Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері

Дәріс№1                             

                                                          Кіріспе

          

           Социалистік  қоғам құрылысының барлық кезеңдерінде  Кеңес үкіметі халық шаруашылығын  дамытудың Лениндік жолын жүргізіп  отырды,ол өндірісте құралдарын  өндіруге бағытталып,соның нәтижесінде  өнеркәсіптің басқа да салаларын  дамыту мен оларды техникалық  жағынан қайта жарақтандыруды  қамтамасыз етіп отырды.

Өндіріс кәсіпорындары дегеніміз қандай да болмасын бір өнімді шығаруды қолданылатын өндіріс құрал-жабдықтарының,ғимараттарының және басқа да материалдық қорлардың жиынтығы.Өндірісте ғимараттар тиісті өнеркәсіптің негізгі қорларына жатады және оларды адамдардың қалыпты еңбек етуін қамтамасыз ететін өндірістер орналастырылады.

Өндірістік құрылыс деп өнеркәсіптің негізгі қорларын жасаумен айналысатын құрылыс саласын айтады,бұған қазіргі өндірістегі кәсіпорындарды кеңейту және қайта жарақтандырумен,сондай-ақ жаңаларын іске қосумен байланысты құрылыс салу және құрастыру жұмыстары кешенін атқару кіреді.Кеңес үкіметі кезінде ел экономикалық жағынан артта қалған аграрлық елден алдыңғы қатарлы индустриялдық социалистік державаға айналды,әлемдегі барлық өндірілетін өнімнің бестен бірін шығарып отырды,сөйтіп жалпы өндірісте көлемі бойынша Кеңестер одағы Еуропада бірінші орынға шықты.

1928 жылдан бастап халық шаруашылығын  дамытудың бесжылдық жоспарларына  сәйкес елде мыңдаған өндіріс  кәсіпорындары ,жылу және су электр  станциялары ,өзен және теңіз  порттары т.б.салынды.

Кейбір бесжылдықтар кезінде 5 мыңнан астам аса ірі өндірістік нысандар іске қосылды.Бұлардың ішінен В.И.Ленин атындағы ДнепроГЭС-ті,Магнитор металлургия комбинатын,Волгоград және Харьков трактор зауыттарын,Растов ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру зауытын ,Ликачев атындағы Мәскеу ж/е Горький автомобиль зауыттарын т.б. ерекше атауға болады.Бұлар тек 1928-1932 жылдары салынғандары.1941 жылы басталған соғысқа дейін көптеген су ж/е жылу электр станциялары,машина ,станок құрылыс зауыттары салынып,Москва-Волга  каналдары іске қосылды.Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген өндірістік кәсіпорындар қиратылып бүлінді,алайда елдің шығысында құрылыс жұмыстарының қарқыны бәсеңдеген жоқ.Тек осы жылдарда жаңадан 3500 өндірістік кәсіпорын іске қосылып,7500 ірі өндіріс орындары қалпына келтірілді.

Соғыстан кейінгі кезеңде өнеркәсіп құрылысы бұрынғыдан да кең көлемде қанатын жайды,елдің европалық бөлігі мен шығыс аймақтарында жылу ж/е су эл.станциялары,сондай-ақ әлемдегі тұңғыш АЭС салынды.Өнеркәсіптің қара металлургия, химия, мұнай ж/е газ көмір өндіру, машина жасау салалары халық тұтынатын тауарлар өндіру салалары дамыды.Өндірістік құрылыстың аса ірі нысандары ретінде Волга ж/е Сібір өзендеріндегі қуатты су эл.станцияларын,жаңа Воронеж ж/е Беломр атом эл.станцияларын,Саратов химия зауытын ,Горький ,Волгоград мұнай өңдеу зауыттарын т.б. атауға болады.Өнеркәсіп құрылысының дамуына ,құрылыс индустриясы ж/е өндірістегі құрылыс материалдарының нығаюы көп әсерін тигізді.Соғыстың кейінгі жылдарында КСРО-да құрылысты дамытуға бағытталған көптеген қаулылар шығарылды,олардың ішінде мыналарының маңызы өте зор болды: «Жобалау мен құрылыстардағы кемшіліктердіжою»(1955ж), «Тұрғын үйлер ж/е әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды салу жоспарын қамтамасыз ету шаралары» (1983ж), «Халық шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті жеделдету шаралары туралы» (1983ж), «Күрделі құрылысты жоспарлау,ұйымдастыру ж/е басқаруды жақсарту туралы» (1984ж), «Күрделі құрылыста еңбек өнімділігін әрі қарай арттыру туралы»(1985ж), «Құрылысты сараптау ролі ж/е авторлық қадағалауды арттыру,жобалау сметалық істі әрі қарай жетілдіру туралы »(1985ж), «Елдің құрылыс кешенін басқаруды одан әрі жетілдіру туралы »(1986ж) т.б.Бұдан басқа құрылыс ісінде нормалауды тәртіпке келтіруді атауға болады.1955ж тұңғыш рет құрылыс ісі бойынша Құрылыс нормалары ж/е ережелері(СНиП) бекітілді.Осы жылдары өндірістік ғимараттарда стандарттық өнеркәсіп құрылымдары кеңінен қолданыла бастады.Олар технологиялық жабдықтарды қойып орналастыруда және қайта жарақтандыруда шешуші роль атқарып,ғимараттар құрылысына кететін шығындарды едәуір азайтты.

