Микрофондар

микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындардыдыбыстық сигналдарға айналдырады, дәлірек айтса акустикалық тербелісті электрлі тербеліскеайналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радиохабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаныэтимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналғаайналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегіэлектр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқадиафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттікүнтаспага түсіріледі. Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофоидарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп. Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар электродинамикалық (катушкалы, ленталы),кондансаторлы, пьезоэлектрлі, электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге,стерефониялық, тік бағытты, көп бағытты, шағын көлемді радиомикрофондар болып та сараланады. Радиода, теледидарда катушкалы, конденсаторлы, ленталы микрофондар көп қолданылады. Электродинамикалық катушкалы микрофондардың теледидар орталықтарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен-күнге жаңартылып, өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенмен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де дзаиндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету функциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен,пьезоэлементген жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағының ауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды. Пьозоэлектрлімикрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстық эффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік ра-диобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады, әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды. Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа сияқты магниторналастырылып, арасына фольгадан жасалған осы тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп,магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасынакатушка орналастырылған. Диафрагманың тербелісі кезінде катушка бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы пайда болады .

Мазмұны

 

  • 1 Конденсаторлы микрофон
  • 2 Микрофондар сезімталдығы
  • 3 Сілтемелер
  • 4 Сыртқы сілтемелер
  • 5 Пайдаланған Әдебиет

Конденсаторлы микрофон[өңдеу]


Конденсаторлы микрофон - сапалы, қызмет көрсету мерзімі ұзақ микрофондар типіне жатады. Бұлар өздігінен электр куатыншығармайды, сондықтан жұмыс барысында қосымша ток күші қозғалмалы электродқа әсер ететін полимер пленкаданжасалынған. «Дөңгелек үстел» өткізгенде, немесс шағын топ қатысқан хабарларды жазған кезде осы конденсаторлы микрофон ыңғайлы болып табылады. Конденсаторлық микрофондардың конденсаторына тұрақты электр заряды қосылған, яғни косымшаток күшінің қажеті жоқ.

Микрофондар сезімталдығы[өңдеу]


Қоршаған ортадан түсетін дыбыс толқындары микрофон диафрагмасына эсер еткен уақытта эр түрлі тербелісте болады. Әр түрлі болуы дыбыс толқынының қай жақтан эсер етуіне қарай өзгереді. Сол себепті, микрофон диаграммасын негізі үш типке бөлуге болады: дөңгелек, жүрекше тәрізді және сегіз санының пішіні түрінде. Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс принциптеріне байланысты. Микрофонның сезімталдығы деген ұғым түскен сигналмен шығатын дыбыс қысымыныңбірлігімен айқындалады. Ол бірлік децибелмен өлшенеді. Сонымен, микрофонның сезімталдығы ең төменгі электрлі сигналарқылы анықталады, күшейткіштен дыбыстың шығуы арқылы байқалады. Кейбір бағытталған микрофондардьщ сезімталдығы аса нәзік, егер микрофон өздігінен сәл ауытқитын болса қабылдағыштық қасиеті азаяды. Микрофонға қойылатын өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасалуы қажет және ол құралдың өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы керек; шыққан сигналға кедергілер болмауы тиіс; аппаратқа қосылған соң жиіліктегі дыбыстардың біркелкі берілуі қажет.[1][2]

 

 
^ Радионың техникалық құралдары. 
 
 
Микрофондар – акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі – гректің «mikro» - аз, шағын, «phone» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден - бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Индукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі.  
 
Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофондарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп. Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар электродинамикалық (катушкалы, ленталы), конденсаторлы, пьезоэлектрлі, электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге, стерефониялық, тік бағытты, көп бағытты, шағын көлемді радиомикрофондар болып та сараланады. Радиода, теледидарда катушкалы, конденсаторлы, ленталы микрофондар көп қолданылады. Электродинамикалық катушкалы микрофондардың теледидар орталықтарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен күнге жаңартылып, өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенмен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де, дизайндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету функциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен, пьезоэлементтен жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағының ауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды. Пьозоэлектрлі микрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстық эффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік радиобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады, әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды. Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа сияқты магнит орналастырылып, арасына фольгадан жасалған осы тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп, магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманың тербелісі кезінде катушка бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы пайда болады.. 
 
