Мемлекеттік қызмет. 7

          МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ-ПІКІРДІҢ ТАРИХЫНДА 

    1.1. Мемлекеттік қызметтің кәсіп ретіндегі түсінігі. 

     Адамның, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мақсатты қызмет түрлерінің маңыздыларының бірі қызмет болып табылады. Бұл ұғым әртүрлі қолданылады: адамның қызмет түрі ретінде, әлеуметтік-қүқықтық институт ретінде, мемлекеттің арнайы органдарының жүйесі ретінде, рухани қызмет ретінде және т.б..

     Қызмет мемлекеттік қызметті басқарудан, жүзеге асырудан, басқарудың өзін қамтамасыз етуден, адамдарға әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуден түрады.1

  Қызметтің айрықша түрі (және тиісінше, қоғамдық-пайдалы қызмет түрі) болып мемлекеттік қызмет табылады. Мемлекеттік қызмет азаматтардың еңбек қызметінің бір түрі болып табылады, сондықтан еңбекті қоғамдық үйымдастырудың жалпы ерекшеліктеріне негізделеді. Мемлекеттік қызмет басқару персоналының мақсатты, әлеуметтік-пайдалы, объективті қажет және үйымдастырушылық ресімделген қызметі болып табылады, өзінің еңбек қүралы болады.2

   Мемлекеттік қызмет азаматтардың еңбек қызметінің бір түрі болып табылады және еңбекті қоғамдық үйымдастырудың жалпы ерекшеліктеріне сүйенеді. Мемлекеттік қызмет - бүл басқарушы мамандардың мақсатқа сай, әлеуметтік пайдалы, объективті қажетті және мемлекет тарапынан үйымдастырылған, рәсімделінген қызметі.

     Мемлекеттік қызмет кең мағынасында мемлекеттік органдардағы, кәсіпорындардағы, үйымдар мен мекемелердегі кез келген қызметкердің қызметі болып табылады, себебі осының барлығы мемлекеттік міндеттерді шешуге, оның функцияларын орындауға бағытталған. Алайда әкімшілік-күкықтық мағынасында мемлекеттік қызметті мысалы тікелей материалдык қүндылықтар тудыратын жүмысшылардың функцияларынан айыра білу қажет. Тар мағынасындағы мемлекеттік қызмет үғымымен кейбір қызметшілердің: артистердің, жоғары оқу ' орындары оқытушыларының, дәрігерлердің, кәсіпорындар инженерлерінің және өз қызметінің сипаты бойынша заңдық-биліктік өкілдіктер берілмеген тағы басқалардың жүмысы қамтылмайды.

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасынын 1999 жылғы 23 шілдедегі заңы мемлекеттік қызметті "мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік биліктің міндеттері

 

мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілдіктерін орындау жөніндегі қызметі" деп анықтайды.9

     Мемлекеттік қызмет кәсіп ретінде жердегі ең көне кәсіптердің бірі болып табылады. Ол мемлекеттің, оның органдарының, әлеуметтік қатынастардың, оларды реттеу және барлық әлеуметтік процестерге, бірінші кезекте адамдарға мақсатты ықпал ету қажеттілігінің пайда болуымен бірге пайда болған.

     Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі белгілі бір тән белгілерге ие. Осындай белгілердің бірі еңбек құралының ерекшелігі. Мемлекеттік қызмет қызметтің белгілі бір түріне, яғни кәсіпке, мамандыққа, біліктілікке, лауазымға жататын жұмысты орындауды көздейді.

