Мұнай және мұнай өнімінің жалпы сипаттамалары
І Мұнай және мұнай өнімінің жалпы сипаттамалары
1.1 Мұнай және мұнай өнімдеріне физика – химиялық сипаттама
Негізінен алғанда көмірсутектерінен
(85 % -ға дейін) тұратын бұл
заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды,нафтенді ж
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр
қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл
болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай
өндіріледі.Мұнай судан жеңіл, оның меншікті
салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр
тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айыруш
Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын
мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропағ
Ертеректе «тас майы» деп аталған мұнайдың болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильваниядаең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі...», – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.
Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға
біраз ұқсайтын қарамайларды беретін
көмір мен тақтатастардан шығу теориясы
да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пен Абихтік і болған еді. Алайда ол кезде
олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде
практикалық мағынасы аз еді.
Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды – ацетилен,этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.
Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық – жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделеев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды. Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті.
Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.
Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы – академик Н.Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді.
Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай – бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы – бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.
Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.
Мұнайдың элементтік құрамы
мен гетероатомдық компоненттері. Көмірсутектермен қатар мұнай құрамында тағы
басқа заттар да бар. Мырышы бар - H2S, меркаптандар, моно-
және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар
полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық
өнімдерде шоғырланады); азотты заттар – негізінен пиридин, хинолин, ин дол, карбазол, пиррол және пор фириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар
мен қалдықтарда шоғырланады) гомологтары;
қышқылды заттар – нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты т.б. заттар
(әдетте жоғары қайнайтын фракциларында
кездесетін). Элементтік құрамы (%): С –
82-87, Н – 11-14.5, S – 0.01-6 (сирек – 8-ге дейін),
N - 0,001—1,8, O — 0,005—0,35 (сирек – 1.2-ге дейін)
және т.б. Барлығы мұнай құрамында 50-ден
аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен
қоса V(10-5 — 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап
2•10-2%-ға дейін) т.с.с. Әр зат әр кен орнында
әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа
химиялық қасиетттер жайлы тек шартты
түрде ған аайтуға болады.
Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің
қарқынды дамуына байланысты мұнайға
деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін
ғана емес, синтетикалық каучук,синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, боя ғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан
астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде.
Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде
көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер
– метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар
(10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.
АҚШ Қуат Ақпарат басқармасының (EIA) есебі бойынша 2011 жылы әлем күн сайын 87.421 миллион баррель тұтынған.
Жан басына шаққандағы мұнай тұтыну (қою түс - көбірек тұтынатынды көрсетеді).
Мұнай өндіру
Мұнай өндіруші елдер
Бұрынғы КСРОны қосқанда үздік мұнай өндіруші елдер 1960–2006[2]
Мұнай өндіру саласында өнім ұғымы бөлініп алынған мұнай өнімдерін емес кен орнынан өндірілген шикі мұнай көлемін айтады.
