Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру пәнінен

 

Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру пәнінен

 

1 Мемлекеттік қызмет түсінігі мен негіздері

  1. Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері
  2. Мемлекеттік қызметтің принциптарі
  3. ҚР мемлекеттік қызметі басқару

 

І.       Мемлекеттік қызмет- басқа адамдармен қарым- қатынас арқылы жүзеге асады, сондықтан мемлекеттік қызметке елдің барлық азаматтары тартылады. Мемлекеттік басқару субъектісіне қоғамдағы басқару қызметінің мемлекет атынан кәсіби негізде жүзеге асыратын адамдар жатады.

Мемлекеттік басқаруды кадрлық қамтамасыз ету басқару персоналының сапалы құрамы қоғамның даму деңгейіне, олардың еңбек ресурстарының жағдайына байланысты. Мемлекеттік аппараттың қызметкерлері материалдық және рухани игіліктерді өндірмейді. Бірақ олардың рөлі өндірісті ұйымдастыруға өте маңызды.

Мемлекеттік қызмет – мемлекет билік қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған міндетті өкілеттілікті орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Мемлекеттік қызмет кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде келесі белгіерге ие:

  • мемлекеттік қызмет мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметі мен міндетін жүзеге асырумен байланысты;
  • мемлекеттің экономика, әлеуметтік және әкімшілік – саяси салаларының құрлысын дамыту бойынша міндеттері мен қызметтері мемлекеттік қызметкерердің кәсіби қызметімен мемекеттік басқару арқылы жүзеге асады. Бұл қызмет кең масштабпен, басқару қызметінің қиындығы мен көлемділігімен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда барлық қоғам мен мемлекет қажеттілігі және қызығушылығы көрініс табады;
  • мемекеттік қызмет қоғамдағы басқару қызметінің жүзеге асуын қамтамасыз ететін арнайы аппарат құру шегінде жүзеге асады;
  • мемлекеттік қызметкерлер спецификасы басқару қызметтерін жүзеге асырумен байланысты. Мемлекеттің міндеті мен қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибелік жұмыстары өте маңызды;
  • мемлекеттік қызметкерлер мемлекет атынан шығады, сондықтан олар басқару қызметін жүзеге асыру үшін қажет мемлекеттік билік өкілеттілігіне ие;
  • мемлекеттік қызмет конституцияға, ҚР Президентінің заңдарына, бұйрықтарына және басқа заңды нормативті актілерге негізделген;
  • мемлекеттік қызмет тәжірибелік, ұйымдастырушылық, атқарушылық сипатқа ие;
  • мемлекеттік қызметкерлер өз қызметтері мен өкілеттіліктерін орындау кезінде заң талаптарына сәйкес жетекшілік жүргізу керек және өздерін саяси партиялар, қоғамдық бірестіктер шешімімен байланыстырмау қажет.

 

ІІ. Мемлекеттік қызмет принциптары:

  1. заңдылық. Бұл принцип мемлекеттік қызметкерлердің алатын лауазымына байланыссыз ҚР Президенті бұйрықтарының сақталуы мен орындалуын көздейді;
  2. Қазақстандық   патриотизм. Бұл принцип тұлғаның құрылуы мен жаңа буын адамдарын тәрбиелеуді қалыптастырумен байланысты. Мемлекеттік қызметке түсуші азаматтар нарықтық экономика жағдайында жұмыс жасайды, өз елінің салтын сақтап, өз мемлекетінің патриоты болуы керек;
  3. мемлекеттік қызметтің бірлігі. Бұл мемлекеттік биліктің заңдылық, атқарушылық, соттық бөліміне байланыссыз. Бұл принцип мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың әлеуметтік- саяси мәнін көрсетеді;
  4. азаматтардың құқықтық басымдықтары, еркіндіктері, заңдық қызығушылықтары мемлекеттің қызығушылығын көрсетеді.
  5. мемлекеттік қызметке республика азаматтарының тең құқықта енуі және өздерінің мүмкіндіктерімен кәсіби дайындығына сәйкес мемлекеттік қызмет сатысы бойынша жоғарлау;
  6. азаматтардың мемлекеттік қызметке өз еркімен келуі;
  7. мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби болуы, мұнда басқарушы кадр қызметіне қатысты жұмыстарды білу керек;
  8. жұмысты бірдей орындағандарға еңбекақыны тең бөлу;
  9. мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдар үшін жоғарғы мемлекеттік органдар мен жауапты тұлғалардың өкілеттілігі қабылдаған шешімдерді орындау міндеттілігі;
  10. мемлекеттік қызметкерлердің бақылануы. Әрбір мемлекеттік қызметкердің кәсіби қызметі жоғарғы органдардың немесе жауапты тұлғалардың бақылаумен жүзеге асады;
  11. мемлекеттік құпияларды құрайтын қызмет шегінен қоғамның көзқарастары мен келісімдерін есепке алу.
  12. мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы. Көрсетілген принципке сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге ең алдымен жалпы конституциялық құқықтық және әлеуметтік қорғалу кепілдігі беріледі;
  13. мемлекеттік қызметкерлерді тиесілі қызметін және тапсырманың маңыздылығы мен қиындығына қарай әділ әрі белсенді орындағандарды марапаттау;
  14. мемлекеттік қызметкерлердің жауапты міндеттерін орындамағандығына және өз өкілеттілігін асырғандағы жеке жауапкершілігі;
  15. мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату. Бұл принцип басқарудың жоғарғы кәсіби деңгейін дамыту.