     Мемлекеттік қызмет әлеуметтік-саяси қүбылыс ретінде бірқатар елеулі белгілермен сипатталады:

     а) мемлекеттік қызмет мемлекеттің міндеттері мен функцияларын 
(ішкі және сыртқы) жүзеге асырумен байланысты;

     б) мемлекеттің экономика салаларын, әлеуметтік саланы және 
әкімшілік-саяси құрылысты дамыту жөніндегі міндеттері мен функциялары 
мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі арқылы 
жүзеге асырылады. Бұл қызмет көп қырлы, көлемінің үлкендігімен, басқару 
функцияларының қиындығы және ауқымдылығымен ерекшеленеді. 
Мемлекеттік басқаруда бүкіл қоғам мен мемлекеттің мүддесі көрінеді. 
Мемлекеттік қызметшілердің осы аспектідегі қызметі осы аталған 
мүдделерді қанағаттандыруға, әлеуметтік міндеттер мен мемлекеттің 
функцияларын жүзеге асыруға тікелей бағытталған;

     в) мемлекеттік қызмет қоғамда басқару функцияларын іске асыратын, 
қүрылатын арнайы аппарат аясында іске асырылады. Мемлекеттің 
экономиканы, әлеуметтік саланы және әкімшілік-саяси қүрылысты дамыту 
жөніндегі қызметі органдар жүйесінің көмегімен іске асырылады. Осы 
органдар алдында түрған міндеттер олардың қызметінің мазмүнын және 
тиісінше мемлекеттік қызметшілердің функцияларын анықтайды;

     г) мемлекеттік қызметтің ерекшелігі басқару функцияларын іске 
асырумен байланысты. Соңғылары мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттің 
міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру жөніндегі практикалық 
жүмысының объективті қажетті бағыты ретінде танылады;

     д) мемлекеттік қызметшілер мемлекеттің атынан іс-қимыл жасайды, 
сондыктан оларға өздеріне жүктелген міндеттер мен басқару функцияларын 
іске асыру үшін кажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктер берілген;

     е) мемлекеттік қызмет қатаң түрде Қазақстан Республикасының 
Конституциясына, заңдарына, Президентінің Жарлықтарына және басқа да 

1. 9 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 1-бабы. Государственная служба в Республике Казахстан. Сборник нормативных правовых актов. Под общей редакцией Турисбекова 3.K. - Астана. 2003.

     заңнамалық актілерге негізделеді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің басқару қызметі мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидаттары талаптарына сәйкес келуі тиіс;

     ж) мемлекеттік қызмет - практикалық, ұйымдастырушылық қызмет, 
атқарушы сипатта болады. Сөз Қазақстан Республикасының 
Конституциясын, Заңдарын, Президентінің Жарлықтарын және басқа да 
заңнамалық актілерді мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында 
практикалық жүзеге асыру туралы болып отыр. Мемлекеттік қызметтің 
барлық мәні әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқаруды практикалық 
үйымдастырудан, тиісті мемлекеттік органдардың функциялары мен 
өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуден түрады;

     з) мемлекеттік қызмет өкім жүргізу сипатындағы қызмет болып 
табылады. Бүл мемлекеттік қызметшілер оларға тапсырылған салада 
өздеріне жүктелген басқару міндеттері мен функцияларын орындау кезінде 
заңдық-биліктік жазбаша өкімдер қолдануға қүқылы. Өкім жүргізу қызметі 
қажет жағдайларда олардың көмегімен ведомствалық бағыныстағы 
объектілерге және олардың негізгі қызметтерінің бағытына мақсатты эсер 
ету қамтамасыз етілетін басқару актілерін (соның ішінде нормативтік- 
қүқықтық) шығаруды көздейді;

     и) мемлекеттік қызмет саясаттан тыс сипатта болады. Бүл мемлекеттік 
қызметшілер лауазымдық функцияларын және өкілеттіктерін орындау 
кезінде заңнама талаптарын басшылыққа алуға және өздерін саяси 
партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және олардың органдарының 
шешімдерімен байланыстырмауға міндетті екендіктерін білдіреді. Осыған 
байланысты мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарында саяси 
партиялар үйымдарын қүруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер 
өздерінің басқарушылық қызметінде тек қана қолданыстағы заңнамада 
көрсетілген мемлекеттің мүдделері мен саясатын басшылыққа алады.10

  Келтірілген белгілер түтастай алғанда мемлекеттік қызметті өзінің әлеуметтік тағайындау мен мазмүны бойынша кәсіби кызметтің қиын түрі ретінде сипаттайды.

