Нарықтық экономикаға

  Нарықтық экономикаға көшуге байланысты ірі шаруашылықтардың ұсақталып, кіші фермерлік шаруашылықтардың пайда болуы , арнайы агрономдық білімі бар мамандардың жетіспеуі, керекті техникаға қол жеткізе алмау өсімдік қорғау саласындағы жұмыстардың сапасын күрт төмендетіп жіберді. Егістікте фитосанитарлық жағдай нашарлады, егін өнімі зиянды ағзалардың әсерінен тоқырап қалды. Әсіресе, жеке ұсақ фермерлердің егістерін арамшөптер басты.

  Қазақстанда агроценоз саласында  бес жүзге жуық арамшөптердің  түрі бар. Олардың ішінде 20-30 түрі екпе дақылдарда кездеседі. Сапалы, мол өнім алу үшін арамшөптермен күрес алғашқы орында тұруы керек. Егер бұл іске селсоқ қарайтын болсақ, топырақтың құнарлығы азаяды да , егістіктегі әртүрлі екпе дақылдардың өнімі мен сапасы төмендейді.

  Арамшөптермен күрестегі мақсат  оны түгел жою емес, олардың  агрофитоценоздағы санын төмендету  арқылы зияндылығын болдырмау.  Ол үшін әртүрлі әдістерді, тәсілдерді, егіншілік жүйелерін, топырақ климат мәселесін және өндіріс жағдайында арамшөптер мен екпе дақыл арасындағы бәсекелестікті ескеру керек. Арамшөптермен күресте биологиялық, агротехникалық шараларды, әдістерді, тәсілдерді, әсірісе, профилактикалық шараларды қолдану керек. Дақылдарды орын ауыстырып себу- екпе дақылдарды арамшөптердің басып кетуін азайтады. Бір дақылды жыл сайын бір орынға себе берсе, арамшөптер бейімделіп көптеп өсіп, таралады. Маңызды профилактикалық факторлардың бірі- егіске армшөп тұқымынан тазартылған тұқым себу. Топыраққа органикалық тыңайтқыштарды дұрыс дайындап, олардың құрамындағы арамшөп тұқымдарының өнгіштік қасиетін толық жойып жіберу керек. Топырақты техникамен қопсыту арамшөптерді құртудың негізгі агротехникалық әдісі болып саналады. Жалпыға белгілі топырақты аудара жырту егістіктегі арамшөптердің өскінін 60-70 пайызға азайтады. Бірақ шығын көп болады, топырақты нашарлатады, ылғалды азайтады, мүжілуге әкеп соғады. Қазіргі кездегі егіншілік жүйесі жерді қопсыту мен тереңдігін азайтып, шығынды үнемдеу арқылы топырақты мүжілуден сақтауға тырысады. Бірақ жерді қопсыту арамшөптердің өскінін белгілі мөлшерде азайта алмайды, қайта өскіндердің көбірек шығуына мүмкіндік жасайды. Яғни, мұндай жағдайда гербицидтер қолдану керек. Ал топырақты қопсытпай егін егу әдісін өндіріске енгізгенде шығын азаяды. Демек, бұл негізгі технология болып саналады. Қазіргі шығарылып жатқан гербицидтер арамшөптерді жоюға өте тиімді.

  Қазіргі кезде мемлекеттік  комиссияның мақұлдауымен Қазақстанда  90-нан астам препараттарды ауыл  шаруашылық дақылдарында қолдануға  рұқсат етілген.

  Әрбір дақылда кемінде 4-5 қосымша қолданылатын гербицид бар. Шаруашылық қаражатына орай фермерлер гербицидтерді шығаратын фирмалардан сатып алуға болады. Қазіргі кезде шығарылып жатқан препараттарды жетілдіру, олардың қоршаған ортаға зиянсыздығын, өндірістегі тиімділігін жақсарту басты назарда.

  Қазіргі кезде гербицидтердің  төртінші ұрпағы , тиімді мөлшері  10-100 г/га сульфонилмочевина және  имидазолинон негізіндегі гербицидтер  шығарылып жатыр. Бұл препараттар  көптеген ауыл шаруашылық дақылдарында  қолданылады (әсіресе, техникалық, майлы дақылдарда). Бұл гербицидтерді сатып алу , қолдану қымбатқа түседі. Бірақ егіншілік шартын сақтап, гербицидті дұрыс қолданған жағдайда қосымша жақсы табыс, мол өнім алуға болады.