 

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі төмендегі анықталған сипаттарға ие:

    • мемлекеттік қызмет белгілі қызметке қатысты жұмыстарды орындауды қажет етеді, кәсіптік, маманданған, біліктілік, лауазым.

Кәсіп – бұл адамдар өздерінің еңбектерін ондағы білімге, жаңалықтарға сәйкес орындағандағы кең еңбек қызметі.

Мамандық- көрсетілген кәсіпте еңбек қызметінің қысқа көрінісі, онда жұмыскер жұмысты тиімді орындау үшін жаңалықтардың терең жақтарын біледі.

Біліктілік – жұмыскер орындай алатын жұмыстың қиындық деңгейін көрсетеді. Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің біліктілігі біліктілік категориясына қарай анықталады.

    • мемлекеттік қызметтің сипаты мемлекеттік қызметкердің мемекеттік органдар қызметіне жеке қатысуы болып табылады. Бұл азаматтың мемекеттік органның жеке құрамына кіруін және оны басқару қызметіне енуін көрсетеді.

    • жауапты тұлғалардың ішкі тәртіпке және мемлекеттік органдардың регламентіне бағынуы мемлекеттік қызмет белгілеріне тән. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын ұжымның нақты жұмысын қамтамасыз ететін, жауапты және және басқа  жұмыскерлердің басқару қызметінің бірігуін анықтайтын нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, заң актілерімен, ішкі еңбек тәртібі мен регламент ережелеріне сай реттеледі. Мемлекеттік органдардың ішкі еңбек тәртібінің ажырамас элементі- субординация жүйесі болып табылады, яғни төменде тұрған мемлекеттік қызметкерлердің жоғарыларына бағынуы.
    • жауапты тұлғалардың жалақысы. Жалақы төмендегілермен ерекшеленеді:
      1. еңбекті бағалаудың біркелкі критерилерінен басқа еңбектің саны мен сапасына қарай төленеді;
      2. ерте бекітілген нормалпрға сай жүрнізіледі;
      3. төлемнің негізгі бөлігі мемлекеттік органдардың штаттық кестесімен анықталады, ал қосымша бөлігі мемлекеттік қызметкердің біліктілік деңгейіне басқа жағдайларға байланысты (сыйақы, әртүрлі қосылымдар, мемлекеттік қызметтегі жылдарға байланысты);
      4. ақшалай түрде төленеді.

 

ІІІ. Мемекеттік қызметті басқару

       Мемекеттік қызмет  саласында бірдей мемекеттік  саясатты қамтамасыз етумен, мемлекеттік  қызметкерлердің жеке жұмысын  ұйымдастырумен байланысты басқару  қызметінің ерекше түрі және  кәсіби қызмет, сондықтан өз принциптарын, қызметтері мен әдістерін басқару түріне енгізген.

