Нарық экономикасының бірінші элементі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М а з м ұ н ы :

 

 

І. Кіріспе бөлім................................................................................................. 3 - 4

ІІ. Негізгі бөлім.............................................................................................. 5 – 16

2.1. Нарықтың даму тарихы және теориясы................................................... 5 - 6

 

2.1.1. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы мен пайда болуы................ 7 - 8

2.2. Нарық экономикасының бірінші элементі.................................................... 9

2.2.1. Нарық экономикасының екінші элементі.................................................. 9

2.2.2. Нарық экономикасының үшінші  элементі.......................................... 9 - 10

2.2.3. Нарық экономикасының төртінші элементі............................................ 10

2.2.4. Нарық экономикасының бесінші элементі.............................................. 10

2.2.5.Нарықтың маңызды элементтері........................................................ 10 - 12

2.3. Нарықтық экономика субъектілерінің өзара әрекет ету үлгісі................. 13

2.4. Нарықтың түрлері.................................................................................. 14 - 15

ІІІ. Қорытынды........................................................................................... 16 - 19

ІҮ. Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі............................................................. 20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе бөлім

 

    Нарықтық экономика - рыноктық экономика , базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

    Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді, кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу – реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.

    Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   ІІ. Негізгі бөлім

 

2.1. Нарықтың даму тарихы және теориясы

 
    Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу

құралы,оның дамуының өзіндік бай тарихы бар нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:

 

  • Нарық элементтерінің пайда болуы,
  • Натуралдық айырбас кезеңі нарығы
  • Тауар баламасы кезеңі нарығы
  • Тауар емес балама кезеңі нарығы

    Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.

    Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т2 көрсетуге болады.Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды.Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы қалыптасады.Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

Үшінші кезеңдегі тауар тепе –теңдігі мына айырбас формуласы  бойынша Т1- Т2 , балама – Т2 .Әрбір  жергілікті нарыққа баламы тауардың бір түрі тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне  байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады.Бұл кезенде  «таза» өзінің иеленушісінің белгілі  бір заттық формасымен біртұтас болып  бірігіп кетеді,оған тауар қабығынсыз өмір суре алмайтын «шығындық» және «шығындық  емес» деп бөлінетін құрамалары байланады.Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алатын атқара бастайды.

Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1 –тауар емес балама- Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен құнның «таза» иеленушілері несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы - қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.

Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихилы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-1790) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» (1776ж) деген басты еңбегінде – жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзеткішінің» рөлін атқару қажет. Мемлекет «laisser faire» («мейлі өзімен өзі жүрсін») саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын «жаман әдеттеріне» мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А.Смит нарықты экономиканың өзін-өзі реттеу механизімін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолының» пайғамбарының пікірінше – жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.

Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XXғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін  бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы  сапалық және сандық өзгерістердің  динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі  монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік  меншіктгі ірі кәсіпорындар монополиясына  негізделген бұрынғы КСРОөның экономикасына  жатады.Нәтижесінде ,суранам мен  ұсыным сұрақтары әкімшілік өміршілік  тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне  бағдарланбаған өндіушілер нарығының  типы қалыптасты.

Қазіргі заманғы өркениетті елдерге  реттелмелі нарық тән болып отыр.Оны  тек қана еркін тауар өндірушілер  мен тұтынушылар еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен  бірге – өнім өндіруге мемлекеттік  тапсырыстарды орналастыру,шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары  арқылы әсер ету , белгілі бір тауар  түрлері мен топтарына мемлекеттік  баға белгілеу, нарық коньюктурасын  зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі  кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама  –ақпараттық жүйелерді құр арқылы реттеуде мемлекеттің шешуі рөлін  атап көрсету керек (ол туралы кітаптың келесі тауарларына кеңірек айтылады).

Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан  шығарудың баламасыз құралы деп  танылып отыр.

   2.1.1. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы мен пайда болуы

 

   Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық – феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму дәрежесі өте- мөте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар

Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты.Өндіріс құрал-жалдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болдыІрі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес , сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.

Жерге феодалдық меншіктің күшею  қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу  ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей  империясының өте-мөте қатал жүргізген  Қазақстанды отарлау саясаты  мықтап әсер етті.Мысалы,1914жылға дейін  қазақтардан 43 миллион десятина аса  құнарлы ,мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне  тартып алынған болатын.Осының нәтижесінде  қазақ ауылдарында жер үшін талас  –тартыс күшейді,меншіктік бөлінусі тереңдей түсті, қауымдық –рұлық қатынастар ыдырай бастады.Патша укіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың  жерді тартып алуы барған сайын ауқымды  бола түсті. Бұл процестер қазақ  халқында бұрын-соңғы болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелісуіне қатты  әсер етті.

Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың  белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне  жағдай жасады.Шындығында айырбас, сауда  қатынастары қазақ даласында  ерте кезде пайда болды.Айырбас  ісінде негізгі бұйым мал болды.Академик С.Бәйішевтің мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау,әсіресе XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған,оның едәуір бөлігі айырбас , шетке шығарып  өткізу үшін өндіріліп отырған.

Өздеріңізге белгілі, қазақтардың  күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды,егіншілікпен айналыспаған деген жалан тұжырым  жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді.Егіншілік  кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік , оңтустік-шығыс  аудандарда орналасқан болатын.Егіншілік  өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну ғана емес , басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған.Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды.Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпенкөшурудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан тырықшылық ұяларыбұзылды. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақовтың «Қазақстан және қазақтар »деген үлкен мақаласында мынадай деректер келтіріледі.XIX ғасырдың орта тұсында қазақтар арқылы орталау «Өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кең әсер етті» . Қазақтар алған байтақ жер бөліктері , көп ұзамай тақыр айналды , олар көп ретте жеке еңбекпен егін шаруашылығымен шұғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты.1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге еткен , бұл қырғыздардың бұрынғы егінінң 7 проценттейі («Россия ,» 7 том ,С-Петербург, 1913,321 бет).Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы шаруашылығы құлдырап кеткен.Осы бір ғана мысал не көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді.Оны Т . Әбіразақов көрсеткен мынадй мәліметтерде де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 % қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 5,4 миллион пұт астық жинап,оның 4 млн пұтын астам нарықтарында сатқан. Ал 1893жылдың өзінде ғана Ақтобе уезін қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісінен жарты есе артық болған. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндіріліп арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді қауыптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкім тарапынан қорғау ) нарық саясатын жүргізеді . Бұдан біз нарық экономиканың негізгі белгілерінің бірі-бәсеке күресі Қазақстанда болғанын көреміз.

Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де,өнеркәсіп те әсер Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқылды,терінен былған иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті,киіз бастыкілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін, ретінде де шығарылатын болды.

 

 

 

 

 

2.2. Нарық экономикасының бірінші элементі


    Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

2.2.1. Нарық экономикасының екінші элементі


    Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші элементі

2.2.2. Нарық экономикасының үшінші элементі


    Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.

  • Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.
  • Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.

Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Нарықтық экономиканың мақсаттары:

1. жұмыспен толық қамтылу 

2. экономикалық өсу 

3. бағаның тұрақтылығы 

4. экономикалық еркіндік 

5. теңдік.

6. тиімділк.

2.2.3. Нарық экономикасының төртінші элементі


    Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарлардытұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

2.2.4. Нарық экономикасының бесінші элементі


    Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

2.2.5. Нарықтың маңызды элементтері


    Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:

  • маржиналдық (шекті) талдауға;
  • балама тандау шығындарына;
  • экономикалық рационалдыққа.

    Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-кимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-тендік болмысын қамтамасыз етіп отырады.

    Балама таңдау шығандарының припциптері. Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар жөне ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты тандап алынады. Балама тандау шығындары принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

    Экономикалық, рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдык тандау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі — табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар — капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді.Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-тендік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді — бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.

    Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі жөне ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін құнмен байланыстырады. Олардын, айтуы бойынша сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бүл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТ ЕТУ ҮЛГІСІ:

 

 

 

 

 

                                    

 

 

                                      2.4. Нарықтың түрлері

 

    Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік береді. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:

  • тұтыну тауарларының нарықтары — азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы;
  • қызметтер нарығы — тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер:
  • түрғын үй және өндірістік емес ғимараттардын, нарығы.

 

    Өндіріс факторларының нарығы. Бұған жататындар:

  • жылжымайтын мүліктер нарығы;
  • енбек құралдарының;
  • шикізат пен материалдардың;
  • қуат ресурстарының;
  • пайдалы қазбалардың нарықтары.

 

    Қаржылар нарығы:

  • капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар;
  • несие нарықтары:
  • қүнды кағаз нарықтары — акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар, және фьючерстік контрактардың т.б.;
  • валюта-ақша нарықтары.

 

    Интеллектуалдық  өнімдер нарығы — инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық кызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.

 

    Жұмыс  күні нарығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы зандарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.

 

    Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

 

НАРЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ:

 

 

                                                       

 

 

                                                          III. Қорытынды 
   

    Нарық — бұл  демократиялық құрал , онда әрбір  тұтынушының дауыс қүқығы бар.  Мемлекеттік артықшылықтар, жеңілдіктер,  коррупция және тыйымдармен шектелмеген  нарық жүйесінде байлыққа жетудің  бірден бір жолы бар. Ол —  тұтынушылардың талап-мұқтаждарын  дер кезінде аңғарып, оларды  өтеу мақсатында тынбай еңбек  ету. Мәдениет нарықтық қоғамда  оның әрекеттік принциптерінен  тыс тұра алмайды, тіпті мәдениеттің  өзі тауарға айналып кетуі  мүмкін. Құндылықтың нарықтық ұғымы,  айырбас құндылығының тұтынушы  құндылықтан жоғары болуы, құндылықтың  осыған ұқсас адамға қатысты,  айталық адамның өзін өзі бағалауына  байланысты ұғымының пайда болуына  әкеліп соқты. Өзін өзі тауар,  ал өзіндік құндылық айырбасқа  қатысты есептейтін мінез-құлық  бағдарын нарықтық адам бағдары  деп сараптайды. Соңғы жылдары  «тұлғалық базар» деп аталатын  әлеуметтік құбылыс қалыптасқан.  Ондағы бағалау жүйесі мен  принциптері тауар базарымен  бірдей: біріншісінде сатылуға тұлғалар  ұсынылады, екіншісінде — тауарлар, табыс негізінен, адам өзін-өзі  базарда сата білгеніне байланысты; қаншама оның сыртқы түрі жарасымды,  қаншама ол тартымды? Белсенді? Керек  адамдармен байланысқа түсе ала  ма? Отбасылық жағдайы қалай? Қолынан  не келеді, қаражаты қалай? Адам  өзінің беделі мен құндылығынан  гөрі, өтімді тауар болғанды көбірек  қалайды. Элиталық тауар сияқты, адам модалы болуы керек, ал  осылай болу үшін, тұлғалар бәсекесі  қажет. Осы тұстан жарнама,  бұқаралық ақпарат құралдары,  неше түрлі «имидж» қалыптастырушылар  іске кірісіп кетеді. Нарықтың  бағасын ойлайтын адам өзін  әрі сатушы, әрі тұтынушы ретінде  қарастырады және оның көңіл-күйі  тұлғаның өзінен гөрі, оған бағынбайтын  сыртқы жағдайларға көбірек тәуелді  болып шығады. Егер ол табыстан  табысқа жетсе, онда құнды,  ал сәтсіздіктерге жиі ұшыраса  — құндылығынан айырылған. Ол  өзінің ішкі мәнді күштерімен  тұтас әрі үйлесімді емес, себебі  ол үшін өзін өзі жүзеге  асырудан гөрі, нарық базарында  табысты сатылғаны мәнді. Осында  ділдік тип қазіргі мәдени  ет жүйесіне де үлкен ықпалын  тигізеді. Мәдениет бұл жағдайда  шығармашылық пен жасампаздықтан, нарық мүдделеріне сай мол  ақпарат жинақтауға көбірек бағытталады.  Мәдени қайраткерлер өз туындыларының  құндылығына қарағанда, олардың  нарықтағы бағасына көп көңіл  бөледі, басқаны ойлауға оның  мұршасы да жоқ. Нарықтық бағдарды  мәдени жасампаздықтан бөліп  қарастыру салыстырмалы түрде  жүргізіледі. Нарықтық бағдарға  сынның абсолюттік мораль тұрғысынан  берілетіндігін есте тұту керек.  Нарықтық бағдар шынайы адамдық  құндылықтарға әкелуі үшін, нарықтық  қатынастар субъектілері белгілі  бір қылық ережелерін сақтауға міндетті. Тек гуманистік, этикалық ережелерді бұлжытпай орындау нарықты қазіргі әлем мәдениетімен үйлесімді қоса біледі. Адамдық ынтымақтастықтың спонтандық тәртібі қалыптасқан жерде өз әрекеттерін жалпы мәдениеттілікке бағыттаған әлеуметтік топтардың нарықтық табыстары адамзаттық жоғары әдеп жүйесін нығайтады. Бұл процесс тура бағытты болып келмейді және адамдық топтар өз әрекеттерінде тек ылғи рационалды есепшілдікті басшылыққа ала бермей, көп жағдайларда жіберілген қателіктерінен сабақ алу арқылы коррекцияларға (түзетулерге) барып отырады және бұл түзетулер бәсекелік қалпында өтеді. Түбінде ынтымақтастық деңгейі жоғары топтар тарихта үтып отырады. Ф. Хайектің жазғанындай, «іс-әрекеттер ережелерінің эволюциясы ылғи даңғыл жолмен жүріп отырмады, өйткені қалыптасып қалған дәстүрлі көзқарастар эгоизмді қорғаштап, өзінікін дұрыс және әділетті деп есептеп келеді». Егер өркениет мәдениеттің арнаулы