Мемлекеттің қаржылық қызметі

                          Мемлекеттің қаржылық қызметі

Жоспары:

1.Қаржылардың түсінігі  мен мәні.

2. Мемлекеттің қаржылық  қызметі.

3.Қаржылық құқықтық қатынастардың  түсінігі, белгілері және  
құрлымы.

4. Қаржылық құқықтық қатынастардың  түрлері.

5.Қортынды.

6. Пайдаланған әдебиеттер.

   Қаржы (фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат(категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың, компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады

   Мемлекеттің қаржылық қызметінің және қаржылық-құқықтық жауапкершілігінің түрлі аспектілерін зерделеу бойынша бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан іргелі зерттеулер мемлекеттің қаржы қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану процесінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың маңызды рөлге ие екендігіне көз жеткізіп отыр.

   Халықаралық тәжірибе мемлекеттік қаржылық бақылаудың басты мақсаты – бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету екендігін көрсетеді.

   Мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігінің өлшемі бақылаушы органның қол жеткізген нәтижесінің қойылған мақсатқа ара қатынасы болып табылады.

Жалпы алғанда, мемлекеттік қаржылық бақылаудың мақсаттары мыналардан тұрады:

  • экономикалық даму қарқынының артуы;
  • мемлекеттің қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • бюджеттің кіріс бөлігінің көбеюі;
  • бюджеттің шығыс бөлігінің қаражаттарын үнемдеу;
  • ел тұрғындарының әл-ауқатының артуы;
  • оң экономикалық ықпал.

Осы мақсаттар бойынша өлшемдерді анықтаудың әдіснамалық проблемасы – мақсатқа жету деңгейіне мемлекеттік қаржылық бақылаудың қосқан "үлесін" анықтау болып табылады.

Қаржылық бақылаудың тар  мағынадағы мақсаты – бюджет қаражаттарын және мемлекеттік активтерді пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың саны мен көлемін азайту.

Түпкілікті  нәтиже, яғни, мемлекеттік қаржылық бақылаудың объективтік салдарларының жиынтығы – оның тиімділігін анықтаудың басты өлшемі.Бұндай нәтижелер жөнінде деректер алу – бақылаушы органның қызметінің нақты мазмұнын, бақылаушы органның іс-әрекеттеріне бақылау субъектісінің реакциясын және басқару қызметінде бақылаудың ықпалынан болатын өзгерістерді білуді талап етеді. Тексеріліп жатқан субъектінің қызметінің мазмұнына ықпалын тигізетін практикалық нәтижелерді анықтамай тұрып, бақылаудың қорытындылары туралы пікір айту мүмкін емес. Басқару қызметі үшін бақылау нәтижелерін есепке алу өте қажет, себебі бақылаудың тиімділігі ретінде кез келген оң нәтижелерге қол жеткізу емес, тек бақылаудың нәтижесінде қол жеткізген жетістіктер ғана есептеледі. Егер бақылаушы орган қаржы-шаруашылық қызметте кез келген кемшіліктер мен бұрмалаушылықтарды тауып, оған дербес түрде кімнің айыпты екенін айқындаса, ол айыптыға тек шара ғана қолданып қоймай, ең алдымен, жұмысты жақсартудың жолдары мен әдістерін, анықталған кемшіліктер мен бұрмалаушылықтарды кім және қалай жоюы қажеттігін көрсетуге, оларға белгілі бір мерзім тағайындап, кейіннен оның орындалуын тексеруге міндетті.

Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жұмыстарының тиімділік өлшемінің басты қағидаты – нәтижелілік қағидаты болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың практикалық нәтижелерін бағалауға тұрақты да тиянақты өлшеуіштерді - көрсеткіштерді - әзірлеу және пайдалану көмегін тигізеді. Егер бақылаудың мақсатқа жету өлшемдері жалпы сипатқа ие болса, көрсеткіштерге бақылау жұмыстарының ішкі мазмұнын ашу, алынған оң нәтижелерді жинақтап, бақылаудың сапасын бағалауға мүмкіндік беретін құрамдас бөліктерді көрсету тән.

