Минералды тыңайтқыштар

Минералды тыңайтқыштар

Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне  қажет элементті қоректік элемент  дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі  үшін қажет қоректік элементтердің  маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде  өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты. Құрамында қоректік элементтер болатын заттарды тыңайтқыштар деп атайды.

Шығу тегіне қарай органикалық  және бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді .Тыңайтқыштар — өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады. Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор. Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттыра¬ды. Топырақтағы өсімдікке қоректік элементтердің көпшілігі өсімдік сіңіре алмайтын қосылыс түрінде, мәселен, 1 гектар күлгін және қара топырақта 3...100 тонна азот қоры бар, осының 1 проценттейі ғана өсімдікке сіңімді түрде болады. Еліміздің әр түрлі топырақтары өзінің физикалық, химиялық қасиеттері, құнарлығы және жалпы энергиясы жағынан үш класқа бөлінеді: бірінші, екінші класқа қара топырақтар, үшінші класқа сұр топырақтар жатады. Түрлі аймақтардағы климаттың, топырақ түзілген аналық тау жынысының, өсімдіктердің ерекшеліктеріне байланысты әрбір топырақтарда қарашірік мөлшері де түрліше болады. Бір гектар қара топырақтың 0—20 см қабатында қарашірік қоры 90...140 тонна, 0—100-см қабатында 250...550 тонна болса, сұр топырақтардың жоғарыда аталған қабаттарында қарашірік қоры 30...80 тоннадай болады. Сұр топырақ құрамындағы қарашіріктің қоры жағынан қара топырақтарға қарағанда кедей болуына қарамастан, құрамындағы микроорганизмдердің саны жағынан қара топырақтағы микроорганизмдерден анағұрлым артық болады. Мәселен, 1 грамм сұр топырақтарда — 218,5 млн микроорганизм болса, қара топырақ¬тарда тек қана 57,4 млн микроорганизмдер бар. Мұның өзі сұр топырақтардағы әртүрлі биологиялық, физикалық және химиялық жұмыстарының белсенділігінің артуына және дақылдардың өнімін молайтуға жағдай жасайды. Жүргізілген зерттеулердін нәтижесінде топырақтағы негізгі минералдық қоректік заттар — азот, фосфор, калий т. б. тыңайтқыштардың өсімдікке әсер етуі арасында белгілі бір байланыс бар екені анықталады. Егер топырақта өсімдікке сіңімді фосфор көп болса, фосфор тыңайтқыштарын енгізуден егіннің түсімі онша артпайды. Мәселен, күздік қара бидай мен күздік бидай көктемде қыстан әлсіреп шығады. Осы кезде өсімдікке қоректік элементтер өте қажет, бірақ топырақта өсімдікке сіңімді азот жетіспейді, өйткені күзде жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең қабатына жуып әкетеді, ал нитрлеуші бактериялар әрекеті ерте көктемдегі салқын әсерінен баяулайды. Жаздық дәнді дақылдарды себу кезінде және олардың өсуінің алғашқы кезеңінде де топырақта өсімдікке сіңімді азот мөлшері жеткіліксіз болады, сондықтан осы кезде тынайтқыш, әсіресе, азот тыңайтқыштарын енгізгенде (күздік дақылдарды көктемде үстеп қоректендіру, жаздық дақылдар тұқымын тыңайтқыш қосып себу) өсімдік тез және жақсы өседі. Егер топырақта қажетті элементтердің біреуі жетіспесе, өсімдікке екінші элементті тиімді пайдалануға мүмкіндік болмайды, соның салдарынан өсімдік нашар жетіледі және егін түсімі кемиді. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы екі топқа бөлінеді. Олар: 1) минералдық тыңайтқыштарды аз мөлшерде кажет ететін масақты дәнді дақылдар — жаздық және күздік бидай, арпа, сұлы т. б. 2) минералдық тыңайтқыштарды көп кажет ететін техникалық дакылдар — мақта, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жоғары өнімді дәнді дақылдар — күріш, жүгері. Құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық, минералдық, органикалық-минералдық және бактериялық тыңайтқыштар болып жіктеледі.

