Өндірістің негізгі қорларының амортизациясы және оны есептеу тәртібі

Қазақастан  Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия Ұлттық университеті

 

Экономика факультеті

 

  

 

 

 

 

 

 

«Кәсіпорын экономикасы » пәні бойынша

 

«Өндірістің негізгі қорларының амортизациясы және оны есептеу тәртібі» тақырыбына:

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

Орындаған:

 

Тексерген:   

 

 

 

 

 

Астана, 2012

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

  1. Өндірістің негізгі қорлары...........................................................................4
    1. Өндірістің негізгі қорларына сипаттама.........................................................4
    2. Өндірістің негізгі қорларының тозуына түсінік............................................6
  2. Өндірістің негізгі құралдарының амортизациясы бойынша есебі...........8

2.1 Негізгі құралдың амортизациясын есептеу әдістері......................................8

2.2 Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері.........................................................................................................11

Қорытынды......................................................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санаймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуын өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».[1, 3-4 бет]

Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін  арттыру ғылыми - техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі қорларды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.

Экономиканың  тиімділігін арттыру мемлекеттің  осы заманғы экономиалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше рөлді кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі қорлардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды негізінен жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.

Нарықтық  экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы  оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі қорлардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды меңзейді. Осыдан қолда бар негізгі қорлардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.

Осы ізденіс жұмысымның басты мақсаты - негізгі қорлардың еліміздің байлығында қалыптастыру және кәсіпорында қалай жүргізілуін қамтамасыз ету. Бұл ізденіс жұмыс негізгі қорлардың экономикалық мәнін, жіктелуі мен амортизация тәсілдерін, сондай-ақ оларды экономикалық тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің рөлін ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Өндірістің негізгі қорлары
    1. Өндірістің негізгі қорларына сипаттама

 

Өндіріс қорлары еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі өндіріс қоры – ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдың игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизациялық жарна түрінде аударатын өндіріс қорларын айтамыз.

Кәсіпорынның  өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.

Қордың  әр түрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес. Міне, осындай жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндіріс қорлары негізгі және айналым болып бөлінеді.

Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі өндіріс  қоры – өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс қоры – бұл қор өндіріс  үрдісіне тікелей қатысатын –  машина күштері мен жабдықтар  немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі қормен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы қызметкерлерге қызмет ететін объектілер ) – өндірістік емес қорларға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін – тұрғын үй қоры, мәдени – тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп және т. б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі өндіріс қоры төмендегідей болып бөлінеді:

  1. Өндіріс ғимараты;
  2. Ірі құрылыстар;
  3. Беріліс қондырғылар;
  4. Күш машиналары мен жабдықтар;
  5. Жұмыс машиналары мен жабдықтар;
  6. Өлшеуіш және реттеуші приборлардың барлық түрлері мен зертханалық жабдықтар;
  7. Шаруашылық және өндіріс инвентарлары;
  8. Инструменттер, аспаптар;
  9. Көлік машиналары;
  10. Басқадай негізгі қорлар түрлері.

Әрбір топтағы негізгі өндіріс  қорының құндарының жалпы өндіріс  қорына үлес салмағын (%) өндірістегі құрылымын көрсетеді. Негізгі өндіріс қорының құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарда өзінің қолдауына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады.

Негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін – ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық үрдісін дамытуына көмектеседі. Мұндай негізгі өндіріс қорының бөлігін – енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әсіресе өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың белгісі бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруде шешуші рөл атқаратын өндіріс қорларының – белсенді бөлігіне жатқызады.

Өндірісте негізгі қордың белсенді бөлігінің құны арқылы кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын  қордың тиімділік көрсеткіштері  жоғарылап, кәсіпорынның техникалық деңгейі және қуаттылығы артады.

Негізгі өндіріс қорын есепке алғанда  және жоспарлағанда, сонымен бірге  негізгі өндіріс қорының өндіріс  қуаттылығын анықтағанда табиғи және құн түрдегі көрсеткіштері  қолданылады.

Жұмыс істеп тұрған негізгі қорлар бухгалтерлік есепте олардың баланстық  құны бойынша көрсетіледі.

