MS Word мәтіндік редакторы. 2

№4 тақырып.  MS Word мәтіндік редакторы

  

 

Теориялық бөлім

 

Word-ты іске қосу

Word программасының жылдам  іске қосу – компьютердің үстел  үстіндегі таңбашасын жылдам  екі рет шерту. Егер ол жоқ  болса, Пуск менюін пайдалаңыз.

1. Экранның сол жақ  төменгі бұрышында орналасқан  Пуск түймешесін басыңыз.

2. Тышқан меңзерімен келесі  элементті таңдаңыз: Программы - Microsoft Office - Microsoft Office Word 2007.

Microsoft Word 2007 интерфейсі


Microsoft Word 2007 интерфейсі бұл  программаның алдыңғы түрлерінен  айтарлықтай өзгешелігі бар. Жаңа  версиясында программа терезесінің  кез келген жеріне орналастыруға  болатын үйреншікті саймандар  панелі жоқ. Мұнда ашылатын менюден  тек терезенің сол жақ жоғарғы  бұрышында орналасқан "Office" түймешесі  бар.

Терезенің жоғарғы жағын толығымен бас менюдің лентасы алып жатыр. Оның қандай да бір пунктін таңдау арқылы біз таңбаша түрінде берілген қажетті құралдарды аламыз. Бас меню лентасына таңбаша қосуға немесе жоюға болмайды.


 

Меню түймешелері функционалдық қасиеттеріне байланысты топтастырылған. Мысалы, Главная менюі келесі топтардан тұрады: Буфер обмена, Шрифт, Абзац, Стили, Редактирование. Панельде жиі қолданылатын түймешелер орналастырылған. Егер панельде қажет түймеше болмаса, оны ізделінді топтың оң жақ төменгі бұрышындағы кішкене ғана сілтеуішті басу арқылы табуға болады. Тышқан меңзерін топтың оң жақ төменгі бұрышындағы кішкене ғана бағыттауышқа апарсаңыз құралдың атқаратын қызметі туралы мәлімет беретін қалқыма жәрдем шығады.

MS Office 2007-нің барлық қосымшаларында  бас менюдің лентасы мен астарлы  бетінен басқа жылдам қызмет  панелі бар. Ол лентаның жоғарғы  жағында "Office" түймешесінің  жанында  орналасқан. Онда жиі орындалатын  операциялар түймешелері орналасқан: Сохранить, Отменить ввод, Повторить ввод. Бұл панелді өз қалауымыз бойынша орнықтыруға болады, ол үшін панелдің оң жағындағы кішкене сілтеуішті басу арқылы орындаймыз.


Жылдам қызмет панелінің құрамын өзгерту үшін менюдің «Басқа командалар» пунктін таңдаңыз. Word-тың баптау терезесі ашылады.

Жылдам қызмет панеліне команда қосу үшін тізімнің сол жақ бөлігінен қажет команданы ерекшелеп «Добавить» түймешесін басамыз.  Команданы алып тастау үшін оң жақ тізімнен оны ерекшелеп "Удалить" түймешесін басамыз.

Әрбір командаға пернелер комбинациясын сәйкестендіруге болады. Ол үшін "Настройка" түймешесін басу керек. Көп жағдайларда бекітілген, жиі қолданылып жүрген «ыстық» пернелерді жаттап алса болады. Ол үшін Alt пернесін қолдануға  болады. Егер "Alt" және "Я" пернелерін тізбектей қатарласа бассақ, төменгі суреттегі бейнені аламыз.

 

Программа терезесінің төменгі жағында жағдай жолы орналасқан. Онда сол жағында беттер саны және ағымдағы бет нөмері, сөз саны көрсетілген, ал оң жағында құжатты көру режимі, масштаб ораналасқан.

.

Word 2007 құжаттарымен жұмыс

Файлдармен жұмыс жасаудың барлық негізгі командалары менюдің "Office" түймешесінде жинақталған. Жаңа құжат құру үшін менюдің бірінші пункті "Создать" арналған. Оны таңдау барысында "Создание документа" терезесі пайда болады. Оның сол жақ бөлігінде шаблон категориясын көрсету керек. Бастапқыда "Пустые и последние" варианты көрсетіліп тұрады. Жаңа құжатты құруды аяқтау үшін оң жақ төменгі бұрышта "Создать" түймешесін басыңыз. Жаңа бос құжат терезесі пайда болады.

