Мемлекеттик бюджет. 2

Кіріспе 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 Мемлекеттік бюджеттің  ұғымы және оның  экономикалық мәні  мен рөлі

      Бюджет  – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің  көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақша қорлары  құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

      Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен  үйлесімдерін қамтамасыз етуге, экономика  салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды.

      Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

      Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде  мемлекеттік бюджет  айрықшалықты арналымды орындайды – жалпы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Объективтік бөлгіштік қатынастардың өмір сүруінің экономикалық нысаны бола отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде болады.

      Қаржылық  қатынастардың белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен оны жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджеттік қатынастардың бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдалануымен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджеттік қатынастарға белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністіңайрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

  1. Мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
  2. Құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қйта бөлуге арналаған;
  3. Қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

     Мемлекеттік бюджет, кез-келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін  нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджеттік қатынастар мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында  - бюджеттік қорда затталынады.  Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) үдерістер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен қоғамдық өнім ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шартталған, экономикалық нысан. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану құнды бөлумен және қайта бөлумен байланысы оның (құнның) қозғалысы үдерісін білдіреді.

     Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде  мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау  және оны ұлғаймалы  ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді. Қаржылық қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет»  ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.

     Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде  жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау  функцияларын орындайды. Бұл функциялардың  іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған айрықшалығымен айқындалады. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер  арасында бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: орналастыру (ресурстарды), қайта бөлгіштік, тұрақтандыру сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджеттік қорларды бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.

     Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары  және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

     Мемлекеттік бюджет – ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған  ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылуы үдерісінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

     Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).

     Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн. (1 сызбаны қараңыз). 

      1 сызба. Мемлекеттік  бюджеттің сапалық  сипаттамасы 

НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ
МЕМЛЕКЕТ  ЗАҢЫ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІ
МЕМЛЕКЕТТІК

БЮДЖЕТ

МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫ-

РЫЛҒАН АҚША ҚОРЫ

РЕСУРСТАР
ЭКОНОМИКАЛЫҚ  КАТЕГОРИЯ ҚАТЫНАСТАР

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қоғамдық  ұдайы өндірісте мемлекеттік  бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік  бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен  ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінетінгімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақша қаражаттарын ұлттық шаруашылықтың әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.

      Рыноктық  қатынастар жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын кайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуметті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

      Қаржылық  жоспарлау үдерісінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және материалдық  емес сфераның мекемелеріне  айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау мен пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен  және ұжымдармен етене байланысқан.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2      Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы 

      Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде  тиісті қаржы базасы болуы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде  тиісті қаржы  базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен  әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз етуді бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңестіру үдерісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.

      Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде  бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына , аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

      Бюджет  құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

      Бюджет  жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік  құрылымымен анықталады. Мемлекеттің  федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

      Федеративтік  мемлекеттерге бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

  • мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
  • федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та-штаттардың, ГФР-да-жерлердің,Канадада-провинциялардың, Ресейде–федерация субъектілерінің бюджеттері);
  • жергілікті бюджеттер.

     Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және ьолып жатқан жергілікті бюджеттер.

     Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.

     Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен  анықталады, өйткені Қазақстан-федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

     Қазақстан Республикасында  жиынтығында мемлекеттік  бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын  және дербес болып табылатын мынадай  деңгейіндегі бюджеттер жұмыс істейді:

  • республикалық бюджет;
  • облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
  • ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті (2 сызбаны қараңыз).

     Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің  әзірленуі, бектілуі және атқарылуы  мүмкін.

     Бюджет  кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – бұл араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық  және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет, ол тек талдамалық ақпарат ретінде  пайдаланылады. 

     2 сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі 

Мемлекеттік бюджет

     

     
Жергілікті  бюджеттер
 
Республикалық

бюджет

Астана

бюджеті

(Астана қаласы)

Респуб-

ликалық маңызы

бар қала

бюджеті

(Алматы қаласы)

            Облыс бюджеті

   

Облыс-

тық

бюджет

Облыс-

тық бағы-

ныстағы

қала

бюджеті

Аудан

бюджеті

 
Ұлттық  Қор
 
 
 

      Мемлекеттік  (республикалық)  және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ортылық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

      Жергілікті  бюджет (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет».