Минералды тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қолданылады. Минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану дақылдардың өнімін арттырумен қатар, оның түсімінің сапасын жақсартады, топырақты қоректік элементтермен байытып, микробиологиялық процестерге әсер етеді. Минералды тыңайтқыштар тікелей және жанама әсер ететін тыңайтқыштар болып бөлінеді. Тікелей әсер ететін Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктерге тікелей қорек болатын N, P, K, Mg, B, Mn, т.б. элементтер бар. Осы элементтердің мөлшеріне қарай жай және кешенді тыңайтқыштар деп бөлінеді. Жай Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдікке қорек болатын негізгі элементтердің (азот, фосфор, калий) біреуі ғана болады, әрі олардың концентрациясы көп емес. Оларға азотты тыңайтқыштар, фосфор тыңайтқыштары, калий тыңайтқыштары және микротыңайтқыштар жатады. Жанама әсер ететін Минералды тыңайтқыштар (әк, бор, гипс, доломит) топырақтың агрохимиялық және физикалық - химиялық қасиетін жақсарту үшін пайдаланылады. Мысалы, топырақтың қышқылдығын жою үшін ұнтақталған әк, доломит, бор шашылады. Ал құрамында натрий иондарының (Na+) мөлшері көп топыраққа ұнтақталған табиғи гипс (CaSO4,2H2O) себіледі. Минералды тыңайтқыштар қатты (ұнтақталған, түйіршіктелген) және сұйық (аммиак суы, сұйық аммиак, т.б.) түрінде өндіріледі. Ерігіштігіне және өсімдіктердің сіңіруіне байланысты Минералды тыңайтқыштар суда еритін (қос суперфосфат, аммофос, диаммофос, нитроаммофос, т.б.), ерімейтін (бірақ аммоний цитраты мен лимон қышқылының ерітіндісінде ериді) болып бөлінеді. Қазақстанда Қаратау мен Ақтөбе өңірінде Минералды тыңайтқыштар өндіруге қажет шикізат – фосфор кендерінің мол қоры бар. Ақтөбеде Кола түбегінен әкелінетін апатиттен жай суперфосфат, Тараз қаласында Қаратау фосфоритінен суперфосфат, қос суперфосфат аммофос, диаммофос сияқты жай және кешенді тыңайтқыштар өндіріледі.

 

 

 

                            Тыңайтқыш - мол өнім көзі

 

Бүгінде ауыл шаруашылығы мамандарын қуаңшылықпен қатар, топырақтың құнарсызданып бара жат-қандығы да алаңдатып отыр. Жер ресурстарын басқару Агенттігінің «Агрохимия қызметі» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Ті-лекқабыл Нұрғалиұлы бұл мәселеге ден қойып, жердің тозып кету қаупін бәсеңдететін уақыт келді деп есептейді.

Ауыл шаруашылығы саласында  бүгінгі күні 2011 жылға дейінгі  ылғал және ресурс үнемдеу технологияларын  қолдану жобасы бар. Яғни, топырақтың табиғи қалпын сақтап, ауылшаруашылығы  өнімдерінің шығымын арт-тыру мәселесіне көңіл бөліне бастады. Бүгінгі таңда болып жатқан ғаламдық құбылыстар, табиғи ресурстардың шек-теулігі, әлемде адам санының өсуі, сондай-ақ, климаттың өзгеруі, мұның барлығы адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету барысында алдағы жылдары біраз қиындықтар орын алады деген бол-жамға саяды. Мұндай жағдайда ғылыми тілмен айтқанда, ауыл шаруашылығында ылғал және ресурс үнемдеу технологияларын пайдаланудың маңыздылығы артады. Мысалы, топырақ өңдеудің минимальды технологиясын пайдалану егістік алқапта жанармай шығынын гектарына 30 литрге дейін азайтып, еңбек шығындарын 6 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, ыл-ғалды жинау, сақтау және тиімді пайдалану. Топырақтың құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру. Топырақты су және жел эрозиясынан қорғап, тиімділігі жоғары гербицидтерді пайдалану есебі-нен егіс алқаптарының ластануын төмендетті. Ауылшаруашылығы министрлігі енгізіп отырған ұсыныстардың бірі – ыл-ғал және ресурс үнемдеу технологияларын енгізу. Бұл – топырақтың құнарын қалпына келтіру және топырақтың тозуымен күреске бағытталған мақсаттағы жұмыстар қатарына кіреді. Әсіресе, минералды және органикалық тыңайтқыштар енгізудің ғылыми негізделген әдістерін қолдану тозған жерлерге көпжылдық дәнді дақылдар себуде өте пайдалы. Алайда, бүгінгі күні минералды тыңайтқыштар енгізу 13 пайызды ғана құрап отыр. Онда да тыңайтқыштар еш жүйесіз пайдаланылады. Топырақтың құнарлылық деңгейі ескерілмейді. Агенттік тарапынан минералды тыңайтқыш топырақ картограммасына сәйкес енгізілген жағдайда сатып алынған тыңайт-қыштарға арнайы субсидия бөлінеді. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар зерттеулер жүргізген ғалымдардың айтуынша, 2011 жылға қарай елде ресурс өңдеу технологиясын 12 млн. гектардан астам жерге пайдалану ісі қолға алынады. Бұл барлық егістік жердің жартысы деуге болады. Осылайша, астықтың жылдық түсімі 25 млн. тоннаға дейін артады. Әлемде астықты эксторттаудан бесінші орынға көтерілген Қазақстанның сыртқа шығаратын тауар көлемі біршама өсуі мүмкін.

