Нарықтық сегменттеу
Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Нарықтық сеегменттеу және мақсатты нарықты таңдау
Алматы 2013
Жоспар:
1. Мақсатты нарықты таңдау процесі
2. Сегментті игеру мүмкіндіктерін бағалау
3. Мақсатты нарықты таңдау моделі
Фирманың бүкіл дәйекті қызметінің тиімділігі оның мақсатты нарықты, яғни өзі алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра алатын нарықты таңдауына байланысты.
Мақсатты нарықты таңдау процесінде
келесі аспектілер дәйекті бағаланады:
Мақсатты нарықты, яғни өзі алға қойған
мақсаттарын жүзеге асыра алатын нарықты,
таңдауға аса маңызды назар аудару қажет,
өйткені фирманың бүкіл дәйекті қызметінің
тиімділігі оның мақсатты нарықты, яғни өзі
алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра
алатын нарықты таңдауына байланысты.
Мақсатты нырықты таңдаудың алдында сегменттеу,
яғни әлеуеттік сатып алушылардың бүкіл
жиынтығы қандай да бір ортақ қасиеттермен
топтастыру: мысалы, бірдей сұраныстарымен,
тауарға немесе қызметтерге қатынасымен,
тиімді сатып алуларымен, табыс және білім
деңгейімен, сатып алу кезіндегі мінез-құлқымен,
жынысы және жас мөлшерімен, сатушының
нарықтық күш-қуатына бірдей әрекет етуімен
және т.б. сипатталатын жеке топтарға (сегменттерге)
бөледі. Егер сатып алушылардың қарастырылатын
тобында кейбір бірыңғайдық емес қасиеттер байқалса,
ол топты бір сегмент деп санауға болмайды.
Егер екі сегмент бірдей қасиеттермен сипатталса,
Сегментация процессінде, сұраныстары бірдей сатып алушылардың біріңғай топтарын айқындаудан өзге, бәсекелестердің сол қанағаттандыру қабілеттері фирманың мүмкіндіктерімен салыстырыла зерттеледі. Сондықтан, сегментация екі негізгі мақсатты көздейді деп айтуымызға болады:
1.сұраныстары бірдей тұтынушылардың бірыңғай топтарын айқындау;
2.сол сұраныстарды бәсекелестерден гөрі фирманың жақсырақ қанағаттандыру мүмкіндіктерін айқындау.
Сегментация жүргізгеннен кейін, алынған сегменттердің әр қайсысын мақсатты нарық ретінде таңдау мүмкіндіктерін қарастыру керек.
Сегменттің қол жетімділігін
Саяси жағдай тұрақтылығының деңгейі қандай және қарастырылатын сегментте тауарды өткізудің негізделген мүмкіндіктері бар ма;
Сауда шарттары қандай;
Бұл нарық қаншалықты жақсы зерттелген, ол туралы шынайы ақпарат алуға мүмкіндік бар ма (жапондар айтады: «ақпарат жоқ болса — сату жоқ»);
Бәсекелестердің белсенділігі қандай;
Жергілікті өндірістерге көңілі толатын тұтынушылардың үлесі қандай және оны дамытудың болашағы қандай және т.б.
Сегменттің әлеуеттілін
Сегментті игеру мүмкіндіктерін бағалау
Тәуекелдікті таңдау . Нарыққа шығу тәуекелдігі тәуекелдік факторлары салмағының қосындысын шығару жолымен анықталады. Ондай есептеулер әр түрлі сегменттер үшін жеке жүргізіледі, және, нәтижесінде таңдаудағы артықшылыққа басқаларға қарағанда аз қосынды жинаған сегмент ие болады.
Нарықта талаптары сақталуы тиіс нормалар мен стандарттарды, өнімді сертификаттаудың тәртіптері мен жүйелерін зерттеу
Тауардың патенттік тазалығын тексеру .