# |
Өндіруші ел |
103bbl/d (2006) |
103bbl/d (2007) |
103bbl/d (2008) |
103bbl/d (2009) |
Қазіргі үлесі |
1 |
Сауд Арабиясы (OPEC) |
10,665 |
10,234 |
10,782 |
9,760 |
11.8% |
2 |
Ресей 1 |
9,677 |
9,876 |
9,789 |
9,934 |
12.0% |
3 |
АҚШ 1 |
8,331 |
8,481 |
8,514 |
9,141 |
11.1% |
4 |
Иран (OPEC) |
4,148 |
4,043 |
4,174 |
4,177 |
5.1% |
5 |
Қытай |
3,846 |
3,901 |
3,973 |
3,996 |
4.8% |
6 |
Канада 2 |
3,288 |
3,358 |
3,350 |
3,294 |
4.0% |
7 |
Мексика 1 |
3,707 |
3,501 |
3,185 |
3,001 |
3.6% |
8 |
БАӘ (OPEC) |
2,945 |
2,948 |
3,046 |
2,795 |
3.4% |
9 |
Кувейт (OPEC) |
2,675 |
2,613 |
2,742 |
2,496 |
3.0% |
10 |
Венесуэла (OPEC) 1 |
2,803 |
2,667 |
2,643 |
2,471 |
3.0% |
11 |
Норвегия 1 |
2,786 |
2,565 |
2,466 |
2,350 |
2.8% |
12 |
Бразилия |
2,166 |
2,279 |
2,401 |
2,577 |
3.1% |
13 |
Ирак (OPEC) 3 |
2,008 |
2,094 |
2,385 |
2,400 |
2.9% |
14 |
Алжир (OPEC) |
2,122 |
2,173 |
2,179 |
2,126 |
2.6% |
15 |
Нигерия (OPEC) |
2,443 |
2,352 |
2,169 |
2,211 |
2.7% |
16 |
Ангола (OPEC) |
1,435 |
1,769 |
2,014 |
1,948 |
2.4% |
17 |
Либия (OPEC) |
1,809 |
1,845 |
1,875 |
1,789 |
2.2% |
18 |
Біріккен Королдік |
1,689 |
1,690 |
1,584 |
1,422 |
1.7% |
19 |
Қазақстан |
1,388 |
1,445 |
1,429 |
1,540 |
1.9% |
20 |
Қатар (OPEC) |
1,141 |
1,136 |
1,207 |
1,213 |
1.5% |
21 |
Индонезия |
1,102 |
1,044 |
1,051 |
1,023 |
1.2% |
22 |
Үндістан |
854 |
881 |
884 |
877 |
1.1% |
23 |
Әзірбайжан |
648 |
850 |
875 |
1,012 |
1.2% |
24 |
Аргентина |
802 |
791 |
792 |
794 |
1.0% |
25 |
Оман |
743 |
714 |
761 |
816 |
1.0% |
26 |
Малайзия |
729 |
703 |
727 |
693 |
0.8% |
27 |
Мысыр |
667 |
664 |
631 |
678 |
0.8% |
28 |
Колумбия |
544 |
543 |
601 |
686 |
0.8% |
29 |
Аустралия |
552 |
595 |
586 |
588 |
0.7% |
30 |
Эквадор (OPEC) |
536 |
512 |
505 |
485 |
0.6% |
31 |
Судан |
380 |
466 |
480 |
486 |
0.6% |
32 |
Сирия |
449 |
446 |
426 |
400 |
0.5% |
33 |
Экваторлық Гвинея |
386 |
400 |
359 |
346 |
0.4% |
34 |
Тайланд |
334 |
349 |
361 |
339 |
0.4% |
35 |
Вьетнам |
362 |
352 |
314 |
346 |
0.4% |
36 |
Йемен |
377 |
361 |
300 |
287 |
0.3% |
37 |
Дания |
344 |
314 |
289 |
262 |
0.3% |
38 |
Габон |
237 |
244 |
248 |
242 |
0.3% |
39 |
ОАР |
204 |
199 |
195 |
192 |
0.2% |
40 |
Түрікменстан |
No data |
180 |
189 |
198 |
0.2% |
41 |
Тринидад және Тобаго |
181 |
179 |
176 |
174 |
0.1% |
Мұнай өнімдері – көмірсутектер
мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай
мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық
қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар,
битумдар, ауыр көмірсутектер және әр
түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға
бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне
көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин,
Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары
мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан
алынады. Ауыр көмірсутектерге парафиндер, це
Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай
коксы, күйе, мұнай
пиролизінің әр алуан өнімдері (бензол, толуол, ксилол, т.б.), асидолдар, деэмульгатор
Мұнай ұғымы
Жердің шөгінді қабатында таралған,
жанғыш майлы сұйықтық; маңызды пайдалы
қазынды. Мұнай 1.2-2,0 км-ден астам тереңдікте
газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі.
Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға
дейін өзгереді, тығыздығы 0,65-1.05 грамм/см3
аралығында. Мұнай жеңіл (тығыздығы 0.83г/см3-ке
дейін), орташа(0,831-0,860 г/см3), ауыр (0,860г/см3-тен
жоғары) болып бөлінеді. 28С градустан жоғары
температурада қайнайды, қату температурасы
26-дан-60'С-қа дейін, меншікті жылу сыйымдылығы
1,7-2,1 кДж/(кг*К), меншікті жану жылуы 43,7-46,2
МДж/кг, диэл.өтімділігі2-2,5; Электр өткізгіштігі
2*10*10(дәрежесі)-0,3*10*-18(
Теңіз суының мұнаймен ластану жолдары және оның қазіргі жәйі
Терістік Каспийдің бірқатар аудандарында соңғы бірнеше жылдары жүргізілген мониторинг бұл аудандарда мұнай өнімдерінің, фенолдың және хлорлы органикалық пестицидтердің бар екенін және олардың кең таралғанын көрсетті.
Мұнай өнімдерінің барлығы икспектрометрі , хлорлы органикалық пестицидтер – газ хромотрографиясы. Фенол судың буын айдап спектрофотометр әдістерімен анықталады, бұл зерттеулер терістік Каспий суында Мұнай және хлорланған көмірсутегінің өсіп келе жатқандығын көрсетті. Мұнай өнімдерінің орташа барлығы 0,15 мг/л хлорлы органикалық пестицидтер 2 есе хлорланған сутегі 7есеге өскен, және әсіресе жазда өсіп отырады, әсіресе пестицидтердің ең жоғарғы өсуі шілде айында болады, теңіз ластануы соңғы 40 жылда тез өскен. Су жиналатын алқапты оның әрбір тарамы әр шамада болса да бәрі де ластайды. Ал, Каспий теңізі бұрын , суреттегеніміздей құрлықта орналасқан, мұхиттар мен басқа теңіздермен байланысы жоқ тұйық су болғандықтан оған түскен улы заттар өз ішінде жиналады, ыдырайды, шіриді, түбіне шөгеді (жатады). Соңғы 15-20 жылда теңіз суы мен оның түбінің ластануы оларға құйылатын улы заттардың қауырт (күрт) көбеюінен тез өсіп отыр.
Бұл, әсіресе, Терістік Каспийге тән, өйткені, бұл жер тұрақты тайыз, жыл мезгілдерінде температура көп өзгермейді, минералды фосфорға жарлы, ағысы жоқ. Сондықтан бұл аумақтың өзін – өзі тазартып отыруға әлі жетпейді. Терістік Каспийдің өзін-өзі тазарту қабілеті Орта және Оңтүстік Каспийден 8 есе кем. Каспий Аумақтық Тақырыптық Орталықтың (Каспийский Региональный Тематический Центр ) 2004 жылғы мәліметтері бойынша әр-түрлі көздерден теңізге 122,35 мың тонна кадмий, 17 тонна ртуть және басқа хром, қорғасын, мыс, қалайы сияқты ауыр металдардың, басқа да көптеген лас улы түседі екен. Олардың түсетін жолдары:
№ |
Түсетін жолдары (көздері) |
Азот |
Фосфор |
Ртуть |
Кадмий |
Мұнай |
1. |
Өзендер |
827000 |
88000 |
14 |
141 |
75000 |
2. |
Қалалар |
2400 |
6000 |
1 |
2 |
19000 |
3. |
Өндіріс орындары |
200 |
1000 |
2 |
6 |
28000 |
4. |
Ауа |
39000 |
800 |
0 |
0 |
350 |
5. |
Барлығы |
890200 |
95800 |
17 |
149 |
122350 |
Мұнай және экология, олардың теңіз суына әсері
Америка құрама штаттарының энергетикалық ақпараттық басқарамасының мәліметі бойынша Каспий маңы аймағы мемлекеттерінің мұнай газдық ресурстары (миллиард тонна шартты отынға шыққанда) мына кестеде көрсетілген:
Елдер |
Мұнай |
Газ | ||||
Дәлелденген қорлар |
Мүмкін ресурс |
Барлығы |
||||
Азербайжан Иран Қазақстан Ресей Түркіменстан Каспий маңы елдері Каспий маңы елдері (Ресейді қоспағанда) |
0,7-2,0 0 2,0-3,2 0,04 0,3 3,0-5,7
