MS WORD редакторы
MS
WORD редакторы
MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограммалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
WORD
редакторын тағайындау,
іске қосу және
онымен жұмыс істеуді
аяқтау
WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:
1.Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
2.
Программалардың Microsoft Office тобындағы
WORD шартбелгісінде тышқанды екі
рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4.
WORD редакторына дайындалған
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
- Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
- WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
- тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
- редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;
- Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.
Егер
программамен жұмысты аяқтау барысында
мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге
жазылмаған құжат бар болса, онда редактор
экранға қосымша сұхбаттасу терезесін
шығарып, өзгертілген құжатты дискіге
жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз
(Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді.
Қалауыңыз бойынша, редакторда әрі қарай
жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена)
болады.
Word
редакторына тән қосымша
элементтер
Терезеде Widows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар.
Қалып күй немесе қалып жолы негізгі терезенің төменгі жағында орналасқан,
оның сол жақ бөлігінде теріліп жатқан құжат жөнінде информация бейнеленеді.
- стр 5 – теріліп жатқан ағымдағы бет нөмірі,5-бет;
- разд 1 – ағымдағы бөлім нөмірі,бұл элемент бөлімдерден тқратын Басты құжат үшін ғана қажет;
- 5/8 – құжаттың басынан есептегенде курсор тұрған орын 5 бетте,ал құжат барлығы 8 беттен тұрады;
- 15,8 см – курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғары шетіне дейінгі қашықтық;
- Ст27 – осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі жолдар саны;
- Кол 1 – осы жолдың басынан курсорға дейінгі символдар саны,табуляция символдары мен бос орындар да есепке алынады.Бұл курсор экранда тұрғанда ғана көрінеді.
Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар:
ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді;
ИСПР - түзетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы ңұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;
ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін ( Расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді кішірейту - Shift + F8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату - Esc арқылы орындалады;
ЗАМ - символдарды ауыстыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып енгізу режимі орындалса, ол сұр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне ауысу - режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі бір пернелік INSERT пернесін басу арқылы жүргізіледі
Сонымен, жоғарыдағы командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама – қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын білген дұрыс.
Цифорлық
таңбалары бар көлденең және тік
жылжу белдеулері мәтін ішіндегі
курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін
береді.Бірақ бұл жылжу
Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен:
- абзац алдындағы жаңа жол басын;
- беттің сол жақ және оң
жақ шеттерінде қалдырылуға
- мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;
- көлденең табуляция
Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде олардың тек сол абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал.
Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтау бойында орналасқан.Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылатын бос орындар алмағын және де кестелер жолдары биіктігін өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің мәтіндеріңізде берелетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса, мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.
Қарап шығу режимдерінің батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:
- кәдімгі режим батырмасы – бұл қарап шығу режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапйым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир – сызықшамен бейнелеп, символдарды тексеру, түзету және қарап шығу процесін жылдам орындайды.
- беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналаса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.
- құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, теқ тақыраптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақыраптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны т үйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей аустыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.
Аспаптар тақтасы командалар мен іс - әрікеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені,қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп тұрады.
Меню
жолының төменгі жағында Станда
Терезенің
негізгі элементінің бірі болып,бірнеше
мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын
терезелерден тұратын,ашық түске бооялған
жұмыс аумағы (рабочая область) болып
саналады.
Word
редакторында құжаттарды
дайындау және
оларды сақтау
Жаңа
құжатты даярлау
Word
іске қосылған соң, экранда
1- құжат деген бос терезе пайда
болады.Құжаттың бұлай аталу
Жаңа
құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі
бір шаблонды пайдаланады.Нұсқа
жаңа құжатты форматтау
- Мәтін( мысалы,жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері);
- Кестелер (таблицалар);
- Төртбұрышты жақтаулар (керегелер);
- Графикалық бейнелер;
- Кейбір арнайы құралдар және т.б.
Алдын-ала
келісім бойынша,жаңадан
«Құжат
ашу» сұхбат терезесінің
мүмкіндіктері
«Құжат ашу»терезесінің мүмкіндіктері:
- файл іздеуді жүзеге асыру;
- мәтіндік құжат ашу ;
- файлды басқа орынға орналастыру;
- файлды қиып алу( алмасу буфері арқылы) ;
- файлдың көшірмесін алу;
- жарлықты дайындау;
- файлды жою;
- файл атын өзгерту;
- файл қасиеттерін қарап шығу;
- файлды ашпай-ақ,оны жылдам қарап шығу ;
- файлдағы мәліметті тек оқу үшін ашу;
- файлды қағазға басып шығару ;
- бумадағы файлдарды реттеу.