Ғимараттардың басым бөлігі типтік жобалар бойынша,көп жағдайда темір-бетон ж/е металл конструкциялар элементтері бар құрастырмалық материалдардан тұрғызылды.Өндірістік ғимараттардың салалық ж/е салааралық көлемділік схемалары жасала бастады.Жалпы өндірістік құрылыста оның техникалық деңгейі ұдайы жетілдіріліп отыруды,темірбетон ж/е металл құрылмалар ірілендіріліп,қол еңбегі барынша механикаландырылды.Бұдан басқа аумақтық-өнлірістік кешендер құрып,оларды өнеркәсіп тораптарын орналастыру,өндіріс кәсіпорындарын бір ауданға шоғырландыру жоғары экономикалық тиімділікке жол ашты.Былайша айтқанда әртүрлі өндірістік кәсіпорындардың қосымша қызметтерін ﴾энергия,жылу көздерін сумен жабдықтау жүйелерін,канализацияларын т.б﴿кооперациялау есебінен үнемдеу іске асырылды,мұнда аумақтар мен абаттандыру құндары азайтылып,коммуникациялар ұзақтығы қысқартылды. 10-ыншы бесжылдықта күрделі құрылыс көлеміне салынған қаржы 634 млрд сомға жетіп,1200-ден астам ірі өнеркәсіпорындары іске қосылды.Өнім беріп тұрған кәсіпорындарды қайта жарақтандыру бойынша да көп жұмыстар атқарылды,соның нәтижесінде 500-ден астам жеңіл,тамақ,ет ж/е сүт өнеркәсібінің кәсіпорындары жұмысын жандандырды.

11-інші бесжылдықта халық шаруашылығына  бұрынғысымен салыстырғанда салынған  күрделі құрылыс қаржысы 12-15٪-ке көбейді.Бұл бесжылдықтарда күрделі құрылыс саласындағы негізгі істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құрып,техникалық жағынан жарақтандыру болды,нәтижесінде жаңа құрылыстармен салыстырғанда олар өз құндарын 3 есе тез ақтап шықты.1985 жылы маусымда КОКП ОК-і ғылыми-техникалық прогресті жеделдету мәселелері бойынша кеңес өткізілді,мұнда кемшіліктер ашылып,сараналып,күрделі құрылысты одан әрі жетілдірудің әдістері талқыланып,болашақ жоспарлары жасалды.

Қысқартып айтқанда,инвестициялық ж/е құрылымдық саясат қайта құрылып,негізгі саомақ кәсіпорындарды техникалық жағынан қайта жасақтауға,қорларды өндіруді көбейтуден гөрі оларды барлық жерде үнемдеуге,өндіріс көлемін ұлғайту орнына,оның сапасын барынша арттыруға аударылатын болды.Осы кеңесте ,сондай-ақ көп жағдайда құрылыс жобаларында тиімсіз технологиялық шешімдер көрініс табатындығы атап өтілді,осының өзі-ақ құрылыс мерзімдерін тым ұзаққа созып жібереді нәтижесінде ең тәуір деген жобалардың өзі мәнін жойып,іске аспай жатады.Сондықтан құрылысты жоспарлау мен жобалауды ретке келтіру күрделі қаржыны шоғырландыруды қамтамасыз ету,құрылыс нысандарын салудың нормативтік мерзімдерін сақтау мәселелері қойылып,күрделі қаржы салу құрылымын жақсарту оның тиімділігін арттыратындығы атап өтілді.

Он екінші бесжылдықтың басты міндеті-ғылыми-техникалық прогресті жеделдету негізінде экономиканы көтеріп,оның тиімділігін арттыру,өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыруды,өндірістің күш-қуатын тиімді пайдалану,басқару жүйесі мен шаруашылық механизімін жетілдіру,сөйтіп осы бағытпен халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту болып табылады.Ал енді күрделі құрылысқа келетін болсақ,он екінші бесжылдықта ауыр өнеркәсіп құрылымын одан әрі жетілдіру,машина жасауды дамыту,атом энергетикасы,газ,химия,мұнай-химия салаларының дамуын жеделдету көзделді,сондай-ақ халық шаруашылығының негізгі қорларын жедел жақсарту,сөйтіп қоғамдық өндірісті дамыту ж/е әлеуметтік мәселелерді шешіп,құрылыс өндірісі тиімділігін түбегейлі көтеру.