     Осылайша, мемлекеттік қызмет мемлекеттік үйымдарда лауазымдарға ие түлғалардың мемлекеттің тапсырмасы бойынша қоғамдық-пайдалы қызметті кәсіби іске асыратын әлеуметтік санат болып табылады.

     Мемлекеттік қызмет - әлеуметтік басқару саласындағы кәсіп. Мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік аппараттың әлеуметтік функциясы осы органдар басынан бастап ие болған биліктік өкілеттіктер түғырынан қоғамның барлық басқа әлеуметтік жіктері мен топтарының мүдделерін үйымдастыру, басқару және келісуден көрінеді. Сондықтан мемлекеттік аппараттың негізгі міндеті - билікті, мемлекетте тек соның көмегімен ғана 
 

10Уваров B.H. Государственная служба. Алматы: Каз.гос.юридический институт, 1996. 107-1086.

тұрлаулылыққа, тәртіпке қол жеткізуге болатын тетік ретінде адамдардың іс-қимылын, олардың мүдделерін үйлестіру болып табылады.

     Ресейлік ғалымдардың пікірінше мемлекеттік қызметтің кәсіп ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, ол өз табиғатында адамдардың мүдделерін келістіре отырып, мемлекеттегі түрлаулылықты кепілдендіру болатындығында; екіншіден, тәртіпті сақтау үшін сондай-ақ билікті қолдануда; үшіншіден, ашық сипатта болады, яғни бір жағынан адамдардың, екінші жағынан мемлекеттің мүдделерін білдіруші ретінде мемлекет пен адам арасында түрады, басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметтің кәсіп ретіндегі ашықтығы оның қызметінің қоғамдық сипатында, қоғамның негізгі жіктеріне бағыттылығында, адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеуде көрінеді; төртіншіден, мемлекеттік қызметтің өзінің қатаң иерархиялығында, оның бөлшектігінде, санаттарға, топтарға, дәрежелерге, шендерге, лауазымдарға бөлінуінде... Бесіншіден, мемлекеттік қызмет қатаң сословиелік-корпоративтік бірлестік болып табылады.3

     Мемлекеттік қызмет сондай-ақ саяси қызмет болып табылады. Саяси аспектіде ол "мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қоғамдағы және мемлекеттегі барлық саяси күштер дайындаған мемлекеттік-саяси мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі қызмет; мемлекеттік қызмет -қоғамдағы түрлаулылықтың маңызды факторы, себебі қоғамдык қатынастардың түрлаулылығы мен түрақтылығы оның қызмет атқаруы мен тиімділігіне тәуелді".4

     Саяси мемлекеттік кызмет негізінде қоғамдық қүрылысты көрсететін және көптеген әлеуметтік жіктер мен топтардың мүдделерін көрсететін үйымдастырушылық, заң шығару және сот биліктерінің өзара байланысты жүйесі жатқан қызмет ретінде көрініс табады.

     Мемлекеттік қызмет өзінің саяси мәртебесін ішкі тәртіпті үстап түру және бейбітшілікті сақтау, индивидтің де, сондай-ақ әртүрлі бірлестіктердің, одақтардың, қоғамдық топтардың және т.б. қызметіне бақылау жасауға толық бағытталуымен де көрінеді. Саяси өмір орбитасына мемлекеттік қызмет өзінің ішкі табиғаты және негізі бойынша қоғамға және оның барлық қүрылымдарына саналы, жүйелі және мақсатты үйымдастырылған ықпал ету маңызды болып табылатын басқару саласындағы қызмет болып табылатындықтан да тартылады.