Негізгі өндіріс қорлары келесідегідей  бағаланады:

    • Бастапқы құны бойынша, оған қорға ие болғандағы құны, оны жеткізу және құрастырып орналастыру шығындары кіреді;
    • Қалпына келтіру бойынша, яғни оған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесіндегі құны жатады;
    • Қалдық құны бойынша, яғни бастапқы құнының немесе қалпына келтірілген құнның тозу құнының айырмашылығымен анықталады;

Негізгі өндіріс қорының қалдық құнын мына формуламен анықтауға болады:

 

Ққ = НҚбқ  - (НҚбқ * Ма/100 * t),

 

мұнда,  Ққ - қалдық құны;

НҚбқ – негізгі өндіріс қорының бастапқы құны, теңге;

Ма –толық қалпына келтіру амортизациясының мөлшері, %;

t – негізгі өндіріс қорының нақты жұмыс істеген уақыты, жыл.

Негізгі өндіріс  қорының ұзақ уақыт жұмысқа қатысу үрдісінде немесе жұмысқа қатыспай тұруынан тозып, өзінің пайдалы қасиеттерінен  айырылып, яғни табиғи және сапалы тозуға душар болады. [2, 91-94 бет]

 

 

 

 

 

 

    1.  Өндірістің негізгі қорларының тозуына түсінік

 

Негізгі қорлар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу - бұл физикалық және моральдық мінездемелерінен айырылу.

Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану  және сыртқы факторлардың әсер ету  нәтижесі болып саналады.

Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі  даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі  процесті білдіреді.

Негізгі қорларды моральды тоздыратын факторлар:

1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);

2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);

3. Шығарылған  өнім номенклатурасының жаңаруы  мен өзгеруі (бұл орайда ескі  машиналар мен жабдықтар жаңа  өнім шығаруға жарамсыз);

4. Тауар өндіруге  арналған машиналар мен жабдықтардың  санын азайтуға субъектіден талап  ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;

5. Жұмыс күшінің,  білікті қызметкерлердің еңбекпен  қамтылуындағы, өндірістің географиялық  орналасуындағы өзгерістер. Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін;

6. Өнеркәсіптің  өңдеуші салаларындағы шикізат  құрамының жиынтығындағы өзгеріс,  өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі.

Бұлар өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс  көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде  физикалық тозу басталғанға дейін  негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал  объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан  кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің  ескерткіші болып табылатын үйлер  мен ғимараттардан басқа негізгі  құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.[4, 89-92 бет]

Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация  сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі  құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын  қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың  түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.

Амортизациялық  аударымдар амортизация нормалары  бойынша жасалынады.

Амортизация нормасы - бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.

Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын  өтеу көзін таба білуден тұрады.  Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады.  Амортизациялық жарналардың сомасын  көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.

Жұмыс істеген  бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс. [5, 35-37 бет]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Өндірістің негізгі құралдарының амортизациясы бойынша есебі

2.1 Негізгі құралдың амортизациясын есептеу әдістері

 

Негізді құралдардың амортизациясын есептеудің әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші  субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына  сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатына амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

-құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен  шығару;

-құнын орындалған  жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар) етіп есептен  шығару (өндірістік әдіс);

-жеделдетіп  есептен шығару;

Негізгі құралдардың түрлері бойынша  амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі  құралдың бір түрі бойынша бір  ғана тәсілі пайдаланады.

Таңдап  алған амортизацияны  есептеу  әдісі субъектінің есептік саясатымен анықталуы тиіс және ол бір есептік  жылдан екінші бір есептік жылға  өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны  есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.

Ал бюджеттік  мекемелер бойынша тозудың есептеу  әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың  еншісінде болады.

Негізгі құралдардың құны бойынша  амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі,   яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелді норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

Бұл тәсілде  амортизациялық соманы аудару үшін:

-қызмет етудің  пайдалы мерзімі. Бұл кезде  пайдалануға берілген объектінің  жағдайы ескеріледі және күтіп  ұстау жағдайына да байланысты  болып келеді (жөндеу мәселесі  және техникалық жағдайы, ауа  райының оған тигізетін әсері  т.б.)

-Қазақстан  Республикасының салық заңдарының  белгіленген амортизациялық нормасының  шегінде. Шаруашылық жүргізуші  субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан  аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің  бастапқы құны - 100 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20% –ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.

Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.

 

Бастапқы  құн-жойылу құны       100 000-10 000

------------------------------------    =  --------------------    = 18 000теңге

        Пайдалану мерзімі        5 жыл

 

Осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 1500 теңгеге тең болады (18 000 : 12).

Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.

 

Негізгі құралдардың  амортизациясын (тозуын)  бірқалыпты әдіс бойынша  есептеу

 

 

Мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған тозу сомасы

Қалдық құны

Сатып алынған мерзімі:

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

 

100 000

100 000

100 000

100 000

100 000

 

18 000

18 000

18 000

18 000

18 000

 

18 000

36 000

54 000

72 000

90 000

 

82 000

64 000

46 000

28 000

10 000


 

Негізгі құралды пайдалану барысында  бірқалыпты табыс алынатын болып  топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол объектінің пайдалылығының біртіндеп  азайғанын көрсетеді.

Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың  көлеміне пропорционалды түрде есептеу  әдісі (өндірістік тәсілі) негізі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокөлік белгілі бір операцияларды (жұмыстырды) орындады делік, ал оның жүретін жолы 900 000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.

 

            Бастапқы құн – жойылу құны

--------------------------------------------------------- = (100 000-10 000):900000км=0,10 теңге

 Орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері

 

Егер  пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200 000 шақырым (км) жол жүрсе, екінші жылы - 300 000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы-100 000 шақырым, төртінші жылы-200000 шақырым және бесінші жылы-100 000 шақырым жол жүреді деп шамаланса – амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.

 

Негізгі  құралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша  есептеу

 

 

Мерзімі

Бастапқы құны, тг

Орындалған жұмыс көлемі, км

Амортизацияның жиынтық сомасы,тг

Жинақталған тозу сомасы, тг

Қалдық құны, тг

Сатып алынған мерзімі:

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

 

 

 

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

 

 

 

200 000

 

300 000

 

100 000

 

200 000

 

100 000

 

 

 

 

20 000

 

30 000

 

10 000

 

20 000

 

10 000

 

 

 

 

20 000

 

50 000

 

60 000

 

80 000

 

90 000

 

 

 

 

80 000

 

50 000

 

40 000

 

20 000

 

10 000


 

Бұл кестеде  жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей  пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.

Өндірістік  әдіс бойынша амортизацияны есептеу  тау-кен өнеркәсібінде ең қолайлы  әдіс болып саналады. Аталған өндірісте  амортизацияны есептеу тонна  мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану  мерзімі ішінде объектінің қайтарымы  барынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.

Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген  әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай.

Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдісте кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық  әдісі деп те атайды. Мысалы, жоғарыда айтылған автокөліктің қызмет ету (пайдалану) мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20% болады (100%:5).

Екі еселенген  нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау номасы мынаған тең 40% (20%х2) болады. Бұл белгіленген ставка (40%) қалдақ құнға әрбір жылдың соңында жатқызылады.

Қалдық  құнды азайту үшін қажеттішамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеген  кезде жойылу кұны есепке алынбайды  деп саналады. Автокөліктің бастапқы құны 100000 теңге. Бес жыл бойы амортизация  мынадай мөлшерде есептелінеді.

 

 

Мерзімі

Бастапқы құны

Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы

Жинақталған жылдық амортизацияланған сомасы

Айға есептел-ген амортиза-цияның сома-сы (теңге)

Сатып алынған мерзімі

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

 

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

100 000

 

 

40%х100000=40000

 

40%х60000=24000

 

40%х36000=14400

 

40%х21600=8640

 

2960

 

 

40000

 

64000

 

78400

 

87040

 

90000

 

 

3333

 

5333

 

6533

 

7253

 

7500


 

 

2.2 Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің ерекшеліктері

 

Жерді тұракты  пайдалану құқығы мен жерді меншік құқығы ретінде есепке алу. Қазақстан  Республикасының "Жер туралы”  заңына сәйкес жер территориялық  кеңістік болып саналады, оның шегінде Қазақстан Республикасының суверенитеті, табиғи ресурстары, жалпыға бірдей өндіріс процесі және территориялық негіздегі кез келген еңбек процесі белгіленген. Жер өндіріс процесі ретінде еңбек процесінің және экономиканың бірқатар саласының, атап айтқанда, ауыл және орман шаруашылығының қажетті материалдық алғы шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікке жатады. Сондай-ак, бекітілген заңдар негізінде, шарттар мен шектеулерге байланысты жер жеке меншікке берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында жердің мемлекеттікте, жеке меншік те түрлері бірдей қорғалып және танылады. Кез келген меншік иесі заңға қайшы келмейтін кез келген мәмілені жасауына болады.

Мемлекет меншігіндегі жерден оның учаскелерін:

  • сатуға немесе жеке меншікке тегін пайдалануына;
  • тұрақты немесе уақытша пайдалануына;
  • заң актілерінде қаралған шарттары бойынша жерге деген құқын сатуға болады.

Жерді пайдалану құқы - мемлекет меншігінде тұрған жер учаскелерін тұлғалар ұзақ (тұрақты) немесе белгілі бір мерзімге немесе тегін пайдалануына құқығы бар. Жерді пайдалану құкығы: мемлекеттік органдарының актісінің, азаматтық - құқықтық мәміленің және басқа да заңмен қарастырылған кезінде пайда болады.