Бұл міндеттерді орындау үшін материалдық,қаржылай ж/е еңбек ресурстарын шоғырландырып оны ең әуелі істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық жағынан қайта жарықтандыруға жұмылдыру қажеттілігі туды.Бір мезгілде қатар салынып жатқан нысандар едәуір азайтылып,бітпей қалған құрылыстарды нормативтік деңгейге жеткізу,құрылыс құнын төмендету,оның сапасын арттыру,сөйтіп құрылыс өндірісін индустриализация міндеттері алға қойылды.

Сайып келгенде зауытта жасалған инженерлік ж/е технологиялық жабдықтар ірі блоктар ретінде жинақы түрде құрылысқа жеткізіліп,нысандарды тұрғызу бірыңғай іске айналдырылды.Бұл орайда жабалау ж/е құрылыс ұйымдарының құрылыс өнімдерінің ғылыми-техникалық деңгейіне деген жауапкершілігі артып,құрылыс өндірісін ұйымдастыру жетілдірілуі тиіс.

Бұған қоса жобалау-сметалық ісін жетілдіру негізінде құрылыстың сметалық меншікті көрсеткішін жоба бойынша кемітіп,құрылыстағы еңбек өнімділігін 16-17٪-ға дейін көтеру көзделді.

Өндірістік ғимараттардың архитектуралық шешімдері мен құрылыс сапасын жақсартудың аса зор экономикалық маңызы бар,өйткені соның нәтижесінде ғимараттың қызмет мерзімі ұлғаяды ж/е оны пайдалану мен жөндеуге кететін шығын азаяды.

Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу ж/е жобалау ұйымдары өндірістік ғимараттарды жобалау мен ыңғайлы шешімдер тауып,бұл істі әрі қарай жетілдіруде бірқатар шараларды іске асыруда.

Цехтарды барынша бір ғимарат ішінде орналастыру едәуір дәрежеде бір мезеттік ж/е пайдалану шығындарын азайтады,технологиялық шарттар өзін-өзі ақтаған жерлерде өндірістік кәсіпорын аумағында павильондық қосымша құрылыстар салу қолданылады.Сондай-ақ өндірістік кәсіпорындарда бір қабатты тұтас құрылыстарға орналастыру,технологиялық жабдықтарды ашық алаңдарға шығару жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартып,құрылыстың өзіндік құнын төмендетеді.Құрылыс тәжірибесіне ірілендірілген әмбебап өндірістік ғимараттар салуды енгізу технологиялық жабдықтарды орналастыруды жеңілдетеді,ал бұл ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында технологиялық жұмысты жиі қайта жарақтандыру кезінде үлкен

маңызға ие болады.Құрылыста жаңа тиімді құрылыс материалдарын,жиналмалы құрылыс элементтерін (бөлшектерін) ,жеңіл және үнемді ірі көлемді конструкциялар мен өнімдерді зауытта сапалы дайындалған күйінде қолдануға баса назар аударылуы тиіс.Бұл өндірістік ғимараттардың ұзақ пайдаланылуын,ыңғайлығын ,архитектуралық қонымдылығын жақсартып,материалды аз жұмсап,құрылыс шығынын азайтуға әсер етеді.Қажетті техникалық –экономикалық  негіздері болса жеңіл бетонды,жыл сақтағышы зор,жоғары беріктіктегі құрым,алюминий қоспаларын тұрбалық (құбырлық) болат конструкцияларды,полимер материалдар мен өнімдерді,зауытта дайындалған жапсырылған ағаш конструкцияларын пайдалану еңбек өнімділігін едәуір арттырып,өндірістік ғимараттар құрылысы бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

КСРО-да қай кезде де еңбекшілер денсаулығын қорғауға және қалыпты санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайын қамтуға зор мән беріліп келді.Сондықтан сәулетшілер мен құрылыс инженерлер үшін ең маңызды міндеттер-өндірістік аймақтардағы қоршаған ортаны қорғау,ауаға зиянды заттар шығарылуына қарсы жаңа әдістер табу,өндірістік,көлік дәне өзге де заттар шуымен,вибрациямен,электромагнит ж/е радиациямен күрес өндірістік цехтарда ауаны тазартып отыруды,жұмыс орындарын жеткілікті дәрежеде жарақтандыруды қамтамасыз ету болып қала береді.

Ыңғайлы да қауіпсіз еңбек жағдайын туғызуда өндірістік цехтар интерьерлерінің кешенді архитектуралық шешімдердің мәні зор,сайып келгенде бұл-еңбекшілердің денсаулығын сақтауға ж/е олардың еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

 

                        Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері.

