Меншікке қарсы қылмыстар
Кіріспе
І.Негізгі бөлім
1.1.Қазақстан Республикасының Үкіметі және оның құрамы
1.2.Қазақстан Республикасының Парламенті
а) Сенат
б) Мәжіліс
1.3.Конституциялық Кеңес
1.4.Орталық Сайлау Комиссиясы
ІІ.Мемлекеттің Қызметі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Казақстан Республикасында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, аткару және сот билігіне бөлу принципіне негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды.
Әлемнің өркениетті елдеріндегі өмір тәжірибесі қоғамның саяси жүйесінің түрақты өмір сүруі үшін билікті ажырату қажеттігін көрсетті. Биліктің әр саласы занда көрсетілген тиісті қызметін нақтылы атқаруы керек, сонымен қатар дербес, басқа биліктерді толыктырушы, екінші жағынан олардың кызметінің заңда көрсетілген дәрежесінен ауытқымауын қадағалаушы да болуы керек.
Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе – құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс.
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие.
Сайып келгенде,
Қазақстан өзінің басқару
Өкіметтің
Соттық тармағы Қазақстан
Қазақстан
– әкімшілік-территориялық
1.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі
Конституцияға сай Республика үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы өкіметін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметінің басқаруын іске асырады.
Үкімет Премьер-Министрдің тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде ұсынысы бойынша Президентпен құрылады және өзінің барлық қызметі мен іс-әрекеттерінде Президенттің алдында жауапты. Сонымен қатар, өзінің қызметінің бағдарламасы бойынша Парламенттің алдында жауапты болады.
Үкімет мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті мен халқы алдында ант береді.
1999 жылғы 13 қазан күні Президенттің қаулысы бойынша келесі Қазақстан Республикасы үкіметінің құрылысы анықталды:
- Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі;
- Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі;
- Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі;
- Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі;
- Қазақстан Республикасының юстиция министрлігі;
- Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі (2003 жылдың 13 қыркүйектен Президент Жарлығы);
- Қазақстан Республикасының ақпарат министрлігі;
- Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі;
- Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі;
- Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі;
- Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғаныс министрлігі;
- Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (2000 жылдың 14 желтоқсаннан Президент Жарлығы);
- Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және сауда министрлігі (2002 жылдың 28 тамыздан Президент Жарлығы);
- Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (2002 жылдың 28 тамыздан Президент Жарлығы);
- Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі (2001жылдың 21 қазаннан Президент Жарлығы);
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Канцеляриясын жүргізуші.
1.2. Қазақстан Республикасының Парламенті
1995 жылы 30 тамызда
бүкілхалықтық референдумда
Парламент депутаттары үкіметпен қатар, заң шығарушы инициативасының құқығына ие болады. Ол тек мәжілісте ғана күшке енеді.
Парламент: Президент ұсынысымен Конституцияға өзгерістер енгізеді, республикалық бюджетті бекітеді, Республиканың Премьер – Министрін Ұлттық Банктің Төрағасын тағайындауға рұқсат береді, бейбітшілік және соғыс сауалдарын шешеді, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға байланысты халықаралық міндетті орындауға Республиканың Қарулы Күштерін қолдануға Республика Президентінің ұсынысын қабылдайды.
Сенатты, барлық өкілді органдар депутаттардың біріккен отырысында, әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан сайланып отыратын депуттар құрайды. Жеті депутат сенаттың өкілеттік мерзіміне Республиканың Президентімен тағайындалады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл. Сенатқа депутаттардың сайлануы жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру түрінде іске асады. Сайланатын сенат депутаттарының жартысы әр екі жыл сайын қайта сайланып отырады.
Сенаттың депутаты ғ жылдан кем емес азаматтықта тұрған, 30 жасқа жеткен, жоғарғы білімді және бес жылдық стажы бар, Қазақстан Республикасы территориясының лайықты облысында, республикалық маңызы бар қаласында немесе республика астанасында 3 жылдан кем емес тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.
