Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі

 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

С.АМАНЖОЛОВ  АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН   
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
 
 
 
 

Мемлекеттік басқару және құқық  факультеті 
 

Реферат 

  Тақырыбы: Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                        Орындаған: Мұратбекқызы А.

                                                                             Тексерген: Садыканова Г.Е. 
 
 

Өскемен, 2011ж. 
 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ

I.КІРІСПЕ

                  1.1   Мемлекет механизмі мен функциялары

II. Негізгі бөлім:

                 2.1.Мемлекеттің ұғымы

                 2.2.Мемлекеттің функциялары

                 3.1. Мемлекет механизмі түсінігі

                 3.2Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты                 ұйымдастыру, қызмет қағидалары

                 3.3. Басқару түрі. Саяси режим.  Мемлекет функциясы.

III.ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

     Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.

     Мемлекет  — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын  қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар  мен алғышарттар жасауға ұмтылатын  адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.

     Мемлекет  — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын  қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар  мен алғышарттар жасауға ұмтылатын  адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.

     Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағадйларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, қйымдастыру ресурстарына, саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік, рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық- психологиялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады.  
 
 
 
 

     1. Мемлекеттің ұғымы 

     Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке зандылықтары ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты.

     Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың  тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіңдік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі.

     Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен қоңсы  қонып жатады. Алайда,ойшылдар айтқан постулаттардың, болжамдар мен ережелердің  жиынтығы баға жетпес байлық. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық шындықты оның дамуының өзгермелі кезендеріңде адамның ойлау логикасын түсінуге мүмкіңдік бере отырып олардың негізгілерін білудің, әр түрлі ойшылдың пайдаланған аргументтері мен дәлелдерін салыстырып, талдау жасаудың, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, осы теориялардың адамзаттың кәдесіне жарайтын-жарамайтындығына қорытынды жасаудың маңызы зор.

     Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-әрекеті мен қылығының аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың жетілмеген, дөрекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалыптасуына мүмкіндік жасай алмады: ол қалдықсыз пайдаланылды.

     Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету  үшін адамдардың алғашында шағын  ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек — қауымның құрамы бойынша одан әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болды. Бұл топтар негізінен туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесе қауымның мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек болды:

     - сол кездегі іс-әрекеттің негізгі  салаларын қамтуға мүмкіндік  беретін қоғамдық өмірдің өзіңдік  бір нысаны ретінде ортақ шаруашылығы жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болуы керек;

     - туыстық жағынан аса жақын  емес, сондай-ақ таяудағы мақсат, мүдделері де бөлектеу ру мүшелері  айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір біріне көмектесіп, қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы керек;

     Осыған  сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі мәселелері барлық ру мүшелерінің дауысы тең  болып саналатын рудың жалпы  жиналысында қаралып, сонда шешілді; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық міндет жүктелетін ру басшысын, әскер басын және басқа да адамдарды сайлайды, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық қоғамдық міндеттердің ақысыз-пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес және ру мүшелерінің ұсынысы бойынша кез келген сәтте өзгеріп тұратындығын атап айту аса манызды, ал көсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы-қызметкерлер түріндегі қандай да бір басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру ұйымы білген емес.

     Осы сұрақтардың жауабына қарап басқарудың монархиялық және республикалық нысан екендігін айырады. Монархия басқарудың нысаны ретінде мемлекетте бір адамның — монархтың қолында жоғары биліктің реалды шоғырлануымен немесе жоғары прерогативтің (шексіз құқықтың) тек кейбір нақтылы тиістілігімен сипатталады. Монархияның ерекшеліктерінің қатарына монархтың таққа көп жағдайда мұрагерлік жолымен немесе туысқандық құқықпен, кейде— сайлау жолымен келетіндігі жатады, монархтық міндетті атқарудың белгілі бір мерзімі жоқ, ол өмір бойы атқарылады.

     Монархия  мемлекеттілігінің дамуының пайда болған кезінен күні бүгінге дейін мемлекетпен бірге келе жатыр. Ол аз болса, алғашқы қауымдық-рулық басқару жүйесінің негізінде құрыл-ан көптеген мемлекеттерде монархияның нысаны болды. Тарихтың келесі кезеңдерінде монархия сақталды, ол өзінің өміршеңдігін, белгілі бір ішкі қуатын, жаңа әлеуметтік-экономиялық және саяси жағдайларға, әрине көптеген өзгерістерімен, бейімділігін танытты. Сондықтан да оған қандай да бір түрлерінің бір біріне онша ұқсас еместігін ескере отырып, нақты-тарихи жақтан келу керек. Республика үшін басқару нысаны ретінде мемлекеттегі жоғарғы биліктің заңмен белгіленген мерзім ішінде қызмет ететін бір немесе бірнеше сайлау органдарының қолында шоғырлануы тән. Олар әдетте жоғары заң шығару органы (парламент, конгресс, ұлттық жиналыс) және мемлекет басшысы (президент, төраға, кейде президиум) болып табылады.