«Құжат ашу» терезесінің басқару тақтасы батырмаларының атқаратын қызметтерін былай суреттеуге болады:
Бір деңгей жоғары өту – бумалар сатысы мен жоғары бір деңгейде өтуді жүзеге асырады.
Өз бумаңды ашу – өзіңнің пайдалануыңа арналған буманы ашады.
Өз бумаңа орналастыру – құжатты өз бумаңа орналастырады.
Майда белгілер – бумалар тізімін олардың шарт белгілері (пиктограммалары) мен атын жазу арқалы бейнелейді.
Кесте – бумалар тізімі кесте түрінде олардың соңғы өзгертілген мерзімімен бірге бейнеленіледі.
Қасиеттерін шығару – экранға осы құжат туралы мағлұматтар шығару:дайындалған не өзгертулер енгізілген уақыты,көлемі және т.б.
Ішкі мазмұнын шығару – құжатт ыэкранда жылдам қарап шығуды жүзеге асырады.
Командалар мен режимдер – оқу,қағазға басу,іздеі,сұрыптау командаларының тізімін ашады.
Егер файл туралы кесте көмегімен информация берілеген мәліметтер жеткіліксіз деп санасаңыз,Қасиеттерін шығару батырмасын басу қажет.Сол кезде берілетін қосымша мәліметтерден іздеп отырған керекті файлыңыз осы екенін немесе (осы емес екенін) анықтай аласыз.
Ішкі
мазмұнын шығару батырмасын пайдаланып
құжатты ашпай-ақ,оның бас жағын жылдам
қарап шығуға болады.Бұл мүмкіндік іздеу
жүйесі арқылы ішкі мәтіні ұқсас бірнеше
файл тапқанда өте қажет болады.Табылған
файлдар ішінен керегін оқи отырып осылай
анықтайды.Ішкі мазмұнын шығару
батырмасы арқала табылған файлдар мәтіннің
бас жағын қарап алып барып,тек керектісін
ғана терезеге шығаруға болады.
Құжатты
сақтау
Файлды
сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау
қажет:
1.ФайлÞ... деп сақтау командасын таңдау немесе F12 пернесін басу.
2.Файл аты деген өріс жолына құжатқа қойылатын атты енгізу,әйтпесе тың ұсынған атын қабылдау.
3.Буманың
ашылатын тізімінің көмегімен,
4.Бумалар
тізімінен файлды
5.Қабаттасқан
ішкі бумалардан да керектісін
таңдап ал,бізге керектісі,
6.Бумалар
деңгейлерін толық қарастырып
керектісін таңдап алған соң,
7.Мәтіннің
құрамына кіретін және оны
сипаттай алатын сөз тіркестерін
де енгіземіз,оларды Қасиеттер
сұхбаттасу терезесіне енгізіп,
Мәтінді форматтау
Символдарды
форматтау
Символдарды
форматтауға қаріп
Бұлардан
өзге арнайы қаріптер бар, олар құжатты
көркейтіп, безендіру істерін
Қаріптер
Қаріптер ұғымына:
- Қаріптің типі;
- Қаріптің мөлшері;
- Сызылымы(начертание);
- Түсі;
- Арнайы эффектілері жатады.
Әр түрлі мақсаттарға арналған алуан түрлі қаріптер бар. Оларды қарастырғанда кейбір сипатты ерекшеліктерін атап өткен артық болмас.
Қаріптегі
символ мөлшері пункт өлшемі арқылы
беріліп жүр, негізі мәтін үшін әдетте
9,10- пункт, тақырыптар – олардан
үлкенірек (12-ден жоғары) өлшеммен, ал
ескертулер мен сілтемелерді көрсетуде
– 8-пункт пайдаланылып жүр.
Қаріптердің
негізгі параметрлерін
тағайындау
Форматтау
процесі негізінен символдардың
қажетті параметрлерін
Қаріптің
негізгі параметрлерін(тип, өлщемі,
сызылымы) формат командасының менюі
«Форматтау» аспаптар тақтасы, пернелік
командалар мен контексттік меню
жүйелерінің көмегеімен тағайындауға
болады.
«Қаріп»
сұхбаттасу терезін
пайдалану
Қаріптермен жұмыс істеуге арналған аспаптардың толық жиынтығын «Қаріп» сұхбат терезесі ұсынады. Бұл терезе кез келген қаріп типін таңдауға Word жүйесінде талап етілетін барлық параметрлерді тағайындауға мүмкіндік береді.
Жұмыс
процесінде пернелік командалардың,контекстік
менюдің және аспаптар тақтасының батырмаларының
көмегімен қаріптердің
«Қаріп» сұхбат терезесін ашу үшін мына әрекеттердің бірін орындау керек:
- Формат Қаріп командасын таңдау;
- Құжаттың жұмыс аймағында тышқанның оң батырмасын басу. Сонда экранда пайда болған контекстік менюден «Қаріп» командасын таңда. Осы әрекеттер нәтижесінде шыққан терезеде екі парақ бар: «Қаріп» және «Интервал». Енді қаріп парағының жолдарын қарап шығайық
Қаріп – компьютерде орналасқан қаріптер тізімі. Қаріптердің сызылымы мына опциялардан тұрады.
- Кәдімгі – негізгі мәтін символдары үшін пайдаланылады;
- Курсив - сөздерді тақырыптарды айқындау үшін пайдаланылады;
- Жартылай қалыңдатылған - сөздерді тақырыптарды айқындау үшін пайдаланылады;
- Жартылай қалыңдатылған курсив – алдыңғы екі түрлі қаріптер комбинациясын бірге пайдалану.
- Мөлшер – әріптердің мүмкіндік мөлшерінің тізімі
- Астын сызу мыналардан тұрады: - Жоқ – мәтіннің асты сызылмай бейнеленеді: - Кәдімгі – мәтіннің астын тұтас сызықпен сызу;
- Тек сөздер – тек сөздердің асты сызылып, сөз арасындағы бос орындар асты сызылмайды;
- Қоссызық – сөздердің астын қоссызықпен сызу;
- Пунктирлік – үзбе сызықпен астын сызу;
- Түс – мәтінді бояйтын мүмкін түстер (Авто,Қара,Қызыл,Сары т.б)тізімі бар;
- Эффектілер құрамы;
- Сызылған – мәтін үстінен тұтас түзу сызықпен сызу (түзету кезінде пайдаланылады);
- Жоғарғы индекс – мәтін символы негізгі жол сызығы деңгейінен жоғары көтеріледі;
- Төменгі индекс – мәтін символы негізгі жол сызығы деңгейінен төмен көтеріледі;
- Жасырын – мәтін баспаға берілген кезде көрінбейді;
- Кішірейтілген үлкен әріптер – мәтін әріптері кіші әріптердіғ мөлшерінде үлкен әріптермен жазылады;
- Алдын-ала келісім бойынша – бұл батырманы бассақ, «Қаріп» терезесіндегі тағайындалған параметрлер бұдан бұлай осы нұсқамен даярланып,барлық құжаттарға келісім бойынша пайдаланылады.
Өңделіп
жатқан мәтіннің кейбір фрагменттерінің
қаріптерінің параметрін өзгертуге
болады. Ол үшін сол керекті фрагментті
ерекшелеп,артынын «Қаріп»
Мұндайда тек ерекшеленген фрагменттің ғана қаріп параметрлері өзгеріледі,ал қалған мәтін өзгеріссіз қалады. Осындай тәсілмен тақырыпты немесе мәтін ішіндегі ескертулерді ерекшелеп олардың астын сызып немесе қарайтылған қалың қаріппен айқындап қоюға болады.
Сонымен Қаріптер сұхбат терезесі арқылы оның параметрлерін өзгерту үшін:
- Қаріп форматы өзгертілген мәтін фрагментін ерекшелеу керек
- Формат Қаріп командасын таңдау
- Терезенің ішкі «Қаріптер» парағы арқылы қаріп типін,мөлшерін және сызылымын таңдап алу керек.
Мәтін
астын сызу
WORD редакторы мәтіннің астын сызу тәсілдерінің 4 түрін ұсынады: тек сөздердің астын сызу, дара сызықпен, қоссызықпен және пунктир(үзік сызықмен) сызықпен астын сызу.