Тауардың бәсекелестікке қабілеттілігін анықтау .Бәсекелестер ұсынатын ұқсас тауарлар зерттеледі. Фирма бәсекелестер тауарларының дәл сипаттамаларын анықтайды, сол тауарларды өзара, сонымен қатар, өз тауарымен салыстырады. Салыстыру бәсекелестер шығаратын тауарлар түрлерін зерттеу негізінде, сонымен берге, ең маңыздысы, , сол тауарлардың тұтынушылар берген баға критерийлерін зерттеу негізінде жүзеге асырылады. Бәсекелестер өз тауарларын қандай бағаға сатады, қарастырылып отырған тауар бәсекелес тауарлардан несімен ерекшеленеді, және ол ерекшелік тұтынушы үшін құнды болып санала ма, сол тауарды тұтынудан ол қосымша пайда ала ма және т.б. анықталады.
Негізгі бәсекелестердің мүмкіндіктері
мен позиицияларын зерттеу, техникалық
деңгей, өткізу және баға саясатын (бәсекелестің
беделін, оның айналымын, әріптестермен
өз-ара қарым-қатынасын, фирманың ғылыми-техникалық
әлеуеттілігін, өндірістік қуаттарының өлшемдері
мен техникалық деңгейін, өндіріс технологиясының
деңгейін, сатып-орналастыруды ұйымдастыруын,
өткізуші агенттерінің санын, жеткізу
мерзімдерін, техникалық қызмет көрсетуді
ұйымдастыруын, жарнамалық қызметін, баға
саясатын төлем шарттарын, ұйымдастырушылық
құрылымын, басқа фирмалармен байланыстарын,
сатушыларды ынталандыру тәсілдерін және
т.б.) Нарықта жаңа фирманың пайда болуына бәсекелестердің
қалай қарайтынын анықтау қажет. Жаңа фирма
өзін нарықтан ығыстыруы мүмкін бәсекелестердің
Тауар мен фирманың нарықтағы позицияларының сақталуы . Бәсекелестер тауарларын, позицияларын, мүмкіндіктерін зерттеу негізінде, қарастырылатын фирманың мықты және осал тұстары, табысының негізгі факторлары анық көрінеді және фирманың өзі мен оның тауарларының нарықтағы позициялары анықталады.
Нарықты, саланы дамыту үрдістерін талдау. Оны өткен кезеңнің үрдістерін экстраполяциясынан бастауға болады. Бұған қоса, саланың келесі экономикалық көрсеткіштерін талдау маңызды:
Баға динамикасын ( мұнда фирманың қазіргі баға өзгеру үрдістеріне орай, өзінің қолданыстағы өндіріс қуаттары, өндіріс технологиялары және т.б. қатысты артықшылықтары бар ма, сол жағы анықталады);
Шығындарды өзгерту үрдістері (
Капитал салу динамикасы (
өндіріс технологиясы, фирманы
Сатып-орналастыру арналарын дамытудағы үрдістер және өнімді нарықта алға жылжыту тәсілдері және т.б.
Сатудың ықтимал көлемін, ықтимал
Шектеулі ресурстарға ие фирмалар,
өздерінің күш-жігерін
Нарықты жаулап алу стратегиясын таңдауда төменде көрсетілген факторларды ескерту қажет.
Фирманың ресурстары . Шектеулі ресурстар
жағдайында біріккен
Нарық пен өнімнің біртектілік дәрежесі . Егер сатып алушылардың мен сатушының тауар мен нарықтық күш-жігеріне қатынасы шамамен бірдей болса, дифференциялық емес маркетинг стратегиясын қолданған абзал. Бұл стратегия қарапайым тауарлар үшін де жарайды (грейпфрут, болат, алкогольдік емес сусындар және т.б.).
Тауардың циклдық кезеңдері . Нарыққа жаңа тауармен енгенде, әуелі жаңалықтың бір ғана нұсқасын ұсынған жөн болады. Бұл орайда дифференциялық емес немесе біріктірілген маркетинг стратегияларын пайдалану ақылға сыйымды.
Бәсекелестердің маркетингтік стратегиялары .
Егер бәсекелестер дифференциялық маркетингті
іске асырса, дифференциялық емес маркетинг
стратегиясын пайдалану фирманы күйреуге
ұшыратуы мүмкін, және, керісінше, бәсекелестер
стратегиясы — дифференциялық емес маркетинг
болса, фирма дифференциялық немесе біріктірілген
Нарық үлесін және сатудың ықтимал көлемін есептеуде тұтынушы үшін өз тауары мен бәсекелестің тауарының тартымдылығын дұрыс анықтау аса маңызды. Мұнда түрлі жорамалдар мен бағалауларды тексере отырып, , сонымен қатар, тұтынушылар арасында түрлі тестер (сауалнама, сұхбат, сынамалық сатулар және т.б.) жүргізу арқылы дүдәмалдықты жоюға тырысу қажет.