Конденсаторлы микрофон – сапалы, қызмет көрсету мерзімі ұзақ микрофондар типіне жатады. Бұлар өздігінен электр қуатын шығармайды, сондықтан жұмыс барысында қосымша ток күші қозғалмалы электродқа әсер ететін полимер пленкадан жасалынған. «Дөңгелек үстел» өткізгенде, немесе шағын топ қатысқан хабарларды жазған кезде осы конденсаторлы микрофон ыңғайлы болып табылады. Конденсаторлық микрофондардың конденсаторына тұрақты электр заряды қосылған, яғни қосымша ток күшінің қажеті жоқ.  
 
Конденсаторлы микрофондардың жетілдірілген электредті түрі МКЭ – 4М. Бұл дыбыс жазу құралы телерадиохабарлар жасауға, студияларда музыканың, сөздің жазылуына, театрларда, концерт залдарында пайдалануға арналған. Электретті микрофондардың тағы бір түрі – МКЭ – 5. Бағытталмаған, орындаушының кеудесіне қысқыш арқылы бекітілетін шағын микрофон. Арнайы ток көзі қолда немесе қалтада сақталады.  
 
Қоршаған ортадан түсетін дыбыс толқындары микрофон диафрагмасына әсер еткен уақытта әр түрлі тербелісте болады. Әртүрлі болуы дыбыс толқынының қай жақтан әсер етуіне қарай өзгереді. Сол себепті, микрофон диаграммасын негізі үш типке бөлуге болады: дөңгелек, жүрекше тәрізді және сегіз санының пішіні түрінде. Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс принциптеріне байланысты. Микрофонның сезімталдығы деген ұғым түскен сигналмен шығатын дыбыс қысымының бірлігімен айқындалады. Ол бірлік децибелмен өлшенеді. Сонымен, микрофонның сезімталдығы ең төменгі электрлі сигнал арқылы анықталады, күшейткіштен дыбыстың шығуы арқылы байқалады. Кейбір бағытталған микрофондардың сезімталдығы аса нәзік, егер микрофон өз осінен сәл ауытқитын болса қабылдағыштық қасиеті азаяды. Микрофонға қойылатын өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасалуы қажет және ол құралдың өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы керек; шыққан сигналға кедергілер болмауы тиіс; аппаратқа қосылған соң жиіліктегі дыбыстардың біркелкі берілуі қажет. 
 
Динамикалық микрофондар қолдануға ыңғайлы, сапалы мықты болып табылады. Ал, конденсаторлық дыбыс қабылдағыштар керісінше осал келеді. Мысалы, қатты қозғалыста жүретін өнер көрсетушілердің қимыл- әрекеттерінен микрофон құрылымы өзгеріске түсіп қалуы мүмкін. Мұндай сәттерде – электродинамикалық микрофондар қолайлы. Тек қана кабельдердің жалғанбай немесе ажырап қалмауын қадағалаған жөн. Кейбір табиғат өзгерістері кезінде, мысалы, далада, жел өтінде т.б жағдайларда журналистерге жұмыс істеу сәті тууы мүмкін. Ондайда, төзімді болып табылатын ленталы микрофондар. Яғни, студиядан тыс жұмыс кезінде осындай құралдармен жарақталған абзал. Микрофондарды қолдану кезінде формасына, түріне, салмағына көңіл бөлу қажет. Қажетті жағдайларда микрофондарды таңдау тәжірибелі дыбыс режиссерлеріне тапсырылады. Аудиториясының көлеміне, жазылатын хабарлардың барысына орай микрофондар үстелдік, едендік, аспалы және кеудеге тағылатын болып бөлінеді. Әр түрлі жағдайда микрофонмен жұмыс істеу әр қалай болып келеді. Егер орындықта отырған адамның сөзі жазылатын болса оның аузынан 30 –40 см. жерге микрофон қойылуы тиіс. Қағаздан оқылуға тиісті сөз болса, онда қағаз столда жатуы керек, қолға ұстап тұрған болса сыбдыры жазылып қалады. Парақтарды ауыстыру қажет болған жағдайда жұмсақ, сықырламайтын қағаздарды пайдаланған жөн. Немесе, парақты аудармай-ақ баспалдақ тәріздес етіп жылжытып отыру керек. Сонан соң сөйлеушінің қолы арқылы қозғалып кетпеуін бақылау қажет. Мұндай жағдайларда көбінесе кеудеге тағылатын «петличка» микрофоны ыңғайлы болып табылады.  
 