       Мақсат – елде  және шет елде әлді тиімді  дайындықтағы қызмет сатысын  әділ тәртіппен аттаған, бірдей  ақпарат жүйесімен, қамтылған әлеуметтік  қорғаудың кепілдігімен, адам капиталын басқару ресурстарына ұқыпты қарайтын кадрлармен басқару жүйесін құру. Қазақстанда нарықтық экономика оптималды болу үшін қазіргі заманға сай мемлекеттік қызметті және басқару  құрылымын құру көзделген.

        Мемлекеттік  қызметті басқару үшін жалдау жүйесін жақсартуды білдіреді, ал кадрлардың жылжуы стратегияның негізгі принципі болып табылады. Бұл бағытта жаңа буынның басқарушы кадрлар дайындау міндеті алға басуда. Басқаруда басымды мақсаттар мен міндеттерге жетуге қол созған адамдар жұмыс жасау керек. Мемлекеттік қызмет саласында бірдей мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін сәйкес қызмет пен өкілеттілікке ие арнайы органдар құрылуы қажет. Оларға ҚР-ң мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттік және оның территориялық бөлімшелері жатады. Берілген органдардың стратегиялық жоспарындағы басты бағыт қоғамда мемлекеттік қызметтің жоғарғы жағдайын құру және ұстап тұру болып табылады. Бұл бір жағынан Қазақстандағы жаңа мемлекеттің құрылуымен, ал екінші жағынан демократиялық, құқықтық, әлеуметтік бағытталған мемлекеттің құрылуымен байланысты.

        Мемлекеттік  қызмет ісі бойынша ҚР агенттігінің  негізгі міндеттері, қызметтері  және өкілеттіліктері 1999ж. 03.12. ҚР  Президентінің бекіткен қаулысымен  анықталады.

         Агенттік  төмендегі қызметтерді атқарады:

  • мемлекеттік қызметтің тиімділігін жоғарлату мен жетілдіруде мемлекеттік бағдарламаларды өңдеуге және жүзеге асыруға қатысады;
  • әкімшілік мемлекеттік қызметке өту үшін мемлекеттік қызметкерлер мен кадрлар бойынша республикалық база құрады;
  • мемлекеттік қызметтің кадрлық қоры туралы ел Президентінің бекітуіне қаулылары өңдейді және ұсынады;
  • мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың республикалық ақпараттық жүйесін өңдеу және құру;
  • әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің категория талаптарын өңдейді, бекітеді;
  • әкімшілік қызметкерлердің қызметінің реестрлерін және басқа актілерді ҚР Президентіне бекітуге ұсынады;
  • мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік құқықтық қорғауды, еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды өңдейді;
  • мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау, дайындау сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың қызметін координацияау.

Агенттік мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен заңдық қызығушылықтары бұзылған жағдайда кеңес береді, әкімшілік мемлекеттік қызметке өту конкурсын жүргізу тәртібі  мен жағдайларын анықтайды, сонымен бірге осы конкурстың дұрыс өтуін бақылауға, жүзеге асыруға, ел Президентінің шешімі бойынша әкімшілік мемлекеттік қызмет сұрақтары бойынша халықаралық келісім-шарт жобаларын дайындауға қатысады, қызмет ететін заңға, актілерге және ҚР Президентінің тапсырмаларына    еңгізілген басқа қызметтерді атқарады.

2 Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайлары

 

  1. мемлекеттік қызметкерлердің қызметінің біліктілігі
  2. мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары
  3. мемлекеттік қызметкерлердің негізгі міндеттері
  4. мемлекеттік қызметке келумен байланысты шектеулер

 

І.  Мемлекеттік қызметкерлер қызметінің құрамына мемлекеттік қызметкерлердің саяси және әкімшілік қызметтері кіреді. Саяси мемлекеттік қызметкерлердің саяси қызметтеріне төмендегілер жатады:

    • ҚР Президенті тағайындаған олардың орынбасарлары;
    • ҚР Парламентінің және Парламент  палатасының төрағалары тағайындаған олардың орынбасарлары;
    • Конституцияға сәйкес Президент және Үкімет төрағалары;
    • Орталық атқарушы органдар мен ведомостваларды басқарушылар, олардың орынбасарлары;

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін категориялар орнатылады. Қызмет категориясы мен әкімшілік қызметті категорияға жатқызу тәртібі республика Президентімен құзыретті органдардың тағайындауы бойынша бекітіледі. Саяси мемлекеттік қызметкерлер үшін категория орнатылмайды.