Сенаттың басқаруына:
Қазақстан
Республикасы Президентінің
- Республика Президентінің Бас Прокурорды, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру;
- Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын дербес праволығынан айыру;
- Жергілікті өкілді органдардың өкілеттілігін мерзімнен бұрын қысқарту;
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына екі депутатты жіберу;
- Республика Президентінің қызметтен босату жайындағы істі қарау және оның нәтижелерін палаталардың біріккен отырысында қарауына шығару;
Мәжіліс әкімшілік – территориялық бөлініс есебімен және бірдей халық саны есебімен құрылған бірмандаттық территориялық округ бойынша сайланатын 77 депутаттан тұрады. Соның ішіндегі 10 депутат партиялық тізімдер негізінде пропорционалдық өкілділік және біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінің территориялық жүйесі арқылы сайланады.
Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – 5 жыл. Депутаттардың сайлануы жалпы, тең және тура сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру түрінде іске асады.
Мәжіліс депутаты болып жасы жиырмаға жеткен республика азаматы бола алады.
Мәжілістің ерекше басқаруына:
- Заң жобаларын қарауға қабылдау және талқылау;
- Парламентпен қабылданған заңдарға, Президенттің қарсылығы бойынша, ұсыныстар дайындау;
- Президенттің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау Комиссиясының төрағасын, оның орынбасарын, секретарін және мүшелерін қызметтікке тағайындау немесе одан босату;
- Республика Президентінің кезекті сайлануын жариялау;
- Маманданған Юстиция Коллегиясының құрамына екі депутатты жіберу;
- Республика Президентінің мемлекеттік опасыздық жасаужағдайында оған қарсы айын тағу жатады.
Қазақстан Республикасының Қонституциялық Кеңесі
Қазақстан Республикасының Конституциясына сай 1995 жылы тамыз айында құрылды.
Қазақстан Республикасының Қонституциялық Кеңесі өкілеттілік мерзімдері алты жылға дейін созылатын жеті мүшеден құралады. Өздерінің құқықтары бойынша Конституциялық Кеңестің өкілеттілік мерзімдер шексіз мүшелері республиканың экс-Президенттері бола алады. Конституциялық Кеңестің Төрағасы Республика Президентімен тағайындалады. Дауыстардың тең екіге бөлінген жағдайында оның шешімі ақырғы болып саналады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екі мүшесі Сенат Төрағасымен, екеуі Мәжіліс Төрағасымен тағайындалады. Қалған жартысы әр үш жыл сайын жаңарып тұрады. Конституциялық Кеңестің Төрағасының және мүшесінің қызметі депутаттық мандатпен сай бола алмайды, яғни олар ғылыми не өнеркәсіптік істен басқа төленетін коммерциялық не кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алмайды.
Конституциялық Кеңестің
ұйымдасуы мен қызметі
- Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлануының және республикалық референдумның дұрыс өткендігі жайындағы сұрақты шешеді;
- Президенттің қол қойғанға дейін, Парламентпен қабылданған заңдардың Республика Конституциясына сай болуын қарайды;
- Республиканың халықаралық келісімдерінің бекіту мерзіміне дейін олардың Республика Конституциясына сай болуын қарайды;
- Конституциялық нормаларға ресми түсініктемелерді береді;
- Орнатылған конституциялық процедураларды сақтау жайындағы қорытындыны береді;
Орталық Сайлау Комиссиясы
тұрақты қызмет ететін
Отралық Сайлау Комиссиясының басты қызметтері болып:
- Сайлау жайлы Қазақстан Республикасының заң шығарылуының іске асырылуын қамтамасыз ету;
- Сайлау бойынша сайлау комиссиясының қызметін басқару;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының және Республиканың территориясында тіркелген қоғамдық бірліктердің сайлау құқығын қамтамасыз ету;
- Сайлаудың дайындығын ұйымдастыру және өткізуді бақылау;
Орталық Сайлау Комиссиясы төраға, төраға орынбасары, секретарі және төрт мүшесі бар құрамнан құралады. Комиссияның арнайы құрамы Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша Парламентпен сайланады. Және де оның құрамына өзгертулер Республика Президентінің ұсынысы бойынша Парламентпен енгізіледі.
Құқықтық реттеу – мемлекеттік басқарудың арнайы белгілері. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық мәні. Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары. Мемлекеттік басқарудың заңды-билік сипаттамасы – мемлекеттік биліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудың тетіктері: мазмұны және құрылымы. Мемлекеттік басқару тетіктерінің құқықтық жанамасы: нормативтік құқықтық негізі; басқарудағы құқықтық қатынас; тараптардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыратын актілер. олардың жалпы сипаттамасы.