        Өндірістік  ғимараттар түрлері

Өнеркәсіп кәсіпорындары өндіріс салалары бойынша бөлінеді.Өндіріс саласы –халық шаруашылығы саласының құрамдас бөлігі,оған өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы,көлік,құрылыс т.б. жатады.Өнеркәсіптегі өндіріс салалары әртүрлі белгілеріне қарай бөлінеді,мәселен өнімнің экономикалық өндейтін шикізат түріне ,технологиялық жұмыс сипатына т.с.с.Жалпы алғанда 15 аса ірі саланы атауға болады (электр қуаты қара металлургия ,машина жасау,металл өңдеу т.б).Өнеркәсіптің ірі салалары өз кезегінде өнімге не шикізатқа,технологиялық жұмыстарының ұқсастығына т.б. байланысты ұсақ салаларға бөлінеді,мысалы машина жасау саласына автомобиль шығару,трактор жасау,станок құрылысы т.б. кіреді.

Құрылыс халық шаруашылығының саласы ретінде экономикалық қажеттілігіне қарай мынадай құрылыс өндірісі салаларына бөлінеді.Өндірістік көлік,ауыл шаруашылығы,тұрғын үй-коммуналдық,денсаулық сақтау мекемелері құрылысы т.б.Өз кезегінде бұл салалардың әрқайсысы түрлі белгілеріне қарай кішігірім салаларға бөлінеді.Өндірістік құрылыс ауыр машина жасау кәсіпорындары құрылысына,металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары құрылысына т.б. бөлінеді.

Салалық бөлу құрылыс ісін ұйымдастыруда жобалау ғылыми-зерттеу мекемелері жүйесін құруға да негіз болады,осылайша салалық мамандырылған ұйымдардың құрылуы техникалық дамудың маңызды алғышартына жатады,құрылыста жоғары сандық ж/е сапалық көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді.Өнеркәсіп ғимараттары түрлері де өндірістік салалық бөлу негізінде құрылады.Негізінен өндірістік ғимараттар өнеркәсіп саласына қарамастан мынадай төрт топтарға бөлінеді.Өндірістік,энергетикалық,көлік –қойма шаруашылығы ғимараттары ж/е қосымша ғимараттар не үй-жайлар.

     Өндірістік  ғимараттарда дайын не жартылай дайын өнімдерді шығаратын цехтар орналасады.Өндірістік ғимараттар тиісті салаларға сәйкесті атқаратын қызметіне қарай көптеген түрлерге бөлінеді,мәселен металл өңдеу,механикалық жинау,қыздыру,мартен цехтары,темір-бетон құрылмаларының шығаратын цех,тігін цехтары,тамақ өнімдерін өңдеу цехы,қосымша цехтар т.б.с.с

     Энергетикалық ғимараттарға мыналар жатады: ЖЭС (TЭЦ) жылу электр станциялары ,электр қуаты ж/е жылумен өндірістік кәсіпорындарды жабдықтайтын ғимараттар,жылу қазандары электр ж/е трансформатор стансалары ,компрессор стансалары т.б.

      Көлік-қойма шаруашылығы ғимараттарына гараждар,көлік тұрақтары,дайын өнім,жартылай дайын өнім ж/е шикізат қоймалары,өрт сөндіру т.б. кіреді.

      Қосымша ғимараттарға әкімшілік кеңсесі жайлары,қоғамдық ұйымдар бөлмелері,тұрмыстық жайлары (монша,гардероб),  тамақтану ж/е дәрігерлік пункттері.Көмекші ғимараттарға өндіріс түріне қарай тікелей сол өндірістік ғимараттар ішінде орналасуы мүмкін.Өндірістік ғимараттардың көлемі,жоспарлануы ж/е құрылымы ондағы технологиялық жұмыстар сипатына қарай сан-алуаны болуы мүмкін.Бұлары мынадай белгілеріне қарай бөледі.

1.Аралық сандарына қарай-біраралық не көпаралық бір қабатты өндірістік ғимараттар.Бір аралық ғимараттар кішігірім өндірістік,энергетикалық не қойма үйлері үшін қолайлы.(2.1 а-сурет). Бұларды аралықтар қашықтығы мен биіктігі талап етіледі (36 м-ден асса –көп аралықты ғимараттар биіктігі кейде 18 м-ден асады).Мұндай біраралықты ғимараттар көтергіш құрылымдары жоқ арнайы сөрелік орындарда технологиялық жабдықтары орналастырылған өндірістерге тән болады.(2.1 в-сурет)

Көпаралықты (2.1 б-сурет) бір қабатты ғимараттар өнеркәсіптің әр түрлі салаларында кеңінен таралған өлшемдері (ұзыны мен ені) бірдей аралықтағы ішкі аулалары жоқ көпаралықты ғимараттар тұтастай құрылысты аталады ж/е жоспарда оның өлшемдері  ұзыны мен ені бойынша бірнеше жүздеген метрлерге жетуі мүмкін.

