Мемлекеттік меншік құқығы
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Мемлекеттік меншік құқығының мәні мен мазмұны
2. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері мен объектілері
3. Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекеттік меншік - Конституциямен, Азаматтық кодекспен меншіктің бір түрі ретінде бекітілген.
Азаматтық кодексте азаматтық-құқықтық қатынастардағы барлық қатысушылардың теңдігі көзделген.
Азаматтық кодекстің 111-114 баптарына сәйкес мемлекет азаматтық – құқықтық қатынаста өзіндік егемендік иммунитетін көрсетпейді, қайта азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде қатынасады. Мысалы, мемлекетке және әкімшілік – аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзге норма туындамайтын болса, қолданылады. (АК – тің 114 - бабы) және азаматтық – құқықтық дауларды Қазақстан Респуцбликасының қатысуымен соттар шешеді. (АК – тің 111 – бабы 3-тармағы).
Мемелекеттік меншік қатынасы теңдікті жариялай отырып, бірақ белгілі бір ерекшеліктерге ие: а) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орй заңдар қабылдап, әкімшілік актілерін шығарады; ә) мемлекет заңды тұлға болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шегінде, белгіленген заңдар мен ережелер шеңберінде қимылдайды; б) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол кез келген мүлікті, оның ішінде айналымнан алынған немесе шектелгендерін де иелене алады; в) мүлікті меншікке алуды әртүрлі тәсілдер қолданады, айталық, салық баж салығы, жинау және т.б. бар; г) мемлекеттік меншік негізінде әлеуметтік міндеттер жүзеге асады, яғни тұрғындарды күнкөріске қажеттілікпен қамтамасыз етеді.
Мемелекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Республикасы атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бектінен және қорғайтын құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол мемлекттік мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін бекітеді.
Мемлекеттік меншік құқығын субъективтік мағынада мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттік өкілеттігіне жататын құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстан халқының мүддесі жолында өз қалауы бойынша жүзеге асырады.
1. Мемлекеттік меншік құқығының мәні мен мазмұны.
Мемлекет Азаматтық кодекстің 192-бабы негізінде мемлекеттік мүліктің біртұтас меншік иесі болып табылады.
Оның иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құқықтық өкілеттіктеріне ешкімде ешқашан шек қоя алмайды. Яғни, мемлекет өзі үшін заң шығарып, мемлекеттік мүлікті пайдалану тәртібін айқындап отырады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мемлекеттік меншікті органдары арқылы басқарады, солардың ішінде мемлекеттік заңды тұлғалар арқылы да басқарады.
Мемлекеттің иелену құқығы дегенміз, қарамағындағы заңмен қорғалатын мемлекеттік мүліктерді мемлекеттік органдарға немесе кейбір бөліктерін кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарына беруге қарамастан өзінің құзыретінде қала береді.
Мемлекет өзінің кәсіорындарында, қазыналық кәсіорындар мен мекемелерге мүлікті иелену құқығын бергенімен, мемлекет меншік иесі ретінде бұл мүліктерге иелену құқығын сақтайды. Өйткені, мемлекттік заңды тұлғалардың құқықтық өкілеттікті иелену мемлекет иелігіне жоққа шығармайды, ол көлемі бойынша да, мақсаты бойынша бір-біріне сай келмейді. Мемлекеттік заңды тұлғалардың иелену құқығы мемлекеттік иелену құқығымен салыстырғанда, оның бір бөлшегі, тұтас нәрсенің бір бөлігіндей ған болады. Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын және мекемелер салалық мүліктік кешен ретінде мемлекеттік меншіктің объектісі болып табылады, демек оның иелігіне болады. (“Мемлекеттік кәсіорын туралы” Жарлықтың 12-бабы).
Пайдалану құқығы дегеніміз, мемлекеттік мүліктен мемлекет пен жалпы қлғам мүддесі үшін пайданың бәрін алуға байланысты мемлекеттің өзіне тән мүмкіндігі болып табылады.
