Мемлекеттік қызмет. 3
І.
Мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік
қызмет ұғымы және оның
қағидаттары.
Әкімшілік құқықтың құрамдас
бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады.
Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің
бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің
мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері
мен функцияларын іске асыруға бағытталған
лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі
қызметі болып табылады.
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай
ұғымдар пайдаланылады:
1) бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметке орналасуға үмiткер азаматтарға
кәсiптiк даярлығының деңгейiн, құзыреттiлiгiн
және нақты әкiмшiлiк лауазымға сәйкес
келуiн айқындау мақсатында қойылатын
талаптар;
2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе
арнайы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң
функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк
органдарда ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық
функцияларды орындайтын адам;
3) лауазымдық өкiлеттiк – мемлекеттiк
қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын
мемлекеттiк органдардың алдында тұрған
мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiн
нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген
құқықтар мен мiндеттер;
4) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты
– мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын
әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының лауазымдық
өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн
сыныптамалық сипаттамасы;
5) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – мемлекеттiк
саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн,
мемлекеттiк органда лауазымдық өкiлеттiктердi
тұрақты кәсiптiк негiзде жүзеге асыратын
мемлекеттiк қызметшi;
6) мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң
мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға
бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi
атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң
мемлекеттiк органдардағы қызметi;
7) мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк
органда заңнамада белгiленген тәртiппен
республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден
не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын
және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын
iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматы;
8) мемлекеттiк лауазым – нормативтiк құқықтық
актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер
мен лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген
мемлекеттiк органның құрылымдық бiрлiгi;
9) мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы
(сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы
сипатта болатын және саяси мақсаттар
мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты
болатын мемлекеттiк қызметшi;
10) мүдделер қақтығысы – мемлекеттiк қызметшiнiң
жеке басының мүдделiлiгi мен оның өз лауазымдық
өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе
жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң
заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды
мүдделерге зиян келтiре алатын қайшылық
туындайтын жағдай;
11) ротация – мемлекеттiк саяси қызметшiлердi
мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ
мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң
арасында лауазымдық ауыстыру.
Ескерту. 1-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
Мемлекеттік
қызметшілердің құқықтық жағдайларын
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23
шілдедегі Заңы реттейді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік
қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы
келесі принциптермен негіз алады: заңдылық,
қазақстандық патриотизм, мемлекеттік
қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар
құқықтарының, бостандықтарының және
заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері
алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының
мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және
өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына
сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға
тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған
тағы басқа принциптері.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының
құрамына мемлекеттік қызметшілердің
саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді.
Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік
қызметке тағайындау, не сайлау негізінде
кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке
орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға
мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан
Республикасының азаматтары болу, жасы
18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби
даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан
Республикасы Конституцияның 24-бабына
сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына,
қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы
бар”. Бұл Қазақстан Республикасының
әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра
алады және одан өз еркімен шығып кете
алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы
келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін
азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген
бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі
бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс
жағдайында ғана жол беріледі” делінген.
Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек
ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді.
Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне
қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына
еріксіз тартылуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау
мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс
істегісі келсе, сонда істей алады. Ол
мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы
мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен
айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза
алады, сурет сала алады және де басқа
еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен,
мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы
мүмкін.Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып
табылады. Қазақстан
Республикасының «Мемлекеттік
қызмет туралы» Заңы бар. Онда мемлекеттік
қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына
анықтама берілген.
Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің
мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған
мемлекеттік органдардағы лауазымдың
өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік
органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін
қызметті иеленген және мемлекеттін міндеттері
мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік
өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік
қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси
және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік
қызметкер — тағайындалуы (сайлануы),
қызметтен босатылуы және қызметінің
айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси
мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға
жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің
төрағалары, әкімдер.
Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік
саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін,
мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде
қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын
мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы,
сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу
бөлімінің меңгерушісі және басқалары.
Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға
негізделеді:
- заңдылык;
- патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;
- мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;
- мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;
- жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі);
- азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;
- мемлекеттік қызметкерлердін өз ісіне маманданғандығы мен біліктілігі және кәсіби мығымдылығы (принципшілдігі);
- мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болатындығы жене есеп беріп тұратындығы;
- мемлекеттік қызметкерлердін өз міндеттерін адалдықпен, бастамашылдықпен атқарып, ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін мадақталып көтермеленуі;
- бірдей жұмысқа тен еңбекакы алатындығы;
- бағынышты мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметкерлерінін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды қызметкерлерінін өздерініи өкілеттігі шеңберіндегі шешімдерін орындаудың міндеттілігі;
- мемлекеттік құпия больш табылатьш немесе заңмен қорғалатын құпиядан басқа, қоғамдық пікір мен жариялылыктың ескеріліп отыратындығы;
- мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан корғалатындығы;
- мемлекеттік қызметкердін қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе көңілдегідей етіп орындамағаны үшін және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке басы жауапты;
- мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін үздіксіз арттырып отыруы.
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк
қызмет:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық,
атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне
қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң
бiртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының
және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi
алдындағы басымдығы;
5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика
азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол
жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби
даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет
бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң
ерiктiлiгi;
7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi
мен жоғары бiліктiлiгi;
8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн
еңбекке ақыны тең төлеу;
9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар
мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде
қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты
мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк
органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда
болуы және есептiлiгi;
11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен
қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн
қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен
жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық
және әлеуметтiк қорғалуы;
13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк
мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше
маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны
үшiн көтермелеу;
14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк
мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны
және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны
үшiн жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн
арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне
негiзделедi.
2. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың
ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк
қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған
кезде заңдардың талаптарын басшылыққа
алады және саяси партиялардың, қоғамдық
бiрлестiктер мен олардың органдарының
шешiмдерiне байланысты болмайды.
5-бап. Мемлекеттiк
қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi
орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi
1. Мемлекеттiк
қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган
(бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан
Республикасының Президентiне
1) мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және
оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк
бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға
қатысу;
2) мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру
жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз
құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген
тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер
қабылдау;
3) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына
үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және
бекiту;
4) мемлекеттiк қызмет қызметшiлерi жөнiндегi
республикалық деректер базасын қалыптастыруды
қоса алғанда, мемлекеттiк қызмет кадрлары
жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарына
орналастыру үшiн кадрлар резервiн қалыптастыру;
5) мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне
ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды әлеуметтiк-құқықтық
қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
6) Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының
тiзбесiн және осы Заңға сәйкес өзге де
актiлердi әзiрлеу және оларды Қазақстан
Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;
7) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк
қызметшiлер даярлау, қайта даярлау және
бiлiктiлiгiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде
де, мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
8) мемлекеттiк бағдарламалар бойынша
мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру
мен орналастыруды және мемлекеттiк қызметшiлердi
даярлауды, қайта даярлау мен олардың
бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiру;
8-1) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерден
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны
үшiн берiлген тәртiптiк жазаны мерзiмiнен
бұрын алып тастауға келiсiм беру;
9) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк
қызмет саласындағы заңдарды сақтауын
бақылауды жүзеге асыру;
10) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды атқаруға
арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн белгiлеу,
сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн
бақылауды жүзеге асыру;
10-1) кандидаттың қойылатын бiлiктiлiк талаптарына
сай келуi бөлiгiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымға тағайындауға келiсу;
11) мемлекеттiк органдардың осы Заңды
және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi
бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн
жою туралы ұсыныстар енгiзу;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк
қызмет туралы заңдардың қолданылу мәселелерi
бойынша мемлекеттiк органдардың немесе
лауазымды адамдардың iс-әрекетi мен шешiмiне
жасалған шағымдарын қарау;
13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгiну;
14) мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi
халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға
қатысу;
14-1) мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтердiң
сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге
асыру жүктеледi.
2. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi органдардың
бiрыңғай жүйесiн уәкiлеттi орган мен оған
бағынысты аумақтық бөлiмшелер құрады.
Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi
орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге
асырады.
