Мұнайдың шығу тарихы

Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде  жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында  оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр  қосындылары да кездеседі.

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.

Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік  мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.

 

Мұнайдың шығу тарихы

 

Лос-Анджелестегі мұнай  вышкалары(1896 жыл)

Мұнайдың, ал ертеректе  оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш  рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға  дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі...», – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.

Мұнайды қыздыру кезінде  мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары –  академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.

Ең жемісті болғаны  өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев  ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды – ацетилен, этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.

 

Харичков және басқа  да орыс ғалымдары мұндай әдіспен  табиғи мұнайға ұқсас сұйық –  жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды.Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті.

Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері  мен жануарлары қалдықтары судың  түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.

Ақыры 1930 жылы ірі кеңес  ғалымы – академик Н.Д. Зелинский  бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың  әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді.

Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия  ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай – бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы – бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.

Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.

Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері [өңдеу]

Көмірсутектермен қатар  мұнай құрамында тағы басқа заттар да бар. Мырышы бар - H2S, меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық өнімдерде шоғырланады); азотты заттар – негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және порфириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар мен қалдықтарда шоғырланады) гомологтары; қышқылды заттар – нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты т.б. заттар (әдетте жоғары қайнайтын фракциларында кездесетін). Элементтік құрамы (%): С – 82-87, Н – 11-14.5, S – 0.01-6 (сирек – 8-ге дейін), N - 0,001—1,8, O — 0,005—0,35 (сирек – 1.2-ге дейін) және т.б. Барлығы мұнай құрамында 50-ден аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен қоса V(10-5 — 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап 2•10-2%-ға дейін) т.с.с. Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық қасиетттер жайлы тек шартты түрде ған аайтуға болады.

 

Пайдасы

 

Мұнай дүние жүзілік  жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат  пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш  мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.

Химия мен мұнай-химия  өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына  байланысты мұнайға деген сұраныс  жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.

 

 

Мұнай өнімдері

 

Мұнай өнімдері – көмірсутектер  мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут, т.б. жатады. Мұнайға серік газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге кездесуіне байланысты – олар мұнайда еріген күйде болады немесе мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады. Ертерек кезде мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін жерде оны жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап алады, өйткені олар, табиғи газ сияқты жақсы отын және бағалы химиялық шикізат болып табылады. Құрамында метанмен бірге басқа да көмірсутектер: этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серік газды пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір кең. Сондықтан табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу жолымен серік газдан заттарды көп мөлшерде алуға болады. Серік газдарды тиімді пайдалану үшін оларды құрамдары жақын қоспаларға бөледі. Пентан, гексан және басқа көмірсутектердің қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын қоспалары газды бензин түзеді(олар мұнайдан ішінара газбен бірге ұшып шығады). Одан кейін пропан мен бутанның қоспасы бөлінеді. Газды бензин мен пропанбутан қоспасын бөліп алғаннан кейін құрғақ газ қалады, оның басым көпшілігі метан мен этан қоспасынан құралады. Газды бензин құрамында өте ұшқыш сұйық көмірсутектер бар, сондықтан оны двигательдерді от алдырған кезде тез тұтандыру үшін бензинге қосады. Пропан мен бутан сұйылтылған газ түрінде, жанармай ретінде тұрмыста пайдаланылады. Құрамы жөнінде табиғи газға ұқсас құрғақ газ ацетилен, сутегі және басқа да заттар алу үшін, сол сияқты отын ретінде пайдаланылады. Мұнайға серік газдар химиялық өңдеуге арналған және жеке көмірсутектер – этан, пропан, н-бутан, т.б. бөлініп алынады. Ал олардын қанықпаған көмірсутектер алады. Мұнай – молекулалық массалары әр түрлі, қайнау температуралары да бірдей емес көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, айдау арқылы оны жеке фракцияларға(дистиляттарға бөледі, мұнайдың құрамында С5 – Сn көмірсутектері бар және 40-200°С аралығында қайнайтын бензин құрамында С8-С14 көмірсутектері болатын 150-200°С аралығында қайнайтын лигроин, құрамында С12-С18 көмірсутектері болатын және 180-300°С аралығында қайнайтын керосин алады, бұлардан кейін газойль алынады. Бұның бәрі – ашық түсті мұнай өнімдері. Бензин ұшақ пен көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матаны тазартуға, т.б. қолданылады. Лигроин трактор үшін жанармай болады. Керосин – трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың жанармайы. Ал газойльден дизель жанармайы өндіріледі. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут. Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағрмай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады. Мұнайдың кейбір сорттарынан қатты көмірсутектер қоспасы – парафиндер алынады; Қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. Табиғи газ – жер қойнауында анаэробты органикалық заттарндың ыдырауынан пайда болған газдар қоспасы.

Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан алынады. Ауыр көмірсутектерге  парафиндер, церезиндер, озокериттер және олардың майлармен қоспасы жатады. Битумдер – гудронды ауамен тотықтыру арқылы немесе гудронды тереңдетіп айдау арқылы алынған май фракцияларынан кейін қалатын жартылай қатты және сұйық күйдегі өнімдер.

Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай коксы, күйе, мұнай пиролизінің әр алуан өнімдері (бензол, толуол, ксилол, т.б.), асидолдар, деэмульгаторлар, хлорпарафиндер, т.б. жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.

 

 

Мұнай-газ кендері 

 

Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.

Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде орналасқан.

Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды  облысының қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан. Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.

 

Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс  Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж.) шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.

 

Табиғи резервуарлар көбінесе суға қаныкқан болады. Жер қойнауында пайда болған мұнай мен газ алғашқы қонысынанкөшу (миграция) арқылы коллекторлы резервуарларға кездескеннен кейін, өздерінің тығыздығына сәйкес судан өтіп, жоғары — су бетіне көтерілуге тырысады. Осыған байланысты резервуар ішінде су (астында), мұнай (ортасында), газ (жоғарыда) орналасады.

 

Мұнай-газ шоғырларын өз бойына жинап, қоршап сақтауға қабілеті бар тау  жыныстарының жиынтығын мұнай және газ ұстағышы (тұтқыш) деп атайды. Мұнай-газ ұстағыштары резервуардың бөлімшесі іспетті. Табиғатта мұнай-газ ұстағыштарының бірнеше түрлері кездеседі. Олардың негізгілерінің қатарына дөңбек күмбезді және литологиялық шектелген ұстағыштар жатады. Дөңбек күмбез кеніштері антиклиналдық иілімдерде пайда болып, жабыны мен табаны өз бойынан сұйықтық пен газды өткізбейтін тау жыныстарынан құралады. Бұл жағдайда мұнай мен газ дөңбек күмбез ққрылымның жоғарғы жағындағы ұстағышқа тап болып, сол жерге жиналып, құрылымның тұлғасына сай орнығады. Мұнай мен газдың шоғырлануына үстағыштың пішіні тек қана антиклинал болуы шарт емес. Кей жағдайларда мұнай мен газға қаныққан қабаттар өткізгіштік қабілеті жоқ тау жыныстарымен қоршалуы да мүмкін ғой. Мұндай ұстағыштарды литологиялық экрандалған ұстағыштар деп атайды. Ұстағыштардың кейбір түрлері жердің тектоникалық жарықтарымен байланысты болуы да мүмкін. Мұндай мұнай-газ жатақтарын тектоникалық кедергілі ұстағыштар деп атайды.

 

Жер қойнауында стратиграфиялық кедергілі  ұстағыштар да кездеседі. Бұл жағдайда құламалы мұнай-газ қабаттары горизонтал орналасқан нашар тау жыныстарынан құралған қабаттар құнарлы горизонттарға кедергі келтіріп, қорды сақтауға көмек келтіреді. Пайда болуына, табиғатына байланысты ұстағыштардың барлық түрлерінде мұнай мен газдың көп болуы мүмкін. Мұнай-газ бар ұстағыш құрылымдарды кеніштер деп атайды. Кеніштердің пішіні мен мөлшері ұстағыштардың көлеміне тікелей байланысты келеді. Мұнай және газ кеніштерінің негізгі элементтеріне тоқталып өтейік. Мұнай мен газ қабаттарының түйісу шегі жатқан жазықтықты мұнай−су шекаралығы немесе мұнай кабатыныңтабаны деп атайды. Бұл жазықтықтың қабаттың бетімен кездесіп түйіскен шеңберін мұнайдың сыртқы нұсқасы деп атайды. Мұнай-су шекаралығының, қабаттың табанымен кездесетін сызықты мұнайдың ішкі нұсқасы дейді. Мұнай бетінде орналасқан газ шоғырынгаз төмпешігі деп атайды .Мұнай-газ шектерінің қабаттың бетімен кездесетін жерін газдың сыртқы нұсқасы деп, ал қабаттың табанымен кездескен жерді газдың ішкі нұсқасы дейді.

