Мұнай өндірісінің биосфера компмненттеріне зияны

                                                   МАЗМҰНЫ

   Кіріспе. . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . 3

1. Мұнай және  мұнай өнімдерінің физикалық және химиялық  қасиетттері. 4

2. Мұнай және мұнай өнімдерінің биосфера компонентеріне әсері. . . . . . .  . .5

2.1. Мұнай және мұнай өнімдерінің топыраққа әсері. . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . .5

2.2. Жануарлар мен  адам ағзаларына  әсері. . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10

   Қорытынды . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16

   Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . . .18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               К і р і с п е

 

Мұнайгаз комплексі  бірден – бір қоршаған ортаны зиянды заттармен  жабдықтаушы екендігін қазіргі  уақытта өте белгілі. Әсіресе, көмірсутек күрделі құрамдары  геологиялық  жоғарғы беткі қабаттардың ластануы тіршілік орталарының деградациялануына  әкелуде, халықтың денсаулығына залалын  тигізуге алып келуде және әлеуметтік  алдыңғы өте маңызды да өткір  экологиялық проблема болып қалуда. Қазақстанда  мұнайгаз өндіру өнеркәсіп  шаруашылығын алдыңғы  орын алатын аймақтар Атырау облысы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызыл орда  облыстары. Экологиялық  жоғары қауіпті аймаққа Атырау облысы жатады, яғни барланған (шоғырланған) органикалық  және минералдық шикізат қорынан  дүние жүзінде алғашқы орынды алады.

Осылардың  ішінде, сыртқы ортаны  мұнай және мұнай өнімдерімен  ең көп ластануышы Жылой ауданы, яғни  территориясында  көптеген  мұнай  өнідіретін  кәсіпорындар  орналасқан, яғни Құлсары, Теңіз, Королев, Гүюрва және т.б.

Мұнай және  мұнай өнімдері топырақта, суда, өсімдіктерде  жинақталып, қоректік тізбек арқылы жануарлармен  адам  ақзаларына  түседі, ауданның экологиялық  жүйе жағдайына және  тұрғындардың  денсаулығына әсер етуде,  осыған сәйкес негізгі  мақсат  Атырау облысы, Жылой ауданының  топырақтарындағы мұнай  және мұнай өнімдерінің  жағдайын  зерттеп білу, үйрену.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мұнай  және  мұнай  өнімдерінің физикалық және химиялық  қасиеттері.

Мұнай – сұйық каустобиолиттер  қатарына  жататын табиғи шикі зат. Мұнай түрлі өнімдер өндіруде және сұйық отын ретінде пайдаланылатын бағалы шикі зат. Мұнай ашық сары, жасыл  және қоңыр қышқыл, кейде қара түсті  болып келетін, өзіне тән иісі бар, ультра-күлгін сәуле жарығын  шығаратын сұйықтық. Табиғатта ақшыл  түсті мұнай да кездеседі.

Мысалы: Азербайжан мемлекетіндегі  «Сурахана» кен орынынан ақ түсті  мұнай өндіріп келеді. Генетикалық  тұрғыдан қарағанда мұнай шөгінді  тау жыныстары орталылығында  пайда болады. Ол органикалық қалдықтардың бір жерге немесе аумаққа шоғырланып, жиылып өзгеріске ұшырауынан пайда  болады.