2.Қабат санына қарай –бір қабатты және көп қабатты.Қазіргі құрылыста  бірқабатты ғимарат басым (шамамен құрылыстың 80٪-і) ,өйткені олардың көптеген артықшылықтары бар.Бұларда құрал жабдықтарды орналастыруға,өндірістік ағынды ұйымдастыруға,әртүрлі көлік ж/е жүк көтергіш қондырғыларды қолдануға қолайлы жағдайлар болады.Ғимараттың кез келген жерінде,қандай салмақта болса да жабдықтарды орналастыруға болады,себебі олар бірден жерге қондырылады,сондай-ақ технологиялық жұмыстар өзгеріп отырғанда да барынша әрекет жасауға ыңғайлы.Көп қабатты өндірістік ғимараттар қабатаралық жаппаларда жеңіл жабдықтар орналастырылатын өндірісте пайдаланылады.(2.3-сурет) (жеңіл өнеркәсіп аспап жасау т.б.)

Көпқабатты ғимараттар,сондай-ақ технологиялық іс-әрекеттер тіке күйде ұйымдастырылып,материалдар өз салмағымен жылжи алатын (мәселен ұнтақ материалдар қоймасы) өндірістерде қолайлы.Сонымен қатар көпқабатты өндіріс ғимараттары аумақтар шектелген жағдайларда жобаланады.Мүндай ғимараттарды кейде техникалық қабаттарымен салады.(2.3г-сурет),бұларда технологиялық коммуникациялар орналастырылады (желдеткіш қораптары,электр желілері,тұрбалық құбырлар ж/е т.с.с) ,бұған көмекші жайлар да жатады.Көп қабатты ғимараттарда көбінесе 6х6; 6х9; немесе 6х12м өлшемдеріндегі торкөздік ұстындар қолданылады.Техникалық қабаттары бар ғимараттарда,егер олардың көтергіш жаппа құрылымы (мәселен фермалар) биіктігі техникалық қабат биіктігімен бірдей болса,онда аралықтарды 24м-ге дейін ұзартуға болады.Осы тектес өндірістік көпқабатты ғимараттар үсті аралық тік тіреуіштерден бос болуы ықтимал (2.3 б.в-сурет).Өндірістік ғимарат әртүрлі биіктіктегі бір қабатты бөліктерден тұруы мүмкін (2.3в-сурет).Соңғылары аралас қабатты ғимараттар деп аталады.Бірқабатты  өндірістік ғимараттарда техникалық қабатары болса фермааралық кеңістіктер,астыңғы қабаттар не жұмыс алаңдарының астындағы кеңістіктер пайдаланылады.Осындай әдіс біртіндеп екі қабатты өндірістік  ғимараттарды (2.4-сурет) салуға әсер етті,бұларда бірінші қабатта тікелей жерге ауыр жабдықтары бар цехтарды жайғастырады да,ал екінші қабатта қалыпты жарықтандырылған бөлмелерде жеңіл құрал-жабдықтары бар өндіріс орналастырылады.Мұндай қос қабатты ғимараттар көбінесе жеңіл ж/е тамақ өнеркәсібінде,электролиз цехтарында қолданылады.

  3.Көтергіш-көлік жабдықтарына қарай-крансыз ж/е крандық (арқалық кран не ілулі көлік 2.1 ж/е 2.3 суреттер) болып бөлінеді.

Барлық өндірістік ғимараттар (неше қабатты болса да) әдетте дайын өнімдерді,шикізатты даярлау,технологиялық жабдықтарды құрастырып-бөлшектеу кезінде оларды түсіріп-көтеру,жылжыту үшін көтергіш-көлік жабдықтарымен жабдықталады.Тек бұл жерде олардың өндірістік ғимараттар түрін зерттеп,көлемді жоспарлау кезінде құрылыста ыңғайлы шешім алуға әсерін естен шығармаған жөн.

4.Жабын схемалар құрылымы  бойынша-қаңқалық аралықтар (арқалықтар,фермалар арқылы) қаңқалық кеңістікті,әр түрлі ілінгіш түрдегі,қиғашты-тоғыстырылған,пневматикалық,оның ішінде ауа сақтағышты ж/е ауа көтергішті болып бөлінеді.(2.5-сурет).

5.Негізгі көтергіштік  құрылғылар материалдары бойынша –темір-бетондық қаңқалы (жиналмалы,біртұтас,жиналмалы-біртұтас),құрыш (болат) қаңқалы,көтергіштік  қабілетті кірпіш қабырғалы ж/е темір-бетон металдық немесе ағаш құрылғыларды үстінен жабу болып бөлінеді (2.6 –сурет).Бұлардан басқа технологиялық шарттарға,өндірістік үй-жайлардың орналасқан жерінің сипаттамаларына сәйкес тағы да бірнеше бөліктерді атауға болады.

6.Жылу жүйесі бойынша-жылытылатын ж/е жылытылмайтын болып бөлінеді.Жылытылмайтындарына өндірістің өзінде жылу артығымен бөлінетін (ыстық цехтар құю,прокат т.б). ғимараттар,сондай-ақ жылуды қажет етпейтін (суық цехтар  қоймалар,мұздатқыш –сақтағыштар) жайлар жатады.