3,0-5,7 |
5,4 2,4 17,0 1,0 6,4 32,0
31,2 |
6,1-7,0 2,4 19-20 1,0 6,7 37,9
34,2 |
0,4 0 2,0-3,1 - 3,7-5,8 -
6,1-9,0 |
1,3 0,4 3,3 - 5,9 -
10,0 |
1,7 0,4 5,3-6,4 - 9,6-11,7 -
17,0 |
Қазақстан Республикасының Президентінің № 1095 «Қазақстан шельфін өзгерту бойынша мемлекеттік бағдарламасы» бойынша бұл аймақтан 1-ші кезеңде (2003-2005) жылдық өнім 500 мың тонна мұнай, 2 ші кезеңде (2006-2010) жылы 40 миллион тоннаға жеткізіліп, одан әрі 3-ші кезеңде 100 миллион тонна өндіруге сай болуға тиіс. Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игеру бойынша бағдарламаның кең масштабтағы деңгейін болашақ инвестиция көлемі куәландырады;алғашқы кезеңдегі олардың көлемі 5 миллиард, екінші кезеңде – 10 миллиард, үшінші кезеңде – 11 миллиард АҚШ доллары болмақ. Осындай инвестиция ағымының шикізатты өндіру бойынша жұмыстары мен оны тасымалдау мен өңдеу мәселелерін шешу мен , елдің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экологиялық қауіпсіздік шараларымен байланысты бағдарламаның бөлімдерін жүзеге асыру қажет. Осы құжат бойынша негізге алатын принциптер мыналар:
-Мемлекеттердің пікірлерінің сақталынуы; (келісімге келуі);
-Халықаралық бірлестік процестерін күшейту;
-Көмірсутек шикізатын
комплектік және қалдықсыз
-Жүзеге асырылатын мұнай
операцияларының Каспий
-Каспий теңізінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау.
Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігі 113 мың шаршы шақырым, теңіздің 30%-тін құрайды. Қазақстан ғалымдарының бағасы бойынша мұнда бүтін теңізде болжанған көмірсутегінің 60%-ы шоғырланған. Бұл Қазақстанның құрлықтағы қорынан 4 есе көп. Мұнай қорынан Каспий теңізі Терістік теңізден екі есе артық, тек Персия шығанағына ғана жол береді. Сондықтан, Қазақстан үкіметі өз жеріне жататын Терістік, Орта, Оңтүстік Каспийде көлемі жағынан, қоры жағынан да ірі-ірі Қашаған, Құрманғазы, Хвалин, Оңтүстік Корчагин деген кен орындарында шетел компанияларына келісім шартпен барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берген. Соның ішінде Қашаған кен орны, мұның аумағы 2600шаршы км, мұнай беретін қабаты1200 метр, Аджип ККО компаниясы көмірсутегінің қоры 9 млрд. баррель деп болжаған, бағалаған, жарияланған. Ал, жалпы геологиялық қоры 38 млрд. баррель болып есептеледі. Мұнда ОКИОК компаниясы барлау, бұрғылау жүргізуде.Қазір Шығыс Қашаған, Батыс Қашаған деген Каспий теңізінің 5-6 метр тереңдігінде қайраңда жұмыс істеуде. Қашаған кенішінің өзге теңіз төріндегі Қаламқас, Ақтоты және Қайран кен орындары да игерілмек. Геологиялық іздестіру шараларының жалғасына орай су айдынында жасанды арал салынды, әлде де бірнеше жасанды аралдар салынбақ, оған құрылыс материалдары Маңғыстау облысынан Баутино порты арқылы тасымалданады, онымен «Қазморттрнасфлот» компаниясы айналысады. Бұл кен орында бұрғылау қондырғылары мен жабдықтары осы аралдар мен кемелерге орнатылған. Құрманғазы кен орны Терістік Каспийдің қорықтық жерінде Маңғыстау облысының Форт- Шевченко қаласынан батыста 80 шақырым жерде.Геологиялық қоры 6,2 млрд. мұнай эквиваленттегіндей деп болжануда.