Өндіріс саласына сипаттама

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Өндіріс саласына сипаттама  ( маңызы, рөлі, құрылымы)

2.Саланың дамуынынң қысқаша  тарихы

3.Саланың қазіргі күй жайы

4.Саланың болашақ перспективасы

5.Сала дамуындағы кедергілер

Қорытынды

Ұсыныстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Тау-кен-металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын білдіреді, оның рөлі жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін түпкілікті өнім (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсібі) өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикізаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған. Алдағы жылдары саланы дамытудың негізгі міндеті жоғары технологиялық өнім өндірісінің өсімі мен оның сыртқы нарықтарға экспортын ұлғайтуды да, ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыруды да қамтамасыз ететін, қосылған құны жоғары өнімді шығарумен байланысты металлургия өнеркәсібінің жаңа қайта өңдеу өндірістерін кезең-кезеңмен құру болу тиіс.   Елдің тау-кен металлургия саласын дамытудағы мемлекеттік саясат ірі кәсіпорындардың негізгі (базалық) өндірісін ынталандыру мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық металдар негізінде жоғары қайта бөлудің түпкі өнімін жасауға бағытталатын болады.      Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан тау-кен металлургия саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады. 
      Бағдарламада ел ішінде минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеуді қамтамасыз ету үшін кен және концентраттар экспортының үлесін төмендетуді ынталандыру бойынша кешенді шаралар қарастырылған.

Қазақстан жері түсті, асыл металдармен  қатар, XXI ғасырдың металдары деп  аталатын сирек металдармен  де бай (1 кесте). Бірақ әзірше оларды өндіретін кәсіпорындар саны жеткіліксіз, тиімді технология да жоқтың қасы.

     Сирек  кездесетін металдар өнеркәсібіне  қатысты жағдай мынадай: Қазақстанда  сирек металдар түсті Металдарды  өндіру кезінде жанама өндіріледі. «Жезқазғансирекмет» республикалық  мемлекеттік кәсіпорнында рений  катод мысын өндіру кезінде  «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі металлургия  өндірісінің қайтпа газдарынан, «Қазақстан алюминийі» ақционерлік  қоғамында жербалшық өдірісі  кезінде галийден алынады. Өскемен  металлургия алаңында «Қазмырыш»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  қорғасын, мырыш, кадмий негізгі  өндірістерімен қатар қорғасын  өндірісінің тозаңынан алынатын  индий, таллий, селен, тазартылған  қара қорғасын сілті қорытпасынан  теллур алады.                                                               

 

Өндіріс саласына сипаттама

 

     Қазақмыс, британдық FTSE 100 компаниялар тізіміне кіретін, табиғи ресурстарды өндіріп-өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады.

     Біздің  негізгі өндірістік қызметіміз  Қазақстанда және онымен шектескен  аймақтарда орын алады.

     Компанияның  негізгі қызметі – мысты өндіру, өңдеу және өткізу.

Біз кен өндіруден  бастап мыстан жасалатын дайын өнімдерді  өндірумен аяқталатын толықтай интеграцияланған мыс өндіруді жүргіземіз, ол тобымызға  икемді қызмет көрсетуге әрі өндірістік шығындардың төмен деңгейін қолдай жүруге мүмкіндік туғызады.

     Біздің  мыс өндіру жөніндегі бөлімшеміз  мырыш, күміс және алтын сияқты  басқа да металлдардың айтарлықтай  көлемін қосарлы өнім түрінде  өндіріп шығарады.

2011 жылы топтың  тапқан пайдасы 35 пайызға артып, 3 563 миллион АҚШ долларына жеткен. Топ меншікті шикізаттан 299 мың  тонна катодты мыс өндіріп  шығарды, 140 мың тонна концентраттағы  мырыш пен 13 137 мың унция күміс  және 118 мың унция алтын өндірген.

            2011 жылдың 31 желтоқсаны күнгі жағдай  бойынша Қазақмыстың          нарықтық бағамы $7,6 млрд. құраған.

Kazakhmys PLC компаниясы табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі халықаралық жетекші топтардың бірі. Британдық FTSE 100 компаниялар тізіміне қосылып отырған Қазақмыс Тобының активтері Қазақстанда әрі оның айналасындағы аймақтарда шоғырланған, ал оның нарықтық капитализациясы 13 373 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Компания негізінен мыс  өндірумен және оны сатумен айналысады. 20 жылға шақталған мыс қорларын иелене жүріп, біз Қазақстандағы ең ірі мыс өндірушіміз және әлемдегі ең ірі он бір мыс өндірушілердің қатарындамыз. Сонымен қоса, біз қосарлы өнімдер ретінде шығарылатын басқа да металдарды, соның ішінде мырыш, күміс және алтынның елеулі көлемін өндіріп келеміз. Оған қоса, Қазақмыс елдегі жеткізілімдерінің 20 пайызынан астамын беріп тұратын Қазақстандағы ең ірі электр энергиясын өндіруші болып отыр.