     Мемлекеттік қызметтің саясаттылығының маңызды жағын оның мемлекетте қабылданатын заңдармен байланыстылығы да қүрайды. Мемлекеттік қызметтің барлық қызметі заң эгидасында болады, ол басымды болады, оның көріністерін, мәнін қамтамасыз етеді. Заңды орындау - барлық басқару қызметінде ең маңызды және ең бастысы болып табылады.

     Осылайша, мемлекеттік қызмет өзінде жалпы мемлекеттік мүддені шоғырландырушы және қоғамда келісім атмосферасын қалыптастыра білуші кәсіп болып табылады. Оның жетістігі - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және азаматтық парызын орындаудағы жоғарғы буын. Мемлекеттік қызметтің кәсіп ретіндегі мәнін аша отырып, "мемлекеттік қызметші" ұғымының өзін назардан тыс қалдыруға болмайды деп ойлаймын, себебі мемлекеттік қызметші барлық басқару жүйесінің шешуші элементі болып табылады.

     Мемлекеттік қызметші болып "заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органда лауазымға ие және лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында іске асыратын, еңбекақысы республикалық немесе жергілікті бюджеттерден, немесе Қазақстан Республикасы ¥лттық Банкінің қаражаттарынан төленетін Қазақстан Республикасының азаматы" танылады.5

     А.Ишмухамедова "Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік лауазымдар туралы" мақаласында мемлекеттік қызметшінің келесі белгілерін атап көрсетеді:

  1. ол мемлекеттің тапсырмасы бойынша және оның атынан мемлекеттік органда сыйақы үшін жүмыс істейді;
  2. ол мемлекеттік қызметші қызметінің мазмүнын, оның қүқықтык жағдайын айқындайтын және белгіленген тәртіппен тиісті міндеттерді орындайтын қызметті иеленеді: лауазымдык өкілеттіктерді жүзеге асырады, мемлекеттік функцияларды орындайды. Бүл белгі осы мемлекеттік қызметші мемлекеттік міндеттердің қандай бөлігін орындауы тиіс және ол мемлекеттік органда қандай орын алатындығын анықтайды;
  3. әрбір мемлекеттік қызметші лауазымды белгілі бір үйымдастыру-қүқықтық тәсіл арқылы (тағайындау, сайлау) арқылы иеленеді.6

     Әртүрлі үйымдарда белгілі бір жүмыспен айналысатын түлғалардан қызметшілер келесі өлшемдер бойынша ерекшеленеді:

    1. олар әртүрлі үйымдарда лауазымдар иеленеді;
    2. олардың қызметініңі сипаты негізінен ақыл-ойдыкі, яғни олар өздігінен материалдық қүндылықтар тудырмайды;
    3. олар биліктік қызметті іске асырады (үйымдастырушылық, өкім жүргізу, басқарушылық, бақылау) және тиісінше тиісті үйымдастырушылық-өкім жүргізу жәнеәкімшілік-шаруашылық өкілеттіктеріне ие болады, олар мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана алады;

        4) қызметшілер өз өкілеттіктерін, функцияларын негізінен өтемді негізде жүзеге асырады ( кейде бүл функциялар еркін өтемсіз негізде іске асырылады).

     Ю.Н.Стариловтың пікірінше "мемлекеттік қызметші" ұғымын кем дегенде үш аспектіде талдауға болады. Біріншіден, мемлекеттік-қүқықтық түрғыдан мемлекеттік қызметші - мемлекет (оның органдары) әртүрлі сипаттағы және маңыздағы өкілеттіктер берген соңғысының "қызметшісі". Қызметші мемлекетті оның басқа үйымдармен мемлекеттік әкімшіліктің ішіндегі де, сол сияқты сыртқы байланыстарында да көпқырлы өзара қатынастарында үсынады. Мемлекеттік қызметші - мемлекеттік функцияларды іске асыруға арналған қоғам мен мемлекеттің өнімі. Екіншіден, әкімшілік-қүқықтық түрғыдан мемлекеттік қызметші ерекше биліктік, үйымдастырушылық-өкім жүрғізу өкілеттіктеріне ие. О л юрисдикциялық шаралар мен өкілеттіктерді жүзеге асырушы және әкімшілік-қүқықтық санкцияларды колданушы биліктің өкілі. Үшіншіден, қылмыстық-қүқықтық көзқарас түрғысынан мемлекеттік қызметші -қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің айрықша субъектісі (мемлекегтік қызметші-лауазымды түлғалар лауазымдық қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылады).7