Егер хабарға қатысушы екі адамның сөзін жазу керек болған жағдайда үстелдің бұрышын орталарына қалдырып не болмаса бір жағына жақын етіп отырғызып, олардың әрқайсысынан микрофонды 40 – 50 см. жерге орналастыру керек. Егер көп адам қатысатындай болса доға тәріздес етіп орналастырған жөн. Ал, музыкалық ансамбльдер болса, онда тік тіреуге дыбыс қабылдағышты бекіту керек.  
 
Үй жағдайында дыбыс жазу қажеттігі болған кезде үй ішінде артық шу беретін заттардан (сағаттың тықылы, телефонның шылдыры, су ағардың дыбысы т.б.) босатып, неғұрлым дыбыстың өшуі процесіне қатысты заттармен (кілем, қалың төсеніштер, жұмсақ мебельдер т.б.) қамтылғаны дұрыс. Әрине бұл айтылғандар микрофонды пайдаланудың шағын ғана түрлері. Оның әр түрлі жағдайларда қолданылатын көптеген әдіс-тәсілдері бар. Тәжірибелі инженерлер дыбыс режиссерлері жазылуға тиісті хабардың пішінін, жанрын, маңызын т.б. жағдайларын алдын-ала зерттеп барып орналастыруы тиіс, немесе озық технология үлгілерін пайдаланулары мүмкін.  
 
Электронды журналистиканың өнімдері ұжымдық болып саналатындықтан техникалық немесе шығармашылық топтар бірлесе еңбек еткенінің нәтижесінде жақсы хабарлар өмірге келеді. Сондықтан, хабардың көркемдік жағына шығармашылық топ жауапты болса, техникалық жарақтандырылуына техникалық топ мүдделі.  
 
Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс приципіне байланысты. Микрофон құралына қатысты өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасауы және ол микрофонның өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы қажет, шыққан сигналға кедергілер болмауы керек, барлық жиіліктегі дыбыстар аппаратқа қосылған соң біркелкі берілуі қажет. Сонда дыбыс деңгейі бірқалыпты болып, жазылған дыбыс сапасы жақсарады.  
 
Микрофондар қолданылу қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: су асты тербелісін жазатын құралдар - гидрофон, жер қабатындағы дыбысты - геофон, ал ауадағы дыбысты жазатын құрал - микрофон деп аталады. Электрониканың дамуы күннен-күнге қарқын алуда. Бұл құралдардың тек дизайны ғана емес, атқаратын функциялары да жетілдірілуде. Дыбысты сезгіштік қасиеттері артып, дыбыстың жазылу сапасы да жақсара түсуде. Ең сапалы микрофондар қатарынан электретті микрофондар көрінуде. Жартылай кәсіби немесе тұрмыстық жағдайда қолданылатын шағын, бағытталмаған МКЭ – 3, кардиоидты, бір бағытты МКЭ – 9; бір бағытты МКЭ – 271 ( бұрынғы МКЭ – 100) маркалы магнитофондар музыканы жазуда табысты қолданылуда. Әр түрлі радиомикрофондар өте кең таралып, қолданыс табуда. Аса озық технологияларда қолданылатын С414XLS, CGN321E, CGN523 және СНМ – 21 сияқты микрофондар дүниежүзілік масштабта өзіндік орын алуда. Ал, AS – SP8 800P, AJSDG 615 маркалы видиокамералар және олардың микрофондары озық үлгідегі құралдар болып саналуда. Бұл құралдарды өндірушілер әлемге әйгілі SONY, Panasonic, JVC, Thomson секілді фирмалар.  
Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

Тарихы[өңдеу]


1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің  Шешендік өнер мектебінің профессоры  Грехем Белл ең алғаш рет  байланыстырушы сымдардың көмегімен  өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл  жаңалығы тарих бетінде телефон  деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын  тілінен аударғанда, «қоңырау» деген  мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт  өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық  институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын  қазір әлем халқының жартысына жуығы  күнделікті қолданып отыр

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы  нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп  жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы  еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм  тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары  орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.