Химиялық жағынан мұнай  сұйық көмірсутектердің метандық  (Сп Н2п+2), нафтендік (Сп Н2п), ароматтық (СпН2п -6), қатарларының күкіртті, азотты және оттекті қосылыстарынан тұрады. Мұнай құрамындағы шекті көмірсутектер (парафиндер) метаннан (СН4), этаннан (С2Н6), пропаннан (С3Н8), бутаннан (С4 Н10) бастап, гексоконтонға дейінгі (С60 Н 122) көмірсутектерінен тұрады. Мұнай құрамындағы аромат көмірсутектер бензол (С6Н6) мен дефелиннің (С6 Н5) туындылары. Бұларды пафталин (С10Н8) сияқты қоюланған жүйелерде ұшырайды. Нафтендер шекті ж/е ароматтық көмірсутектер аралығынан орын алады. Кендегі мұнай әр түрлі көрсеткіште көмірсутекке қаныққан. Тығыздығы бойынша мұнай 3 топқа бөлінед: 1) жеңіл мұнай тығыздығы 0,8 мг/см3      2) орташа мұнай - 0,087-0,910 г/мс 3. 3) ауыр мнай үлесіне - 20,910 г/см 3.Мұнайдың тығыздығы жоғарлаған сайын мұнайдың қайнау температурасы арта түседі.Ауыр мұнайлардың қайнау температурасы 100 °С стан, ал жеңіл мұнайдың - 50° - 100°. Мұнайда 82,5% - 87%-ке дейін көміртегі, 11,5 – 14,5% -ке дейін сутегі кездеседі. Салмағына қарай мұнай ауыр және жеңіл мұнай болып екіге бөлінеді. Жеңіл мұнай қатарына тығыздығы 0,9 г/см 2 – тан ал кейде одан да жоғарлау мөлшерде күкірт, 0,001-1,8% азот,    0,7 % оттегі, 10% -тен көбірек парафин, 35%-ке дейін асфальтты – бетонды заттар болады. Қату температруасы -30-60 °С. Мұнайдың құрамын зертеу мақсатында элементтік және фракциялық анализдер қолданылады. Фракциялық кұрамына байланысты  көмірсутек, бензинді, керосинді және бензинсіз болып ажыратылады. Табиғатта метанды күкіртті ж/е аз күкіртті мұнайлар көп кездеседі. Жалпы мұнай өз бойымен электр тогын нашар өткізеді, көп жағдайда өткізбейді. Мұнайдың жылу бөлгіштік қасиеті 10400-11000 ккал/кг шамасында, бұл ең жоғарғы жылу беретін отын болып есептеледі. Мұнайдың кейбір органикалық бензин, хлороформ, эфир сияқты ерінділерде тез ериді. Сонымен қатар ол йод, күкірт, каучук, шайыр, өсімдік майларын ерітетін еріткіш ретінде де пайдаланылады. Бірақ мұнай суда ерімейді. Мұнайдың бұл қасиеті өндірісте мұнай қабаттарына су айдау арқылы, мұнай бергіштікті жоғарлату мақсатында  пайдаланады.

  Қазақстанның  әсіресе Атырау  мұнайының  құрамында май дистилляттары құрамы жоғары 27-28 %. Май фракцияларында 60% ке жуық ароматты көмірсутектер сақталады. Атырау МӨЗ (НПЗ)  ашық өнімдер шығарады. Әртүрлі  ұңғымадан  алынған мұнайдың құрамы әр түрлі болады. Мұнай құрамындағы компоненттер қатынасы, оның типін және физикалық қасиетін анықтайды. Бір ауданда әр түрлі типті мұнайды кездестіруге болады. Экосистеманың мұнаймен ластануын  бағалау  оның  физикалық  химиялық  қасиетіне  байланысты. Мысалы құрамында  жоғары  улы және корризиялы - ативті меркаптаны бар күкіртті мұнай Қазақстанның батыс бөлігінде Атырау облысының  Жылыой мұнай газды ауданында, Каспий  шығыс жағалауында 15-20 км қашықтықта  орналасқан. Теңіз кен орны 1979 ж ашылған. Дүниежүзіндегі  ондаған ірі кенорындарының бірі болып саналады. 3- млрд тонна мұнай және 1,8 млрд  м 3 газ қоры бар.

Теңіз кен орындарында  мұнайы аномальды жоғары қысыммен (850-900 атм), тығыздығымен ( 0,785-0,802 г/см 3), газ  факторымен (300-600 м3)  қатты битумдармен. (1-2-18 % - 20% )  ерекшеленеді. Мұнайдың  қату температурасы 40 °С, тұтқырлығы 20 °С – 21 °С МПА бастапқы қайнауы - 44 °С, жеңіл фракцияның шығуы – 200 °С.

Теңіз мұнайы мен газының  құрамы мен қасиеті күрделі: күкіртті бөлігі, парафиннен, жанғыш жоғары улы  газдар H2S, СО2, меркаптан және көмірсутектің кең фракциялары, смола – асфальтенттік заттар (0,5 -1,5% ).

