтардың елеулі зияндарын алдын ала ескерту, портфельдерінің тұрақтылығын бағалау мақсатында сақтандыру компанияларының инвестициялық портфельдерін иммунизациялау әдістері енгізілетін болады.
Уақыт
аралығы бөлігінде банктердің валюталық
өтімділігіне қадағалау күшейтіледі.
Сонымен қатар, кредиттік тәуекелдің
өтімділік тәуекеліне ықпалы активтері
және тұрақты кірістері жоқ
Банктердің өтімділігін жақсарту және қайта қаржыландыру тәуекелін азайту бойынша шаралардың шеңберінде сыртқы қарыз алудың артық деңгейін төмендету көзделеді, бұл банктердің сыртқы борыштың жиынтық міндеттемелерге арақатынасын халықаралық практикада қабылданғаннан аспайтын мөлшерге жеткізуді болжайды. Өтімділікті қалыптастыру көздерін әртараптандыру мақсатында банктердің берілген кредиттердің депозиттерге оңтайлы арақатынасын ұстап тұру бойынша қосымша шаралар қабылданады.
Сондай-ақ контрциклдық қағидат бұдан әрі ең төменгі резервтік талаптарды қолдануға қатысты да дамитын болады.
Контрциклдық
қағидат қаржы ұйымдарының
Қаржы
құралдары құрылымының
Осыған
байланысты құны мен тәуекелін бағалау
барынша күрделі құрылымдық өнімдерді
шығару мен сатып алуды реттеу
қажет. Реттеу барысында оригинатордың
(жасаушының) тәуекелді міндетті түрде
толық немесе ішінара көтеру қағидаттары
және тәуекелді қадағалау
Қорытынды
Қадағалау
тұжырымдамасы әлемдік
Шоғырландырылған
негізде қадағалауды бұдан әрі
дамыту қадағалау, бағалау және қажет
болуына орай жүйелік тәуекелдерге
қатысты шаралар қабылдау үшін жекелеген
банктік конгломерат
Тәуекелдерді басқару деңгейін арттыру мақсатында қаржы ұйымдарындағы, сондай-ақ жекелеген қаржы өнімдері бойынша тәуекелдерді бағалаудың сандық және статистикалық әдістерін енгізуге және қолдануды кеңейтуге қойылатын талаптар біртіндеп арттырылатын болады.
«Ауқымды» коэффициенттер ғана емес, сонымен қатар кредит құнының кепілдікті қамтамасыз ету құнына арақатынасы сияқты неғұрлым айрықша көрсеткіштер белгіленеді деп болжануда. Контрциклдық қағидатына сәйкес экономикалық циклдің дамуына орай реттеуші осы коэффициентті өзгертуі мүмкін.
Барлық жүйелік маңызы бар қаржы институттарын, нарықтарын және құралдарын реттеу мен қадағалаудың тиісті дәрежесін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) олардың мөлшерін, левереджді, басқа қаржы ұйымдарымен, нарықтармен және құралдармен өзара байланысын, күйзелістерді трансформациялау карталарын жасау әдістемесін, реттеуші ықпал етудің талдау құралдарын қоса алғанда, кең ауқымды факторларды есепке ала отырып, жүйелілікті немесе жүйе құрушылықты айқындау әдістемесін әзірлейді.
Қаржылық
қызмет көрсетуді тұтынушыларды
қорғау, қаржы ұйымдарының тұрақтылығын
арттыру арасындағы оңтайлы теңгерімді
айқындау қажет. Бір жағынан алғанда,
тиімді жұмыс істейтін қаржы секторы
қаржылық қызмет көрсетуді пайдаланушылардың
мүдделерін қорғаудың негізгі шарты
болып табылады. Екінші жағынан алғанда,
қаржы институттарының
Тиісінше,
қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың
мүдделерін қорғаудың қолданыстағы
практикасын бағалау
Сондай-ақ
қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың
құқықтарын қорғау мақсатында қаржылық
қызмет көрсетуді тұтынушылардың қызметтерді
алу процесінде туындайтын талаптарын
қаржы ұйымдарының қарау
Бағалы
қағаздар нарығын заңнамалық деңгейде
одан әрі дамыту мақсатында акционерлік
қоғам жасайтын мәмілелер туралы
ақпараттың айқындылығын арттыру, акционерлік
қоғамды корпоративтік басқару
жүйесін жетілдіру, инвесторлардың
алдында бағалы қағаздар эмитенттерінің
және лицензиаттардың қызметі туралы
ақпараттың мәнін ашу арқылы акционерлік
қоғамдардың лауазымды
Манипуляциялық мәмілелерді бақылау және болдырмау бойынша, инсайдерлік ақпаратты пайдалану мен таратуға бақылауды күшейту бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және сауда-саттық ұйымдастырушысының тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады.
Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылар мен қаржы ұйымдары арасында туындайтын қатынастарды реттейтін және қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың тиісті сападағы қызметті сатып алуға, қызмет көрсету туралы шынайы және айқын ақпаратты алуға, ағартуға, олардың мүдделерін мемлекеттік және қоғамдық қорғауға арналған құқықтарын белгілеуге, сондай-ақ осындай құқықтарды іске асырудың тетігін айқындауға және қаржы ұйымдарымен жасалған шарттарға талаптарды белгілеуге мүмкіндік беретін заңнамалық база жетілдіріледі.
Жеке
тұлғалардың депозиттеріне

- Мемлекеттің қаржысын басқару
- Мемлекеттің қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеу
- Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері, құрылымы және мақсаттары
- Мемлекеттің нысаны
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
- Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
- Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
- Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдер
- Мемлекеттің кірістері мен шығыстары құрамы мен құрылымы
- Мемлекеттің қаржылық жүйесі
- Мемлекеттің қаржылық қызметі