Бақылау органдары қызметінің нәтижелерін дұрыс бағалау бақылауды жүзеге асыруға қатысты шығындарды сипаттайтын көрсеткіштерді айқындау мен есепке алуға байланысты. Олардың құрамына тексерушілердің саны, тексеріліп жатқан органның қажетті материалдарды дайындайтын қызметкерлерінің саны, олардың жұмсаған уақыты, берген мәліметтерінің толықтығы, тексеруге қатысушылардың жалпы саны және тағы басқалар кіреді. Мұндай көрсеткіштерді зерделеу бақылауға жұмсалған шығындар мен алынған нақты нәтижелердің шамасын анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділік өлшемінің көрсеткіштерін ажыратып алудың күрделілігіне қарамастан, басқару қызметінің жалпы тиімділігінен оларды анықтау төмендегі әдістемелік көзқарастарды пайдаланған кезде мүмкін болады.

Қаржылық бақылаудың тиімділігі ұғымы нәтижелілік ұғымымен тығыз байланысты, себебі нәтижелілік – оның басты көрсеткіші болып табылады.

Қаржылық бақылаудың нәтижелілік  көрсеткішінен қаржылық бақылаудың пәрменділік қағидатын бөліп қарастыруға болмайды, себебі пәрменділік қағидаты қаржылық бақылаудың тексерілетін органның қызметінің мазмұнына әсер ететін оң ықпалын білдіреді.

Пәрменділік қағидаты мыналардан тұрады:

  • атқарылған қаулылар мен ұсынымдардың саны;
  • бюджетке қайтарылған қаражаттың көлемі;
  • мемлекеттік қаржы бақылау органының ұсынымы бойынша экономикада, мемлекеттік органдарда және кәсіпорындарда жүзеге асқан құрылымдық өзгерістердің саны;
  • мемлекеттік қаржы бақылау органдарының ұсынымы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің көбеюі және шығыс бөлігінің үнемделуі;
  • қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін түзетулердің саны;
  • мемлекеттік қаржы бақылау органдарының ұсынымы бойынша қабылданатын Үкімет қаулыларының саны;
  • мемлекеттік қаржы бақылау органдарының ұсынымы бойынша қабылданған шешімдердің (бұйрықтардың, өкімдердің, нормативтік актілердің) саны;
  • құқық қорғау органдарына жіберілген материалдардың саны.

Үнемділік қағидаты – бұл мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізуден алынған ықпалдардың жиынтығы. Оны төмендегідей жіктеуге болады:

  • әлеуметтік ықпал;
  • аралық ықпал;
  • қаржылық ықпал.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың әлеуметтік ықпалы қаржылық заң бұзушылықтарына жол берген тұлғалардың жұмыстан босатылуы және жауапкершілікке тартылуы сияқты қолданылған шаралардан көрінеді.

Сөйтіп, өкіметтің пәрменділігін байқаған қоғамда атқарушы өкіметке деген аса үлкен сенім пайда болады, ал бұл мемлекеттегі әлеуметтік тұрақтылықтың негіздерінің бірі болып саналады.

Аралық ықпал мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүргізген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша, атқарушы өкіметтің құрылымын жақсарту үшін шаралар ұсынудан және іске асырудан тұрады. Нәтижесінде мемлекетте басқарушылық артып, артық буындар қысқарады немесе экономикаға қажетті жаңа буындар пайда болып, басқарудың оралымдылығы артады.

Мемлекеттік қаржы бақылау органы қызметінің қаржылық ықпалы – бұл республикалық бюджеттің қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау, яғни, бюджет қаражатын негізсіз, тиімсіз және мақсатсыз жұмсаудың алдын алу және оған жол бермеу, Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де бұзушылықтарына жол бермеу.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін іс-қимыл ретінде айқындайтын аталмыш көрсеткіштермен қатар, мемлекеттік қаржы бақылау органының қызметін бағалайтын қарқындылық қағидатын пайдалану да мақсатқа сай келеді.

