Менеджмент қызмет түрлері
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
1-бөлім. Менеджмент
туралы жалпы түсінік.......................
1.1. Менеджменттің
мәні..........................
1.2. Менеджмент
құрылымы мен принциптері...................
1.3. Менеджменттің әр
түрлілігі.....................
2-бөлім. Менеджмент қызмет түрлері және басқару жүйесі ретінде...12
2.1. Менеджменттің қызметінің
түрлері.......................
2.2. Менеджерлік
қызмет пен оның тиімділігін жіктеу........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің
«Менеджмент» ұғымының
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне,
Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджмент - нарықтық экономика
жағдайында өндірісті тиімді
басқарудың теориясы мен
Менеджмент – нақты мақсатты
жүзеге асыру үшін кәсіпорын
жұмысын басқаруға және
Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті
ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік
қатынас саласында жаңарту,
Қазіргі кездегі менеджмент
Менеджер - ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.
Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі.
Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.
Менеджерлік шеберліктің
I-бөлім. Менеджмент туралы жалпы түсінік
1.1.Менеджменттің мәні
Менеджмент ұғымы ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзіненшығып, ағылшында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
1. адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. билік және басқару өнері;
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. басқару органы, әкімшілік бөлігі
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің
Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылар, немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.
Жеке кәсіпорын, өзінің праволық формаларына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлерінен іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу, немесе рынок арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешелігі, олар өзінің барлық шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделді.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Менеджменттегі басты нәрсе - өзіне кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою («алдына мақсат қойған менеджмент»). Ескі стильдегі кәсіпорын басшылығынан менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны - қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент - бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорынды құрарда жаңа инвестициянгы жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
1.2. Менеджмент құрылымы мен принциптері
Саяси сана басты көзінің бірі – А. Смит пен Д. Рикардо бастаған ағылшын саяси экономикасы – жаңа жағдайда (фабрикалық еңбек бөлісу, өндірістік бақылауды ұйымдастыру т.б.) басқару мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
Капиталистік фабрикада адамдар еңбегін басқаруға социалистутопистер, мәселен, Роберт Оуэн ерекше көңіл бөлді. Ол әсіресе қазіргі кезде біз айтып жүрген «адам факторына» ерекше көңіл бөлді. Оуэн таза теориямен шектеліп қоймады. ХIХ ғасырдың басында ол өз тоқыма фабрикасында батыл эксперимент жасады: кәсіпорында жұмысшылардың тамақтануы ұйымдастырылып, ал завод поселкасында жаңа мектеп салынды, территориясы жөнге келтіріліп, көгалдандырылды. Демек, біздің қазіргі күшті әлеуметтік саясатқа ұмтылуымыздың көне тарихы лайықты болған.
Ғылыми
менеджменттің пайда болуы
Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
1.
Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі
жұмыс тәсілдерінің орнына
2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, ол арды жаттықтыру және баулу.
3.
Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми
ойластырылған жүйесін
4.
Еңбекті біркелкі бөлісу және
әкімшілік пен жұмысшылар
Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіпқоя отырып, тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т.б. көздеді.
Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге жәнеде хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтауға болатындығын дәлелдеді.
Жұмыс уақытын дәл есептеу құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды енгізуді және жұмыс барысын бақылауды қажет етті.
Тейлор жұмысындағы басты жүйе – жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін жәнеде соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімнің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданылды.
Менеджменттің негізгі
принциптері – деп басқарудың
практикалық міндеттерін
Менеджменттің негізгі принциптері мынадай:
- Орталықтан және жергілікті жерден басқаруын ыңғайлы байланыстыру;
- Құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті байланыстыру;
- Басқаруды демократизациялау;
1.3. Менеджменттің әр түрлілігі
Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар.
Ішкі менеджмент – ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айрықшалап көрсететін басқару типі. Басымдықтар нақты жағдайлармен, басқару стратегияларымен, менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде пайда болатын мәселелердің сипатымен анықталады.
Фирма жұмысының ішк және сыртқы мәселелеріне менеджердің жиі көңіл бөлуіне тура келеді. Бұл мәселелердің күрделі мазмұына қарай анықталады. Менеджердің назар салуы – оперативті, ахуалдық немесе тұрақты түрлерінде болуы ықтимал.
Ішкі менеджменті басқару қызметін бөлу процесінде пайда болатн басқарудың міндетті ісі ретнде қарастыруға болады. Белгілі бір жағдайларда ішкі бссқару мндетті ісінің негізгі бөлігін менеджердің орынбасарына сеніп тапсырып, менеджерге (бірінші тұлғаға) тек ішкі қызметті реттеудің жалпы мәселелерін ғана қалдыруға болады.