ІІ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚЫЗМЕТІ
Мемлекет функциясының ұғымы. Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады.
Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің - жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т.б.
Фунқцияның нақты мағынасы өзіне лайық нысанға ие болуға мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оның құрамына функцияны жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты, онымен құқықпен байланысты қызмет те (құқықшығармашылығы, құқықты жүзеге асыру және құқық қорғау) кіреді.
Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде мағынасынан (өзінің басты компонентінен) басқа, жүктелген міндеттерді шешудің нысандары (ұйымдастыру, кадр және құқықтық) мен әдістері, сондай-ақ мемлекеттік ықпал ету объектілері (қоғамдық қатынастардың қандай да бір түрлері) жатады.
Функциялар теориясы а) мемлекеттің іс-әрекеті жағын сипаттайды, оның ролін, мәнін, даму перспективасын ашады, басқа жақтармен қатысын анықтайды; б) мемлекеттің қызметін өзінің бағыты бойынша бөлуге, реттеуге мүмкіндік береді; в) соңғысын олардың мүмкіндігіне, мәніне, іс жүзіндегі нәтижелілігіне қарай, олардың орындалу кезегі бойынша пікір қалыптастыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Сөйте тұра ол саясаткерлерді мемлекеттік қызметті дәл осы күндері қалыптасқан нақты жағдайдың ерекшеліктерімен творчестволық үйлестіруге және оның түрлі бағыттарына дер кезінде өзгертілер енгізудің қажеттігіне бағыттайды.
Мемлекеттің функциясында мемлекеттің сипаты мен қоғамдық-саяси табиғаты, оның маңызды әлеуметтіқ мәні бейнеленген. Мемлекет өзінің функциясын жүзеге асырмай тұрғанда және қимыл-әрекетсіз болғанда, ол туралы айту да қиын.
Мемлекет функциясының сипаттамасы. Мемлекет функцияларын түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған. Егер мұндай саланы ең ірі түрінде (қоғам мен мемлекеттің ішкі және сыртқы саладағы өмір тіршілігі) алатын болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады.
Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын жатқызуға болады.
Адамдардың өндіріс, орйаластыру
және алмастыру саласындағы
Кеңес кезеңінде мемлекет экономиканың код саласын өз қарауына алғысы келді. Соның әсерінен экономиканың көпшілік бөлігі мемлекет қарауына өтіп кетті, қасаң бюрократиялық шеңберге салынып, тиіміділігін жоғалтты. Соңғы кездері экономикалық функция күрделі өзгерістерді басынан еткерді: меншікті жекешелендіру және мүлікті мемлекет меншігінен тартып алу шаралары жүргізілді, мемлекеттік реттеудің, экономиканың дамуына ықпал ету мен бақылау жасаудың нысандары мен әдістері өзгерді.
Адамдардың, әсіресе қысымға
ұшыраған адамдардың материалдық және
рухани қажеттіліктерін
Мемлекеттің ішкі функцияларына сондай-ақ мына төмендегілер де жатады:
- идеологиялық бұл функцияның мақсаты — халықтың арасында мемлекеттің саясатын түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарын, ғылыми-білім беру, мәдени-ағарту және мекемелердің басқа да идеолгиялық бағытын аталған міндеттерді шешуге жұмылдыру. Мемлекет азаматтар санасының үкімет саясатын қолдауға немесе оған адалыққа негізделуіне және оппозициялық-сыни идеяларды қабылдамауына (немесе тіпті шамалы ғана қабылдауына) мүдделі.
- қорғаушы, бұл функция конституциялық құрылымды сақтау мен нығайту, мемлектеттік және қоғамдық қауіпсіздлікті, заңдылықты, қуқық тәртібін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік және ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты реттеу, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес, мемлекет жарлығын қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығының сақтауына қол жеткізу міндетін шешуге бағытталған.