Жер ресурстарын бас-қару Агенттігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми - әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл Ермекбаев:

- Ауылшаруашылығы өнімдерінің  сапасын жоғары деңгейге жеткізу  үшін жерді пайдаланудың теориялық  мәселелерін де жақсы білуіміз  керек. Ыл-ғалдың аздығы, қуаңшылық, агро техникаларды дұрыс пайдаланбау, тыңайтқыштардың аздығы мұның барлығы - астық тапшылығына алып келеді, - дейді.

Бұл да мемлекеттік деңгейдегі мәселе, ауылшаруашылығы дәнді дақылдарын әртүрлі аурулардан құтқару және минералды тыңайтқыштарды көбірек пайдалану арқылы астық көлемін ұлғайтуға болады. Республикалық ғылыми - әдістемелік орталықтың мамандары Ақтөбе облысының егістік алқабына агрохимиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіген болатын. Мысалы, Әйтеке би ауданында 198,25 мың гектар, Қарғалы ауданында 116,44, Хромтау ауданында 119,02 мың гектар жер мамандардың бақылауына алынды. Осы зерттеулердің нәтижесіне үңілгенімізде облыс аумағындағы егістік алқаптың 87,9 пайызында қара-шірік көлемі өте төменгі деңгейде екендігі анықталды. 776,44 мың гектар жерде топырақтың құрамында қоректік заттар мөлшері азайып кеткендігі байқалған. Осы егістік алқаптардың 23,9 пайызы жылжымалы фосформен аз қамтылған. Бұл мысалдарды алға тарта отырып, қажетті минералды тыңайтқыштарды пайдалану жағдайлары ескерусіз қалғанын атап айтуға болады. Сондықтан, егістік алқаптардағы топырақ құрамын зерттеуші кәсіби мамандар тұқым себер алдында жерге агрохимиялық картограмма жасалу керек деп отыр. Өйткені, кей жағдайда бидайдың бітік шықпауына топырақ құрамында фосфор, азот, өзге де минералды тыңайт-қыштардың аздығы себеп болады.

Соңғы кездері ауылда шаруа қожалықтары  өз беттерінше жұмыс жүргізеді. Бұрынғыдай жоғары білімді агроном мамандар жоқтың қасы. Жердің құнарлығын арттырып, оны тозып кетуден қорғау және ауыл шаруашылығында астық шығымын жақсарту үшін мамандар топырақты баппен қопсытып, жерге жанашырлықпен қарауды ұсынады. Жылжымалы фосфор, алмаспалы калий, органикалық қарашірік мұның барлығы топырақ құрамына ауадай қажет қоректік заттар. Бір ғана фосфор тыңайтқышы егіс-тіктегі ылғалды жақсы сақтайды екен.

Ақтөбедегі ауылшаруашылық тәжірибе станциясында бұл әбден дәлелденген. Ал, биылғыдай қуаңшылық уақытында  фосфорлы топырақта өскен астық  күйіп кетпей, ол жерден жақсы өнім алуға болады. Мамандар ылғалды жинау, сақтау және тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру мұндай шараларды біздің жерімізде де жүзеге асыруға әбден болатынын айтып мәлімдеуде. «Заречное тәжірибе өндірістік шаруашылығы» ЖШС өз тәжірибесінде осындай жаңа технология-лармен жұмыс жүргізіп көрген. Аталмыш шаруашылықта минимальды технологияны қолданғанда жаздық бидайдың түсімділігі 1,5 есеге өссе, қара бидай түсімі екі есеге дейін артқан. Бір мезгіл-де егістік алқаптың әр гектарынан жоғары өнім алынған. Сондай-ақ, егіс алқаптарының ластануы 3 есеге кеміп кеткен. Яғни, бұл жүйе топырақты құнарландыру алдағы уақытта тұрақты түрде тәжірибеде пайдаланылуы тиіс. Себебі, мұндай жүйе құрғақшылық жылдардың өзінде мол өнім алуға мүмкіндік беретіні даусыз.

