Менеджмент эволюциясы

Тақырып №1. Менеджмент эволюциясы.

Еңбектік қызметті ұйымдастыру  жүйесі – менеджмент ғылым ретінде  АҚШ-та ХIX-XX Ғ.Ғ.пайда болды.Осы кезеңдегі  менеджменттің негізгі бағыттары (мектептер):

         Тейлор,Гильберт және т.б. ғылыми  басқару мектебі (1885-1920) еңбектің  ұтымдылығы, материалдық қызығушылық  тиімділігінің жоғарыдауына әкеледі;

Файоль,Вебер және т.б. классикалық  мектебі (1920-1950)-басқарудың жан-жақты  принципі;

Маслоу және т.б. адамдық  қатынастар мектебі (1930-1950) – адамдар  арасындағы қарым – қатынастар;

Аржирис,Маркерттің  іс-арекет мектебі –психологиямен әлеуметтану  негізіндегіадамдық потенциалды максималды қолдану;

Винер,Аккофаның көлемдік мектебі – оқиғаларды компьютерлі  математикалық үлгілеу.

Ғасырдығ басынан (басқару  теориясының пайда болуынан бастап) және 1960 жылдары басқару принціптері  жабық тип бойынша құрылған.Басқаша  айтқанда,жетекшілерді кәсіпорыннан тыс  пайда болатын мәселелер қызықтырмады,әсіресе:бәсеке,өткізу сұрақтары және басқа да сыртқы мәселелер.Фирма  қызметі жабық жүйе тұрғысынан қарастырылды.Қазіргі  уақытқа дейін біздің республикамыздың кейбір кәсіпорындарында басқарудың бір  түрі қолданылады.

Басқару ғылыми фирманың қызметі  сыртқы ортамен  байланысты болғанда туындайтын мәселерді шешу амалдарына қоғамның  дамуымен,шығарылатын  өнімнің күрделіленуімен,ғылыми сыйымды  өндірістердің өсуімен қадам  жасай бастады.

Алайда,басқару  идеалары өзінің дамуында егер фирманың қызығушылықтар орындаушылардың,яғни жұмысшылар мен  қызметшілердің  қызығушылықтармен  сәйкес келсе ғана максималды пайда  алу мүмкін екендігін түсінді,бұл  ұтымдылықты адам факторына бейімдеуге әкелді.

ХХ ғасырға дейін ұйымды жүйелібасқару жүйесіне байланысты сұрақтар ешкімді қызықтырмады,дегенмен ХIX іасырдың басында Роберт Оуэн өзінің көп уақытын ұйымның мақсаттарына басқа адамдардың көмегімен жету мәселелерәне арнады.Тұрақ – жай  беріп, жұмыстың жағдайын жақсартып,қосымша  еңбекақы төлеп,материалды өызығушылықты  дамытты.Қоғамның  дамуы жүйелі басқаруды  талап етті.Англияда өнеркәсіптік революция  басқаруға деген қызығушылыөты  арттырады.1911 жылы Фредерик Тейлордың  «Ғылыми басқару принциптері» еңбегі жарық көрді.Басқарудың ғылыми пән  ретіндегі дамуы алға қадам жасауға  әкелмеді.

Басқарудың теориясының  жетістігі басқа математика,әлеуметтану  облысындағы білімдердің жетістіктерімен  байланысты болады.

Эволюция  - біртіндеп  даму, өзгеру (антонимі  революция).Қазіргі  уақытта бір-бірін толықтыратын әйгілі төрт басөару мектебі бар, олар басқарудағымектептердің төрт маңызды амалдарынан тұрады.

Кең мағынада алғанда  басқару  дегеніміз – қоғам ұдайы өндірісті  нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару  табиғатына барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеде 3 компаненті бар.Олар:

1. Өлі табиғат.

2. Тірі табиғат.

3. Адам қоғамын бөліп көрсетуге болады.

Мұның өзі басқару процесін былайша ірі көлемде саралауға  мүмкіндік береді.

1. Өлі табиғат- техникалық жүйелерді басқару, адамдардың қатысуымен станоктар мен механизмдерді басқару. Бұл жүйемен  техникалық ғылымдар айналысады.