 

Егер қабаттың температураға тәуелді  қысымы сол қабаттың газ сіңірімділік қысымына тең болса, онда кеніште бос газ бұркемесі пайда болады. Егер қабат қысымы мұнай газ сіңірімділік қысымынан артық болса,кеніш бойындағы барлық газ (бос газбен бірге) еріген газға айналып, мұнай бойына сіңеді. Қабат бойында мұнай болмаған жағдайда таза газкеніші пайда болады. Массивті мұнай-газ кеніштерінде ішкі мүнай немесе газ нұсқалары болмайды. Массивті табиғи пайда болған газ ұстағыш резервуарларында тек қана сыртқы бір газ нұсқасы ғана кездеседі.

 

Кеніштің геометриялық мөлшері  оның жазықтыққатүсірілген проекциясы арқылы табылады. Кеніштің биіктігі деп  тік бағытта оның табанынан екі  жоғары нүктесіне дейінгі қашықтықты айтады, ал оның ұзындығы — екі мұнай  нұсқаларының ұзын және кіші диаметрлеріне  тең болады. Кеніш шеңберінің үлкен және кіші диаметрлері оның ортасынан (осінен) өтетін біріне-бірі перпендикуляр сызықтар ретінде орналасады. Жер қойнауында тектоникалық және стратиграфиялық экрандалған кеніштерменқатарлитологиялық экрандалғанкеніштер де кездеседі. Көрсетілген негізгі табиғи резервуарлармен байланысты төмендегідей кеніштер тобы кездеседі: 1)қабат тәрізді кеніштер (дөңбек күмбезді және экрандалған кеніштер); 2)массивті кеніштер; 3)литологияльгқ экрандалған кеніштер.

 

Жер қойнауында бір тектес құрылымдағы мұнай мен газ кеніштерінің жиынтығын мұнайжәнегаз кен _орындары деп атайды. Мұнай газ кен орындары көмірсутектерінің алғаш пайда болған жері емес, олардың көшіп-қону (миграция) арқылы әр түрлі құрылымдарға шоғырланып жиналған орны. Жалпы алғанда кен орнының катарына мөлшері, сапасы бойынша техникалық-технологиялық дәрежесіне және экономикалық түрғыда пайдалану жағдайларына байланысты мұнай мен газдың өндірісте игерілуі мүмкін табиғи жинағы жатады. Кен орындары қор мөлшеріне байланысты ірі, орташа және үсақ болып бөлінеді. Қоры көп мұнай алаңдарын игеру мәселесі — экономикалық мол пайдаға жолықтыратыны сөзсіз. Кор мөлшеріне және сапасына байланысты баланстық және баланстан тыс қорлар болып екі топқа бөлінеді. Баланстық қор өндіруге пайда келтіретін, ал баланстан тысқорлар таяу мезгілдерде игеру пайда келтірмейтін корлар.

 

Кен орындарының тілмесінде бір  немесе бірнеше мұнай-газ кеніштері  кездеседі. Тілмеде тек қана бір  кеніш (горизонт) кездесіп, оның қорын  игергенде экономикалық пайда келетін  болса, ондай шоғырды — кен орны деп атауға болады. Кен орындары тек табиғи бір текті құрылымдар арқылы ғана бөлінбейді. Кей жағдайларда көлем-пішіні созылыңқы моноклиналдарда кен орындары шұбатылып, түрлі кедергілерге тіреліп орналасуы мүмкін. Саны бір кен орнында бірнеше түр бойынша топтасқан әр типті кеніштер кездесуі де мүмкін.