  «Установленные шаблоны» пунктінде компьютерде бар шаблондар көрсетілген.

"Из существующего документа" пункті бар құжат негізінде жаңа файл құрылады. Бұл пункті таңдағанда қолданушы дискідегі таңдаған құжатты көрсетуі керек. Көрсетілген файл мазмұны жаңа құрылған құжатқа өтеді.

Көңіл аударатын нәрсе, Word 2007 файлды .docx форматында сақтайды.  Программаның ескі версиялары бұл форматты оқи алмайды. Сондықтан құжат ескі версиямен сәйкес болу үшін файлды «функционалды шектелген режимде» сақтауыңыз керек. Бұны "Office" түймешесінің «Сохранить как» менюінің көмегімен орындайсыз.

Егер сіз ескі версияда жасалған файлды ашсаңыз, файл функционалды шектелген режимде жіберіледі (ол туралы мәліметті тақырып жолынан көре аласыз). Бұл режимде жұмыс жасағанда кейбір программа функциялары қол жетімсіз. 

Терілген мәтінмен жұмыс жасау үшін оны алдын ала ерекшелеп аламыз. Оны жасаудың жылдам жолы тышқанның сол батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады. Бұл операцияны Shift пернесінің көмегімен де жасауға болады.

Word 2007-де мәтінді ерекшелеудің арнайы түрі бар. Ол үшін F8 пернесін басу керек. Содан кейін бағыттауыш пернелер ақрылы мәтінді ерекшелей беруге болады, ол уақытта Shift пернесін басып тұрудың қажеті жоқ. Мәтінді ерекшелеу режимінен шығу үшін Escape пернесін бір басса жеткілікті. F8-ді тізбектей бірнеше рет басу сәйкесінше сөзді, сөйлемді, абзацты, бүкіл мәтінді ерекшелеуге алып келеді.

Форматтау

Форматтаудың негізгі құралдары лентаның "Главная" астарлы бетінде орналасқан: Алмасу буфері, Шрифт, Абзац, Стилдер, Редактірлеу.

Алмасу буфері

Алмасу буфері панелінде төрт негізгі түймешелер орналасқан: Вставить (қою), Вырезать (қиып алу), Копировать (көшіру), Формат по образцу (үлгі бойынша форматтау).

"Вставить" түймешесі алмасу буферінде қандай да бір объект болғанда ғана екпінді. Сәйкесінше, "Вырезать" "Копировать" түймешелері екпінді, егер де мәтін фрагменті, сурет, диаграмма және т.с.с. ерекшеленген болса. "Формат по образцу" түймешесі нұсқауланған объектінің форматтау параметрлерін ерекшеленген фрагментке қолданады.

Алмасу буфері тек бір фрагментпен жұмыс жасайды. Бірақ алмасу буферінің арнайы режимін бар, оған 24 объектіге дейін сияды. Арнайы режимге өту үшін панелдің оң жақ төменгі бұрышындағы кішкене ғана бағыттауышты басу керек.

Тышқан меңзерін алмасу буферіндегі қандай да бір объектіге апарсақ объектіні қою немесе жою туралы қалқыма жәрдем шығады.

 

Шрифт

«Шрифт» тобының құралдары арқылы қаріптің өлшемін, типін және жазылу түрін өзгертуге болады. Астын сызу эффектісін қолданғанда сызық түрін бірден көрсетіп кетуге болады. Осы «Шрифт» тобында қаріптің көлемін үлкейту/кішірейту; үстінен/астынан сызу эффектісін қолдану; мәтін регистрін өзгерту; оның түсін; ерекшеленген мәтін фрагментінің түсін өзгерту орналасқан. "Очистить формат" түймешесі форматтаудың өзгерген параметрлерін жоюға мүмкіндік береді.

Егер де форматтау үшін берілген түймешелер жеткіліксіз болса, онда «Шрифт» терезесінің көмегімен қосымша форматтау парметрлерін баптауға болады (топ атының оң жақ бөлігіндегі кішкене сілтеуіш).

Word 2007 мәтінді жылдам форматтау ыңғайлы мүмкіндік береді. Қандай да бір мәтін фрагментін ерекшелегенде оның қасынан қалқыма форматтау жәрдем терезесі шығады. Ол терезе жиі қолданылатын форматтау командаларынан тұрады.

