Мемлекеттік қызмет. 6

 Мемлекеттк қызметтін ұғымы

Ғылыми жәнс оқулық құкықтык әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет:кең. мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін /жұмысын/:   мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде,, өзге де ұйымдарда атқаратын кызметі; қысаң мағынадай:— бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін тек мемлекеттік органдардағы атқару қызметі.

"Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 
1999 жылғы 23 шілдедегі заңында1 мемлекеттік қызметтің ұғымы 
қысаң мағынада ;берілген мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардан мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Аталған заң-мемлекеттік қызмет туралы зағнамалардын қалыптасуы үшін құқықтық негіз болған бірден бір құқыктық акт.

Заң "мемлекеттік лауазымның үғымын пайдалануға енгізді,мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын топтар мсн санаттарға бөлуді белгілейді, мемлекеттік қызмет пен қызметшінің ұғымын анықтайды,

мемлекеттік қызметшінің құкыктық жағдайының негіздерін, мемлекетгік 
кызмет өткеру тәртібін белгіледі және мемлекеттік-қызметтік қатына- 
стармен байланысты бірнеше өзге де мәселелерді реттейді. 

Мемлекеттік қызмет құқықтық негізіне Конституция, жо-ғарыдан аталған Заң, республиканың өзге де Нормативтік-құқықтық актілері жатады.

 Мемлекеттік қызмет туралы Заңмен реттелмеген мемлекеттік 
қызметпен байланысты: қатынастар республиканың Еңбек туралы 
  заңдар кодексімен және өзге де заңнамалармен реттеледі.

Мемлекеттік қызметті өткеру — бұл ұзаққа созылатын процессі, мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіргеннен бастап одан шыққанға дейін атқаратын қызметтерін дәйекті түрде ауыстыруынан көрініс табады. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшінің әкімшілік-қүқықтьіқ мәртебесі жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті атқару екі түрлі қүқықтық актілермен іске асырылады. Олар бірінен бірі өздерінің туғызатын қүқықтық қимылдарларының сипатымен айырылады.

Олардың біріншісі Қазақстанның барлық азаматтары үшін Мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін (ережелерін, шарт-тарын) белгілейтін нормативтік күқықтық актілерді қүрайды. Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызмет жағдайъның ерекшеліктерін, аттестация өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың, лауазымдық санаттар топтарына жатқызудың, қүрметті атақтар берудің және қызмет еткерудің өзге мәселелерінің тәртібін белгілейді. Мүндай актілердің қатарына мемлекеттік қызметтің мәселелерін реттейтін «Мемлекеттік қызмет туралы» заң, Президенттің жарлықтарымен бекітілген бірнеше нормативтік актілер, олардың ішінде, мысалы, «Мемлекеттік қызмет өткеру төртібі туралы Ереже» жатады.

Қүқықтық  актілердің екінші түрі - бүл заңдық айғақтар түрле-рінің бірі, яғни нақты  бір азамат үшін мемлекеттік — қызметтік қатынастар туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын нақты жағдай-ларды реттейтін жеке-дара актілер.

Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мемлекеттік  қызметке кіруге, зандарда өзгеше белгіленбесе, жасы 18 жастан кем емес, қажетті білімі бар және өзге белгіленген талаптарға сөйкес келетін ҚР-сы азаматының қүқығы бар.

Конституцияның 33-46. ҚР-сы азаматтарының мемлекеттік  қыз-метке кіруге тең қүқығы бар деген жалпы ереже бекітілген. Бірақ бұл кейбір арнайы шектеулер болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Атап айтар болсақ, азамат мемлекеттік қызметке мына жағдайларда қабылдануы мүмкін емес:

  • соттың зандық күшіне енген шешімімен оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
  • соттың шешімімен оны белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдар атқару қүқығынан айырған;
  • лауазымдық міндеттерін атқаруға кедергі болатын медициналық мекеменің қорытындысымен анықталған науқасы бар;
  • өзінің мәртебесін жоәне соған негізделген беделін жеке басылық, топтық жөне өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға алып келуі ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзіне заңмен белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;
  • мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қүқық бүзушылық үшін тәртіптік жазаға тартылган;
  • мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қүқық бүзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
  • мемлекеттіқ қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасакана қүқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

•мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңмен

белгіленген тәртіппен  алынбаған соттылығы бар.

