Мұнай. Мұнайдың құрамы. Қасиеттері және алынатын өнімдері
Қазақстан
Республикасының Білім және
Жезқазған гуманитарлық
Жоба
Тақырыбы: «Мұнай. Мұнайдың құрамы.
Қасиеттері және алынатын
Жезқазған-2013
Жобаның мақсаты:
- Оқушыларға мұнай жайлы мәліметтер беру;
- Мұнай өнеркәсібімен таныстыру;
- Мұнайшы ғалымдармен таныстыру;
- Мұнай компанияларын атау және олардың қызметтерін түсіндіру;
- Мұнайдан жасалатын заттарды көрсету және өздерінің жасауына қызығушылығын ояту.
Осы жобада көтерілген сұрақтар:
- Мұнай жайлы біз не білеміз?
- Біздің елімізде қандай мұнай өнеркәсіптері бар?
- Мұнай жайлы жазылған кітаптар бар ма?
- Қандай мұнайшыларды білеміз?
- Мұнай компаниялары, мұнай серіктестігі, мұнай-газ аясындағы конференциялар жайлы не білеміз?
- Мұнайдан қандай қызық заттар жасауға болады?
Жобаның бөлімдері:
1. Мұнай
- Жалпы мәліметтер
- Мұнайдың шығу тарихы
- Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері
- Пайдасы
- Мұнай-газ кендері
- Мұнай өнімдері
- Мұнай өнімдері
- Пайдаланылған әдебиеттер
2. Мұнай өнеркәсібі
3. The Prize (кітап)
4. Ермек Нәсіпқалиұлы Марабаев
- Білімі
- Биографиясы
- Наградалары
- Отбасы
- Дереккөздер
5. Сафи Өтебаев
6. Chevron Corporation
7. KIOGE
8. Аби Петролеум Капитал
9. Мұнай сабыны — жас ғалым жаңалығы
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Жалпы мәліметтер
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.
Мұнайдың шығу тарихы
Лос-Анджелестегі мұнай вышкалары(1896 жыл)
Мұнайдың, ал ертеректе оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі...», – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.
Мұнайды қыздыру кезінде
мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды
беретін көмір мен
Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды – ацетилен, этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.
Харичков және басқа да
орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи
мұнайға ұқсас сұйық – жасанды
мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы
бойынша мұнай қарқынды тау түзілу
орындарында кездеседі. Мұны жиі
бақылауға болады, сондықтан Д.И.
Менделев қорытындыларын барлаушылар
мұнайды іздеуде көп уақыт
қолданды.Мұнай өнеркәсібінің
Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.
Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы – академик Н.Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді.
Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай – бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы – бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.
Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.
Мұнайдың элементтік
құрамы мен гетероатомдық
Көмірсутектермен қатар мұнай құрамында тағы басқа заттар да бар. Мырышы бар - H2S, меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық өнімдерде шоғырланады); азотты заттар – негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және порфириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар мен қалдықтарда шоғырланады) гомологтары; қышқылды заттар – нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты т.б. заттар (әдетте жоғары қайнайтын фракциларында кездесетін). Элементтік құрамы (%): С – 82-87, Н – 11-14.5, S – 0.01-6 (сирек – 8-ге дейін), N - 0,001—1,8, O — 0,005—0,35 (сирек – 1.2-ге дейін) және т.б. Барлығы мұнай құрамында 50-ден аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен қоса V(10-5 — 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап 2•10-2%-ға дейін) т.с.с. Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық қасиетттер жайлы тек шартты түрде ған айтуға болады.
Пайдасы
Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.
Мұнай-газ кендері
Мұнай-газ кендері[2] – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.
Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде орналасқан.
Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды облысының қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан. Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.
Мұнай өнімдері
Мұнай өнімдері – көмірсутектер
мен олардың туындыларының
Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары
мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан
алынады. Ауыр көмірсутектерге парафиндер, церезиндер, озокериттер және олардың майлармен қоспасы
жатады. Битумдер – гудронды ауамен тотықтыру
арқылы немесе гудронды тереңдетіп айдау
арқылы алынған май фракцияларынан кейін
қалатын жартылай қатты және сұйық күйдегі
өнімдер.
Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай коксы, күйе, мұнай пиролизінің әр алуан өнімдері (бензол, толуол, ксилол, т.б.), асидолдар, деэмульгаторлар, хлорпарафиндер, т.б. жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.[3]
Пайдаланылған әдебиеттер
Мұнай және газ геологиясы
терминдерінің орысша-қазақша
- Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003.
- Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
Мұнай өнеркәсібі
Мұнай Өнеркәсібі– Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.
Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.
1960 жылдардың ортасында осы аймактағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасалды.
Кейінірек алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындары ашылды.
1980 жылдардың басында республикамызда үшінші алап - Оңтустік Торғай ірі кен орны Құмкөл пайда болды.
1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты.
Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.
Қазакстаннан түрлі маркадағы мұнай өндіріледі.
Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде:
- «Шеврон-Тексако» (Теңіз)
- ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)
- Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл).
«Қазмұнайгаз» Қазақстаннын, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы. Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму каркыны жылдан-жылға өсу үстінде.
1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп отыр.
Көш бастаушы Атырау облысы.
Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір
жол аркылы цистернада және Каспий
теңізі арқылы танкермен тасымалданады.
Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы
тасымалданады. Мұнай тасымалдауда кұбырдың рөлі
тиімді болғандықтан жыл өткен сайын оның
үлесі артуда.
Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омск-Павлодар-Шымкент.
Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді.[1] [2]
Пайдаланған әдебиет
- Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009.
- Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.
The Prize (кітап)
The Prize (кітап) | |
Author(s) |
{{{author}}} |
ISBN |
ISBN 0671502484 (қатты мұқаба) |
The Prize: The Epic Quest for Oil, Money, and Power (қаз. мұнай, ақша және билік жолындағы әлемдік күрес тарихы) - Даниел Эргиннің мұнай тарихы туралы жазған еңбегі.
Оның желісі 1860 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі тарихты қамтиды. Кітап 1990 жылы басылып шықты. Бірден бестселлерлер қатарына қосылды.
Автор өз шығармасында мұнайдың
тарихи маңызының артқандығын
1992 жылы The Prize Пулитцер сыйлығының иегері болды[1]. Кітап көптеген тілдерге аударылды. Орысша аударылған нұсқасында "Добыча" деп аталады. Орыс тіліне аударуға демеушілік көрсеткен мұнай компанияларының арасында қазақтың "ҚазМұнайГаз" Ұлттық мұнай компаниясы да бар, дегенмен қазақ тілінде әлі аударылған жоқ.
Дереккөздер
- http://www.pulitzer.org/bycat/
General-Nonfiction
Ермек Нәсіпқалиұлы Марабаев
Ермек Нәсіпқалиұлы Марабаев (1959 жыл 26 желтоқсан, Мәскеу, КСРО) - мұнайшы, иженер, ұлттық мұнай компанияларының басшысы.
Білімі
И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын (1982) кен инженері мамандығы бойынша;
Кингстон университеті магистратурасын (Лондон қ., 2004);
«General management» ХША Мәскеу әлеуметтік және экономикалық ғылымдар мектебін бітірген (2004).
«Үңғыманың вертикалды діңгегіндегі қайтарушы» авторлық куәлігіне ие (1986). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
Биографиясы
- 1982 жылдан - Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шеберінің көмекшісі, бұрғылау шебері.
1984 жылдан Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасының бұрғылау шебері, ауысым бастығы.
1987 жылдан - Құмкөл тереңнен бұрғылал пайдалану экспедициясы бастығының орынбасары, бас инженері, бастығы.
1989 жылдан - Жетібай бұрғылау
жұмыстары басқармасының
1991 жылдан - Маңғыстау облыстық
табиғат қорғау комитетінің
1993 жылдан «Қазақстанмунайгаз» компаниясының сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің бас маманы, мұнай, маркетинг және коммерциялық операциялар жөніндегі департаментінің бастығы.
1995 жылдан - Лондондағы ҚР
сауда үйінің мұнай
1997 жылдан «ҚуатАмлонМұнай » БК бас директорының орынбасары.
1999 жылдан - «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ вице-президенті.
2001 жылдан - «Шевронмұнайгаз» компаниясының коммерциялық менеджері.
2005 жылдан - «Кұрманғазы Петролеум» ЖШС бас директоры.
2007 жылдың сәуір айынан - АҚ «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, 2007 жылдың қыркүйек айынан бері - бас директоры.
Наградалары
«Қазақстан мұнайына 100 жыл» белгісі,
«Самұрык-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (2009) Құрмет грамотасы.
Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Отбасы
- Әкесі - Марабаев Нәсібқали Әбуғалиұлы (1936-2007), «Мұнайшы» ҚҚ негізін қалаушы, көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға зор улес қосқан.
- Анасы - Марабаева Ләйлә Оқанқызы,зейнеткер, Маңғыстау облысының мұнай-газ комланияларының кадрлар бөлімінің жетекшісі болған.
- Інісі - Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы
- Қарындасы - Марабаев Сәуле Нәсіпқалиқызы
- Жұбайы - Марабаева Алмагүл. 4 баласы бар [1].
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Сафи Өтебаев
Өтебаев Сафи (1909, Атырау облысы, Қарабау ауылы – 2006, Алматы) – мұнайшы, КСРО-ның құрметті мұнайшысы, Қазақ КСР-інің ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері. 1928 – 30 ж. Орынборда жұмысшы факультетінде, 1931 – 35 ж. Баку қаласында мұнай институтында оқыған. 1936 – 45 ж. Ембі мұнай өндірісінде жауапты қызметтер атқарды. 1945 – 51 ж. Жылыой аудан партия комитетінің 1-хатшысы, 1951 – 57 ж. «Қазақстанмұнай» бірлестігінің басшысы, 1957 – 65 ж. әуелі Гурьев, кейін Батыс Қазақстан облыстық халық шаруашылық кеңесінің төрағасы, 1965 – 71 ж. «Қазақстанмұнай», кейін «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің басшысы, 1971 – 80 ж. Қазақ КСР-і Жоспарлау комитетінің ғылыми-техникалық информация институты бастығының орынбасары болды. Маңғыстау байлығын игеру мәселелеріне арналған 30-дан астам ғылым мақалалары салалық-техникалық журналдарда, брошюраларда және және басқа да басылымдарда жарияланған. Өмір жолын Қазақстан мұнай өнеркәсібінің қаз тұру, даму кезеңдерін суреттейтін «Өмір мұраты» (1988) атты кітабы жарық көрді. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің (1938 – 59), кейін КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған. Ленин, Октябрь революциясы, Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.[1][2]
Өтебаев Сафи туралы Фильм
2009 — «Қазақ мұнайының атасы — Сафи Өтебаев» режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: Умаров К.Н. и "Нефтяник" общественный фонд. им.Н.Марабаев
Пайдаланған әдебиет
- «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
- «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Chevron Corporation
Chevron Corporation (қаз. Шеврон корпорациясы) – байырғы аса ірі мұнай компаниясы.
Тарихы
1873 жылы Лос Анжелесте (АҚШ) құрылған. 1900 жылы компанияны Д.Рокфеллер сатып алған. Қазіргі кезде штаб-пәтері — Сан-Францискода (Калифорния штаты). Шеврон мұнай-газ өнеркәсібі қызметінің барлық салаларына: көмірсутектерді барлауға, өндіруге, тасымалдауға және өткізуге қатысады, сонымен бірге мұнай-химия өнімдерін өндіру, оларды бөлшек сауда бағасымен сату ісімен де айналысады.
Корпорация дүние жүзінің 90-нан астам елінде жұмыс жасайды, 23 елде мұнай мен табиғи газды барлап өндіреді. Қызметкерлерінің жалпы саны 34 мың адамға жуық. Ол АҚШ-та мұнай өнімдерін сататын жетекші кәсіпорын, өз елінде табиғи газ өндіру жөнінен 3-орын алады. Компания жыл сайын 75 миллион тонна мұнай, 26 млрд. м3-ге жуық табиғи газ өндіреді. Қазақстанда компания бірнеше жобаға қатысады, “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорнының басты құрылтайшысы. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Шеврон Мұнай-Газ Корпорациясы арасындағы 1993 жылы қол қойылған келісім бойынша ол Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішінде 40 жыл бойына көмірсутектерді барлап, өндіреді. Ол Теңіз — Новороссийск мұнай құбырын салуға қатысты, сондай-ақ Каспий мұнай құбыры консорциумына белсене қатысушы.
Қазақстан
Шеврон Қазақстандағы ең ірі жеке меншік мұнай өндіруші компания болып саналады.[1]
Дереккөздер
- Template error: argument title is required.
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том
KIOGE - Қазақстанда жыл сайын өткізілетін халықаралық мұнай-газ көрмесі және оның аясындағы конференция. Көрме мұнай-газ өнеркәсібі саласындагы жетекші халықаралық компаниялардың өнімдерімен және ұсынатын қызметімен таныстырады. KIOGE Қазақстанның мұнай саясатының әлемдік айналысына енгендігінің күәсі іспетті
Аби Петролеум Капитал
Аби Петролеум Капитал - Атырау облысы Махамбет ауданындағы "Грядовое" кенорнының мұнайын барлаумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). Құрылтайшысы - "Meerbusch" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан. "Аби Петролеум Капитал" серіктестігі 2002 жылы 29 желтоқсанда құрылған. Атырау облысының Махамбет ауданындағы "Грядовое" кенорнының көмірсутек шикізатын игеру құқығы бұл серіктестікке жер қойнауын пайдалану операцияларын жургізуге рұқсат етілген келісім-шартты Мемлекеттік тіркеу актісіне сәйкес берілген. Келісім-шарт 2002 жылы 29 желтоқсанда тіркелген, тіркеу №1082, оған 2003 жылы 20 наурызда №1 қосымша енгізілген).
Мұнай сабыны — жас ғалым жаңалығы
Ендігі жобаның бірі, «Мұнай өнімдерінен сабын алу». Бұл өте ерекше және мән берерлік жоба деп айтуға болады. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің 4 курс студенті Рақымжан Тұрманов, химия мамандығында білім алуда. Рақымжан мұнай өнімдерінен антибактериалды хош иісті сабын жасайды. Оның жасалу жолдары, мұнайдан алынған парафинді тотықтырып алады, оларды карбон қышқылдарына айналдырады. Оларды натрий гидроксидімен әрекеттестіреді, осы әрекеттесу кезінде карбон қышқылдарынан натрий тұздары алынады. Алынған тұз сабынның негізі болып табылады. Осы негізді әрі қарай өз жерімізде өсетін хош иісті раушан, жусан секілді өсімдіктермен қосады. Барлығының экстракциясын алып, сабын негізіне қосады. Жалпы лабороториялық деңгейде бұндай сабынды дайындау көп уақытты қажет етпейді екен.
Аймағымызда жастар саясатын дамыту мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы, «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің агро-биологиялық қолданбалы зерттеу орталығының бірлесе жүзеге асырып жатқан «Жастар үшін ғылыми орталық қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында ғылыми ізденістермен айналысатын облысымыздағы және қаладағы мектеп мұғалімдері мен оқушыларына, яғни жас ғалымдарға ғылыми кеңестер беріп, жаңа технологияны игеремін деген жастарға жөн сілтеп келеді. Соның бір айғағы ретінде, «Қазақстан білім қоғамы жолында» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жастарына арнаған интерактивтік дәрісін насихаттау бағытында, «Жаңа әлемдегі — Жаңа технология» тақырыбында инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің өткізілуі дер едік.
Осы аптаның басында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің Студенттер сарайында инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі болып өтті. Аталмыш жәрмеңкенің мақсаты «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының аясында білім беру ісінің даму мәселері мен болашағын насихаттап, білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану болып табылады.
Айта кететіні, «Жаңа әлемдегі — Жаңа технология» тақырыбында инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында, қазіргі таңда облыс пен республика көлемінде өзекті мәселелердің бірі саналып отырған, жастарды ғылым жолына баулу әрі оларға дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында, зерттеушілерге ғылыми жұмыстар мен жобаларға қойылатын талаптар, олардың жазылу тәртібі, тақырыптардың өзектілігі, шынайылылық пен жаңалық дәрежесінің қамтылуы және тәжірибелік маңыздылығы туралы облыс ғалымдары тарапынан әдістемелік кеңес беріліп, ізденушілерге ғылыми жұмысты бағдарлау және олардың жазылу тәртібі бойынша тәжірибелік көмек берілуде.

- Мұнай, оның құрамы және тауарлық қасиеттері
- Мұнай өндірісіндегі құбырлар
- Мұнай өндірісінің биосфера компмненттеріне зияны
- Мұнай өндіру: Тарихы мен бүгіні
- Мұнай өндіруші кәіпорындарды сумен қамтамасыз ету
- Мұнай өнеркәсібі
- Мұнай өнімдерінің қышқылдық санын анықтау
- Мұнай кен орындарының игеру тәртібі
- Мұнай мен газдың тарихы
- Мұнай мен газды өндіру
- Мұнай мен газ кен орындарын игеру режимдері
- Мұнай мен газ: өндіріс және пайдалану
- Мұнай мен газ өндірісі
- Мұнаймен ластанған топырықты микроағзалар көмегімен тазарту