  Егістікке тыңайтқыштарды себу  арамшөптердің өсуіне мүмкіндік  жасайды. Арамшөптер топырақтан көп мөлшерде өзіне қорек алады, көлеңкелейді. Сондықтан, тыңайтқыштарды себумен қатар арамшөптермен күресуді де ұмытпаған жөн. Сонда ғана екпе дақылдар тыңайтқыштарды жақсы пайдаланып, арамшөптердің өсуін тежейді.

  Арамшөптермен күресудің негізгі жолдарының интеграциялық жүйелерін сақтау (профилактика, шаруашылықты ұйымдастыру, карантин, биологиялық, агротехникалық, химиялық және басқа әдістерді біріктіре жүргізу) керек.

  Егіншілік жүйелерінің барлық  түрлерін қолданған кезде арамшөптерге, ауруларға және зиянкестердің таралуын әркез ескерген жөн.

  Арамшөптердің ішінде өте  зияндылары карантинді шөптер  тобы. Өсімдік қорғау және карантин  департаментінің мәліметі бойынша карантинді арамшөптер: жатаған у кекіре 3,5 млн гектар жерге , арамсояудың 19 түрі 180 мың гектар жерге, ермен жапырақтары ойраншөп Алматы облысында 6100 гектар жерге, көпжылдық ойраншөп Батыс Қазақстан облысында 3800 гектарға, ал тікенек алқа Жамбыл облысында 100 гектар жерге таралған. Сондықтан күрес жүйесі дер кезінде барлық жерде бірдей шаруашылықты ұйымдастыру, карантин әдісін, агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістер қолдану арқылы жоспарланған, сапасы жоғары өнім алуға болады.

  Шаруашылықты ұйымдастыру әдісі-  оның негізі тиімді күрес шараларын  жүргізу үшін зерттеу жұмыстары қажет. Зерттеу жазғытұрым немесе жаздың басында карантинді шөптердің гүлденуіне дейін маршрут әдісімен, зерттеуші әрбір телімді екі диагональ, төрт қабырғасы бойымен қарап өту керек. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша арамшөптердің таралу картасы және олармен күрес жоспары жасалады. Жоспарда аз және көп ластанған жерлер, қажетті техникалар, агротехникалық, биологиялық әдістер, керекті гербицидтер, оларды беру мерзімдері, мөлшері, беру әдістері көрсетіледі. Осындай карталар әрбір аудандық, облыстық өсімдік қорғау карантин бөлімдерінде болу керек.

  Карантинді әдістер. Карантинді  шөптер табылған шаруашылықта, сол  аумаққа карантин жариялайды. Карантинді шөптердің тұқымы басқа жерлерге тарамау үшін барлық жер иелері төмендегідей тәртіпті сақтауы керек.

          1. Карантинді  шөптердің тұқымы бар жерлерге  тұқым шаруашылығын орналастыруға  болмайды.

          2. Себуге  арнаған тұқымды мемлекеттік  тұқым инспекциясының куәлігінсіз  себуге болмайды.

          3. Карантинді  шөптердің тұқымы араласқан материалдарды жеке бөлмелерде сақтау керек және бұл тұқымдарды басқа шаруашылықтарға беруге болмайды.

          4. Жануарларға  тұқым қалдықтарын ұсақтап, қайнатыңқырап  беру керек.

          5. Жемге  жарамайтын қалдықтарды отқа  жағу , не бір метр тереңдікке  көміп, актілеу керек, бұл қалдықтарды далаға, суға тастауға болмайды.

          6. Жол  жиектерінде, бос жатқан жерлерде, арық жағаларында өсіп тұрған  арамшөптерді гүлдені кезінде,  яғги тұқым шашуға жеткізбей  жою керек.

          7. Егінді  ертерек, дер кезінде жинаса, арамшөп тұқымымен егістік ластанбайды.

          8. Карантинді  шөптер бар жерлерден орып  алған егінді таза жерлерден  алынған өніммен араластырмай  бөлек жерде сақтау керек.

          9. Егін  жинауға қатысқан техникалардың  барлығын уақытында тазалап отырған дұрыс.

         10. Суармалы  жерлерде суару жүйелерін карантинді  арамшөптер тұқымынан тазалау  үшін керекті сүзгіштер ұстау  қажет.