     Мемлекеттік қызметші белгілі бір қүқықтық жағдайға ие. О л үшін мемлекеттік кызметке кірудің, өтудің және қызметін тоқтатудың айрықша жағдайлары анықталған.

     Қызметшілердің қүқықтық мәртебесі олардың белгіленген қүқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері арқылы ашылады. Мемлекеттік-қызметтік қүқықтық қатынастардың өзғеруімен мемлекеттік қызметшілердің қүқықтық мәртебесі де өзғереді, мысалы, қызметшінің жүмыстан шығуы, отставкасы, зейнетке шығуы және т.б.

     Мемлекеттік қызметшілердің қүқықтық мәртебесі заңнамамен белгіленген және мемлекет кепілдік берген қызметшінің қүқықтары, бостандықтары, міндеттері, шектеулері, тыйымдары, жауапкершіліктерінің жиынтығын күрайды.

     Мемлекеттік қызметшінің орындайтын міндеттері және жүзеге асыратын мемлекеттік өкілеттіктері мен функцияларының ерекшелігі мемлекеттік қызметшілердің әртүрлі санаттарының қүқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін де айқындайды. Яғни мемлекеттік қызметшілердің кейбір санаттары үшін заң шығарушымен мемлекеттік қызметті өтудің айрықша ережелері, арнайы қүқықтары мен міндеттері, қызмет бойынша шектеулер, аттестация жүргізудің ерекше тәртібі және т.б. белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік қызметшілердің әртүрлі санаттарының қүқыктык мәртебесінің ерекшеліктері   көп   деңгейде   оларға   жүктелген   міндеттермен   жәнемемлекеттік органдардың қызметтік өкілеттіктершен, қызмет ерекшеліктерімен және т.б. анықталады. 
 
 

     Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың республикалық жүйесіне оқытудың әр алуан бағдарламалары арасында өзара келісушілік пен өзара бірін-бірі толықтырушылық қажет.

     Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін қүрудың методологиясы мынадай қадамдардың орындалуын дүрыс деп санайды:

  • жүйенің қүрылымдық қүрылысы;
  • материалдық-техникалық базаны үйымдастыру;
  • кәсіби деңгейлеріне сай келетін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін профессор-оқытушылар қүрамын жасақтау;
  • мемлекеттік қызметшілерді оқыту әдістемесін анықтау.

     Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың маңызды қағидаттарының бірі оқыту бағдарламаларын диверсификациялау есебінен оның үздіксіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы қағидатты іске асыру персоналдың қызметтік өсуі үшін білімін   үнемі   жаңартып   және   толықтырып   отыру   қажеттігін   қоса есептегенде мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар мен жалпы көзқарастарға сай келуге тиіс.

     Даярлау мен қайта даярлаудың тағы бір басты қағидаттарының бірі мемлекеттік тіл - қазақ тіліндегі білімін жетілдіру мен оқыту болуға тиіс екенін атап айтқым келеді.

     Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырумен байланысты проблемаларды шешу үшін ең алдымен мынадай жағдайлар қажет:

мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында мемлекеттік қызметті реформалау процесін жеделдету;

    • мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың ұлттық орталығын қүру;
  • мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қүрамына кіретін оқу орындарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту;
  • профессор-оқытушылар қүрамының деңгейін жақсарту;
  • мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаумен айналысатын оқу орындарының желісін кеңейту.

