Монреаль хаттамасы
І. Кіріспе. 70-жылдардың соңына қарай фреондарды
әлемдік өндіру көлемі және атмосфераға
түсу көлемін есептей келе мамандар, егер
өндіріс осы қарқынмен белес алса, онда
біздер озон қабатының таусылуы туралы
мәселеге кезігетін боламыз деп көрсетті.
Мүмкін болатын апатты мойындай отырып,
бірқатар елдердің үкіметтері: Норвегия,
Швеция, Финляндия және АҚШ –аэрозольді
пакеттердегі фреондарды қолдануға толық
тиым салды. 1985 жылы Венада озон қабатын
қорғау туралы конвенция қабылданды, ал
1987 жылы Монреальда Озонды бұзатын заттардың
ластауын, әсіресе, фреондарды қысқарту
туралы Халықаралық хаттама қабылданды.
Вена конвенциясы мен Монреаль хаттамасын
Жақтардың бірінші Кеңестеріне қатысқан
Үкіметтер мен Европалық қоғамдастықтар
ғалымдар арасындағы қатаң реттеу шаралары
қабылданбаса озон қабатының бұзылуы
қазіргі және болашақ ұрпақтарға қауіп
төндіреді деген кең келісімді пікірлерін
еске ала отырып,
кейбір озон бұзатын заттар әлемдік жылуға
әкеп соғатын қуатты болу жай газдар екенін
түсіне отырып,
озон қабатын бұзатын заттардың айырбастауға
экологиялық қолайлы заттарды, сондай-ақ
технологияның тез және кеңінен өркендеуін
еске алып және мұнда айырбастау технологияларды
беруді, әсіресе дамытушы елдерге жеңілдету
қажеттілігінің терең назар ала отырып,
бұған дейін әрекет жасамаған барлық
мемлекеттерді озон қабатын қорғау жөніндегі
Вена конвенциясына және оның Монреаль
Хаттамасына қосылуға шақырылады.
Монреаль хаттамасы реттейтін ХФУ өндірісімен
тұтынуды неғұрлым тез 2000-жылдан кешіктірмей
кезек бойынша қысқартуға және осы мақсатта
Монреаль хаттамасында келісілген кестені
дамушы елдердің ерекше жағдайларын ескере
отырып қатайтуға келісті.
Озонның бұзылуына едәуір әсер ететін
галондарды, тағы басқа озон бұзатын заттардың
өндірісі мен қысқартылуы мүмкін болғанда
оны кезеңмен жүргізуді қамтамасыз етуге
келісті. Химиялық заттар мен өнімдердің
жеке технологиялардың экологиялық қолайлы
айырбастағыштарын жасауды тездетуге,
өздерінің қаржылары мен ресурстарына
сай өнімдердің жеке технологиялардың
экологиялық қолайлы айырбастағыштарын
жасауды тездетуге, өздерінің қаржыларын
мен ресурстарына сай жүргізуге өздеріне
міндеттеме алуға келісті.
Дамушы елдер үшін тиісті ғылыми ақпараттарға,
зерттеулердің нәтижелеріне және кадрлар
даярлауға қол жеткізулерін жеңілдетуге
және дамушы елдер үшін ең аз шығынмен
технологияларды беру және жабдықтарды
айырбастауды жеңілдету үшін тиісті қаржыландыру
механизмін жасауға ұмтылуға келісті.
Веналық конвенция мен Монреаль хаттамасы арқылы қабылданған шектеу шараларына қарамастан озон қабатының бұзылуы қарқындылықпен байқалуда, жалпы құрамнан 0,5-0,7% көлемінде. Алайда, осы аталған Монреаль хаттамасында белгіленген ережелердің сақталуының өзі озон қабатының одан әрі жұқаруына тосқауыл болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасы 1987 жылғы қыркүйекте қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына қосылсын» деген қаулы жариялады.
ІІ. 1. Қазақстанның Монреаль хаттамасына қосылуы, нәтижелері. Қазақстан 1998 жылы озон қабатын қорғау туралы Веналық конвенцияға және озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қосылды. Осы қадамы арқылы еліміз жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге өзінің дайындығын айқындады және озонды бұзатын заттарды пайдалану деңгейін төмендету бойынша үздік тәжірибе мен қаржы ресурстарына қол жеткізді.
Конвенцияларды қабылдағаннан
кейінгі жылдары озон қабатына жүргізілген
бақылаулар оның бұзылуы қаупінің артқанын
дәлелдеді. Осыған орай, мемлекеттер
Монреаль хаттамасына қосылған озонды
бұзатын заттардың қосымша
Қазақстан 2001 жылы озонды бұзатын
заттарды және құрамында аталған
заттар бар өнімдерді пайдалануды
шектеу үшін елдерге көмек көрсету
тетігі қарастырылған Монреаль хаттамасының
Лондондық түзетуіне қосылды. Аталған
түзетуге қосылғаннан кейін Қазақстан
техникалық көмек ретінде 4,0 млн. АҚШ
доллары көлемінде қаражат
Копенгагендік түзету гидрохлорфторкөміртек (ГХФК) және гидробромфторкөміртектің (ГБФК), сондай-ақ бромдық метилді реттеудің шараларын қамтиды. Сонымен қатар, түзетумен 2020 жылға құрамында хлор бар көміртегін пайдаланудан шығару мерзімі енгізіледі.
Монреальдік түзету озонды
бұзатын заттарды импорттауды және
экспорттауды лицензиялауға талаптарды
қамтиды. Сондай-ақ, Копенгагендік түзету
Тараптары болып табылмайтын
елдерге бромдық метил
Копенгагендік және Монреальдік түзетулерді ратификациялау арқылы еліміз:
- тұтынудың қажетті түрлері
үшін озонды бұзатын заттарға,
оның ішінде, ауыл шаруашылығы
өнімдерін сақтау үшін
- озонды бұзатын заттарды
тұтынуға шектеу енгізу
- Әлемдік қоғамдастыққа озон қабатын қорғау мәселесін шешудегі Қазақстан әрекетінің жүйелілігін дәлелдей алады.