 

Жер қойнауындағы геосинклиналдық  және платформалық құрылымдармен байланысты екі түрлі кен орындары кездесетін жағдайлар бар. Оның екі түрі бар: Iсынап — геосинклиналдық облыстарда пайда болған кен орындары; IIсынап - платформалық облыстарда пайда болған кен орындары. I сыныпқа жататын кен орындары Кавказда, Қырымда, Шығыс Қарпат, Түркмения, Ферғана, Өзбекстан, Тәжікстан, Сахалинде, т.б. аймақтарда кездеседі. Калған кен орындары II сыныпқа жатады, олар Еділ мен Орал аралығанда, Батыс Сібір аймақтарында, т.б. аудандарда кездеседі.

 

Отыз жылдай уақытта жүргізілген  терең барлау жұмыстарының нәтижесінде  Маңғыстау өте ірі мұнай мен  газ қоры бар өлкеге айналды. Облыста 59 мұнай-газ кен орындары игерілуде, олардың 40-ы «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінің меншігінде болса, 18-і «Маңғыстаумұнайгазгеология» бірлестігінде. Тек бір кен орны (Қаражанбас) – «Қаражанбастермнефть» мұнай-газ өндіру басқармасына (МГӨБ) қарайды. Мұнай-газ кен орындарының ашылуын төмендегі кестеден көруге болады: Мұнай-газ кен орындары көмірсутектер түріне қарай төмендегідей болып бөлшектенеді: мұнай-газ кен орындары – 23, мұнай кен орындары – 22, газ кен орындары – 14. Кестеден көрсетілгендей кен орындардың басым көпшілігі Оңт. Маңғыстауда (41 кен орны) және соған сәйкес мұнай мен газдың алынатын қорлары да (бүкіл облыс қорының 66,5%-ы) осы аймақта. Оңт. Маңғыстауға Өзен – Жетібай, Жазыгүрлі, Қарақия мұнай-газ зоналары қарайды. Келесі орында Бозащы түбегі, онда 8 кен орны (қордың 29,8%-ы бар, 3-орында – Үстіртте 4 кен орны қордың 2,5%-ы), соңғы орында Оңт. Каспий маңы аймағы, 6 кен орны (қордың 1,2%-ы) бар. Маңғыстау мұнай-газ кен орындары бұрынғы Одақтың кен орындары сияқты қордың мөлшеріне қарай өте ірі (қоры 300 млн. т-дан астам), ірі (қоры 30 – 300 млн. т), орташа (10 – 30 млн.т) және уақ (10 млн. т-ға дейін) болып бөлінеді. Кен орындары қорының мөлшеріне қарай бөлінуін төмендегі кестеден көруге болады. Ірі кен орындары қорының пайыздық мөлшері: Қаламқас (14,2% қоры бар), Жетібай (13,6%), Қаражанбас (7,5%), Солт. Бозащы (6,2 %),Теңге (3,2 %), Оңт. Жетібай (2,0 %), Тасболат (1,4 %), Доңға-Еспелісай (1,2 %), Асар (0,8 %). Маңғыстауда мұнай-газ кен орындары палеоген тобынан бастап палеозой дәуіріне дейінгі шөгінділерінде табылғанын келесі кестеден көруге болады. Кен орындарының көпшілігі юра мен бор дәуірінің тау жыныстарынан табылған (59,3%), сонан кейінгі орынды юра мен триас (27,1%) түзілімдеріне беруге болады. Ең ескі дәуір палеозойда мұнай көзі Оймаша кен орнында гранит тау жыныстарымен байланысты болса, Елеместе – карбонит теңіз шөгінділерінде табылды. Қазір триас дәуіріндегі өндірістік мұнай мен газ қорлары тек Оңт. Маңғыстау алаңдарынан табылып отыр. Триастың әрбір үш бөлімшелерінде құнарлы қабаттар барлығы дәлелденді. Олардың ішінде орта триастың мұнайлылығы мен газдылығы, басқа бөлімдермен салыстырғанда едәуір басым. Осы құнарлы қабаттарда мұнай мен газ кендері ұсақ кеуекті тау жыныстары коллекторларында орналасқан. Триастың құнарлы қабаттары 2900 – 4400 м тереңдікте кездеседі. Маңғыстау обл-ның отын қоры ресурсы және оның басым бөлігі юра қабаттарымен байланысты. Оңт. Маңғыстау немесе Бозащы, Солт. Үстірт және Оңт. Каспий маңы аймақтарындағы табылған мұнай-газ кен орындарының көпшілігі юраның құнарлы қабаттарымен байланысты. Олардың тереңдігі әрбір тектоник. зоналарда әр түрлі: Бозащыда 360 м тереңдікте кездессе, Оңт. Маңғыстаудың кейбір алаңдарында 2000 м-ден астам тереңдікте кездеседі. Бұл өлшемдердің тек қана сол қабаттардың тереңдігінде ғана емес, олар кейде сол юра қабатының қалыңдығына да байланысты. Оңт. Маңғыстауда ол қабаттардың жалпы қалыңд. 1000 м-ден асса, ал Бозащыда ол өлшем 3 – 4 есеге кемиді, яғни олардың қалыңд. 250 – 350 м-ден аспайды. Ал Қаражанбас кен орнының орталық бөлігінде тіпті бұл түзілімдердің қалыңдығы мүлде азаяды. Оңт. Маңғыстауда юра шөгінділерінде 13 құнарлы қабат бар. Олардың ю-1 қабаты жоғ. юраның бөлігіне қараса, орт. бөлімшеде ю-2-ден бастап ю-12 қабатқа дейін, яғни 11 құнарлы қабат бар, ал ең тереңдегі төм. бөлімінде тек ю-13 қабат белгіленді. Осы құнарлы қабаттардың қалыңдығы орта есеппен 40 – 75 м шамасында, олар бір-бірінен тығыз және қатты, қалыңд. 10 – 12 м-ден 20 – 25 м-лік сазды тұнбалармен бөлінеді де, мұнай-газ немесе су кендерінің жасақталуына қолайлы жағдай жасайды. Бозащыда құнарлы юра қабаттары осы кезеңнің тек қана орталық бөлімімен байланысты. Осы юра тұнбаларындағы мұнай-газ және жер асты су кен көздері құмтас қабаттарынан орын алады. Соңғылардың ұсақ кеуектігі 13%-дан 36% арасында. Бор құнарлы қабаттардың қасиеті юра тұнбаларындағы құнарлы қабаттардың қасиетіне сәйкес. Бор қабаттарындағы ашылған кен орындары неокомнан (Бозащы) сеноман (Өзен) кезеңіне дейінгі аралықтағы қалыптасқан түзілімдермен байланысты. Олардың ұсақ кеуектігі 23 – 29% аралығында. Оңт. Маңғыстаудағы юра қабаттарының мұнайы аса сапалы, сирек кездесетін, ерекше мұнай +35 – +37°С-тың өзінде ұйи бастайтын, төрттен бірі парафинді мұнай жер қойнауында қабаттар қысымымен сұйық күйде сақталғанымен, жер бетіне шыға қоюлана бастайды. Өйткені оның құрамында шайыр мөлшері көбірек, күкіртті қосындылары аз, метанды көміртектері басым. Тығызд. 0,84 – 0,88. Оның құрамында 15% бензин бар. Бозащы мұнайлары Оңт. Маңғыстау мұнайларының құрамынан бөлектеу. Олар күкіртті (2,5%-ға дейін), парафин қоспалары аз (3,6%-ға дейін), асфальт пен шайыр қоспаларының көптігінен (14,8 – 29,9%) тығыздығы жоғары (0,89 – 0,94). Бозащы мұнайы суыққа төзімді (–17 – 27°С-та қатады), құрамында ванадий тотықтары кездеседі. Триас қабаттарының мұнайы тек қана өзіне сәйкес Оңт. Маңғыстау мен Бозащыдағы юра қабаттарындағы мұнай қасиеттеріне ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Олардың тығыздығы жеңілдеу (0,81 – 0,86), күкіртсіз, кейде күкірт қоспалары аз (1,3%-ға дейін), парафинді (27,8%), асфальт пен шайыр қосындылары онша көп емес (11,80 дейін), жоғ. температурада (+38 – +400 дейін) қоюланады. Мұнай өндіру Маңғыстауда «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің құрылуымен байланысты (қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі). Осы уақытта ММГ өндірістік бірлестігі қарауында 38 әр түрлі басқармалар мен зауыттары бар мемл. мекемені құрады. Бірлестіктің құрамына осы кәсіпорындардан басқа Қазақтың ғыл.