EBITDA өсімі (пайыздарды, салықтарды, тозу мен амортизацияны шегергенге дейінгі пайдалар)

Компанияның дамуы үшін 2011 жыл кезекті жағымды жыл болды. Жағымды бағамдармен бірге алып қарағандағы тұрақты өндіріс EBITDA (ерекше баптарды қоспағанда) 74 пайызға артып, 2925 миллион АҚШ долларына дейін жетті. Толығырақ мәліметтер алу үшін біздің негізгі қаржылық көрсеткіштерімізбен таныс болыңыз.

Мыс және басқа металдар

Kazakhmys Copper бөлімшесі толықтай  интеграцияланған мыс өндірісін жүргізіп келеді. Ол кеніштер мен карьерлерді, кен байыту фабрикалары мен мыс балқыту зауыттарын, электролиз цехтарын, көмір кеніштерін, ішкі электр станцияларын және де 1 100 шақырымдық теміржол инфрақұрылымын қамтып отыр. Мырышты, күміс пен алтынды біз қосарлы өнімдер ретінде өндіріп келеміз.

Kazakhmys Power

Kazakhmys Power бөлімшесі Қазақстандағы  ең ірі электр станциясы Екібастұз ГРЭС-1-дің 50 пайыздық үлесін иеленіп отыр. Бұл электр станциясы өзі өндірген электр энергиясының 8 пайызын Ресейге экспорттай отырып, Қазақстанның энергетикалық нарығының 14 пайызын қамсыздандырып келеді. Қазіргі уақытта электр станциясының қуаттылығы 2 500 МВт, ал бастапқы қуаттығы 4 000 МВт-қа шақталған.

 

Саланың дамуының қысқаша тарихы

     

      Бұл саланың  елімізде пайда болғанына 250 жылдан  астам уақыт өтті. 1917 жылы Қазақстанда  түсті металлургия саласына жататын  10 рудник және 3 зауыт қана болған. Ал қазір бұл ең дамыған  өндірістердің біріне айналып  отыр.

     Қазақстанның  түсті металдарының сапасы өте  жоғары. өскемен мырышы, Балқаш пен  Жезқазған мысы Лондондағы металдар  биржасында сапаларының өте жоғары  болғандықтарына байланысты эталон  ретінде тіркелген. Мысалы, Жезқазғанның  мысының сапасы 99,9999%. Қазіргі кезде         Қазақстан түсті металдарын дүние  жүзінің 30 шақты еліне экспортқа  шығарып отыр. Шеттен келетін  валюта табысының 27% осы өнеркәсіп  саласының үлесіне тиеді.

      Қазақстан  жері түсті, асыл металдармен  қатар, XXI ғасырдың металдары деп  аталатын сирек металдармен  де бай (1 кесте). Бірақ әзірше оларды өндіретін кәсіпорындар саны жеткіліксіз, тиімді технология да жоқтың қасы.

“Қазақмыс” – ірі түсті металлургия кәсіпорыны. 1997 жылы 11 шілдеде құрылған. Корпорацияның құрылу тарихы 1928 жылы қазан айында Қарағанды облысы Қарсақбай кентінде ашылған мыс қорыту зауытынан тұңғыш шикі мыс өндіріле бастаған кезден басталады. “Қазақмыс“ құрамына ”Жезқазғантүстіметалл”, “Балқаш кен-металлургия комбинаты”, “Жезкент кен байыту комбинаты” акционерлік қоғамдары және корпорацияның “ШығысҚазмыс”, “Қарағанды құю машинасын жасау зауыты” бөлімшелері кіреді. Жетекші компания – “Самсунг Дойчланд” (ГФР). Өндірілетін өнім мен негізгі қызмет түрлері:  катодты мыс, қорытылған күміс, қорытылған алтын,  мырыш концентраты,  қорғасын  тозаңы,  күкірт қышқылы,  сирек металл тұздары; электр және жылу энергиясын өндіру мен тарату, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік құрастыру, жобалау-іздестіру жұмыстары, өнеркәсіптік  және азаматтық құрылыс, жүк  және жолаушы тасымалы.

        Балқаш кен - металлургия комбинаты    кеніштеріне Қоңырат, Саяқ, Шығыс Қоңырат,   кен байыту фабрикасы, мыс қорыту және мыс электролит өндірісі,  күкірт қышқылын өндіретін цех, Балқаш ЖЭС, аффинаж зауыты кіреді. Жамбыл облысында Шатыркөл кеніші пайдаланыла бастады. Комбинаттың мыс өнімдерін өндірудегі өз шикізатының үлес салмағы 17,5 %, қалғаны мыс концентраттары, мыс қоспасы түрінде Қазақстанның өзге кәсіпорындарынан, таяу және алыс шет елдерден әкелінеді.