Қызыл қоңыр топырақты болып  келетін жылдық орташа жауын-шашын көлемі 250-300 мм аспайтын Ақтөбе өңірі үшін жаңа техногоияларды қолдану деңгейі 25 пайыздан 50 пайызға дейін артуы мүмкін. Мысалы, ауыл шаруашылығында кәдімгі тыңайтқыш ретінде пайдаланылып келген 1 тонна көңнің құрамында 5-6 кг азот, 1-1,4 кг фосфор, 12-18 кг калий, 2,3 кг кальций және өзге де минералды заттар бар. Отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында Ақтөбе облысына 321 тонна аммиак селитрасын, 90 тонна аммофос және 36 тонна қарапайым суперфосфат алуға арнайы квота бөлініпті. Алайда, мамандар топырақты ылғалдандыратын, қоректендіретін тыңайт-қыштар сатып алынғанымен, оның аздық етіп отырғандығын да алға тартып отыр. Сұранысты толық қаматамасыз ету үшін әлі де қосымша 10040,0 тонна азот, 18627 тонна фосфор қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       Фосфорлы минералды тыңайтқыштар

Аммофос

 

Химиялық формуласы: қоспа (NH4H2PO4+(NH4)2HPO4
СЫРТҚЫ ТҮР-ТҮСІ: Суда еритін ашық-сұр түсті түйіршіктер 
 ҚОЛДАНЫЛУЫ: Ауыл  шаруашылығында құнарландырылған түйіршікті азотты-фосфорлы тыңайтқыш ретінде пайдаланылады 

ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

р/с

Көрсеткіштер атауы

Нормасы

1

Игерілген фосфаттың үлес салмағы, %

46±11

2

Жалпы азоттың (N) үлес салмағы, % 

10±1

3

Судың үлес салмағы, %, артық  емес

1,0

4

Түйіршікті-метрлік құрам:

5

5

өлшемі: 
0,5 мм-ден аз, %, артық емес 
0,5-4 мм аралығында, %, кем емес 
6 мм-ден аз, % 
түйіршіктердің үлес салмағы

 
90 
100 
3,0 (30)

6

Түйіршіктердің статикалық беріктігі МПа (кгк/см2), кем емес

100

 

Үгілгіштігі, %

 

7

Табиғи радионуклидтердің  өзіңдік пәрменділігі, кБк/кг, артық  емес

2,8


 
Игерілген фосфаттар мен жалпы  азоттың үлес салмақтарының жоғарғы  шегін көтеруге болады 
БУЫП-ТҮЮ: Өнімнің таза салмағы 50 кг ± 2 % екені көрсетілген қағаз, полипропиленді, полиэтиленді қапшықтар, таза салмағы 650 ±50 кг екені көрсетілген “Big Bag” іспетті жұмсақ контейнерлер  
ТАҢБАЛАУ: Өнім атауы, сапасы, жалпы салмағы мен таза салмағы туралы мәліметтер келтіріп 
ТАСЫМАЛДАУ:  Барлық жабық көлік түрлерімен 
САҚТАУ: Жабық қоймалар ішінде

Суперфосфат

Химиялық формуласы: қоспа (NH4H2PO4+(NH4)2HPO4
СЫРТҚЫ ТҮР-ТҮСІ: Суда еритін ашық-сұр түсті түйіршіктер 
ҚОЛДАНЫЛУЫ: Ауыл  шаруашылығында құнарландырылған түйіршікті азотты-фосфорлы тыңайтқыш ретінде пайдаланылады

ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

№ 
р/с

Көрсеткіштер атауы

Нормасы

1.

Игерілген фосфаттардың Р2О5-ке шағып есептегендегі үлес салмағы, %

19±1

2.

Басы бос  қышқылдың  Р2О5-ке шағып есептегендегі үлес салмағы, %, артық емес

2,5

3.

Жалпы азоттың (N) үлес салмағы, %

0÷3

4.

Судың үлес салмағы, %, артық емес

3,0

5.

Калийдің К2О-ға шағып есептегендегі үлес салмағы, %

0÷13

6.

 

 

Түйіршікті-метрлік құрам:  
өлшемі: 
0,5 — 4 мм аралығында, %, кем емес 
6 мм-ден аз,  % 
түйіршіктердің үлес салмағы

 
 
 
75> 100

7.

Түйіршіктердің статикалық беріктігі, МПа (кгк/см2), кем емес

1,0 (10)

8.

Үгілгіштігі, %

100

9.

Табиғи радионуклидтердің  өзіңдік пәрменділігі, кБк/кг, артық  емес

2,8


 
Игерілген фосфаттар мен жалпы  азоттың үлес салмақтарының жоғарғы  шегін көтеруге болады  

БУЫП-ТҮЮ: Өнімнің таза салмағы 50 кг ± 2 % екені көрсетілген қағаз, полипропиленді, полиэтиленді қапшықтар, таза салмағы 650 ±50 кг екені көрсетілген “Big Bag” іспетті жұмсақ контейнерлер 
ТАҢБАЛАУ: Өнім атауы, сапасы, жалпы салмағы мен таза салмағы туралы мәліметтер келтіріп 
ТАСЫМАЛДАУ: Барлық жабық көлік түрлерімен 
САҚТАУ: Жабық қоймалар ішінде

Нитроаммофос

 
СЫРТҚЫ ТҮР-ТҮСІ:  Сұр түсті, бөгде механикалық қоспалары жоқ түйіршіктелген өнім 
ҚОЛДАНЫЛУЫ:   Минералды тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашылығында пайдаланылады

ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

р/с

Көрсеткіштер атауы

Нормасы

1

Игерілген фосфаттардың (Р2О5) үлес салмағы, %

22

2.