2. Тірі табиғат- биологиялық жүйеде басқару. Бұл басқару процесінде философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы – жаратылыстану ғылымын зерттейді.

3. Адам қоғамын әлемдік жүйеде басқару. Шын мәнінде келгенде  адамдарды басқару. Қоғамның ең басты «өндіргіш күші » ретінде адамдардың табиғатпен қоғам заңдарын танып, олардың материалдық игіліктерін өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады.

  Өндірісті басқару ғылымы басқару қатынастарын зерттей отырып, басқарудың заңдылықтарын қалыптастыру, принциптерін әзірлеу жолымен оның теориясын жасауы тиіс. Сондықтан басқару ғылымының мазмұны - өндірісті басқару заңдылықтарын анықтау, басқару жүйесі мен басқарылатын жүйенің бірлігі мен арақатнастарын зерттеу, өндірісті басқару процесіндегі адамдардың нысаналы қызметінің қағидасын, функциясын, әдістерін әзірлеу.

   Өндірісті басқару  ғылымының міндеті – басқару  қатнастарының механизімін түсіндіру.  Мұндағы міндетті басқаша айтқанда  – басқаруды азын аулақ адамның  шамасы келетін өнерден, осы  салаға маманданушы әрбір білікті  адам істей алатын ғылыми жүйеге  айналдыру болып табылады.

Өндірісті басқару ғылымы 5-ке бөлінеді.

1. Өндірісті басқару методологиясы мен теориясы.

2. Өндірісті басқару басқару объектісі мен субъектісі құрылысын ұйымдастыру.

3. Басқарушының ықпалды қалыптастыруының әдістері.

4. Басқару процесі.

5. Басқару жүйесіндегі еңбекті ұйымдастыру жүйесі.

Басқару ғылымының әдістері.

1. Диалектикалық әдісі.

2. Жүйелік құрылымының әдісі.

3. Социологиялық әдісі.

1. Диалектикалық  әдіс  бүкіл қиындықтарына қарамастан, басқару қатынастары тек қана  диалектика тұрғысынан зерттелуі  мүмкін. Басқару қатнастарын зерттеуге  диолектикалық көзқарас танымының  талдау мен индукция, дедукция, гипотиза  мен эксперемент, бақылау мен  салыстыру және басқалары сияқты  әдістермен іске асырылады.

2. Жүйелік – құрылымдық  әдіс ол бір жағынан жүйелі  серпінді дамитын тұтас нәрсе  ретінде қарастыруды, екінші жағынан,  жүйені өзара іс-қимылына қарай  құрылымдық болып табылатын элементтерге  бөлшектеуді көздейді.

3. Социологиялық әдіс ( сауал  – сұрақ және басқалары) маңызы  мынада: оның көмегімен басқару  қатынастары, олардың адамдарға  және солар арқылы қоғамдық  өндірістің тиімділігін арттыруға  жасайтын ықпалы тұрғысынан зерттеледі.

Өндірісті басқару ғылымында  бірқатар арнаулы ғылыми әдістер, басқару  қатнастарын зерттеудің ерекше құралдары: ұйымдық нормалау, ұйымдық диогностика, факторлық талдау, ұйымдық жобалау, графикалық әдістер, үлгілеуәдістері  және басқалары болады.

3. Тақырып:    Басқару  ғылымының қалыптасуы мен әдісі.

 

1. Басқару теориясына шолу, негізгі басқару мектептері.

2. Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебі.

3. Адамдар арасындағы қатынастар мектебі.

4. Империкалық мектеп.

 Осы күнге дейін  мыңдаған жылдар бойы еңбекті  тиімді ұйымдастыру жөнінде көптеген  зерттеулер жүргізіліп келеді. Ертедегі  египеттіктер мен гректердің  бізге қалдырған жазба ескеткішінде  басқару жөнінде көптеген мазмұндамалар  көрсетілген. Мысалы: Платон жұмысты  бөлшектеу еңбекті кәсіби байланысты  мамандану жөнінде пікір айтса  . Ал Сократ басқаруды өте бір  ерекше кәсіпкерлік ретінде көрсетеді.  Сократтың ойынша басқарудың  ең негізгі басты ережесі: Негізгі  керекті орынға қажетті адамды  тауып, оған тапсырылған міндеттерді  орындауды талап ету. Басқару  ілімде өндіріс күшінің дамуында  ғылым мен техниканың өркендеуі  арқылы басқару теориясында бірнеше  мектептер дамыды. Басқару сапасының  дамуында қоғамдық өзгерістердің  ашқан жаңалықтары мектептердің  пайда болуына әкеп соқты.

