Меншікке салынатын салық

 

Меншікке салынатын  салық.

 

Меншікке салынатын  салықтардың

экономикалық  мазмұны,табиғаты және

оларды есептеу,төлеу  тетіктері.

 

Мүлік салығы

 

 

 Жалпы меншікке салынатын салықтың, мейлі жер салығы, мүлік немесе көлік құралдарына  салынатын салық болсын, олардың мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру, өйткені салықтың мөлшері меншіктің көлеміне, сапасына қарай белгіленеді. Алайда, көлемінің ірі болуы табыстың көбеюуіне кепілдік бермейді: егер салық салынбаса, ірі меншік иелерінің артықшылықтары молаяды да, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмайды. Осылайша мүлік салығы, жер салығы қоғам алдында салық жауапкершілігін көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады. Бұл салықтардың әрқайсысы өздерінің салық салу базаларымен, ставкаларымен, есептеу әдістерімен, төлеу мерзімімен  бір – бірінен өзгеше болсада, бұларды бірнеше топқа біріктіруге болады:

1) Төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынасына және салық салу объектісіне байланыстылары тікелей салық салатындарға жатады. Өйткені бұларға белгіленген ставкаларды негізге ала отырып ,салық мүліктің құнына тікелей салынады.

2) Пайдалану белгісіне қарай меншікке салынатын салықтар жалпы салықтарға жатады. Яғни,  түрлері бойынша бұл салықтардың салық сомасы мемлекет қорына түсіп, пайдалану барысына ғана  негіделеді.

3) Салық салу нысанын бағалау дәрежесіне қарай бұл салықтар нақты салықтарға жатады. Нақты салықтар мүліктің сыртқы белгісіне байланысты нақты табыстың түсуі есептелместен салынады. Сонымен бірге, аталмыш салықтар тобын қазіргі кезде жеке салықтар қатарына жатқызып жүр, себебі олар, табыс салығы сияқты жеке салықтармен бірге алынады.

4) Меншікке салынатын салықтар салық салу әдістерінің кадастырлық және декларациялық түрлерімен алынады да, жергілікті бюджетке түседі.

5) Меншікке   салынатын салықтарды «санитарлық»  (сауықтыру) салықтар деп те атайды, өйткені мемлекет аталған салық ставкасын жоғары көтерген кезде, салық төлеушілер өз меншік құқығындағы, оралымды басқаруындағы және иелегендегі кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын немесе пайда әкелмейтін, тиімсіз салық салу нысандарынан құтылуға асығады. Әрине, пайдасы жоқ нысанға босқа салық төлегілері келмейді.

6) Меншікке салынатын салықтар аймақтық бюджетке қайтарымсыз түседі.  

7) Меншікке салынатын салықтар жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның айналысатын қызметінің түріне тәуелсіз, міндетті салықтар қатарына жатады.Сондықтан бұл салықтардан жалтару мүмкіндігі өте аз.Осы себептен мемлекет бұл салықтың түрлері бойынша оның бюджетке түсуін шекті дәлдікпен болжай алады және оған қол жеткізуге толық мүмкіндігі бар.

Енді осы меншік салығы тобына жататын салықтардың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері мен айырмышылықтарына жеке – жеке тоқталып өтетін болсақ.

       Оның ішінде, мүлікке салынатын салық қарастыратын болсақ, әртүрлі шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалар  үшін күрделі, әрі жалпы салықтардың бірі мүлік салығы болып табылады.Өйткені оны жеке азаматтарда, кәсіпкерлерде төлейді.

        Жергілікті мүлік салығын басқа салықтардай жергілікті бюджетке заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдері деп айтуымызға болады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар мүлкіне, жеке тұлғалардың кәсікерлік қызметіне пайдаланбайтын мүлкіне салық салынады. Жалпы салықтар – шаруашылық жүргізуші  субъектілердің,жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадығы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық катигория. Жергілікті мүлік салығының ұзақ тарихы бар, олар Ежелгі Грецияда – ейсфера, Ежелгі Римде – трибутум цивиум деген атпен қолданылған. Бұл салықтар прогрессиялық принципте құралған. Бірақ олар әскери шығындарды қаржыландыруға   арналғандықтан, кездейсоқ сипатта болатын. Мүлік салығы соңынан барып, мемлекеттің   тұрақты табыс көзіне айналған.

