Микроэкономика дегеніміз не? Және оның методологиясы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі.
Жоба паспорты
Жоба такырыбы: Микроэкономика дегеніміз не? Және оның методологиясы.
Алматы 2013
Кіріспе.......................
I бөлім. Микроэкономика
экономикалық теорияның құрамдас
бөлігі ретінде.......................
1.1. Микроэкономиканың зерттеу пәні,
объектісі мен субъектісі....................
1.2 Микроэкономикалық
базалық түсініктер: қажеттіліктер,
ресурстар, игіліктер..........
1.3. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы...................8
II бөлім.Микроэкономиканың методологиялық ролі.................11
2.1. Микроэкономикалық талдаудың
методологиясы және негізгі зерттеу әдістері......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Микроэкономика пәні және оның методологиясы».
Экономикалық теория
дегеніміз – ресурстардың шектелген
жағайында қажеттілікті қамтамасыз
етуді көздеген, адамдар мен топтардың
материалдық игіліктер мен
Микроэкономика пәні – жалпы экономикалық теорияның бір бөлімі бола тұра, оның негізгі базалық курсы болып есептеледі. Ал микроэкономикаға анықтама беретін болсақ, оның негізгі бірнеше мағынасы бар. Микроэкономика қызықты және динамикалық, әрі пайдалы пән екендігі барлығына мәлім. «Микро» деген қосымша сөз қазақ тілінде шағын деп аударылады. Яғни, микроэкономикалық теория жеке дербес эсономикалық субъектілердің нарықтағы қабылдайтын шешімдерін, оған әсер ететін объективті және субъективті факторларды зерттейді. Микроэкономикалық теорияны меңгеру болашақ экономистер үшін өте маңызды роль атқарады және ол оңай іс емес. Микроэкономиканың басты пәні – нарық және нарықтық механизм, сонымен қатар оның құрамдас бөліктері – сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке.
Соңғы жылдары микроэкономикада ойындар теориясы, бәсекедегі стратегия, нарықтағы белгісіздік пен ақпараттың ролі, нарықтағы билігі бар фирмалардың бағалары қалыптасуына анализ жасау сияқты тақырыптар өзекті роль атқарады. Микроэкономиканы әлемде болып жатқан мәселелерді түсіну үшін және практикада сол мәселелер жөнінде шешім қабылдауға көмектеседі.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - жалпы экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде микроэкономиканың пәні мен құрылымын ашу, сатушылар мен сатып алушылар, үй шаруашылығы мен фирмалар сияқты микроэкономика субъектілерінің экономикалық қарым-қатынастар жүйесін дәл көрсету. Микроэкономиканың басты пәні – нарық және нарықтық механизм, сонымен қатар оның құрамдас бөліктері – сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке. Олардың мәнін қоғамдағы экономикалық жүйелердің ерекшеліктеріне байланысты ашу.
Курстық жұмыстың міндеті жоспарда берілген барлық тақырыптар мен категорияларды толығымен ашу және айқындап көрсету болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан қосымшалардан тұрады. тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші бөлімінде микроэкономика пәні, оның зерттеу объектілері мен субъектілері қарастырылады. Ал екінші бөлімде микроэкономиканың зерттеу әдістері және талдау методологиясы, микроэкономикадағы шеңберлі айналым үлгісі мен өндірістік мүмкіндіктер қисығы қарастырылады. Және де соңғы, үшінші бөлімде, ресурстардың шектеулігі, экономикалық тандау мен үнемдеу сияқты өзекті мәселелер туралы жазылған.
Курстық жұмыстың тақырыбы нағыз теориялық болғандықтан, жалпы экономикалық оқулықтар мен әдебиеттерден құрылған. Қолданылған әдебиеттердің толық тізімі жұмыстың соңында келтірілген.
I бөлім. Микроэкономика экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде.
1.1. Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі
Микроэкономикалық теорияның зерттейтін негізгі проблемаларын қарастыру үшін ең алдымен экономикалық теория ғылымына қысқаша шолу жасауымыз қажет. Өйткені экономикалық теория екі негізгі бөлімге – микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.
Экономикалық теория дегеніміз – бұл адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы. Міне осы анықтамадан байқап отырғанымыздай, экономикалық теорияға екі негізгі проблема тән және ол соларды шешумен айналысады, яғни олар – 1) ресурстардың шектеулілігі және 2) адамдардың шексіз қажеттіліктері. Міне осы іргелі проблемалар микроэкономикаға да, макроэкономикаға да ортақ болып табылады, бірақ олар әртүрлі деңгейде шешіліп, әр қырынан зерттеледі. Микроэкономика ғылымы осы проблемаларды жекелеген экономикалық субъектілердің дербес шешім қабылдауларына сәйкес шешеді. Макроэкономика болса аталған проблемаларды ұлттық экономика шеңберінде шешуге ұмтылып, экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін экономикалық теорияның негізгі құрамдас бөлігі. Мысалы, микроэкономиканы – «бір тал ағаш» десек, онда макроэкономиканы – «біртұтас орман» деп қарастырсақ болады.