     Бүгінгі күні республика өмірді демократияландыру  процестеріне мүмкіндік туғызатын  құқықтық мемлекет пен азаматтық  қоғамның принциптерін жүзеге асыруда  басты арена болып табылады.

     Тікелей Қазақстан аумағыңда мемлекеттің  пайда болуы мұнда мемлекеттің  ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның бекуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын ұрыстар болды, Соның барысында рулық байланыстар мен қарым-қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша шашырауы немесе жайылып кетуі керек болды.

     Парламенттік  республикада жоғары билік органдары  жүйесіндегі түйінді орындардың бірін парламент иемденеді, ол заңдар қабылдайды және жалпы мемлекеттік  маңызды мәселелерді шешеді. Ол елдің мемлекеттік бюджетін бекітеді, өзінің алдында жауап беретін үкімет қызметін бақылап отырады. Егер парламент үкіметке сенімсіздік шығаратын болса, соңғысы отставкаға кетеді. Кейбір елдерде парламент (өзі немесе жергілікті билік органдарының өкілдерімен бірге, ал федеративті мемлекеттерде — штат, жер және басқа мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірге) сондай-ақ мемлекет басшысын сайлайды, алайда бұл үнемі бола бермейді — мысалға, Австрияда президент жалпыға бірдей сайлау құқық негізінде сайланады. Сөйте тұра көпшілік парламенттік республикаларда мемлекет басшысы құқығының шегі аса кең: оның парламентті таратуға құқығы бар, үкімет басшысын тағайындайды, елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болып табылады.

     Президенттік  республиканың айрықша ерекшелігі — мемлекет басшысының өте күшті  билігі болып табылады. Мұнда президент парламенттен тек премьер-министрді (кейде үкіметтің басқа да кейбір маңызды мүшелерін) тағайындауға келісімін ала отырып үкіметті тағайындайды. Сондықтан үкіметтің парламент алдындағы бақылауға алынуы мен есеп берушілігі босаңдау, ал мемлекет басшысы алдында парламенттік республикаға қарағанда әлдеқайда күшті. Оның үстіне, президенттік республика үшін мемлекет басшысының функциясын үкімет басшысының функциясымен толық қосып жіберу, немесе мемлекет басшысының үкіметтің қалыптасу және қызмет істеу процесіне шешуші ықпалы (Франция, Ресей федерациясы, Қазақстан, Өзбекстан) тән, оның арқасында атқарушы биліктің маңызы арта түседі.

     Мұның заң және сот биліктерінің қызметіне  зияны тимес үшін конституцияға  биліктің барлық тармақтарының іс-әрекетінің келісіп істелуін және балансын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тежемелік және тепе-теңдік жүйесі көзделген. Президенттік республикада мемлекет басшысын әдетте халық тура (тікелей) немесе жанама (сайлаушылар алқасы) сайлаулар жолымен сайлайды.

     Жоғарыда  аталған өкілеттіктерден басқа мемлекет басшысының сондай-ақ парламентті мерзімінен бұрын тарату құқығы, мемлекетке маңызды лауазымды тұлғаларды тағайындау (басқа мемлекеттердегі елдің дипломатиялық өкілдерін және судьяларды қоса есептегенде), кешірім жасау құқығы, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы өкілеттігі және т.б. құқықтары бар. Үкіметті құру кезінде мемлекет басшысы парламенттік республикалар үшін міндетті болып саналатын, оған тек парламентке басым болған партия өкілдері ғана кіретін ережелерді сақтамайды.

     XIV—XV ғасырларда қазіргі Қазақстан  аумағында тұрақтап қалған қазақ  халқы қалыптасқан кезде, мұнда  хандық билік нысанындағы феодалдық  мемлекеттілік орнықты.

     Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                        

                                             2.2.Мемлекеттің функциялары 

     Функция - заң ғылымда мемлекет пен құқықтын алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.

     Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте  кең түрде пайдаланды. Функция  мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Казіргі кезеңде Кеңес Одағы  ыдырап республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамнын таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады.

     Себебі  функцияның дамуына таптармен бірге  халықтын рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсару ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық  мемлекетті орнату.

     Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі - функция көп  өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше  түрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық  функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны екіге бөледі: ішкі және сыртқы функциялар. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда. Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін  мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппараты қалыптастырады.

