Мемлекеттік қызметкерледің құқықтық жағдайы

Жоспар:

Кіріспе

  1. Мемлекеттік қызметтің принциптері
  2. Мемлекеттік қызметті өткеру
  3. Мемлекеттік қызметкерлер негізгі құқықтары мен ландеттері
  4. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ынталандыру
  5. Мемлекеттік қызметкерлер өкілеттілігін тоқтату негіздері жауапкершілігі

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, жоғарыдағы аталған Заң, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы» 1998 жылғы 12 қарашадағы №4141 және «Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 ақпандағы №13 өкімдері, республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілері жатады. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың еңбек, зейнетақы туралы және өзге де заңдарымен реттеледі.

Жалпы, мемлекеттік қызмет жөнінде Баяновтың пікірі бойынша: «Бұрынғы Кеңес өкіметінің кезінде мемлекеттік қызметке арнайы арналған заңнама болмады. Ол кезде мемлекеттік қызмет адамдардың еңбек ету қызметі нысандарының бірі ретінде түсінілді, оның ерекшелігі тікелей қол еңбегімен материалдық құндылықтар жасау немесе қандай да бір өндірістік – шаруашылық қызмет көрсету емес, әкімшілік (ұйымдастыру, басқару), әлеуметтік – мәдени және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру болып саналады.

1995 жылға дейін жағдай осылай болды. 1995 жылы 26 – желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты – бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші шормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 жылғы 23 – шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды.

Сондықтан, мемлекеттік қызмет қазіргі кезде шенеуніктердің (төрелердің) қызметіне тіреледі. » [1. 149 б.] 

1999 жылғы 23 – шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда былай белгіленген

а)  мемлекеттік қызмет кәсіби  негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекуеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауға жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. Өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып табылады;

б) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл белгі де жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және, екіншіден, мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұйымдарда да құрады. (мысалы, кәсіпорындардың, мекемелердің лауазымдары). Сондықтан, мемлекеттік қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу қажет сияқты;

в) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады – заңда оларды мемлекеттік органның   құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады;

г) мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік   лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі;

д) мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды;

ж) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекеттік бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды. Кезінде ол жалақы деп аталатын. Бұл мемлекеттік қызмет үшін ерекше белгі емес. Осындай тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналасқан, бірақ бұл ретте мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар ақшалай ақы алады.  Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері осыған ұқсас еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.

1999 жылғы 23 – шілдедегі «Мемлекеттік қызмет  туралы» заңның 3 – бабы бойынша  принциптері берілген:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:

  1. Заңдылық
  2. Қазақстандық патриотизм
  3. Мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы
  4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы
  5. Жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы
  6. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіругінің еріктілігі
  7. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі
  8. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу
  9. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттілігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынышты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі

10. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі

11. Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру

12. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы

13. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу

14. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы

15. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруда үздіксіз жүргізу принциптеріне негізделеді. »[2. ]

Жалпы мемлекеттік қызметтің принциптері ҚР – сы Конституциясының Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар деп бекіткен нормаға негізделеді. (33 – б. 4.т.) . Олар мемлекеттік  қызметті ұйымдастыру мен нақты жүзеге асырудың аса маңызды заңдылықтарын белгілейді.

  1. Заңдылық принципі мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде ҚР – сы Конституциясы мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді. Бұл Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады деген ҚР – сы Конституциясының  4 – б. 2- т. нормасына негізделеді.
  2. Қазақстан патриотизм принципі, (гректің patriotes – отандас, patris – отан дегені) – мемлекеттік қызметінің өз Отанын, халық сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, республиканың тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға, елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен дінін дамытуға бар білімі мен күш – ждігерін аянбай жұмсайтындығын білдіреді.
  3. Мемлекеттік биліктің заң шығарушысы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастық принципі. Бұл республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың тежемлік әрі тепе – теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс – қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады деген Конституцияның 3 – бабының 4 – тармағына негізделген.
  4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі, бұл Қазақстанның заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын білуге, сақтауға және қорғауға міндеттейді. Қазақстанда құрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамның ең қымбат қазына екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқтыратын іс – әрекеттері үшін барлық мемлекеттік қызметшілердің «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда қаралған жауапкершіліктері болмай қалмайтындығы міндетті болуға тиіс.
  5. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлатуға тең құқығы принципі. Оның мәні мынада, мемлекеттік қызметке қабылданған кезде нәсіліне, жынысына, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрақты тұратын жеріне, дініне, иланымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер қоюға болмайды.
  6. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі принципі. ҚР – сы Конституциясының 24-б ның 1-т-да бекітілген әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына негізделеді.
  7. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік және жоғары біліктілік принципі. Мемлекеттік лауазымның бос орнына (ваканцияға) кандидатты іріктеген кезде пайдаланылатын негізгі белгілер. Басымдық ең лайықтыға, жақсы дайындығы барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қабілеттілігін көрсеткенге беріледі.
  8. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу принципі. ҚР –сы Конституциясының 24 – б – ның 2 – т-да бекітілген әркімнің өз еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар деген ережеге негізделеді.
  9. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер үшін міндеттілік принципі. Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі  бастауларының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің біртұтастығына және заңның жоғары күші болатынына, төменгі органдардың жоғарғы органдарға бағыныстылығына негізделеді. Осының арқасында мемлекеттік механизмнің барлық буындарында атқарушылық тәртіп үшін шынайы жағдайлар жасалынады.

10. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік принципі. Мемлекеттік қызметтегі тәртәптә нығайтудың мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындауын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіліктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған пайдалы тәсілдері.

11. Қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципі. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлекеттік органдарға қол жетерлік болуын және олардың мемлекеттік қызметшінің тағдыры, құқықтық жағдайы туралы мәселелері оның ырзашылығы мен және келісуімен шешулерін болжайды. Жариялылықты кеңейтпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше, бақылау үшін ашық және қол жетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердің шынайы бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдар бірде – бір қызметкері бақылаудан, сыннан тысқары қалуға тиіс емес.

12. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу принципі. Олардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті жағдайлар туғызуды, қызметтік міндеттерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоюға тиісті шаралар қолдануды көздейді. Қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуы: олардың еңбегңнңғ беделін көтеруді айтарлықтай жоғары еңбек ақы төлеуді, еңбек етуге, демалысына қалыпты жағдайлар туғызуды, мемлекеттік сақтандыруды, қызмет жөнінен өсуді болжайды.

13. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталыатқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу принципін жүзеге асыру шаралары «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 23 – бабында қаралған.

14. Мемлекеттік қызметшілердің   қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылық принципімемлекеттік тәртіпті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

15. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу принципі қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануын, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруларын , арнайы оқу орындарын ұйымдастыруды, т. б. болжайды.»[2]

Мемлекеттік қызметкер:

  • өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді карауға қатысуға және ол мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
  • қызметтік міндеттерін атқару үшін керекті ақпараттар мен материалдар алуға;
  • мемлекеттік қызметіне катысты материалдармен кедергісіз танысуға;
  • біліктілігі мен іскерлігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратындығын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылауға;
  • орынсыз жала жабылған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етуге;
  • еңбек, денсаулық, еңбектің қауіпсіздік шарттарын сақтауға; әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
  • мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне;
  • зейнеттік және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге;
  • жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар түсіруге құқықты.

Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:

  • Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
  • Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметкер антын беруге;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін карауға;
  • олар жөнінде кажетті шаралар қабылдауға;
  • өзіне берілген құқық шегінде өкілеттігін жүзеге асыруға және қызметтік міндеттеріне сәйкес мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
  • өзіне заңмен белгіленген шектеулер кабылдауға; қызмет әдептілігінің нормаларын сақтауға;
  • басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазым иелерінің шешімдері мен нұскауларын орындауға;
  • мемлекеттік құпияларды сақтауға;
  • мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
  • кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.

Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер де көзделген. Мемлекеттік қызметкердің өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметке мынадай адамдар кабылданбайды:

  • белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылған;
  • сот шешімі арқылы белгілі мерзім ішінде мемлекеттік қызметке тұру кұқығынан айырылған;
  • мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бұрын сыбайластық жемкорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе касақана құқық бүзғаны үшін мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бүрын
  • сот тәртібімен әкімшілік жаза колданылған адам;
  • сотталған және мемлекеттік қызметке кіру сөтінде жаза мерзімін өтеп болмаған немесе жазасы белгіленген заң тәртібімен алынып тасталмаған адам.

Мемлекеттік қызметті өткеру – бұл ұзаққа созылатын процесс, ол мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіргеннен бастап одан шыққанға дейін атқаратын қызметтерін дәйекті түрде ауыстыруынан көрініс табады. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшінің әкімшілік – құқықтық мәртебесі жүзеге асырылады.  Мемлекеттік қызметті өткеру екі түрлі құқықтық актілермен іске асырылады. Олар бірінен – бірі өздерінің туғызатын құқықтық салдарының сипатымен айырылады. Олардың біріншісі Қазақстанның барлық азаматтары үшін мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін  белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді құрайды. Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызмет жағдайының ерекшеліктерін, аттестация өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың, лауазымдық санаттар топтарына  жатқызудың, құрметті атақтар берудің және қызмет өткерудің өзге де мәселелерінің тәртібін белгілейді.Құқықтық актілердің екінші түрі – бұл заңдық айғақтар  түрлерінің бірі, яғни нақты бір азамат үшін мемлекеттік – қызметтік қатынастар туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын нақты жағдайларды реттейтін жеке – дара актілер. «Мемлекеттік қызмет туралы» заң бойынша мемлекеттік қызметке кіруге, заңдарда өзгеше белгіленбесе, жасы 18 жастан кем емес, қажетті білімі бар және өзге белгіленген талаптарға сәйкес келетін ҚР – сы азаматының құқығы бар.»   [1. 157 б.]

Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ынталандыруды екі топқа бөлуге болады:

А) жеңілдіктер

Ә) көтермелеу шаралары

Жеңілдіктер олар әр түрлі болады және әдетте, мемлдекеттік қызметшілердің тиісті санаттарына қарай тағайындалады.

Көтермелеу шаралар көтермелеудің жалпы шаралары еңбек туралы заңдармен, мемлекеттік қызметшілердің нақтылы санаттарының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін қарайтын құқықтық актілермен тағайындалады.

Көтермелеумен қатар заңнамалар, қажет болған кезде, мемлекеттік қызметшілердің заңдық жауаптылығын қарайды, атап айтқанда: тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық.  Жауаптылық мемлекеттік қызметшілерге олардың кінәлі түрде құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни заң жүзінде құқыққа қарсы ретінде танылған құқықтар мен іс – әрекеттер үшін заңдарда қаралған қандай да болмасын сазай мен жаза шараларынан көрініс табады. Жалпы мәлім, құқық бұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға   (деликтілерге)     бөлінеді.Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз — саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:

  1. мемлекеттік органның жабылуы;
  2. заңмен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
  3. оның ез құқық меншігіне жататын мүліктерді сенімгерлік басқармасына тапсырмауы;
  4. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруі;
  5. саяси мемлекеттік қызметкерге қатысты соттың айыптау үкімінің заң күшіне енуі;
  6. саяси мемлекеттік қызметкердің өкілеттігін тоқтатуы жөніндегі тікелей жазбаша өтінішінің негізінде жоғары тұрған басшылық оның қызметтен кетуін кабылдаған кезде;
  7. оны атқарып отырған қызметіне тағайындау (сайлау) қүкығы бар лауазым иесінің (органның) тиісті шешім шығаруы (кабылдауы);
  8. қызметтен өз еркімен шығу туралы өтініш беруі;
  9. келісімшарт мерзімінін бітуі немесе заңнамада көзделген негіздерге сәйкес келісімшарттын бұзылуы;
  10. табыстары мен мүлкі туралы жалған мөліметтер беруі;
  11. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;
  12. заңда белгіленген жағдайларды коспағанда, мемлекеттік өкімшілік қызметті бөсекеден тыс иеленуі;
  13. аттестаттаудың жағымсыз нәтижелері.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерді оны осы қызметке қабылдауға құқығы бар мемлекеттік органның тиісті лауазым иесі қызметтен шығарады. Саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауап береді. Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған не ойдағыдай орындамаған, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметте болуымен байланысты белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметкерлерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:

  • ескерту;
  • сөгіс;
  • қатаң сөгіс;
  • қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту;
  • қызметтен шығару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Соңында, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасы жаңа экономикалық шарттарға икемделген, мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаттың жүзеге асуын сапалы жаңа деңгейде қамтуға қабілетті кадрлық потенциалды жаңартуға бағытталуын; іскери қасиетіне сәйкес мемлекеттік қызметкерлерді ашық және жабық процедурасында іріктеу мен алға жылжытуды енгізуді, кадрлардың біліктілігін үнемі көтеруді әрі олардың әлеуметтік-құқықтық қорғанысын қамтамасыз етуді атап көрсету тиіс. Бұл ретте мемлекеттік қызметкерлер кәсіби дайындығының барлық талаптарына жауап бере жүріп қоғамның қожайынынан құлға айналуға бейімделеді.

Сонымен, мемлекеттік органда белгіленген тәртіп бойынша ақы төленетін қызметте отырған және мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер деп танылады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің аса маңызды құралы болып табылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы,
  2. Баянов Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. – Алматы, 2007, — 408 бет.
  3. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.- Алматы: ЮРИСТ, 2010 – 288 б.
  4. Б.Б.Сейдеш. Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер. – Алматы: Дәнекер, 2004 – 140 бет.
  5. Қызылов М.А., Ибраева Г.А., Есенов Д.Қ., Искакова И.Е. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Дәрістер конспектісі. – Қарағанды, 2006. – 121 бет.
  6. А.А.Таранов.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы Академиялық курс. Алматы, 2003. – 282 бет.
  7. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. Баспа. 1995.

 


Мемлекеттік қызметкерледің құқықтық жағдайы