Саланың қазіргі  күй жайы     

 Тау-кен-металлургия  саласы — еліміздің өнеркәсібінің  барынша серпінді дамып келе  жатқан секторы, Қазақстанның  маңызды құрамдас бөлігі. Ол Қазақстанның  барынша бәсекеге қабілетті саласының  бірі бола отырып, 2009 жылдың қорытындысы  бойынша тау-кен металлургия саласы  елдің 16,9 % өнеркәсіп өнімін шығарды,  оның экспорттың жалпы көлеміндегі  үлесі 19,6 % ды құрайды. Салада шамамен негізгі қызмет персоналы ретінде 164,5 мың адам жұмыс істейді. 2008 жылғы қорытынды бойынша тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының негізгі құралдарының құны 2,2 трлн. астам теңгені немесе елдегі барлық негізгі құралдардың 17 %-ын құраған. 2003 жылдан бастап 2009 жылды қоса алғанда салада негізгі құралдар құны шамамен 2,7 есеге өскен. Осы кезден бастап металл көздерді өндіру көлемі шамамен 3,5 есеге өскен. Таяудағы бес жыл ішінде тау-кен металлургия саласы жобаларына салынатын инвестициялар көлемі 2 трлн. теңгені ($ 13 млрд. астам) құрауы тиіс. Индустрияландыру бағдарламасын іске-асыру шеңберінде бұл салада 16 мың тұрақты жұмыс орнын құру болжанып отыр. 
      2003-2009 жылдары сапа кәсіпорындарының негізгі капиталына салынған инвестициялар 1,42 трлн. теңгені (1-сурет) құрады, олардың негізгі үлесі түсті металдар өндірісіне (42 %) тиесілі.

    

  

Металлургия өнеркәсібінің үлесіне өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 35 %-дан астамы тиесілі. Қазақстанда әлемдік хром кені қорының 30 %-ы, марганец кенінің 25 %-ы, темір кенінің 10 %-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдік қордың тиісінше 10 және 13 %-ын құрайды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің арасында хромиттер қорының басым салмағы 90 %-ды, вольфрам 60 %-ды, қорғасын мен мыс 50 %-ды, бокситтер 30 %-ды, фосфориттер 25 %-ды, темір кені 15 %-ды құрайды. Қазіргі кезде Қазақстан титан өндірісі бойынша әлемде 3-орынды, мырыш бойынша - 7, қорғасын - 8, темір кені - 13, мыс - 15, болат - 35-орынды иемденеді. 
      Қара металлургия өнімі өндірісі көлемі (өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп) 2003 жылғы 264,7 млрд. теңгеден 2009 жылғы 579 млрд. теңгеге дейін, ал түсті металлургия (өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп) тиісінше 290,1 млрд. теңгеден 796,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Түсті металлургияда кен өндіру серпіні бір қалыпты емес. Алюмминий (2003 жылғы 4,7 млн. тоннадан, 2009 жылғы 5,1 млн. тоннаға дейін) және қорғасын-мырыш (тиісінше 6,4 млн. тоннадан 7,1 млн. тонна дейін) кендерін өндіру ұлғайды. Дегенмен, қаралып отырған кезеңде мыс (2003 жылғы 34,9 млн. тоннадан 2009 жылғы 31,2 млн. тоннаға дейін) және мыс-мырыш кендерін (тиісінше 6,2 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін) өндіру төмендеген. Қара металлургия өндірісінің серпіні шойын өндірісі көлемінің 2003-2009 жылдар ішінде 4,1 млн. тоннадан 2,9 млн. тоннаға дейін, шикі болаттың 5,1 млн. тоннадан 4,1 млн. тоннаға дейін және тегіс прокаттың тиісінше 3,8 млн. тоннадан 3 млн. тоннаға дейін төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар, талданып отырған кезеңде көміртекті электрлік болат өндірісінің көлемі 0,2-ден 0,5 млн. тоннаға дейін, құрылысқа арналған шыбықтар 0-ден 97,2 мың тоннаға дейін және құбыр өнімі тиісінше 65,3 -тен 150,2 мың тоннаға дейін өскені байқалады.

1-кесте. Қара  және түсті металлургия өндірісінің динамикасы

Көрсеткіштің атауы

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Қара металлургия, млрд. теңге

264,7

365,5

387,4

374,0

558,9

844,2

579,0

Темір кенін өндіру, млрд. теңге

40,7

85,4

111,5

93,4

117,2

179,0

135,4

Қара металлургияда  темір кенін өндіру үлесі, %

15,4

23,4

28,8

25,0

21,0

21,2

23,4

Қара металлургия  өнімдерін-өндіру, млрд. теңге

224,0

280,1

275,9

280,6

441,7

665,2

443,7

Қара металлургиядағы  өңдеудің үлесі, %

84,6

76,6

71,2

75,0

79,0

78,8

76,6

Түсті металлургия, млрд. теңге

284,7

377,5

487,3

846,6

904,1

886,2

796,6

Түсті метал кендерін өндіру, млрд. теңге

55,8

70,1

90,4

138,5

187,0

240,5

204,2

Түсті металлургиядағы кен өндірудің үлесі, %

19,2

18,0

18,2

16,1

20,0

25,0

25,6

Түсті металдарды өндіру, млрд. теңге

228,9

307,4

396,9

708,1

717,1

645,7

592,4

Түсті металлургиядағы өңдеудің үлесі, %

80,8

82,0

81,8

83,9

80,0

75,0

78,0


 