Микроэкономика жекелеген игіліктердің бағаларын, яғни салыстырмалы бағаларды зерттейді, ал макроэкономика болса бағалардың абсолютті деңгейін зерттейді.
Қазіргі микроэкономикаға бірнеше анықтама беруге болады.
Микроэкономика – адамдардың арасындағы экономикалық қарым – қатынастарды зерттейтін және олардың әрекет ету заңдылықтарын қарастыратын экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.
Микроэкономика – бұл жекелеген экономикалық субъектілердің (әдетте, үй шаруашылықтары мен фирмалардың) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым.
Микроэкономика – бұл шешімдер қабылдау ғылымы.
Микроэкономиканың зерттейтін негізгі проблемалары:
- белгілі бір игіліктердің бағасы, олардың көлемі және тұтынылуы;
- жекелеген нарықтардың жағдайы;
- альтернативтік (балама) мақсаттарға байланысты ресурстарды тиімді бөлу.
Микроэкономиканың зерттеу пәні болып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар, экономикалық таңдау жағдайында жекелеген экономикалық субъектілердің экономикалық игіліктер туралы шешімдер қабылдауы табылады.
Микроэкономиканың негіздерін австриялық (маржинализм бағытының) мектептің негізгі өкілдері К. Менгер, Ф. Визер, Э. Бем-Баверк және неоклассикалық теорияның негізгі өкілдері А. Маршалл, А. Пигу, сонымен қатар, ағылшын экономисі Дж. Хикс, американдық экономист Дж. Б. Кларк, итальяндық экономист В. Парето, швейцар экономисі Л. Вальрас және басқа да экономистер қалады және қалыптастырды.
Адамдардың іс-әрекеті белгілі бір нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады. Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына тәуелді болады және белгілі нысандарда жүзеге асырылатын экономикалық тәртіптің шарты болып есептеледі. Мұндай өзара байланыстар мен қарым-қатынастар қайталанып отырады әрі тұрақты болады және экономикалық тәртіптің тәсілі, норомасы, ережесі болып өздеріне сәйкес институттар мен қоғамдық құрылымдарда бекітіледі. Мұндай институттар және олардың құрылымдары белгілі әлеуметтік жүйеге негізделіп, экономикалық іс-әрекет пен экономикалық тәртіптерге толықтай әсер етеді. Әрине, нақты нақты зерттеу мәселесіне және экономикалық теорияның белгілі бағыттарына байланысты оларды талдау әр түрлі деңгейде болады. Дегенмен же нарық, меншік, мемлекет сияқты негізгі институттарды ескермесе болмайды.
Микроэкономикалық талдаудың
қазіргі уақытта зерттеу
Микроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл адамдардың экономикалық іс-әрекеттері және олардың жүзеге асырылуында туындайтын жалпы экономикалық проблемалары. Микроэкономиканың зерттеу субъектілері болып жекелеген индивидтер, үй шаруашылықтары, фирмалар, өндірістік ресурстардың иелері, елдің ішіндегі және сыртындағы басқа фирмалармен байланысқан ірі корпорациялар, сондай-ақ, экономиканың тұтас саласы да табылады.
1.2.Микроэкономикалық базалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер
Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілеіді. Адамдардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын: қажеттілік, ресурстар, технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланыста болады. (1.4.)Бұдан мынадай экономикалық проблемалар туындайды.
«Қажеттілік» бойынша – не өндіреміз?
«Ресурстар мен технология» бойынша – қалай өндіреміз?
«Өнімдер мен қлданулар» бойынша – кім үшін өндіреміз?
Экономикалық теорияның
Не өндіреміз? – бұл қажеттіліктер бойынша берілген экономикалық жүйеде белгілі бір уақыт кезеңінде және қандай мөлшерде, мүмкін болаты тауар немесе қызмет түрінің қайсысы өндірілуі тиіс деген экономикалық мәселе.
Қалай өндіреміз? – бұл өндірілуі мүмкін тауардың немесе қызмет түрінің тандап алынған нұсқалары ресурстардың қанадй қисынымен және қандай технологияны пайдалану арқылы өндірілуі тиіс деген экономикалық мәселе.