Мемлекеттік қызмет туралы занда мемлекеттік саяси қызметшілер мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кірулерінің бөлек тәртіптері белгіленген

Саяси мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау немесе сайлау арқылы, сондай-ақ заңдарда белгіленген басқа да тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл орайда Президенттің 2003ж, 4-желтоқсандағы жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ереже» басшылыққа альнады. Онда мемлекетіік саяси және әкімшілік қызметтің кадр резервін жасақтау және осы резервке алынған азаматтардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу мәселелері реттелген.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, «Мемлекеттік қыз-мет туралы» занда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс азаматтардың мемлекекттік қыз' метке бірдей кіру мүмкіндігінің конституциялық қүқығын қамта-масыз етеді. Бос лауазымдарға орналасудың конкурстық тәртібіп енгізу мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жоғары көсібилік корпусын құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

 Мемлекеттік қызмет  Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналамсуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда мемлекеттік қызметшінің жөне уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.  Мемлекеттік қызмет туралы» заңға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2005 ж. 8-шілдедегі заңмен мемлекеттік әкімшілік қызметке конкурссыз орналасуға болатын адамдардың тізбесі бекітілген. Оларға өз өкілеттігін доғарған, теріс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін Маслихат депутаттары, мемлекеттік саяси-қызметшілер, судъялар жатады. Олардың орналасу тәртібін Президент айқындайды.

Азамат мемлекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.

Азаматтардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы олар міндетті түрде арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның талабына сәйкес ҚР-сы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  агенттігі төрағасының 1999 ж. 24-қарашадағы бүйрығымен және кейіннен енгізілген өзгерістермен қоса «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің шарттары мен тәртібін айқындайтын Қағидасы бектіліген. Бұған 2006 ж. 25-мамырдағы бүйрығымен тағы да толықтырулар мен өзгерістер енгізді3.

Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не Президент шешімі бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган конкурс еткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялағаннан кейін өткізеді.

Конкурс жариялаған мемлекеттік  орган үміткерлерді бос лауазымдарға орналасуды жүзеге асыратын конкурс комиссиясын құралады. Бұл комиссияның шешімі мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос лауазымына орналасуға немесе мұндай лауазымға кіруге бас тартуған негіз болып табылады.

Конкурсқа жасы 18-ден  темен емес,қажетті білімі, кәсіби даяр-лық деңгейі бар және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес ҚР-ның барлық азаматтары қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жіберілмейді:


1)жоғарыда корсетілген талаптарға сәйкес емес;

2)заңдылық күші бар сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе  іс әрекетке қабілеті шектелген болып танылғандар;

3) заңдылық күші бар сот шешімімен белгілі бір анықталган мерзімге дейін мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылған;

 4) заңда қарастырылған басқа жағдайларда.

ҚР-сы Президентінің «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» 2005. 14-сәуірдегі жарлығында1 Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне бос мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналасу үшін конкурс өткізудің айқындығын қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірлеу тапсырылған болатын.

Осы тапсырманы орындау  мақсатында аталған Агенттік 2005 21-маусымдағы бүйрығымен конкурс өткізу Қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Мұнда конкурстық ресімдердің ашықтығын және конкурстық комиссиялардың жұмысындағы шынайылықты арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бірқатар жаңа маңызды нормалар белгіленген .Бұдан былай Қағидаға сәйкес, мысалы, тиісті мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша конкурстық комиссияның қүрамына осы органның ғана емес, өзге де адамдар енгізілуі мүмкін. Бұл конкурстық комиссияның жұмысына жұртшылықтың көп өкілдерін қатыстыруға, соңдай-ақ мемлекеттік қызметке тең және бәсекелестік жағдайда ең білікті мамандарды іріктеуге мүмкіндік береді.

Бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарға орналасуға үміткерлердің  ҚР-ның заңнамаларын білетіндігіне  және логикалық ойлау қабілетіне әділ баға беру мақсаты үшін тестілеу өткізіледі. Оны өткізудің төртібі ҚР-сы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2003 ж. 30-сәуірдегі бұйрығымен бекітілген Ережеде белгіленген және оның жаңа редакциясы 2005 ж. 19-мамырдағы бүйрығымен бекітілген. Тестілеуді Агенттіктің жөне оның аумақ-тық бөлімшелерінің тестілеу администраторлары өткізеді. Тестілеудің нәтижелері тиісті мемлекеттік органның конкурс комиссиясына беріледі.

Мемлекеттік органның басшысы  конкурс Комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушыны жариялаған қызметке қабылдауға міндетті. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметке кіру

үшін заңдарда қаралған талаптар сақталуға тиіс. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарылады, сонда істетілгсн күннен бастап азамат мемлекеттік қызметте болып саналады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет немесе қызметін тоқтатқаннан кейін жаңадан қабылданған, соңдай-ақ жоғары дәрежелі санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданған азамат үшін үш айға дейінгі мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін.

Конкурстық комиссияның  оң қорытындысын ала алмаған конкурсқа қатысушылар, бірақ комиссиямен мемлекеттік қызметке ұсынылғандар, аталған Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері құратын кадрлар резервіне тіркелуі мүмкін.

Кадр резервіне  алынған азаматтар біліктілік талаптарьна сай болған жағдайда және өздерінің келісімімен әкімшілік қызмет лауазымдарының тиісті немесе төменгі санаты лауазымына бір жыл ішінде конкурстан өтпей тағайындала алады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервін уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері:

  1. конкурстық іріктеуге қатысқан жөне конкурстық комиссия кадр резервіне алуға ұсыным берген;
  2. мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқудан өткен;
  3. кәсіби дөрежесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жүмысқа жіберген;
  4. аттестациялаудан өткен жөне аттестациялық комиссиялар кадр рсзервіне алуға үсыным берген мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын азаматтардан жасақтайды.

Кадр резервіне алынған  адамның резервте түруы бір жылдан ұзақ болмайды.

Резервінің мемлекеттік  қызметке кіруі заңдарда қарастырылған тәртіппен және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

ҚР-ның әрбір азаматы  мемлекеттік әкімшілік немесе саяси қызметке кіргенде ант береді. Анттың мәтіндері мен оны берудің тәртіптері Президенттің жарлықтарымен бекітілген. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер оқтын-оқтын аттестация-лаудан өтеді. Оның мақсаты — қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін, қүқықтық мәдениетін және азаматтармен жүмыс істеу қабілетін айқындау болып табылады. Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшеміне қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті жатады.


Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілерді аттестациялау жүргізудің тәртібі мен талаптары Президенттің 2000ж. 21-қаңтардағы Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу» ережелерімен айқындалады.

Аттестациялауға жүкті  әйелдерден басқа барлық қызмет жатады. Қызметшілер мемлекеттік қызметте болудың әрбір кезекті үш жылы өткен сайын алты айдың ішінде аттестациядан өтуге тиісті. Мемлекеттік қызметке тұңғыш рет немесе мемлекеттік қызмет стажындағы үзіліспен кірген қызметшілер, мемлекеттік қызметке үзіліссіз болудың үш жылы өткен мерзімде, осы Ережелердің төртінші тармағында белгіленгендей аттестациялаудан өтеді.