Қазақстанның Монреальдік түзету бақылайтын заттарды шығармайтынын, дегенмен Орталық Азия өңірі елдерінің ішіндегі озонды бұзатын заттарды ең көп тұтынатын мемлекет екенін атап өткеніміз жөн.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Монреальдік түзетуінің Тараптары Қазақстанға Түзету тарапы емес ел ретінде бұл заттарды жеткізуге тыйым салуы мүмкін жағдайы туындап отыр.
Гидрохлорфторкөміртегін жеткізуді тоқтату және сауда тыйымдарын болдырмау үшін жоғарыда аталған Түзетулердің ратификациялануын қамтамасыз етуіміз қажет.
Копенгагендік және Монреальдік
түзетулерді
Сонымен қатар, Бірыңғай Кедендік одақ шеңберінде Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы аталған түзетулерді ратификациялағанын атап өту қажет.
Осы заң жобасы жөнінде
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік
комитетінің мүшесі Зейнолла Алшымбаев
қосымша түсінік беріп, бүгінгі
ұсынылып отырған құжатты
Монреаль хаттамасында озон
қабатын бұзатын заттардың
Қазіргі таңда осы хаттамаға
сәйкес озонды бұзатын заттарды қысқарту
жөніндегі міндеттемелерді
Айта кету керек, ратификациялау озонды бұзатын заттарды тұтынушы кәсіпорындарға қаржылық және техникалық көмек алуға мүмкіндік береді. 2001 жылы Монреаль хаттамасының Лондондық түзетуіне қосылғаннан кейін Қазақстанға техникалық көмек ретінде 4,0 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінді. Бұл гранттық көмек озонды бұзатын заттардың қауіпсіз технологиясына көшу үшін пайдалануды 90 % қысқартуды көздейді. (71,8 т.)
2. Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы, мазмұны.
Ендеше, осы Монреаль хаттамасына тоқталып өтсек:
ОЗОН ҚАБАТЫН БҰЗАТЫН ЗАТТАР ЖӨНІНДЕГІ МОНРЕАЛЬ ХАТТАМАСЫ
КIРIСПЕ
1. 1985 жылы озон қабатын
қорғау жөніндегі Вена
2. Жақтар екінші Кеңесте қабылдаған өздерінің
11/7 шешімінде ЮНЕП-тің Орындаушы-директорына
Монреаль хаттамасы бойынша Басқарушы
дайындауға ұсынды, онда оған енгізілген
түзетулер хаттамасы мен Жақтардың түсіндіру
жөніндегі шешімі болып, Жақтар Кеңесінің
әрқайсысынан соң Басқарушы жаңартылып
отырылады. Нұсқау-басшылықтың бірінші
басылымы осы шешімге сәйкес дайындалып,
1991 жылдың 19-21 маусымында Найробиде өткен
Монреаль хаттамасы Жақтарының үшінші
Кеңесіне тапсырылды. Жақтардың үшінші
Кеңесі Монреаль хаттамасы бойынша Басқарушылық
жасауды аяқтау жөніндегі хатшылықтың
күш-жігерін қуаттап, хатшылықтан оның
келесі басылуын Монреаль хаттамасы Жақтарының
үшінші Кеңесіне (UNEP/OZ. Рzо. 3/Рzер 2/.Дайындаушы
кеңес жасаған түсініктерді ескере отырып,
редакциялық өңдеуден соң шығаруды өтінді
және Конвенция мен Хаттама Жақтарының
бәрінің арасында мүмrіндігінше тез, Біріккен
Ұлттар Ұйымының ресми тілінде таратуды
сұрады. Осы екінші басылым көрсетілген
шешімге сәйкес дайындалды.
5. Хельсинки, Лондон мен Найробиде қабылданған
Монреаль хаттамасы Жақтарының шешімдері
тиісті баптарына сілтеме ретінде текстке
қосылды. Бұл шешімдер құқықтық нормалардың
маңызды қосымша құралы болып табылады.
Тек қана хаттама тиісті ережеге және
жұмыс істеп тұрған процедура емлесіне
сай қабылданған жағдайда Жақтар үшін
бұл шешімдер міндетті болып есептеліп,
Жақтардан бекітуін, қолдауын, қабылдауын
немесе қосылуын талап ететін Хаттамаға
енгізілген түзетулерден басқалары. Монреаль
хаттамасы мен Вена Конвенциясының өзара
байланысы тығыз болғандықтан Хельсинки
мен Найробиде қабылданған Вена конвенциясының
Жақтары Конференциясының шешімдері Басқарушыға
қосымша ретінде қосылды.