-зерт. және жобалау мұнай ин-ты (ҚазҒЗЖМИ) қарайды. «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігінің өсу жолындағы басты кезеңдері: 1964 ж. «Маңғыстаумұнай» бірлестігі құрамында Жаңаөзенде «Өзен» мұнай өндірістік басқармасы құрылды (бастығы – Ө.Өтесінов, бас инж. – А.А. Дергачев, бас геологы – А.И. Осадчий). 1964 ж. 19 – 22 мамырда Шевченко қ-нда (қазіргі Ақтау) мұнайшылар мен мұнай барлаушылардың Бүкілодақтық ғыл.-тех. конференциясы болып, Маңғыстау байлығын игеру туралы аса маңызды мәселе қаралды. Оған бұрынғы Одақтың әрбір бірлестіктерінен, ғыл.-зерттеулер ин-ттарының өкілдері қатысты. 10 маусымда уақытша тапсырылған Өзен – Маңғыстау – Мақат т. ж-мен алғашқы Өзен мұнайы Атырау мұнай өндеу з-тына жіберілді. Ақтау – Өзен электр желісі (ЛЭП – 110 кВт) және Сауысқан – Өзен тұщы су құбыры пайдалануға берілді. 1966 ж. мамыр айында Жетібай мұнай өндіру басқармасы құрылды (бастығы Е.Нұржанов, бас инж. С.Қалжанов, бас геолог Б.Әлиев). Сол жылы 10 шілдеде Өзен кен орнынан тұңғыш рет 1 млн. т «қара алтын» өндірілді. Ұз. 140 км болатын Өзен – Жетібай – Ақтау мұнай құбыры пайдалануға берілді. Осы құбыр арқылы Оңт. Маңғыстау мұнайы Ақтаудағы теңіз порты арқылы тасымалдануға мүмкіндік алды. Жаңаөзен – Ақтау автомоб. жолы іске қосылды. 1967 ж. ұз. 1500 км болатын дүниежүз. маңызы бар трансконтиненттік Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырларының салынуы басталды. Келесі жылы Жетібай мен Өзен кен орындарынан газды өндіру басталды әрі осы кен орындарында алғашқы газ-лифтмұнай өндіру әдісі қолданыла бастады. 1969 ж. Өзен – Атырау – Самара мұнай құбырының бірінші кезегі – ұз. 711 км болатын Өзен – Атырау аралығы іске қосылды. 1970 ж. Өзен кен орнында құнарлы қабаттарға ыссы су айдайтын дүние жүзінде алғашқы рет тәжірибелі-өндірістік қондырғы өндіріске берілді. Теңге газ кен орнынан өнім өндіру басталды. Мұнда ерекше қондырғылар арқылы газды төм. жылылықпен тазарту қаралды. Бұрынғы Бүкілодақтық ғыл.-зерт. мұнай ин-тының Маңғыстаудағы лабораториясының негізімен Ақтау қ-нда Қазақтың ғыл.-зерт. және жобалау мұнай ин-тының ғылыми бөлімі ашылды. 1971 ж. Жаңаөзен қ-н тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатымен Түйесу – Жаңаөзен су құбыры салына бастады. Теңге кен орнынан (1972) өндірістік газ өндіру басталып, Орта Азия – Орталық газ құбырымен тасымалдау іске қосылды. Өзен – Бейнеу газ құбыры өндіріске қабылданып алынды. Мұнай өндірісінде телемеханизацияландыру басталды. Қазақстанда бірінші «Маңғыстаугазөндіру» басқармасы құрылды. Оңт. Жетібай мұнай-газ кен орны ашылды. 1973 ж. республиканың тұңғыш газ өңдеу з-ты іске қосылып, Маңғыстауда 0,5 млрд. м3 газды айырып-өңдеу мүмкіндігіне қол жетті. Өзен кен орнының Қарамандыбас бөлігінде мұнай өндіру басталды. Жер асты қабаттарының қысымын өсіру үшін Жетібай кен орнында мұнай қабаттарына теңіз суын айдау басталды. Оңт. Жетібай, Асар кен орындары және Бектұрлы мұнай-газ кен орнында мұнай өндіру (1974) іске қосылды. 