         Қазақстан құрылыстарға салық салу жылжымайтын мүлікке салынатын  салық атауымен енгізілген. Ол барлық меншіктегі жылжымайтын мүліктерге, яғни, тұрғын үйлерге, фабрикаларға, зауыттарға, моншалар мен қоймаларға т.б. салынады. Мүлік салығы:  қазынадан  қаржыланатын мүліктерге, рухани ведомстваларға, қайырымдылық және  ғылыми-қоғамдық мүліктерге, оқу орындары, мемлекеттік сарай  мүліктеріне және арзан құнды мүліктерге салынбайды.

  Мүлік бағасы мен оның табыстылығын қала думалары есептеген. Салық мөлшерін есептеу кезіндегі негізгі обьект  мүліктің табыстылығы болған. Бұдан революцияға дейінгі Қазақстанда мүлік салығының шынайы жүйесі болғандығын түсіну қиын емес. Оның үстіне салық арқылы обьектінің табыстылығын есептеуге мүмкіндік туып отырған.

    Жергілікті мүлікке салынатын салықтардың тағы бір экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын  көрсетеді.

   Салықтар қоғамдық өнімнің бір бөлігін міндетті төлемдер ретінде мемлекеттік бюджеттің кіріс жағының негізін құрайтын қайнар көз  ретінде құру – ертеден келе жатқан дәстүрдің бірі.  Және бұл дәстүр нарықтық экономика жағдайында да, нарықтық емес экономика жағдайында да әрекет етеді.  Сондықтан салықтар мен салық салуды адамзат  өркениетінің ажырамас бір бөлігі ретінде қарауға болады.

   Жергілікті салықтардың ішінде мүлік салығының алатын орны ерекше. Мүлік салығы толығымен дерлік жергілікті бюджетке барып түседі. Мүлік салығы тікелей  салықтардың қатарына жатады. Мүлік салығының сомасы  салық төлеушінің  табыс көлеміне қарай емес, мүлкінің құнына қарай анықталады.

   Қазақстан заң актілеріне  сәйкес оның төлеушілері – меншік, шаруашылық жүргізу  және оралымды басқару құқығында салық салу нысаны бар заңды және жеке тұлғалар. Салық төлеушілердің оны  төлеу кезінде негізгі міндетті салық салу базасын тиімді анықтау және мүлікті дұрыс бағалау болып табылады. Мүлік салығын жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау орталығы жүргізген мүлікті бағалауға сәйкес аумақтық салық органдары есептейді.

   Сондықтан бұл түрінің мәнін оның жіктелуінен түсінуге болады. Соңғы жылдары мүлік салығы көптеген заңдық өзгерістерге түскенін айта кеткен жөн. Атап айтқанда,  мүлік салығын  төлеуші заңды тұлғалар және жеке тұлғалардың тізімі кеңейтіліп, жеке – жеке  түсіндірілген. Сондай  – ақ, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің салық салу нысанына тек негізгі құралдары ғана емес, материалдық емес активтері де кіреді.

    Бухгалтерлік есеп деректері бойынша  анықталған салық салу нысандарының орташа жылдық  құны тұлғалардың салық салу  нысандары бойынша салық салу базасы болып табылады. Салық салу  нысандарының орташа жылдық баланстық құны  ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу нысандарының баланстық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде айқындалады. Заңды тұлғалар ( оның ішінде резидент еместер ), олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған бөлімшелері мүліктің тұрған жері бойынша төлейтін мүлік  салығының сомасын анықтау бухгалтерлік есепте  амортизацияланатын активтердің қалдық құнынан 1,5 % ставкасы бойынша жыл ішіндегі ағымдық төлемдерді есептеу үшін жүргізіледі. Мүлік салығын салық базасының 0,5 % ставкасы бойынша төлеушілер:

      1) Дара кәсіпкерлер ;

     2) Оңайлатылған дикларация негізінде арнаулы салық режимі қолданылатын заңды тұлғалар.