  Агротехникалық тәсілдер. Егістікті  карантинді шөптердің тұқымынан  тазарту үшін агротехникалық  шаралар жүйесін жасау керек. Тұқым себер алдында және сепкеннен кейін, дақылдың 2-3 жапырағы жер бетіне шыққаннан бастап тырмалау карантинді шөптер өскіндерін 74,3-90,8 пайызға дейін жояды, күзде жоңышқа егістігін тырмалау арамсояуды 84,0-0,93 пайыз жояды.

  Биологиялық (фитоценотикалық) әдістер жәндіктерді, фитопатогендерді, бәсекеге төзімді дақылдарды өсіру жолымен жүргізіледі. Биологиялық әдістер Қазақстанда П.И. Мариковский, А.И. Иванников, С.С. Төребаевтың жұмыстарында көрсетілді. Бірақ бұл әдіс үлкен алқаптарда тиімділік көрсетпеді. Карантинді арамшөптердің әтрүрлі бөліктеріне жәндіктер- бізтұмсық бит,  трипс, жапырақ жегіштер және басқалар аурулардан- саңырауқұлақтар, бактериялық және вирус аурулары жабысады. Бұл шөптерді құртуда құстар да пайдаланылады. Алайда биологиялық әдістердің карантинді шөптерді құртуға мүмкіндігі аз.Гербицидтер қолданғанда арамшөптердің көп түрін құртуға болады,ал биологиялық әдіс арқылы бір түрді ғана,онда да қолайлы жағдайда жоюға болады.Карантинді шөптерді,сондай-ақ фитоценотикалық әдіс қолдану,бәсекеге төзімді дақылдар егу арқылы жоюға болады (себу уақыты,әдістері,тұқым себу мөлшері және дақылды алмастыру).Міне бұл дақылдар агрофитоценозда,арамшөптерді басып,жақсы өседі.Дақылдар сабағының бір ерекшелігі-тығыздығын,биіктігін,өсу кезеңдерін,немесе арамшөптермен күресте кемшілігін көрсетеді.Мысалы,карантинді ермен жапырақты ойран-шөптің өсуін басып тастау үшін көпжылдық шөптер егіп,жоңышқаның тығыздығы 450-500 дана/м болу керек.

Химиялық әдіс.Агротехникалық әдістермен қоса химиялық әдістер қолдану(гербицидтер) қолдану өсімдік қорғау саласында тиісті орын алады.Тәжірибенің нәтидесі бойынша гербицидтер арамшөптерді жоюға кеткен шығынды,әсіресе қол күшін азайтады,ал өнімді көбейтеді.Гербицид мөлшерін және оны шашу кезеңдерін ауыл шаруашылығында қолдану рұқсат етілген тізім бойынша тиісті маман жергілікті ауа райы жағдайын есепке ала отырып шешеді.Қазақ өсімдік қорғау және өсімдік карантині ғылыми зерттеу институты бойыншабидай егістігінің түптену кезеңінде ермен жапырақты ойраншөпті жою және жатаған у кекіренің өсуін тоқтату үшін диален супер 48 пайыз к.э.-0,7л/га базагран,48пайыз с.е.-3,0л/гаковбой,40пайызс.е.-190мл/га,жүгерінің 3-5 жапырақ шығарған  кезінде диален супер48пайызк.э.-1025-105 л/га беру керек.Соя егістігінде дақылды себерден бұрын Агура 10с.к 0,5-1,0 л/га немесе пивот 10 с.к.-0,8-1,0л/га,ал өскінде 2-3 жапырақ кезінде галакси топ 48с.е. препаратын беру қаже,қызылшада 2-3жапырақ шыққан кезде  лонтрел 300с.е. 0,3-0,5л/га берген дұрыс,су мөлшері-250-300л/га.Ауыл шаруашылығы үшін майдаланылмайтын бос жерлерде раундап 36 с.е 6л/га немесе Ураган форте 50пайыз с.е.-4л/га беру керек.Ал жоңышқа егістігінде арамсояуға қарсы дақыл себілгенге дейін гектарына трефлан 24пайыз э.к. 5-6 л/га беру керек.Арамсояу өте қалың басқан жоңышқа егістігін гүлдегенге дейін орып,жинап алған жерлерге пивот,10 пайыз с.к. препаратын гектарына 0,8л/га немесе ураган 48пайыз с.е  гектарына 1л/га 200-250л/га суға ерітіп шашу қажет,сонда арамсояу 98 пайыз жойылады.Шөпті орып алғаннан кейін,гербицид берілген жерлерді 5-6 күнде суару керек. Ал қант қызылшасы егістігінде , ол  егілгеннен кейін фронтьер оптима, немесе вензар 80 пайыз ы.п. немесе голтикс 70пайыз ы.п. беріп, қызылшада 2-3 нағыз жапырақ шыққанда керб 50,  50пайыз гектарына 5-6 килограмын 600-700л суға ерітіп шашқан жөн. Мұндайда гербицидтің тиімділігі 98-100 пайыз болады.