1. Ғылыми басқару мектебі.

2. Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебі.

3. Адамдар арасындағы қатынастар мектебі.

4. Империкалық білім мектебі.

5. Әлеуметтік жүйелер мектебі.

6. Басқарудағы жаңа мектептер, жаңа бағыт.

1. Ғылымм басқару мектебінің негізін қалаушысы американдық инженер Фридрих Тейлор. Ол 1911 жылы өзінің әйгілі еңбегін жазған «принципы научного менеджмента». Ф. Тейлор бұл бағыттың негізінде еңбек процесінің жеке әлемдерге бөліп, олардың орындарының озат әдісін анықтап, жұмысшыларды осыған оқып үйреткен. Оның жұмыстарының мақсаты:

 а). Оқып үйрету.

 б). Ынталандыру.

 в). Достық қарым-қатынасы.

2. Классикалық немесе әкімшілік басқару мектебі – басқаруды жетілдіруді дамуының негізі ретінде ұйымды тұтасымен алады. Тұтас жүйе ретінде қарайды.

  Басқаруды жетілдіру,  дамыту негізі ретінде ұйымды  тұтасымен алады. Бұл       бағыттардың негізін қалаушы  француз зерттеушісі  Анри  Файол.  Ол 30 жыл бойы үлкен  компанияның бас директоры болып  қызмет атқарған. Ол компанияға  келгенде, ол өндіріс орны ең  нашар халде болады. Ал ол кеткен  кезде бұл компания  дүниежүзілік  ең ірі компанияның бірі болды.  Бұл кісі қазіргі менеджменттің  әкесі деп аталады.

          Классикалық  немесе әкімшілік  басқару мектебінің  негізгі мақсаты:

Басқару ортақ жалпылама  принципін ойлап табу. Осы принципті  күнделікті жұмысқа қолдану арқылы үлкен табысқа жетуге болады. 

 Анри Файол тұжырымдамалары  бойынша, басқару дгеніміз- қолдағы  бар мүмкіндіктерді, ресурстарды,  қорларды барынша пайдалану, кәсіпорынның  алға қойған мақсаттарына  алып  бару.

Анри Файол әкімшілік, басқарудың бірнеше принциптерін ұсынады.

1. Билік пен жауапкершілік әрқашанда бірге.

2. Маманданумен қатар еңбекті бөлшектеу екрек.

3. Жарлық бірлігінің болуы.

4. Тәртіп барлығына бірдей болуы керек.

5. Басқарру бірлігі.

6. Жеке бастың мүддесін жалпы мүддеге бағындыру.

7. Сіңірген еңбегі үшін сый беру.

8. Жұмысты орталықтандыру.

9. Төмен шендегілердің жоғары шендегілерге бағынуы.

10. Тәртіп принциптері.

11. Әділеттік принциптері.

12. Жұмыскерлердің тұрақтылығы.

13. Ынталылық, ықыластық принциптері.

14. Жұмыста коллективтік, ұйымдық рухтың болуы.

      Классикалық  немесе әкімшілік басқару мектебінің  әрі қарай дамуына 2 бағытта  дамыды.

1. Өндірісті жетілдірудің бағыты.

2. Басқарудың жалпы прблемаларын зерттеу.

       Бұл  бағытта Г.Эмерсонның сіңірген  еңбегі зор еді. Ол инженер  – механик болып жұмыс істеген.  Ол Германияда білім алып, АҚШ-та  жұмыс істеген. 

Г. Эмерсон 1911 жылы «Еңбек өнімділігін  өсірудің 12 принципі» деген ғылыми еңбегін жазған.

Г. Эмерсонның принциптері:

1. Алғаш мақсатты айқын  қою.

2. Болашақ мақсатты ескере  отырып, әрбір жаңа процесті талдауға  шынайы көңіл бөлу.