 Төменде аталған заңды тұлғалар мүлік салығын салық базасының 0,1 % ставкасы бойынша төлейді:

      1) Діни бірлестіктерді қоспағанда коммерциялық емес ұйымдар;

      2) Әлеуметтік салада қызмет ететін заңды тұлғалар;

      3) Негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету  саласындағы жұмыстарды  орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;

      4) Ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;

        5) Мемлекеттік меншіктегі және бюджет қаражаты  есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының,  су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы  басқа да  су құрылыстарының нысандары бойынша заңды тұлғалар;

          6) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші  заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшін пайдаланылатын гидромелиорациялық  құрылыс нысандары бойынша заңды тұлғалар;

          7)  Ауыз сумен қамту нысандары бойынша заңды тұлғалар;

  Мүлік нысанының жаңа  ұғымы пайда болған соң амортизацияланатын активтер. Енді  мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық есебінде негізгі құралдар анықтамасын үзілдіт – кесілді  бұрмалау мүмкін емес.

  Негізгі құралдар мен  материалдық емес активтер  амортизацияланатын активтер  болып танылады.  Мүлікке малынатын салықты есептеу кезінде  салық  мақсатында амортизация  есептеу үшін  негізгі құралдарды  топтастырудың  қажеті  жоқ.

  Қазіргі кезде өкілдіктерді пайдаланушылардың   тобының саны азаюда,  өйткені Қазақстанда қолданыстағы салық кодексі бойынша  жеңілдіктер келесі субъектілерге қолданылады:

         1 ) Коммерциялық емес ұйымдарға;

         2 ) Әлеуметтік ұйымдарға;

         3 )    Ғылыми  кадрларды    мемлекеттік    аттестаттау  саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарға;         

         4 ) Негізгі қызметі кітапханалық  қызмет  көрсету болып табылатын ұйымдарға;

         5 ) Мемлекеттік  меншікке жататын және мемлекеттік бюджеттің  қаражаты есебінен қаржыландырылатын  су қоймаларының, су тораптарының  және  табиғатты қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы    құрылыстарының    нысандары бойынша заңды тұлғаларға;

        6 ) Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші – жерді тыңайтуға арналған  гидромелиоративті құрылғылар  нысандары бойынша заңды тұлғалар  жеңілдікті  салық ставкасын пайдаланады.

  Жоғарыдағы  мәліметтердің  келтірілу  себебі, қаржылық  қызметтер  мүлік салығының  жеңілдіктер  категориясын  дұрыс анықтамауына байланысты дұрыс есептелмеуі де мүмкін.Сонымен қатар,тәжірибе көрсеткеніндей,  көптеген  қателер  жеңілдіктерді дұрыс қолданбаудан болады.

   Жеке тұлғалардың  мулік салығына келетін болсақ, бұл салық  жергілікті  болғандықтан,  ол мүлік  орналасқан аумақтың  жергілікті бюджетіне төленеді. Егер жеке тұлғаның  саяжайы  қаланың сыртында болса мүлік салығы  аумақтық  салық комитетінен  алынған  хабарлмасына сәйкес  осы аумақта төленеді.

   Тұлға меншік  құқығын  сату, ауыстыру  және  беру кезінде  салық салу  нысанын іс жүзінде иелену  кезеңі үшін төленуге жататын салық  сомасын меншік құқықтарын мемлекеттік  тіркеу кезіне  дейін немесе тіркеу кезінде бюджетке енгізуі тиіс.

 

Жеке тұлғалардың  мүлік салығын есептеу мен  төлеу тәртібі

Салық салу нысаны

Есептеу тәртібі

Бірнеше жеке тұлғаның ортақ  меншігіндегі салық салу нысыны ушін.

Әрқайсысының  осы мүліктегі  үлесіне сәйкес.

Салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, бірнеше салық  салу нысандары бойынша.

Әрбір салық  салу нысаны бойынша  бөлек жүргізіледі.

Жаңадан салынған  салық  салу нысандары бойынша.

Салық есептеу олардың  құрылу  жылынан кейінгі салық  жылында жүргізіледі.

Салық салу нысаны бұзылған, қираған кезде.

Бұл фактілерді растап уәкілетті  орган беретін құжаттар болған жағдайда қайта есептеу жұргізіледі.

Салық төлеуден  босатылу құқығы  туындаған кезде.

Осы құқық туындаған айдан  бастап қайта есептеу жүргізіледі.

Салық салу нысандарына меншік  құқықтары берілген жағдайда.

Мүлікке меншік құқықтарын іске асырудың нақты  кезеңі үшін есептелінеді.