      Металлургия саласының  негізін кендерді өндіру және  оларды одан әрі өңдеу құрайды. 1-кестеде көрсетілгендей негізгі көлем қара және түсті металлургияда металл кендерді өңдеуге келеді. Бұл ретте құндық көрсеткіштерде қара және түсті металдарды ендіру және өңдеудің оң өсу динамикасы байқалады. 
      Сонымен бірге қара металлургияда өңдеу үлесінің 2003 жылы 34,6 % -дан 2009 жылы 76,6 %-ға дейін біртіндеп төмендегенін, темір кендерін өндіру үлесінің тиісінше 15,4 %-дан 23,4 %-ға дейін өскенін атап өту қажет. Осыған ұқсас жағдай түсті металлургияда да байқалады. Қайта өңдеудің үлесі 2003 жылғы 80,8 %-дан 2009 жылы 78 %-ға дейін төмендеді.

2-кесте. Тау-кен  металлургия саласы өндірісінің нақты көлемі индексінің динамикасы

Көрсеткіштің атауы

2005 ж

2006 ж

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

Алдағы жылға  қарай өнеркәсіп өнімінің ФКИ, %

109,1

110,4

104,8

107,2

105,0

102,1

101,7

Алдағы жылға қарай отын-энергетикалық пайдалы, қазбаларды өндіруден басқа, кен өндіруші ФКИ, %

108,9

102,5

91,5

111,7

99,6

99,3

99,7

Металлургия өнеркәсібінің  ФКИ және дайын металл бұйымдарын өндіру, алдағы жылға қарай, %

101,0

104,6

94,1

106,8

103,8

96,2

94,3


 

      Тау-кен-металлургия  саласының өнімдерін өндірудің  нақты көлемінің индексін талдау  тұрақсыз динамиканы көрсетеді  (2-кесте). Өндіруші және қайта өңдеуші секторда да 2005, 2007-2009 жылдары саланың өндіру көлемінің табиғи көрсеткіштерінің құлдырауы байқалды.

3-кесте. Дайын  металл бұйымдарын өндіру динамикасы, мың тонна

Көрсеткіштің атауы

2005 ж

2006 ж

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж

2010 ж.

2011 ж.

Жиналатын құрылыс  металконструкциялары

83,1

89,8

106,3

111,3

121,6

128,0

77,0

Электрлік қыздырусыз орталық жылытуға арналған кара металдан жасалған радиаторлар

0,3

0,1

0,2

0,2

0,2

0,6

0,5

Диірмендерге  арналған, құйылған ұсақтаушы шарлар және ұқсас бұйымдар

44,5

37,3

84,8

75,4

92,8

101,4

91,2

Қара металдан немесе алюминийден жасалған резервуарлар, цистерналар, бактер мен ыдыстар, мың  дана

2,1

1,1

1,6

2,6

5,4

3,1

2,4

Орталық жылыту қазандары, мың дана

4,1

1,7

2,2

2,8

2,5

2,9

2,4

Қара металдан жасалған цистерналар, бөшкелер, барабандар, канистрлер, жәшіктер және кез-келген заттарға арналған (газдан басқа) ыдыстар, мың дана

160

137

56

288

298

267

292

Қымбат бағалы емес металдан жасалған корончатты тығындар және бітеуіштер, қалпақшалар мен қақпақшалар, мың дана.

       

153 48 2,7

236 41 1,4

326 10 6,6

Қара металдан жасалған раковиналар мен жуғыштар, мың дана

7,5

22,1

25,5

54,6

69,2

53,5

56,1


 

      Дайын метал бұйымдарын  өндірудің табиғи көлемінің динамикасы (3-кесте) орталық жылыту қазандарын  жасауды қоспағанда, барлық өнім  түрлері дерлік көлемінің өсуін көрсетеді. 
      Тұтастай алғанда металлургия саласы өндірісі көлемінің серпінін талдау кен өндірісінің, концентраттар мен бастапқы металдар өндірісінің елеулі үлесі-кезінде қосылған құны жоғары шығарылатын өнім тізбесінің өте ауқымсыз екенін көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласы негізінен экспортқа бағдарланған, оның өнімінің 20%-нан азы ішкі нарыққа түседі. Өндіріс құрылымында шикізат тауарлары басым, содан соң ғана шетелдерде қайта өңделеді. 
      Қазіргі кезде сала өнімінің экспорты шамамен 1 248,4 млрд. теңгені ($ 8,5 млрд.), импорт шамамен 875,8 млрд. теңгені ($ 6 млрд.) құрайды, оның $ 5,3 млрд. сәл астамы жоғары қайта бөлу өнімдерінің үлесіне тиесілі. 2009 жылы сала өнімінің экспорты үлесіне экспорттың жалпы көлемінің 19,6 %-ы, сала өнімі импортының үлесіне 20,9 % тиесілі болды.