3. Білікті кеңес беру, Кеңес беруде кәсіпорынға ғалымдарды, специолистерді шақыру керек.  Оған қаржыны аямау керек.

4. Нақты белгіленген тәртіп  пен ережеге бағыну

5. Қызметкерлерге әділетпен  қарау

6. Дер кезінде толық  әрі сенімді есеп беру

7. Ұйым қызметін мұқият  және жедел басқару

8. Көрсеткіштері мен жұмыс  кестелері 

9. Жағдайды нормалау, тұрақтандыру

10. Операциялар көрсеткішін  жасау 

11. Үлгі  нұсқауды жазбаша  дайындау

12. Еңбек өнімділігін   арттыру үшін сый – ақы беру

 

Тақырып №2. Менеджмент мәні мен теориялық негіздері. Менеджмент стратегиясы мен тактикасы.

 

Менеджмент сөзін қазақшаға  дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету»  болып шығады екен. Алайда сөзбе  сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.

«Менеджмент» (басқару) ағылшын  сөзі, оның түп төркіні гректің  «монус», яғни «қол», «күш» деген  сөзінен шығып, алғашында мал  бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық  мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфорд  сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік  беріледі:

1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;

2. билік және басқару өнері;

3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

4. басқару органы, бөлігі.

 

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шүғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының  өзінде де менеджмент ұғымы түрліше  түсіндіріледі.

Егер менеджмент теориясын  алғашқы жасаушылардың бірі Ф. У. Гейлордың пікірінше менеджмент ережелер мен принциптерге негізделген  іргелі дәл шынайы ғылым деп есептелсе, Ф. Друкердің түсіндіруінше —  жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан кері, практикаға жуықтау. Ол менеджмент үғымына  кең мағынада түсінік беруге қарсы  болып, оны іскерлік, кәсіпкерлікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен  алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент үғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек  түсінік береді. Бұлар батыстағы  іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторы ретінде  танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада әлеуметтік тұрғыдан қарағанда  менеджмент дегеніміз адамдарға  тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника  немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалы ретінде  үкіметті, алуан турлі клубтарды  және іскер кәсіпорындарды жатқызуға  болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы  тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады, әрі сол арқылы белгілі бір  адамдар тобының мақсаттары мен  міндеттері белгіленеді».

Басқарудың осындай жалпы  қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар топтарының алуан түріне түрліше қолданылғанымен оның түп  негізі, мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджмент негізгі 6 түрге тармақталады:

1.Үкімет. Менеджмент ұғымы  үкімет қызметіне қолданылмағанымен,  Петерсон мен Плоуменнің пікірінше,  оның қызметі барлық жағынан  алғанда менеджменттің жалпы  анықтамасына сәйкес келеді.

2.Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді  ұйымдастыру және оларға жетекшілік  ету.

3.Әскери менеджмент. Мемлекеттік  менеджменттің ерекше түрі. Қарулы  күштерді ұйымдастыру және оларға  жетекшілік ету.

4.Құрама одақтық (ассоциялық) немесе клубтық менеджмент.Мемлекеттік  мекемелер секілді мұнда да  қызметкерлер тобының іс- әрекетін  ұйымдастырып, оларға басшылық ету  қажет.

5.Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен  және мемлекеттіктен өзгеше келетін  менеджменттің ерекше түрі.

6.Мемлекеттік меншіктегі  менеджмент. Бизнес- менеджменттің  арнайы түрі.

Жеке меншік іскерлік кәсіпорын  функциясына менеджментпен қоса, менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді. Петерсон мен Плоумен  былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы  туралы «негізге алынатын түсініктерге»  сүйенеді. Осы айтылғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық  жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырады, өйткені соңғы айтылғандардың алуан  түрлілігінде шек жоқ.

Менеджментке алуан түрде  түсінік бергенімен, классиктердің  бұл жөніндегі тұжырымдары көп  жағдайда ұқсас келеді.

Жапон менеджерлері 70-жылдың орта тұсында өздеріне мынадай сұрақтар қойды: «Компанияның ұзақ мерзімдік  мақсаты қандай?», «Компания орта өзгерісіне қалайша бейімделеді?», «Жұмыскерлерді қалайша тиімді пайдалануға  болады?».