 

           Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу саласындағы  уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, тиісті тәртіппен айқындаған салық салу нысандарының  құны жеке тұлғалар тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары немесе аяқталған құрылыс нысандары бойынша салық базасы болып табылады. Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу нысандарының  құнына қарай ( 1 млн. Теңгеден 120 млн. теңге және жоғары)  жыл сайын 0,05%-дан 1,0% дейінгі мөлшерлеме бойынша төленеді.

 

Жеке тұлғалардың  мүлігіне салынатын салық ставкалары

 

Салық салу

нысандарының құны

Ставкалар

1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

Салық салу нысандары құнының 0,05 пайызы

1 000 000 теңгеден жоғары 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

500 теңге+1 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы

2 000 000 теңгеден жоғары 3 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

1 300 теңге+2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы

3 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2 300 теңге+3 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы

4 000 000 теңгеден жоғары 5 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

3 800теңге+4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы

5 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

5 800теңге+5 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы

6 000 000 теңгеден жоғары 7 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

8 300теңге+6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы

7 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

11 300 теңге+7 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы

8 000 000 теңгеден жоғары 9 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

14 800 теңге+8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы

9 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

18 800 теңге+9 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы

10 000 000 теңгеден жоғары 50 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

23 300 теңге+10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы

50 000 000 теңгеден жоғары 120 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

223 300 теңге+50 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы

120 000 000 теңгеден жоғары

748 300теңге+120 000 000 теңгеден асатын соманың 1 пайызы


 

 

Көлік құралдарына  салынатын салық

           Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары иелерінің арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарының  иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру  мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.

          Көлік құралдарына салынатын  салықтын төлеушілері меншік құқығында, шаруашылық жүргізу  немесе  оралымды басқару құқығында  салық салу нысандары бар заңды және жеке тұлғалар  және олардың  құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

          Салық салу  нысандары: Қазақстан Республикасында  мемлекеттік  тіркеуге  жататын және есепте тұрған ( тіркемелерді қоспағанда ) көлік құралдары салық салу нысандары болып табылады.

          Ал, жүк көтергіштігі 40 тонна  және  одан асатын карьерлік автосамосвалдар, мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу нысандары болып табылмайды.

           Бұл салық түрінің  өзіндік төлеу мен есептеу тәртібі бар, салық төлеуші  салық сомасын  салық заңдылықтарына сүйеніп, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салыу кезеңі үшін салық сомасын жеке есептейді.

       Ерекше атап өтетін бір жәйт, заңды тұлғалардың көлік салығын өздігінен есептеуі бірқатар  себептермен көптеген   қателердің пайда болуына және салықтың  бюджетке  толық түспеуіне алып келуі мумкін. Оған дәлел ретінде келесілерді атап айтуға болады:

  • Кәсіпорынның балансындағы  көлік құралдарын жол полициясы басқармасының мемлекеттік есебіне өткізбеу;
  • Жол полициясы органдарының мемлекеттік есебінде тіркелмеген көліктік техниканы кәсіпорын аумағында жұмыс істеу үшін пайдалану;
  • Жеңіл автомобильдері көлік құралдарының техникалық паспорттарында двигательдердін көлемі туралы мәлімет текше сантиметрмен берілмеуі, бұл техникалық құралдардың құатталыңын дұрыс анықтауды қиындатады;
  • Көлік құралдарын толық тозуы салдарынан  кәсіпорынның балансынан шығарып тастау, бірақ  жол полициясы  басқармасына мұндай  мәләметтерді бермеу салықты  төлеу қажеттілігін туындатады;
  • Бухгалтерлік көліктер түрлерінің  ерекшеліктерінің білмеуі және механик немесе  жүргізүшінің берген ақпараттарына сүйенуі;
  • Көлік құралдарының техникалық сипаттамаларының анықтамалықтарының болмауы т.б.

 

 

 

 

 

Жер салығы

            Жер – белгілі бір өлшемдегі    пайдалану мүмкіндігі орасан зор  табиғи байлық.Азамзат жерді пайдалану арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырып келеді. Жер салығы Қазақстанда алғаш рет 1992  жылы енгізілді.  Жерге салынатын салықты енгізу мынандай мақсаттарды көздейді: экономикалық әдістер мен жерді ұтымды пайдалану және  жерге орналастыру,  жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау  жөніндегі  шараларды   жүргізу,  сонымен бірге  аумақтың  әлеуметтік – мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін  қалыптастыру үшін. Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде  жалгерлер  мен жер иелері үшін ( бірқатар  жағдайларды  қоспағанда )   міндетті болады.