4-кесте. Елдің  макроэкономикалық көрсеткіштеріндегі  тау-кен металлургия саласының  үлесі

Көрсеткіш атауы

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011ж.

Елдің ЖІӨ, млрд. теңге

4 611

5 870

7 590

10 213

12 849

16 052

16 100

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млрд. теңге

2 836

3 867

5 253

6 509

7 815

10 196

8 925

Саланың өндіріс көлемі, млрд. теңге

578

787

935

1 324

1 610

1 932

1 511

Елдің ІЖӨ-дегі сала үлесі, %

12,5

13,4

12,3

13,0

12,5

12,0

9,4

ӨӨК сала үлесі, %

20,4

20,4

17,8

20,3

20,6

19,0

16,9

Тауарлар экспорты, млрд. теңге

1 933

2 733

3 700

4 823

5 852

8 563

6 371

Тауарлар импорты, млрд. теңге

1 257

1 738

2 305

2 985

4 014

4 558

4 190

Сала өнімінің экспорты, млрд. теңге

511

712

813

1 070

1 349

1 754

1 248

Сала өнімінің импорты, млрд. теңге

158

244

366

423

571

810

875

Экспорттағы сала үлесі, %

26,5

26,1

22,0

22,2

23,1

20,5

19,6

Импорттағы сала үлесі, %

12,6

14,0

15,9

14,2

14,2

17,8

20,9

Сала өндірісінің жалпы көлеміндегі сала өнімінің экспорты үлесі, %

88,4

90,5

86,9

80,8

83,8

90,8

82,6

Сала өндірісінің жалпы көлеміндегі сала өнімінің импорты үлесі, %

27,4

31,0

39,2

32,0

35,5

41,9

57,9


 

      Тау-кен металлургия  саласын дамытудың мемлекеттік  мақсаттарын іске асыру, мемлекеттік  активтерді шоғырландыру және  тау-кен кеніш, металлургия салаларындағы мемлекеттік меншік құнын өсіру, тау-кен кеніш активтерінің және жеке сектормен әріптестікте қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеуге қатысу арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласы өнімінің бәсекеге қабілеттігін өсіруге жәрдемдесу үшін «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы акционерлік қоғамымен ұйымдастырылған. 
      Шетелдік талдаушылар Қазақстанның тау-кен металлургия саласының әлеуетін жоғары бағалайды және таяудағы 5 жылға оның серпінді дамуын болжап отыр. Шетелдік инвесторлар республикамен кен өндіру және кейіннен өңдеу саласында ынтымақтасу перспективаларын қарастыруда, түсті металдар өндіру және өңдеу аса қызығушылық тудырып отыр. Business Monitor International жүргізген зерттеулеріне сәйкес «Әлемнің алаңы бойынша 10 ірі елдері ішінде Қазақстан Республикасы серпінді дамып келе жатқан тау-кен өндіру өнеркәсібі көшбасшысы болып табылады». Түсті металдардың 29 түрінің, қара металдардың үш түрінің, қымбат бағалы металдың екі түрінің үлкен қорлары әзірленіп, өндірілу үстінде. Тау-кен өндіру саласы елдің экспорттық пайдасының 30%-ын әкеледі және барлық өнеркәсіп өндірісінің 19 %-ы үшін жауап береді. Қазақстан мысының ағымдағы резервін шетелдік сарапшылар 36 млн. тонна деп бағалап отыр. ВМІ зерттеулерінде марганец кені қоры бойынша Қазақстан әлемде екінші орын алады (600 млн. тонна) деп атап өтіледі. Жаһандық экономикалық дағдарыс әсерінен металл бағасының құлдырауына қарамастан ВМІ талдаушылары Қазақстанның тау-кен өндіру саласында айтарлықтай өсім болатынын болжап отыр. 2013 жылға қарай бұл нарық 2009 жылғы 2 775 млрд. теңге ($ 18,5 млрд.) салыстырғанда 4 725 млрд. теңге ($ 31,5 млрд.) сомасына бағаланатын болады. Бұдан өзге CRU Strategies Британ компаниясының бағалауы бойынша бағалардың өзгеру серпіні мынадай түрде болжанып отыр: мыс бағасының өсуі жалғаса береді, ол сым мен кәбілдің тапшылығымен және оған деген сұраныстың өсуімен байланысты болып отыр; - қорғасын бағасы Қытай мен Үндістандағы автомобиль өнеркәсібінің дамуына қарай орынды қарқынмен жоғарылауы тиіс; - алюминий бағасы барынша тұрақты күйінде қалмақ, алюминий саласын талдау Қазақстан энергияға арналған тарифте пайдалы жағдайда тұрғанын көрсетіп отыр; - мырышқа деген сұраныс төмендеу үстінде, бұл металл артығымен болуына байланысты баға өсімі ықтималдығы шектеулі. Сұрыпты прокат нарығын талдау тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері нарықтарының толықтығы кезінде (өндіріс тұтынудан жылына 41,5. млн. тоннаға артық) Таяу Шығыс нарығындағы сұраныстың кемшілігін (жылына 15.4 млн. тонна, сондай-ақ жергілікті өндірушілермен бәсекелестік) айқындады және тек жеткілікті баға басымдығы кезіне ғана бәсекелестік үшін мүмкіндік тумақ. Марганец кені үшін әлемдік ауқымдағы перспектива қолайлы болып отыр, CRU сарапшылары 2007 жылы болған бағаның күрт көтерілуіне әкелген олардың тапшылығының тағы да қайталануы екіталай деп санайды. Қазақстанның ферроқорытпа өнімін, атап айтқанда феррохромды дамыту бойынша зор әлеуеті бар. Шикізаттың жоғары сапасы мен айрықша төменгі шығынды өндіріс басымдық болып табылады және осыған орай олардың ең аз құны бағалардың кұлдырауына әкелмейтін болады. 
      Қазіргі кезде республикада 20 миллиярд. тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар жиналған, олардың ішінде түсті металлургия кәсіпорындарының техногендік қалдықтары 10,1 миллиярд. тоннаны, қара металлургия қалдықтары 8,7. миллиярд. тоннаны құрайды. Жыл сайын шамамен 700 миллион тонна өнеркәсіптік қалдықтар құралса, оның шамамен 250 миллион. тоннасы уытты болып саналады. Республикада техногендік қалдықтардың 2 %-нан азы қайта өңделеді және кәдеге жаратылады. Экологиялық, әсіресе өндіру өнеркәсібі, металлургия және химия өндіру кәсіпорындары шоғырланған аудандардағы жағдайды сауықтыру мақсатында қалдықтарды қайталама пайдалану жүйесін дамыту мен түсті, қымбат бағалы және сирек кездесетін металдарды алу бойынша ресурс үнемдейтін және кешенді қайта өңдеу жүйесіне көшудің маңызы зор. Техногендік қалдықтарды толық және тиімді пайдалану қоршаған ортаның жағдайын жақсарту бойынша маңызды бағытқа ие.