 

 
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.

Ұялы телефон қазіргі заманда  адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

 

Түрлері[өңдеу]


Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:

  • Жай ұялы телефон/смартфон
  • Ұялы бейнетелефон

Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б.

Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS,Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.

Смартфон (ағылш. smart — білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.

Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.

 

Барысы:

  1. Телефонның шығу тарихы
  2. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
  3. Телефонмен сөйлесу мәдениеті

 Бүгінгі өмірді телефонсыз  елестету қиын-ақ. Телефон тарихы  ХІХ ғасырдан бастау алады. 1861 жылы неміс физигі және өнертапқышы  Иоганн Филипп Рейс музыкалық  дыбыстар мен адам дауысын  желі арқылы тарата алатын  құрылғы жасады. Ал, 1876 жылы Филадельфиядағы  электротехникалық көрмеде шотландтық  тегі бар американдық Александр  Белл алғаш рет “сөйлейтін  телеграфын” таныстырды. Мінекей  содан бері телефон көп өзгеріске  ұшырады, 

Ұялы телефон - радиожелі  арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

1875 жылдың 2 маусымында Бостон  университетінің Шешендік өнер  мектебінің профессоры Грехем  Белл ең алғаш рет байланыстырушы  сымдардың көмегімен өз көмекшісінің  даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың  бұл жаңалығы тарих бетінде  телефон деген атпен қалды.  Бір қызығы, өнертапқыштың есімі  ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау»  деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық  институтының түлегі Мартин Купердің

өнертапқыштық бұл жаңалығын  қазір әлем халқының жартысына жуығы  күнделікті қолданып отыр.

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің  басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде  серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады.

Купердің өзі таратқыштан  сигнал жіберу хаттамасының негізгі  құрастырушысы еді. Ал ол қолданған  телефонның салмағы, яғни ең алғашқы  ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары  орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа  Күншығыс елі зор қызығушылық  білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын  алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.

Қазір әлемде ұялы телефондардың  қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің  барлық саласында қолданылуда.

Ұялы телефон қазіргі  заманда адамның ажырамас көмекшісіне  айналды.

Ұялы телефондарды мынадай  түрлерге бөлуге болады:

Жай ұялы телефон/смартфон

Ұялы бейнетелефон

Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б.

Жай ұялы телефонда қоңырау  шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері  фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары  бар. Бұл қатар уақыт өткен  сайын көбейіп барады. Cмартфон (ағылшынша - білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді.

Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды  қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.

Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.

 

Заман ағымына қарай бүгінде  екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға  түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және  басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай  заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек  адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып  аласыз.

Әрине, мұны шығарған адамдар  оны әу баста ел игілігі, байланыстың  тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер, жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін қалтафонды есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа  беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады, жалайды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.

Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу  құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың  бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы  қалтафонмен  өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде  сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа  тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.

Қалта телефонының  және бір  еліктіргіш тұсы – ұялы агент. Онымен қазір бәрі шұғылданады. Бұл агентке  компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе,  шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің  барлық адамымен танысуға болады. Осы  турасында танысымнан естігенімдей, бір сыныпта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады  екен. Сондағы бар жазатындары  – бір-бірімен танысу. Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, оқушы бала партаның астынан ұялы телефон арқылы агентте отырады. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді. Міне, көрдіңіз бе, титімдей телефонның қаншама нәрсеге залалын тигізіп отырғанын.