Тұтынушылар арасында тестер жүргізу кейінгі маркетинг бағдарламаларын жасау үшін де қажет, бұл орайда мыналарды айқындау маңызды:
Тұтынушының тауарға қатынасы қандай және тауардың қандай сипаттамасы тұтынушылар үшін (жарнама үшін) басты болып саналады;
Тұтынушылар көзқарасы тұрғысынан тауардың қандай кемшіліктері (тауарды жетілдіру үшін) бар;
Тауардың пайдалы жақтан бәсекелестер тауарынан ерекшеленетін қандай қосымша қасиеттері бар (жарнама және тауарды жетілдіру үшін);
Тұтынушы тауарға қандай баға береді (алдағы уақытта шығындар мен табыстарды есептеу үшін, баға саясатын таңдау үшін);
Тұтынушы үшін бәсекелестердің тауарлары несімен тартымды;
Тұтынушы тауарды қайда, қалай, қандай жағдайларда пайдаланбақшы (жарнама үшін және тауарды жетілдіруге);
Тұтынушыға тауарды қайдан сатып алу ыңғайлы (өткізу арналарын таңдау үшін);
Тұтынушы тауар туралы қандай дерек көздерінен біледі (тауарды ұсыну, жарнама үшін) және т.б.
Маркетинг бағдарламасын жасау және өнімдерді сатуға байланысты шығындарды есептеу. Оған нарыққа шығу тәсілі мен уақытын таңдау, өңдеудің маркетингтік құралдары, яғни маркетинг кешені жатады. Бұл кешенге келесі шараларлың бәрі немесе кейбіреуі кіруі мүмкін:
Тауарды немесе оның дизайнын жетілдіру,
тауар өндірісін қажетті
Баға саясатын жасау;
Өткізу арналарын таңдау, сол арналармен тауарды жылжытуды қамтамсыз ету, өткізу қызметін бақылауды ұйымдастыру;
Тауарды жылжыту жөнінен шаралар жүргізу: делдалдар мен өз сауда қызметкерлерінің қызметін ынталандыру, нарықты , сервисті, қаптама жасауды, көрмелер мен жәрмеңкелерді, паблик рилейшнз шараларын және т.б. ұйымдастыру;
Нарықпен ақпараттық байланысты қамтамасыз ету бойынша шаралар жасау;
Бсекелестер нарықтан ығыстыруға тырысқан жағдайда әрекет ету бағдарламасын жасау;
Ұйымдастыру сипатындағы түрлі шаралар және т.б. жасау.
Табыстар мен шығындарды салыстыру
негізінде мақсатты нарықты таңда
туралы шешім қабылдау . Мұнда
Қарастырылған әдістеме негізінде мақсатты нарықты таңдау процесін төменде ұсынылған модель көмегімен көрсетуге болады.
Мақсатты нарықты таңдау моделі.
1. Нарық сегментінің қол жетімділігін келесі факторлар бойынша бағалау :
өткізудің түбегейлі мүмкіндіктері (
саяси жағдайдың тұрақтылығы;
сауда жағдайлары;
өткізу арналары;
нарықтық ақпарат алу
бәсекелестердің белсенділігі;
жергілікті өндірісті дамыту болашағы.
2. Әлеуетті нарықты бағалау:
сегменттің сиымдылығын, оның өзгеру үрдістерін бағалау;
салынған капиталға ұзақ мерзімді жоғары табысты қамтамасыз ететін нарық қабылетін бағалау.