1990 ЖЫЛЫ
27-29 МАУСЫМДА ЛОНДОНДА ӨТКЕН
Осы Хаттама Жақтары
Вена конвенциясының озон қабатын қорғау
жөніндегі Жақтары бола тұра,
озон қабатын өзгертетін немесе өзгертуге
мүмкін адамның іс әрекетінің нәтижесінде
пайда болатын немесе пайда болуы мүмкін
жағымсыз салдардан айналадағы қоршаған
орта мен адам денсаулығын қорғау үшін
өзінің Конвенцияға сай тиісті шараларды
қабылдау жөніндегі міндеттемесін есте
ұстай отырып,
айналадағы қоршаған орта мен адамның
денсаулығы үшін жағымсыз зардабы қауіпті
кейбір озон бұзатын заттардың дүние жүзі
көлеміндегі шығуы озон қабатын едәуір
дәрежеде әлсіретіп немесе басқа түрде
әлсірететінін мойындай отырып,
осы заттарды шығарудың климатқа жасайтын
әлеуметті есеп туралы есте ұстап,
озон қабатының бұзылуын қорғау мақсатында
қабылдап жатқан шаралардың негізі техникалық
және экономикалық үйлесімдерді қоса
қолданатын ғылыми білімдер екенін есте
ұстап,
дамушы елдердің дамуына байланысты мұқтаждарын
ескере отырып, техникалық және экономикалық
ерекшелігін ескере отырып, және ғылыми
білімдердің негізінде олардың жойылуына
қол жеткізу мақсатында
оның заттарын бұзатын барлық әлемдік
шығарылуын тиісінше реттеу жөніндегі
ұластыру шараларын қабылдау жолымен
озон қабатын қорғауды қамтамасыз етуге
өздерінің бел шешіп, дайын екендіктерін
білдіріп,
дамушы елдердің /осы заттарға/ мұқтаждығын
қанағаттандыруда, қосымша қаржы ресурстарын
берумен тиісті технологияны пайдалануға
рұқсат берілуін қоса және қажетті құралдардың
көлемін айта алатын және осы құралдар
дүние жүзі қауымының озонның ғылыми негізде
бұзылу проблемасы мен ондай бұзылудың
зиянды салдарын шешу үшін едәуір өзгерістер
беретін құралдарды пайдалануда ерекше
орын алатын қажеттігін мойындай отырып,
ұлттық және аймақтық деңгейде қабылданған
және қабылданып жатқан хлорфторкөміртегінің
кейбір шығуларын реттеу шараларын ескере
отырып,
Халықаралық ынтымақтастық үшін озон
қабатын бұзатын заттарды шығаруды қысқартып,
реттеуге қатысты балама технологияны
беру және зерттеулер /ғылыми-техникалық
зерттеулер мен талдаулар/ мен талдаулардың
жәрдемдік маңызын ескере отырып,
МЫНА КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ:
1-БАП: АЙҚЫНДАУ
Осы хаттаманың мақсаттары
үшін:
"Реттелуші зат" осы Хаттаманың А
қосымшасындағы немесе В қосымшасындағы
/көрсетілген/ өз алдына немесе аралас
тұратын әрбір затты білдіреді. Бұл түсінікке
тиісті қосымшаларда көрсетілген, бірақ
әрбір /ондай/ заттар мен қоспаларға қатысты
емес, дайын өнімінің негізгі бөлігі болып
табылатын, аталған заттарды тасымалдау
немесе сақтау үшін қолданылатын ыдыстан
басқа түрі бар заттардың изомерлері қосылады.
1/ Жақтардың бірінші Кеңесі Монреаль
хаттамасы 1/12 А шешімінде 1-бабының 4-тармағындағы
реттелетін заттарды /заттар қоспасы бойынша/
анықтаудың мына түсініктерімен келісуге
қаулы алды:
а) Монреаль хаттамасының 1-бабы "Реттелуші
заттар" қатарында өз алдына немесе
қоспа ретінде қолданылатын және оның
тасымалдануы мен сақталуында пайдаланылатын
ыдысы дайын өнімнен басқа түрі бар кез
келген аталған заттың қаралуын есептемейді.
б) Хаттаманың мақсаттары үшін реттелуші
заттың немесе реттелуші заттар қоспасының
кез келген саны, осы затты пайдалану жүйесінің
бөлігі болып табылмақ, реттелуші зат
/яғни химиялық шикізат/ болып есептеледі.
с) Егер де қандай болмасын зат немесе
қоспа ең алдымен жүк контейнерінен басқа
контейнерге, ыдысқа немесе одан әрі мақсатты
түрде пайдалану үшін жабдыққа тиеледі;
ал бірінші контейнер, іс жүзінде, сақтаумен
немесе тасымалдауға қолданылады, оның
ішіндегі зат немесе қоспа Хаттаманың
1-бабындағы 4-тармақтың ықпалына жатады.
д) Егер де, басқа жағынан, контейнерден
өнімді өз алдына босату осы затты мақсатты
түрде пайдалануды көздесе.
е) 1-баптағы 4-тармақтың мақсаттары үшін
өнім ретінде қаралатын пайдалану жүйелеріне,
соның ішінде, мыналар жатады:
I/ аэрозоль балоны;
II/ тоңазытқыш немесе тоңазытқыш қондырғысы,
желдеткіш немесе желдеткіш қондырғы,
жылусорғыш және т.б.
III/ Полиуретандық форполимер
немесе пенопласт, оның
IV/ Өртсөндіргіш /деңгелекті немесе қолдағы/ немесе /автоматты немесе қолдағы/ шашқыш жүйесі бар тұрақты контейнер;
V/ Реттелетін заттар бар
тұтынушыларға реттелуші
I/ Кемелердегі цистерналар;
II/ Темір жол цистерналары
/10-40 метрлік тонна/;
III/ Автомобиль цистерналары /20 метрлік
тоннаға дейін/;
IV/ Сыйымдылығы 0,4 кг-дан бір метрлік тоннаға
дейінгі канистрлер;
V/ Бөшкелер /5-300 кг/.
О) Барлық өлшемдегі контейнерлер шикізатпен
дайын өнімді тасуда пайдаланылғандықтан
олардың өлшем принциптерін айыру-шектеу
Хаттамада анықтауға жатпайды. Онымен
қатар шикізат немесе дайын өнім үшін
контейнерлер көп рет немесе бір-ақ рет
пайдаланылатын мүмкіндігі болса, олардың
көп рет қолданылған мүмкіндік нышаны
айқындалған қоным үшін жеткілікті емес.
Һ) Егер де Хаттамада көрсетілгендей контейнерді
қолдану мақсаты айқындау негізі есебіне
алынса, оның ішінде ХФУ немесе галондары
бар, ол алып жүретін немесе қолдағы бар
болсын бәрі бір, аэрозоль балондары мен
өртсөндіргіштер айқындауға енбейді,
өйткені мұндай контейнерлерден заттың
өз алдына шығуы пайдаланудың мақсатты
түрде екенін көрсетеді.