Абзац

 

 

 

 

 

"Абзац" панелінің түймешелер тобы абзацтық форматтауға арналған. Мұнда сонымен қатар кестелермен жұмыс жасау түймешелері де енген.

Тізімнің алдыңғы қатарында маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі тізімдермен жұмыс жасауға арналған түймешелер. Ары қарай абзацтық отступты үлкейту/азайту түймешесі орналасқан. Одан кейінгі түймеше кестелік мәндерді алфавит бойынша реттейді. Алдыңғы қатардың соңғы түймешесі көрінетін/көрінбейтін символдар туралы.

Соңғы қатарда абзацта мәтінді туралау түймешелері орналасқан (сол жақтан, ортадан, оң жақтан, сол және оң жақтан). Содан кейін жоларалық интервал орнату тізімі орналасқан.

Тізімнің соңғы түймешелері кестелермен жұмыс жасауға арналған: ұяшықтарды бояу және шекараларын қою.

"Абзац" терезесі шақыру арқылы абзацты  форматтаудың қосымша баптаудың  мүмкіндіктерін береді. Отступ бөлімінде беттің сол және оң жақ шегіністерін орнатуға болады. Интервал бөлімі абзац арасындағы аралықты анықтайды. Ағымдағы және жоғарығы абзац аралығын «аралық алдында», аралық және төменгі абзац аралығын «аралық кейін» көмегімен орнатуға болады.

Редактірлеу

«Главная» астарлы бетінің соңғы менюі мәтін фрагментін жылдам іздеу үшін қолданылады.

Стилдермен жұмыс жасау

«Стилдер» тобы форматтау командаларының жиынтығын береді. Стилдер символдарды, мәтіндік фрагменттерді, абзацтарды, кестелер жолдарын немесе құжат құрылымының деңгейін анықтайды. Стилдердің екі түрі бар:

  • Символ стилі - символдарды форматтаудың параметрлері орналасқан, сонымен қатар қаріп, өлшем, орналасу және интервалды орнату форматтары да бар
  • Абзац стилі - абзацты форматтау параметрлерін орнатады.

Әрбір құжат шаблонында алдын ала берілген стилдер тобы бар, бірақ өз бетімізбен жаңа стил құруға және берілген стилдерді өзгертуге болады. Сонымен қатар стилдерді құжаттарда сақтауға болады.

Word 2007-нің экспресс-стилдері

Экспресс-стилдер тізімінен стилдерді қолдану үшін:

  • мәтін фрагментін ерекшелеу;
  • "Стилдер" панелінен ("Главная" астарлы беті) оң жақтағы кішкене сілтеуішті басасыз;
  • пайда болған галереядан қажет стилді таңдайсыз, сол уақытта ерекшеленген мәтін фрагменті сол стилге форматталады

Ерекшеленген мәтін фрагментінен форматтау параметрлерін жою үшін "Очистить стиль" түймешесін басамыз. "а" әрпімен мәтін стилі, ал ¶ белгісімен абзац стилі белгіленген.

Word 2007-де тізімдермен жұмыс жасау

Тізімдермен жұмыс жасауда "Абзац" панелінің жоғарғы түймешелерін пайдаланамыз. Тізімдер – бұл арнайы белгілермен белгіленген мәтін фрагментінің бөлігі. Тізімдер маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі болады.

 

 

         

    Маркерленген тізім                         Нөмірленген тізім                                         Көпдеңгейлі тізім

 

Тізімді өзіміз құруымызға болады, немесе бар тізімді пайдалануға болады. Көпдеңгейлі тізімді пайдаланғанда TAB пернесін қолдануға болады.

Көпдеңгейлі тізімді өңдеу үшін "Многоуровневый список" түймешесін тышқан батырмасымен шертіңіз, пайда болған терезеден "Определить новый многоуровневый список.."–ті таңдаңыз. Мұнда нөмірді, аралықты, қаріп түрін және басқа да параметрлерін орнатуға болады.

 

 

 

 

 

Егер абзац «бір» цифрынан басталса Word автоматты түрде нөмірленген тізімді қояды.

МӘТІНДІ ТҮЗЕТУ

Мәтінді түзету амалдары электрондық құжаттың бөліктерін жою, орын ауыстыру, қосу, бірнеше құжаттарға бөлу арқылы өзгертуге мүмкіндік береді.