Физикалық – химиялық факторлардың әсерінен  қалдықтар түрлі химиялық  айналуларға ұшырайды. Сонымен қатар  ластанған ауа мен топырақта  түзілген қалдықтар, жаңа химиялық  заттар өзара реакцияға түседі, нәтижесінде  көптеген зиянды заттар түзіледі.

Мұнайдың суда еруі проценттің жүздік бөлігін құрайды. Бірақ мұның  өзі судың сапасын төмендету  үшін жетіп жатады. Әдетте, мұнай  компоненттері сумен қосылып  эмульсия түзеді, олар қиын бұзылады.

Мұнай және мұнай өнімі  өз полярлы органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Мұнайды айырудың  физикалық методтарына хромотография  жатады. Қазіргі кезде универсальда және  тура методтар болып мұнай  компоненттері идентификациялаудың  спектральды методтары қолданылады.

Органикалық  қосылыстармен  қатар  мұнай құрамына әртүрлі  неорганикалық қосылыстардың  тұздары  кіреді. Табылған қосылыстар микро  элементтер. Мұнай құрамына ауыр металдар Ca, Cu, Zn, Mg, Pb, Fe, Si, Ni, V, U және  т/б. Шикі мұнайдан әр түрлі мұнай өнімдері алынады. Олар мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

  1. Жанармай (бензин, керосин, реактивті дизельді мазут)
  2. Мұнай майы
  3. Парафин
  4. Мұнай битумдары
  5. Жарықтандырғыш керосин
  6. Еріткіш
  7. Және т.б. мұнай өнімдері (кокс, күйе, органикалық қышқылдар және т.б)

Қоршаған  ортаны  өте  көп шикі мұнай, жанармайлар,

май, мұнай битумдары, күйе ластайды.

Атмосфера арқылы күйе кең  тарайды. Мұнайдың әр типінің  улылығы  бірдей  емес. Мұнайдың  жеңіл  фракциялары және жеңіл  мұнай  өнімдерінің (бензин, керосин) улылық әсері  бір организмдері өте күшті болады, Атырау облысының ауданында битумның жиналуы киромермен көрсетілген. Табиғи битумдар, асфальт және асфальтиттен құралады.

Битум  құрамында  ваннадий, никель және т.б. металдар сақталады.

 

 

 

 

 

 

  1.      Мұнай және мұнай өнімдерінің биосфера компонентеріне.

 

           2.1.  Мұнай және мұнай өнімдерінің топыраққа әсері.

 

Топырақ техногендік және улы ингредиент жинаушы және  шектеулі орта. Мұнай  және мұнайгаз өнімдері  ауыр металлдар  тобының  және тотықсыздану  процессі  өзгеріп, рН мәнін арттырады.

Жеңіл  фракциялар  атмосферада  біртіндеп буланады,  мұнайдың  бір бөлігі  химиялық  және биологиялық  қышқылдарға  ұшырайды. Теңіз кен  орнының 70 % төгілген мұнайы  бірден  буланады. Мұнайдың қозғалуы жер асты суына  жеткен кезде тоқталып ластайды,  ауыр сазды топырақтарда мұнай сорбцияланады, пораларды бітелді, топырақ  және өсімдік  қабатын бұзады.

Топырақтағы  ж/е судағы  әртүрлі токсикалық  заттар өсімдіктердің, жануарлардың ж/е адамдардың организміне  келіп түседі.

Мұнай газ шығатын райондарда топырақтың көмірсутегімен  аз да болса  ластанса, бұл оның өз-өзінен тазаруына  себеп  болатын  микроорганизмдердің  көлемінің азайып  кетуіне әкеліп соғады. Күкіртсутегінің  көп мөлшерінің  топыраққа  түсуі, өсімдік жамылғысына  зиянды аэробтық  және спера түзуші  микроорганизмнің күрт өсуіне әкеледі. 

Көміртек  оксиді  ( орташа 70% ) атмосферада толық емес табиғи газдардың жануы, қышқыл газбен  булы газдың қосылуымен тотығады.