  Тікенекті алқаны  жою үшін бидай егістігінде  дақылдың түптену кезінде диален 40 пайыз э.к. мөлшері 2,5 л/га, жүгері егістігінде дақыл егілгенге дейін харнес 90 пайыз к.э. гектарына 3-3,5л беріп, ал жүгеріде 3-5 жапырақ шыққанда диален 40пайыз к.э. 2,5л/га 300л суға ерітіп шашу керек. Ауыл шаруашылығына пайдаланылмайтын бос жерлерде тікенек алқаны жою үшін раундап 36пайыз с.е. 6л/га немесе Ураган форте 50пайыз с.е.-4л/га , Арсенал 2,5пайыз-3,0л/га берген дұрыс .

  АҚШ, Англия, Германия, Финляндия, Өзбекстан және басқа  мемлекеттерде паразит шөптерге  қарсы отты әдіс қолданылады.  Өзбекстанда отты культиватор  КО-2,4 өндірістен шығарылуда. Культиватор  екі бактан тұрады. Бірінші бак пропан мен бутан газдарының қоспасы , екінші бак жеті жандырғышы бар ыстық камера КО-2,4 культиваторы ДТ тракторына тіркеледі. Арамсояумен ластанған жоңышқа егістігін жоңышқаны орып алған соң 2-3 күннен кейін отты культиватормен отымен өңдейді. Осы кезде арамсояу 92-100пайыз, басқа шөптер мен паразит шөптер тұқымы 80-85 пайыз жойылады. Жоңышқаны отпен өңделгеннен кейін кейін суарады. Осы кезден бастап жоңышқа тамырынан жаңа сабақтар шыға бастайды. Отпен өңдегенде топырақ астындағы тамыр зақымдалмайды. Орта Азияда арамсояуды жою үшін отпен өңдеу әдісін жоңышқа , мақта, картоп, сәбіз егістігінде жиі қолданады.

28 бет Жаршы 2011-1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Солтүстік Қазақстан  еліміздегі жоғары сортты жұмсақ  және қатты бидай өсірумен  айналысатын негізгі аймақ болып табылады. Сондықтан әр гектардан тұрақты және жоғары өнім алу үшінауыл шаруашылығы еңбеккерлері көп күш жұмсауда.

  Бұл бағыттағы  үлкен кедергілердің бірі болып  табылатын арамшөптермен күрестің  маңызы өте зор. Себебі танаптардың  арамшөптермен ластануы мен алынатын өнім арасында тығыз кері байланыс бар. Арамшөптер топырақтағы қоректік заттарды, суды алып , мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, алынатын өнімді төмендетіп, оның сапасын нашарлатады. Ауыл шаруашылығы жұмыстарының қарқынын бәсеңдетіп, экономикалық шығынды арттырады.

  Қазіргі кезде  арамшөптермен күрестің агротехникалық, химиялық, биологиялық жолдары белгілі.  Алайда гербицидтердің , жанар-жағар  майдың, техника бағаларының қымбаттығы  арамшөптермен күресте кері әсерін  тигізуде.

  Сондықтан күрестің агротехникалық шараларын дұрыс таңдап, уақытында жүргізу және қажетті жағдайда оны химиялық тағы басқа әдістермен ұштастырудың маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арамшөптер  туралы түсінік және олардың келтіретін зияны

  Арамшөптер деп адам қолымен өсірмейтін, бірақ ауыл шаруашылық алқаптарында кездесетін және сол арқылы алынатын өнімді кемітіп, оның сапасын төмендететін өсімдіктерді атайды. Оларға қара сұлы, далалық шырмауық, қанбақ, у кекіре тағы басқалары жатады.

  Егер бір мәдени  өсімдіктердің егістіктерінде екінші бір мәдени өсімдіктер кездессе, оны ластаушы дақыл деп атайды. Мысалы, бидай егісіндегі арпа, сұлы, тары ластаушылар болып табылады.

  Арамшөптердің келтіретін  зияны алуан түрлі болып келеді:

а) Арамшөптер топырақ  ылғалының шығынын көбейтеді. Ащы жусан ылғалды бидайға қарағанда 2 есе көп пайдаланса, көкпек арпа мен жүгеріге қарағанда 2-3 есе артық жұмсайды. Құрғақшылық жағдайында арамшөптермен күрес, ылғал үшін күрес болып табылады.

ә)  Арамшөптер топырақтан қоректік заттарды көп мөлшерде алып, мәдени өсімдіктердің қоректенуін нашарлатады. Кең тараған арамшөп көкпек 1 тонна құрғақ зат құрау үшін 801 тонна су, 37кг азот, 7кг фосфор және 96кг калий жұмсаса, сұлы оған 595 тонна су, 11кг азот, 6кг фосфор, 12кг калий жұмсайды.

б)  Жоғарғы қабаттағы арамшөптер екпе өсімдіктерді көлеңкелеп, олардың органикалықзаттар құрауын төмендетеді. Арамшөптер топырақ температурасын 1-4С төмендетіп, арпа мен картоп егісінің жарықтануын тиісінше 17,7 және 23,6 % нашарлатады.

в)  Шырмалып өсетін арамшөптер (далалық шырмауық, шырмауық таран) екпе өсімдіктердің қатып қалуына әкеліп соғады. Бұл егінді жинауды қиындатып, өнімнің көп шығынына жол береді.

г)  Арамшөптер кейбір ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері  мен ауру қоздырғыштарының мекендейтін орны болып табылады. Мысалы, жатаған бидайық линиялық тот ауруы мен сымқұрттың таралуына мүмкіншілік жасайды. Күнбағыс сұнғыласы ащы жусанда паразиттік өмір сүреді.

ғ)  Паразитті арамшөптер екпе өсімдіктерлің фотосинтез өнімдерін  пайдалана отырып, оларды әлсіретеді және өлтіреді.  Мысалы, сұнғыла күнбағыста, дала арамсояуы көкөніс дақылдарында, картоп егістіктерінде паразиттік өмір сүреді. Арамсояумен зақымдалған егістіктердегі жоңышқа шөбінің өнімі 20-30%, қант қызылшасының тамырларының өнімі 14-18% , ал көкөніс дақылдарының өнімі 30-50% төмендейді.

д)  Арамшөптер ауыл шаруашылығының кейбір жұмыстарын жүргізуді қиындатады. Танаптардың атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптермен ластануы қосымша  топырақ өңдеуді керек етеді. Топырақ өңдейтін құралдарға түсетін кедергіні 30% дейін арттырады. Дәрілік түйежоңышқа , қызғылт қалуен және тағы басқа арамшөптердің қатайып кеткен сабақтары комбайндардың бөліктерін сындырады. Олардың өнімділігін төмендетіп, жұмыс сапасын нашарлатады.

е)  Кейбір арамшөптердің  жемістері  мен тұқымдары өнімнің сапасын төмендетеді. Ащы жусан астыққа жағымсыз иіс берсе, қара меңдуана араласқан дән улы болады. Ошаған, кәдімгі кәріқыз қойлардың жүніне жабысып ластайды. Ащы жусан сүтке ащы дәм береді.

ж)  Арамшөптердің тамырынан  бөлінген заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергі жасайды. Мысалы, ересек итқонақтың тамырынан бөлінген заттар жүгерінің биіктігін кемітіп, массасын төмендетеді. Татар ақсүттігенінің тамырынан бөлінген заттар жаздық бидай тұқымының өнгіштігін азайтады. Жатаған бидайықтың тамырсабақтарында да осындай қасиет болады.

з)  Кейбір арамшөптердің  гүл тозаңдары адамдардың аллергия ауруын қоздырады. Мысалы, ащы жусан  мен жусан жапырақтары , ойраншөптің  тозаңдары безгек ауруын қоздырады.