Ұйымдастыру менеджменті:1) тар мағынасында – басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі – ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және процедураларының жиынтығы; 2) менеджменттің бір бағыты (мектебі, ілімі жалпы ұйымдастырудың принцмптерімен ұйымдастырудың мәселелерн шешуді алдынғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы.
Бұл менеджмент мыналарды қамтиды: ұйымдық мқұрылымды жобалау әрі жасау (жетілдіру); міндетті істердің аражігін дәл ажырату, ұйымдастыру міндеттерін бөлу.
Ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас организм ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файоль (1841-1925 ж.ж.). Ол ұйымдық менеджменттің негізін қалаушыц деп саналады. Нақ сол Файоль басқаруды айырықша қызмет түрінде бөліп қарастырған болатын. Файоль өзі әмбебап деп санаған (еңбек бөлісі, билік, дисциплина, басшылықтың бірлігі, орталықтандыру, тәртіп, қызметкердің тұрақтылығы және т.б.) басқарудың 14 принципін әзірледі.
Ұйымдық менеджмент ұйымдық-өкімдік әдістерімен, яғни тікелей басқарудың ұйымдық қатынасқа ықпал етудің тәсілдері мен құралдарының жиынтығымен жүзеге асырылады.
Тәжірибе
Тәжірибе
Тәжірибе менеджменттінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар. Біреуі – прогматикалық, екіншісі – ғылыми. Біріншісі – мәселені рецепті бойынша шешуге және нәтижені жуық арада тікелей алуға бағдарланған болса, екіншісі – сан алуан жағдайлар мен ахуалдар бойынша сараланатын әдістермен технологиялық схемаларды таңдап, талдауға негізделген. Екінші тәсілдеме әлдеқайда тиімді болмаұ. Ол арнайы дайындықты қажет етеді.
Бұл менеджмент әр түрлі қызымет салаларында - өндірістік, әлеуметтік, экономикалық, сондай-ақ мәдени салада да және т.б. жүзеге асырылуы ықтимал. Ол басқару тұжырымдамасын жасауда, оның негізгі ережелерін, басымдықтарын (артықшылықтарын), тәсілдерін белгілеуде ерекшеліктерімен айырықшаланады. Бірақ, басқару саласында емес.
Өндірістік
Өндіріс-бұл
Өндірістік
Бұл менеджменттің
маңызды сәттеріне мыналар
- фирманы сипаттауға арналған мәртебе (статус), оның әлеуметтік-экономикалық ортада алатын орны, фирманың даму әлеуеті;
- фирманвң басқару мақсаты болып табылатын фирманың мақсаты. Мақсат – болашақта ьолатын шындық (реальность будущего),ол үлкен талдамалық және жобалау жұмысының мазмұны мен нәтижесі болып табыцлады;
- басқару шешімдерінде ұйғарылатын стратегиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді. Бұл бағдарламада бағдарларды, даму кезендерін, басымдылықтарды, шектеу факторларын анықтап алудың маңызы зор. Страрегиялық бағдарлама дамудың жалпы бағытынан қайсысы ауытқитынын көрсетіп береді;
- басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу.
Инновациялық,
қаржылық, экологиялық менеджмент,
сондай-ақ адам ресурстарының менеджменті
мен жасаушы (тудырушы) менеджмент болады
(“Мацусиба дэнки” (Жапония) – бүгін
кешегіден гөрі әлдеқайда жақсы жұмыс
істеп қалуға ұмтылу) және басқалар.
II-бөлім. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
2.1. Менеджменттің қызметінің түрлері
Менеджмент – дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т.б.) басталған мезетте пайда болды.
Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз - мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің қызметінің негізгі алты түрі тармақталады.
1.Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
2.Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
3.Әскери менеджмент. Мемлекеттік
менеджменттің ерекше түрі. Қарулы
күштерді ұйымдастыру және
4.Құрама одақтық (
5.Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
6.Мемлекеттік меншіктегі
Менеджмент –нақты мақсатты
Көрнекті американ экономисі
В.В.Леонтьевтің анықтамасы
Қазіргі кездегі менеджмент
Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу, міндетті түрде қажет болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт-бағдардың сипаты алуан түрлі болуы мүмкін, осыған байланысты басқару процесі үш типте өтуі мүмкін.