Символдар мен абзацтарды пішімдеу-түзетудің жеке жағдайлары.

Жалпы жағдайда  түзету амалдары мәтіннің мазмұнын өзгертеді.

Тұтас жолды түзету

Бос жол қосу

    1. Курсорды жолдың соңына қойыңыз.
    2. Enter пернесін басыңыз.

Бір жолды екі жолға бөлу

    1. Курсорды жаңа жол басталатын символдың алдына қойыңыз.
    2. Enter пернесін басыңыз.

 

Home- курсор жолдың  басына барады.

End- курсор жолдың  соңына барады.

Ctrl+Home- курсор мәтіннің басына барады.

Ctrl+End- курсор мәтіннің соңына барады.

Екі жолды қосу

    1. Курсорды бірінші жолының соңына қойыңыз (соңғы символынан кейін).
    2. Delete пернесін басқан жағдайда 2-ші жолыңыз курсор жанына келеді.

Құжаттың фрагментін өшіру

Символды өшіру

Backspace Пернесін басу арқылы курсордың сол жағындағы символ өшіріледі.

Delete пернесін басу арқылы курсордың оң жағындағы символ өшіріледі.

Құжат фрагменттерін (бөліктерін) жою

1-тәсіл      1. Фрагментті белгілеңіз.

    2. Delete пернесін басыңыз.

2-тәсіл     1. Фрагментті белгілеңіз.

   2. Түзету - Вырезать (Қию) командаларын орындаңыз – сонда фрагмент алмасу буферіне орналасады.

    1. Егер жоюды қалпына келтіру қажет болса, онда Түзету - Отменить (Қайтару) командаларын орындаңыз немесе Стандартты саймандар тақтасында     суретшесін шертіңіз.

Мәтін фрагментін жылжыту және жою

Жылжыту деп мәтін фрагментін құжаттан жою, алмасу буферіне  орналастыруды айтамыз. Көшіру деп алмасу буферіне фрагменттің көшірмесін орналастыруды айтады, яғни фрагмент құжатта сақталады.


Мәтіннің қаріп түрлерін, қаріп мөлшерін, қаріп түстерін, қаріпті сызылған, жоғарғы индекс, төменгі индекс, жасырылған, кіші бас әріптер, бәрі бас әріптер т.б. амалдарды тағайындау үшін: Пішімдеу (Формат) – Қаріп (Шрифт) қажетті командаларды береміз.

 

 

 

 

Терезе (Окно) менюімен  жұмыс жасау

Word редакторында бір мезгілде  бірнеше құжаттармен жұмыс жасауға  болады. Бір мезгілде бірнеше  құжаттар жүктелсе және  сол  құжаттарға көшу (ауысу үшін) қажет  болған жағдайда Терезе (Окно) менюін қолданамыз .

 

 

 

 

 

 

 

Кесте құру

Жалпы кесте ұяшықтардан тұрады, ал ұяшықтың өзі бағана мен жолдардан тұрады. Кесте құру:

1-тәсіл Жатық менюден             Кесте (Таблица) – Орналастыру (Вставить) – Кесте (Таблица) командасын таңдаңыз.

 

Сонда экранда бағана  саны мен жол сандарын сұрайтын сұқбат терезесі пайда болады, өз қалауларыңыз бойынша бағана мен жолдарға сан мәндерін беріңіз.

 

 

 

 

 


2-тәсіл Стандарт саймандар тақтасынан Вставить таблицу командасын таңдаңыз. Мұнда ұяшықтарды ерекшелеу арқылы ұяшықтар мен жолдар сандарын беруге болады.

 

 

 

 

 

 


3 – тәсіл. Саймандар тақтасынан Таблицы границы  саймандар тақтасын іске қосыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестемен жұмыс жасау барысында жолдарды, бағаналарды біріктіруге, жоюға, бөлуге және жаңа бағана мен жолдар қосуға болады. Ол үшін қажет бағана немесе жолдарыңызды ерекшелеп жатық менюдегі Таблица менюін таңдаңыз.

Кестенің соңына жол қосу үшін тышқанның көрсеткішін кестенің соңғы ұяшығына қойып TAB пернесін басу арқылы да  жол қосуға болады.