            Жер салығы – меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты  салықтардың қатарына жатады. Ол – жергілікті бюджеттің   бекітілген салықтардың бірі.Әлемдегі экономикалық дамудың негізі жер болып саналады. Жер – байлықтың негізгі қайнар көзі, өйткені ол ауыл шаруашылығы және тағы басқа  өндіріс   саласының  қалыптасуының негізі болып табылады.

          Кадастрдың заңдылығы  және  жердің қызметтері екі  операция  негізінде жүргізіледі:

  1. Идентификация және мүлікті физикалық анықтау.
  2. Мүлік иесінің жеке басын және құқығын анықтау.

 

Жерді пайдалану  мен иеленудегі жер салығы жүйесінің  міндеті

 

Жер салығын

сипаттайтын элементтер

Ресей Федерациясында

Еуропалық

одақта

1.Жер салығы мынадай қызметтерді атқарады

  • Жерді ұтымды пайдалану
  • Шаруашылық жағдайларын бақылау
  • Жерді қорғау шараларын қаржыландыруға арналған қаражаттарды жұмылдыру
  • Муниципалды қажеттіліктерге арналған қаражаттарды жинау

 

 

+

 

+

 

 

+

 

-

 

 

-

-

 

 

-

 

+

2.Салық төлеу көздері

  • Жер рентасы
  • Пайда

 

+

-

 

-

+

3.Салық ставкасынанықтауға  арналған база:

  • Жер бағасы
  • Рента шамасы
  • Бонитеттің бағалау балы

 

 

-

+

+

 

 

+

-

+


 

 

        Салықтардың түрлі белгілері бойынша жіктелуіне сәйкес Қазақстанда қолданылатын жер салығының мынадай ерекшеліктерін айтуға болады:

 – Тура (тікелей), салыну нысаны және төлеуші мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа байланысты;

 – Нақты, яғни нысанның оның тиімді пайдалануы есептелмей, сыртқы белгісі бойынша;

– Жалпы, пайдалану белгісі ол мемлекетке түскенде өз дербестігінен айырылады;

  • Салықты төлететін және билік ететін жергілікті органға байланысты.

          Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсаты бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:

          1 ) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

         2 ) елді – мекенді жерлерге;

        3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығыемес мақсаттағы жерлерге;

         4) ерекше қозғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи – мәдени мақсаттағы мақсаттағы жерлерге;

         5 ) орман қорының жерлеріне;

         6 ) су қорының жерлеріне;

         7 ) босалқы жерлерге тиесілігіне қарай.

          Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді.Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:

          1)  тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағандағы,елді мекендер жерлері;

          2)  тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

        Жердін мынадай санаттары салық салуға жатпайды:

         1 ) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардын жерлері;

         2 ) орман қорының жерлері;

         3 ) су қорының жерлері;

         4 ) босалқы жерлері.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҰТЫНУҒА САЛЫНАТЫН  САЛЫҚТАР

 

Тұтынуға салынатын  салықтардың экономикалық мазмұны  мен табиғаты, ерекшеліктері және есептеу, төлеу тәртібі

 

 

            Тұтынуға салынатын салықтар – бағаға  немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар,  олар  салық  төлеушінің табыстарына немесе  мүлкіне тікелей байланысты емес.

            Қазіргі кезде халықаралық стандартқа сәйкес және экономикалық термин ретінде  тұтыну деп аталып жүр.  Кейбір дамыған мемлекеттерде « тұтыну салығы » десе,  ал бірқатар елдерде « жанама салықтар » ретінде аталуда,  қалай айтсақта  бұл салықтардың мағынасы мен  мазмұны өзгермейді. Сондықтан  күнделікті тұрмыста  кейде қатар аталып қолданылуда.

           Тұтынуға салынатын салықтар өз ретінде  мемлекеттің  фискальды  мүдделерін  білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға  белгілеу  процесіне  оңтайлы  ықпал жасауы  және тұқтыну  құрылымына әсер етуі мүмкін.  Бұдан басқа,  салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың  шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға  салынатын салықтар болып табылатын акциздерді,  сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады,  өйткені: олардан жалтару қиынырақ;  олармен экономикалық заң бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тұтынушының таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын  қамтамасыз етеді және т.с.с. Салық салу жүйесінде ортақ заңдылықтың болатынын есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы  жағдайында,   тұралаған – өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторларындағы  тоқырауда – салық салуды тұтынысқа обьективті қайта бағдарлау болады.  Осы кезде мемлекеттің шығыстары тым қысқармайды,  тіпті  кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде  оның әлеуметтік қолдауды кеңейту,  экономиканың құрылымын  қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды арттыру  қажеттігінен көбейеді. Сондықтан  салық ауыртпалығын тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады.