2-1. Уәкiлеттi органның облыстарда, республикалық
маңызы бар қалада, астанада тәртiптiк
кеңестерi болады, олар туралы ереженi
уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президентi бекiтедi. P990218
3. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң
шешiмдерi бұйрықтар нысанында ресiмделедi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08. N 75 (2-1-тармақтың
күшi 2005 жылғы 1 шiлдеден
бастап қолданысқа енгiзiледi;
қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз)
Заңдарымен.
6-бап. Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi
Мемлекеттiк
органдардың кадр қызметi өз құзыретi
шегiнде:
1) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк
қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне
байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, қызметшiлердiң
жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттiк қызметшiлердiң
еңбек кiтапшаларына (қызмет ету тiзiмдерiне)
қажеттi жазбалар енгiзедi;
2) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңда белгiленген
шектеулердi қабылдауы туралы келiсiмiн
жазбаша нысанда белгiлейдi (өзiне қабылдаған
шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық
салдарлар туралы хабардар етедi);
3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық
жағдайының мәселелерi жөнiнде ақыл-кеңес
бередi, мемлекеттiк қызметте болумен байланысты
шектеулердiң сақталуын бақылайды;
4) уәкiлеттi органға ұсыну үшiн бос лауазымдар
тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру жөнiнде
өтiнiмдер және өзге де қажеттi ақпарат
дайындайды;
5) мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуды, қайта
даярлауды (қайта мамандандыруды) және
олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
6) заңдарда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi
жүзеге асырады.
ІІ. Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі құқықтары мен жіктелуі
Мемлекеттік қызметкер:
- өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді карауға қатысуға және ол мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
- қызметтік міндеттерін атқару үшін керекті ақпараттар мен материалдар алуға;
- мемлекеттік қызметіне катысты материалдармен кедергісіз танысуға;
- біліктілігі мен іскерлігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратындығын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылауға;
- орынсыз жала жабылған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етуге;
- еңбек, денсаулық, еңбектің қауіпсіздік шарттарын сақтауға; әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
- мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне;
- зейнеттік және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге;
- жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар түсіруге құқықты.
Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:
- Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
- Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметкер антын беруге;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін карауға;
- олар жөнінде кажетті шаралар қабылдауға;
- өзіне берілген құқық шегінде өкілеттігін жүзеге асыруға және қызметтік міндеттеріне сәйкес мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
- өзіне заңмен белгіленген шектеулер кабылдауға; қызмет әдептілігінің нормаларын сақтауға;
- басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазым иелерінің шешімдері мен нұскауларын орындауға;
- мемлекеттік құпияларды сақтауға;
- мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
- кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.
Сонымен қатар
заңда мемлекеттік қызметте болуға
байланысты шектеулер де көзделген.
Мемлекеттік қызметкердің өкілетті
органдардың депутаты және жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының мүшесі
болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де
шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа
ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айна
- белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылған;
- сот шешімі арқылы белгілі мерзім ішінде мемлекеттік қызметке тұру кұқығынан айырылған;
- мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бұрын сыбайластық жемкорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе касакана құқық бүзғаны үшін мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бүрын
- сот тәртібімен әкімшілік жаза колданылған адам;
- сотталған және мемлекеттік қызметке кіру сөтінде жаза мерзімін өтеп болмаған немесе жазасы белгіленген заң тәртібімен алынып тасталмаған адам.
Мемлекеттiк
қызметшiлердiң құқықтары
Мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан
Республикасының Конституциясымен және
заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар
мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға
және олар бойынша шешiмдер қабылдауға
қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды
адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi
орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар
алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген
тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан,
ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын
лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк
мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап
етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне,
басшылар, өзге де лауазымды адамдар және
азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен
көзқарас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына,
тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген
өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына
және еңбегiне ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта
даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн
арттыруға;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты
материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет
болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк
мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып,
қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған
жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн
талап етуге;(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз
U990321)
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының
сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi
жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша
босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар
мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi
жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы
бар.