 

  ІІ. Мемлекеттік қызметкер төмендегі  құқықтарға ие:

  • Республика азаматтарына конституциямен және ҚР заңдарымен кепілдік беретін құқықтар мен бостандықты қолдануға;
  • Мәселелерді қарастырғанда және оларды шешуге өз өкілеттілігі шегінде қатысу, олардың сәйкес органдар мен жауапты тұлғалармен орындалуын талап ету;
  • Міндеттерді орындау үшін қажет материалдар мен қажет ақпарат алуға;
  • Бекіткен тәртіпте қызметтік міндеттерді орындау үшін ұйымдарды олардың меншік түріне байланыссыз аралау;
  • Басқарушыдан қызметіне сәйкес тапсырмалар мен қызмет өкілеттілігінің көлемін анықтауды талап ету;
  • Басшылардан және т.б. жауапты тұлғалар мен азаматтардан өзіне сыйластық, әділ, қарым-қатынасты талап ету;
  • Қызметіне, тәжірибесіне байланысты ынталандыру мен еңбекақы төлеуге;
  • Сәйкес бюджет есебінен қайта дайындық пен біліктілігін көтеруге;
  • Мемлекеттік қызметке өтуге қатысты материалдармен танысуға;
  • Біліктілікті, өз қызметін әділ атқаруды ескеріп қызмет бойынша өсуге;
  • Қызметкердің ойы бойынша негізсіз жала жабуда қызметтік іс жүргізуді талап ету;
  • Еңбек жағдайының жоғары өндірісі үшін қажет еңбек қауіпсіздігі, денсаулық қауіпсіздігіне;
  • Әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;
  • Өз еркімен мемлекеттік қызметтен кетуге;
  • Зейнетақылық және әлеуметтік қамтамасыз етілуіне;
  • Мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша мемлекеттік органдар мен жауапты тұлғаларға ұсыныстар енгізу.

 

ІІІ. Мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері:

  • Конституция мен Республика заңдарын бұзбау;
  • ҚР Президенті бекіткен тәртіпте мемлекеттік қызметкер өкімін қабылдау;
  • Құқықтардың орындалуы мен қорғалуын, азаматтар мен заңды тұлғалардың заңдық қызығушылықтарын қамтамасыз ету, азаматтардың шағымдары бойынша қажет шаралар қолдану;
  • Сәйкес қызметтік міндеті мен берілген құқықтары шегінде өкілеттілікті жүзеге асыру;
  • Мемлекеттік және еңбектік тәртіпті сақтау;
  • Заңмен бекітілген шектеулерді өзіне қолдану;
  • Заңмен бекітілген қызмет этикасын сақтау;
  • Жетекшілердің бұйрықтарын олардың өкілеттілігі шегінде орындау;
  • Бекіткен заң бойынша мемлекеттік қызметті тоқтатса да мемлекеттік құпиялар мен қорғалатын заңды құпияларды сақтау;
  • Қызметтік міндетті орындаған кезде алған азаматтардың жеке өмірін, намысын қозғайтын құпияларын сақтау және заңмен қарастырған жағдайлардан тыс олардан осындай ақпарат беруді талап етпеу;
  • Мемлекеттік меншік сақталуын қамтамасыз ету;
  • Егер мемлекеттік қызметкерлердің жеке қызығушылықтары бірдей болса немесе олардың өкілеттілігіне қарама қайшы болса жауапты тұлғаларға ақпарат беру керек;
  • Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін кәсіби деңгейі мен біліктілігін жоғарлатуға.

ІҮ. Мемлекеттік қызметкер төмендегі құқықтарға ие болмайды:

  • Үкімет органында депутат және жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі болуға;
  • Басқа төленетін қызметпен айналысуға (педагогикалық, ғылыми, және т.б. шығармашылық қызметтен басқа);
  • Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде коммерциялық ұйымдарды басқаруға қатысуға, оның ұйымдастырушылық- құқықтық түріне байланыссыз, егер оның коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуы ҚР заңына сәйкес болмаса;
  • Материалдық, техникалық, қаржылық, ақпараттық құралдарды қызметтен тыс қолдануға;
  • Мемлекеттік органның дұрыс қызмет етуіне кедергі келтіретін жағдайларға қатысуға, ереулге шығуға;
  • Өз мақсаттары үшін азаматтар мен заңды тұлғалар қызметтерін қолдануға;