Аттестация комиссиясын  мемлекеттік органның басшысы құра ды. Аттестация комиссиясы табыс етілген материалдарды зерделеп және сынақтан өту кезінде лауазымдардың осы санаты үшін уәкілетті орган белгілеген шекті мәннен төмен емес баға алған қызметшімен әңгіме жүргізіп мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

  1. атқаратын лауазымына сәйкес және жоғары санаттағы лауазымға орналасу үшін кадрлар резервіне ұсынылады;
  2. атқаратын лауазымына сәйкес;
  3. қайтадан аттестациялануға тиіс;
  4. атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

Аттестация комиссиясының  шешімдерін бір ай мерзімде мемлекеттік орган басшысы бекітеді. Мемлекеттік органның басшысы комиссияның шешімін бекітпеуге және қайта аттестациялау тағайындауға құқығы бар, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Мемлекеттік органның басшысы  бекіткен аттестацияның теріс нәтижелері, қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қызметші аттестация комиссиясының шешімін бекіту туралы орган басшысының бүйрығына, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілді органға немесе сотқа шағым арыз беруге қүқылы.

Мемлекеттік аппарат  жүмысының тиімділігін қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік қызметшілер  үшін заңдармен тағайындалғап әр түрлі маңызды қүқықтық -әлеуметтік кепілдіктер үлкен рөл атқарады.

Ең алдымен  олардың еңбегіне төленетін ақы  қызметтік міндеттерін сөзсіз және тиянақты атқаруы үшін жеткілікті материалдық жағдай-ды қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдарды білікті жөне төжірибелі

Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін тоқтатуы олардың отставкаға шығуына және қызметтен босатылуына байланысты болады.

Отставка  — бұл мемлекеттік саяси қызметшінің  тиісті мемлекеттік лауазымдағы міндеттерін атқаруды тоқтатуы, ол қызметшінің, жазбаша арызы негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік саяси қызметшілер  Конституцияда, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда және өзге де заңдарда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша отставкаға шығады. Мемлекеттік қызмет туралы заңның 7-бабының 2-тармағыңда аталған лауазымды адамдар отставкаға шығуға құқығы бар және отставкаға шығуға міндетті лауазымды адамдар болып табылады.

Лауазымдық өкілеттігін  өрескел бұзу, — мемлекеттік қызметті болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттік саяси қызметшінің отставкаға шығуы үшін негіз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшін негіз болады. Саяси қызметшілерді қызметтен босатудың негіздері мен тәртібін Президент белгілейді. Олар Президенттің 2000 ж. 10-наурыздағы жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы» Ереженің 1-бөлімінің 3-т-дақаралған. 1 Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуына мыналар негіз болып табылады:

• тараптардың өзара келісуі бойынша мерзімді еңбек шартын 
жасасу жолымен олардың мемлекеттік қызметте болу мерзімін бір 
жылға ұзарту құқығымен заңдарда белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;

• олардың өз тілегі бойынша жұмыстан босату туралы арьз беруі;

• келісім-шарт мерзімінің бітуі не заңдарда көзделген негіздср бойынша келісім-шарттың бұзылуы;

• қызметшілердің өз табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәлімет беруі;

• «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы;

• меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенім білдірілген басқаруға бермеуі;

  • ҚР-ның азаматтығын жоғалтуы;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы;
  • «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымды конкурстан тыс атқаруы;
  • Аттестаттаудың теріс нәтижелері;
  • ҚР-ның заңдарында көзделген өзге де негіздемелер.

Әкімшілікқызметшілердіқызметген босатуды мемлекеттік орган-Ныц өкімшілік лауазымға қабылдауға қүқығы бар тиісті лауазымды інлмы заңдарда белгіленген тәртіппен жүргізеді.Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда әкімшілік қызметші сілетті органға шағымдануға, сондай-ақ өзінің құқықтары мен I істандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы.

Азаматтың мемлекеттік  қызметті өткеруі туралы мағлүматтар  оның жеке ісінде сақталады. Оны тиісті мемлекеттік органның кадр К,ызметі жүргізеді, ал мемлекеттік қызметші басқа жерге қызметке пуысқанда  оның жеке ісін мемлекеттік қызметшінің жаңа орнына

Гісреді.

Кейбір мемлекеттік  органдардағы мемлеқеттік  қызметтің ерекшеліктері республиканың оларға тиісті заңдарымен реттеледі. Ііүл өскериқызметке, ішкі істер, қаржы полициясы, кеден органда-рындағы, дипломатиялық қызметке және басқадай қызметтерге қатысты болады.