 

Кесте ұяшықтарының мазмұнын жою

    1. Кестенің барлық жолдары мен бағаналарын белгілеңіз.
    2. Delete пернесін басыңыз.

Жеке жол мен бағаналарды жою.

    1. Кестенің жеке жолын жою үшін жолды ерекшелеп Кесте –Удалить-Строки командасын орындаңыз.
    2. Кестенің бағанасын жою үшін  бағананы ерекшелеп Таблица-Удалить-Столбцы командасын беріңіз.

Кестеде мәтін теру

    1. Мәтін курсорын кестенің керек ұяшығына қойыңыз.
    2. Мәтін теріңіз.

Ескерту!:

 Терген мәтін ұяшықтан шықпайды, ұяшық көлемі мәтінмен бірге  кеңейіп отырады.

Мәтін тергенде ұяшық ішінде мәтінді жаңа жолға көшіру үшін, Enter пернесін басыңыз.

Ұяшық ішінде мәтінді түзетуге және жоюға болады.

Кесте ұяшықтарымен қозғалу

1-тәсіл

Курсор бағыттауыш пернелер ¬­®¯  арқылы курсорды кез келген ұяшыққа әкелуге болады.

2-тәсіл

Tab пернесін басу арқылы, курсорды ұяшықтар бойынша біртіндеп қозғалтуға болады, (алдымен солдан оңға қарай жол бойынша, содан кейін келесі жолға және т. с. с. керек ұяшыққа дейін әкелуге болады).

3-тәсіл

Курсорды қажет ұяшыққа әкеліп, шертіңіз.

Кестенің құрылымдық элементтерін белгілеу

Бағана енін өзгерту

    1. Тышқан  көрсеткішін екі бағананы бөліп тұрған сызыққа қойыңыз, ол ортасы бөлінген параллель сызықшаға Ö айналады.
    2. Тышқанның сол жақ пернесін басып тұрып, жібермей, екі бағананы бөлген сызықты керек жерге апарыңыз.
    3. Mouse пернесін жіберген кезде сызық тағайындалады.

Кесте түрін тағайындау

      1. Кесте  құрыңыз.

      2. Курсорды  кестенің ішіне қойыңыз.

      3. Кесте - Автоформат  (Автопішім) командасын орындаңыз. Пайда болған сұхбаттық терезеден қажетті пішімді тағайындаңыз.

Бір ұяшықты бірнеше ұяшықтарға бөлу

           1. Кесте құрыңыз×

           2. Курсорды кестенің керек ұяшығына  қойыңыз×

           3. Кесте (Таблица) - Кестені бөлу (Разбить ячейки) командасын орындаңыз×

           Сұхбаттық терезесі пайда болады: Бағана мен жолға сан мәндерін беріңіз

 

Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру

 1. Біріктіретін ұяшықтарды ерекшелеп Kесте (Таблица) - Обьединить ячейки (Ұяшықтар  біріктіру) командасын орындаңыз.

 

Кестені құрылымды элементтерін безендіру

А) Кесте жиегі (Таблицы границы) саймандар тақтасынан Внешние границы командасын қолданып, құрылған кестенің элементтерін түрлі сызықтармен әсем безендіруге болады.

Кесте элементтерін безендірудің  тәсілін  қарастырайық.

  1. Кестенің керек элементін белгілеңіз (жол, бағана, ұяшық  немесе бүкіл кестені).

2. Жиектеу  саймандар тақтасында орналасқан Түр терезесіндегі  “Тип”- тізімінен сызықтың қалыңдығын  таңдаңыз.

3.Жиектеу саймандар тақтасында керек жиектеу түрін таңдаңыз: жоғарғы жағын, астыңғы жағын, барлық жағын және т.б.

Б) Пішім (Формат) - Жиектеу және бояу (Границы заливка) командасын орындаңыз.

Абзацты жиектеу және бояу деген сұхбаттық терезе пайда болады.

1.Жиектеу бүктемесінде жиектің түрін, сызықтың түсі мен түрін тағайындаңыз.

    1. ОК батырмасын шертіңіз.

 

Сурет салу саймандар тақтасы

Сурет саймандар тақтасы суреттер  салу және оларды басқару үшін қолданылады.