2А-БАП: ХФУ
1. Осы Хаттама күшіне енгеннен
кейінгі жетінші айдың алғашқы басталған
күні, он екі ай мерзім ішінде және одан
кейінгі он екі айдың әрбір мерзімінде
А қосымшасындағы І-топтың реттелуші заттардың
тұтыну деңгейі оның 1986 жылғы тұтынудың
есепті деңгейінен аспауын әрбір Жақ қамтамасыз
етеді. Осы заттың бір немесе бірнешеуін
өндіретін әрбір Жақ осы мерзімнің аяғына
дейін, ол жатқан осы заттардың есепті
деңгейі оның 1986 жылы өндірілген деңгейінен
аспауын қамтамасыз етеді, бірақта бұл
деңгей 1986 жылғы деңгеймен салыстырғандағыдан
он проценттен аспай өсе алады. Мұндай
өсім 5-баптың шеңберінде жұмыс істейтін
Жақтардың негізгі ішкі тұтынуын қанағаттандыру
үшін және Жақтардың арасында өнеркәсіптік
өндірісті тиімді болу мақсаты үшін қажет
болған жағдайда ғана бола алады.
2. 1991 жылғы 1 шілдеден 1992 жылдың желтоқсанына
дейінгі мерзімде әрбір Жақ А қосымшасының
І-тобына қосылған өзінің реттелуші заттарының
өндіру мен тұтынудың есепті деңгейі 1986
жылы осы заттарды және тұтынудың есепті
деңгейінен 150 процент аспауын қамтамасыз
етеді. 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл
реттелуші заттар үшін 12 айлық реттелу
мерзімі әрбір жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан
аралығын болып белгіленеді.
4. Әрбір Жақ 1997 жылғы 1 қаңтарда
басталатын он екі айлық мерзім ішінде
және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзім
үшін А қосымшасының I тобына қосылған
реттеуші заттарды тұтынудың есепті деңгейі
оны тұтынудың 1986 жылғы есепті деңгейінен
бір жылда 15 процент аспауын қамтамасыз
етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін
шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің
ішінде осы заттарды өндірудің есепті
деңгейін 1986 жылғы өндірістің есепті деңгейінен
бір жылда он бес процент аспауын қамтамасыз
етеді. Бірақ та 5-баптың 1 тармағының шеңберінде
жұмыс істейтін Жақтардың негізгі ішкі
тұтынуларын қанағаттандыру үшін оның
есепті деңгейі бұл есептен аса алады,
бірақ онда 1986 жылғы оның өндірісінің
есепті деңгейінен, бұл шектен он проценттен
артық аспауы мүмкін.
2В-БАП: ГОЛОНДАР
1. Әрбір Жақ 1992 жылдың 1 қаңтарында
басталған он екі айлық мерзім ішінде
және одан кейінгі он екі айлық мерзімнің
әрқайсысы үшін А қосымшасының II тобына
қосылған реттелген заттардың жыл сайынғы
оның тұтынудың есепті деңгейі 1986 жылғы
оны тұтынудың есепті деңгейінен аспауын
қамтамасыз етеді. Осы заттардың біреуін
немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ
осы мерзімдердің ішінде осы заттарды
өндірудің есепті деңгейі нольдік деңгейден
аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың
1-тармағының шеңберінде жұмыс істеп жатқан
Жақтардың негізгі ішкі қажеттілігін
қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті
деңгейі бұл шектен асуы мүмкін, бірақ
1986 жылғы оны өндірудің есепті деңгейінен
он проценттен аспауы керек.
2. 1995 жылдың 1 қаңтарында басталатын он
екі ай мерзімнің ішінде және одан кейінгі
он екі айлық мерзімнің әр қайсысы үшін
А қосымшасының II тобына қосылған реттелуші
заттардың жыл сайынғы оны тұтынудың есепті
деңгейі 1986 жылғы оны тұтынған есепті
деңгейден елу проценттен артық болмауын
қамтамасыз етеді. Осы заттардан біреуін
немесе бірнешеуін әрбір Жақ осы мерзімнің
ішінде осы заттарды өндірудің жыл сайынғы
есепті деңгейі 1986 жылғы оны өндірудің
жыл сайынғы есепті деңгейінен елу проценттен
аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың
1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың
негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру
үшін оны өндірудің есепті деңгейі бұл
шектен аспауы мүмкін, бірақ ол 1986 жылғы
өндірілген оның есепті деңгейінен он
проценттен артық болмауы тиіс. Бұл тармақ
өздеріне біртекті балама болмайтын қолданудың
маңызды түрлерін қамтуға қажетті өндіру
немесе тұтыну деңгейіне рұқсат берген
шешімді Жақтар қабылдаған негіздегіден
басқа кезде қолданылмайтын болады.
2С-БАБЫ:
БАСҚАЛАРЫ ТҮГЕЛ
1. Әрбір Жақ 1993 жылы
басталған он екі айдың мерзім
ішінде онан кейінгі он екі
айлық мерзімнің ішінде В
2. Әрбір Жақ 1997 жылы 1-қаңтарда басталатын
он екі ай мерзімнің ішінде және одан кейінгі
әрбір он екі айлық мерзімнің ішінде В
қосымшасының 1-тобына қосылған реттелуші
заттардың жыл сайынғы тұтынудың есепті
деңгейі 1989 жылғы тұтынудың есепті деңгейіне
15 проценттен аспауын қамтамасыз етеді.
Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін
өндіретін әрбір Жақ осы заттардың өндірудің
жыл сайынғы есепті деңгейі 1989 жылғы өндірудің
жыл сайынғы есепті деңгейінен он бес
проценттен аспауын қамтамасыз етеді.
Бірақта 5-інші баптың 1-тармағының шеңберінде
жұмыс істейтін Жақтардың негізгі ішкі
қажетін қанағаттандыру үшін оны өндірудің
есепті деңгейі 1989 жылы өндірілген есепті
деңгейден он процент болып, бұл шектен
асып кетуі ықтимал.
3. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1 қаңтарынан басталатын
он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі
он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының
1-тобына қосылған реттелуші заттарды
тұтынудың есепті деңгейі нольдік деңгейден
аспауын қамтамасыз етеді. Әрбір Жақ осы
заттардың біреуін немесе бірнешеуін
шығаратын болса, осы мерзімнің ішінде
нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз
етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде
істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін
қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті
деңгейі 1989 жылғы өндірілген есепті деңгейдегі
бұл шектен он бес проценттен артық аспауы
мүмкін.
2-БАП: І/ТЕТРАХЛОРМЕТАН
1. Әрбір Жақ 1995 жылдың
1-қаңтарында басталатын он
.
2Е-БАП: І,І,І-ТРИЛОРЭТАН /МЕТИЛХЛОРОФОРМ /
1. Әрбір Жақ 1993 жылдың
1-қаңтарында басталатын он
2. Әрбір Жақ 1995 жылдың 1-қаңтарында басталатын
он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі
әрбір он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының
ІІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың
жыл сайынғы тұтынылуының есепті деңгейі
1989 жылғы оны тұтынудың есепті деңгейінен
70 проценттен аспауын қамтамасыз етеді.
Осы затты шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің
ішінде оны өндіретін жыл сайынғы есепті
деңгейі 1989 жылғы оны шығаратын есепті
деңгейінен 70 проценттен аспауын қамтамасыз
етеді. Бірақта, 5-баптың 1-тармағының шеңберінде
істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін
қанағаттандыру мақсатында оны өндірудің
есепті деңгейі 1989 жылғы оны өндірудің
есепті деңгейінен он проценттен аспай
асып кетуі мүмкін.
3. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1-қаңтарынан басталатын
он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі
әрбір он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының
ІІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың
жыл сайынғы тұтынуының есепті деңгейі
оны тұтынудың 1989 жылғы есепті деңгейінен
отыз процент аспауын қамтамасыз етеді.
Әрбір Жақ осы заттарды шығара отырып,
осы мерзімдердің ішінде осы заттың 1989
жылғы өндіруінің есепті деңгейінен отыз
процент аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта
5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін
Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру
үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989
жылдың оның өндірілген есепті деңгейінен
он проценттен аспай, бұл шектен артық
болуы мүмкін.
4-БАП:
ЖАҚТАРҒА ЖАТПАЙТЫН
1. Осы Хаттама күшіне
енгеннен кейінгі бір жылдық
ішінде әрбір Жақ осы
2. 1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап 5-баптың
1-тармақшасының шеңберінде істейтін Жақтардың
бірде-бірі осы Хаттаманы жақтамайтын
кез келген мемлекетке бірде реттелуші
затты экспортқа жібере алмайды.
3. Осы Хаттама күшіне енген күннен кейінгі
үш жылдың ішінде Жақтар конвенцияның
10-бабында көрсетілген ережеге сәйкес
реттелуші заттар бар өнімінің тізімін
қосымша ретінде дайындайды. Қосымшаға
қарсы пікір айтпаған Жақтар көрсетілген
процедураларға сәйкес қосымша күшіне
енген бір жылдың ішінде осы Хаттаманың
Жақтаушысы болмаған кез келген мемлекетпен
мұндай өнімдердің импортына тыйым салады.
4. Осы Хаттама күшке енгеннен кейінгі
бес жылдың ішінде Жақтар осы Хаттаманы
негізінде жүргізілген өнімдердің импортына
тыйым салу немесе шектеудің практикалық
мүмкіндігін анықтайды. Жақтар егер де
бұл мүмкін деп санаса, конвенцияның 10-бабында
көрсетілген процедураларға сәйкес осындай
өнімдердің тізімін қосымша ретінде дайындайды.
Ол жөнінде қарсы пікір білдірмеген Жақтар
айтылған процедураларға сәйкес осы Хаттаманың
Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетпен
осындай заттардың импортына қосымша
күшіне енген бір жылдың ішінде тыйым
салады немесе шектейді.
5-БАП: ДАМУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЫ
1. Кез келген дамушы ел болып табылатын Жақ оның А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттарды тұтынудың жыл сайынғы есепті деңгейі Хаттаманың күшіне енген күнінен жан басына шаққанда 0.3 килограммнан кем болмаса, немесе кез келген онан кейінгі мерзімге /Хаттаманың күшіне енген он жылдың ішінде/ 1999 жылдың 1-қаңтарына дейін болса, онда өзінің негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру мақсатында 2А - 2Е баптарында /2 19 / бабының 1-, 4-тармақшалары бойынша осы тармақтарда айтылған мерзімінен кейін он жылға/ көрсетілген реттеу шараларының бұзылуын он жылға кейінге қалдырады. /Бірақта мұндай Жақ тұтынудың жыл сайынғы есепті деңгейін жан басына шаққанда 0.3 килограмм мөлшерінен асырмайды. Осындай әрбір Жаққа 1995 және 1997 жылдардағы мерзім ішінде оны тұтынудың есепті орта жылдық деңгейін немесе жан басына шаққанда 0.3 килограмм көлемінде тұтынудың есепті деңгейінің ол реттеуші шараларын сақтау үшін база ретінде қолданудан төмен емес жағдайда пайдалану құқы беріледі/.