Орталық Маңғыстауда өндірістік өнімі теңіз түбінде 3-4 метр тереңдікте, қоры 250-300 миллион тонна деп болжануда. Оңтүстік Каспийде Дархан, Нұрсұлтан, Ұлытау, Ракуша деген алаңдарда да бұрғылау, барлау жұмыстары жүргізілмек. Мемлекеттік «Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі қорды игеру» бағдарламасы бойынша барланған кен орындарынан алынған өнімді бөлісу туралы Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасында келісім жасалған.Осы келісім шарт бойынша Ресей мұнай компаниясының «Исполин» кемесі Құрманғазы кен ауданында барлау жұмыстарына кіріссе, «Лукойл» компаниясы «Тұпқараған» , «Қазақстан» деген Каспий қайраңында теңіздік сейсмикалық зерттеуге , барлауға кірісті. Түркімен мемлекеті мен Азербайжан мемлекетінің түйіскен жеріндегі Азерли, Чираг кен орындары, осы мемлекеттердің күшімен зерттелуде. Бұл кен орындарындағы көмірсутегінің жиынтығы жер қойнауындағы қорынан ірі, аса ірі орындар және бұлар бір-бірінен құрылымы , түрі, аймақтарының орналасуы жағынан , табиғи ауа-райы мен жер бедері жағдайлары жағынан бір-біріне ұсамайды, сондықтан, бұл аталған орындарды игеру қоршаған ортаға әр-түрлі әсер етеді.Каспий теңізіндегі осылар сияқты ірі-ірі мұнай кен орындарын игеру, оны әртүрлі бағытта кесіп өтетін үлкен аумақтық мұнай және газ құбырларын салуды талап етеді. Бұлар теңіз түбінен таратылмақ.Баку-Жейқан, Теңіз- Баку-Түркіменбашы , одан әрі Баку-Тбилиси –Эрзрум бағыттары. Қазір бұлардан тек қана Баку-Жейқан құбырына Ақтау қаласынан Баку қаласына дейін теңіз астымен құбыр тартып қосылуы туралы келіссөздер жүргізіп отыр, бірақ, әзірге тартылған құбыр жоқ. Бұл кен орындар игеріліп, құбырлар салынып іске қосылғанда қандай болса да табиғатқа кері әсерін тигізетіне де белгіл. Сөйтіп, барлығы қосылып, қоршаған ортаның табиғи болмысын бұзатыны, тіпті, апатты жағдайға дейін апаратыны ықтимал. Бірақ, ел экономикасы үшін мұнай, газ өндірмей отыра алмайтынымыз да тағы түсінікті.Әлем ғалымдары мұнай мен газға пара-пар шикізат түрін ойлап тапқанша, көмірсутегіне деген дүниежүзілік сұраныстар кемімейді. Тіпті, ОПЕК сарапшыларының пайымдауынша, 2020 жылы «Қара алтынға» деген сұраныс дүниежүзінде 1,5 пайызға артпақ, ал, бұл көрсеткіш Азия елдерінде 2,5 пайыз болмақ. Қазір дүниежүзілік нарықта 1 баррель бюджетінің 34 пайызы мұнайдың бағасы орта есеппен 62 доллар болып, Қазақстан мемлекеттік бюджетінің 34 пайызы мұнай сатудан құралып отырғанда мұнай өндіруді ұлғайтудың маңызы жоғары екені әрбір қазақстандыққа түсінікті. Сонымен байлығымызды да игеріп,сатып игілігін көруіміз керек, табиғатымызды да сақтауымыз керек деген екі міндет алдымызда тұр.

- Мұнай кен орындарының игеру тәртібі
- Мұнай мен газдың тарихы
- Мұнай мен газды өндіру
- Мұнай мен газ кен орындарын игеру режимдері
- Мұнай мен газ: өндіріс және пайдалану
- Мұнай мен газ өндірісі
- Мұнаймен ластанған топырықты микроағзалар көмегімен тазарту
- Мұнай жане кен орындары
- Мұнай және газ
- Мұнай және газ кен орындары
- Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану
- Мұнай және газ өнімін өндіретін өндірістің қаржылық жағдайының экономикалық мәні
- Мұнай және кен орындары
- Мұнай және мұнай өнімдерінің топыраққа әсері