     Мемлекеттік қызмет қазірдің өзінде жинақтауды қажет ететін жеткілікті білім мен тәжірибеге ие бола отырып қана экономикалық жағдайды түрақтандыруға, сапалы басқаруды камтамасыз етуге, қабілетті.

     Бүгінгі күні Қазақстанда кәсіби мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша тек 3 арнаулы оқу орны бар: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы; Еуразия Үлттық Университетінің Дипломатиялық академиясы және мемлекеттік қызмет магистрлерін даярлайтын КИМЭП (Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институты). Ал бүны, біздің ойымызша, жоғары білікті басқару кадрларын даярлауға жүйелі көзқарас деп айтуға болмайды. Әлемдік қоғамдастықта қазірдің өзінде мемлекеттік қызметшілерді іріктеу мен оқытудың бай тәжірибесі бар, сол тәжірибеге талдау жасай отырып, Қазақстанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ағенттіктің жанынан Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың ¥лттық орталығын ашу мақсатты болар еді.

     Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың ¥лттық орталығы өз жүмысын мына бағыттарда жүзеге асыруға:

    - жоғары білім неғізінде А,В,С әкімшілік лауазымдар тобына үміткер түлғаларды даярлауды жүзеғе асыруға;

  • саяси лауазымға тағайындалған қызметшіні жүмыс істеуге тиіс қүрылымның міндеттеріне сәйкес біліктілік алу мақсатында қысқа мерзімді даярлаудан өткізуге; Курстар міндетті тәртіппен тігінен де, көлденеңінен де жылжымалы түрде өткізілуге тиіс.
  • мақсаты аймақтық басқару органдарындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру курстарын өткізу болып табылатын өздерінің аймақтық бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыру;

    - мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет саласында ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізуге және магистрлық бағдарлама бойынша кейіннен ғылыми жүмыстарды қорғайтын (кандидаттық, келешекте -докторлық) осы саладағы ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асыруға; Кәсіби мемлекеттік қызметшілерді даярлау - Орталық қызметінің негізгі бағыты.

    - мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен қайта даярлаумен айналысатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының, Еуразия ¥лттық университетінің жанындағы Дипломатиялық академиясының, КИМЭП-тің т.б. жүмыстарын үйлестіруғе;

  • кадрларды оқытуға әр алуан көздерден келіп түсетін қаражатты жинақтауға және оларды шетелдерге оқуға түсетіндер үшін оқу орындарына бөлінетін грант есебінде пайдалануға;
  • шетелдік сарапшылар күшімен оқу орындарының оқытушыларын оқытуды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктіліғін арттыру жүйесі бойынша оқытушылардың, тыңдаушылар мен студенттердің шетелдерде тағлымдамадан өтуін үйымдастыруға тиіс.

Біздің ойымызша, үсынылып отырған үлгі тиісті профессор-оқытушылар қүрамымен, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз еткен жағдайда және өз түлектеріне жоғары сүраныс туғыза алатын Орталықтың қүқықтық мәртебесі болған кезде басқару аппараты кадрларын даярлау мен қайта даярлаудың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

  Кәсіби мемлекет қүру үшін ең алдымен, еліміздің түрлаулы дамуына мүдделі тиімді басқару шешімдерін қабылдап және оны тәжірибеде қолдана алатын Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің қазіргі заманғы корпусын қүру болып табылады. Осымен байланысты мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік қызметшінің кәсіби түрғыда даму проблемаларының маңызы ерекше.

  Алдымызда мемлекеттік қызметтің қазақстандық стилін қүру жөніндегі жүмыс түр. Біздің ойымызша, о л ең алдымен жүйелілігімен, мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы үлгілерінің ең жақсы белгілерін шебер жинақтай алатындығымен сипатталады.