Мемлекеттің билік ету құқығын мемлекттік мүлікті иелену мен пайдалану, мүлікті болу, ұтымды құқықтық әдістерді айқындау, сол арқылы мемлекеттік меншікті басқаруды өз дәрежесінде жүзеге асыру тәртібін белгілеуінен тұрады. Мемлекеттің билік ету құқығы жаңа нормаларды шығару, оларды өзгерту тоқтату, сондай-ақ оралымды қызмет процесінде өндірістің қаржылары мен өнімдерін ұйымдастыру жөніндегі әкімішлік актілердің көмегін пайдалана отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік биліктің билік етуге байланысты қаныстары Азаматтық кодекстен басқа да көптеген заң актілерімен реттеледі. Мысалы: “Жекешелендіру турал” Жарлықтың 16-бабы негізінде жекешелендіруге жататын кәсіпорын заңды тәртіпке сай акционерлік қоғамға айналуы мүмкін, бұл орайда кейіннен сатып алу құқығы сенімділік басқаруға немесе жалға береді.
Әкiмшiлiк құқықтың құрамдас бiр бөлiгi мемлекеттiк қызмет болып табылады. Мемлекеттiк қызмет - мемлекет қызметiнiң бiр саласы және мемлекеттiк қнзметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiлiгiн атқару жөнiндегi қызметi болып табылады.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы реттейдi.
Қазақстан Республикасыннда мемлекеттiк қызметтiң ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесi принциптерден негiз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуе және өз қабiлеттерi мен кәсiби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-шi бабында айтылған тағы басқа принциптерi.
Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кiредi. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау, не сайлау негiзiнде, ал мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуы конкурстық негiзде жүргiзiледi. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы, жасы 18-ден кем болмауы, қажеттi бiлiмі, кәсiби даярлық деңгейi болуы керек және т. б.
2. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері мен объектілері.
Мемлекеттік меншік құқығын субъектісі мемелекет болып табылады. Мемелекеттік меншік басқару және меншік иесінің құқықтық өкілеттігін жүзеге асыру мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асады. Заңда көрсетілген немесе Қазақстан Республикасы тапсырмасы болған ретте оның атынан басқа мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар әрекет етеді. Конситутцияның 66-бабы, 4)-тармақшасына сәйкес ҚР Үкіметіне мемелекеттік меншік басқаруды ұйымдастыруды жүктелген. Қазақстан Республикасы Президентінің конситутциялық заң күші бар 1995 жылы 18-желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» Жарлығының 9-бабы 8-тармағы сәйкес Үкіметі мемлекеттік меншік басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды жасап әрі жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік меншіктің құқығын қорғауды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Үкіметіне мемлекеттік меншік құқығының субъектісін ретінде міндеті жүктелген. Демек, Үкімет мемелекеттік мүлікке қатысты кез-келген әрекетті жасай алады. ҚР Үкіметіне конситутциялық бекітілген өкілеттігіне орай өзіне мемлекеттік меншік басқаруды ұйымдастыру тарсырылғандықтан, оны өзі немесе өкілетті руды ұйымдастыру тапсырылғандықтан, оны өзі немесе өкілетті органдарды арқылы жүзеге асырады, яғни осыған орай мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелерін шешеді.
«Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Жарлықтың 1-бабы негізінде мемлекеттік кәсіорындар мынадай түрге бөлінеді:
а) республикалық меншіктегі-республикалық мемлекеттік кәсіпорындар. Республикалық мемлкеттік кәсіпорындарға байланысты меншік субъектісі министрліктер, мемлекеттік комиттер, ведомстволар, министрліктердің бірқатар департаментттері және басқа өкілетті органдар, оған өкілдік ете алатын әкімдер болып есептелінеді.
1996 жылы 25 маусымда Үкімет қаулысымен бекітілген республикалық Мемлкеттік кәсіпорындардың тізбесі бекітілген еді, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы»
Жарлықтың 2-бабына сәйкес жергілікті әкімдер бекітеді .