 

Мемлекеттік қызметкер заңды тәртіпте қызметке келген 1 ай ішінде қолындағы коммерциялық ұйымның жарғылық капиталындағы жеке меншік үлесін (акция пакеттерін) және басқа мүліктерді, яғни осы тұлғалардың қолданғанда табыс әкелетін мүліктерін ақшадан басқаларын сенімді басқаруға өткізеді. Мемлекеттік қызметкер сенімді басқаруға өткізген мүліктен табыс алуға құқылы оның ішінде сыйақы, дивидент, ұтыс, мүлікті жалға беру ретінде.

Мемлекеттік қызметке төмендегі тұлғалар қабылданбайды:

    • Бекітілген тәртіпте жұмыс істей алмайтын немесе шектеулі түрде істей алатындарды алуға;
    • Анықталған мерзімде мемлекеттік қызметке өтуге сотпен құқықтарын айрылғандар;
    • Медициналық мекемелердің шешіміне сәйкес қызмет өкілеттілігін  орындай алмайтын ауру анықталса;
    • Мемлекеттік қызметке түсердің 1ж. ішінде жемқорлық жасау жауапкершілігіне құқыққа тартылғандар;
    • Сотталған адамдар.

 

 

 

 

 

 

3 Мемлекеттік қызметке келу

  1. саяси мемлекеттік қызметке келу
  2. әкімшілік мемлекеттік қызметке келу құқықтары
  3. мемлекеттік қызметке келу кезінде қойылатын талаптар
  4. әкімшілік мемлекеттік қызметке келудің конкурсы

 

І.  Саяси мемлекеттік қызметкер қызметіне түсу сайлау, сонымен бірге басқа тәртіпте бекітілген заңға сәйкес жүзеге асады.

ІІ.  ҚР азаматтары әкімшілік мемлекеттік қызметке келу құқықтарына ие. Әкімшілік мемлекеттік қызметке түсу мен жоғарғы категориялар қызметіне иемдену жолымен әкімшілік мемлекеттік қызметкер бойынша өсу конкурс негізінде жүзеге асады. әкімшілік мемлекеттік қызметті бір категория ішінде сол мемлекеттік органдардың басқа қызметіне ауысу әкімшілік мемлекеттік қызметкер жағдайына сәйкес конкурссыз жүзеге асады.

Әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурс іріктеуінсіз саяси мемлекеттік қызметкерлер, сонымен бірге Парламент, маслихат депутаттары келуге құқылы.

Мемлекеттік қызметке келгенде жынысы, ұлты, тілі, әлеуметтік жағдайлары, мүліктік жағдайлары, діні, тұратын орны сияқты шектеулер қойылмайды. Әкімшілік қызметке конкурс іріктеуінсіз келген тұлғалар заңға тартылады.

 

ІІІ. Мемлекеттік қызметке келуші тұлғалар төмендегі талаптарға сай болуы керек:

      1. ҚР азаматтығына ие;
      2. 18 жасқа толған;
      3. қажет білімі, бекітілген біліктілік шартына сәйкес кәсіби дайындығы.

Мемлекеттік қызметке түсу кезінде азамат салық комитетіне алатын табысы мен өз құқығындағы бар мүлік жөнінде яғни салық салу объектілерін айту керек. әкімшілік мемлекеттік қызметті иемденуі азаматтардың арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана жүзеге асады. Саяси мемлекеттік қызметке түсу үшін қажет қосымша талаптар ҚР Президентімен анықталады.

ІҮ.  Әкімшілік мемлекеттік қызметке түсу конкурсы ҚР азаматтарына мемлекеттік қызметке келуіне тең құқықтарды қамтамасыз етеді. әкімшілік мемлекеттік қызметке түсу конкурсының шарттары мен өткізу тәртібін, сонымен бірге конкурс комиссиясын құру тәртібін өкілетті орган анықтайды. Конкурс бос қызметі бар мемлекеттік органдармен немесе ҚР Президентінің шешімі бойынша өкілетті органмен конкурсты мемлекеттік және орыс тілінде өткізу туралы хабарлама бергеннен кейін ашық немесе жабық түрде жүргізіледі. Конкурсты мемлекеттік орталық органдар мен олардың территориялық бөлімшелері және ведомоствалары өткізгенде хабарламалар арнайы басылымдарда жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдардың конкурсты жүргізу туралы хабарламасы газеттерде және басқа периодикалық басылымдарда шығарылады. Егер конкурс бос қызметке анықталған жұмыс мерзіміне жүргізілсе, онда еңбек шартының жағдайлары конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілуі керек.