емес өзгерістерінің нәтижесінде біртіндеп қалыптасты десек, онда өркениетте моральды критерийлердің болмауы нарықты оның коррупциялық және криминалдық түріне айналдырады деген пайымдаудың көп негізі бар. Әрине, бүкіл тұлғалар нарығы мен өмірді қастерлеуге негізделген жоғары ізгілік этикасының арасында белгілі бір алшақтық бар. Алайда мынадай сұрақ туады: қандай моральға нарықтық бағдар сәйкес келмейді? Әрине, жоғары адамгершілік құндылықтары бүкіл моральдың мазмұнын тауыспайды. Мұрат — нормадан басқа күнделікті мақсаттарға сай нормаларда жеткілікті. Сонымен, нарықтық бағдар қандай моральды күнделікті өмірде негізге алады? Оны жеке мүдделерді үйлесімді ететін әлеуметтік әріптестік әдебі деп атауға болады және оның басты құндылықтарына әділеттілік (жеке басының жетістіктері бойынша), теңдік (құқық), тұлға дербестілігі және адам абыройлығы жатады. Тұлға орталықтық көзқарас маңызды болғанымен қоғам байлықтың бір қолда жинақталып, басқалардың кедейленуін және пауперлендіруін қолдамауы керек. Әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықтың терендеуіне әртүрлі әлеуметтік әрекеттер қарсы бағытталуы тиіс. Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық және мәдени реттеу функциялары артып келеді. Осыдан келіп қоғамдағы әділетсіздік пен теңсіздіктің жалғыз кінәлісі деп нарықты айта беруге жөн жоқ. С. Темірбековтың атап өткеніндей, дәстүрлі тарихи дамудың жемісі ретіндегі ұлттық мәдениеттің басты құндылықтарын таза нарықтық бағамен өлшеуге келмейді. Сол себепті шектеусіз нарықтық қатынастар жағдайында ұлттық құндылықтардың кейбіреулері нарыққа икемделе алмай, қолданыстан шығып, мұражайлық, этнографиялық құндылықтарға айналып кетеді. Нарықтық либералдану дәстүрлі құндылықтарды, нормаларды, институттарды, әлеуметтік-қызметтік стереотиптерді, өткен ұрпақтардың тәжірибесін өмірлік табыстарға жетудің стратегиясы ретінде жарамсыз және адекватты емес қылып, бұрын-соңғы болмаған қысымға алды. Осының нәтижесінде бұқаралық, азаматтық, әдептік және ұлттық өзіндік сананың деформацияға ұшыраған құрылымдары пайда бодцы. Оларда дәстүрлі құндылық-мағыналық иерархиялар мен басымдылықтар қиратылып не маргиналданып, қазіргі өмір ырғақтарына сай рухани-адамгершілік ұстанымдар әлі қалыптаса алмады. Осы жағдайларда дәстүрлі ұлттық құндылықтар арзандатылып және ескі раритеттер түрінде қалды, ал оларға иек артатын тұлғалар экономикалық прагматизмнің либералдық демократиялық принциптерін қабылдай алмады және өздерінің күнделікті әрекеттерінде бойкүйездік, селқостыққа немесе агрессияшыл тынымсыз девияцияға бұрыла бастады, кейбір тұлғалар ескі әлемнің құндылықтарының ауысуын бүкіл адамдық ынтымақтастық, руханилық жоғалуы деп жариялады. Нарықтық қатынастарға тежеусіз ерік бере отырып, мемлекет те өз әрекетінде осы стихияның ықпалында кетеді. Ол болашаққа бағытталған бағдарларды күнделікті өмір талаптарына құрбан ете салады. Болашақты бағдарламау адамның өзіне теріс әсерін тигізеді. Мысалы, «адамдық капиталды» инвестицияландыру мәселесін алайық. Қазақстан сияқты ТМД елдерінде стихиялық нарық табысты кейінірек түсіретін ғылым, білім, мөдениет салаларын қаржыландыру қиындықтарын туғызды. Тікелей пайда әкелмейтін бұл салалар құлдырай бастады. Мысалы, орта білімді қаржыландырудың пайдасын он жылдан артық күту қажет. Бірақ білімсіз халықтың болашағы солғын. Сол себепті таза прагматикалық ұстанымды шектеп, болашақты да ойлаған жөн. Мемлекеттің азаматтық қоғам салаларынан мүлдем кетуі, стихиялық нарық жағдайыңда мәдени еттің, ғылымның, білімнің толық коммерциализациясына әкеледі. ТМД елдеріндегі нарықтық экономика мен жеке меншіктік қатынастарға өтуінің кейбір тәсілдерін В. Эрн ұсынған «катастрофалық прогресс» терминімен де атауға болады. Нарықтық экономика тетіктерінің еркін қалыптасу принциптерін ұлттық игілікті бүрын болып көрмеген тойымсыз және тоқтаусыз талан-таражға салумен жиі алмастыру да ТМД елдерінің кейбір көріністеріне жатады. Осындай «тәжірибеге» талдау бере келе, белгілі бір сарапшылар мен ғалымдар классикалық либерализмнің нарықтық экономика, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет идеяларының ішкі қиындылығына күмән келтіре бастады: «Адам құқықтарын, демократия мен еркін нарықты бір-бірімен байланыстыру концептуалдық немесе эмпирикалық пайымдаудан гөрі құндылық пікіріне жақын… Нарыққа өту мен демократиялық биліктің арасында ішкі байланыс жоқ. Осындай байланыстың мүлдем болмауы да мүмкін».