Байғұс ата-ана бар жиған-тергенін баласының аузына тосып, одан қалса  телефонды  несиеге әпереді. Онымен қоймай, ай сайын ішіне ақшасын  да салып отырады. Сонда бұл кімге  пайда, кімге зиян? Біздіңше, баршылыққа салынып, жас баланы қымбат заттарға әуес етпеу керек. Біріншіден, ол баланың  мінезін өзгертеді, екіншіден, сабақтан қалдырады, үшіншіден, менмендікке  әкеледі.

 

Жақында шетелде өткен  конференцияда «ұялы телефон  ер адамның ұрығына арақ пен темекіден  екі есе көп зиян келтіреді» деген  тұжырымдар жасалды.

Қазір шет мемлекеттердің кейбірінде 16 жасқа дейінгі балаларға  ұялы телефонды ұстауға тыйым  салынған. Және «әр адам ұялы телефонды  өзінен кем дегенде 1 метр қашықтықта қоюы керек» деген тәртіп енгізуде. Олар ұялы телефонды алыстан басқару  тетіктері немесе құлаққап (наушник) арқылы пайдалануға көшіп жатыр.

Ал  бізде телефонын  басына жастап ұйықтап, таңертең соның  шырылымен оянатындар аз емес. Бұл  баста ісік тудыруға «көмектесетінін» ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Енді ұялы телефонның ер адамдардың репродукциялық  (бала туғызу) қызметіне айрықша  зиян екені айтылуда.

Ұялы телефондар денсаулыққа  зиянды  Телефон арқылы қысқа сөйлесу керек. Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде былай делінген «Еуропада жүргізілген зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті». Мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды. Анкара дәрігерлер палатасы мәлімдемесінде ұялы телефондар мен олардың станцияларының адам денсаулығына әсерінің кабельсіз байланыс жүйелері құрылғалы бері талас болып келе жатқанына назар аударылды. Ұялы телефон және станцияларының бір-бірімен байланыста әуеден радио сигналдары жолдап, жұмыс істегені айтылған мәлімдемеде «Алайда әуе кеңістігіндегі сигналдардың бөлінуі үшін қала орталығы секілді көп адам бар жерлерде төмен деңгейлі сигнал станциясы құрылуы керек. Байланыс әуе жолы арқылы болғандықтан сигнал төңірекке тарайды және жандыларға міндетті түрде әсер етеді» деп жазылды.

Мәлімдемеде сондай-ақ былай  делінді: «5 Еуропа елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда  кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен  бірге ДНК-дағы өзгерістер, нерв клеткаларындағы  өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда

Ұялы телефон станциялары  денсаулыққа қауіп төндіргендіктен, мектептердің ауласы, бала бақшасы, ауруханалар, саябақтар секілді қариялар, балалар  мен науқастар көп болатын  мекендерге құрылмауы керек».

 

Аталмыш мәлімдемеде ұялы телефон қолданған кезде ұмытылмауы керек ұсыныстарға орын берілді:

-Ұялы телефонмен мүмкіндігінше  қысқа сөйлесу керек. Қажеті  жоқ әңгімеден аулақ болу керек,  жақын жерде тұрақты телефон  болса соны қолдану керек. 

-Ұялы телефонмен сөйлескен  кезде балалардан алыс жерде  болу керек. 

-Аяғы жүкті әйелдер  ұялы телефон қолданбауы керек,  үйде ұялы телефон жабық ұсталуы  қажет. 

-Әсіресе нерв жүйелеріне  әсер ететіндіктен балалардың  ұялы телефон қолдану жастары  кешіктірілуі керек. /18 жастан бұрын қолдану ұсынылмайды./

-Ұялы телефон құлаққап  арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефорнның мидан алыс болуы қамдалуы керек.

-Телефонның сөйлесуден  басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек.

-Ұялы телефон арқылы  қысқа сөйлесу әдетке айналу керек, қысқаша мағлұмат берілетін кезде SMS қолданылуы керек, ұзын мерзімді сөйлесуді насихаттайтын кампанияларға кедергі жасалуы қажет.

-Ұялы телефондар ең  көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жихазды құлаққа жақындату ең сенімдісі.

-Қарапайым телефон, яғни  кабельді телефон болса сонымен  сөйлесу керек, осындай телефон  болған кезде ұялы телефон  жабық тасталуы керек. 