1 – объектіні ерекшелеу;

2 –   автофигуралар;

3 – түзу сызық сызу;

4 – бағыттауыш сызықты сызу;

5 – тік төртбұрыш немесе квадрат  сызу;

6 – эллипс немесе шеңбер сызу;

7 – объектілерге жазу орналастыру;

8 – WordArt –ты қосу;

9 – жабық жазықтықты бояу;

10 – сызықтың түсін тағайындау;

11 – қаріп түсін белгілеу;

12 – сызықтардың түрлерін тағайындау;

13 – штрих сызық түрлерін  тағайындау;

14 – бағыттауыш сызықтардың  түрлерін тағайындау;

15 – графикалық объектінің көлеңкесін  қою;

16 –графикалық объектілердің көлемін  өзгерту;

Автофигураны қолдану

Автофигуралармен жұмыс жасау үшін Сурет (Рисование) саймандар тақтасын іске қосыңыз ол үшін Түр (Вид) – Саймандар тақтасы (Панели инструментов) - Сурет (Рисование) командасын береміз. Сурет саймандар тақтасынан қажет бірнеше автофигураларды тағайындаймыз, енді сол бірнеше автофигураларды топтастыратын (біріктіретін) болсақ Сурет саймандар тақтасынан Выбор объектов командасымен автофигураларды  ерекшелеп жанама менюдің көмегімен Группировка-Группировать командасын береміз. Бұл топтастырудың қажеттілігі бірнеше автофигураларды жылжытқанда автофигуралар бірге жылжитын болады.  Ал егер топтастырылған объектілерді жіктегіңіз келсе, объектіні ерекшелеп жанама менюдің көмегімен Группировка- Разгруппировать командасын беріңіз.

Құжатты қорғау

Құжатты өзгерутуден сақтау үшін "Защитить" панелін пайдаланамыз. После нажатия на кнопку "Защитить документ" түймешесін басқаннан кейін терезенің оң жақ бөлігінде "Ограничить форматирование" панелі пайда болады.

"Ограничить набор разрешенных  стилей"–ге жалауша қойыңыз және "Настройки.." опциясына құжатпен жұмыс жасау барысында қандай безендіру элеменеттерін форматтауға болатындығын көрсетіңіз.

Өңдеуге шектеу қою үшін "Разрешить только указанный способ редактирования документа"-ға жалауша қоямыз және ашылған тізімнен "Запись исправлений" пунктін таңдаймыз. Бұнымен біз құжатқа комментарии қосуға, жоюға, кірістіруге және мәтін енгізуге рұқсат береміз. Егер сіз басқа қолданушы ескерту қалдырсын десеңіз, онда "Примечания" пунктін таңдаңыз.

Құжатқа қорғауды қосу үшін "Да, включить защиту" түймешесін басыңыз.

Қорғауды алып тастау үшін "Защитить документ" түймешесін басу керек және пайда болған тізімнен "Ограничить форматирование и редактирование" –дан жалаушаны алып тастау керек.

Колонтитулдер және бет нөмірлері

Word 2007-де колонтитулмен жұмыс жасауда "Колонтитулы" («Вставка» астарлы бетіндегі).

Колонтитул қойғаннан кейін оны өңдеу үшін "Конструктор" жанама лентасы пайда болады.

 

Өңделген колонтитулды колонтитулдер галериясына қосуға болады, оны "Сохранить выделенный фрагмент в коллекцию верхних/нижних колонтитулов" командасының көмегімен орындайсыз.

Колонтитулды баптау

"Работа с колонтитулами" жанама құралының "Конструктор" лентасы арқылы орнатылған колонтитулды жылдам баптауға қолданылады:

  • жұп және тақ беттер үшін әртүрлі колонтитулдер;
  • бірінші берт үшін арнайы колонтитул;
  • колонтитулмен жұмыс жасау барысында негізгі ағымдағы бет екпінді емес болады;
  • бет нөмірін қоюға және өңдеуге;
  • колонтитулдың орналасуын басқаруға;
  • колонтитулге әртүрлі объект қоюға: ағымдағы уақыт және мерзім, суретттер, стандартты блоктар.

Колонтитулды жою үшін "Удалить верхний/нижний колонтитул" пунктін пайдаланамыз.

Бет нөмірі

Бетті нөмірлеу үшін "Номер страницы" («Вставка» астарлы беті, "Колонтитулы" панелі) түймешесін пайдаланамыз.

