Нарықтық экономика жағдайындағы факторингтік операцияларды ұйымдастырудың негізі және экономикалық мазмұны
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Нарықтық экономика жағдайындағы факторингтік операцияларды ұйымдастырудың негізі және экономикалық мазмұны.
Орындаған: Турганбаева Айдана У и А 10к1
Тексерген: Ахметов А.
Алматы 2012 ж
Жоспар:
Кіріспе
Дүниежүзілік қаржы рыногында факторинг қаржы индустриясының қуатты дербес саласы
I Жалпы бөлім
1.1. «Факторинг» жалпы түсінігі
1.2. Факторинг операцияларының
II Негізгі бөлім
2.1.Нарықтық экономика жағдайындағы факторингтік операциялар
2.2.Қазақстандағы факторингтік операциялар
III Қорытынды
Факторинг пен факторингтік операцияларды дамыту әсіресе арнайы факторинг компанияларын мемлекеттік реттеу және құру тұрғысынан өте тиімді.
Пайдаланған әдебиеттер
Қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Қазіргі кездегі шетелдік және отандық банктік тәжірибеде жиі қолданылып жүрген несиенің түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тұтыну, лизинг, ипотекалық, ломбардтық, вексельдік, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік және т.б. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған.
Дүниежүзілік қаржы рыногында факторинг қаржы индустриясының қуатты дербес саласына айналды. Оны әр алуан қызмет саласындағы, сатып алушыларға тауарлық несие, яғни төлемді кейінге қалдыруды ұсынатын жүз мыңдаған компаниялар пайдаланады. Осыған байланысты соңғы жылдары «факторингті» нақты анықтау, оны несиелік немесе таза қаржылық операцияларға, факторингтік операциялардың нақты қатысушыларын анықтау және т.б. жатқызу мәселесі бойынша көптеген даулы сәттер жиі пайда болып жүр.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрі дамыту, оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін арттыру жаңа қаржылық құралдар мен операцияларды енгізуді көздейді, олардың қатарында маңызды орын алатын факторингті айта кету керек.
Әлемдік тәжірибеде өндірістің
және нарықтық қарым-қатынастардың
даму үдерісінде факторингтік қызмет
көрсетудің белгілі бір түрлері
бөлініп шықты. Көптеген мамандар факторингті
талап құқығын сатып алумен ғана
шектейді, бұл осы қаржылық операциялардың
көптүрлілік шеңберін тарылтады. Ю.
А. Бабичевтің анықтамасына жүгінсек,
ол тауарлар мен қызметтерді коммерциялық
несие жағдайында сату үдерісінде контрагенттердің
арасында пайда болатын қарыз
талаптарын (шот-фактураларды немесе вексельдерді)
жеткізушінің бухгалтерлік, ақпараттық,
өткізу, сақтандыру, заң және басқа
қызмет көрсету элементтерімен бірге
факторинг компаниясының
Факторинг – шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін ерекше пайдалы қаржыландыру формасы, ол кәсіпорындар басшылары мен қызметкерлерінің өндірістік проблемаларға және пайданы арттыруға баса көңіл бөлулеріне мүмкіндік береді, төлемдердің басым бөлігін алуды жеделдетеді, қарыздың толық өтелуіне кепілдік береді және есептерді жүргізу шығындарын азайтады. Факторинг төлемге кепілдік береді және жеткізушілерді банктен қосымша және едәуір қымбат тұратын несие алу қажеттілігінен құтқарады. Мұның барлығы кәсіпорынның қаржы жағдайына оң ықпал етеді.
Қазіргі жағдайда қаржы рыногында факторингтік операциялардың жеткілікті дәрежеде әр алуан түрі пайда болуда, оларды таңдау отандық қаржы рыногының ұлттық белгілеріне және қаржылық қызметтер көрсетудің шарттарына байланысты деген қорытынды жасауға болады. Осыған орай халықаралық тәжірибені ескере отырып, факторингтік операциялар түрлерін жүйелеп және жіктеу қажеттілігі туындады.
Негізінен, Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.