        

Саланың болашақ  перспективасы

  • Компанияның түбегейлі мақсаты: Орта Азиядағы табиғи ресурстарды өндіріп-өңдеу ісіндегі жетекші компания болу. Осы мақсатқа қол жеткізу ең жоғары стандарттарға талпынуды, Компанияның акционерлік құнын арттыруды және қызметкерлердің, жергілікті қауым мен қоршаған ортаға қамқорлықты білдіреді. Олардың стратегиясы мынадай үш саладан қалыптасады:
  • Активтерді оңтайландыру
  • Олардың оңтайландыру бағдарламасы активтері мен өндірісінің тиімділігін көтеретін басқару құралдарын жетілдіруді көздеп отыр. Бұл шығындар кемітуге, пайданы арттыруға және өнімділікті жоғарылатуға септігін тигізеді.
  • Өндірісті ұлғайту жобаларын іске асыру
  • Олар алдағы 5-10 жыл ішінде өндірісті 50%-дан астам арттыруды көздеп отыр. Ол үшін «Ақтоғай» мен «Бозшакөл» сияқты жобаларға инвестициялау, қолдағы қорларды ұлғайту және алмастыру көзделіп отыр.
  • Табиғи ресурсты активтерді иелену
  • Олар әлі игерілмеген, әрі тартымды және негізінен Орта Азияда орналасқан табиғи ресурсты активтерді іздестіріп, сатып алуға ынталы. Бұл мақсатқа геологиялық барлау және танымал кен орындарын сатып алу жолымен қол жеткізеді.

     Олардың өндірістік қызметінен қоршаған ортаға келетін қандай да зиянды әсерлерді кеміте түсу үшін бар күш-жігерді жұмсап отыр. Бұл дегеніміз, су мен энергия сияқты табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды, парниктік газдармен ластануды, өндірістік қалдықтар мен зиянды заттарды қысқартуды, атмосфераға, жер қойнауына және су нысандарына таралатын заттардың кемітілуін, сондай-ақ биологиялық алуан-түрлілікті сақтап қалуды білдіреді.

Қоршаған ортаға салынатын инвестициялар

    2011 жылы Топ қоршаған ортаны қорғау саласындағы біздің нәтижелерімізді жоғарылатуға 35 млн АҚШ долларын жұмсады. Мәселен, біз Екібастұз ГРЭС-1 станциясында бірінші электрстатикалық сүзгіні пайдалануға қабылдадық, қалдықтар қоймасын рекультивациялап, меншігіміздегі энергетикалық кәсіпорындарымыздағы қазандықтар үшін батареялық эмульгаторлар орнаттық.