Кім үшін өндіреміз? – бұл тандап алынған тауар немесе қызмет кімге арналып шығарылалы, олыр қалай бөлінеді және оны кім сатып алуы тиіс деген мәселе.
Қажеттіліктер – бұл
микроэкономикада басты термин болып
табылады және экономикалық субъектілерге
белгілі бір экономиклық қызмет
Көптеген экономикалық әдебиеттерде қажеттіліктерді екіге бөледі: бірінші және екінші қажеттіліктер.
Бірінші қажеттілік өз табиғатында физиологиялық болып табылады және де, әдетте, тұрмыста пайда болады. Бұған адамның тамаққа, суға, киімге деген қажеттіліктері жатады.
Екінші қажеттіліктің табиғаты психологиялық. Олар негізінен адамның интелектуалдық және рухани қызметімен байланысты. Екінші қажеттіліктерге білімге, өнерге, ойын-сауыққа қажеттілігі жатады.
Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.
Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.
Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.
Дегенмен, кез келген қажеттілікті түрге бөлумен жіктеу шарты: бір адам үшін алғашқы деп табылатын қажеттілік басқа адам үшін сәндік бұйым болуы мүмкін, немесе бұрын сәндік деп табылатын нәрсе, енді алғашқы қажеттілік қатарында болуы мүмкін. Мысалы: жоғарғы қажеттілік деп аталатын кітап.
Экономикалық қажеттіліктер жүйесінен - өндірістік, қоғамдық және жеке қажеттіліктер бөлінеді. Жеке қажеттіліктерді олардың даму деңгейі бойынша қарапайым денелік және жоғарғы(әлеуметті) қажеттіліктер болып жіктеліп, адамзат қоғамының даму деңгейімен түсіндіріледі. Олардың көлемі, құрылымы, саны қоғам мәдениетінің жалпы жағдайымен анықталады.
Тұлғаның, адамның қажеттіліктері – жеке қажеттіліктер болып табылады:
- өзінің икемділігі мен мойындауына дәл болатындай жанына жайлы жұмыс табу:
- өндіріс сипатына сай болатын ыңғайлы, нақтылы дәрежеде қолайлы жағдайда жұмыс жасау;
- өнертапқыштық, спорт, туризммен айналысу үшін оқуға мүмкіндіктің болуы, өзінің білімін тұрақты көтере білуі;
- жақсы жалақы таба білу.
Әрине, адам ой-мақсатын тек қана оның негізгі материалдық
қажеттілікпен шектеуге болмайды. Оның талап-тілегі әр түрлі, сондықтан атақты американдық социал экономисі Абрахам Маслоу арнайы қажеттілік пирамидасын ұсынған, онда барлық адамның әр түрлі қажеттіліктері мен ой-мақсаттары бейнеленген.
А. Маслоу қажеттіліктерді бес категорияға бөледі:
1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін қажет. Бұған тамақ, су, баспана, демалу жатады.
2. Қауіпсіздік, қорғану
және болашаққа сенімділік
3. Әлеуметтік қажеттілік
– бұл бір нәрсеге немесе
біреулерге қатыстылық сезімі, махаббат,
достыққа тұтыныс: сондай
4. Құрметтеуге қажеттілігіне
өзін-өзі құрметтеу, жеке
5. Өзін-өзі құрметтеу қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігі нжеке басының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.
Игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар. А. Маршалл игілікті – адамның қажеттілігін қанағаттандыратын қаланған зат деп анықтайды. Жан Батист Сэй игілікті – бізде бар және де біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын заттар деп қарастырады. Адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыратын заттардың қасиеті, оны әлі де оны игілік қылмайды. Осы фактты зерттеуге көп көңіл бөлген австриялық мектептің өкілі Карл Менгер болды. Сондықтан адам белгілі бір заттың оның қажеттілігін қанағаттандыратындығын білуі қжет, сонда ғана ол игілік болып табылады.
Игіліктің жіктелімі:
- экономикалық және экономикалық емес игіліктер
- өндірістік және тұтынушылық
- жеке және қоғамдық.
Біздің қаттілігімізге байланысты шектелген игіліктер экономикалық болып табылады. Бірақ біздің қажеттілігімізбен салыстырғанда шектелмеген көлемде болатын игіліктер бар(мысалы, ауа). Олар еркін немесе экономикалық емес игіліктер днп аталады.
Өндірілетін және тұтынылатын игіліктер немесе тікелей және жанама игіліктер. Кейде оларды төменгі және жлғарғы ретті игіліктер деп те атайды. Тұтынылатын тауарлар адамдардың қажеттіліктерін тікелей қанағаттандыруға арналған. Олар соңғы тауарлар мен қызметтер болып табылады. Өндірілетін игіліктер - өндірістік процесте қолданылатын ресурстар(станоктар, машиналар, ғимараттар, құрал-жабдықтар, жер, кәсіби дағдылар және квалификация).
Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктерге мысал ретінде: ұлттық қауіпсіздік, заңдар жиынтығы, қоғамдық тәртіп, немесе, заматтардың барлығысы, бірі қалмастан қолданылатын игіліктер болып табылады. Жеке игіліктер, тек қана ол үші н ақша төлегендерге пайдалануға беріледі. Мысалы: метрода жол жүру, кинотеатрға бару, студенттік асханада түскі ас – күнделікті ақшаға сатып алуға болатын әр түрлі жеке игіліктер.
Тауар немесе қызмет дегеніміз – бұл нарықтық экономикалық жүйеде сатылатын және сатып алынатын материалдық және материалдық емес игіліктер.
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1.Олардың өндірісі мен
2.Оларды мұраға қалдыруға
3.Оларды сақтауға немесе
Мұндай қажеттіліктер тікелей адамдар арасындағы әрекетке байланысты қанағаттандырады. Пайдалану мақсатына қарай заттай игіліктер мен тауарлар екі түрге бөлінеді.
- Тұтыну заттары (киім – кешек, тамақ баспана).
- Өндірістік құрал – жабдықтар немесе инвестициялық (машина, станоктар, зауыт құралдары).
Тауарды тұтынуға ма, әлде өндірісте ме қайсысына жататынын екі жағдайға байланысты анықтауға болады.
- Тауарды кім сатып алады – жеке адам немесе фирма.
- Тауар не үшін қажет: тұтыну тауарлары қажеттіліктерді қанағаттандырады, ал өндірістік тауарлар басқа тауарларды өндіру үшін пайдаланылады сондықтан олар қажеттіліктерді аралық түрде қанағаттандырады.
Тауардың екі түрі де ұзақ мерзім және қысқа мерзім аралығында пайдаланады. Кейде көп мерзім қолданылатын игіліктерді ұзақ уақыттық және қысқа уақыттық экономикалық игіліктерге бөлуге болады.
Игіліктерді өзара орын ауыстырушы және өзара толықтырушы тауарлар деп бөлуге болады. Орын ауыстырушы тауарларға тек тұтыну тауарлары мен өндірістік ресурстарды (Мысалы: май мен маргарин балмұздақ пен сусындар, плащпен пальто) ғана емес сондай ақ жол қызметтің жатқызуға болады және мәдени қызмет саласы т.б жатқызуға болады. Экономикалық игіліктерді қазіргі және болашақтағы деп бөлуге олады.
Ресурстар – қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыру тиіс экономикалық игіліктерді өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер.
Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалды және т.б. қызмет еттіреді. Технологиялық қатынасатар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді. Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістің технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамының және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табылады.
Ресурстардың шектеулігі – бұл барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігініңкөрсеткіші.
1.3. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар.
өндірістік мүмкіндіктер қисығы.
Ресурстардың шектеулілігіне байланысты экономикалық тандау деген мәселе туындайды. Экономикалық тандау проблемасы – бұл берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандырылу мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқаулардың ішінен ең дұрысын және жақсысын тандау.адамның, фирманың және тұтастай қоғамның алдында не, қалай, кім үшін өндіретінін,және де шектелген ресурстарды пайдалану сияқты проблемалар пайда болады. Экономика осы проблемаларды жай ғана қарастырмай, шешуне тырысады. Осыдан экономикалық рационалдылық деген ұғым туындайды.
Экономикалық рационалдылық немесе ұтымды шешім қабылдау дегеніміз – бұл рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау іс-әрекеті.
Ресурстардың шектеулілігіне байланысты тағы бір мәселе туындайды ло үнемдеу мәселесі болып табылады. Үнемдеу мәселесі – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсалуынан туындайтын мәселелер.
Игіліктердің шектеулігін және балама тәсілдердің ішінен тандап алу қажеттілігін ескере отырып, кез келген экономикалық қызметтегі шығындар проблемасын қарастыратын болсақ, онда төмендегідей қортындылар шығаруға болады. Белгілі бір игілікті алуға бағытталған кез келген әрекет дәл осы мезгілде басқа баламалы игіліктерді алудан бас тартуға мәжбүр етеді. Мысалы, 30 теңгеге 1 литр сүтті сатып алу үшін бір бөлке наннан бас тартуға тура келеді немесе темір құймадан гайка жасайтын болсақ. онда осы дайындамадан болт жасай алмайды.