Мемлекеттік қызметке тұру және оны өту тәртібі
Мемлекеттік қызметке тұрудың заңмен бекітілген шарттарын екі топқа бөлуге болады: саяси мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке тұруы — тағайындау немесе сайлау негізінде, сондай-ақ өзге жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіп және шарттарға орай жүзеге асырылады; мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу және мемлекеттік әкімшілік қызметкердің жоғары санатты қызметке тұру жолымен қызмет бабында жоғарылауы бәсекелік негізде жүзеге асырылады. Азаматтар мемлекеттік қызметке тұру үшін мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
- Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуы;
- заңнамамен тиісті қызметке байланысты өзге талаптар белгіленбеген болса, жасының он сегізден кем болмауы;
- тиісті білімі, кәсіби дайындық деңгейі және қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі.
Азамат мемлекеттік қызметке тұрған кезде, салық қызметі органдарына, оған құқық ментттігі ретінде жататын мүліктері мен алған табыстары жөнінде мәліметтер тапсыруға міндетті. Азамат міндетті, арнаулы тексерістен өткеннен кейін саяси және өкімшілік мемлекеттік қызметке тұра алады. Саяси мемлекеттік қызметкерлер өз халқы мен Президентке ант береді. Азамат мемлекеттік әкімшілік қызметке тұрған кезде, оған үш айлық, сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметкерлер үшін сынак мерзімі белгіленбейді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызметті атқару кезінде аттестаттаудан өтуі керек. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін аттестаттау — бұл олардың кәсіби даярлық деңгейін, қүқықтың мөдениеті мен азаматтармен жұмыс жасай білу қабілетін айқындау үшін октын-октын өткізіліп тұратын шара. Екікабат әйелдерден басқа барлық қызметкерлер аттестаттаудан өткізілуге жатады. Мемлекеттік қызметтегі келесі әрбір үш жылы өткен сайын қызметкерлер аттестаттаудан өтеді. Саяси мемлекеттік қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.
7-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн саралау
1. Мемлекеттiк
қызметшiлер лауазымдарының
2. Саяси лауазымдарға:
1) Қазақстан Республикасының Президентi
тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер,
олардың орынбасарлары; (РҚАО-ның
ескертуi: қараңыз U020828)
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Палаталары және Парламент Палаталарының
Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын
мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың
орынбасарлары;
2-1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Соты жанындағы соттардың қызметiн қамтамасыз
ету департаментiн (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппаратын) басқаратын мемлекеттiк
саяси қызметшi, оның орынбасарлары;
3) Конституцияға сәйкес Президент пен
Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк
саяси қызметшiлер;
4) орталық атқарушы органдарды басқаратын
мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар)
олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар
жатады. (РҚАО-ның ескертуi:
қараңыз U990317)
Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының
Президентi белгiлейтiн өзге лауазымдар
да жатқызылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер үшiн
лауазымдар санаттары
белгiленедi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер
лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiн
уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президентi бекiтедi.
4. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер үшiн лауазым
санаттары белгiленбейдi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2007.07.27 N 315,
2010.12.29 N 371-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттігін тоқтату негіздері және олардың жауапкершілігі
Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз — саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:
- мемлекеттік органның жабылуы;
- заңмен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
- оның ез құқық меншігіне жататын мүліктерді сенімгерлік басқармасына тапсырмауы;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруі;
- саяси мемлекеттік қызметкерге қатысты соттың айыптау үкімінің заң күшіне енуі;
- саяси мемлекеттік қызметкердің өкілеттігін тоқтатуы жөніндегі тікелей жазбаша өтінішінің негізінде жоғары тұрған басшылық оның қызметтен кетуін кабылдаған кезде;
- оны атқарып отырған қызметіне тағайындау (сайлау) қүкығы бар лауазым иесінің (органның) тиісті шешім шығаруы (кабылдауы);
- қызметтен өз еркімен шығу туралы өтініш беруі;
- келісімшарт мерзімінін бітуі немесе заңнамада көзделген негіздерге сәйкес келісімшарттын бұзылуы;
- табыстары мен мүлкі туралы жалған мөліметтер беруі;
- Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;
- заңда белгіленген жағдайларды коспағанда, мемлекеттік өкімшілік қызметті бөсекеден тыс иеленуі;
аттестаттаудың жағымсыз нәтижелері. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерді оны осы қызметке қабылдауға құқығы бар мемлекеттік органның тиісті лауазым иесі қызметтен шығарады. Саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауап береді. Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған не ойдағыдай орындамаған, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметте болуымен байланысты белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметкерлерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
- ескерту;
- сөгіс;
- қатаң сөгіс;
- қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту;
- қызметтен шығару.