Жылытылатындарына санитарлық-гигиеналық не технологиялық шарттарға сәйкес жылдың суық мезгілінде қажетті плюс температурада берілуге тиісті барлық өндірістік ғимараттар жатады.

7.Желдету жүйелері бойынша –табиғи (қалыпты) желдеткішті немесе қоршаулық құрылғыларының арнайы ойықтарынан жасанды түрде сорып-тартпалы ж/е ауасорғыштық жүйелі; ауаны тазартушы  былайша айтқанда тұрақты ауалық ортаны қалыптастыратын жасанды желдеткішті болып бөлінеді.Ауаны тазартып отыру сыртқы ортадан толықтай оқшауланған ғимараттарда әрқашанда қолданылады.Бұндай ғимараттар өнімді аса дәлдікпен,тап-таза күйде шығару үшін арналған.

 8.Жарықтандыру жүйелеріне қарай-табиғи,жасанды немесе біріктірілген (интегралды) жарық көздері бар болып бөлінеді.Табиғи жарық түсетін қабырға ойықтары (терезелер) және күнтартарлар (фонарлар) арқылы беріледі жасанды жарық-табиғи жарығы жоқ ғимараттардағы негізгі жарық болып табылады.Мұндай ғимараттарда электр шамдары қолданылып,өндірістің санитарлық-гигиеналық талаптарына сай сәуле шашып,табиғи жарыққа жақындатылады,бүтінделген жайларды осылайша жарықтандыру әлдеқайда жеңіл.

Соңғы 3 белгі ғимаратты көлемдік жағынан жоспарлауда оңтайлы шешімге жол ашады.

9.Жабу жабындық пішіндері  бойынша үстіңгі фонарлық (күнтартарлық,шамдық)   құрылғыларымен немесе оларсыз болып бөлінеді.Ғимараттың үстіңгі бетін фонарлық қондырылғанмен жабу қалыпты жарықтандыруды не аграцияны қамтамасыз ету мақсатында қолданылады (2.7-сурет).Мұндай шешім көп жағдайда ғимарат құрылысын пайдалануда кедергілер келтіреді. (қыста үй шатырында фонар аралық кеңістіктерде қар жиналуы мүмкін.)

Жеке бір топқа арнайы ғимарат түрлері жатады,мәселен,ашық жерде қондырылған жабдықтарға қалқа жасау,жарылғыш қаупі бар өндіріс ғимараттары,радиациясы жоғары өндіріс жайлары,технологиялық жабдықпен біріктірім жасалған «агрегат-ғимараттар» (2.8-сурет).Өнеркәсіп кәсіпорындары ғимараттарының құрамына өндірістік  құрылыстар да кіреді.

Бұларға өндірістік көлік құрылыстары (аралық крандар эстакадасы,көлбеу галериялар т.б) ,коммуникациялық құрылыстар (тоннелдер,каналдар,бөлек тіреуіштер мен эстанадалар т.б),жабдықтарды қондыру құрылғылары (машина асты ірге тастары),жабдықтар қойылатын сөрелер,арнайы құрылыстар (сұйық сақтау қазандары,ұнтақ материалдар сақтау бункері,түтіндік мұржалар,сутолтыру башниялары т.б)  (2.1 -таблица).

Атап айту керек,көбінесе өндірістік құрылыстар сол ғимараттың бір бөлшегі болып табылады.Өндірістік ғимараттарды кейде аралықтар өлшемдеріне қарай ұсақ аралықты (6,9,12 метр), орташа аралықты (18,24,30,36 м),ірі аралықты (36 м-ден аса 60,90,120 м әрі қарай) етіп бөлінеді.

Қысқа аралықты ғимараттар көмекші ж/е қоймалық ғимараттарға тән сондай-ақ бүлар көп  қабатты өндірістік жайларда да кездеседі.Қазір орташа аралықты ғимараттар барынша кеңінен тараған.Ал ірі аралықты ғимараттар салу кезінде көтергіш құрал- жабдықтар мен көліктерді орналастыру мүмкіндіктерінің шектелетіндігін ескеру қажет,өйткені өздігінен жылжитын жерге тірелген крандарды қондыру кезінде ғимараттың аралық мүмкіндіктерін барынша ұлғайтуға тура келеді.