Көп жағдайларда тандау мүмкіндіктері екі варианттан көп болады. экономикалық субъект әрбір баламалық нұсқаларда қолданылатын ресурстардың тиімділігін бағалап, нәтижесінде ең жоғарғы деңгейде болатын баламалық нұсқаны тандап алады.
Баламалы (альтернативті) шығындар – бұл жіберіп алынған немесе қолдана алмаған мүмкіндіктер шығындары. Бір өнімді өндіру барыысында құрбан болған немесе тандауға ие болмаған, сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындар. Балама шығынның кәдімгі өндірістік шығыннан айырмашылығын көре аламыз(1.5)
Экономикалық тандау
кезінде балама шығындарды есептеу
микроэкономикалық талдаудың
А
А игілігі
(мың дана)
С
. D
E
Б игілігі (мың т.)
Осы суреке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы станок өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы май өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды.
II бөлім.Микроэкономиканың методологиялық ролі
2.1. Микроэкономикалық талдаудың методологиясы және негізгі зерттеу әдістері
Микроэкономикалық талдау нақты бір методологиялық негіздерге сүйенеді. Методология – ғылыми тану мен зерттеудің құралдары мен принциптері, талдау түсінудің әдістері.
Микроэкономикалық теория мынадай методологиялық қағидаларға сүйенеді:
- шектелген экономикалық ресурстар тандау немесе тапшылық проблемасын туғызады;
- микроэконмикалық құбылыстар себеп-салдары байланыстардан тұрады;
- адамдардың іс-әрекеттерін, қабылдайтын шешімдерін алдын-ала анықтау мүмкін емес, бірақ олар туралы болжау жасауға болады;
- логиканың көмегімен болжауларға сүйене отырып, әр түрлі тұжырымдамалар жасалады;
- жасалған тұжырымдар практиканың көмегімен тексеріледі.
Жекелеген экономикалық субъектілердің тәртіптері мен мінез-құлықтарын түсіндірудің бағыттарына байланысты микроэкономикалық теория позитивті және нормативті микроэкономика болып бөлінеді.
Позитивті микроэкономика – не бар немесе не болу керек деген сұрақтарға жауап бере отырып дәл осы уақытта қалыптасып отырған нақты құбылыстар мен жағдайлардың фактілері мен байланыстарын зерттейді немесе оны басқаша айтсақ, ол нақты жағдайлармен ғана жұмыс істей отырып, іс-әрекеттің ғылыми көзқарастарын зерттеуге ұмтылады. Позитивті микроэкономика субъективтік бағалауға тәуелді болмайды.
Нормативті микроэкономика – экономика қандай болуы керек деген сұрақтың субъективті көзқарасын көрсете отырып, экономикадағы кейбір аспектілердің қолайлы және қолайсыздығын қарастырады. Мысалы, позитивтіде – «Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 10%-н құрайды» делінсе, ал нормативтіде – «Жұмыссыздықты қысқарту керек» деп айтылады. Тағы бір мысал: «Барлық жерде бірдей көлемде оқудың төлемақысы көбейсе, абитуриенттер саны азаяды» деген тұжырымды позитивті талдау сипаттаса, ал нормативті талдау осы жағдайға мынадай тұжырым жасайды: «Университеттерде білім алушы студенттер санының көп болуы үшін оқудың төлемақысын қысқарту керек». Бір сөзбен айқанда, «керек» немесе «істеу керек» деген сөздер кездесетін болса, онда бұл тұжырымды нормативті микроэкономикаға жатқызамыз. Экономистер арасындағы көптеген нақты келіспеушіліктер талқылауға негізделген нормативті әдіспен, саясатпен байланысты. Экономистер экономикалық модельдер мен теорияларды, олардың құрамдас элементтерін қалыптастыруға тырысады. Ең көп келіспеушіліктер біздің қоғамның қандай болуы керектігі жайлы әртүрлі көзқарастар мен баламалы талқылаулар төңірегінде туындайды. Баламалы талқылаулар мен нормативті тұжырымдар экономикалық саясаттың жүзеге асырылу барысында пайда болады.

- Микроэкономика и ее проблемы
- Микроэкономика. Издержки и доходы фирмы
- Микроэкономика кривая предложения на ресурсы
- Микроэкономиканың негізі
- Микроэкономика: ограниченность ресурсов и границы производственных возможностей
- Микроэкономика: предмет, объект, метод. Экспресс-подготовка к экзамену.
- Микроэкономика рынка
- Микроциркуляция
- МикроЭВМ на базе микропроцессора КР580ВМ
- Микро ЭВМ на МПК
- Микроэкология
- Микроэкономика
- Микроэкономика
- Микроэкономика