Атмосфераны ластаушы заттардың азаюы

Электр энергиясын ірі өндіруші әрі тұтынушы бола тұрып, Қазақмыс парниктік газдардың (ПГ) елеулі ауқымын ауаға таратады. 2006 жыл мен 2010 жыл арасындағы кезеңде біз жыл сайын рұқсат етулі шектеулер деңгейінен әлдеқайда төмендетіп келдік.Біз жаңа технологияларды пайдалану мен энергияның үнемдеудің есебінен ПГ шығарындыларын одан әрі де кеміте түсуге ниеттіміз. Мәселен, біз электр станцияларымыздың тозаңдатуын қысқарту технологиясын кемелдендіріп отырмыз. Толығырақ

Су пайдалану мен қолданылған суды қысқарту

Біздің су көздеріне шығаратын суларымыз рұқсат етілген деңгейден әлдеқайда төмен. Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында қолданылға су толығымен қайтадан қолданылады, ал мыс өндіруші кәсіпорындарымыздың шығарындыларындағы құрамдылық Қазақстанда реттеуші органдардың рұқсат еткен деңгейлерінен анағұрлым төмен. 2010 жылы біз суды мыстан, кадмийден және басқа да металлдардан 99 пайызға тазартып шығаратын Шығыс аймақтағы тазарту нысандарына 2 миллион АҚШ долларын инвестицияладық.

Қалдықтарды кеміту

Біздің кәсіпорындар өндірілген кеннен түскен босаң және аршымалы жыныстарды үйінділерге жинақтайды әрі кеніштердің қазбаларының бос кеңістіктерін толтыруға жиі қолданады. Металлургиялық кәсіпорындар шлактар мен қалдықтар шығарады, оларды біз су қоймаларына және жер бетіне жаймау мақсатымен арнаулы қалдықтар сақтау қоймаларына қордалап отырамыз. 2010 жылы біз қалдықтарымыздың 41 пайызын қайта өңдедік және де оларды қайталап қолданудың жаңа мүмкіндіктерін іздестіруді жалғастырып келеміз.