Қойылған сұрақтардың  жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға болады:

1.Тиянақты шешім стратегиясы.  Америка мен Жапонияның таңдаулы  фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп, жұмысты ең жаңа және таңдаулы  әдістермен орындау үшін ақша  бөледі, берілген, жақсы үйретілген  ұжымның өсуі мен дамуына күрделі  қаржы жұмсайды.

2. Тәуекел стратегиясы.  «Біз ең таңдаулы адамдарды  таңдап аламыз жәнеде олар  қателескен жағдайда көмектесіп, іскерлікті одан әрі дамытуға  ықпал етеміз».

3. Менеджмент идеясының  стратегиясы. Әрбір бизнесте ең  бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе  ғимарат емес, идея бағалы.

Инновациялық фирманың жоғарғы  басшысы қонымды идеяны үнемі  көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік  болған жағдайда шыдамдылық танытады.

4. Стратегия әсерлілігі  фирмаға тамаша жұмыс қабілетін  сақтауға мүмкіндік береді. Менеджерлердің  ықпал етушілігі тиімді басқару  шешімдерін қабылдай білуіне  байланысты. Бұл жағынан қарастырғанда  жапондықтар ең тиімді шешім  қабылдайтындарға жатады. Американдық  немесе европалық шешім қабылдаудан,  жапондық шешім қабылдаудың басты  өзгешелігі – мұнда шешім қабылдау  дегеніміз, қойылған сұраққа жауап  беру.

5. Машықтанған мамандарды  таңдау стратегиясы – қарапайым  адамдарға әдеттен тыс жұмыстарды  орындауына ықпал ету.

Менеджмент тиімділігінің  және машықтанған мамандар стратегиясы  тиімділігінің басты мақсаты  – мақсат айқындалғаннан оның өлшем  әдісі мен ақы төлеу әдісі  белгілегеннен кейін фирманың әрбір  қызметшісінің дербес әрекет етуіне ықпал ету, яғни фирмада тиімді жұмыс  істейтін машықтанған қызметшілер  құрамының болуын қамтамасыз ету.

6. Жеңілдету стратегиясы  – барлық жағдайды мүмкіндігінше  қарапайым қалпында сақтау, төрешілдікке  жол бермеу. Басқару құрылысын  оңайлату.

7. Сапа стратагиясы. 50 жылдары  проффессор Деминг американдық  бақылау саласындағы мамандықтарды  американдық басқару амалдарына  үйретті. Осы жылдары жапондық  менеджерлер, өз кезегінде, басқару  амалдарын орташа және төменгі  деңгейдегі мамандарға үйретпестен  бұрын әуелі фирмадағы барлық  деңгейдегі қызметшілерге үйретті.

8. Адалдық және берілгендік  стратегиясы – жекелеген қызметкерлердің  қойылған мақсатты түсінуіне  және өз еркіме жүзеге асырылуына  жәрдемдесу, әрі қызметкерлердің  фирмаға адал, шын берілгендігін  талап ету.

9. Ынтымақтасу стратегиясы  – барлық қызметшілердің  шешім   қабылдауға қатысуы.

Жапонияда еңбек  өнімділігін  арттыру  үшін, бірлесіп  әрекет ету  мен  бәсекелестікті  тиімді  пайдаланады. Компаниялардың  өзара  бәсекелесін, әлемдік  рынокқа  шығуы  көтермелеп  отырады, ал  компания ішіндегі  бәсекелестікке  жол  берілмейді.

 

Тақырып №3. Басқару  үрдісінің жалпы сипаттамасы.

 

Басқару психологиясы әлеуметтік функцияның қазіргі кездегі негізі тарауларының бірі, ол әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы адамдардың бір- бірімен  қарым- қатынасы мәселесін зерттейді.

Басқару мәселесін құрумен  ғылымның әртүрлі салалары айналысады: информатика, юриспруденция, психология, педагогика, эргономика, социология т. б. Жалпы басқару теориясы кибернетика  мен теория жүйесінде құрастырылады. Кибернетика Kibernetike- ( грек тілінде) басқару  өнері. Manedgement - ( латын. Manus- қол )- ағылшын  термині «басқару» терминінің синонимі.