  Сонымен бірге бүгінгі таңда мемлекеттік кадр саясатын іске асыру қүрылымында мемлекеттік қызметшілерге білім берудің тиісті маңызға ие болуына мүмкіндік бермей отырған басты проблемаға ерекше назар аудару керек. Бүл қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен білім берудің біртүтас жүйесінің жоқтығьғ

     Бүл мәселеде жүйеліліктің жоқтығынан туындайтын басты қауіп қызмет етіп отырған мемлекеттік қызметшілерге білім беру орталықтарының үйымдастыру-қүқықтық мәртебесі әр түрлі, сонымен қатар қаржыландыру көздері де әр түрлі оның ішінде халықаралық донор-үйымдар қаржыландыратындары да бар, ал олар кейде республиканың саяси даму проблемаларына өздерінің әдістемелерін таңып жатады. Яғни елімізде мемлекеттік басқару кадрларын даярлаудың идеологиялық негізін бүзатын және мемлекеттік қызметшілерге әсіресе жергілікті басқару органдарына мемлекеттік саясатты іске асырудың түрлі нысандары мен бағыттарын таңушы нақты жағдай туындап отыр.

                             Дамыған елдерде қазіргі кезде тек кәсіби үлттық мемлекеттік қызмет қана қоғамның қарыштап дамуын қамтамасыз ететін кесіп-пішілген, ойластырылған үзақ мерзімді инновациялық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру үшін негіз болып табылады.

     Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өз ісін жете білмеушілік, мемлекеттік қызмет лауазымына іріктеу қүқығын кейбір басшылардың жеке қарауына үсыну, тамыр-таныстық (көбінесе параға байланысты), қызметкерлерді жүйесіз, аморфты түрде тігінен де, көлденең бағытта да ауыстыру ақырында өз «жемісін» берді - бүқараның мемлекеттік билік институттарына, күкыкка сенімсіздік білдіруіне әкелді, жинақталған кәсіби білімнің қүнын түсірді, ал бастысы - бейбіт уақытта қоғамда дағдарысты қүбылыстың тууына әкеліп соқтырды.

     Ақпаратты берудің коммуникативті әсерін жақсарту үшін мынадай үғымдарды ашу қажет:

     -мемлекеттік қызмет үшін кадрлар даярлау (кәсібилену) - іргелі білім мен шеберлікке ие болу және оны арттыруға бағытталған оқыту процесі мен интеллектуалдық даму. Бүл - базалық жоғары білім.

     -мемлекеттік қызмет кадрларын қайта даярлау - өзге бейіндегі мемлекеттік лауазымға тағайындауға немесе жоғары және қосымша кәсіби оқудың білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы білім беру стандарттары талаптарына сәйкес деңгейіне байланысты қажетті кәсіби қызметін орындау үшін қосымша іргелі білім алу мақсатында мемлекеттік қызметшілерді оқыту. Қайта даярлау жоғары кәсіби білім беру базасында жүргізіледі.

     -біліктілікті арттыру - басқару шеберлігін жетілдірудің кәсіби міндеттері мен функцияларын шешудің қазіргі заманғы әдістерін меңгеру қажеттілігіне байланысты мемлекеттік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімін жаңарту мақсатында мемлекеттік қызметшілірді үздіксіз оқыту процесі.

     Мемлекеттік қызметшінің өз бетімен біліктілігін арттыруы мемлекеттік органның кадр қызметі бекіткен жеке жоспары бойынша жүзеге асырылады және өздерінің лауазымдық өкілеттіктері мен ерекшеліктерін табысты түрде іске асыру үшін кәсіби білімін жетілдіру мақсатын көздейді.

     -өз бетінше білімін көтеру - еңбек нарығының ең алдымен, мемлекеттік қызметшінің қазіргі жағдайда білім алуына жеке жауапкершілігін арттыруы, соған байланысты білім алу үшін елеулі негізінің болуымен анықталатын білім, білік және дағдыны өз бетінше меңгеру процесі.

Мемлекеттік қызмет. 7