Сала дамуындағы кедергілер

    Тау-кен металлургия саласының проблемалары     

 Саланы дамытудың  негізгі үрдістері мен ірі кәсіпорындар. 
      Қазақстанда тәуелсіздік орнағаннан кейін салаға капитал салымдарын тарту мақсатында тау-кен металлургия өнеркәсібінің көптеген активтері жекешелендірілді, ал кейбіреулері шетелдік стратегиялық инвесторларға сатылып кетті. 
      Қара металлургия 
      «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы толық металлургиялық циклі бар республиканың аса ірі болат балқыту кәсіпорны болып табылады. Бүгінде кәсіпорынның негізгі өнімі құйылған және қайта жасалған шойын, болат және қатардағы маркалы прокаттар, жабыны бар прокаттар болып табылады. Алайда, арнайы болаттан және метизден жасалған өнім шығармайды. 
      Кәсіпорынның дамуына келеңсіз әсер ететін үрдіске мыналар жатады: 
      Лисаковск және Аятск кен орындарының құрамында фосфор жоғары темір кенін пайдаланумен байланысты кен базасының проблемалары; 
      Қарағанды бассейнінің кокстелетін көмірді ұтымды емес пайдалану; 
      кокс-химия өндірісінің моральдық және физикалық тозуы, ол-қоршаған ортаға елеулі экологиялық нұқсан келтіреді; 
      кәсіпорынның домен цехында алдын ала кремнийсіздендіре отырып, қайта бөлінген шойынды фосфорсыздандыру және сульфитсіздендіру бойынша проблемалар. 
      Мынадай шаралар жүргізу қажет: 
      Лисаковск және Аятск кен орындарының құрамында темір бар кендерді фосфорсыздандыру бойынша ҒЗТКӘ жүргізу; 
      Қарағанды бассейнінің кокстелетін көмірді барынша ұтымды пайдалану; 
      болатты құюдың тепе-тең сапасын және жоғары жылдамдығын қамтамасыз ету үшін БҮҚҚ (болатты үзіліссіз құюы қондырғысы) сатып алу және монтаждау қажет болады; 
      сұрыпты прокат өндірісін ұйымдастыру үшін сұрыпты ДҮҚМ (дайындамаларды үзіліссіз құю машинасы) сатып алу және орнату қажет болады; 
      арнайы болат алу үшін күкірт сутегі коррозиясына төзімді, құрамында ванадий, ниобий және титан бар болатты лигерлеу, тарту және термо өңдеу үдерісін ұйымдастыру бойынша ҒЗТКӘ жүргізу қажет. Бұдан өзге мұнай-газ мақсатындағы құбырлар үшін беріктігі X 80 сыныпты болат алу технологиясын игеру бойынша ғылыми-зерттеу әзірлемелерін мақсатты қаржыландыру қажет; 
      үлкен диаметрлі жіксіз құбырларды алу үшін прокат станын сатып алу және орнату қажет - 5 000; 
      металлургия кешенінің пештері үшін кәсіпорынды отқа төзімді құралдармен қамтамасыз ету. 
      Қазақстандық кәсіпкерлер бақылайтын және акциялардың мемлекеттік пакеттері бар ірі холдингтер - жетекші мыс өндірушінің «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және жетекші ферроқорытпалар, шөкемтастар, тауарлық темір кенері мен алюминий өндірушісі - Eurasian National Resource Corp (ЕNRC). 
      Eurasian National Resource Corp (ЕNRC) өзінің энергетикалық және көлік бөлімшелері бар пайдалы қазбаларды өндіру және байыту саласындағы толықтай ықпалдасқан топ болып табылады. ЕNRC-ге «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, Жайрем тау-кен байыту комбинаты, Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі (ССБӨБ), Еуразия энергетика корпорациясы, сондай-ақ ЕNRC Logistics және ЕNRC Маrketing & Sales сияқты кәсіпорындар кіреді. ЕNRC ферроқорытпа көлемі бойынша әлемде екінші орында, темір және хром кенін өндіру және өңдеу саласында тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері ішінде көшбасшы, әлемде өндірілетін галлийдің бестен екісінің жеткізушісі болып табылады. Топ әлем бойынша хром қорының төртінші елі және бұл ретте Қазақстанда аса ірі энергия жеткізушісі болып табылады. 
      Компания дамуына келеңсіз әсер ететін үрдістерге мыналар жатады: 
      өндірісті табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелері; 
      өндірістік жабдықтың төмен технологиялық және техникалық дәрежесі. 
      Мынадай шаралар жүргізу қажет: 
      Оңтүстік-Сарыбай және Сор кен орындарында темір кенінің шикізат 
базасын ұлғайту; 
      ішкі нарықта ыстықтай брикеттелген темірді жеткізуді ынталандыру; 
      өндірістік жабдықты одан әрі технологиялық және техникалық жаңғыртуды ынталандыру; 
      металлургия өнеркәсібін дамытудың басым бағыты Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі металданған брикеттерден жасалған (құрамында кемінде 90 % темір бар) сапалы конструкторлық болат шығаруға бағдарланған болат құю өндірісін құю болып табылады, жобаны іске асыру және кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін энергия ресурстармен (су, электр энергиясы газ т.б.), білікті отандық кадрлармен және инфрақұрылыммен (көлік және коммуникация) қамтамасыз ету қажет. 
      «Тараз металлургия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ферросиликомарганец шығару бойынша экспортқа бағдарланған кәсіпорын. Зауытта шығарылатын ферросиликомарганец МЕСТ-4756-91 (ISO 5447-80) стандарттарына сәйкес келеді, ол бәсекелес зауыттардың осыған ұқсас өнімінен құрамында фосфордың төмен болуымен ерекшеленеді, бұл сапаның негізгі және өзекті көрсеткіштерінің бірі болып табылады. 
      Компания дамуына келеңсіз әсер ететін үрдістерге мыналар жатады: 
      өндірісті электр энергиясымен қамтамасыз ету проблемасы; 
      теміржол бойынша жүктерді тасымалдаудың жоғары тарифтері, бұл өнімнің өзіндік құнына және тиісінше бәсекеге қабілетіне әсер етеді; 
      кен базасымен байланысты проблемалар, өндірісті сапалы шикізатпен қамтамасыз ету. 
      Мынадай шараларды жүргізу қажет: 
      электр энергиясын жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу жолымен Екібастұз 1,2-ші мемлекеттік таратушы электростанциясында, Ермаков электро станциясы (солтүстік бастау көз) және Жамбыл мемлекеттік таратушы электростанциясынан (оңтүстік бастау-көз) электр энергиясы өндірісін үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ Солтүстік бастау көздер квоталарын күзгі-қысқы уақытта 80 %-ға дейін ұлғайту; 
      табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерге уақытша төмендету коэффициентін ұсыну, атап айтқанда жүктерді тасымалдау бойынша тарифтерді азайту; 
      2 жұмыс істеп тұрған пештердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін және РКО-25 жаңа пештерін, пайдалануға бере отырып, кен базасы «Западный Қамыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Арман-100», «Туебай - Сюртысу», «Сары-Арка mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Айткокше», «Каruan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кен орындары болып табылатын ферросиликомарганец өндіру талаптарына сәйкес келетін марганец шикізатын алу мүмкіндігі болу үшін марганец және хром кен орындарына арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға жәрдем көрсету қажет. 
      «Silicium Kazakhstan» компаниясы 30 000 тонна халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес Қарағанды облысындағы өндірістік алаңда Орталық Қазақстанның кварцты алабының өзекті кварцынан металлургия кремнийі мен 12 000 тонна кремний тозаңын өндіру бойынша металлургия зауытын салуды бастады.     

Өндіріс саласына сипаттама