Ашық конкурсқа ҚР барлық азаматтары қатысуға құқылы, ал жабық конкурсқа тек әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады. Конкурс комиссиясының шешімі әкімшілік мемлекеттік қызметке түсу үшін немесе осы қызметке түспейтініне негіз болады. Конкурстан өткен қатысушы әкімшілік мемлекеттік қызметке түсуге құқылы.

Мемлекеттік органдардың басшысы хабарланған қызметке конкурстан өткен тұлғаны алуға міндетті. Бірақ мұнда мемлекеттік қызметке түсу үшін қарастырылған заң талаптарын ұстау қажет. Конкурстық комиссиядан өтпеген, бірақ мемлекеттік қызметке бағытталғандар өкілетті органмен құрылған кадрлық резервке алынуы мүмкін. Кадрлық резервке алынған қатысушылар конкурс өткен 1 жыл ішінде қосымша конкурстан өтпей-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметке түсуі мүмкін. Конкурс комиссиясының шешімі бекітілген заң бойынша қайта қаралуы мүмкін.

4 Мемлекеттік қызметке өту және қызметтегі карьера

  1. әкімшілік мемлекеттік қызметке өту кезеңіндегі сынақ
  2. әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер аттестатциясы
  3. жұмыс уақыты
  4. сапар шеккенде берілетін кепілдіктер мен компенсациялар
  5. мемлекеттік қызметке өтудегі басқа да сұрақтар
  6. мемлекеттік қызметке өту кезіндегі кадрлық резерв

 

І. Бірінші рет әкімшілік мемлекеттік қызметке немесе конкурс нәтиже бойынша әкімшілік қызметке келген азамат 3 ай мерзімге сынақтан өтуі мүмкін. Сынақ кезеңіне әкімшілік мемлекеттік қызметкер арнайы себептермен жұмысқа келмеген кезеңі есептелмейді. Әкімшілік мемлекеттік сынақ кезеңінде қанағаттандырарлықсыз нәтиже берсе, өкілетті органмен немесе оның территориялық бөлімшелерімен сынақ уақытын өтпген деп жұмыстан шығарылуы мүмкін. Егер сынақ кезеңі аяқталып, бірақ әкімшілік мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметті жалғастырып жатса онда ол сынақтан өтті деп саналады және сынақ мерзімі мемлекеттік қызметтің өтіліміне есептеледі. Жұмыстан шығару қарастырылған заң негізінде ғана жүзеге асады.

 

ІІ. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер өзінің кәсіби дайындығы құқықтық мәдениеті, азаматтармен жұмыс істеу мүмкіндігі деңгейін анықтау мақсатындааттестатциядан өтеді. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер аттестациясын жүргізу тәртібі мен талаптары өкілетті органның нұсқпуы бойынша ҚР Президентімен бекітіледі.

 

ІІІ. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтылығы ҚР еңбек заңына сәйкес анықталады. Кейінге қалдырылмайтын және алдын ала ойламаған жұмыстарды орындау үшін қызметке демалыс және мейрам күндері келуге міндетті жекелеген әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер тартылады, оларға ҚР енбекақы заңына сәйкес компенсация төленеді.

 

ІҮ. Мемлекеттік қызметкерлерге қызмет сапары шығындары төленеді. Мемлекеттік қызметкерлерге ҚР заңына сәйкес сапарда жүргенлегі күндеріне баратын жері мен қайтуына, тұратын үй жалдаған шығындарына кепілдік пен құқықтарға ие. Мемлекеттік қызметкердің сапар уақытында жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.