Қазақстанда факторингтің қаржы тәуекелдерін басқару, факторингтік операцияларды реттеу, факторингтік операцияларды жүргізудің дұрыс және уақтылы процедуралары жүзеге асырылатын жеткілікті дәрежеде орнықты рыногының әзірше қалыптаса қоймағанын ескерсек, осы үдерістердің барлығын жүйелі түрде зерттеу барынша өзекті болып табылады.
Факторинг операциялары.
Факторинг АҚШ-та шамамен 1890 жылы пайда болды. Экономикалық тұрғыда бұл борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі.
Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.
Мұндай мәміленің нәтижесінде банк өз клиентінің талабын қайта қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар төлемеу ықтималы тәуекелін өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын алады. Факторингпен айналысатын адам фактор деп аталады. Ақысы төленетін (төлеу сатып алушының ақшасын алуына қарай жүргізіледі) факторинг және төленетін және қаржыландырылатын (соманың 90 пайызын бір уақытта төлеу тауарды өндіруші жеткізгеннен кейін және келесі ақы төлеу – барлық ақша алынғаннан кейін жүргізіледі) факторинг деп бөлінеді. Соңғы түрі қымбаттау, себебі үлкен тәуекелділік бар. Бірақ борышкерді таңдау құқығы факторға: банк немесе сауда үйіне қалдырылады. Ұлыбританияда факторинг нарығының 60 пайызынан артығы факторинг фирмалары арқылы жұмыс істейтін коммерциялық банктерге жатады.
«Факторинг» термині ағылшын тілінен
алынған – делдал, агент. Факторинг
– коммерциялық банктер (олардың
еншілес фактор - фирмалары) ұсақ және
орта фирмаларға – олардың клиенттерге
көрсететін қаржылық қызметтердің түрі.
Факторинг мәні фактор – фирма
немесе банктің клиенттен берешектерін
өндіртіп алу құқына ие болуы және
өз клиенттерінің борышкерлеріне талапты
жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің
төлейтін мерзімі басталғанға дейін
берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы.
Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген
соң борышкер өз берешегін өтегеннен
кейін клиенттерге қайтарылады.
Нәтижесінде клиент берешектерін жылдам
қайтару мүмкіншілігіне ие болады,
бұл үшін фактор – фирмаға немесе
банкке белгілі бір сыйақы төлейді.
Факторинг жүзеге асырылғанда клиент
борышкерден берешектерді алу құқығын
фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады.
Факторинг сауда операциялары сияқты
пайда болды, одан кейін несие
беру нысанасы ие болған. Банктердің факторинг
операциялары мыналар: ішкі операциялары,
мұнда жабдықтаушы және клиент (сатып
алу, сату шарты бойынша тараптар),
сонымен қатар факторинг
Қазақстандық қаржы-банк жүйесі және несиелік, банктік операцияларды реттейтін және бақылайтын қаржы органдары үшін факторингтің және факторингтік операциялардың сәйкес түрлерін таңдау бойынша позицияларын қайта қарау қажеттілігі туды, ол үшін факторингтік компаниялар құру өте маңызды.
Нарықтық экономикасы және қаржылық инфрақұрылымы дамыған елдерде факторинг компаниялары немесе осындай қызметпен айналысатын коммерциялық банктер өз клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетулердің алуан түрлі жиынтығын ұсынады және мұны клиенттердің өз ақшалай талаптарын беруі ретінде қарастырады. Факторинг мынадай негізгі қызметтерге ие:
– сәйкес бухгалтерлік операцияларды жүргізу
– ұсынылған коммерциялық несиені, төлемдерді алуды қосқанда, қадағалау
– несие тәуекелдерінен қорғау
– клиенттің ағымдағы жұмысын қаржыландыру.
ЕО елдеріндегі факторинг және факторингтік операциялардың даму тәжірибесі, атап айтсақ Германия мен Ұлыбританияның факторинг және факторингтік операциялардың даму тәжірибесі қазақстандық факторингтік рыногына, әсіресе мемлекеттік реттеу және арнайы факторингтік компанияларын құру тұрғысынан алғанда, толығымен сай келеді. Мысалы, Қазақстан үшін мемлекеттік факторингтік реттеудің Австрия, Франция, Греция, Италия, Испания елдерінде қолданатын нұсқалары мүмкін болады және спецификалық ерекшелікке ие. Бұл елдерде факторинг тікелей арнайы заң көмегімен, мемлекетпен немесе банктік заңнама шегінде реттеліп отырады.