и)  Арамшөптермен күрес  елеулі шығын шығаруды талап етеді.Оған алынбаған өнімнің құны , агротехникалық және химиялық күрес шараларына жұмсалған қаржы, астықты тазартудың, әсіресе, тұқымды тазартудың бағасы тағы басқалары жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері

  Көптеген арамшөптер  түрлерінің тіршілік етуіне және  сақталуына олардың тұқым өнімділігінің  жоғарылығы әсер етеді. Мысалы, көкпектің бір өсімдігі 100 мыңға  дейін, гүлтәжі-500 мыңға дейін,  сарыбас қурай 730 мыңға дейін  тұқым шаша алады. Ал дәнді  дақылдар ең жақсы агротехникалық жағдайдың өзінде 2 мыңға тақау дән бере алады.

  Арамшөптердің тұқымдары  бірден қаулап өнбейді. Бұл  олардың  табиғи және мәжбүр  болған тыныштық кезеңдерінің  болуымен байланысты. Мәжбүр болған  тыныштық кезеңі  тұқымдардың  өнуіне керекті факторлардың жеткілісіз болуымен байланысты. Терң тыныштық кезеңдері тұқымның өнуіне керекті жағдайлардың бәрі жеткілікті болғанның өзінде де байқалады. Мысалы, қара сұлының шашақ басының жетілуі жоғарыдан төмен қарай жүреді. Алғашқыда жоғарыдағы, ең соңынан төмендегі масақшалары піседі. Төменгі масақшаларындағы  ірі дәншіктердің терең тыныштық кезеңдері 2,5 айда аяқталса, орташаларынікі 6 айда, ал жоғарыдағы масақшалардағы 2 жылға созылады. Сондықтан қара сұлының жоғарғы дәншіктері түрдің сақталуы үшін өзіндік резерв «сақтандыру қоры» болып табылады. Ұсақ және орташа дәншіктері егінді жинағанға дейін пісіп, төгіледі де, егістікті ластаса, ірілері тұқымдық жадығатты ластайды.

  Кейбір армшөптердің  тұқымдары топырақта бірнеше жыл қатса да өздерінің өнгіштігін сақтайды. Мысалы, қара сұлының , ақ алабұтаның, далалық ярутканың, үлкен бақа жапырақтың тұқымдары өнгіштігін 5-7 жылға дейін сақтаса, кәдімгі жұмыршақтың, дымқыл жұлдызшөптің, дәрілік түйежоңышқаның тұқымдары 30 жылға дейін , далалық шырмауықтікі , бұйра қымыздықтікі 50 жылға дейін сақтайды.

  Арамшөптердің тұқымдары  біраз уақытқа дейін көңде,  сүрлемде және суда да тіршілік  қабілетін сақтайды. Кейбір арамшөптердің  тұқымдары  жануарлардың, құстардың  ішек-қарындары арқылы өтсе де, өздерінің өнгіштік қасиетін сактайды. Сондықтан танаптарға арамшөптердің тұқымдары қар суымен , органикалық тыңайтқыштармен түсуі мүмкін.

  Көптеген арамшөптердің  тұқымдарының сол аймаққа тарауға  мүмкіндік туғызатын белгілері  болады. Мысалы, күрделігүлдідер тұқымдасына жататын  арамшөптерде (қалуендер, бақ-бақ)  ұшпа ұрықтар , кәдімгі кәріқыздың, ошағанның ілгеншектерін айтуға болады. Қара сұлының бұралған иінді қылтанағы ылғалдан жазылады, ал кепкенде бұралып, дәндердің орын алмастыруны себеп болады. Осындай елеусіз орын ауыстырудың өзі дәндердің жарықшақтарға . топырақ кесектерінің астына түсуіне септігін тигізеді.

  Көпжылдық арамшөптер  атпатамырлары, тамырсабақтары және  мұртшалары арқылы вегетативтік  жолмен де көбейеді. Жатаған бидайықпен  күшті ластанған танаптардың  әр шаршы метрінде жаңа өркен бере алатын 26 мыңға жуық, ал әр гектарға шаққанда 250млн бүршік болуы мүмкін.

  Кейбір арамшөптер  өздерінің биологиялық, морфологиялық  ерекшеліктерімен мәдени өсімдіктерге  ұқсас болып келеді. Олардың тұқымдарының  мөлшерлері мен пішіні мәдени өсімдіктерге жақын болады. Бұл оларды бөлуді қиындатады. Сонымен қатар олар мәдени өсімдіктермен бір мезгілде өніп, тұқым береді де, күресті қиындатады. Мұндай арамшөптерді маманданған арамшөптер дейді. Мысалы, сұлы егісіндегі қара сұлы, тары егісіндегі тауық тарысы.

Даристер 10бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Нарықтық экономикаға