18 "Дамушы елдер" ұғымын
түсіндіру жөнінде Жақтардың бірінші
Кеңесі 1/12 шешімінде Хаттаманың мақсаттары
үшін мына елдерді дамушылар ретінде қарауға
қаулы етеді: Албания, Аджир, Ангола, Антигуа
мен Барбуда, Аргентина, Ауғанстан, Багамараладры,
Бангладеш, Барбадос, Бахрейн, Белиз, Бенин,
Бирма, Боливия, Ботсвена, Бразилия, Бруни-Даруссалам,
Буркина-Фасо, Бурунди, Вануату, Венесуэла,
Вьетнам, Габон, Гаифи, Гайана, Гамбия,
Гана, Гватемала, Гвинея, Гвинея-Бисау,
Гондурас, Гренада, Демократиялық Кампучия,
Демократиялық Йемен, Джибути, Доминика
Республикасы, Египет, Заир, Гамбия, Зимбабве,
Индия, Индонезия, Иордания, Ирак, Иран,
/Ислам Республикасы/, Иемен, Кабо-Берде,
Камерун, Катар, Кения, Кипр, Қытай, Колумбия,
Комор аралдары, Конго, Корей Халық Демократиялық
Республикасы, Коста Рика, Кот-д, Ивуар,
Куба, Кувейт, Лаос Халық-Демократиялық
Республикасы, Лесото, Либерия, Ливан,
Ливия Араб Жамахириясы, Маврикий, Мавритания,
Мадагаскар, Малави, Малайзия, Мали , Мальдив аралдары,
Мальта, Марокко, Мексика, Мозамбик, Монголия,
Намибия, Непал, Нигер, Нигерия, Никарагуа,
Біріккен Танзания Республикасы, Біріккен
Араб Эмираты, Оман, Пакистан, Панама, Папуа-Жаңа
Гвинея, Парагвай, Перу, Корей Республикасы,
Руанда, Румыния, Сальвадор, Самоа, Сан-Томе
мен Принсипи, Сауд Аравиясы, Свазиленд;
Сейшель аралы, Сенегал, Сент-Винсент пен
Гренадина, Сент-Кристофер және Невис,
Сент-Люсия, Сингапур, Сирия Араб Республикасы,
Соломонов аралдары, Сомали, Судан, Суринам,
Сьерра-Леоне, Тайланд, Того, Тонга, Тринидад
және Тобаго, Тунис, Уганда, Уругвай, Фиджи,
Филиппин, Орталық Африка Республикасы,
Чад, Чили, Шри-Ланка, Эквадор, Экваторлық
Гвинея, Эфиопия, Югославия және Ямайка.
Осы аталған дамушы елдер жайында жақтардың
екінші Кеңесі 11/10 шешімінде қаулы етеді:
5-баптың бірінші тармағының шеңберінде
істейтін Дамушы елдерге қажетті реттелуші
заттардың дәл санын өздерінде бар деректердің
негізінде анықтау және Хаттаманың 2А
- 2Е баптары мен 2-бабы бойынша рұқсат етілген
проценттер көлемінде дамушы елдерге
өздерінің компанияларына қосымша қажетті
сандарында өндіруге көмек көрсету үшін
жеткізу көздерін анықтау Хатшылықтан
сұралсын.
Хатшылықтан өзінің жыл сайынғы деректер
туралы баяндамасында 5-баптың 1-тармағының
шеңберінде істейді деп есептелетін толық
мәліметтердің негізінде дамушы елдердің
жаңартылған тізімін жариялау сұралсын.
Хаттаманың санымен бірге 5-бабының 1-тармағының
шеңберінде істейтін Жақтар болып есептелуге
тиіс толық емес немесе бағалай алатын
дамушы елдердің тізімін жариялайды. Хаттаманың
5-бабындағы Ережелерге сәйкес 5-баптың
1-тармағында көрсетілген тәртіп ол хатшылыққа
мұның жыл сайынғы тұтынудың есепті деңгейі
жан басына шаққанда 0.3 килограмнан төмен
екенін растайтын толық мәліметті бермейінше
ешбір Жаққа таратылмайды. Жақтардың үшінші
Кеңесі III/3 с/ шешімінде 5-баптың 1-тармағына
сәйкес дамушы елдердің мамандықтары
туралы ұсынысты мақұлдауға қаулы етеді:
2. Жақтардың дамушы елдер болып саналатын
Жақтарға экологиялық қауіпсіз балама
химиялық заттар мен технологияларға
қол жеткізуге көмектеседі және соларға
осындай балама заттар мен технологияны
пайдалануға тез көшу мақсатында көмек
көрсетеді.
3. Жақтар екі жақты немесе көп жақты каналдар
бойынша дамушы елдер болып табылатын
жақтарға балама технологиямен айырбасталатын
өнімдерді пайдалану мақсатында ақшалай
жәрдем, көмек несие кепілдеме немесе
қауіпсіздендіру бағдардамаларын беруді
жеңілдетуге міндеттенеді.
2. Бірақ та кез-келген Жақ осы баптың 1-тармағының
шеңберінде жұмыс істеп, А қосымшасында
көрсетілген реттелуші Жақтардан жыл
сайынғы тұтынуының есепті деңгейінен,
жан басына шаққанда 0.3 килограмнан аспауы,
В қосымшасында аталған реттеуші заттардың
жыл сайынғы есепті деңгейінен, жан басына
шаққанда 0.2 килограмнан аспауы керек.
5. 2А - 2Е баптарында айтылған зеттеу шараларын
сақтау жөніндегі осы баптың 1-тармағының
шеңберінде істейтін Жақтардың міндеттемелерді
орындауға мүмкіндігін қамтамасыз ету
және оларды осы Жақтар бойынша жүзеге
асыру 10-бапта көрсетілген қаржылық ынтымақтастықты
тиімді түрде жүзеге асыруға және 10А бабында
айтылғандай технологияны беруге тәуелді.
олар қажетті шаралар қабылдайды.
6-БАП: РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ШОЛУ
1990 жылдан бастап және
төрт жылда кем дегенде бір
рет Жақтар 2, 20/ мен 2А - 2Е-баптарында
көрсетілген реттеу шараларын,
сол сияқты ғылыми, экологиялық,
техникалық және экономикалық
ақпараттардың негізінде С
20/ 2, 2А және 2В баптары Лондондағы 1990 жылдың
29 маусымында ІІ/І шешімінде қабылданған
түзетушілерге сай.