1975 ж. Өзен кен орнында өндірістік мұнай ісінде алғаш рет мұнай кендеріне термальдық суды өндірумен қатар үлкен қысыммен айдап құнарлы қабаттарды суландыру ісі жүзеге асырылды. Бірлестік бойынша жылдық мұнай өндіру деңгейі ең жоғ. көрсеткішке – 16343,6 мың т-ға жетті. Жетібай кен орнында газды төм. температурамен тазалау қондырғысы іске қосылып, Жетібайдан Өзендегі газ өңдеу з-тына дейін газ және конденсат құбырлары өндіріске тапсырылды. Бұрмаша мұнай және Батыс Теңге газ кен орындары ашылды. 1976 ж. Оңт. Жетібайда газ конденсатты кендер пайдалануға беріліп, триас қабаттарынан газ өндірілді. 1977 ж. «Өзенмұнайөндіру» басқармасы «Өзенмұнайгаз» өндірістік басқармасы деп өзгертілді. ҚазҒЗЖМИ ин-ты Өзен кен орнының барлық мұнай кендерін өндіруін қарастырған жоба жасады. Кен қабаттарына ыстық су айдау тәулігіне 1400 м3 жылдамдықпен жер асты жандыру қондырғысы жұмыс істей бастады. Бірлестік бойынша ең жоғ. жылдық газ өнімі 3,74 млрд.м3-ге жетті. 1978 ж. жер асты ыстық су айдау мақсатымен су қайнату қондырғылары (УВАГ-2 және ПТБ-10) бар пештер өңдіріске қосылды. Шығыс Жетібай мұнай кен орны іске қосылды. Газ конденсатты Терістік Ракуш кен орны ашылып іске қосылып, 53 шақырымдық мұнай құбыры салынып, мұнай мен газ өз қысымымен Жетібайдағы мұнай дайындау қондырғысына түсе бастады. 1979 ж. Құнарлы мұнай қабаттарының қысыммен көтеруге арналған жер асты су айдаудың термальдық-сатылы суландыру әдісі өндіріске қосылып, газ конденсатты Тамды кен орны ашылды. Сол жылы 2 наурызда «Комсомол» мұнай-газ өндіру басқармасы (бастығы Б.Ізтұрғанов, бас инж. Будников, бас геологы А.Мищенко, осындағы алғашқы мұнай өндіру цехының басшысы X.Құсаев) құрылды. Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау мұнай құбыры, 277 шақырымдық Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау жоғ. вольтты электр жүйесі өндіріске қосылды. Қаламқас кен орнында газды төм. температуралық әдіспен тазалайтын қондырғылар іске қосыла бастады. 1980 ж. Қаражанбас кен орнында өндірістік пайдалану жұмыстары басталды. Қаламқаста жер асты су айдау жұмыстары жүргізіліп, кен орнында мұнай өндірудің жинақты мөлш. 1,0 млн-ға жетті. Оймаша мұнай-газ кен орны ашылып, ол 1981 ж. мұнай бере бастады, Қазақстанда тұңғыш рет гранит тау жыныстарында мұнай кені барлығы дәлелденді. Қаражанбас кен орнында полимерлік ерітінділер айдау жұмыстары басталды. Ұз. 30 км болатын Каспий т-нің толқынды суларынан қорғаныс бөгеттері салынды. Қызылқұм тұщы су кен орнынан су өндіру үшін Қияқты өндіру бөлімшесі іске қосылды. 1982 ж. Қаламқас кен орнында өндіріс орындарын телемеханизациялау және өндіргіш су айдайтын ұңғымаларды жабысқақ-серпінді қоспалармен өндеу жұмыстары басталды. Тасболат және Батыс Теңге мұнай-газ конденсатты кен орындары пайдалануға қосылып алғашқы мұнай берді. Сол жылы Шынжыр мұнай қоры ашылды. 