Жалпы азоттың (N) үлес салмағы, %

22

3.

Судың үлес салмағы, %, артық  емес

1,0

4.

Түйіршікті-метрлік құрам:  
өлшемі: 
1,0 мм-ден   кем, %, артық емес 
1,0 - 4 мм аралығында, %, кем емес 
6 мм-ден кем,  %, 
түйіршіктердің үлес салмағы

 
 

90 
100

5.

Түйіршіктердің статикалық беріктігі, МПа (кгк/см2), кем емес

3,0 (30)

6.

Үгілгіштігі, %

100

7.

Табиғи радионуклидтердің  өзіңдік пәрменділігі, кБк/кг, артық  емес

4


 

 ЕСКЕРТУ: жалпы азот пен игерілген фосфаттардың үлес салмақтары шектерінен ±1%-ға ауытқуға болады. 

БУЫП-ТҮЮ: Өнімнің таза салмағы 50 кг ± 2 % екені көрсетілген қағаз, полипропиленді, полиэтиленді қапшықтар, таза салмағы 650 ±50 кг екені көрсетілген “Big Bag” іспетті жұмсақ контейнерлер 
ТАҢБАЛАУ: Өнім атауы, сапасы, жалпы салмағы мен таза салмағы туралы мәліметтер келтіріп 
ТАСЫМАЛДАУ:  Барлық жабық көлік түрлерімен 
САҚТАУ: Жабық қоймалар ішінде

 

 

 

 

 

 

Азотты тыңайтқыштар

Азотты тыңайтқыштар — құрамында өсімдікке қорек  болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы — натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты — (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2)2 + H2O. Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі. Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2HPO4]өндіріледі. Нитрофоска — құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы “Каскор” Акционерлік Қоғамында (аммиак селитрасы, натрофоска), Степногорск кен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі.

 

                               Калий тыңайтқыштары

КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ– өсімдік қорегі ретінде қолданылатын құрамында калийі бар минералды заттар. Калий тыңайтқыштары табиғи калий тұздарынан алынады. Алғашқы калий тұздарының ірі кен орны 19 ғ-дың 40-жылдары Штасфуртта (Германия) табылды. Кейінірек Франция, Канада, АҚШ-та калий тұздары ашылды, хлорлы калий, калий селитрасы, калий сульфаты және т.б. өндіріле бастады. Калий тыңайтқыштары суда жақсы ериді, өсімдіктер тез сіңіреді, түрлі ауруға төзімділігін күшейтеді және дақылдар өнімділігін арттырады. Картоп, қант қызылшасын, көкөніс, темекі дақылдарына Калий тыңайтқыштары көбірек қажет. Калий картоп құрамында крахмалдың, тамыр-түйнекті дақылдарда қанттың, жемшөпте протеин мөлшерін арттырады. Калий тыңайтқыштарын топырақтың құрамына, тыңайтылатын дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі мөлшерде шашады. Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде не көктемде жер жырту не культиваторлау кезінде қолданады. Қант қызылшасын, картоп, жүгері және кейбір көкөніс дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Бұл кезде Калий тыңайтқыштарын азот және фосфор тыңайтқыштарымен бірге қатар аралықтарына 10 – 12 см тереңдікке (20 – 30 кг/га К2О) шашады. Қазақстанның Батыс Қазақстан облысы/Батыс Қазақстан облысында, Қаратауда, т.б. жерлерде Калий тыңайтқыштарының мол табиғи қорлары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            «КАЗФОСФАТ» ЖШС

«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдың 27 қазанында  құрылған. «Минералды тыңайтқыштар»  филиалы – ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, фтордан арылған азықтық фосфаттар шығаратын химия зауыты.Компания қызметінің негізгі түрлері: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфорит рудасын шығару және өңдеу, сары фосфор мен оның туындыларын, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттарды өндіру және өткеру, минералды шикізаттар негізінде өнеркәсіп өнімдерін шығару. 
ТМД елдері аумағында құрамында фосфоры бар өнімдер өндіру жөнінен жетекші компания болып табылатын «Қазфосфат» ЖШС - Қазақстан Республикасы фосфор өнеркәсібінің шынайы бет-бейнесі. 
«Қазфосфат» ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға және ішкі рынокқа шығарылады. 
Компания қызметі Қазақстанның химия саласы кәсіпорындарын дамытудағы өміршең міндеттерді шешуге, әлемдік рынокқа бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеудің жоғары деңгейін көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде Қазақстан Республикасының бедел-бейнесін жасауға бағытталған. 
«Қазфосфат» ЖШС-нің тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындары бюджетке қомақты қаржы аударуда, өнеркәсіпті жандандыруда, еңбекке жарамды халықтың көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етуде, ал мұнымыз аймақтағы әлеуметтік ақуалды жақсартудың негізгі факторы болып табылады.