21/ Жақтардың бірінші Кеңесі Монреаль
Хаттамасының 6-бабына сай мына төрт топтың
құрылуын бекітуге қаулы етті:
а/ ғылыми баға беру жөніндегі топ
в/ экологиялық баға беру жөніндегі топ
с/ техникалық баға беру жөніндегі топ
с1/ экономикалық баға беру жөніндегі
топ
Жақтардың бірінші Кеңесі, сондай-ақ 1/10
шешімінде ғылыми баға беру жөніндегі
топтан булыжай тиімділігінің ықпалына
жылудың қабілеті, ОРС көрсеткіштері туралы
және реттелуші және реттелмеуші түрлі
атмосфералық құрылымдардың өмір сүру
мерзімдері туралы мәселені жан-жақты
қарап, Жақтарға барлық тиісті атмосфералық
құралдардың қазіргі жайы мен болашақ
өндіру мен шығарудың болжамдарының экологиялық
сипаттамасы жайында өзінің пікірін білдіруді
сұрайды. Бұл орайда қазіргі кезде реттелетін
заттардың айырбастау қабілетіне, әсіресе
ГХФУ - 22-ге ерекше көңіл бөлу қажет. Сонымен
бірге атмосфералық озонды реттеудегі
метилхлорформ және тетрахлорметанның
маңызы жайында сандық бағасын беру қажет.
Жақтардың бірінші Кеңесі одан әрі 1,5
шешімінде ашық құрамының жұмысшы тобын
құруға қаулы етті, ол:
а/ Жоғарғыдағы 3 шешімде айтылған төрт
жұмысшы тобының баяндамаларын қарап,
ол баяндамаларды бір құрама баяндамаға
біріктіреді;
в/ Жоғарыдағы а/ тармақшасының негізінде
Монреаль Хаттамасы Жақтардың бірінші
Кеңесінде айтылған пікірлерді ескере
отырып сұраған кезде қажет Хаттамаға
деген кез келген түзетулердің ұсыныстарының
жобаларын дайындайды. Мұндай ұсыныстар-озон
қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясының
9-бабына сәйкес Жақтарға жіберіледі;
Жақтардың екінші Кеңесі ІІ/5 шешімінде
Жақтардың ашық құрама жұмысшы тобының
қайраткерлігін одан әрі жалғастыруға
және оның мандатын қажет кезінде және
бірінші кезекте мына мәселелерді қарау
үшін ұзартуға қаулы етті:
а/ Қаржыландыру механизмінің шешілмеген
түрлі құрастыру тетіктерін одан әрі жасау;
в/ Озон қабатын қорғауға арналған технологияны
тапсырудың ең ыңғайлы түрлерін анықтау;
с/ Дамушы елдер болып табылатын Жақтар
мен Хаттаманы жүзеге асыруда ынтымақтасу;
және
с1/ Еркін сауда аймағына қатысты мәселелерді
қосып, Хаттаманың Жақтаушысы немесе жақтамаушысы
емес Жақтармен және мемлекеттермен және
ұйымдармен саудаға қатысты пайда болған
проблемаларды шешу;
Жақтардың екінші Кеңесі, сондай-ақ ІІ/13
шешімінде баға беру тобы жөнінде қаулы
етті:
Техникалық шолу жөніндегі Топтан 6-бапқа
сәйкес I,I,I-трихлорэтанды /метилхлорформды/
өндіру мен тұтынуды кезеңмен қысқартудың
немесе толық тоқтатудың ең қысқа техникалық
жүзеге асыру мерзімі мен осыған байланысты
шағымдарды анықтау және өзінің қорытындысы
туралы Жақтардың төртінші Кеңесін дайындаушы
Кеңесте қарау мақсатында уақытында ұсыну
және оны сол Кеңесте қарау сұралсын;
Жақтардың бірінші Кеңесі құрған баға
беру жөніндегі төрт топтың әрбір мүшесін
жаңа ақпаратты қарау үшін және Жақтардың
үшінші Кеңесінің 2-бабының 1-тармағындағы
мағынаға сай оның мандатын қараған жағдайда
бұл мәселені талқылау үшін Жақтардың
төртінші Кеңесінің уақытында қарау үшін
қосымша баяндамаларға қосу Хатшылықтан
сұралсын;
Ғылыми баға беру жөніндегі Топтың өз
жұмысына мыналарды қосу сұралсын:
а/ реттелуші заттардың /мысалы ГХФУ мен
ХФУ/ ауыстырушылардың әлемдік жылу қабілеті
мен озон бұзушылық күшіне, басқа да озон
қабатын жасайтын мүмкіндігін бағалау;
в/ едәуір мөлшерде өндіре алатын "басқа
галондардың" озон бұзарлық қабілетінің
мүмкіндігін бағалау;
с/ Хаттамаға қазіргі әлемдік қатысудың
деңгейін ескере отырып, Жақтардың екінші
Кеңесінде қабылданған өзгерістерді білдіретін
қайта қаралған реттеу шараларын жүзеге
асыруға байланысты озон қабаты үшін болатын
салдардың талдауы;
ғылыми баға беру жөніндегі Топқа жоғарыда
ұшатын ұшақтар, ауыр зымырандар мен көп
рет пайдаланатын ғарыш кемелерін қозғалтқыштары
шығаратын газдардың ықпалы туралы баға
беру мәліметтерін дайындау тапсырылсын;
Барлық баға беру Топтарына дамушы елдерден
сарапшыларды кеңінен қатыстыруға барлық
күш жұмылдырылсын.
7-бап: Мәліметтер беру
1. Әрбір Жақ болған
соңғы үш айдың ішінде
1.2 Әрбір Жақ Хатшылыққа өзінің жыл сайынғы
өндірісі, Жақтар бекітуге жататын технологияны
қолдану мен жыл сайын жойылатын заттардың
саны туралы деректерді арнайы көрсетіп,
импорты мен экспорты, Жақтар болып табылатын
елдердің немесе олай саналмайтын елдердің,
немесе ол Жақтаушы болған бір жылдың
ішінде және одан кейінгі әрбір жыл үшін
осындай мәліметтер беруі тиіс. Ол мұндай
мәліметтерді деректер қарайтын жыл өткен
соң тоғыз айдан қалдырмай береді.