     Функцияның  орындалу кезең-сатылары: функция —  орган аппарат - мемлекет. Мемлекеттің  функциясы арқылы қоғамның алдында  тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады.

     Мемлекет   қызметінің   негізгі белгілері:

     -қызметтің  жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының  мазмұны 
және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;

     -функция  сарапталып, жіктеліп кешенді түрде  жүргізіледі;

     -мемлекеттің  қызметі аппараттарының қызметіне  ұқсамайды.

     -мемлекет  функциясы қоғамдық көлемінде  жүргізіледі;

     -мемлекеттің  атқаратын қызметін мемлекеттік   жұмыстарының 
әдіс-тәсілінен айыра білуге болады.

     Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:

     -жаңа  шыққан заңдарды, нормативтік актілерді  насихаттау, түсінік беру;

     -мемлекеттік  органдарға көмек көрсету бақылау,  тексеру жүргізу;

     -материалдық-техникалық  операциялар жүргізу: баяндамалар, 
іс-қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып 
шығару т.б. құжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;

     -әртүрлі  жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;

     -мемлекеттік  органның тәжірибелерін жинақтап  қорытынды 
жасау;

     -мемлекеттің  қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек 
ұжымдарының ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап қорытынды 
жасау.

     Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады.

     Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

     А) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды  орындау, заңды қорғау органдары).

     Б) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.

     В) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік —  билік өкілеттігі бар қызметкер  және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.

     Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді: категория «А» Президент, Премьер-министр. Палаталардың басшылары, Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория «Б» бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория «В» екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.

     Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік  жауапкершілікке тартылады. Егерде қызметінде мекемеге шығын келтірсе оны төлейді, қылмыс жасаса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде-мақсаты: -адамның әлеуметтік, моралдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-қатынастарды дұрыс реттеп-басқарады.

     Сонымен мемлекеттің функциясы — қоғамды  әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің  атқаратын жұмыстарының негізгі  бағыттары мен әдістері.

     Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне  қарай екі түрге бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі.  
 
 
 

     Мемлекеттің ішкі функциялары:

     1. Экономикалық функция - мемлекеттің  экономикалық дамуының негізгі  стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:

     бірінші — салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп-басқару;

     екінші  — экономиканың тиісті, қажетті  саласына жеңілдік беріп дамыту;

     үшінші - ғылым мен техниканы дамытып экономиканы көтеру (бұл екі жақты процесс);

     төртінші - мемлекеттік өндірісті дамыту.

     Мемлекеттің сыртқы функциялары:

     Екіжақты  пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын дамытуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу т.б. іс-әрекеттер жасау жатады.

Мемлекетті  сан қилы қызметін атқаратын механизмі  болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.

      Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде  барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет  қызметін атқаруға қажет болғанда ғана  құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын  органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.

      Мемлекетттік  органдар өкіметтік қызметтерін  жүзеге асырудың барысында өзара  тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.

      Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың  биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық  сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді  атқарады.

      Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы  реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.

Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі  мынандай органдардан тұрады:

  1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:
    1. Жоғары өкілдік орган – Парламент. Парламент – бірден –бір заң шығаратын орган.
    2. Жергілікті өкілдік органдар – оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
  2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет  басшысы – Президент.президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
  3. Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган – Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
  4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
  5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.
  6. Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
  7. Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
  8. Барлау, қарсы барлау органдары.
  9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.

            Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік  орган. Мемлекеттік орган дегеніміз  – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету – қоғамның міндеті.

      Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:

  • атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;
  • мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру,  оларды орындауды қамтамассыз ету болып табылады.

    Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:

  1. Туынды тәсілдер бойынша:

    а) Бастапқы (өкілдік берілген)  органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;

    б) Туынды (үкімет, прокуратура,т.б). Бұларды  бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.

    2. Биліктік  өкілеттіктердің көлемі бойынша:

    а) Ең жоғары (үкімет);

    б) Жергілікті (әкімшілік);

    3. Құзырларының  ауқымдылығы бойынша:

    а)  Құзырлары жалпылама болып келетіндері (үкімет);

    б) Құзырлары  арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары).

    4. Билік  бөлінісі қағидаттары бойынша:

    а) Заң  шығару органдары (Парламент);

    б) Атқарушы(Әділет және т.б. министірліктері);

    в) Сот  органдары (соттар);

    5. Шешім  қабылдау тәртібі бойынша:

    а) Алқалыоргандар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар  (Папламент,Үкімет және т.б.)

    б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді  жеке дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитер).