Өндіріс шығындары

        Жоспары 

  1. Шығындардың мәні.
  2. Шығындардың түрлері.
  3. Табыс және пайда.
  4. Шығындарды жіктеу
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігін көрсету. Шығындардың  нарықта құн формасынан алынған  ресурстар шығыны, яғни өнім өндіріп  өткізілетін өндірістік ресурстарды  пайдаланудың ақшалай көрінісі туралы түсіндіру.

    Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. 

    Өндіріс шығындарының классификациясы

  1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
 
 

    

      
 
 

    

    

      

          Жоғарыда келтірілген  схемаға мынадай тұжырым жасауға  болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

    Экономикалық  шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

    Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.

    Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б. 

    
  1. Өндірілген  өнім көлемінің өзгеруіне  байланысты:

    

    

    Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді.

    Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың  еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде көруге болады.

      Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

    Өзгермелі шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

  1. Пропорционалды өзгермелі шығындар - егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.
  2. Дегерессивтік өзгермелі шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады.
  3. Прогрессивтік өзгермелі шығындар - өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.
 

         a) б) c)

        

     C C  Vc C Vc

          

              Vc 
     

              Q  Q  Q 

          

    3. Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.

      

          

    Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің  бір бөлігін өндіруге жұмсалған  шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады.

        4 Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

    4.1. Өнім өндірісінде бір данаға  шыққан шығындарды білу үшін  орташа шығындар есептелуі:

  • орташа тұрақты шығындар;
  • орташа өзгермелі шығындар;
  • орташа жалпы шығындар.

    Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

  1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.
  2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.
  3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.
    1. Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі.

    Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

    Өндірістің  қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар  өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты  және өзгермелі түрде болады.

    Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

  1. МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар,

      Q Q = өндірілген өнім саны.

    2. АС = ТС ,

      Q АС – орташа жалпы шығындар.

     

    3. АҒС = ҒС . АҒС- орташа тұрақты шығындар.

      Q

    4. АVС = VС АVС – орташа өзгермелі шығындар.

     Q

      Фирма тұрақты шығындарын өтеген  соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім  кезеңге ауысады. Мұндай жағдайда  кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын  болса, фирманың барлық шығындары  өзгермелі болады.

    Егер  өнімнің қосымша бірлігін өндіру шығыны сату бағасынан арзан болса, онда шекті шығындар фирманың өнімінің бағасымен теңескенше, фирма өндірісті  кеңейте береді.

    Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисығы U формада болады, бұл қысқарманы табыстылық заңымен байланысты еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген  немесе тіркелген өндіріс факторларында  қолданылады. Оны төмендегі қисықтан көреміз 

    Бастапқыда  шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл  өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабының эффектісімен байланысты. МС, АС және АVС қисық  сызықтарының тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың  барынша төмен мағынасына тең  болады.  

    Яғни  MC=minAC

    Егер  нарықтық баға (Р) фирма белгісімен және оған өндіріс көлемі сәйкес деп  есептесек, онда ол өнімді Qont оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіруге болады. Одан ары өндіру тиімсіз.

    Өнімді  өндіруге жұмсалған шығындар жанды  еңбек шығындары мен өндіріс  құрал жабдықтарының шығындарынан тұрады. Фирма өндіретін өнім бірлігі  – зат немесе құн түрінде өндіріс  нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды.

    Фирманың  басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады: 

    
  1. Жалпы табыс  – ТR = PxQ
  2. Орташа табыс – АR = TR = P

     Q

  1. Шекті табыс – MR = ТR

     Q 
 

    Шығындар  және оларды жіктеу

    Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен  басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.

    Өндірістік  есеп міндетіне қаржылық есептержасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау  кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері  көптеген сұрақтарды шешу үшін талап  етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін  құру қажет.

    Бухгалтерлік  ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары  бар, олардың біреуін эталон деп  бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы  ақпарат тағайындауына байланысты.

    Шығындарды  жіктеу әр түрлі белгілер бойынша  жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу  әдісі (тікелей және жанама); өндіріс  көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).

    Шешілетін міндеттерәне қарай шығыстарды жіктеу бар: өнімнің өзіндік құны мен  алынған пайданы есептеу –  келген және шыққан, өндірістіка және кезеңдік; бағалауда есепке  алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім  қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең  шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын  және шектік; бақылау мен реттеу – реттелетін және реттелмейтін.

    Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт  – өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді  талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шыын мәнісінде қайсыбір қызмет адамның  пайдаланылған ресурстарды бағалау  қажет  деп ойлайтынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты  есептеу бағыттарының мысалы болып  табылады. Шығындар есебі жүйесі екі  негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды; жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар  немесе қосымша шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мфсалы, өзгермелік және тұақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.