Қызметтің қарқындылық қағидаттары:

  • бақылау іс-шараларының саны;
  • тексерілген бюджет қаражатының көлемі;
  • тексерілген объектілердің саны;
  • бақылау іс-шараларының нәтижелілік деңгейі;
  • бақылау іс-шараларының тиімділік деңгейі;
  • қаулылар мен ұсынымдардың пәрменділік деңгейі;
  • қаулылар мен ұсынымдардың тиімділік деңгейі.

Қазіргі таңда мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелерін зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде креативтік қағидат қарастырылмаған. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүргізіп отырған бақылау іс-шараларының тиімділігін бағалауды жетілдіру үшін креативтік қағидатты арнайы қарастыру қажет.

Креативтік қағидаттың құрамына мыналар кіреді:

  • бақылау қызметінің нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы, конференциялардағы, семинарлардағы, дөңгелек үстелдердегі жарияланымдардың саны;
  • заң бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұсыныстардың саны;
  • нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстардың саны;
  • бақылау іс-шараларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстардың саны.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін бағалаудың ұсынылған өлшемдері мен қағидаттарын қолдану бақылаудың нәтижелілігіне жауапкершілікті айтарлықтай арттыруға және Қазақстанның мемлекеттік қаржы бақылау органдарының қызметінің тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың саласына қарай экономикалық немесе, әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе несие, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.

Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.

Қаржы саясаты – қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; мемлекетке өзінің қызметтерін орындауды қамтамасыз ету, сайып келгенде экономиканы тұрақтандыру  мен қоғам прогресі үшін жағдайлар жасау мақсатымен қаржы ресурстарын жұмылдыруға, экономикалық жүйе шеңберінде оларды қайта бөліп, пайдалануға тиімділіктің белгілі бір дәрежесіне жетуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы. Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне тән нәрсе. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық  және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

Қаржыны басқару – бұл  қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсаты мен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жету.

Мемлекеттің қаржы саясатын экономикалық заңдардың талаптарына қарай Үкімет анықтайды.

Қаржы саясаттың ңмазмұны сан қырлы. Ол мынандай маңызды буындарды қамтиды:

1) қаржы дамытудың ғылыми  негізделген концепцияларын жасау. Ол экономикалық заңдарды іс — қиымылын, экономиканың жай күйін зерделеу, қоғамның әлеуметтік экономикалық қатынастарының дамуы перспективаларына халықтың қажеттеріне жан — жақты талдау жасау негізінде қалыптасады;

2) перспективаға және қазіргі кезеңге арналған қаржыны пайдаланудың басты бағыттарын анықтау; сонымен бірге экономикалық саясатта қаралып, қойылған мақсаттарға жету жолдарына сүйенеді, халықаралық факторлар қаржы ресурстарының өсу мүмкіндіктері  ескеріледі;

3) қойылған  мақсаттарға жетуге бағытталған нақтылы іс — қимылдарды жүзеге асыру.

Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық  зааңдардың іс-қимылын есепке ала отырып, қоғамды дамутыдың міндеттеріне байланысты қаржыны ұымдастыру мен пайдалану мемлекеттік қаржы саясатының мамзұны болып табылады.

Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың  жай — күйін қоғамның материалдық  және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды  ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Қазіргі қаржы саясатының көмегімен шешілетін міндеттердің қатарына мыналарды  жатқызуға  болады:

- елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің  ерешеліктері негізінде халық шаруашылығында қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын  көлемін жасайтын

Жағдайларды қамтамасыз  ету;

-экомикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмінің  жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру;

-қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің салалары арасында, халық шаруашылығының  кешендері арасында ұтымды  бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау.