Өндірілген өнімнің  сапасына және оның сервистік деңгейде өткерілуіне ерекше ден қойған компания қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктілігі мен дұрыс таңдаған стратегиясы, сондай-ақ өндірістің даму қарқыны «Қазфосфат» ЖШС-н Қазақстандағы ең бір үміт күттіретін кәсіпорын деп санауға кепілдік береді.

Зауыт аумағы 449,2 гектар.Зауыт құрамында келесі негізгі өндірістер бар:

- азотты-фосфорлы тыңайтқыштар өндірісі – 46% P2O5, 10% N аммофос (ди- және моноаммонийфосфат қоспасы); 
- 19% P2O5 суперфосфат өндірісі ; 
- 22% P2O5, 22% N нитроаммофос өндірісі ; 
- 27% P2O5 азықтық үшкальций фосфаты, 37% P2O5 азықтық үшкальций фосфаты өндірісі.

Зауытта жаңа технологиялық  жабдықтар, химиялық технологиялар сынақтан өтеді, минералды тыңайтқыштардың жаңа түрлері игеріледі. 
Өндірілген өнімнің негізгі бөлігі ішкі рынокқа шығарылады. Бірнеше жылдан бері отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мемлекеттік Бағдарлама бойынша бөлінетін демеу қаржыға тыңайтқыштар беріледі. Тыңайтқыштар бұдан басқа Қытай, Украина, Белоруссия, Тәжікстанға сатылады. Ауғанстан, Қырғызстан, Румыния, Чехия, Болгария, Иранның фосфорлы тыңайтқыштар рыногын игеру жолында ауқымды жұмыс атқарылуда

 

                          

 

Азот түк зауыты – Ақтау қаласында орналасқан кәсіпорын. Қазақстандағы аммиакты және аммиак селитрасын өндіретін жалғыз өндіруші зауыт. 1969 жылы пайдалануға берілген. 73 ғимараттан тұратын алаңының аумағы 1,15 миллион. м2. Зауыт аммиакты, көмірқышқыл газын, жеңіл азот қышқылын, аммиакты селитра өнімдерін шығарады. Құрамына аммиак, азот қышқылы және күрделі минералды тыңайтқыштар өндірістері, сонымен қатар қосымша цехтар мен қызметтер (энергия цехы, бақылап-өлшейтін құралдар және автоматика цехы, жабдықтарды орталықтандырып жөндеу цехы, көлік жөндеу, су дайындайтын цехтар) кіреді. Аммиак цехы 1978 жылы іске қосылды. 4,5, мың т сұйық аммиакты сақтауға арналған ыдыс бар. Цех жылына 200,0 мың т аммиак өндіре алады. Жеңіл азот қышқылы өндірісі нитрозды газды каталитикалық тотықтандыру әдісі арқылы жеңіл (47,5%) азот қышқылын шығарады. Оның жылдық өнімі 220,0 мың т-ға жетеді. Күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісі негізінен түйіршікті минералды тыңайтқыштарды – аммиакты селитра, нитроальмофос, нитрофос, аммофос, диаммонийфосфат өндіреді. Энергетикалық цех алынған өнімдерді химиялық тазартылған сумен, айналмалы сумен, тазартылған газ конденсатымен, тұздалмаған дистиллятпен қамтамасыз етеді. Орталық зауыт зертханасы негізгі көрсеткіштердің сақталуына бақылау жүргізсе, бақылау-өлшеу құралдары мен автоматикалық цехы бақылау-өлшеу құралдары мен аппараттарын монтаждау, дайындау және жөндеумен айналысады.

 

Қазақстан түрлі минералды  тыңайтқыштардың ірі жеткізушісі ретінде әлемдік рынокқа ұялмай шыға алатын ел. Өйткені, бүгінде бұл өнімге деген сұраныс көп, тұтынушылар ауқымы да үлкен. Әлемде қазір тек қаржы дағдарысы емес, сонымен бірге азық-түлік дағдарысы да анық сезіле бастады. Яғни, көптеген елдерде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету өткір мәселелердің біріне айналуда. Ал бұл мәселеде минералды тыңайтқыштардың орны ерекше сезіліп, оның ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп өсіруде қажеттілігі арта бастады.