Сонымен қатар, келесі қаржылық өнімдердің, атап айтқанда реверсивтік факторингтің, интернет шешім және Қазақстан банктеріндегі электронды факторингтің, факторингтік қызметті белсенді жүзеге асыруда өсу потенциалы өте жоғары.
Қазіргі кезде қазақстандық
банктік тәжірибеде факторинг қалыпты
дебиторлық қарызды емес, тек мерзімі
өтіп кеткен қарызды ғана бір реттік
беру, төлеушіге төлем несиесі
деп аталатынның баламасын
Қазақстанда факторингті ұйымдастырудың өзіндік спецификалық сызбасы бар.
Әдетте, факторингтік операцияларға
үш тарап қатысады: банктің факторинг
бөлімі - өз клиенттерінен шот-фактураларды
сатып алатын мамандандырылған мекеме;
клиент (тауарды жеткізуші, кредитор)
– факторинг компаниясымен
Коммерциялық банктің
факторинг бөлімі мен жеткізушінің
операциялар жүргізу бойынша
өзара қарым-қатынастары
Біздің республикамызда факторингтің жеткілікті дәрежеде дамымауының салдарынан екінші деңгейлі көптеген банктерде осы операциялардың жоқтығы байқалады. Нарықты экономикалы елдерде факторингтік операциялармен, әдетте, банктермен тығыз байланыстағы арнайы факторинг компаниялары айналысады. Экономикасы дамыған елдерде факторинг қаржы индустриясының өз алдына дербес үлкен саласына айналды. Осылайша, факторинг компанияларын құру бүгінгі жағдайда көкейтесті мәселе болып табылады. Бұл компанияның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасындағы факторингтің дамуына кәсіпорындардың ақша талаптарын белгілі бір шарттармен сатып алу арқылы ықпал ету болып табылады. Ал мақсаты – Қазақстан Республикасындағы факторингті жүзеге асыру процедураларын стандарттандыру және бірегейлендіру (жүйелеу). Бұл факторинг компаниясы дебиторлық қарыздарды сатып алумен қатар, төлемді кейінге қалдырумен байланысты тәуекелдерді сақтандыруды, дебиторлық қарызды басқаруды және ақпараттық-талдау қызметін көрсетуді жүзеге асырар еді.
Факторинг – бұл экономиканың
нақты секторын қолдау мен дамытуға
бағытталған банк өнімдерінің бірі.
Факторинг Қазақстанның банк қызметтері
рыногында алғашқы қадамдарын жасап
жатқанына қарамастан, банкпен факторингтік
қызмет көрсету бойынша
Сонымен бірге Қазақстандағы факторингтің келешегін қалыпты оптимистік тұрғыдан бағалауға болады. Бұған, бірінші кезекте, факторингтік жұмыстарды табысты жүзеге асырып жатқан қазақстандық банктер қатарының өсуі дәлел бола алады.
Факторингтік операциялардың несиелік операциялармен ұқсастығын растайды.