-Топтық тасымал көліктерінде  электрондық хабарласу жүйелері  болымсыз әсер етеді. Сондықтан  жол апатынан аулақ болу үшін көліктерде ұялфы телефон жабық ұсталуы қажет.

-Телефон сатып алған  кезде SAR көрсеткіші барлары таңдалуы  керек. Өндірушілер телефондардың  SAR көрсеткішін қорабының үстіне жазу тақырыбында мәжбүр болуы керек. Қолданушылар жихаз таңдауда саналы болуы қажет. SAR көрсеткіші 0,1 W/kg және одан да төмендері таңдалуы керек.

-Көлік жүргізіп отырған кезде телефон қолданбау қажет. Жедел түрде сөйлесу керек кездерде де көлік сенімді жерге тоқтатылып, сөйлесу керек. "TRT телеканалы".

 

Технология күн сайын  жаңарады, зияны қандай?

Әсіресе, жас бүлдіршіндер виртуалды әлемнің арқасында  уақыт еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке қызығушылығы төмендейді.*

Жаңа технологиялардың дамуы  арқасында ғаламтор қарапайым адам өмірінің айнымас бір бөлігіне айналғалы қашан? Әсіресе, компьютер ойындары мен ұялы телефондағы мобильді агент бағдарламасының балалар мен жастарға әсері қандай?

Ғаламтордағы ойындар  Алайда тек 2002 жылы наурыз айында 21 жасар  америкалық Шон Вили виртуалды ЕverQuest он-лайн ойынында жеңіліске ұшырап, өзіне-өзі қол жұмсағаннан кейін ғана әлем дәрігерлері дабыл қақты. Қазіргі кезде ғаламторға еркін ену мүмкіндігі бар 17-18 жас шамасындағы жеткіншектердің арасында дәл осы компьютерлік ойындар үшін айлап далаға шықпайтындары да кездеседі. Тіпті, кейбіреулері он-лайн ойынынан бір сәтке де қол үзбес үшін агорафобиямен (ашық кеңістіктен қорқу) ауырамын деп мүгедектік алуға тырысқан екен.

Психологтардың зерттеуінше, компьютерлік ойын үстінде адамның  ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті және рефлекстері  жұмыс істейді екен. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі  күнделікті өмірде іс-қимыл траекториясы мен қашықтықты есептеуде қателіктерге бой алдырады. Себебі, 3D-бейнелер кеңістігі шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды.

 

Осының кесірінен физикалық іс-әрекетке тек адам саусақтары түсіп, тендонит — қол саусақтары сіңірлеріне шамадан тыс күш түсіру нәтижесінде пайда болатын дертке ұшырайды. Әлемде компьютермен жұмыс жасайтын әрбір екінші адам осы аурумен ауыратын көрінеді.

Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе, жас бүлдіршіндер виртуалды әлемнің арқасында уақыт еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке қызығушылығы төмендейді. Ол ас ішу уақытын өткізіп, ұйқы тәртібін бұзып, сыртқы келбеті мен жеке гигиенасына аз уақытын бөледі. Сөйтіп, саусақтары пернетақта басып отырғандай қалтырап, бас ауруы жиілеп, көздері ашып, ұйқы барысында көретін түстерінің мазмұны өзгеріп, арқасы да сыр бере бастайды. Компьютерлік ойындарды көп ойнайтын адамдар көп жағдайда мойын остехондрозы, геморрой және простатит ауруларына ұшырайды.

Ұялы телефондағы «әлем»

Қазір ұялы телефондар оятқыш сағаттарды нарықтан қуып жібермегенмен, біраз ысырып тастады. Адамдарды жұмыстан, балаларды сабақтан қалдырмай, оларды ұйқыдан оятатын болды. Тіпті, ең арзан саналатын 4 мың теңгенің қалтафоны қараңғыда келе жатқан адамға «фонарик» қызметін ұсынады.