Ел, әрине, көптеген экономикалық қиындықтарды бастан кешкеніне қарамастан өнеркәсіп саласында негізгі мүмкіндіктерді сақтап қала білді. Химия өнеркәсібінің үлесі бүгінде бар болғаны бір пайызды ғана құрайды. Бірақ экспорттың жалпы көлемі бойынша 4 пайызға жетіп отыр. Бұл химия саласының әлі игерілмеген өте үлкен әлеуеті мен мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан Үкімет алдында өте ауқымды жұмыстарды атқару міндеті тұрғанын баса айтқан ләзім.

Қазіргі жағдай бойынша  сала, шын мәнінде, азық-түлік өнімдерін  өндіру үшін өзектілігін мойындата  бастады. Қазіргі кезде тек қана Қытай мен Үндістан жыл сайын 60 миллион тонна минералды тыңайтқыштарды тұтынады екен. Елбасы Н.Назарбаев қытай кәсіпкерлерінің Қазақстанның химия кеніштеріне қомақты қаржымен келуге дайын екенін байқайтынын бекерге айтқан жоқ. Осы орайда қазақ елінің ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін өндіретін іргелі мемлекет болуға мүмкіндігі бар екенін ескере отырып, минералды тыңайтқыштарға өз диқандарымыздың да мұқтаж екенін ұмытпаған жөн. Егер агроөнеркәсіп кешендері, шаруа қожалықтары ең қажетті озық агротехникаларды қолданатын болса, Қазақстанның ішкі қажеттілігі бұл тыңайтқыштарға жыл сайын 2,6 миллион тоннаны құрайды. Бұған қоса қазір Қазақстан жыл сайын химия өнімдерін, соның ішінде тыңайтқыштарды 2 миллиард АҚШ долларына экспорттап отырған ел.

Демек, ел химиясындағы бар  мүмкіндікті дамыту үшін экспортпен бірге отандық ауыл шаруашылығы өндірісін көтерудің негізін қалыптастыру бізге әлемдегі ең негізгі өнім жеткізушілердің бірі болуға жағдай туғызады. Минералды тыңайтқыштарды Орталық Азия мен Ресей де өте көп мөлшерде пайдаланады. Сондықтан химия өнеркәсібін дамыту мәселелерін кешенді түрде қараудың кезі жеткен сияқты. Бұл үшін алдағы жылдарға нақты міндеттер қойып, Үкімет оны дер кезінде шешуге тиіс деп ойлаймыз.

Химия өнеркәсібі елдің  ғылыми-техникалық өсу қарқынының деңгейін де анықтайды. Мысалы, өнеркәсіптік өндірістегі химия саласының үлесі АҚШ пен Жапонияда – 6,5, Қытайда – 7,7, ЕО елдерінде 4,6 пайызды құрайды. Ал Қазақстандағы химия өнеркәсібі бүгінгі күні мұндай көрсеткіштерге қол жеткізген жоқ, бірақ белгілі бір өсу қарқыны байқалады. Сегіз айдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі 70 миллиард теңгегені құрапты. Бұл 2007 жылғы осы уақытпен салыстырғанда 11,7 пайызға көп.

Әсіресе, соңғы үш жылдан бері салада экономикалық өсу қарқыны анық байқала бастаған. Соған сәйкес бұл еліміздің өнеркәсіп өндірісіндегі химия саласы үлесінің арта түскенін көрсетеді. Мысалы, 2006 жылы химия саласының үлесі 0,8 пайыз болса, 2007 жылғы сегіз айда бұл көрсеткіш 1 пайызды құраған.

Қазақстанның химия  өнеркәсібі бүгінде минералды тыңайтқыштарды (фосфор, азот, хром тұздары, т.б.) дайындау саласына бейімделген. Елімізде химия саласының 500 кәсіпорны бар. Оның ішінде 460 кіші, 30 орта және 9 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған салада 14 мың адам еңбек етеді. Саладағы ірі кәсіпорындар туралы айтсақ, бұлар: “Қазфосфат” ЖШС, “ҚазАзот” ЖШС, және “Ақтөбе хром қоспалары” ЖШС болып табылады.

“Қазфосфат” ЖШС фосфор шикізатын өндіру мен минералды  тыңайтқыштар, жемдік фосфаттар сияқты т.б. фосфор өнімдерін өңдеуге бағытталған. Оны шикізатпен тоқтаусыз қамтамасыз ету үшін Балқаш қаласынан 2008 жылы күкірт қышқылын шығаратын зауыт салынды. Ол шілде айынан бастап іске кірісті. Зауыттың қуаттылығы жылына 1,2 миллион тонна өнім өндіруге жетеді.