Адам іс- әрекетінің практикасында  басқару ғылыми зерттеу пәні болмас бұрын өте көп уақыт ілгері пайда болған.

Ертедегі Египетте б.з.д. мың жыл бұрын басқару үрдістерін орталықтандыру, бақылау, ұйымдастыру, жоспарлау қажеттігі мойындалған. Онсыз әлемге әйгілі Египед пирамидалары, ертедегі ацтеск қалалары секілді архитектуралық құрылыстар салынып, Рим- католик шіркеуі  белсенді қызмет атқармас еді.

Басқару теориясы жеке ғылыми пән ретінде XX ғасыр басында беки бастады. Басқару үрдісі белгілі  бір нәтжеге жету жолындағы адамдардың жолын іс- әрекеті атқарылатын  жерде жүргізіледі. Басқару дегеніміз- топқа, қоғамға немесе оның жеке бөліктеріне  тәртіптендіру үшін немесе сапалық  спецификасын дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі.Басқару барлық динамикалық жүйелерде жалпы  заңдылықтар бойынша жүргізіледі  де информацияны алуға, өңдеуге және беруге негізделген. Әлеуметтік жүйеде басқарудың негізгі белгісі болып  субъектінің мәліметті алып анализдеу  негізінде күрделі жүйелердегі  тура және кері байланысты іске асыруы есептеледі.

Басқарудың әлуметтік  функцялық теориясының объектісі  болып адамдардың құқықтық экономикалық, саясаттық өндірістік міндеттерді  іске асыруда, құрылымдарда, топтарда, ұжымдардағы қарым-қатынас формасы  есептеледі.

Басқарудың күрделі жүйесі екіге бөлінеді: басқарушы және орындыуаушы  және оның әрқайсысы көп салалы иерархиялық  құрылымнан тұрып әрбір жүйе бөлігі өзінің локальді бағытын құрайы.

Әлеуметтік басқару жүйесі екі индвидуалды субъектінің  белсенді қарым- қатынас үрдісі болып  табылады, олардың әрқайсысының реттуші  қасиеті бар.

Басқаруш мен орындаушы  субъект бола тұрып мақсатқа бағытталған  саналы іс- әкетет атқарады. Олардың  іс- әрекетін ақпаратты өңдеудің 4 деңгейінен тұрады.

1. Ақпаратты жинау ж/е бағалау( афференттік синтез). Түскен ақпараттың бағасы субъектіге тән мотивацияға, оның кәсіптік дайындығына, басқару іс- әрекетінің нәтижесіне байланысты.

2. Мақсат қою, Әрекет бағдарламасын құру. Бұл кезеңде мақсаттың алдын алу қалыптасады- ол қажетті мүмкін болатын нәтиже бейнесі.

3. Нақты міндетті шешудегі мақсатқа жетудегі практикалық әрекет.

4. Нәтиже бағасы ж/е істі орындауды бақылау. Алынған нәтижені алға қойған мақсатпен салыстыру.

Егер алынған нәтиже мақсатпен  сай келсе онда алға қойған мақсат орындалды деуге болады.

Кез келген әлеуметтік жүйенің  жүйе түзуші факторы болып мотив  пен мақсат есептеледі, себебі әлеметтік  бірлестіктер мен жеке тұлғалардың(басшы  мен орындаушы) іс- әрекеттің бьағыты  мен мазмұнын көрсетеді. Басқару  қатынасының әр түрлілігі ретінде  тәртіп пен инициатива көрінеді.

Бұл қатынас горизанталь  бағытта да вертикаль бағытта  да көрінеді.

Әлеуметтік басқару психологиясының  негізгі тірегі адамдар, топтар, мекемелер  арасындағы қатынастардың психологиялық  аспектісі саналады.

Қазіргі біздің еліміздегі мемлекеттік құрылымның дамуыны  нарықтық қатынастың даму кезеңінде  басқару мәселесін бөліп көрсету  ғылыми талдау мен іс жүзіндегі әрекеттің  негізгі сферасы ретінде бөлінеді. Жоғарыда айтқандай ағылшын тіліндегі  американдық термин «менеджмент» қлданылады.

Менеджмент басқарудың жалпы  принциптерін қарастыруды мақсат етіп қояды.

Басқару ғылымының негізгі  мектептері.

