Мемлекеттік қызмет. 9

ЖОСПАР

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Мемлекеттік қызметтің ұғымы

2. Мемлекеттік қызметтің принциптері

3. Мемлекеттік лауазым

4. Мемлекеттік қызметті өткеру

5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ынталандыру

III Қорытынды

IV Пайдаоанылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Ғылыми  және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік  қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік кыз-қмет кең  мағынада кызметшілердің өздерінің  міндеттерін (жұмысын) мемлекеттік  ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындауға саяды; қысаң мағынада бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.

Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір  саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.  Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.

 Ерікті  еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.

  Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы мүмкін.

 Қызмет  түрін ерікті таңдауға қойылатын  шектеудің мәні мынада, адам сауда  жасауға заңды тыйым салынған  заттарды ста алмайды, адамдарды  заңсыз емдеуді жүзеге асыра  алмайды. Мысалы, есірткі заттарын  сатумен айналысу және т.б. 

Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек  қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған  “Азаматтық құқық” тарауындағы азаматтық  құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті – қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары  мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек.

 Еңбек  шартының мерзімі. Еңбек шарты  әрқашан уақытша шеңберде әрекет  етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша  шеңберлер шарттың әрекет етуі  мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.

  Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.  Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді. Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.

 Еңбек  жағдайлары қызметкердің өмірі  мен денмаулығы қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға  сай болуы тиіс.Қызметкердің толық  қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.

  Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң 

АР-НАМЫС  КОДЕКСІ 

(Мемлекеттiк  қызметшілердің қызмет этикасы  ережелері) 

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы заңдарынан, соларға сәйкес қабылданған занға  тәуелді актілерден, сондай-ақ құкықтык ғылым мен басқару ғылымы тұжырымдаған нақты негізге алынатын принциптерге негізделеді. Олардың түрлері мемлекеттік кызмет туралы Занда нақтыланған. Оларға мына төмендегі принциптер жатады.

1. Заңдылық. Бұл ешкімді де тыс қалдырмайтын  әмбебап принцип болып табылады. Мемлекеттік өкімет органдары, лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын сақтауға міндетті.

2. Қазақстандық  патриотизм (Отанға деген сүйіспеншілік).

Мемлекеттiк  қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн  атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнің  осы ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк  қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрi - Кодекс) "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.

Мемлекеттiк  органдардың басшылары, орталық  атқарушы органдарда - орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары  немесе белгіленген тәртіппен орталық  атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдардың басшылары) осы Кодекстiң мәтінiн мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерге орналастыруды қамтамасыз етеді.  

Ескерту. Төртінші абзацқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.11.27. N 446 Жарлығымен.

 "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда мемлекеттік лауазым нормативтік-кұқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдык міндеттердің белгілі тобы жүктелген мемлекеттік органның кұрылымдық бөлігі делінген.

Мемлекеттік лауазым оны атқаратын адамнын  өкілеттігінің мазмұны мен көлемін  қамтып көрсетеді.

Лауазым мемлекелік қызметштің қызметтік міндеттерінін, құкықтарының көлемін және жауапкершілігінің шеңберін, оның кәсіби-мамандық даярлығына қойылатын талаптарды белгілейді. Ол қызметшінің атқаратын жұмысының мазмұнын көрсетеді, оның құқыктық жағдайын анықтайды.