Егер беттің бірінші бетіндегі нөмірін алып тастау қажет болса, онда келесідей жасаңыз:

  • "Разметка страницы" астарлы бетін ашыңыз;
  • "Параметры страницы" панел терезесін ашыңыз;
  • "Источник бумаги" терезесінде "Различать колонтитулы первой страницы"-ға жалауша орнатыңыз.

Символдар

Символдар тобының командаларының көмегімен құжатқа әртүрлі типтегі символдар қосуға болады.

Формула. После щелчка на кнопке Формула вкладки Вставка астарлы бетінің Формула түймешесін шерткенде «Конструктор» (формулалар үшін) астарлы беті шығады, экранда формула енгізу терезесі пайда болады. 

 

Құжат түрі және баспаға шығару

Word 2007-де құжат бастапқыда 100% масштабпен беріледі. Масштабты өзгерту Word құжат терезесінің оң жақ төменгі бұрышында орналасқан.. Масштабты "Вид" астарлы беті арқылы да баптауға болады.

  • "100%" түймешесі - құжатты 1:1 масштабымен береді;
  • "Одна страница" түймешесі- бет экранда толығымен беріледі;
  • "Две страницы" түймешесі – экранда құжаттың екі беті толық көрінеді;
  • "По ширине страницы" түймешесі - құжат беті терезе бетінің көлемімен бірдей болады.

Құжат теріліп және өңделіп болған соң оны баспаға шығарамыз. Ол үшін "Office" түймешесіндегі "Печать" пунктін пайдаланамыз (Ctrl+P пернелер комбинациясын пайдалануға да болады).

"Быстрая печать" опциясы арқылы құжатты бірден баспаға шығарамыз.

"Печать"опциясы құжатты баспаға жібермей тұрып принтерді орнықтырады.

Қолданушы жиі  Рассмотрим настройки, которыми придется часто пользоваться.

Список "Имя принтера" - актуально, если к вашему компьютеру подключено несколько принтеров или же компьютер подключен к сети, содержащей несколько принтеров. Тогда из выпадающего списка необходимо выбрать тот принтер, на который будет выводиться документ.

Панель "Страница" - предназначена для выбора конкретных страниц документа (или диапазона), которые надо вывести на печать."Включить" - по умолчанию стоит значение "Все стр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Мәтінді енгізу кезінде автоауысудың пайдаланылуы

     Автоауысу туралы

    Автоауысу қызметі (функциясы) мәтіндерді және арнайы белгілерді енгізу кезінде кеткен қателер мен жаңылыс жазуларды автоматты түрде түзету үшін пайдаланылады. 

Мысалға, перне тақтадан «адэкватный» сөзін енгізу кезінде ол автоматты түрде дұрыс жазылған - «адекватный» сөзімен ауысады. Немесе, мысалға, «==>» белгілер жиынтығын енгізу кезінде олар автоматты түрде қою бағыттауыш « » белгісіне ауысады. 

Бұдан басқа, енгізудің кейбір қателіктері де автоматты түрде түзетіледі, мысалға, сөз басындағы екі бас әріп бір бас әріпке, сөйлем басындағы жолдық әріп бас әріпке ауысады және т.с. с.

Тышқанның сілтеуішін автоматты түзетілген мәтінге әкелген кезде, кішірек көк өріс пайда болады, оған сілтеуішті әкелген кезде ол Автоауысу параметрлері батырмасына айналады, ал мәтін сұр түсті фонмен ерекшеленеді. Автоауысу параметрлерін қосу немесе ажырату арқылы түзетуді болдырмауға болады.

Автоауысу  Word –пен әрекет жасайтын барлық тілдерде орындалады.

 Автоауысу  параметрлерін баптау

 Автоауысудың кейбір  параметрлерін қосуға немесе  ажыратуға болады.

  1. Office батырмасын басыңыз,  пайда болған мәзірден Word параметрлері пунктін таңдаңыз.
  2. Дұрыс жазу ережесін таңдаңыз, содан кейін Автоауысу параметрлері батырасын басыңыз.

  1. Автоауысу терезесіндегі Автоауысу қосымша бетінде автоауысудың ерекшеліктерін анықтайтын жалаушаларды қойыңыз немесе алып тастаңыз.

Автоауысу элементін құру

Автоауысуды жиі қолданылатын мәтіндерді, кестелерді, суреттерді және басқа да объектілерді енгізу үшін пайдалануға болады.