Мәтін
астын сызу «Қаріп» сұхбат терезесінде
жүргізіледі. Ол үшін асты сызылатын
мәтін фрагментін ерекшелеп, содан
кейін «Астын сызу» өріс жолының
батырмасын баса отырып, экранға шыққан
тізімдерге өзімізге қажетті түрін
таңдап аламыз.
Абзацтарды
форматтау
Кез келген редактордағы сияқты, WORD жүйесінде де абзац деп мәтіннің жаңа жолынан бастап, оның келесі Enter пернесін басу аралығымен шектелген бөлігін айтады. Абзацты жеке форматтауға болады.
Оны
форматтау кезінде мынадай
Шегініс – мәтіннің сол жақ шетінен абзацтың алғашқы жолының басына дейінгі аралық, жай мәтін жолындағы азат жол.
Абзацтың бірінші жолы шегініп оң жаққа ығысумен қатар, нөмірленген тізім элементтерін көңіл аударарлық ету үшін немесе библиографиялық әдебиеттер тізімін көрсету кезінде, нөмірлер жолдың сол жақ өрістің шетінен де асып жазыла береді. Бұл әрекет ФорматÞ Абзац арқылы орындалады.
Мәтінді туралау – әрекеттердің мақсатына байланысты 4 түрлі болады:
- Сол жақ шетке туралау – жай құжат мәтіндерін тергенде қолданылады;
- Оң жақ шетке туралау – колонтитулдарда, яғни бөлім тақырыптарын беттердің жоғарғы жағына тұрақты күйде жазу кезінде;
- Жол ортасына қарай туралау – тақырыптарды жазғанда;
- Екі шетіне жақ туралау – іс-қағаздарын, баспахана материалдарын даярлауға пайдаланады.
Табуляция – әрбір абзац алдында тұрақты азат жол даярлау үшін және мәтінді бірнеше бағана түрінде кестелеп жазғанда, сол бағаналарға жылдам өту үшін қолданылады.
Жол
арасындағы интервал – жолдардың ара
қашықтығын тағайындайды. Бұдан өзге абзац
алдында немесе соңында да қашықтығы тұрақты
етіп өзгертіп беру мүмкіндігі бар.
Абзацты
форматтау тәсілі
Жаңа
құжат дайындалған кезде шаблон
параметрі пайдаланылады. Олар жаңа
форматтау параметрлерін
Абзацты мәтін енгізілген соң немесе оған дейін де форматтай беруге болады. Енгізілген мәтінді форматтау үшін оны ерекшелеу керек. Тек бір абзацты жеке форматтау үшін, оның алдында курсорды сол абзац ішіне орналыстырса болғаны.
WORD
редакторы абзацты
- Формат Абзац командасы – бір ссұхбат терезесінде абзацты форматтаудың қажетті параметрлерін тағайындайды;
- Контекстік менюдегі Абзац командасы (тышқанның оң жақ пернесін басқанда) – жабылып алдынғы пунктегі команда әрекетін қайталайды;
- «Форматтау» аспаптар тақтасы – әр параметрді тағайындау, сәйкес батырма басу арқылы орындалады.Осындай бір әрекетпен бір ғана параметр тағайындалады. Егер сізге форматтаудың бір элементін өзгерту керек болса, бұл тәсіл басқа тәсілдерге қарағанда жылдам жүзеге асырылады;
- Көлденең белдеу – шегініс пен табуляция позициялары тағайындалған пайдаланылпды;
- Пернелік - «Форматтау» аспаптар тақтасы батырмалары секілді формат параметрлерін бірін жылдам өзгерте алады;
Формат
менюінің немесе контекстік
менюі Абзац командасы
Форматтаудың бірнеше
Мысалы, осы команданы «Шегіністер» мен «Интервалдар» деп аталатын парағы форматтың төмендегідей абзац параметрлері тағайындауға мүмкіндік береді:

- Mt Everest Essay Research Paper Bang
- Müasir Rusiya geosiyasi məktəbi
- Much A Do About Nothing Essay Research
- Muchadoaboutsomthing Essay Research Paper Sid PhilavanhHum 120Mr
- Much Symbolism Essay Research Paper Nature
- Muhammad Ali Essay Research Paper Muhammad AliCassius
- Muhammad Ali Essay Research Paper The greatest
- Ms Vs Doj Essay Research Paper I
- MS Word
- MS Word
- MS Word
- MS Word мәтіндік редакторы
- MS Word мәтіндік редакторы
- MS WORD мәтіндік редакторы