 

Ү. Мемлекеттік қызметке өтудің басқа сұрақтары нақты заңмен реттелмейді, ол заң актілерінде өкілетті органдардың ұсыныстары бойынша ҚР Президенті бекіткен мемлекеттік қызметке өту тәртібі бойынша қаулылар мен заң актілерінде жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Мемлекеттік қызметкерлерді қамтамасыз ету

    1. мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысы
    2. мемлекеттік қызметкерлер демалысы
    3. мемлекеттік қызметкерге сыйақы беру
    4. мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары
    5. мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыз ету

 

І.  Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы мемлекеттік міндеттерді орындағанда қажет материалдық жағдайда болу керек және олардың әділ еңбек жасауын ынталандыру керек.

Саяси мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі ҚР Президентімен анықталады.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге ҚР Президенті бекіткен еңбекақы төлеудің біркелкі жүйесі негізінде жүзеге асады. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеу мемлекеттік және жергілікті бюджет қаражаттары есебімен немесе Ұлттық банк есебімен төленеді. Бюджеттік түсімдердің қысқаруы еңбекақының қысқаруына негіз болмайды, сонымен бірге заңмен қарастырылған кепілдіктер, жеңілдіктер мен компенсациялардың қысқаруына негіз болмайды.

 

ІІ.  Мемлекеттік қызметкерлерге ұзақтығы 30 күнтізбелік күн жыл сайын 2 айлық еңбекақы мөлшерінде төленетін демалыс беріледі. Мемлекеттік қызметкерлердің қалауы бойынша жыл сайынғы ақылы демалысын бөліп алуға болады. Мемлекеттік қызметкерге еңбекақы еңбекақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

Мемлекеттік органның басшысының шешімі бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметкер жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақырылуы мүмкін. Қолданбаған демалыстың қалған бөлігі әкімшілік мемлекеттік қызметкердің сәйкес жыл ішінде немесе келесі жылдың демалысына қосылып кез келген уақытта беріледі.

 

ІІІ.  Тиісті міндетін үлгілі орындағаны, жақсы мемлекеттік қызметі, маңызды және қиын тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы жетістіктері үшін мемлекеттік қызметкер төмендегідей марапатталады:

  • бір уақыттағы ақшалай сыйақымен;
  • бағалы сыйлықпен марапатталуы;
  • құрмет грамотасын беру;
  • сонымен бірге ҚР қарастырылған басқа да марапаттау түрлерімен.

Ерекше қызметі үшін мемлекеттік қызметкерлер ҚР мемлекеттік наградасымен марапатталады.

 

ІҮ.  Мемлекеттік қызметкерлер бекітілген заң тәртібімен үймен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін мемлекеттік қызметкерлердің жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер учаскелері беріледі. Жер учаскелерін беру шарты ҚР үкіметімен анықталады.

Мелекеттік қызметкерлер және олардың жанұяларының мүшелері (олармен тұратын)  сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде беіткен тәртіпте медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік орган штатының қысқарып қалған жағдайда мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік органның 3ж. жоғары өтілімі негізінде төрт орташа айлық еңбекақы төленеді.

Мемлекеттік қызметкер қайтыс болған жағдайда оның жанұясының мүшелеріне 4 орташа еңбекақы мөлшерінде соңғы мемлекеттік органның қызмет орны бойынша бір реттік жәрдемақы беріледі, жәрдемақы бекітілген заңнан төмен болмауы керек.

6 Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметін тоқтату
    1. саяси мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан шығару және өз еркімен кетуі
    2. әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметті тоқтатудың себептері

 

І. Отставка саяси мемлекеттік қызметкерлердің жазбаша өтініш негізінде сәйкес мемлекеттік қызметтегі міндеттерін орындауды тоқтату. Отставка қабылданады немесе мемлекеттік органмен келіспеушілік беріледі. Отставка немесе келіспеушілік туралы шешім жазбаша өтініш бергеннен кейін 1 ай мерзімде қарастырылады. Келіспеушілік жағдайында саяси қызметкер қызмет өкілеттілігін жалғастырып және қарастырылған заң бойынша жұмыстан шығару тәртібіне ие.

Саяси мемлекеттік қызметкерлер бекітілген конституциямен нақты заңмен және басқа да ҚР заңдары тәртібімен жұмыстан шығарылады. Қызмет өкілеттілігін терең бұзған, мемлекеттік қызметте болуына қайшы келетін жағдайлар саяси мемлекеттік қызмет отставкасына негіз болмайды ол жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығару негізі мен тәртібі ҚР Президентімен анықталады.