3. Нарық сегментін игеру мүмкіндіктерін бағалау:
тәуекелдікті бағалау;
тауардың нарықтық талаптарға (нормалар,
стандарттар, сертификаттау)
сатып алушылардың критерийлері мен тауардың бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау;
бәсекелестердің позициялары мен мүмкіндіктерін бағалау;
бәсекелестер үшін осал емес маркетинг
бағдарламасын жасау
өзінің күшті және әлсіз жақтарын, табыстың түбегейлі факторларын айқындау;
тауар мен фирманың позициясын сақтау;
нарықты, саланы дамыту үрдістерін талдау;
ықтимал сату көлемін, ықтимал бағаны анықтау және табысты есептеу;
сатуға байланысты маркетинг
Табыс пен шығынды салыстыру негізінде таңдау жасау туралы шешім қабылдау.
Халықаралық нарыққа қалай шығуға болады
Осы мақалада компаниялар халықаралық
нарыққа не үшін шығады, сонымен бірге, өнімді
шығару тәсілдерін, компаниялар мысалдарын
қарастырып көрейік.
Әуелі мұның себептерін қарастыру үшін,
шешу тәсілдерін іздеу маңызды.
Маңыздылығы жөнінен екінші орын
алатын себеп – аймақта бәсекелестердің
жоқтығы , бұл - нарықтың орасан зор үлесін
жаулап алу мүмкіндігі. Өмір деңгейі де
айтарлықтай факторлардың бірі болып
табылады. 6 латқа хот-дог сатып, Латвияда
сұранысқа ие бола алмайсың, бірақ, мысалы,
Лондонда бұл өте сәйкес баға және онда
адамдар мейрамханаларда сарсылып отыратын
уақыттарын үнемдеу мақсатында түрлі фаст-фуд
өнімдерін әлдеқайда зор ықыласпен пайдаланады.
Осының бәрі, өнімді шетелдік нарыққа
шығармас бұрын, сол елдің ерекшелігін,
адамдардың әуестігін, олардың менталитетін
нақты білу қажет екендігіне дәлел болады.
Өнімді сыртқа шығару тәсілдеріне тікелей
көшейік – ең басты екі тәсіл бар: Standartised,
Customised.
Standartised — бұл өнімді басқа елдерге шығару барысында біз өнімнің өзін өзгертпейміз, тек егер қажет болған жағдайда ұсынуды өзгертеміз. Мысал — люкс бұйымдары (сағат, эксклюзивті алкоголь, т.с.с.)
Customised — бұйымды шығаруда өнім енгізілетін жердің ерекшеліктеріне байланысты өзгертіледі. Мысалы — Кока-коланың дәмі Америка мен Еуропада әр түрлі. Starbucks әр түрлі интерьерге ие , сондай-ақ, Солтүстік және Латын Америкасында әр түрлі өнімдер қолданылады.
Мақсатты аудиторияны табудағы алғашқы қадамдар
Нарықтың мақсатты сегменті — кәсіпорынның мүмкіндіктеріне және нарықты дамыту ерекшеліктеріне көбірек сәйкес келетін сегмент.
Тауардың мақсатты аудиториясын анықтау және іздеу — бизнестің негізгі сұрақтарының бірі. Оған дұрыс жауап беру кәсіпорынның табысты болуына, көп пайда табатындығына кепілдік береді. Егер Сіз өз өніміңіз бен қызметтеріңіздің түтынушысы кім екенін , олардың мінез-құлқын, дағдыларын нақты елестесе алсаңыз, ассортимент таңдау және кәсіпорынды дамыту стратегиясына қатысты мәселелер болмайды.Алайда Ресейде мақсатты аудитория әлі күнге дейін тым кең мағынада анықталады немесе мүлде анықталмайды. Ал барлық салада бәсекелестік күшейіп тұрғанда, «бәріне арналған тауар» ұғымына ешқандай орын жоқ.
Зейін салыңыз, b2c секторында мақсатты аудиторияны анықтау, b2b секторына қарағанда қиынырақ. Бұл - b2b-секторы мейілінше тұрақты және сұраныстың қатты құбылуына ұшырайды дегенді білдіреді. Сондықтан b2b үшін әуел бастан мақсатты аудиторияны дұрыс анықтау маңызды, содан кейін оны кеңейтіп немесе азайтып, жөнге келтіреді. b2c-секторында мақсатты аудитория түрлі жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін, олар — нарықта жаңа ұсыныстардың пайда болуы, демографиялық өзгерістер және т.б. Сондықтан да сұраныстың болар-болмас құбылуын тұрақты түрде бақылап отыру, олардың себебін табу және соған сәйкес ұсыну саясатын өзгерту, қажет болса, мақсатты аудиторияның өлшемдерін нақтылау да маңызды.