    Шығыстың  шығыннан айырмашылығы

    Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның  өндірістік қзметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет

    1887 ж ағылшын экономистері шығын  туралы хабардар болуды арттыратын  және оларды бақылауды күшейтуге  мүмкіндік беретін, шығын есебінің  икемдірек жүйесін жасауды ұсынды.  Оның негізіне шығнды шаррты-тұрақты  жіне шартты өзгермеі деп бөлу  жапты. Ғалыдар мынаны анықтады, шартты-тұрақты шығынды өзгерту  өндірілген өнім көлеміне тікелей  байланысты емес, ол шартты-өзгермелі  шағын өндіретін көлемін пропоруионалды  өсуіне немесе кемуіне тікелей  ұлғаяды немесе азаяды. Осы негізде  шығарылған және сатылған өнім  көлеміне және кәсіпорын пайдасын  жоспарлауға байланысты шартты-тұрақты  және шартты-өзгермелі шығын жолдауға  жол алатын «Директ-костинг» тұжырымдамасын  ұсынды. Осыған байланысты кәсіпорынның  өзіндік құнды толық және дәл  анықтау міндетті емес, өзін-өзі  ақтамайтын шығынды болдырпау  күннен-күнге көкейкесті болып  келуде. Нақты шығындарды мөлшерленгендігімен  салыстыратын «стандарт-кост» жүйесінің  өмірге келуі бұл міндеттің  шешуі болып шықты.

    Шыққан  шығындар есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай, ақталмаған шығыстардың пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдалануды  бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл  жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы  қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана қарастырыл қоймай, жауапты адамдарды  тағайындап, жауапкершілік орталықтары  бойынша әртараптандырылды. Осылайша, шығындар есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске де бағытталды.

    Басқару есебі жүйесін толық түсіну үшін мынандай ұғымдардың экономикалық мәнін  білу және шектеу маңызды.

    Шығындар  – шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге  алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болшақта кіріс  әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын  активі ретінде көрсетілетін күн. Бұдан  шығатыны, «Шығындар» ұғымы «Өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені  білінеді өндіріске шыққан шығыстар-өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар  бөлігі.

    Есепті  кезең қатысына орай шығыстар екі  категорияға бөлінеді

      Ағымдағы  есепті кезең;

      Кейінге қалдырылған;

    Есепті  кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға  бөлінеді:

      Ағымдағы  есепті кезең;

      Кейінге қалдырылған.

    Есепті  кезеңнің кірістері мен өзара  байланысының белгілері бойынша  олар мыналарға бөлінеді:

      Осы есепті кезеңде алынған кірістер мен байланыстырылған шығыстар (негізгі  және негізгі емес қызмет шығыстар);

      Ағымдағы  кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы шығыстары.

    Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне  қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есептер және ағымдағы есепті кезеңде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.

    Ұйымның болашақтағы ресурстарына пайда  болу мүмкіндігі белгілеріне қарай  кейінге қалдырылған шығыстар былайша  бөлінеді:

      Инвестициялар (күрделі қаржы);

      Болашақ кезең шығыстары. 

    Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу.

    Шығындар  – басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан құрлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі  бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған  жөн.

    Өндіріс шығындарын жіктеу

    Жіктелуші топ     Шығындар(шығыстар)
Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша
    Негізгі қосымшы
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша Тікелей жанама
Құрамы (біртектілігі) бойынша Ірі элементтік кешенді
Өндіріс көлеміне байланысты Өзгермелі ұрақты
Пайда болу мерзімділігі бойынша Ғымдағы ірі  жолғы
Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару  міндеттері бойынша) Өндірістік  әкімшілік коммерциялық
Тиімділігі  бойынша Өндірісітік өндірістік емес
Бақыланатын мүмкіндігі бойынша Реттелетін  реттелмейтін
Орташалау дәрежесі бойынша Алпы орта
Пайданы генирациялау кезеңіне шығындарды жатқызу  тәртібі бойынша Өнімге кезеңге
 

    Негізгілер – өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқа да шығындар.

    Қосымшалар – өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.

    Тікелейлер – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар).

    Жанамалар – өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді.

    Бірэлементтілер – бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар).

    Кешенділер – бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамының еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).

    Өзгермелілер – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.

    Тұрақтылар – өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.)

    Ағымдағылар – жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары).

    Біржолғылар – еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар.

    Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім-өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны) құрайтын барлық шығындар.

    Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпышаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.

    Коммерциялық  – (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.

    Өнімді  – (жоспарланатын) тиімді технология мен  өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.

    Өндіргіш  емес – (жоспарланбайтын) өндіріс технологиясымен ұйымдастырудағы белгіленген кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.

    Реттелетін – егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды-цех тексерушісі реттейді).

    Реттелмейтіндер – деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.

    Жалпы – өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.

    Орташалар – өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.

    Өнімге – өнімнің өзіндік құнына кететін.

    Мезгілге – мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар.

Өндіріс шығындары