      Бюджет  кодексімен айқындалған салықтық және басқа түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және облыстық деңгей мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті  әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналаған орталықтандырылған ақша қоры  облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

      Мемлекеттік бюджетпен республикалық бюджет ұғымдарымен ұқсастық бойынша  облыс  бюджеті мен облыстық бюджетті де  ажырата білген жөн: облыс бюджеті – бұл араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

      Тиісті  қаржы жылына арналған республикалық  бюджет Қазақстан Республикасының  заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімімен бекітіледі.

      Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және енгізілген мерзім  ішінде  қолданыста болады.

      Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік  жоспарлау жөніндегі орталық  уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы заңнамасында  белгіленген тәртіппен Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

      Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы  төтенше немесе  соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік  бюджетті енгізуге және оның қолданылуын  тоқтатуға негіз болып табылады.

      Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының  Парламенті дереу хабардар етіледі.

      Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу  уақытында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет  туралы заңның және барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

      Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық  және жергілікті бюджеттердің атқарылуытиісті  қаржы жылына арналаған республикалық  бюджет туралы заңға және барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Шоғырландырылған  бюджет республикалық бюджеттен, облыс  бюджеттерінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Үкіметтің Ұлттық банкіндегі шоттарына  аударылатын, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.

      1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрады. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

      Бюджет  жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі  деңгейлерінің өзара  байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

      Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік  бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы, транспаренттілігі. Жауапкершілігі және т.бт қағидаттарына негізделеді.

      Бюджеттік бірлік қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық  орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты бұрынғы КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінеді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты  бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейіндегі  бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдаудаға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.

      Бюджеттердің  бірлігі бірыңғай заңнамасын қолданумен, соның ішінде   үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы, бюджет үдірісін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.

      Алайда  бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестік қағидаты түрлі деңгейіндегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты түрде бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.

      Биліктің  әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері  мен шығыстарды бөлуді шектейтін  айқын құқықтар белгіленген. Мемлекеттік  басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттіу  үдерісті дербес жүзеге асыруға құқы бар. Жергілікті бюджеттердің арқарылуы барысында қосымша алынған  кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының бос қалдықтарын жоғары бюджетке  алып қоюға, тиісті өтімсіз жергілікті бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің  шығыстары осы аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен  және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан да шегінуге жол берілмейді.

      Бюджетердің толықтылығы (толымдылығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында  белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін бейнелеп көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлғмі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.

      Бюджет  іске асатындай болуы тиіс, нақты  экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму үрдісін, жалпы мемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүниежүзілік пратикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстан мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың – зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары енізілген.

      Реалистік қағидаты – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері  көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарынң қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарларын және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау үдерісінде қол жетеді.

      Реалистік қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына  сәйкестігін алдын-ала қарастырады. Нақтылы дамудың болжамдары мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады.

      Транспаренттілік  қағидаты – бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет үдерісінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.

      Дәйектілік  қағидаты деп бюджеттік қатынастар сферасында бұрын қабылдаған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауын айтады.

      Тиімділік пен нәтижелік  қағидаты – бұл бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін негізге алып, бюджет қаражатарының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін  қажетті оңтайлы көлемін  пайдалана отырып бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражаттарының бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету.

      Басымдық  қағидаты – бюджеттік үдерісті республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағытарына сәйкес жүзеге асыру.

      Жауапкершілік қағидаты – бюджеттік үдеріске  қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.

      Бюджетердің жариялық қағидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.

      Бюджет  кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен  салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамның  барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражатарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы турылы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудың  әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.

      Төменгі –жергілікті бюджеттердің қалыпты  және тиімді жұмыс істеуінің шарттары дербестік және теңгерімділік болып  табылады.

Мемлекеттик бюджет. 2