“Қазфосфаттың” тиімділігін  арттыру үшін Индустрия және сауда  министрлігі “Қазфосфат” ЖШС мен Голландияның Thermоphos Tradіng компаниясы арасындағы келісімді қайта қарағаны көңіл демдейді. Нәтижесінде, сары фосфорды рынок бағасынан төмен бағамен көп мөлшерде жөнелту тоқтатылып, Қазақстан экономикасы үшін 20 миллион АҚШ доллары көлемінде шығынға жол берілген жоқ. “Тау тауға қосылмайды, елге ел қосылады”. Мемлекеттер арасында алыс-беріс, барыс-келіс орнайды. Бірақ сауда-саттықта “алма піс, аузыма түс” деген сияқты сырт жаққа ғана пайдалы болып келетін жеңілтек саясаттың жолы кесілгені абзал. Сөйтіп, сары фосфордың экспорттық бағасын көтерудің арқасында еліміздің бюджетіне түсетін қаржы көлемі 40 пайызға көбейді. Өндірістің де тиімділігі арта түсті.

Еліміздің химия саласында  жалпы мәндегі мәселелер де орын алып отыр. Мысалы, құрал-жабдықтардың тозуы, энергоресурстардың қымбатшылығы, инвестициялық ресурстар мен газ, электр қуатының жеткіліксіздігі, химия өнімдері бойынша әлемдік рынокты жаулап алуға деген ынталы саясаттың төмендігі сияқты елеулі кемшіліктердің бар екенін мамандар да жоққа шығара алмайды. Сонымен бірге Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытуға әлеуеттік тұрғыдан өте көп мүмкіндік бар екені де белгілі. Өте қуатты шикізат қоры (фосфор, табиғи натрий тұзы, калий, бор, фтор және басқалар), тұрақты макорэкономикалық орта, өте тез дамып келе жатқан ішкі және сырқы рыноктың химия өнімдеріне деген сұранысы, мамандар мен жұмысшы күштері жеткілікті.

Қазақстан үшін химия  өнеркәсібін дамытудың негізгі  бағыттары өндіріс көлемін арттыру, минералды тыңайтқыштардың сорттарын ұлғайту, пестицид пен бороөнімдерді шығаруды ұйымдастыру, күкірт қышқылы, аммиак сияқты тағы басқа минералды тыңайтқыштарды өндіретін қуаттарды жасау осы бастан ойластыратын мәселе.

Агрономдардың айтуынша, топырақтың құнарлылығын арттыру үшін жыл сайын елдегі алқаптарды ең аз дегенде 1,3 млн. тонна минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету керек . Егер бұл мәселеге ғылыми-негіздемемен жасалған мөлшер бойынша жүгінсек, онда өнім беретін жерге 2,6 млн. тонна, оның ішінде 1 млн. 380 мың тонна фосфор, 1 млн. 190 мың тонна азот және 26 мың тонна калий тыңайтқышы қажет болатын көрінеді. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінде алқаптан алынған өнім көрсеткіштері топыраққа сіңіріліп жатқан минералды тыңайтқыштардың көлеміне сай келмейді .

Демек, тыңайтқыштардың  түрлерін көбейту қажет. Қазақстанда  аммофос, нитроаммофос және аммиак селитрасы  шығарылады. Бірақ калий тыңайтқышы шығарылмайды. Ел диқандары оны сырттан сатып алады. Құрғақшылыққа байланысты облыстың аграрлық саласында астық өнімдері төмендегені рас. Бірақ мәселені шешу үшін жаңа технологиялар енгізіліп, оның ішінде, тамшылатып суару жобасы 253 гектар жерге қолданылды. Сондықтан тамшылатып суару үшін сұйық минералды тыңайтқыштардың аса қажеттілігі сезіле бастады. Қытайда ауа райы Жамбыл өңіріндегідей жерден құрғақшылыққа қарамастан 40-50 центнер астық алады екен. Израиль мен араб елдері тамшылатып суару арқылы құмның ортасында отырып-ақ мол астыққа қол жеткізіп отыр. Демек, сұйық тыңайтқыштарды елімізде көптеп өндіру және оны сумен қосып беру уақыт талабынан туындап отырған мәселенің бірі.

Әрине, “Қазфосфат” ЖШС  Қазақстанның Даму банкімен бірге фосфор өнімдерін өткеру жөніндегі қаржылық экспорттық операцияны 50 млн. АҚШ доллары  көлемінде табысты игере білуі  көңіл қуантады. Бүгінгі күнге 88 млн. АҚШ долларына сары фосфор жөнелтілген. Қытай елі жыл сайын 35 млн. тонна минералды тыңайтқыштарды қажет етеді. Сол сияқты Орталық Азия елдері де тыңайтқыштарға зәру. Сондықтан еліміз көлемді шикізат қорын тиімді игере отырып, минералды тыңайтқыштардың түрлерін көбейтіп, сапасын жақсартса, өңірде алдыңғы қатардағы ел бола алатынына сенім мол.

Минералды тыңайтқыштар