1. Мемлекеттiк  қызметшiлер өз қызметiнде:

1) Қазақстан  Республикасы Президентiнiң саясатын  жақтауға және оны дәйектi жүзеге  асыруға, өзiнiң iс-әрекетімен мемлекеттiк  биліктің беделiн нығайтуға, мемлекет  мүдделерiн қорғауға; Қазақстанның  беделiн түсiретiн iс-әрекеттер  жасауға жол бермеуге;

2) Конституцияны  бұлжытпай сақтай және Қазақстан  Республикасының заңдарына, Қазақстан  Республикасы Президентiнiң актiлерiне  және Қазақстан Республикасының  өзге де нормативтiк-құқықтық  актiлерiне сүйене отырып, заңдылықтар  қағидаттарын басшылыққа алуға;

3) азаматтардың  құқықтарын, бостандықтары мен заңды  мүдделерiн сақтау мен қорғауды  қамтамасыз етуге, адамның және  азаматтың құқықтары мен бостандықтарын  бұзуға бастайтын iс-әрекеттерге  жол бермеуге;

4) Қазақстан  халқының бiрлiгi мен елдегi  ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге;

5) мемлекеттік  және еңбек тәртiбiн бұлжытпай  сақтауға, өзінің қызметтiк мiндеттерiн  адал, әдiл де сапалы атқаруға, ол үшiн өзiнiң жұмыс уақытын  тиiмдi пайдалануға; 

6) жоғары  кәсiби жұмыс үшiн барлық күш-жiгерiн  жұмсауға, қойылған мiндеттердi шешудiң оңтайлы және үнемдi әдiстерiн қолдануға, сенiп тапсырылған мемлекеттiк мүлiктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға;

7) сыбайлас  жемқорлық көрiнiстерiне қарсы  тұруға;

8) мемлекеттiк  қызмет мүдделерiне залал келтiретiн iс-әрекеттi болдырмауға; мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерiн қозғайтын мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметiне араласпауға;

9) кәсіпкерлiк  қызметке араласуға және жекелеген  шаруашылық субъектiлерiнiң мүдделерiн сүйемелдеуге жол бермеуге;

10) қызметтiк  ақпаратты пайдакүнемдік және  өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға  жол бермеуге;

11) қызметi жоғары немесе төмен тұрған  не өзiмен қызмет немесе жұмыс  бойынша өзге де тәуелдiлiктегi адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктiк сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;

12) мемлекеттiк  функцияларды орындаумен байланысты  жеке және заңды тұлғалардан  сыйлықтар қабылдау немесе қызметiн  пайдалану фактiлерiне жол бермеуге;

13) заңмен  белгіленген жағдайлардан басқа, қазақстандық немесе шетелдiк жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетішілiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға;

14) өзінің iске көзқарасымен және жеке  мiнез-құлқымен ұжымда орнықты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге;

15) мемлекеттік  органдардың тиімді жұмыс жасауына  және мемлекеттiк қызметшiлердiң  қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше  орындауына бөгет болатын iс-әрекеттерге  қарсы тұруға;

16) кадрларды жерлестiк және жеке өзiне берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;

17) басқа  мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан  қызмет этикасы нормаларын бұзу  фактілеріне жол бермеуге және  жолын кесуi;

18) өзінің  қызметтік мiндеттерін атқару кезеңiнде киiм киюдің iскерлiк стилiн ұстануға тиiс.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ЫНТАЛАНДЫРУ

Оларды  үш топқа бөлуге болады:

 а)  жеділдіктер;

 б)  көтермелеу шаралары;

 в)  құқыктық жауапкершілік шаралары.

2. Азаматтармен  және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттiк қызметшiлер:

1) азаматтардың  мемлекет институттарына сенiмiн  нығайтуға ықпал етуге; 

2) қарапайымдылық  танытуға, өзiнiң лауазымдық жағдайын, соның iшiнде көлiк, сервис және  өзге де қызметтердi алу кезiнде,  баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өзiнiң  iс-әрекеттерiмен және шешiмдерiмен  қоғам тарапынан негiздi сынға  ұшырамауға, сынағаны үшін қудалауға  жол бермеуге, оған төзiмдiлiкпен  қарауға, оң сын-ескертпелерді  кемшiлiктердi жою мен өзiнің  кәсіби қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;

4) өтiнiштердi  қарау кезiнде төрешiлдiк пен  сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне  жол бермеуге, олар бойынша белгiленген  мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға; 

5) шығу  тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және  мүлiктiк жағдайларына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге;

6) жалпы  қабылданған моральдық-этикалық  нормаларды сақтауға, мемлекеттiк  тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға;

7) сыпайы  және әдептi болуға тиiс. 