     Нарықтың мәдени негіздерін сынау тек белгілі бір шекке дейін ақылға сыйымды. Одан тыс болса, ол адамзаттың артқа қалдырған кезеңдерін қайтадан қалпына келтіруді көздеуі мүмкін. Оның ішінде кертартпа үлгілерді мұратқа айналдыру қоғамға зиянын тигізбей қоймайды. Тағы бір ескеретін жай: адамзат заман талабына сай осы мәселе бойынша жауап таба білді. Қазіргі постиндустриялық өркениет үшін мәдени шынайы гумандық бастауларын жаңғырта алды. Дамыған елдерде мәдениет өзінің тартымдылығымен, көпфункционалдығымен, адамгершілігімен, ыңғайлығымен және оптималдығымен көзге түседі. Бизнестің әр түрлі құрылымдары мен филантропиялық ұжымдар мен тұлғалар жоғары мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әрекеттерге барады, фирмалар мен корпорациялар қызметкерлерінің мәдени деңгейі артып келеді, мұның өзі нарықтық субъектілердің табысын көбейтеді, мәдениетті қолдау қоғамның рухани байлығын молайтады және әлеуметтік қақтығыстардың алдын алады, іскерлік және әлеуметтік белсенділікті жоғары деңгейге көтереді, осының бәрі қуатты мәдениет индустриясын қалыптастыруға мүмкіндік береді, Қазақстан жағдайында да осындай өркениеттілік бағдарларына бетбұрыс жасау қажеттігі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 Қазақ Энциклопедиясы»Қазақ Энциклопедиясы», 6 том

 Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8

Экономикалық теория. Лекциялар  курсы. (Оқу құралы). - Алматы:«Эверо» 2009. – 516 бет.

 


Нарық экономикасының бірінші элементі