Қазір мектеп жасындағы балалар мен жұмыста жүрген жастар ұялы телефоннан бір елі ажырамайды. Түнде ұйықтағанда да қастарына алып жатады. Бұрын құлаққап арқылы музыка тыңдап, жан-жағындағы әлемде шаруалары болмаса, қазір одан зоры шықты. Олар ғаламтор арқылы мобильді агент (м-агент) бағдарламасын ұялы телефон жадысына көшіріп алады да, әлемнің әр түкпіріндегі әртүрлі жастағы адамдардан дос тауып, сөйлеседі. Жөні түзу әңгіме айтса, жақсы ғой. Олардың не туралы айтып жатқанын тексеріп  жатқан да ешкім жоқ. Әйтеуір, қалтафондары қолдарынан түспейтін болды. Мұғалімдердің де сабақ үстінде кей оқушылардың осы кәсіппен айналысатынын айтатынын естіп жүрміз. Мұғалімнен қорықпаған бала, әрине, үйде тіпті еркін емес пе?

Үйінде титтей де шаруа  жасамай, керісінше, қолындағы ұялы телефоннан бас алмай отыратын балалар  мен жасөспірімдерді де көріп жүрміз. Жаңа технологияның жақсылығы сол — осы арқылы кей жастар достасып, кездесіп, шаңырақ көтеріп те жатыр. Жамандығы жетіп артылады: ұялы телефонның пернетақталарын басамын деп, саусақ пен қолға шамадан тыс күш түсіп, «хат келді» деген белгіні күтіп, осы кездегі желідегі келеңсіздіктерден жүйке де жұқарады, магнитті өрістер де әлсіретеді. Осылайша балалар мен жастар дертке шалдығады.

Дәрігер мамандардың мәлімдеуінше, Еуропада жүргізілген зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетіпті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке жасушаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да бар. Мәлімдемеде «Алайда әуе кеңістігіндегі сигналдардың бөлінуі үшін қала орталығы секілді көп адам бар жерлерде төмен деңгейлі сигнал станциясы құрылуы керек. Байланыс әуе жолы арқылы болғандықтан сигнал төңірекке тарайды және жандыларға міндетті түрде әсер етеді» деп жазылды. Ғалымдар сондықтан да ұялы телефон станциялары денсаулыққа қауіп төндіргендіктен, мектептердің ауласы, балабақшалар, ауруханалар, саябақтарда, яғни, қариялар, балалар мен науқастар көп болатын мекендерге құрылмауы керек деген шешімге келіп отыр.

Біліп жүріңіз! Ұялы телефон қолданған кезде мына ережелерді үнемі есте сақтаңыз әрі өзіңіз соған жол бермеңіз!

Ұялы телефонмен мүмкіндігінше  қысқа сөйлесу керек. Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болыңыз! Жақын жерде тұрақты телефон болса, соны қолданғаныңыз дұрыс.

Ұялы телефонмен сөйлескен  кезде балалардан алыс жерде болу керек.

Жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет.

Әсіресе, жүйке жүйелеріне әсер ететіндіктен балалардың ұялы телефон  қолдану жастары кешіктірілуі керек. /18 жастан бұрын қолдану ұсынылмайды/.

Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефонның мидан алыс болуы қамдалуы керек.

Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолдануды шектеген жөн.

Ұялы телефон арқылы қысқа  сөйлесу әдетке айналуы керек, қысқаша  мағлұмат берілетін кезде SMS жүйесі қолданылуы керек, ұзақ мерзімді сөйлесуді  насихаттайтын кампанияларға кедергі  жасалуы қажет. Ұялы телефондардың  ең көп радиация тарататын кезі — телефон шырылдаған кез және сіз терген нөмірге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін құлаққа жақындатқан дұрыс.

Қарапайым телефон, яғни, кабельді телефон болса, сонымен сөйлесу  керек, осындай телефон болған кезде  ұялы телефон жабық тасталуы керек.

Топтық тасымал көліктерінде электрондық хабарласу жүйелері де кей жағдайда әсер етеді. Сондықтан  жол апатынан аулақ болу үшін көліктерде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет.

Көлік жүргізіп отырған кезде телефон қолданбау қажет. Жедел түрде сөйлесу керек кездерде де көлік сенімді жерге тоқтатылып, сөйлесу керек.