Азот оксиді мен күкірт оксиді бірігіп көміртек қышқылы  атмосфераға  қосылып, химиялық қосылыс  және тасымалдаушы түзеді. Желдің  көмегімен  ластағыш заттар өте ұзақ ара қашықтыққа  таралады. 1998 жылы «Тенгизшевройлға»  атмосфераға 39 ластағыш заттар бар  екенін стационар көзі дәлелдеді, оның көлемі 82338,295 т. Желдің жылдамдығы 6 м/с  қауіпті болатындығын ескеру  керек.

ТШО - таст/у  ластану  активтілік зоналарына сәйкес, анықталатын аудан, оның радиусы 19,5 км және 1,95 км. Активті  ластану зонасының ауданы 1,180 км 2.

Жанбаған  көмірсутек газ  фазасын түзеді 1 метан, этаннан конденцирленген  көмір сутекке  дейін - 15-20% және күйе 4-8 %, азот оксиді және күйлер ластану  көздерінен 1-2 км –ге дейін таралады. Көмірсутек оксидтері атмосфера  қабатында 5-8 км  қашықтықтарда  миграцияланады.

Сол  сияқты отындарды  жаққан кезде кейбір қосылыстармен  күкіртті сутек түзіліп, ауа ағысымен  алыс жерлерге  жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға, адамзатқа  зиянын келтіріп  отырады. Топырақ  күкірт және азот диоксидтері сумен  сонымен қатар атмосферада  озонмен  әрекеттесіп нәтижесінде  қышқыл жауынға  айналады. Ол  жауын әр түрлі жағдайда топыраққа  түсіп, топырақтың мұндай жағдайға  келуі  табиғатымыздың алғашқы бұзылуының бір сатысы болып табылады. Күкіртті сутек қазіргі кезде біздің  өңіріміз Атырау қаласында да шамадан  тыс көбею  үстінде. Ол әрине туған  өлкемізде қаптаған өнеркәсіп пен  зауыттардың өнімдерді өндіру нәтижесінде  ауамызға үздіксіз таралу үстінде.

Мұнай мен  газдың басты  көлігі - құбырлар. Құбырлар жаңарту  процессінде тасымалданатын  мұнай  өнімдердің ағып  кетуі мүмкін, олар атмосфераның, топырақтың судың бүлінуіне  алып келеді. Мұнай - газ конденсантының магистральді құбырларды, резервуарларды, бүлдіріп алу, құю-құйып алу операциялары  және тиісті  аумақтарының бүлінуін туғызады. Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерін  өзгертіп, биогеоценозға  әсерін тигізеді,  және мұнай және газ конденсанты судың астыңғы  және үсті суларын бүлдіреді. Осындай  ластану кезінде  қоршаған ортаның  өзін - өзі тазартуы жай жүреді, содан  оларды пайдалану мүмкіндігін шектеледі.

Теңіздің  грунт  сулары (приурочены к новокаспийским и хвалынским  морским отложением)

Жер асты суларының негізгі  ластаушы көздері авариялық қалдықтар, автотранспорт, тұрмыстық қалдықтар  болып табылады. Ал ластаушы заттар күкіртті мұнай, көмірлі ж/е биотекті заттар.

Мұнай және газ өндірісінің  мүмкіндік салдары.

Мұнай және газ өндірісі  қоршаған  ортаны  ластайтын өндіріс  салаларына  жатады. Жаңа табиғи кен  орындарды игеруде ( үлкен  қысымдар, температура ж/е т.б) сондай-ақ жаңа  технологияларды пайдалану жағдайында пайда болатын қателіктерден  келеңсіз жағдайда күкірт сутекпен бір жерде ауыр және қауіпті болады, ж/е кез-келген қателік үлкен көлемдегі ауыр сомдарға айналдырып әкелуі мүмкін.

Мұнай мен газдың атмосферадағы  қалдықтары ж/е жанғыш өнімдерде  атмосфераның  озон қабатына кері әсерінен тигізді. Көмірсутектің көп мөлшерінің жануының нәтижесінде ауадағы көмірқышқыл  газдарының концентрациясының өсуі, және жоғары температураға үлкен  қуат  таситын  қалдықтар біздің  планетаның жылу балансына әсер етеді, атмосферадағы  радиациялық және  оптикаларының  құрамын өзгертеді, соның  салдарынан жер шарының  кейбір аудандарында қышқыл жаңбыр жаууы  мүмкін, олар  жердегі барлық тіршілікті жояды. Осылардың барлығы әлемдік  экологияның системасының  бұзылуына  әкеліп соғады.