Басқару теориясында 4 негізгі  жолы бар.

1. Басқарудың негізгі мектептері көзқарасы тұрғысынан.

2. процестік

3. жүйелік

4. ситуацялық

Осылардың алғашқы адамдар  арасындағы қатынас, басқарудың сандық әдістері,мінез- құлықтық пәндердің  ғылыми административтік басқару мектебі.

Басқару теориясын жалпы  тұрғыдан қарау.

Үрдістік жолы.Бұл жол  административтік мектептің негізгі  идеясын дамытушы, басқарудың негізгі  әмбебап функцяларын басқаруды  біртекті үрдісіне айналдыруға ұмтылу негізінде құрылған. А. Файоль негізгі  бес басқару функцясын берді: « Басқару - дегеніміз 1.алдын ала  болжау, жоспарлау; 2.ұйымдастыру,3. шешім  қабылдау 4.координация 5. бақылау.»- дейді. Кейіннен ол функциялар толықтырылып, нақтыланды.

Жүйелік жол Басқару теориясы « жалпы жүйе теориясы үлкен әсер етті. Әрбір ұйым бұл бірнеше бір- бірімен байланысты тұтас жүйенің  функциялануын қамтамасыз ететін бөліктер жиынтығынан тұрады. Басқарушы бүкіл  мекемнеі тұтастай оның бөліктерін сырқы  әлеммен байланыстыра көре білу керек.

Ситуациялық жол. Оның негізгі  тезисі мекеме- ашық жүйе, ол сыртқы әлеммен  үнемі қарым- қатынаста. 4 негізгі  этапы бар.

1. Басшының басқарушылық компонентін қалыптастыру.

2. Ситуацияға қатысты қандай да бір әдістердің нәтижесін алдын ала көріп, анализдеу.

3. Ситуацияның адекваттық трактовкасы. Оның негізгі факторын анықтау. Оған әсер етушіні бағалау.

4. Оң эффектіге жету жолындағы басқару тәсілдерін нақты жағдайлармен сәйкестендіру. Негізгі болып 3- этап есептеледі.

Басқару теориясының қазіргі  жайы.

Қазіргі д.ж. менеджмент дамуына 3 жол бірге жұмылып бір- бірімен  тығыз байланыста. Көптеген концепциялар, трактовка, мектеп, әдістер болуы  нәтижені синтездеп, жалпылауда қиындық  келтіреді.

Басқару теориясының әрі  қарай дамуы қамтамасыз ететін ситуациялық  жол болып табылады.

Басқару теориясының қазіргі  даму сатысында төмендегідей негізгі  тенденцияларды бөліп көрсетуге  болады.

1. Ұйымдастырудың материалдық технологиялық базасын көп мән беру.

2. Басқарудың әрі қарайғы демокритизацисы. Ұйымдастыруды басқару объектісінен өзін- өзі басқару субъектісіне айналдыру.

3. Менеджмент пен бизнес интернационолизациясы басқарудың жаңа мәселелері.

Басқару теориясының негізгі  бейнесі. Жоғарыда келтірген тенденциялар басқарудың жаңа көзқарасы қалыптасуына әкелді.

1. Басқарушылық рационализмнен бас тарту. Басқару иілімді, сыртқы орта өзгерісіне бейімделген болу керек.

2. Басқаруда ситуациялық тұрғыдан келу. Оның негізгі тезисі- мекеменің бүкіл ішкі ұйымдасуы сыртқы әсерге жауап беру.

3. Басқаруда жүйе теориясын қолдану.

4. Менеджменттің әлеуметтік жауапкершілігін бүкіл қоғам алдында әрбір жұмыс істелуі жеке тұлға алдында сезіну

 

Тақырып №4. Басқарудың негізгі функциялары.