Жоғарыда айтып өткеніміздей, заңда көзделген немесе мемлекеттің арнайы тапсырмасымен мемлекет атынан басқа мемлекттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар әрекет ете алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21-қаңтардағы «Банкроттық туралы» Заңның 105-бабы 8-тармағында: «Мемлекеттік кәсіорындардың, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі 50 пайыздан астам болатын шаруашылық серіктестіктерінің төлем қабілетсіздігін оңалтуды жүргізуге уәкілдік берілген органдарға (ұйымдарға) Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлік иесінің құқықтарының беруі мүмкін деп көрсетілген».
Мемлекеттік меншік объектілеріне мыналар жатады:
1) қозғалмалы және қозғалмайтын заттар; 2) ақша, шетелдік валюта; 3) бағалы қағаздар, 4) міндеттемелік және басқалай заттық құқықтар мен міндеттер.
Қазіргі заң мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін айыруда қор жөніндегі бұрынғы дәрежелеуді сақтаған (АҚ-тің 200-бабы). Қоғамдық өнім экономикалық түрде бөлінеді, ол қоғамдық өнімнің құрамындағы қажетті бөліну мен мақсатты бөлінуге негізделеді.
Бүгінгі таңда мүлікті қор бойынша дәрежелеу экономикалық жағынан құнды әрі кәсіпорынның бухгалтерлік есебін, мүлік есептеуге жүргізуге оңтайлы келеді. Әрине, мүліктердің негізгі қорға, айналым қаржысы, шикізат, дайын өнім тәрізді қорларға бөлу белгілі бір практикалық мәңге ие, өйткені олардың әрқайсысының өзіңе тән құқылық тіртібі бар. Бірақ та ендігі жерде жалпы азаматтық заңда заңды тұлғаның қай қорды қандай көлемде және қандай мақсатта құратының оның тек өзі шешетіндігі айқындалған. Қазіргі қолданылып жүрген заңдар нормаларында мүлікті мақсатты пайдаланудан бас тарту принципі бекітілген, демек қорлар бойынша мүлікті шектеу енді жоқ (АҚ-тің 44-бабы).
Жоғарыда айтқандай, мемлекеттік меншік республикалық мемлекеттік меншік коммуналдық мемлекеттік меншік болып бөлінеді. Азаматтық кодекстің 192-бабының 2-тармағында сәйке республикалық мемлекеттік меншіктің объектісіне жататындар; республикалық меншік республикалық қазынаға және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бектіліп берілген мүліктен тұрады. Бұрынғы азаматтық кодексте болмаған «қазына» деген ұғым пайда болды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасына республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттік меншік 193-бабында аталған объектілері (жер,оның қойнауы, су, жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар), және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік жатады.
Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» 1999-жылғы 1-сәуірдегі Заңына сәйкес республикалық бюджет Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген түсімдермен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебіне қалыптастыратын және өзіне Қазақстан Республикасы, Конситутция мен заң актілері арқылы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін Республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры - Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және республикалық бюджеттен қаржыландыратын жалпы мемлекеттік маңызы бар бағдарламалардан тұрады. Бюджет тиісті қаржы жылына раналған Үкімет қабылдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып қалыптастырады.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер: 1) республикалық бюджеттің кірістері (арнайы экономикалық аймақтардың олар мыналардан тұрады: а) салықтардың, адамдардан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдер. ә) салықтық емес түсімдер; б) капиталмен жүргізілетін операциалардан алынатын кірістер; 2) алынған ресми трансферттер (гранттар); 3) республикалық бюджеттен бұрын берілген несие бойынша негізгі борышты өтеу (Заңның 7-бабы).
Азаматтық кодексті 192-бабы 2-тармағы сәйкес мемлекеттік қазына алтын – валюта қоры және алмас қоры құрайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы және 1995 жылғы 20 шілдедегі «Бағалы металдар менбағалы тастарға байланысты мемлекеттік қатынастарды реттеу туралы Жарлықтары өзгерістер енгізілгеннен кейін оны «алтын – валюта қоры және бағалы металдар мен бағалы тастардың үкіметтік резерві» деп атайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің алтын – валюта қоры қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылып, пайдаланылады, мәнет, банкі қаржысынан және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінде сақталған валюталық құндылықтардан тұрады. Сондай – ақ халықаралық танылған кез-келген актив қорлары; аударылатын вексельдер, жай және қазыналық вексельдер (шет мемлекеттер мен халықаралық қаржы мекемелер арқылы шығарылып, кепілдендірілген), басқа да сыртқы активті (кірістер), қорлардың сатып алу құнын сақтау да алтын – валюта қорына жатады. Алтын – валюта қоын неие ретінде беруге болмайды, Қазақстан Республикасының Президенті шешімдерінде қаралған реттерден басқа жағдайда Қазақстан Республикасы резиденті болсын, болмасын кепілдік және басқа міндеттілік ұсынуға да жол берілмейді.
Алтын – валют қорын толықтыруды Қазақстан Республикасы ұлттық банкісі жүргізіледі ( Жарлықтық 58-бабы).
Бағалы металдар мен бағалы тастардан үкіметтік қоры бағалы металл, оның ішіндегі алтыннан да және бағалы тастардан, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетке қаралған қаржыға сатып алған зергерлік бұйымдарының, тәркіленген немесе қараусыз қалған, кейін мемлекеттік меншігіне өткізілген мүліктерден, бабылған көмбеден, тарихи және мәдени ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған бағалы металдар мен бағалы тастардан, бұйымдардан құралады.
Мемлкеттік (бюджеттік) қор Мемлекеттік күзетке сақталады. Бұл қорға тапсырылған құндылықтарды беру, есептеу, сату және оған өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жүзеге асады (Жарлықтың 11бабы).
Қазынаға сондай – ақ мынадай мемлекеттік меншік объектілері де жатады: жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар (ҚР АК-тің 193-бабы).
Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының Конситутция 6-бабы, 3-тармағы).
Заңда тек мемлекет қан меншік иесі болатын мүліктердің тізбесі толық қамтылмаған.
Табиғи ресурстарға меншік құқығын жүзеге асыру ерекшеліктері былайша ерекшеленеді: а) табиғи ресурстарды пайдалану өзге мүліктерді пайдаланудан айтарлықтай ерекшеліктерге ие: сондықтан да ол белгілі бір мақсатпен қолданылады, бұл орйда табиғатқа залалы тимеуі тиіс; ә) аталған ресурстарды үнемі бақылап отыру, сол үшін арнайы жүйе-мониторинг қарастырылған; б) табиғит объектілеріне жасалған залал белгілі бір уақыт өткен соң көрінеді; в) арнайы өкілеттігі бар бақылаудың тұтастай жүйелері болады (жерді, орманды бақылайтын объектілерін пайдаланушылар қызметіне араласу құқығын ескерілген.
Қазіргі заң республикалық ксіпорындарға мүлікке шаруашылық жүргізу құқығын, ал қазыналық кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелерге оралымды басқару құқығын бекіткен.
Азаматтық кодексін 192-бабы 3-тармағы сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Конситутцияның 87-бабында жергілікті атқарушы органдардың қарауына коммуналдық меншікті басқару да енеді делінген. Бұл меншіктің жаңа түрі пайда болды деген сөз емес.
3. Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендіру.
Мемлекет иелігіне алу мен жекешелендіру – мемлекттік мүліктерді қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы меншікті ұйымдастыру шаралары жөніндегі жүйенің күрделі мәселесі болып есептелінеді.
Ғылыми әдебиетке және тәжірибеде “мемлекет иелігіне алу” және “жекешелендіру” синоним ретінде қолданылғанымен , шын мәнінде олар бір-біріне дөп келе бермейді.
1991 жылы 1-маусымдағы КСРО-ның “Мемлекет иелігіне алу мен жекшелендірудің бастапқы негіздері туралы” заңы мен 1991 жылғы 22 маусымдағы Қазақ КСР-інің “Мемлект иелігіне алу мен жекешелендіру туралы” Заңы меншікті реформалаудың екі жолын қарастырған болатын: мемлекет иелігіне алу немесе “мемлекеттік кәсіорындарға меншіктің басқа түріндегі (мемлекеттім емес) кәсіпорындарға айналдыру” және жекешелендіру жолымен – мемлекеттік мүлікті азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігіне алуы (1-бап).
Заң әдебиеттеріне сүйенсек, мемлекет иелігіне алу дегеніміз, мемлекеттік кәсіпорындарды, басқа шаруашылық тұтыну құрылымдарын әкімшілік-әміршілік әрекет ықпалынан шығарудағы нормативті реттелген процесс болып шығады. Сол арқылы мемлекеттік басқару органдарының жекешелендіру мен монопоиясыздандыру кезінде бөгде әрекеттеріне тосқауыл қойылады. Ал жекешелендіру дегеніміз, мемлекеттік меншікті жеке, заңды тұлғалардың және шетелдік: заңды тұлғаларынан мемлекеттік
Келісімі арқылы заң бойынша жүзеге асуы (“Жекешелендіру туралы” Жарлықтың 1-бабы).
Қазақстан Республикасында жекешелендіру сатылы негізде өтуде. Қазақстандағы бірінші сатыда мемлекет иелігіне алуы мен жекешелендіру салдары: кәсіпорындар еңбек ұжымдарына кейін сатып алу құқығымен жалға берілді, сөйтіп ол ұжымдық кәсіпорынға айналды; кейбір жағдайда еңбек ұжымдары мемлекеттік мүліктітегін сатыа алу мүмкіндігін иеленеді; тұрғындарға жекешелендіруге жекешелендіру купондарын арқылы тарту жүзеге асты (бірақ қалай істеу тәртібі болмады; аукцион, конкурс және басқа арқылы сату т.б.).
Сонымен мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінен мемлекеттік кәсіпорындарды жалға берумен ұжымдық кәсіпорындарға айналдырумен немесе еңбек ұжымдарының меншігіне берумен шектелді. Қазақ КСР-інің “Жалға беру туралы” 1990 жылғы 22-ақпандағы Заңы соның бір мысалы бола алады. Бұл заңда мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру үлкен орын алады. Мысалы, кәсіпорындарды жалға беру (аренда) еңбек ұжымның жалға берілетін мүлікті сатып алу арқылы кейін ұжымдық кәсіпорынға айналуға себеп болды.
Қазақ КСР-інің “Мемлекет иелігіне алу және жекешелендіру туралы” Заңының 25-бабына сәйкес еңбек ұжымы ең алдымен кәсіпорынды сатып алу құқығын алды, мемлекеттік кәсіпорынға жататын құрал-жабдықтың бір бөлігіне сатып алу үшін пайдалануына мүмкіндік ашылды: еңбек ұжымы алатын мүліктің тек 50 процент құнын төлеу жеңілдігіне ие болды, сондай – ақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың объектілерін меншігіне тегін алу құқығын иеленеді; кәсіпорын сауда тәрізді жеңілдіктерді еншіледі.
Алайда мемлекет меншігін еңбек ұжымдарының меншігіне беру экономикалық проблемаларды шеше қойған жоқ, өйткені, жұмыскерлер бұрынғысынша істі басқарудан тыс қала берді де өзінің күнделікті кірісіне көп онша ықыласты болған жоқ, сайып келгенде жеке адам тап осы әдістен қайыр көре алмады да, кәсіпорынның болашағына бас ауыртып жатпады. Соның салдарынан келіп ақыры “Жалға беру туралы”, “Мемлекет иелігіне алу және жекешелендіру туралы” бұрынғы Заңдар күшін жойды.
1993 жылы 5-наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “ Қазақстан Республикасындағы мемлекет иелігіне алу мен жекшелендірудің Ұлттық бағдарламасы” 1993-1995 жылдарға арналып бекітілді (бұл 2-ші кезең). Оның ерекшеліктері мынадай еді: мемлекет секторды акционерлендіру; дербес жобалар бойынша жекшелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркәсіптік кешенінде жекешелендіру.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру жөніндегі ұйымдастыру шаралары туралы” Жарлығы негізінде еңбек ұжымның қызметкерлері 10 пайызға дейінгі акцияны тегін алу құқығын алды. Жаппай жекешелендіру объектілері бойынша акциялардың көлемінде 51 пайызы купондық аукциондық инвестициялық жекешелендіру қорларын тұрғындардың жекешелендіру инвестициялық купондарына сатылу тиіс; акциялардың қалған бөлігі (39 пайызы) қор биржалары, аукциондар, конкурстар арқылы ақшаға сатылады; кәсіпорын басшылары Президенттің жеке шешімі бойынша акциялардың 5-пайызының номиналдық құнын алу мүмкіндігіне ие болды.
Жекешелендіру туралы заңның одан әрі дамуы Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылғы 23-желтоқсанындағы заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлығы аясында жүзеге асты. Айта кетелік, бұл жарлық 1996 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне еніп, Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру шын мәніндегі үшінші кезеңін бастады. Жарлық нормаларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкімет 1996 жылы 7-ақпанда қаулы қабылдап, Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті, ал қазір Үкіметтің 1999 жылы 1-мамырда қабылдаған қаулысымен 1999-2000 жылдар (4 кезең) жекешелендірудің жаңа бағдарламасы жүріп жатыр.
“Жекешелендіру туралы” Президенттің заң күші бар Жарлығы жекешелендірудің неғұрлым маңызды белгілерін айқындап берді:
1) жекешелендірілген мүліктің мемлекеттік және коммуналдық меншікке жататындағы;
2) жекешеліндірілетін объектіні сатып алушының жеке меншіктің субъектісіне қатыстылығы. “Жекешелендіру туралы” заңға сәйкес басқа да белгілердің болу мүмкіндігі.
“Жекешелендіру туралы” Жарлыққа сәйкес жекешелендіру мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1) сауда-саттық сату (аукцион, тендер);
3) тікелей бәсірлі сату (Жарлықтың 12-бабы).
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігіне, айналадағы табиғи ортаны қорғауға, сыртқы экономикалық ахуалына байланысты ерекше жағдайларды тендер жабық болуы мүмкін. Оны өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді (Жарлықтың 13-бабы). Жарлықта жекешелендірудің негізгі принциптері жариялық, бәсекелестік, құқықтық сабақтастық, лауазым иелерінің жекешелендірулерді жүргізудің заңдылығына жауапкершілігі және сатуға шығарылатын объектілер туралы берілген мағұлматтардың растығы болып табылады (Жарлықтың 4-бабы).
“Жекешелендіру туралы” Жарлықтың 2-бабына сәйкес сатып алушы дегеніміз, жекешелендіру барысында мүлікті сатып алатын жеке тұлға мемлекеттік емес заңда тұлға немесе шетелдік заңда тұлға болып табылады. Олардың бәрі де жекеменшік субъектілеріне жатады. Жекешелендіру кезінде мыналар сатып алушы бола алмайды:
а) акциялардың мемлекеттік пакеті сатылған кезде акцонерлік қоғам сатып алушының акцияларын 25 пайызынан астамынан сатып ала алмайды:
ә) жарғылық қорында мемлекеттің үлесі 20 пайыздан асатын шаруашылық серіктестіктер; Қазақстан Республикасының заң актілерін немесе құрылтай құжаттарын сәйкес оларды жүзеге асыру сауда-саттық объектіні сатудың шарты болып табылатынын қызмет түрлерімен айналысуға хақысы жоқ заңды тұлғалар.Жекешелендіру туралы заң нормаларын жекешелендіру кезінде оның ерекшеліктеріне орай арнайы заңмен реттеледі, мәселен, оған жекешелендіру объектілерін алу, тәртібі мен меншік құқығын тоқтату жағдайын жатқызуға болады. (АК-тің 249-бабы, Жарлықтың 3-бабы).