( Батманов К.Б.  Мансуров  З.А. Осложнения при работе  углеводородного  сырья Карашыганакского  месторождения и пути устарнения).

Көмірсутек шикізаттарының физика – химиялық құрамын анализдеуде, яғни Қарашығанақ  кен орнындағы  мұнайда парафин мөлшерінің  өте  жоғары екендігін көрсетеді, ол кәсіпорында  мұнайды жинақтауда, тасымалдауда топырақта  гидрат тығындарының  қалыптасуына әкеледі. Кен орындарының қабаттарында  қышқылды газдардың ( H2 S 3,5 %, CO2–5,6 %) көп сақталуы мөлшері  гидрат түзу процесстерін жоғарылатады.

         Мұнай  құрамындағы  мазут  топырақтың  физикалық,  химиялық  қасиетін, сапалық  көрсеткіші - құнарлығын төмендетеді.

         Зерттелген  мұнайлардағы мазуттардың ауырлығы, тұтқырылығы, күкірттік құрамын жоғары Маңғыстау және Сазанқұрақ кен орындары мұнайлары екендігі жоғарыдағы № 1 кестеде көрсетіледі.

Буканова А.С. – Перспектива  получения минеральных масел  из мазутов Атырауского НПЗ (автореф. Атырау 2005 г стр. 23)

 

                     

 

 

 

                                                                                                               Кесте № 1

Көрсеткіштер

Мұнай  кен  орындары

Маңғыс тау

Құмкөл

Кеңқияқ

 

Мартыши

Сазанқұрақ

1. Тығыздылығы  20 ° С кг/м3

952,4

917,6

921,7

914,2

947,5

2. Күкірт құрамы  %

1,48

 

0,14

0,09

0,88

1,31

3. Тұтқырлық 

9,3

 

2,7

3,0

3,3

14,6


 

 

 

2.2. Мұнай және  мұнай өнімдерінің жануарлар     мен адам    ағзаларына  әсері.

 

Мұнайдың жеңіл фракциялары  құрылысы жағынан – қарапайым, ол төменгі молекулалы көмірсутектерден (алкандар)  парафинді,  ароматты  көмірсутегіден  құралған.

Бұл қарапайым мұнайдың ең қозғалғыш бөлігі. Алкандар наркоздық  құрал тәрізді әсер етеді, бірақ  алкандарға қарағанда оның әсірі  тыныс алуда күшті анық байқалады. Канцерогендік активтілігі жоғары қатерлі ісік ауруының жиілігін ұлғайтады. Ұзақ улану адамдардың бауыр мен бүйрек жұмыстарының өзгеруін, кан-тамыр органдарының тітіркенуіне әсер етеді. Сонымен қатар мутагендік әсері бар, созылмалы ісік ауруын тудырады.

Ароматты көмірсутектер  – улы мұнай компоненті, оның 1% - тік концентрациясы судағы өсімдіктердің  бәрін жояды. Мұнайдың  20-38 %  ароматты көмірсутегісі болса жоғары сатыдағы өсімдіктердің өсуіне қысым жасалады. Ароматты көмірсутегінің  ішінде жиірек тараған мутагендік және канцерогендік  заттардың өкілі 3,4 – бензо (а) пирен.

Ароматты көмірсутектер  қиын бұзылады. Деградация басты факторы  фотолиз  процессі болып табылады. Бұл ултракүлгін сәулелендіру  арқылы  жүреді.

Бузашы және  Қара арна кен орындарының ауыр мұнайылы, құрамында  концерогендік ароматты көмірсутектерден тұрады. Кесте №1,2  көрсетілген.

Алкандар органикалық  заттар аралығында активтілігі төмендеу, наркоздік әсері күшті, теріге әсері  өте қауіпті. Мұнай адам терісіне тигенде дермотит немесе экзема ауруына  душар  етеді.