 

ІІ. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметін тоқтатуға төмендегілер негіз болады:

    • өз еркі бойынша жұмыстан кету туралы өтініш беру;
    • заңда қарастырған негіз бойынша немесе мерзім бойынша келісім шарттың мерзімінің аяқталуы;
    • әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер олардың мүліктері мен табыстары туралы мәліметтер;
    • заңда бекітілген міндеттер мен шектеулерді орындамау;
    • ҚР азаматтығын жоғалтқанда;
    • жемқорлықпен құқық бұзу;
    • әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурссыз келгендер;
    • аттестацияның төмен нәтижелері;
    • ҚР еңбек заңына негіз болатын басқа жағдайлар

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер заңсыз жұмыстан шығарылатын болса, онда ол өкілетті органға шағымдануға құқылы, сонымен бірге өз құқықтары мен еркіндігін қорғауға құқылы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 Мемлекеттік қызмет туралы заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілік
  1. мемлекеттік қызметкерлер жауапкершілігі
  2. мемлекеттік қызметкерлерді жауапкершілікке тарту кезіндегі құқықтық кепілдіктер

 

І. Мемлекеттік қызметкерлерге жүктелген міндеттерді орындамағаны, қызмет өкілеттілігін асырғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны, заңдағы мемлекеттік қызметке келумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметкерлерге төмендегі ескертулер беріледі:

    • ескерту;
    • сөгіс;
    • қатаң сөгіс;
    • толық емес қызметі туралы ескерту;
    • қызметтен босату.

  Тәртіптік ескерту:

  • қызмет өкілеттілігіне сәйкес құқықтары бар азаматтарға беріледі;
  • ҚР құқықтық нормативтік актілерімен анықталған тәртіпте беріледі.

Тәртіпті бұзған мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер оның басшысымен бекіткен тәртіпте жауапкершілік туралы сұрақты шешкенге дейін уақытша қызметтік міндеттерінен алынады. Мемлекеттік қызметкер өз қызметінің заңсыздығы үшін жауапты жарлық орындау үшін құқықтық келіспеушілік болған жағдайда ол осы туралы жазбаша түрде өз басшысына немесе жарлық берген басшыға айту керек. Егер қызмет бойынша жоғарғы басшы осы жарлыққа жазбаша келісім берсе мемлекеттік қызметкер егер ол қылмыстық іске қатыссыз болса оны орындайды. Құқықтық емес жарлықты мемлекеттік қызметкер орындаған үшін жауапкершілікке осы жарлықты бекіткен басшы тартылады. Мемлекеттік қызметкер қылмыс және басқа құқықтық бұзғаны үшін бекіткен заң бойынша қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапкершілікке тартылады.

 

ІІ. Мемлекеттік қызметкер оны тәртіптік жауапкершілікке тартумен байланысты барлық материалдармен танысуға міндетті. Мемлекеттік органның немесе қызметтегі тұлғаның іс-әрекеті мен шешімі өкілетті органның немесе сотпен жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкермен қаралуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 Мемлекеттік органдар жұмысын ұйымдастыру

  1. мемлекеттік органдар жұмысын жоспарлау
  2. қызметті бірдей бөлу
  3. коллегиалды мемлекеттік органның қызметі
  4. мемлекеттік органға қызмет құжаттарының келуі және қарау
  5. ақпараттық алмасуға қойылатын талаптар
  6. қызмет құжаттарын орындауды бақылау

 

І. Мемлекеттік органдар өздерінің қызметін кварталға, жылға және ұзақ мерзімді басымдықтарына құрылған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асады. Мемлекеттік органның жұмыс жоспары төмендегідей:

    • құрылымдық органдар бөлімшелері ұсынысы негізінде алдын ала құрастырылады және жоғары мемлекеттік органның жұмыстары жоспарының есебімен құрылуы мүмкін;
    • мемлекеттік органның жұмыс жоспары негізінде осы органның бөлімшелері өздерінің жұмыс жоспарын құрайды;
    • жоғары мемлекеттік органдар жұмысының жоспарына қатысты қарастырылатын сұрақтар тізімі төменгі мемлекеттік органмен ұйымдарға таратылады.
Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру пәнінен