Телефон сатып алған кезде SAR (Specific Absorprtion Rate) көрсеткіші көрсетілуін  қадағалаңыз. SAR көрсеткіші 0,1Вт/кг және одан да төмендері таңдалуы керек.

SAR (Specific Absorprtion Rate) — қарапайым  тілмен айтқанда, мобильді телефонның  қауіпсіздік көрсеткіші. Яғни, бір  килограмм миға әсер ететін  ватт өлшеміндегі қуаттың сәулелену  көрсеткіші. Аталған көрсеткіштің  өлшем бірлігі — Вт/кг. Ғалымдар  мобильді телефонның қауіпсіздігін  осы көрсеткішпен байланыстырады. Неғұрлым SAR көрсеткіші аз болса,  соғұрлым телефоныңыздың зиянды  сәуле бөлу деңгейі де төмен.  Мәселен, кейбір ұялы телефон  түрлеріне тоқталсақ: Nokia 3130 — 1.24 Вт/кг.,  Nokia 6210 — 1,19 Вт/кг.

 

Интернет Қауымдастықтың мәліметінше, орташа есеппен алғанда  қазақ тіліндегі ресурстар саны жылына 20%-ға өседі. Бір қызығы, аталған  уақыт ішінде орыс және өзге тілдегі  сайттардың өсу қарқыны 7%-ға азайған. «Қазақ тіліндегі сайттар бірте-бірте  өз аудиториясын жаулай бастады. Мысалы, 2004 жылы Қазнеттегі ресустың 82 пайызы орыс және басқа тілде болатын. 2009 жылдың соңына қарай бұл сан 15 пайызға  азайды»,

Бүгінде ұялы телефон адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Өкінішке орай, қысқа да нұсқа сөйлесуге, немесе СМС хабарлама жазуға әдеттенген жастар арасында сөйлесу мәдениетінің деңгейі төмендеп бара жатыр. Мәселен, қоғамдық көліктерде жанындағы адаммен  санаспай, телефон арқылы дауыс көтере сөйлесіп отырғандарды жиі көруге болады. Осыдан барып, біздің елде ұялы телефонмен сөйлесу мәдениеті екінші орынға қалып қойған жоқ па деген ой туады.

Факира Муртазина, Лингвистикалық колледждің психологы: «Сөйлесу барысында  бір-бірін есту үшін жаймен сөйлессе де болады ғой, бұл сөйлесу мәдениетіне  жатады. Ал бұл біздің елде қажетті  деңгейде қалыптаспаған және дамымаған.»

Бір айта кетері, ұялы телефонмен сөйлесу әдебін ескерген көршілес ресейліктер  жақын арада арнайы хартия қабылдады. Елдің белгілі азаматтары қол  қойған бұл құжатта, адам көп шоғырланған  қоғамдық орындарда, яғни театрлар мен  медицина мекемелерінде, сондай-ақ, ұшақта ұялы телефонды пайдалануға және сөйлесіп отырып көлікті басқаруға  тыйым салу қарастырылған. Бізде  мұндай құжат қабылданбақ түгілі ол туралы жақын арада сөз қозғалуы екіталай. Ұялы байланыс компаниясының  өкілдері мұндай мәдениетсіздікті тыю  үшін өзге елдің тәжірибесіне тездетіп назар аудару керек дейді.

Дина Едігеева, Ұялы байланыс компаниясының қызметкері:«Батыс елдерінде  ұялы телефонмен сөйлесу мәдениеті  ережелері бұрыннан енгізілген. Тіпті  әкімшілік шараларда қолданылады. Италияда театрларда ұялы телефон киімдерімен  бірге гардеробқа тапсырылады. Бізде  де алғашқы қадамдар жасалынуда.»

Тағы бір мысал ретінде  Күн шығыс елін алуға болады. Мәселен, Жапонияда әдептілікті сақтау үшін метроларда немесе электрмен жүретін  көліктерде телефон дыбысын толығымен  сөндіріп тастайды екен. Ал, қоғамдық орындарда  дауыс көтіріп сөйлеу әдепсіздік саналады. Осындай қатаң тәртіпті біздің елге де енгізу қажет-дейді алматылық  тұрғындар.

Микрофондар