Nestle мақсатты аудиторияның жаңа сегментін қалай тапты
Nestle компаниясы жеңіл
Атап айтқанда, зерттеулер, сыйлық ретінде ұсынылатын шоколад кәмпиттердің қымбат қораптарының «шоколадтың депрессивтік әуесқойлары» ( Nestleнің терминологиясы бойынша) мақсаттық аудиториясы бар екендігін көрсетті. Бұл шоколадты ұнататын және оны күйзеліске тап болғанда немесе кешкісін үйде іші пысқанда, көңіл көтеру үшін сатып алатын қыз-келіншектер. Оларға шоколадтың дәмі мен сапасы өте маңызды, сондықтан қымбат қораптарды таңдайды.
Сонымен қатар, олар үшін бұл - өзін-өзі жоғары бағалау тәсілі. Бұл мақсатты аудиторияға жарнамалық ұсыныс жасауға бейімделу қымбат қораптардағы шоколад кәмпиттердің сатылымын айтарлықтай көтерді. Мысал тұтынушы сипаттамасын дәл елестету қажеттігіне дәлел болады. Ол, сонымен қатар, мақсатты аудиторияны тым кішірейтуден қорқудың қажеті жоқ екендігін көрсетеді. Керісінше, сегмент неғұрлым шағын болса, ұсыну стратегияларын соғұрлым нақтырақ құруға болады. Сәйкесінше, ұсыну шығындары мейілінше азаяды, ал өткізу ұлғаяды.
Мақсатты аудиторияны анықтау үшін, әуелі тұтынушыларды сегменттеу қажет, яғни оларды тұрақты белгілері бойынша топтарға бөлу.Ол үшін бірқатар объективтік маркетингтік зерттеулер жүргізу керек. Алайда, қайсыбір бастапқы қадамдарды (мейлі , субъективтік болсын) өз бетінше жасауға да болады.
Тұтынушыларды сегменттеуді қалай жүргізеді
Классикалық сегменттеу — арнайы білімді талап ететін күрделі процесс. Кәсіби білімі жоқ адамға мейілінше түсінікті нұсқасын Added Value әлемдік бренд-консалтингік компаниялардың негізін қалаушы Марк Шеррингтон ұсынды. Ол бес W схемасын — осы әріптен басталатын бес сұрақты пайдаланады: What? (не?), Who? (кім), Why? (неге?), When? (қашан?), Where? (қайда?).
Схеманы қолдану үшін, кесте құру қажет.Вертикаль
бойына бәсекелес ұйымдарды сегменттеу
тәсіндерін енгізіп, ал горизонталь бойына «W»-дан
басталатын бес сауалды орналастырады.
Олардың әрқайсының төменгі жағында сол
типтің сегменттер бағаны пайда болады
(Бес W схемасы бойынша
Сегменттеу нәтижелері нарықтың мақсаттық сегментін айқындайды. Оларды құрайтын тұтынушылар сіздің тауарыңыздың мақсатты аудиториясы болып табылады. Айта кетер жайт, тіпті сегменттеудің қарапайым нұсқасымен де, кәсіпқой айналысқаны жөн. Бас директор өзінің нарық туралы білімдері негізінде, қандай да бір гипотезалар ұсына алады, бірақ оларды маркетинг бөлімінің мамандары немесе салалық агенттіктер зерттеулер көмегімен растауы тиіс.
Пайдаланған әдебиет
1. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
3. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006.
4. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
5. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

- Нарықтық тепе-теңдік шарттарында салық салу мен икемділіктің өзара байланысын талдау
- Нарықтық экономика
- Нарықтық экономика
- Нарықтық экономика
- Нарықтық экономика
- Нарықтық экономика
- Нарықтық экономикаға
- Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері
- Нарықтық бәсеке
- Нарықтық бәсекелестік
- Нарықтық инфрақұрылым
- Нарықтық инфрақұрылымның ұйымдастырылуы
- Нарықтық инфрақұрылым шаруашылығы дегеніміз не?
- Нарықтық қатынастары