Елдегі жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметін  нарыққа көшудің  өтпелі кезеңінде  қажетті қаржы ресурстарын жинауға, оларға бюджетке толық және дер кезінде жұмылдырып отыруға, әлеуметтік – экономикалық дамудың бағдарламаларына қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсаты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан республикасының әлеметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларының қайта құрудың стратегиясы қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.

Қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады және қондырғыға жатады. Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке принциптердің толып жатқан қатары қойылуы тиіс.

Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы принциптерге мыналар жатады:

-объективтті экономикалық заңдардың  іс — қимылын есепке алу;

-нақты тарихи жағдайларды есепке алу;

-өткен жылдардың өзіндік  тәжрибесін және дүниежүзілік  тәжрибені есепке алу.

Қаржы стратегиясы  экономкалық әлеуметтік стратегия мен анықталған перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны

Экономикалық жүйеде қаржыны  пайдаланудың стратегиялық бағыттылығы  мен үнемі анықталып отырады.

Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды деп кезінде өзгеріп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамдық дамытудың нақты кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Қаржы стратегияның біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасының орамдылығымен ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталынады.

Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды  Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен  басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Бір жағынан, қаржы саясатын экономикалық қатынастарды тұрғызады; саясат экономикаға байланысты. Басқа жағынан, экономикалық базис негізінде пайда болып әрі дами отырып, қаржы саясаты белгілі бір дербестікке ие болды; оның өзгеше заңдары мен даму логикасы бар Осыған байланысты ол экономикаға, қаржы жағдайына кері ықпал етеді. Бұл түрліше болады: бір жағдайда саяси шаралар жүргізу жолымен экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады, басқа жағдайда ол кедергі болады.

Саяси шешімдер экономикалық логиканың заңдары бойынша, белгіленген қаржы шараларын жүргізудің салаларын жүргізудің салаларын  анық етіп есептеу мен алдын ала көре білу негізінде  қабылдануы тиіс, бұл қаржы саясатындағы жиі ойда болмаған өзгерістерден құтылуға мүмкіндік береді және кәсіорындардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Осыған байланысты экономика мен әлеуметтік саладағы болып жатқан процестер туралы қаржы саясатының шараларын өткізудің нәтижелері туралы айқын ақпараттың жеткілікті ауқымының зор маңызын атап өту өте қажет.  Қаржы және саяси экономикалық ғылымдардың қорытындыларымен қатар ақпарат тиімді қаржы саясатын жасаудың қажетті  базасы болуы тиіс. Онда қаржы саясатының дұрыстығын тексерудің берік негізіне қызмет ететін кері байланыс принципін, қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларының дамуына оның әсер ету позитивтігі принципін сақтау өте қажет.

Мемлекет қаржы қатынастарын ұйымдастырудың әдістерін белгілей отырып, тиісті актілерде баянды етеді, заңдар шығарады. Мәселен Парламент салықтар туралы заңдар шығарады, жыл сайын республикалық бюджет туралы заң қабылдайды және т.б. Қаржы министрлігі мен оның аумақтық қаржы органдары, қолданып жүрген заңдар мен үкіметтің қаулылары негізінде, Мемлекеттік кіріс министрлігінің салық органдары өзінің қызмет бабының шегінде төлемдерді есептеу мен алу жөнінде нұсқамалар, жеке және заңды тұлғаларға қаржы берудің ережелері туралы нормативті актілер және т.б. жасайды.

 

 

 

 

 

Қорытынды:

Қаржылық бақылаудың тармағынадағы мақсаты – бюджет қаражаттарын және мемлекеттік активтерді пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың саны мен көлемін азайту. Мемлекеттің қаржылық қызметінің және қаржылық-құқықтық жауапкершілігінің түрлі аспектілерін зерделеу бойынша бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан іргелі зерттеулер мемлекеттің қаржы қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану процесінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың маңызды рөлге ие екендігіне көз жеткізіп отыр. Халықаралық тәжірибе мемлекеттік қаржылық бақылаудың басты мақсаты – бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету екендігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет


 Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым ми- нистрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. 

  1. Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.