Сонымен, мемлекеттік органда белгіленген тәртіп бойынша ақы төленетін қызметте отырған және мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер деп танылады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің аса маңызды құралы болып табылады. Оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі және жоғары білікті мамандармен жабдықталған болуы керек.
Мемлекеттік қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, мемлекеттік өкілеттің әрекеті (әрекетсіздігі) мен шешімдерін даулау
Солтүстік
Қазақстан облысы Аққайың
Аққайың ауданының
ішкі саясат бөлімі, прокуратура,
салық басқармасы, Аққайың ауданының
құкықтық сұрактар жөнінде
Келесі сұрақтар қарастырылды:
1)Мемлекеттік
мекемелермен және құқық
2) Аққайың АІІБ
3)ӘҚБ туралы ҚРК 68 б. бойынша әкімшілік материалдарды тоқтату.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін. Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы мүмкін.
Лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндетттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам;
Ротация-мемлекеттік
саяси қызметшілерді
Осындай басқа да тақырып аясында көптеген мәліметтер газет бетінде жарияланды.
Мемлекеттік лауазым
- мемлекеттік органның нормативтік
құқықтық актілермен
14-бап. Мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымға орналасуға
арналған конкурс
1. Мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған
конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының
мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын
қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға
арналған конкурсты өткiзудiң шарттары
мен тәртiбiн, оның iшiнде конкурстық комиссия
құру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттiк
орган не Қазақстан Республикасы Президентiнiң
шешiмi бойынша уәкiлеттi орган конкурс
өткiзу туралы мемлекеттiк тiлде және орыс
тiлiнде хабарландыру жарияланғаннан кейiн
өткiзедi.
Конкурс орталық мемлекеттiк органдар
мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнде және
ведомстволарда өткiзiлген кезде хабарландырулар
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына
таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында
жарияланады. Жергiлiктi мемлекеттiк органдарда
конкурс өткiзу туралы хабарландырулар
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағына
таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында
жарияланады.
3-1. Егер конкурс белгiлi бiр жұмыс мерзiмiмен
бос тұрған орынға өткiзiлетiн болса, онда
жасалғалы отырған еңбек шартының жағдайы
конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда
көрсетiлуге тиiс.
4. Конкурсқа Қазақстан Республикасының
барлық азаматтарының қатысуға құқығы
бар.
5. Алынып тасталды -
ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.
6. Конкурстық комиссияның шешiмi мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымға орналасуға не мұндай
лауазымға кiруге бас тартылуға негiз болып
табылады.
7. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын
алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы
бар.
8. Тағайындауға құқығы бар адам жарияланған
лауазымға конкурстық комиссияның оң
қорытындысын алған қатысушыны қабылдауға
мiндеттi. Бұл орайда мемлекеттiк қызметке
кiру үшiн заңдарда көзделген талаптар
сақталуға тиiс.
9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын
алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызмет үшiн
ұсынған конкурсқа қатысушылар уәкiлеттi
орган және оның аумақтық бөлiмшелерi құратын
кадрлар резервiне тiркелуi мүмкiн.
10. Кадрлар резервiне тiркелген конкурсқа
қатысушылар оларды тiркеу күнiнен бастап
бiр жыл iшiнде қосымша конкурстан өтпестен
тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға
орналаса алады.
11. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен шағым жасауға болады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 2001.06.04 N 204, 2003.03.11 N 393,
2005.07.08 N 75 (қолданысқа
енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан
қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.

- Мемлекеттік қызмет
- Мемлекеттік қызмет
- Мемлекеттік қызметкерледің құқықтық жағдайы
- Мемлекеттік қызметті жетілдіру жолдары
- Мемлекеттік қызметтің ұғымы
- Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру пәнінен
- Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның ерекше белгілері
- Мемлекеттік, құқықтық органдар
- Мемлекеттік қызмет
- Мемлекеттік қызмет
- Мемлекеттік қызмет
- Мемлекеттік қызмет
- Мемлекеттік қызмет
- Мемлекеттік қызмет