Бензин организмге ауаны  жұту арқылы тыныс алу жолымен  ішек – қарын трактісінен қанға  сіңіріледі бензин орталық  системаға, тері қабаттарына әсер етеді, улануға  кейде өлім жағдайына әкеп соқтырады. Ауада бензиннің концентрациясы 0,005 – 0,001 мг/м3 нәтижесінде адамдар  қатты уланады, ал концентрациясы 0,04 мг/м3 ұлғайған жағдайда бірден өлім қаупін туғызады.

Керосинде бензин тәрізді  жалпы әсерлері бірдей дерманит мен  экземада ұшыратады. Көміртегі (СО) –  иіссіз, түссіз газ. СО 2 табиғи газдың толықтай жанбауынан бөлініп шығады және атмосферада 2-4 ай  сақталады. Ауадағы ПДК СО2 жұмыс зонасындағы 20 мг/м3 құрайды. Концентрациясы 600 мг/м3  кезінде жеңіл уланды 10-30 мин кейін күшті улану, 3600 мг/м3,  1800 мг/м3 концентрацияда 1-5 минуттан  кейін адамдарды өлімге әкеп соқтырады. Көміртегі оксиді қанның оксигемоглобинінен оттегін бөлуі нәтижесінде карбоксигемоглабин түзіледі. Қанда көміртегі оксидінің қатысуы кезінде тканьдердегі  О2- ң тасымалдануы  нашарлайды.

Ауадағы СО 2 0,005 – 0,01 % концентрациясында бас ауруы байқалады, СО 2 одан әрі жоғарғы концентрациясы кезінде естен тануға, кейде өлім  жағдайына ұшырауы мүмкін.

Әдебиеттерді куәландыра отырып, метан орталық нерв жүйесін  біртіндеп зиян келтіріп, нейрон және нейрон аралық синапстың  байланысына  әсерін тигізеді.

Меркаптан - жоғарғы токсинді органикалық күкіртті қасылысты  газ. Меркаптан мұнай айыру мен  мұнай кәсіп орындарының ауасында күкіртті сутекке қарағанда жүздеген, мыңдаған есе төмен. Меркаптандар (тиола  қазіргі атауы) табиғи газды тазалап, бөлу  процессі нәтижесіндегі жаңаша өнім болып табылады. Меркаптандар концентрациясы       2 х 10 -9 мг/ л болған жағдайда ауада өте жағымсыз  иісті пайда болады: көміртегі сияқты меркаптандар да жоғарғы  концентрацияда адамның тыныс алу орталықтарда сал ауруы пайда болады. Меркаптандардың ұзақ әсері бауырдың антитоксикалық және белок түзу фугкциясын  бұзады, адамдардың дене салмағының  және жалпы денсаулығының жағдайын төмендетеді.

Азот диоксиді - тұншықтырғыш өткір иісті газ. Азот диоксиді  температурасы 140 °С  N O2 және O2 – ге бөліне бастайды. Азот диоксиді (NO2) концентрациясы - 0,8 – 5 мг/м3 ортада 3-5 жыл жұмыс істеген адамның өкпелеріне қатты әсер етеді, сонық нәтижесінде адамда созылмалы бронхит, астма ауруларына  душар болып және жоғарғы онцентрацияда орталық нерв системасын зақымдайды. Жұмыс зонасында ауадағы ПДК (NO 2) -2 мг/м3.

Суатқа үдемелі антропогендік  әсер ету, оның гидрохимиялық және гидрологиялық  өзгеруіне алып барады, экосистеманы дегратацияға шақырады, биоәртүрлікті  төмендетеді; жоғары биопродуктивті биоценоз аз продуктивтілікке алмасады. Балықтар су экосистемасының соңғы  графикалық қатары сияқты, оның жиі негізгі  компоненттері болып табылады және техногендік негізгі ауырлығын  өзіне қабылдайды. Соңғы онжылдықта балықтарды (бауырларының, бүйрек, желбезек аппараттарының ) патоморфологиялық  өзгерістер байқалуда. Балықтардың  құртшабақтарын мұнайдың суда еритін фракция ертіндісіне ауыстырған (жіберген) кезде олардың меланин  пигменттерінің төмендеп , екі жұмадан  кейін олардың 100 % -і өлгені байқалған.

Күкірт қышқылы - күкірт диоксиді  және су буларынан түзіліп, цитозинді  алмастырады дезамин дейді.