Мемлекеттікқызметшілерді  көтермелеу және олардың жауаптылықтары

Көтермелеу  мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін қолданылады. Бұл-мемлекеттік қызметкерлерді тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мынадай кетермелеу-лер қолданылады: біржолғы ақшалай сыйақы беру; алғыс жария-лау; бағалы сыйлықтармен марапаттау; сондай-ақ Республика заң-дарында көзделген көтермелеудің өзге де нысандары арқылы көтермеленуі мүмкін. Мемлекеттік қызметшілер ерекше еңбек сіңіргені үшін мемлекеттік наградалармен марапатталады: ордендар-мен, медальдармен, қүрметті атақтармен, күрмет грамотасымен, мамандығы бойынша тандаулы қызметкер деген атақтармен.

«ҚР-ның мемлекеттік  наградалары туралы» 1995 ж. 12-желтоқ-сандағы  заңда' барлық азаматтарға қатысты  ережелер белгіленген: наградтаудың негіздері  мен тұрлері, наградтау туралы ұсыныстар енгізу тәртібі, наградтарды беру, оларды тағьп жүрудің тәртібі, на-градталғандардың жеңілдіктері, құқықтары мен міндеттері, наградаларынан айыру, жауаптылық.

Мемлекеттік қызметшілердің кейбір санаттарының қүқықты мәртебесінің ерекшеліктерін белгілейтін қүқықтық актілермен көтермелеудің арнайы шаралары тағайыңдалған: уақытынан бұрын әскери, арнайы атақтар, сыныптық шендер беру, қызметін жоғарылату, т.б. Мысалы, «ҚР-ның қаржы полициясы оргаңдары туралы 2002 ж. 4-шілдедегі заңмен (17-6) осы полиция органдарының қызметкерлеріне берілетін арнайы атақтардың түрлері және олар берудің шарттары мен тәртібі белгіленген. Заңнын мақсаты полиция оргаңдары кадрларының әлеуетін сақтау мен дамыту, олардың қызмет парызын орындаудағы жеке жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдығы мен тәртібін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызметшілерге  көтермелеу шараларын тек оларды қолдануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолдана алады. Бұл орайда олар тек тиісті нормативтік актілермен қаралған көтермелеулерді ғана өздеріне берілген биліктің шегінде және белгіленген тәртіппен қолдануға міндетті.

Көтермелеумен қатар заңнамалар, қажет болған кезде, мемлекеттік қызметшілердің заңдық жауаптылығын қарайды, атап айтқанда тәртіптік, әкімшілік, материалдық және қылмыстық.Жауаптылық мемлекеттік қызметшілерге олардың кінәлі түрде құқық бүзушылық жасағаны үшін, яғни заң жүзінде құқыққа қарсы ретінде танылған қылықтар мен іс-әрекеттер үшін заңдарда қаралған қандай да болмасын сазай мен жаза шараларынан көрініс табады. Жалпы мәлім, құқық бұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға (деликтілерге) бөлінеді.

Тәртіптік жауаптылық — бүл қылмыстық тәртіппен қудаланбай-тын мемлекеттік қызметтің ережелерін кінәлі түрде бұзған үшін қызметтік бағыныштылық тәртібімен тәртіптік ықпал жасаудың шараларын қолдану. Ол өзге азаматтармен бірдей жалпы негіздемелер негізінде белгіленген (жұрттың бәрінің заң алдында теңдігі, құқық бұзушылық туралы істерді қараудың бірыңғай іс жүргізу нысаны, т.с.с.). Алайда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің сипа-ты олардың жауаптылығын реттеудің кейбір ерекшеліктерін де бол-жайды. Мысалы, бірқатар жағдайларда олар үшін жоғары жауапты-лық тағайындалған, атқарып отырған қызметіне жауаптылығының сәйкес болуы, тек қызметшілерге ғана қатысты қолданылуға бола-тын санкциялар (қызметіне толық сәйкес келмейтіндігі туралы ес-керту, әскери немесе арнайы аталғын төмендету жене басқа).