Өкілетті  органдардың беретін жер учаскелеріне кұкын куәландыратын құжаттар болып: жерді тұрақты және жер учаскелерін жеке меншікке пайдаланған кезде жерді тұрақты пайдалану құқын және жер учаскелерін меншікке беру құқын растайтын актісі;

жерді уакытша  пайдалануға құны бойынша беру — жер учаскелерін жалға беру туралы келісім-шарты;

жерді уақытша тегін беру - жерді тегін беру туралы келісім-шарты.

Жерді тұрақты  пайдалану құкығы мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі:

  • ғимараттарға, кондоминимум объектілеріндегі үй-жайларға иелік ететін заңды тұлғаға;

Кондоминимум — қозғалмайтын мүлікке бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі меншіктің ерекше формасы, бұл жағдайда тұрғын үйдегі жекелеген пәтерлер азаматтардың немесе заңды тұлғалардың меншігінде болып, ал тұрғын үйдің өзі кәсіпорынның (жеке меншік пәтерлердің кооперативтеріндегі тұрғын үй - оларға жалпы үлестік меншік құқықтарында тиесілі) иелігіне жатады.

  • ауыл және орман шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғаға;
  • жердің пайдалануын айрыкша табиғи аймақтарын қорғайтын занды

тұлғаға;

  • заң актілерімен қарастырылған, басқа да жағдайларда.

Жерді қысқа мерзімді пайдалану үшін 5 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді пайдалану үшін 5 жылдан 49 жылға дейін алады. Жерді қысқа мерзімге пайдалану үшін, оның пайдалану мақсаты көрсетіледі.

Жерді баска  да құралдармен салыстырғандағы айырмашылығы - шаруашылык айналыстағы жердің тұтыну құны ұтымды пайдаланған кезде тез азайып кана коймай (құнарлылығынын кемуі), сонымен қатар, жақсара түседі. Осыған байланысты жер амортизацияланбайтын болып саналады.

Жерді пайдаланушылар мемлекетке жер үшін төлем төлейді. Жеке меншікке немесе жалға берілетін жерлердің телем мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жыл 16 маусымдағы №210-10 заңымен бекітілген.

Жер телімінін  нақты бағалау құнын жеке меншікке берілетін жерлер үшін белгіленген базалық мөлшерлемеге сәйкес, өкілеттілігі бар органдар анықтайды. Елді мекендердің сыртындағы жер уческілерін бағалау үшін жер үшін төленетін базалық мөлшерлеменің 10% алады.

Әрбір кәсіпорын  жердің оперативтік және бухгалтерлік есебін жүргізеді.

Әрбір жер телімі бойынша негізгі құралдарды есептеудің мүліктік карточкалары ашылып, жердің аналитикалық есебі жүргізіледі.

Карточкалар “Жер теліміне меншік құкығын беру, жерді тұрақты пайдалану құқығы туралы Актілерінің” негізінде толтырылады. Карточкада: жер телімінің реттік нөмірі (код); жерді пайдаланушы (толық мекен жайы); жер телімінің аумағы (көлемі); жер телімінің пайдалану мақсаты; пайдаланудағы шектеулер және жер телімінің ауыртпашылығы (егер олар бар болса); жер телімінің бөліну мүмкіндігі; “Жер теліміне меншік кұкығын беру, жерді тұрақты пайдалану актісінің” берілу негізі және басқа да мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Карточкеде, сондай-ақ жер телімінің шектесетіндері (аталған телімі кімдердің жерімен шектесіп жатыр); құнарлылық (пайдалануға жататын жердің) түрлері, топырақ типтері мен тип тармақтары (ауыл шаруашылығына арналған жер үшін), жер үшін төлем мөлшерлемесі (теңге); жер ақысына түзету коэффициенті; жер телімі және бағалау құны және жерді пайдаланушының ырқы бойынша басқа да мөліметтер көрсетіледі. [3, 49-63]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Шаруашылықтың әр саласында, натуралдық-заттық белгі бойынша, негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді: ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары; саймандар; өндірістік мүліктермен иеліктер; шаруашылық мүліктері; үлкен жұмыс малы мен өсім малы; кітапхана қоры; жерді жақсартуға күрделі шығындар (ғимараттардан басқа); мұражай құндылықтарымен басқа объектілер; басқа да негізгі құралдар.

Өндірістің негізгі қорларының амортизациясы және оны есептеу тәртібі