Натрий бисульфиті – канцероген ДНК – дағы бір тізбекті полунуклеотидтерге пиримидинаментмен әсерлесіп ол цитозинді урацилге айналдырады.

Күкіртті сутек - түссіз, жағымсыз иісті газ. Күкіртті сутектің сезілгіш иісінің ауадағы құрамы 1,4 – 2,3 мг/м3, өте жоғарғы концентрацияда иісі күштілігі әлсіздеу болған сайын  үйреншікті бола бастайды. Организмге күкіртті сутек организмге тыныс  алу органдары арқылы түседі, аз мөлшерде тері және қарын арқылыда енеді, қанның оттегімен қанығу қабілетін  төмендетеді. Күкіртті сутекпен  ұзақ уланғанда, гемоглабиннің оттегін  сіңіру қабілеті      80-85 %  жағдайда  – 15 % дейін жетеді.

Күкірт.

Күкірттің аса бағалы, әрі  сирек  кездесетін шикізат,  сонымен  бірге ол аса қауіпті. Күкірттің  болуы табиғатқа мұнайдың әсерінің маңызды факторы болып  табылады. Күкірт мұнайдың құрамында сұйық  күйде,  күкірт сутек,  меркаптан  түрінде кездеседі.

Мұнай құрамындағы күкірт топрырақта күкірт сутекті барер  түзеді.

 Қазірдің өзінде  оның  зияны тірі табиғатқа елеулі  әсер ете бастады. Каспий жағасында  құстың  жаппай өлуі байқалуда.  Аса құнды қызыл балық жапа  шегуде. Облыста, ең алдымен Ембі  ауданында  сырқаттың тыныс  органдары дерті өсіп бара  жатқаны жиі айтылып жүр. Ауаға  жыл сайын, толық емес мәліметтер  бойынша, 52,0 мың тоннадан астам  залалды заттар тасталады. Ол  ауданның әр тұрғынына 800 кг  –нан келеді десек, облыс бойынша  орта көрсеткіштен 200 кг  артық. 

Бұрғылау мен сынау  кезінде скважинадан кеткен газ  қосындылары қазірдің  өзінде осы  алқаптың ауа  бассейнін  ласттауда. Осы орайда Қаратон поселкесінің тұрғыны, қарт мұнайшының мынадай бір  ой-түйіні: ауаға кеткен күкіртті ангидрид газы ылғалмен реакцияға түсіп, жерге  қайта отырғанда күкірт қышқылына  айналады да өсімдікді, тіпті даладағы  жаюлы кірді тесіп тастайды.

Теңіз  кен орынының  игеріле бастауына байланысты  тағы бір үлкен проблема алда тұр. Перспективалы алаңның мұнай  құрамында күкірт қоспасы  мол. Ғалымдардың  мәліметтеріне  қарағанда, күкірттің  ара салмағы 25 проценттен кем емес деп есептелуде. Мұнай мол күкіртті мұнай  Одақта  бұрын  болған  емес. Әлемде  де сирек.

Күкіртті сутек.

Адамның шаруашылық қызметі  қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі  болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын  өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, топырақққа, суға түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі. Соның бірі-күкіртті сутек (Н2 S) Бүкіл жер шарында осы ластаушы зат күкіртті сутектің түспеген  жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсібі жоқ Антарктиданы алайық. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерден ауа ағымдарымен келіп түскен. Күкіртті сутек өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Егерде адам организміне күкіртті сутек көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танып қалады, тіптен кейде өліп кетуі мүмкін. Күкіртті сутек өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі ретінде өнеркәсіптік зауыттарымен, тау-кен өндіру және  целлюлоза қағаз өнеркәсібінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Құрамында күкіртті сутегі бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдіктерде көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана  қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады. Әсіресе көкөніс, жеміс – жидек өнімдеріне  де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдіктермен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмінде физиологиялық өзгерістер болады. Күкіртті сутек атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға  айналып, газ, сұйық немесе қоспа түрінде топырақ және су бетіне келіп, одан адам организміне түседі. Сол сияқты отындарды жаққан кезде кейбір қосылыстамен күкіртті сутек түзіліп, ауа ағысымен алыс жерлерге жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға, адамзатқа зиянын келтіріп отрады. Күкіртті сутек сонымен қатар атмосферада озонмен әрекеттесіп нәтижесінде қышқыл жауынға айналады. Ол жауын әр түрлі жағдайда топыраққа түсіп, топырақты жан-жақты құнарсыздандырады. Топырақтың мұндай жағдайға  келуі табиғатымыздың  алғашқы бұзылуының бір сатысы болып табылады. Күкіртті сутек қазіргі кезде біздің өңіріміз  Атырау қаласында да шамадан тыс көбею үстінде. Ол  әрине туған өлкемізде қаптаған  өнеркәсіп пен зауыттардың өнімдерді өндіру нәтижесінде ауамызға  үздіксіз таралу үстінде.