Зандық жауаптылықтың  бұл түрін реттейтін нормативтік актілер «Мемлекеттік қызмет туралы» заң, «ҚР-ның әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесі», «ҚР-сы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет еткеру туралы Ереже»1, «ҚР-сы Қарулы күштерінің тәртіптік жарғысы», КР-ның Кеден органдарыңда лауазымды адамдардың қызмет еткеруі туралы Ереже»3 және кейбір басқа актілер болып табылады. Олар жауаптылықтың негіздемелерін, тәртіптік жазалардың түрлерін, бұл жазаларды тағайындау жөніндегі атқарушы билік оргаңдары мен бас-шылардың құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің нақты жағдайларын ескере отырып оларды қолданудың және шағым жаса-удың тәртібін белгелейді4.

Мемлекеттік қызмет туралы заңның 28-6. мемлекеттік  қызметшіге тәртіптік жазалар қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық кұқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты осы заңмен белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін қолданылуы мүмкін деп бекіткен.

Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің тәртіптік жауапкерші-лігі — заңдық жауапкершіліктің бір түрі, оны қызметшілер өздерінің қызметтік міңдеттерін атқару үстінде тәртіптік теріс қылық жасаға-ны үшін тартады.

Жоғарыда аталған мемлекеттік  қызметшілердің Ар-Намыс ко-дексінде мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады жене мемлекеттік қызмет-шілердің адамгершілігіне және моральдық - этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды деп атап керсеткен.

Кодексте мемлекеттік қызметшілердің сақтауға міндетті жалпы жұрт қабылдаған моральдық-этикалық нормалары мен мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерінен туындайтын негізгі мінез-қүлық ереже-лері белгіленген.

Олар мынадай атаулармен топтастырылып, нақтыланған:

1) мемлекеттік қызметшілердің өз қызметіндегі парызы мен

міндеттері;

2) азаматтармен және заңды түлғалармен қарым-қатынастарда

қызметшілердің ұстанатын қағидалары;

3) өзіне бағынысты қызметкерлері болатын қызметшілердің 
міндеттері және т.б

Осы кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылуы мүмкін кадрлармен жасақтауға жәрдемдесуге, олардың адал әрі бастамашыл еңбегін ынталандыруға лайықтап белгіленеді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін Президент белгілейді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еғбегіне ақы төлеу Президент бекітетін Еңбек ақы төлеудің бірыңғай

жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде бұл мәселе «ҚР-ның мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы есебінен қамтылған ҚР-сы органдарының қызмет жерлеріне еңбекақы төлеудің Біріңғай жүйесі туралы» Президенттің 2004 ж. 17-қаңтардағы жарлығымен реттеледі.

Әкімшілік қызметшілердің жалақысы мен оларға төленетін басқа да төлемдер заңдарда белгіленген тәртіппен индекстеліп отырады.

Мсмлекеттік қызметшілерге  сауықтыру үшін екі лауазымдық айлық ақысы мөлшерінде жәрдемақы төленіп, ұзақтығы отыз күнтізбелік күнге ақы төленетін жыл сайынғы демалыс беріледі.

Олар заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үймен қамтасыз етіледі, ал тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж қызметшілерге жеке тұрғын үй қүрылысы үшін жер учаскесі тегін беріледі. Қызметшілер және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады..

Мемлекеттік органның штаты (саны) қысқарған жағдайда Мсмлекеттік қызметшіге мемлекеттік органдардағы жұмыс стажы үш жылдан кем болмайтын болса төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жәрдемақы төленуге тиіс. Мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне соңғы мемлекеттік қызмет орны бойынша үш орташа жалақысы мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері заңдарда белгіленгеннен төмен болмауы керек.

Мемлекеттік қызметшілерді  зейнетақымен және әлеуметтік қам-сыздандыру ҚР-ның заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік  қызметшілерді қызметтен шығарғанда, оның ішінде зейнеткерлікке шығуға байланысты тоқтатылады.


Мемлекеттік қызмет. 6