3. Өзiне  бағынысты қызметкерлерi болатын  мемлекеттiк қызметшiлер: 

1) бағынысты  қызметкерлердiң мiндеттерi мен  қызметтiк өкілеттiктерiнiң көлемiн олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға, бағынысты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкiмдер бермеуге және олардан қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;

2) бағынысты  қызметкерлерiне қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекілік фактiлерiне, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiтуге, жөнсiздiкке жол бермеуге;

3) бағынысты  қызметкерлердi құқыққа қайшы  терiс қылықтар немесе жалпы  қабылданған моральдық-этикалық  нормалармен үйлеспейтiн iс-әрекеттер  жасауға мәжбүр етпеуге тиiс.

4. Мемлекеттiк  орган қызметiнің мәселелерi бойынша  көпшiлiк алдында оның басшысы  немесе мемлекеттік органның  бұған уәкілеттік берiлген лауазымды  тұлғалары сөйлейдi.

Мемлекеттiк  қызметшiлер мемлекеттiк қызметтiң  беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрталасты әдептi түрде жүргiзуi тиiс.

5. Мемлекеттiк  қызметшiлер мемлекеттiк саясат  және қызметтiк iсінің мәселелерi  жөніндегі өз пiкiрiн, егер ол:

1) мемлекет  саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес  келмесе; 

2) жариялауға  рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпараттарды ашатын болса;

3) мемлекеттiк  лауазымды тұлғаларының атына  әдепке сай емес сөздер айтудан  тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруге  тиiс емес.

6. Мемлекеттiк  қызметшінің атына коммерциялық  ұйымдарды басқаруы және/немесе  кәсіпкерлiк қызметпен айналысуы, бiреудiң мүдделерiн сүйемелдеуi жөнiнде негiзсiз көпшілiк алдында айыптау болған жағдайда, ол тиiстi түрде мұндай айыптауларды терiске шығаратын ақпаратты жариялауға тиiс.

7. Мемлекеттiк  қызметшiнi сыбайлас жемқорлық  жасаған деп көпшілiк алдында айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды терiске шығару, соның iшiнде сот арқылы терiске шығару шараларын қабылдауы керек.

8. Мемлекеттiк  қызметшiлердiң осы Кодекстi сақтауы  олардың қызметтiк борышы болып  табылады.

9. Осы  Кодексте көзделген талаптарды  бұзғаны үшiн мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін. K970167 (41-бап; 13-тарау) K010155

10. Мемлекеттiк  органның ұжымы мемлекеттік қызметшіні  қызметке тағайындау және қызметтен  босату құқығы бар лауазымды тұлғаның шешiмi бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң осы Кoдекстi сақтамау фактiсiн қарап, қараудың нәтижесi бойынша қоғамдық мiн таға алады.

Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік  қызмет болып табылады.

Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.

      Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.

      Қазақстан Республикасында  мемлекеттік қызметтің  ұйымдастырылуы мен  атқарылуы келесі принциптермен негіз  алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.

     Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси  және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары  болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.

     Ерікті  еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ  жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.

     Қызмет  түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік  ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен  айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап  жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы мүмкін.

      Қызмет  түрін ерікті таңдауға қойылатын  шектеудің мәні мынада, адам сауда  жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу және т.б.

     Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған “Азаматтық құқық” тарауындағы азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті – қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек.

     Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды

     Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі  сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.

Егер  қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді

     Еңбек жағдайларында жұмыс  беруші, қызметкерге  оның атқаратынынан  артық талап қоя  алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.

     Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен  денмаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс.Қызметкердің толық қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.

     Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.

Мемлекеттік қызмет. 9