1983 ж. Өзен кен орнында қабаттық қысымды қолдау (ҚҚҚ) жүйесінде қабатқа су айдау толық орын алды, су айдау көлемі тәулігіне 150 мың м3-ге жетті. Шығыс Жетібайда мұнай өндіру әдісі толықтай газ-лифт жүйесіне ауысты. Бозащыда теңіз суын жинақтау қондырғысы тұрғызылып, Қаламқас – Қаражанбас су құбыры жасалды. Полиакриламидтік қоспаларды құнарлы қабаттарға айдау жұмысы өндірістік-тәжірибе түрінде басталды. 1984 ж. Өзен кен орнында кен қабаттарын алаңдық және мәнерлі суландыру жұмыстары қолға алынды. Асар кен орны газ-лифттік әдіспен мұнай өндіруге толық көшті. Солт. Қарақия мұнай және Солт.-батыс Жетібай мұнай-газ кен орындары ашылды. 1985 ж. Өзен кен орнында жинақты мұнай өндіру деңгейі 200 млн. т-ға жетті. Ақтас мұнай қоры пайдалануға қосылды. Каменистое мұнай және Сәрсенбай, Пионер газ кен орындары ашылды. Бір жылдан кейін Өзен кен орнында қабаттарды циклдық суландыру енгізіле бастады. Қаражанбас кен орны жаңадан құрылған тәжірибелі-экспериментті «Қаражанбастерммұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына (ТЭ МГӨБ) берілді. Шығыс Нармаул мұнай-газ кен орны ашылды. 1987 ж. Бұрмаша, Алатөбе мұнай кен орындары пайдалануға қосылып, мұнай бере бастады. Құнарлы қабаттарды қолдау мақсатымен Қаламқас кендеріне Еділ суын пайдаланды. 1988 ж. «Жетібаймұнайгаз» өндіру басқармасы құрылғаннан бері жинақты мұнай өнімі 50 млн. т-ға жетті. Солт. Қарақия мұнай кен орны пайдалануға берілді. Солт. Придорожное, Солт. Қарамандыбас мұнай және Жарты, Мақат, Шығыс Өзен, Оңт.-шығыс Бектұрлы газ кен орындары ашылды. 1989 ж. Придорожное кен орны пайдалануға беріліп, мұнай өндіріле бастады. Батыс Ақтас және Сартөбе, Айрантақыр, Солт. Аққар мұнай кен орындары ашылды. 1990 ж. Атамбай мұнай кен орны пайдалануға беріліп, Ащыағар мұнай кен орны ашылды, ал 1991 ж. Айрантақыр мен Ащыағар мұнай кен орындары пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Өзен, Қарамандыбас, Қаламқас, Қаражанбас, Жетібай – Бектұрлы, Асар, Оңт. Жетібай, Шығыс Жетібай, Оймаша, Солт. Қарақия, Алатөбе, Бұрмаша мұнай-газ кен орындары өндірістік пайдалануда. Придорожное, Ащыағар, Атамбай, Айрантақыр, Солт. Аққар кен орындарында байқау және пайдалану жұмыстары жүріп жатыр. Осы кен орындарының ішінде Өзен өзінің қоры жөнінен өте ірі кен орны болып табылады. Облыс өнеркәсібі кеңес өкіметі тұсында тек мұнай ғана емес, сонымен бірге минералдық тыңайтқыштар, полистирол, былғары шикізаттарын экспорттаушы болды. Бірақ жалпыға ортақ құлдырау, тұралау кезеңдерінде өнеркәсіп өнімдерінің құрылымы шынайы өзгерістерге ұшырады. Өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде кен өндіру саласы өнімдерінің үлесі 1991 ж. 41,5%-дан 2006 ж. 92,5%-ға дейін өсті. Сала дамуының мұндай ерекшелігі облыста мұнай мен газ кен орындарының басым болуы және мұнай-газ өнеркәсібінің жедел әрі қарқынды дамуымен түсіндіруге болады. Қазіргі уақытта облыста мұнай өндіру көлемінің жыл сайынғы өсу қарқыны сақталуда. Аймақтағы мұнай өндірудің негізгі көлемін «Өзенмұнай» ӨФ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбас», т.б. ірі кәсіпорындар өндіреді.


Мұнайдың шығу тарихы