Мемлекеттік сатушы рөлінде жекешелендіруді жүзеге асыратынын өкілетті орган болып табылады. Мемлекеттік мүлік оны мемлекеттік органмен жекешелендіру туралы шешім шығарған күннен бастап жекешелендіруді объектісі қатарына қосылады. Сатушы жекешелендіру процесі кезінде оны ұйымдастыру үшін делдалды тарта алады.
“Жекешелендіру туралы” Жарлықтың 15 және 16 баптарынасәйкес алдын ала жүргізілетін сатыларын мыналар жатады:
а) мемлекеттік кәсіорынды акцонерлік қоғамға айналдыру;
ә) кейіннен сатып алу құқығымен сенім білдірілген басқаруға немесе жалға берілуі.
Кәсіпорынды сенім білдірілген басқаруға немесе жалға беру ісі Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілдік берген органның сенім білдірілген басқарушымен немесе жалгермен жасақан тиісті шартымен рәсімделеді. Шартты кәсіорынның қандай мерзімде және қандай шарттар орынадаған кезде сенім білдірілген басқарушының немесе жалға алушының меншігіне көшетіні көзделуге тиіс.
Жалға алушы немесе сенім білдірілген басқарушыға жекешелендіру объектілерін оларға тиісті шарттар ойдағыдай орындаған жағдайда ғана сатуға жол беріледі.
Мемлекеттік меншіктің объектісі сенім білдірілген басқаруға тендер негізінде меншік иесі немесе өкілетті тұлға арқылы беріледі. Егер мемлекеттік меншіктің объектісі жалға алушыға кейін сатылмайтын болып берілсе, онда бұл қатынас Азаматтық кодекстің нормаларымен реттеледі, жалға беруші мен жалға алушы өзара қалаулары бойынша келіседі. Мемлекеттік меншіктің объектісі жалға дейін сатылатындай болып берілсе жалға берілерде оған конкурс жариялайды.
Мемлекеттің меншігіндегі барлық мемлекеттік мүлік жекешелендіру объектісі бола береді, иал жекешелендіруге жатпайтын мүліктердің Үкіметі бекіткен Тізбесі болады.
Жекешелендіру объектілері болып табылатындар:
а) жекешелендіру тұйық технологиялық тізбекті бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрылымдық бірліктері;
б) кәсіпорынның мүлкі;
в) шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорындағы мемлекеттік акциялар мен үлестер.
Жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартын соттың жарамсыз деп тануын мыналар негіз болады:
1) объектіні сатып алуға құқығы жоқ тұлғаға сату;
2) сатып алушыға заңсыз жеңілдіктер мен басымдықтар беру;
3) сауда-саттық жүргізу тәртібін елеулі түрде бұзу;
4) Қазақстан Республикасының заңларына көзделген өзге де негіздер.
Сатып алу-сату шарты заңсыз деп танылғанға дейін сатып алушыға берілген жекешелендіру объектісін кейін АК-тің 260-262 баптарын негізінде талап етуге құқық беріледі.
Қорытынды
Сонымен мемлекеттік меншік бұл Конституция және де Азаматтық кодекстің меншік түрінің бірі ретінде бекітілген. Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық қатынастардағы барлық қатысушылардың теңдігі көзделген байқап отырмыз. Мемелекеттік меншік қатынасы теңдікті жариялай отырып, бір ерекшеліктерге ие екендігін де көріп отырмыз. Мемлекет өз егеменді биліктің иесі, мемлекет заңды тұлға болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шегінде, белгіленген заңдар мен ережелер шеңберінде бақылап отырады. Мемелекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Республикасы атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бектінен және қорғайтын құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол мемлекттік мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін бекітеді.

- Мемлекеттік меншік құқығының мәні мен мазмұны
- Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
- Мемлекеттік мүлік
- Мемлекеттік несие
- Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі
- Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету
- Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
- Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру пәнінен
- Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның ерекше белгілері
- Мемлекеттік қызметшілер
- Мемлекеттік қызметші эткасы
- Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есеп
- Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі
- Мемлекеттік меншік құқығы