- экологиялық, бұл функция айналадағы ортаны қорғауды, табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын қызметті қамтиды. Ол қоғамдық өмірге араласушылардың барлығынан да жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, атмосфералық ауаны, басқа да табиғат ресурстарын ұтымды да үнемді пайдалануды талап ете алады, табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауын қадағалайды, айналадағы ортаны қорғауға байланысты жалпы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады.Сондықтан, экология саласында халықаралық (БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде) және мемлекетаралық бағдарламалар жасау, сонымен бірге бірқатар мемлекеттердің келісімімен жүргізілетін іс-қимыл тәжірибесін тарату кең өріс алуда.
Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар саласына қатысты және оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды. Ішкі функциямен салыстырғанда олар, әдетте, басымдық таныта алмайды; керісінше, ақыр соңында біріншісінен туындайды, олардың табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім тұрады.
Мемлекеттің сыртқы функцияларының ішінде елдің қорғаныс функциясы маңызды орын алады. Оның мақсаты басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қауіп пен олардың агрессиялық әрекеттеріне қарсы тұру және қарсылық көрсету мүддесінде әскери потенциалды құру және байыту.
Мемлекеттің басқа бір сыртқы функциясы — көршілес, сондай-ақ басқа мемлекеттермен қатынасты жөндеу функциясының да мәні зор. Мұндай қатынастар мемлекетке әлемдік қоғамдастыққа кіруге, онда толық құқықты субъекті және партнер ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Олардың нысаны әр түрлі дипломатиялық қатынастар, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық құрылымдар жағынан байланыстар. Мемлекеттер арасындағы қатынастарға ресми сипат пен жария мәртебе беретін дипломатиялық қатынастар ерекше роль атқарады. Олардың шеңберіндс мемлекеттер арасында саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да байланыстар нығайып, көптеген өмірлік мәселелер өзара түсіністік негізінде шешіледі. Белгілі бір жағдайларда (екі жақтың да ұмтылысы мен пайдасы болған кезде) мемлекетаралық қатынастар тығыз ынтымақтастық пен өзара көмек қатынасына айналуы мүмкін, ол жасалатын келісім-шарттардан (мысалы, достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдер), сондай-ақ олардың үкіметінің міндеттемелерін сақтауына көбірек көңіл бөлуінен, бастамаларды өзара қолдаудан, аталған мемлекеттердің сыртқы саяси акцияларын үйлестіруінен көрініс табады.
Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы үшін өткеннің этатистік бұрмалауларын және одан туындайтын қоғам істеріне мемлекеттік араласудың әлсіреуін жеңумен байланысты мемлекеттің кейбір ішкі функциялары таралып, оларды жүзеге асырудың нысаны мен әдістері демократияландырылады.
Қорытынды
Қорыта келгенде қолданып отырған жіктеу практикасы ең алдымен, теориялық базалық модельді көрсетеді. Бұл нақтылы өмір сүріп отырған жүйені зерттеу үшін ғылымда әлі жеткілікті түрде материал қалыптасты деп айту ерте.
Қазақстанда президенттік, премьер-министрлік институтар өмір сүреді. Президент өкімет басшысы болып есептеледі және ресиубликадағы бірыңғай атқарушы өкімет билік жүйесін басқарады. Яғни атқарушы өкімет парламентке емес, президентке бағынатын болғандықтан, республикадағы басқару жүйесін президенттік түрге жатқызуға болады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Қазақстанның үкіметтік сайты - www.government.kz
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. А. 1999, 38б.
- Н.Назарбаев. Тәуелсiздiгiмiздiң он жылы. - А. 2001. 115б.
- Байгелді Ө. Қазақстан парламенті: жаңа кезең - жаңа мақсаттар.//Ақиқат, 1996, ™ 11.
- Бәйішев Ж. Парламент және конституциялық сот. //Ақиқат, 1993, 8.
- Қазақ Ұлттық энциклопедиясы. А., 1998. Т.1.
- Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы.
Алматы, 2002 ж. 275-307 бб.

- Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі
- Меншікке салынатын салық
- Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі
- Меншік қатынастарының мәні және олардың дамуы
- Меншік құқығы
- Меншік құқығы. Жалпы ережелер
- Меншік құқығы және меншіктің түрлері
- Ментоди аналізу маркетингової інформації
- Меншик
- Меншиков Александр Сергеевич
- Меншік және меншік қатынастары
- Меншік және оның түрлері
- Меншікке карсы кылмыстар
- Меншікке қарсы қылмыстар