Қазіргі заманғы автоматтандырылған өндіріс талаптарына сай мұндай ғимараттарды салу кезінде арқалық,жиналмалы түрдегі көтергіштік қабілеті бар құрылғылар қолданылады.Осындай құрылғылар өндірісті біраралықтағы ғимараттарда орналастыруға мүмкіндік береді (2.1 в-сурет).Техникалық прогрестік жедел қарқынмен дамуы жағдайында ғимараттардың «иілгіштік» (гибкость) қасиетін көтеру мәселесі туындайды,былайша айтқанда ғимарат тозбай,әр-алуан технологиялық процестердің құбылып,өзгеріп,жетілдіріліп тұруы кезінде сан түрлі жабдықтарды орналастыруға ыңғайлы да оңтайлы болуы шарт.Сондықтан да кейінгі жылдары жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдары «иілгіш» те «әмбебап» өндірістік ғимараттар түрлерін жасаумен айналысып,бірдей көлемдік және өлшемдік құрылыстарда әртүрлі өндірістерді жайғастыруға қол жеткізді.Мәселен,тоқыма және электротехникалық кәсіпорындар бір ғимаратта орналастырылады.Немесе бір кәсіпорынның әртүрлі цехтары мен бөлімшелері бір үлкен ғимаратқа жапсарласады.Осыдан келіп тұтастай құрылыстағы ғимараттар ұғымы тұнды.Бұлайша жапсарлап салу экономикалық жағынан тиімді,кәсіпорны аумағын,коммуникациялар созылымын,ғимарат қоршауларын қысқартады,сөйтіп жылу шығынының азаюына байланысты пайдалану шығындарын да үнемдейді.

     Сонымен қатар павильондық құрылыстарда да өз мәнін жойған жоқ.Олар жапсарлап салу технологиялық жағдайларға сәйкес (бір цехтың екінші цехқа зиянды әсері болса) мүмкін болмағанда қолданылады немесе павильондық құрылыс экономикалық тұрғыдан тиімді болса пайдаланылады.Жоғарыда атап өткендей ірі аралықты ғимараттарда жабдықтар сөрелерде орналастырылады (2.9 сурет).Мұндай ғимараттар,айталық,химия өнеркәсібінде қолданылады.

    Соңғы кездері қоршаған  орта температурасының құбылмалығы  аса маңызды емес өндірістерде технологиялық жабдықтарды ашық күйде орналастыру кеңінен қолданыла бастады.Жабдықтардың кей бөлігін ашық қалдыру ғимарат көлемін қысқартуға,оңтайлы шешімді жоспарлауға,ал жарылғыш қауіпті өндірістерде қауіпсіздік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.2.10-суретте аммиак зауыты көрсетілген,мұнда жылу алмасу,басқа да аппаратуралар ашық орналастырылған.

Өндірістік құрылыста жоғарғы фонарлық құрылғылар кеңінен тараған.Жарықтандырылу жоқ ғимараттарда былайша айтқанда,«психологиялық» жарықтандыру пайдаланылады,олар ғимараттың тұтастай бойымен қойылған терезелер түрінде болып,ондағы жұмысшылар сыртқы ортамен көріністік байланысты жоғалтпайды,әйтпесе табиғи жарықтың болмауы жұмысшыларға кері психологиялық ж/е физиологиялық әсерін тигізеді.Бұдан басқа табиғи жарығы жоқ ғимараттарда электр қуаты көп шығындалады,сондықтан жоғарыдан жарық түсірілетін жайлар аз мәнін жоймайды.Кейбір бір қабатты ғимараттарда фермааралық кеңістіктер технологиялық қажеттілікке пайдаланылады,сондықтан бұл жайларды аспалы төбе көмегімен бөліп тастайды және оларға жасанды жарық бергіш шамдар құрастырылады.Мұндай аспалы шатырлар цех интерьерін жақсартады,сондай-ақ өндіріс аймағынан коммуникациялар мен көмекші технологиялық құрылғыларды бөліп тастап,жұмыс жағдайын жақсартады.

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндірістік  ғимараттардың көтергіш-көлік жабдықтары.

Өндірістік ғимараттардың өз ішіндегі жүктер (шикізат,дайын өнім,құрастырылып ,бөлшектенетін жабдықтар) көтергіш-көлік жабдықтары көмегімен жылжытылады.Көлік түрі өндірістік ғимарат құрылысы көлемін жоспарлауға әсерін тигізеді.Көтергіш-көлік жабдықтарын дұрыс таңдап алу өндірістік ғимарат құрылысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындап алуға барынша әсер етеді.

Цехішілік көлік 2 топқа бөлінеді  

а﴿ кезеңмен пайдаланатын көлік

б﴿ үздіксіз әрекеттегі көлік

Бірінші топқа рельссіз (еден үсті) және рельспен жүретін көліктер (автокар,автожүктегіш т.б), аспалы көліктер (аспалық жабдықтар,крандар),сондай-ақ арқалық кран түрлері,екінші топқа –барлық түрдегі конвейерлер,пневматикалық және гидравликалық көліктер жатады.

Цехішілік көліктерді таңдап алу технологиялық процестерге,жүктердің сипатына,өндірістегі қызметтерді жаңашаландыру қажеттігіне байланысты болады.Көп жағдайда ғимаратты көлемді жоспарлауға зиянын тигізбейтін рельссіз,конвейерлік,аспалы,пневматикалық және гидравликалық көліктерге артықшылықтар беріледі.