Ғылыми басқару мектебі, 1885 – 1920

 

         Мектептің көрнекті өкілдері  –Фредерик Тейлор, Френк және  Лилия Гилберт.Классикалық мектептің  негізін қалаушы болып Фредерик  Уинслоу Тейлор саналады.Тейлорға  дейін еңбек өнімділігін жоғарылату  қозғаушысы «пәндік» принцип  болды – қанша жасасаң,сонша  аласың.Дегенмен бұл амал ХIX ғасырдың  басында өзінің қызметін жойды.Өнеркәсіптің  дамуымен қоса басқару осындай  қарапайым негіздеме алмады.Тейлор  еңбекті жеке жұмысшының өз  талқылауы алмастыратын көптеген  заңдар мен формулаларды, ережелерді  шығаратын  және статистикалық  есеп ,өлшеу олардың қозғалысы  арқылы тиімді пайдаланатын еңбекті  ұйымдастыруды ойлады.Тейлордың  пәкәрән орындаушы өндіріс процесін  толығымен игеруге жағдайы келмеді,әсіресе,  ол үнемі өзгеріп тұратын қозғалыс.Осылайша  ғасырдың басында басқарушының  рөлі орындаушы не істейді,қалай  істейді,қандай көлемде істеу  керектігі туралы шешумен негізделді.

 

         Тейлор орындаушының жұмысын  құрамды бөліктерге бөлді.Бөлік  қозғалыстарды хронометрлеп.ал жұмыс  күндерін секундтармен белгіледі.Алайда  хронометраж жұмыстың өзін ұтымды  жасау  нәтижесінде барлық  мүмкіндіктерді нақты анықтауға  әкелді деп санауға болмайды  және кей жағдайларда еңбек  пен демалыс кезектілігін кіргізу  керек.

 

Мысалы, Ф.Тейлор ұсынған  әдісті қолдана отырып жұмыс күйінде 12,5 тонна жүкті тасымалдайтын  жоғары маманды жүк тиеуші 47тонна  салмағы бар жүкті тасымалдады.

 

 

 

 Осылайша, Тейлор тәжірибеде  жұмысшының өз жұмыс күнінұзақ  уақытта ұтымды жіберуін анықтап,жұмыстың  белгілі біркөлемін тапты.

 

Тейлордың теоретикалық  жұмыстарын ережелерге сәйкес, неміс  әлеуметтанушы Макс Вебер талдаған,негіздеген қатаң тәртіп жұмыстың неғұрлым тиімді әдісі болып табылатындығын негіздеді.

 

Бөлек құрамды элементтерге жіктелінген жұмыс – қатаң  регламентация мен бақылауға  негізделген Тейлор-Вебердің теориясына негізделген  қозғалыстар болу керек.

 

Классикалық мектеп үшін арнайы сағаттар – микрохрономерт және кинокамера арқылы Ырэнк және Лилия Гилбертзерттеулері бір үлгідегі болып табылады және ол сағаттар еңбекті ұйымдастыру 17 кол саусақтарының  элементарлы  қозғалыстарына негізделгендігін сипаттады.

 

Вебердің ойынша,қызмет жасап  тұрған ұйымды құрамды бөліктерге бөлу мүмкін және оның әрбіреуінің жұмысын  нөмірлеу де мүмкін.Еңбекті бұлай  бөлу қызметшілерді мамандандырады және ұйымды желілік белгі бойынша  құрайды, демек әр орындаушы өз қозғалысы  үшін тек қана жоғарғы басшы алдында  жауапты болады.Сонымен қатар.бюрократиялық  жүйелерді құру бойынша басқа  да ойлар  негізделді және ұсынылды.Ол басқарушылардың  көлемі  мен  функцияларын реттеуге болады деп болжады.Вебер  бұл құрылымның негізінде қандай жарылыс күші жақындығын сезбеген де.Бюрократиялық  жүйенің ерекшелігі бар, «қызметшілердің  көмегі мен жұмыстың көлемі бір-бірімен  байланысты емес».

 

Бұл қорытындыны анықтауға  байланысты жұмыстар Паркинсон заңының  авторының  атымен аталған  елеулі жорамалды растады.Паркинсонмен анықталған статистикалық мәліметтер өте пайдалы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл мектептің  басты негіздері:

 

·       Ғылыми менеджменттің әдістемесінің алғашқы  фазасыжұмыстың мазмұнын  талдау және оның негізгі компоненттерін анықтау  болды;

 

·       Жұмыс  операциялары оның  неғрлым тиімді орындалуына  жетуге байланысты өзгеріп  отырады;

 

·       Бұл  операцияларды шығару  нормалары  құрылды;

Менеджмент эволюциясы