Қаржылық тәуекелдер әр алуан құралдар мен тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржылық тәуекелдерді шешу құралдары олардан аулақ болу, ұстау, беру, дәрежесін төмендету болып табылады. Тәуекелден аулақ болу тәуекелмен байланысты іс-шарадан бас тартуды білдіреді. Дегенмен инвестор үшін тәуекелден аулақ болу көбінесе пайдадан бас тартуды білдіреді.Сонымен қатар факторингтік және несиелік операцияларды салыстыруға да әрекет жасалды
Факторингтік және несиелік операцияларды салыстыру
Несие |
Факторинг |
Несиені қарыз алушы банкке қайтарады |
Факторингтік қаржыландыру клиенттің дебиторлары төлеген ақшадан өтеледі. |
Несие бекітілген мерзімге беріледі |
Факторингтік қаржыландыру төлемді кейінге қалдырудың нақты мерзіміне төленеді |
Несие несиелік келісімде көзделген күні төленеді |
Факторингтік қаржыландыру тауар жеткізілген күні төленеді |
Несие, әдетте, кепілзатқа беріледі |
Факторингтік қаржыландыру үшін ешқандай да кепіл қажет етілмейді |
Несие алдын ала келісілген сомаға беріледі |
Факторингтік қаржыландырудың |
Несие алдын ала келісілген күні өтеледі |
Факторингтік қаржыландыру дебитор жеткізілген тауарды төлеген күні өтеледі |
Несие алу үшін көптеген құжаттарды рәсімдеу керек |
Факторингтік қаржыландыру жөнелтпе
құжат пен шот-фактура |
Несиені өтеу жаңасын алуға кепіл бола алмайды |
Факторингтік қаржыландыру мерзімсіз жалғаса береді |
Банктік несие бойынша пайыздарды төлеу шығындары мемлекеттің Орталық Банкінің есептік қойлымдары + 3% шегіндегі өзіндік құнға жатқызылады |
Факторингтік комиссияны төлеу шығындары
толығымен өзіндік құнға |
Несиелеу кезінде, ақшаны аударудан басқа, банк қарыз алушыға ешқандай да қызмет көрсетпейді |
Факторингтік қаржыландыру дебиторлық қарызды басқарумен қатар жүреді (1-бағанды қараңыз) |
Қазақстанда факторинг операцияларымен банктер, шарттық және ақылы негізде тауарлар және қызмет көрсету үшін есеп-қисаптарды тезірек аяқтаумен байланысты несие-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырып, 1988-1989 жылдары айналыса бастады. КСРО Мемлекеттік банкінің келді 1989 жылғы 12 желтоқсандағы «Жабдықтаушылардың банкке жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлем талаптары бойынша төлем алуға құқықты беру бойынша операцияларды жүзеге асырудың тәртібі туралы» нұсқаулық хаты құқықтық негіз болады. Факторинг үшін ақы төлеу сатып алушыға қатысты құжаттар картотекаға енгізілсе төлемдер кезінде жасалмайтын кездері несие қаражатының сомасымен және оларды пайдалану мерзімдерімен және тұрақсыздық айыппұлмен анықталады. Факторинг ерекшелігі сол: ол тек қана мәміленің негізінде іске асады; қаржыландыру талап құқығымен; мәміленің ақылы болуы; ақшалай және кәсіпкерлік сипаты ғана бар және болашақта талап құқығы мүмкіншілігі болады. Сондықтан факторинг міндеттемелердің дербес түрі болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 30 бабына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар кезде банктердің факторинг операцияларын жүзеге асыруға: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болуға құқылы екенін көздейді.
Қазіргі таңда ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 729-738 баптарымен реттеледі. Факторинг бойынша қаржы агенті ақшаны клиент билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен (борышкермен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді не борышкерге ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында беруі мүмкін. Бұл ретте факторинг шарты бойынша қаржы агентінің міндеттемелері клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізуді және берудің нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкін.
Бұл ретте факторинг операциялары банк операциялары болып табылмайды, бірақ олар халықаралық саудада кең қолданылады. Халықаралық қатынастарда банктер 1988 жылы «Халықаралық факторинг туралы» Оттава УНИДРУА конвенциясын басшылыққа алады.
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру
азаматтық-құқықтық міндеттеменің
жаңа түрі, оның құқықтық реттелуі Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Коммерциялық кәсіпорындардың мамандандырылған банк ұйымдарын несиесіне негізделген ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты сауда несиесін өзгертеді.
Ақша қаражатының
Факторинг қаржы нарығының пайдалы
құралы болып табылады және несие
тәуекелдерін сақтандырудың дамығандығын
және дебиторлық берешек әкімшілігін
жүргізуді болжайды. Осы талаптарда
осы қызметтегі банктер үшін клиенттерді
және пайданы көбейтуге және тәуелдікті
азайтуға мүмкіндік беретін
Факторинг операцияларының түрлері
Факторинг қызметінің мақсаты – төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.
Факторинг операцияларына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания - өздерінің
клиенттерінен шот-фактураны
2. Клиент (тауарларды жабдықтаушы,
несие беруші) – факторинг компаниялармен
келісім-шарт жасасушы
3. Кәспорын (қарыз алушы) – тауарларды сатып алушы фирма.
Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді.
Факторинг операцияларының жүзеге
асырылу негізінде факторинг
туралы келісім-шарт жатады. Онда факторинг
операцияларының мынадай жасалу
шарттары көзделеді: төлем талабының
мәліметтері факторинг
Факторингтің 2 түрі болады:
- Ауқымды (конвенционды);
- Шектеулі (конфиденциалды).
Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп жабдықтаулар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетушіліктің әмбебап жүйесін сипаттайды.
Соңғы жылдары шектеулі факторинг
те біршама дамып келеді. Шектеулі
факторинг бірнеше
Факторинг операциясы бүгінгі таңда
отындық ақша нарығында дами алмай
отыр. Факторингті енгізу сынағы негізінен
1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен
жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық
банктер факторинг
Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж халықаралық факторинг туралы кез келген келісім-шарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:
1. Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
2. Төлем талаптарына жататын
жабдықтаушының шоттарын
3. Борышқорлардан ақшалай
4. Жабдықтаушыларды олардың
Факторинг операциялары банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуы тиіс.
Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
- Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттері бойынша;
- Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
- Банктердің несиеден алынып тастаған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
- Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттемелері бойынша;
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады.
Қазіргі күні отандық кәсіпорындарға қаржылық қызмет көрсету нарығында көңіл аударарлық жаңа тиімді қаржы құралы факторинг кеңінен таралуда. Факторинг өзінің кәсіпорынның қызметін дамытатын құрал ретінде танылып, қазір Қазақстанда да көптеген екінші деңгейдегі банктер онымен жұмыс жасап, факторингтік қызмет көрсетуде, сонымен бірге олармен бірқатарда фактор-компаниялар да пайда бола бастады.
Факторингтік операцияларды қолданудың нәтижесінде кәспорындар өз қызметін үздіксіз жүргізе алады, яғни ол мынаны білдіреді: көптеген кәсіпорындар өз қызметінің барысында кейде қаражат тапшылығына кезігеді, әрине айналымда қаржы жетіспеушілігі, тұтынушылардың өз қарыздарын дер кезінде өтемеуі деген сияқты мәмелелер болады. Бұл мәмелелерді шешу үшін кәсіпорын банктік несиеден бұрын осы факторингті қолданғаны өте тиімді. Факторингтің қай жағынан тиімді екенін түсінуіміз үшін алдымен оңай пайда болуы мен дамуына, жұмыс істеу механизміне сипаттама берейік.
Алғашқыда факторинг 16-17 ғ.ғ, пайда болған, оны саудагерлер өз тәжірибесіне алғаш енгізілген. Соңына қарай онымен сауда банктері айналыса бастаған. Басында олар тауар өндірушілерге өз тауарларын өткізуге, сатуға ықпал жасап отырған, содан соң олар тауарды өндіруші кәсіпорындардың жіберген тауарлары үшін ақшасын төлеп, тауарлы несие беруге көшкен, әрі қарай кейбір сауда делдалдары өз саудасын тастап, өз клиенттерімен қаржылық қарым-қатынасқа көшкен, яғни тауарды өндірушілерден шот-фактураларды сатып алып, ондағы қарыздық міндеттемені талап ету құқығына ие болды. Міне осылай факторингтік компаниялар пайда болған. Бірақ алғашында оларды тек қана банктік несиені алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қолданған. Ал қазіргі банктік қызметтің деңгейінің жоғары дамуы, сонымен қатар арнайы мамандандырылған несие мекемелерінің пайда болуы клиенттерге жоғары деңгейдегі, жан-жақты қаржылық қызмет көрсетуді дамытып отыр.
Қазақстанда факторингті пайдаланудың объективті негіздері:
- Айналым капиталының жетіспеуі
- Төлемсіздік
- Несиелеудің жоғары тәуекелділігі
- Аналитикалық жұмысты жетілдіру қажеттілігі
- Қаржылық менеджментті жетілдіру мәмелелері
- Қаржыны жоспарлауды жетілдіру қажеттілігі
Қорытынды
Қазақстандық факторинг рыногының дамуы негізгі екі фактордың жұмысымен байланысты – біріншіден, қаржы рыногының жағдайымен және тәуекелдерді басқарудың барынша қажеттілігімен, екіншіден, факторинг рыногында жаңа қаржылық қызметтердің және құралдар мен жаңа технологиялардың енгізілуімен. Қазақстандық факторинг рыногы қазіргі таңда ұлттық қаржы жүйелерінің дүниежүзілік қаржы рыногына интеграциялану үдерісіндегі ролін одан әрі күшейту үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынатын бастапқы сатыда тұр.
Қазақстандық факторинг
рыногының қалыптасуы мен дамуын
факторингтік операциялар жүргізудің
дүние жүзілік тәжірибесін
«Факторинг» және «факторингтік
операциялар» ұғымдарының қолданыстағы
анықтамаларына теориялық шолу жасау
біздің төмендегідей өзіндік анықтама
қалыптастыруымызға мүмкіндік берді:
факторинг – бұл қаржыландыру
мен несиелеудің қазіргі
Қазіргі жағдайда қаржы рыногында факторингтік операциялардың түрлерінің жеткілікті дәрежеде әр алуандығы байқалады. Оны таңдау отандық қаржы рыногының ұлттық белгілеріне және қаржылық қызметтер көрсетудің шарттарына байланысты. Мұның барлығы факторингтік операциялардың түрлерін халықаралық тәжірибені ескере отырып жүйелеуді және жіктеуді талап етеді.
Факторинг компанияларының қаржы ағымын реттеу үдерісіндегі жұмыстарының айқындалған экономикалық ерекшеліктері қазақстандық қаржы рыногында арнайы факторинг компанияларын қалыптастыру мен дамыту қажеттігін тағы да дәлелдейді.
ЕО елдеріндегі факторинг
пен факторингтік операцияларды
дамыту тәжірибесі қазақстандық факторинг
рыногы үшін де, әсіресе арнайы факторинг
компанияларын мемлекеттік
Қазақстандық факторинг рыногының сатылық дамуын кешенді талдау оны одан әрі табысты дамыту үшін ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді. Біріншіден, факторингтік операциялардың стратегиясын және клиенттерді таңдаудың ақылға сыйымды критерийлерін әзірлеу қажет. Екіншіден, факторингтің дамуымен байланысты жағдайлардың көкейтестілігі Қазақстанның қазіргі таңда шетелден үлкен көлемде қарыз алуды қажет етпейтіндігінде болып отыр. Отандық қаржы рыногындағы ресурстардың шектен тыс артықтығы қарыз алу саясатын сыртқы рыноктан ішкі рынокқа қайта бағдарлау қажеттігін талап етеді.
Факторингті енгізу жөніндегі маңызды кедергілерді жою Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріне факторингтік қызмет көрсетудің әр алуан нұсқаларын төлемдерді ұйымдастыру кезіндегі қаржы тәуекелдерін жоюды және төмендетуді жақсарту жүйесі ретінде пайдалану мүмкіндігін береді. Тәжірибелік дағды жинақтауларына қарай банктердің факторинг бөлімдері немесе факторинг компаниялары өз клиенттеріне қызметтердің кең спектрін ұсына алады: толық бухгалтерлік қызмет көрсету, заңи кеңес беру, сақтандыру қызметін, ақпараттық қамсыздандыру, транспортық және жарнамалық қызметтер көрсету.

- Нарықтық экономика жағдайында қаржы қатынастардың дамуы
- Нарықтық экономика жағдайында қаржы қатынастарының дамуы
- Нарықтық экономика құрудың алғашқы қадамдары
- Нарықтық экономиканың мемлекеттік меншіктің ролі мен маңызы
- Нарықтық экономиканы реттеу жүйесіндегі мемлекеттік бюджеттің маңызы
- Нарықты мемлекеттік реттеу
- Нарықтың мәні мен түрлері
- Нарықтық экономикаға
- Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорын ішінде
- Нарықтық экономикадағы ақшаның ролі
- Нарықтық экономикадағы бухгалтерлік есептің концепциялары
- Нарықтық экономика жағдайларында кәсіпорынның табыстық қызметі
- Нарықтық экономика жағдайындағы маркетингтің дамуы
- Нарықтық экономика жағдайындағы сақтық қатынастары.Жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруды ұйымдастыру.