Көтергіш жабдықтарды жобалап құрастыруды осы саланың арнайы мамандары іске асырады.Осы сабақта біз өндірістік ғимаратты көлемді жоспарлап,дұрыс шешім алуға әсерін тигізетін көтергіш көлік жабдықтарын құрастырамыз.

Аспалар. Аспалы жүйелер қолмен не электрмен іске қосылып,тұрақты және қозғалмалы түрде болады,олардың кабиналары ашық не жабық күйде жасалады,тіпті кабинасыз да болуы мүмкін.(3.1 а-е сурет.)

Мысық жабық тіркеме арбаға бекітілген аспалы жүйені білдіреді,ол қолмен қосылатын шынжырлы беріліс арқылы кішігірім  рельспен (монорельс) жылжытылады.Монорельске жоғарыдағы жабынның көтергіштік қабілеті бар құрылғысына аслады.(3.2-сурет).Бұл жабдықтардың өзін екіге бөліп қарастырады,төрт доңғалақты механизмдері бар тіркемелер жүк көтергіштігі 0,5-3 тн құраса,көтергіш механизм мен тіркеме арба тұтастай алынатын мысық жабдықтар 1-10 тн-ға дейін көтере аоады.(3.3- сурет.)

Электрлік аспалар 10 тн-ға дейінгі жүктерді 18 м биіктікке дейін көтере алады.Мұндағы айырмашылық –жүкті көтеріп жылжыту электрлік механизм арқылы іске асырылады,басқару қашықтан не кабинадан жүргізіледі.

Аспалар үш негізгі желілерден тұрады:көтеру механизмі,қозғалмалық механизмі бар арбалар ж/е ілмектік қондырғы.( 3.3 б- сурет).Аспалар мен мысық-жабдықтар тек монорельс бабындағы шағын кеңістікте пайдаланылады,бұл-олардың кемшілігі болып табылады (3.1ж- сурет).

Аспалы крандар. Аспалы крандар (кранбалкалар) ғимараттар аралығы 30 м-ге дейін болып көтеретін жүк 10 тн-ға дейін болған жағдайларда қолданылады.

Олар негізгі болат бел арқалардан құралып,ұшында жабынның көтергіштік бөліктеріне ілінген рельстер бойынша жылжитын сырғымалар бекітіледі.Aспалы кран майысып кетпеуі үшін сырғытпа негізгі беларқаға қондырылады,ал оның төменгі сөресінде элетрлік аспалы қозғалыста болады.Аспалы крандар цехтың ұзынынан да,көлдеңінен де жүкті алып жүруге мүмкіндік береді,сөйтіп жұмыс алаңын тұтастай қамтиды. Монорельстерді аспаларға қалай бекітсе,аспалы кран рельстерін де көтергіш құрылғыларға солай бекітеді.

Көпірлік крандар.Бір қабатты өндірістік ғимараттарда көпірлік крандар көлік құралының ең кең тараған түріне саналады.Оларды басқару оңай және қарапайым электр қоректендіргіш жүйемен қамтылған.Тек мұндай крандарды қолданған кезде ғимарат биіктігі ұлғайып,оңтайлы шешім алу қиындайды.Көпірлік крандардың жүк көтергіштігі 630 тн-ға дейін жетіп,ғимарат аралықтағы 50 м-ді құрайды.Бұл крандарда ілмек не грейферлер,жүк электромагниттері ж/е басқа да арнайы жүкті іліп алу құрылғылары болады.

Көпірлік екі аралықты крандар кіші жүк көтергіштік-5 тн-ға дейін,орташа 50 тн-ға дейін ж/е ауыр жүк көтергіштік- 250 тн-дан жоғары болуы мүмкін. 15-500 тн крандарда екі ілмек болады,олардың бірі негізгі (жүк көтергіштігі жоғары),екіншісі –көмекші (жеңіл жүктерді көтеру) болып бөлінеді.Шартты түрде мұны 30/5 тн деп белгілесек,мұндағы 30 тн бірінші ілмек те,5 тн-көмекші екінші ілмек.

Көпірлік сырғытпаларға қондырылған екі көпірден (аралықтан) тұрады,сондай-ақ оның құрамына көпірлік жылжыту механизмі бар арбалар кіреді.Кран көпірі екі немесе төрт құрыш беларқадан  не фермадан тұрып,өзара қосарланып байланыстырылады.Арбалар доңғалақтары бар болат кәшектерден құралып,ортаңғы беларқалар не фермалардағы жоғарғы рельстерге қондырылады.Арбаларда жүктерді жоғарыға жылжыту, ғимарат бойымен алып жүру,сондай-ақ кранды  ғимарат аралықтарымен қозғап отыру механизмдері орналастырылған.

Өндірістік ғимараттарды жобалау негіздері