Күкіртті  сутек  ( Н2 S)  нерв системасына арнайы  улылық  әрекеті (Н2 S) 1884 жылы ашылды. Күкіртсутегі  тотығу процестердің  механизміне улы әрекет  береді. Қанды оттегімен қанығуын  төмендетеді.  

Күкірт  сутегімен  үнемі (созылмалы)  уланғанда, гемоглабиннің  оттегіні сіңіруі 80-85 % - ға дейін төмендейді, ал өткір жағдайда 15% - ға дейін жетеді.                    H2S концентрациясы 750 мг/м3 болғанда, қауіпті улану 15-20 минут аралығында  басталады, ал концентрациясы  1000 мг/м3 немесе оданда  жоғары болса, бірден өлім қаупін туғызады. Уланудан кейін пневмония, өкпе ісігі магнит және энцефомит ауруларының белгілері жиі байқалады. H2S мұнайды өндіргенде және  өңдеген кезде бөлінбей, әртүрлі көмірсутегілердің бірлесіп әсер етеді. Фенолдың  топтарының қосылысы да улылық эффектіге ие болады. Фенолмен уланғанда, ішкі органдармен мидың тканьінде ұсақ қаннан құйылуй байқалады. Фенол - ерекше зиянды заттардың категориясына жатады. Мұнайдың құрамына бұрын белгілі болған органикалық компоненттерден бөлек, ауыр  металдың 90% -і, ал  ауызсумен бірге 10 % -ы түседі. Ішек – қуысы тракті арқылы жуылып,  олар ұзақ уақыт бойы  жиналып сол немесе өзге органнын структурасы мен функциясын  бұзады. Қоршаған ортада ауыр металдардың шамадан тыс болуы, жүректің, кан айналым сосудтарының, нерв жүйесі  мен тканьі ауруларын туғызып ферментативті активтілігін  төмендетіп, тыныс алу органы мен теріні зақымдауға әкеліп соқтырады. Қорғасын улы ауыр металл, ол қандағы гемоглабиннің,  түзілуіне кедергі жасайды. Қорғасынмен уланғанда мынандай симптомдар байқалады. Сондай-ақ ішек шаншуы, полинефрит, анемия, тез шаршау. Ауыр металдар ( цинк, мыс, қорғасын ) ретикулярлы – эндетелиальды жүйемен ұсақталады, органда жинақталады, цинк және мыс бауырда, бүйректе, біркелкі таралады, ал мыс бауырда органикалық комплекс түрінде сақталады.

Қорғау  стратегиясы  мұнай  өңдеуде негізгі басты дәрежеде болуы керек. Мұнай өңдейтін аудандардаы  ластандырмау үшін экологиялық мониторинг жүргізу керек. Бұл қоршаған  ортада  бақылаушы  жүйе сияқты маңызды орын алады. Мониторингтің қатысында  антропогендік ауытқышылық қоршаған ортаға жинақталуын информациялық  жүйедегі  табиғат параметрі арқылы қарастырылады. Бұл мақсатта экологиялық  мониторинг  биологиялық және химиялық әдістерді қолданылуымен қатар, негізгі алынатын  мөлшері үшін технологиялық  сферада қауіпсіздікті  төмендету, шығаратын қалдық түріне байланысты. Барлық экологиялық критери  сапасы соңғы қорытындыға  байланысты.

                                               

 

 

Мұнай өндірісінің биосфера компмненттеріне зияны