 

Қосылған құн  салығы

         Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы қосылған құнға салынатын салық.

         Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарлады ( жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде  қосылған, оларды өткізу бойынша  салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы  тауарлар импорты кезіндегі аударым.

         Мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында қосылған құн салығының үлес салмағы 27,1%   құрайды.

          Қазақстан Республикасында экономиканы реформалау барысында 1992 жылдың 1 қаңтарында айналым бойынша салықты және сату бойынша салықты алып тастауымен  бәр уақытта енгізілді.

         Алғаш рет қосымша құн салығы Францияда 1954 жылы енгізілген, қазіргі таңда ол көптеген елдерде қолданылады. Жанама салық ретінде қосымша құн салығы тауар бағасына қосымша ретінде болады, және кәсіпкердің табыстылығына әсер етпейді. Бұл салық кәсіпорынға емес, тұтынушыға арналған. Кәсіпорын оны жинақтаушы болып табылады.

         Қосылған құн салығы дүние жүзінің 40 тан астам елдерінде,  соның ішінде Европа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы  мынада: біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орны бойынша  салық төлеушілердің  үлкен тобынан алынады; екіншіден,  төлеушілер үшінде  есептеудін салыстырмалы  қарапайымдылығымен ерекшелінеді  және үшіншіден,  бағалардың өзгеруіне,  төлеушінің қаржылық ахуалына,  инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің  аса маңызды көздерінің бірі болып саналады.

          Қосылған құн салығына сипаттам а бергенде  оның бір  тұтастылығын  және оның жан – жақтылығын  айту керек,  өйткені ол барлық тауарлар мен қызметтер  көрсету түрлерін қамтиды.

           ҚҚС  бюджет қаражаттарының  инфляциялық құнсыздануын  ескеретін тиімді тұтқаларының бірі болып табылады және бағаның өсуі мен салық түсімінің арасындағы  тура байланыстылығын көрсетеді. Ол мемлекеттің мүддесінен туындайтын, яғни бағаларды босатумен және инфляциямен тығыз байланысты.  Бағалардың өсуі ҚҚС ставкаларының өзгермей қалғанына байланыссыз, одан түсетін түсімдерінің өсуіне әкеледі.Салықтың  ставкаларын дифференциялау  арқылы,  ҚҚС мемлекетке тұтынушылардың  сұранысын реттеуге зор еркіндік береді.  Осындай күйде ҚҚС экономиканы мемлекеттік реттеу тетігі  ретінде көрінеді  және экономикасы дамыған елдердің өндірістік ұлғаюын теңейтін,  яғни  артық өндірушілік процесін бақылайтын мемлекеттін берік тетігі.

      Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым:

  1. Тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

 –  Тауарды сатуды

  • Тауарды тиеп жөнелтүді, оның ішінде басқа тауарларға ( жұмыстарға, қызмет көрсетулерге )  алмастыруды
  • Тауар экспортын

 –   Тауарды тегін беруді

 –   Жарғылық капиталға жарна төлеуді

  • Жұмыс берушінің  жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін

      1)  тауарды  төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді;

       2)  Комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді;

       3) Қарызды төлемеген жағдайда  кепіл берушінің кепілге қойылған  мүлкін беруін;

4) Кәсіпкерлік қызмет үшін сатып алынған тауарды қоса оған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы жұмыскерлерінің,  қатысушылардың  және басқа  тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке жатпайтын мақсатта пайдалануын;

5) Бір заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушілері болып табылатын бір құрылымдық  бөлімшесінің екінші құрылымдық  бөлімшесіне тауар жөнелтуін;

      6) Бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт  режимінде қайтаруды білдіреді.

         Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді  өткізу  бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің,  соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақ  тауарды өткізуден өзге сыйақы  үшін кез келген  қызметті, оның ішінде:

Меншікке салынатын салық