2. Әрбір Жақ Хатшылыққа В қосымшасындағы
әрбір реттелуші заттан өзінің өндіруі
мен экспорты, сондай-ақ С қосымшасындағы
бірінші Топтың ауыспалы заттарының 1989
жылы немесе егер де фактілі деректер
болмаса В қосымшасындағы заттарға қатысты
Хаттама ережесі осы Жақ үшін күшіне енгеннен
кейін үш айдан кеш қалмай ең сенімді баға
берудің сипаттамасы туралы санақ мәліметін
тапсырады.
3. Әрбір Жақ Хатшылыққа өзінің жыл сайынғы
өндірісі (бұл 1-баптың 1-тармағында айтылғандай)
және жеке мына санақ мәліметтерін береді.
Жақтар бекіткен технологияны қолданумен
жойылған заттардың саны туралы;
Жақтардың және Жақтарға жатпайтын елдер
мен Ұйымдардың импорты мен экспорты туралы,
тиісінше А мен В қосымшаларында аталған
әрбір реттелуші заттың, сол сияқты осы
Жақ үшін күшіне енген қосымшасындағы
заттарға қатысты ережелер бар С қосымшасының
1-тобының ауыспалы заттары және одан кейінгі
мәліметтер береді. Осындай мәліметтер
жататын жыл аяқталған соң айдан кешікпей
мәліметтер беріледі.
22) Жақтардың бірінші Кеңес: мәліметтерді
беру мен құпиялылығын сақтау жөнінде
I/II шешімінде қаулы етті, онда:
а) әрбір Жақ өзінің жыл сайынғы реттелуші
заттың әрқайсының жеке өндірісі, импорты
мен экспорты туралы мәлімет беруі тиіс.
в) реттелуші заттар туралы мәлімет беруші
Жақтар, оларды құпия деп санаушылар мұндай
деректерді Хатшылыққа бергенде бұл мәліметтер
кәсіптік құпия ретінде пайдаланып, олар
құпия, сыр болып сақталғандығы туралы
кепілдемені талап етеді.
с) реттелуші бойынша мәліметтер туралы
баяндамалар дайындағанда Хатшылық Жақтардан
келіп түскен құпия деп саналатын мәліметтердің
жарияланбауын қамтамасыз ететін шаралар
қабылдайды. Хатшылық, сонымен қатар барлық
Жақтың реттелуші заттардың әрқайсысының
жеке қасиеті туралы жалпы деректерді
жариялайды.
Жақтардың екінші Кеңесі 11/9 шешімінде
қаулы етті:
Хаттаманың 7-бабында айтылған мәліметтерді
беруге байланысты кейбір елде пайда болған
қиыншылықтардың себептерін қарау үшін
мүдделі Жақтардың мүмкін болған шешімдерін
ұсыну үшін Сарапшылардың арнайы тобы
тағайындалсын және оның жұмысының барысы
туралы Жақтардың үшінші Кеңесіне хабарлансын;
және Хаттаманың 7 бабына сәйкес Хатшылыққа
берілетін реттелуші заттарды тұтыну
туралы кез келген деректердің құпиялық
маңызы жоқ екені қуатталсын. Жақтардың
екінші Кеңесі сол сиякты 11/12 шешімінде
Кедендік ынтымақтастық Кеңесі қабылдаған
барлық мүшелердің үкіметаралық өздерінің
ұлттық санаттық тізімінде бекітілген
тақырыпшаларды неғұрлым тез жариялауға
бағытталған шаралары бойынша ұсыныстармен
келісуі туралы қаулы қабылдап, Хатшылыққа
Монреаль хаттамасы реттейтін жеке химиялық
заттар үшін қосымша тақырыпшалар пайдалы
деген пікірге келген, озон қабатын қорғау
жөніндегі олардың жігерлерін көрсеткен
Жақтар туралы Кеңеске хабарлап, бұл жөнінде
Кеңестен көмек сұрайды.
Жақтардың үшінші Кеңесі III/3 шешімінде
қаулы етеді:
а) Орындау жөніндегі Комитеттің жұмысында
прогреске қол жеткенін атап, бұл істі
істемеген Жақтар Монреаль хаттамасына
сәйкес талап етілген мәліметтерді дереу
берулерін қатты сұрайды;
в) Экономикалық интеграция жөніндегі
аймақтық ұйымға кірмеген және бұрын деректерді
берген мемлекеттер келешекте мәліметтерін
жеке бөліп берсін деп ұсынылады және
қажетіне қарай III/7 а) шешіміне сай жасайды;
с) мәліметтерді беру мерізімі 1 қаңтардан
31 желтоқсанға дейінгі (7 бап 2 тармақша)
уақыт мөлшерін қамтиды және бақылау мерізімі
1 шілдеден 30 маусымға дейінгі /2 бап 1 тармақша/
уақытты қамтиды және Жақтардан екі мерзім
үшін мәлімет беру сұралады;
е) Орындау жөніндегі комитет мүшелері
ретінде Венгрияның, Норвегияның, Триндад
пен Тобагоның, Уганды мен Жапонияны ұстаған
бағыты тағы да бір жылдың ішінде мақұлдансын
және Камерун, Тайланд, АҚШ, КСРО мен Чили
екі жылдық мерзімге сайлансын.

- Монтаж вентиляторов
- Монтаж встроенного в нишу шкафа-купе
- Монтаж заземляющих устройств
- Монтаж заземляющих устройств
- Монтаж заземляющих устройств и выполнение занулений
- Монтаж и обслуживание эл.проводки осветительных установок
- Монтаж и эксплуатация
- Монотонність функції необхідні і достатні умови Eкстремум функції однієї та декількох змінних
- Монотонность. Профилактика монотонности
- Монотонность труда
- Моно транспорт
- Монохромная живопись
- Моноцитарно- макрофагальная система: функции, особенности, роль в становлении и реализации иммунного ответа
- Монреальская конвенция 1999 года как источник регулирования использования электронного билета