Бірінші тип – мақсатты басқару. Барлық өндірістік және басқадай басқару міндеттерін барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші рөл атқарады. Басқарудың мақсаттылығы – кәсіпорынның жалпы мақсаттық, дербес бөлімшелерді ұйымдастыру үшін жіктеу. Бұл принципті пайдаланған кезде бөлімшелердің және ондағы жұмыскерлердің мақсаты айқындалады, әрбір басқарушы қызметкер өзіне қойылған талап туралы нақтылы түсінік алады, дербес шешім қабылдау мүмкіндігі ұлғаяды және жұмыста табысқа жетуді ынталандырады. Мақсатты басқару аса ірі бір жолғы шараларды мәселен, кәсіпорынды қайтадан конструкциялау және қайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді шығаруға көшу, жалгерлікті немесе коперацияны енгізу т.б. шараларды орындау үшін қолданылады.
Басқару процесінің өтуінің екінші типі – бағдарламалық басқару. Мұнда нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір-бірімен байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма жиынтығы басқару бағдарламасы болып саналады. Басқару процесіндегі мұндай типті, әдетте, өндірістің күрделі міндеттерін шешкенде қолданылады.
Кәдімгі жоспардан бағдарламаның өзгешелігі – тапсырманы орындауды басқаруды «кідіртпестен» қолға алуға, «осал тұста, орын» анықтауға, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық басқару үшін график жүйесін кеңінен қолданады. Бағдарламалық басқару күрделі құрылыста, көп бөлшекті бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел жұмыстарда қолданылады.
Басқару процесінің
үшінші типі – жағдайға қарай басқару.
Бұл мақсаты айқындалған, әрі
сирек өзгеретін тұрақтанған, толық
меңгерілген өндірісте
Атап көрсететін жайт, практикада басқарудың жоғарыда аталған типтері сол қалпында қолданыла бермейді. Басқару деңгейі алуан түрлі болып келетін кез келген кәсіпорында түрлі өндірістік міндеттерді шешкен кезде басқарудың үш типі дербес қолданылуы да, әр түрлі үйлесімде қолданылуы да мүмкін.
Мұндай үйлесімділікке, соңғы жылдары кең етек алған бағдарламалық мақсатты басқару – мақсатты жиынтық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру нақты дәлел болады. Мұнда мақсатты басқарудың да, сондай-ақ бағдарламалық мақсатты басқарудың да элементтері бар. Бағдарламалық мақсатты басқару кәсіпорынның түбегейлі, негізгі міндеттерін шешу үшін қолданылады. Мәселен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында «Белок», «Кадрлар», «Жалгерлік» т.б. бағдарламалар.
2.2. Менеджерлік қызмет пен оның тиімділігін жіктеу
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер өзінің «Европада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент-бұл жұмыс істеп тұрған коммерсиялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.
Американ менеджмент мектебі жақсы басшының 12 ережесін ұсынады:
- Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені, қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал басшы –соңына ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды өсек пен күдік әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырды.
- Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.
- Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.
- Ол қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.
- Басшы қатал әрі талап қойғыш болуы тиіс. Алайда қаталдық пен талап қойғыштың ешқашанда кінәмшілдікке, мейірімсіздікке апармауы тиіс.
- Сынды қабылдай білуі, әрі өзі де әділ сынай білуі тиіс.
- Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.
- Әзіл - оспақты түсіне білуі тиіс.
- Әдетте әзілдеу жақсы көңіл - күйге байланысты, ал көңілдік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.
- Айта да, тыңдай да білуі керек.
- Үнемдеуге тырысу керек. Біреуі Энштейннен былай деп сұрапты: «Сіз барлығын, тіпті ең күрделі проблемаларды формуламен бейнелей аласыз ба; Сіз өміріңіздегі жетістікті формуламен жаза аласыз ба?» Сонда Эйнштейн былай деп жазыпты: «X+Y жетістік, X - жұмыс істей білуі, Y - үнемдеуге тырысу».
- Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс.

- Менеджмент мақсаты
- Менеджмент мақсаты
- Менеджмент мақсатына адамдардың
- Менеджмент мәні
- Менеджмент мәні
- Менеджмент мектептері
- Менеджмент музея: залог успешного управления
- Менеджмент качества в корпорации «Exxon»
- Менеджмент качества в США
- Менеджмент качества образования в условиях развивающейся России
- Менеджмент качества. Основные положения и подходы
- Менеджмент качества проекта
- Менеджмент качества услуг гостиниц и ресторанов
- Менеджмент коммуникациясы