Өндірістік практика есебі

 
 
 
 
 

                             Экология және биотехнология  кафедрасы 
 
 
 

Өндірістік практика есебі 
 
 
 

                                            Орындаған:

                                          Тексерген: 
 
 
 
 

                              Жоспар

1.Кәсіпорынның сипаттамасы;

2.Ұйымдастырушылық  құрылымы;

3.Маманданған жұмыстары;

4.Өндірістің орындалған  жұмыстарының көлемі,өзінің орындалған  жұмыс көлемі;

5.Орындалған жұмыстарының  технологиялық картасы;

6.Еңбек қорғау;

7.Қорытынды және  ұсыныстары;

8.Әдебеттер тізімі; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Жайық-Каспий экология департаменті Батыс Қазақстан  облыстық филиалының атқарылған жұмыстары  туралы ақпарат 

    

    

   1.   Филиалдың реквизиттары:

   Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті «Жайық-Каспий экология департаментінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы» ММ

   Филиалдың бастығы: Қазтуғанов Төлеген Мақсотұлы 
 

   3. Филиалдың  басшысы туралы мәлімет:

   Қазтуғанов  Толеген Мақсотұлы –Жайық-Каспий экология департаменті Батыс Қазақстан  облыстық филиалының басшысы, 1967 жылы 14 сәуірде БҚО, Камен ауданы Крупский ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. 

   1984-1985 ж.ж-  Камен ауданы Крупский ауылында  жұмысшы; 

   1985-1987 ж.ж  – СА әскери қатарында болған;

   1987-1992 ж.ж  – Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы  институтының студенті;

   1992-1995 ж.ж  – НГГХ «Казахгазпром» әлеуметтік дамыту бөлімінің маманы;

   1995-1997 ж.ж–  Специалист 1 категорий отдела хоз.  обеспечения НГГХ    

    «Казахгазпром» шаруашылықпен қамтамасыз ету бөлімінің 1 санатты маманы;

   1997-1998 ж.ж  – Зам. управ. делами НГХ «Казахгаз» істері басқармасының орынбасары;

   1998-1999 ж.ж  – « Уральсктрансгаз» ДАҚ бас директорының орынбасары;

   1999 ж.-  « Уральсктрансгаз» ДАҚ бас директорының м.а.;

   1999-2000 ж.ж  –  «Колесо» ЖШС коммерциялық директоры;

   2000 ж - «Гороформление» МКК директоры, «Уральсоблгаз» АҚ істерін басқару;

   2000-2005 ж.ж  –«Уральскоблгаз» АҚ коммерция және маркетинг бойынша Вице-президенті ;

   2005-2009 ж.ж  – «Жайыктеплоэнерго» АҚ бас директоры;

   2009 ж –  «Дала кыраны» ЖШС директорының кеңесшісі, «БҚО Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының» бас маманы;

   2009 ж- к/д  Жайық-Каспий экология департаменті  БҚО бойынша мемлекеттік экологиялық  бас инспектор, бастықтың орынбасары. 
 
 

   4. Органның  маманданған жұмыстары:

    Органның  негізгі міндеттері мыналар болып  табылады:

    1) Батыс Қазақстан облысы аумағында қоршаған ортаны қорғауға мемлекеттік саясатты жүргізу;

    2) Облыстағы  қоршаған ортаны қорғаудағы және  табиғат ресурстарын мемлекеттік  бақылауды қамтамасыз ету, табиғат  қорғау заңнамаларын, экологиялық  нормативтер талаптарын сақтау;

    3) Батыс  Қазақстан облысы аумағындағы  қоршаған ортаның және табиғат  ресурстарының мониторинг  жүйесін  ұйымдастыру;

    4) аймақтық  табиғат қорғау бағдарламаларын  келісу мен шаралар жоспары  шеңберінде әлеметтік-экономикалық  дамыту және оны жүзеге асыруды  бақылау;

    5) экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру, облыстағы қоршаған ортаны қорғау саласын ағарту жүйесін дамыту;

    6) облыстағы  қоршаған ортаны қорғаудың қоғамдық  бірлестіктерімен ынтымақтастық  қарым-қатынас жасау;

    Филиалы  белгіленген заңнамалық тәртіппен  төмендегідей қызметтер ақарады: 

    1) облысы  аумағында қоршаған ортаны қорғауға  мемлекеттік саясатты жүргізуді  қамтамасыз етеді;

    2) бекітілген  министрліктің тәртібіне сәйкес  рұқсат беріледі, табиғат пайдалануға  рұқсат алуды жойылуы және  оған есебі жүргізіледі;

    3) қоршаған  ортаның мониторингінің аумақтық  жүйесін ұйымдастыруға  және  өндірістік мониторинг бағдарламаларын  және өндірістік бақылау жоспарын  келісуге қатысады;

    4) облыс  аумағындағы табиғат ресурстары, қоршаған ортаның мониторингінің  мемлекеттік жүйесінің шеңберінде  жұмысты жүргізіеді;

    5) қоршаған  ортаның бағасын, ластану факторларымен  көздерін анықтап, ақпараттарға  сәйкес ұсыныстарын Министрлікке  жолдап, жүзеге асырады;

    6) стратегиялық, трансшекаралас және  экологиялық  қауіпті шегіндегі обьектілер  үшін мемлекеттік экологиялық  сараптама ұйымдастырылып, жүргізіледі,  қоршаған ортаға әсерінің, оның  ішіне кіретіндері: атмосфераға  шектеулі рауалды шығарындылар, жер үсті, жер асты суларының  төгінділері, зиянды заттарды  көму көлемдері және жергілікті  жердегі және жер қойнауларындағы  қалдықтарды орналастыру көлемдері  нормативтері келісіледі немесе  бекітеді. 
 
 
 
 
 
 

   Батыс Қазақстан  облысының, Орал және Ақсай қалаларының  ірі өнеркәсіптік орталықтарының ауа  қабатының жағдайы есеп беру кезеңінде  бірқалыпты көрсеткішпен бағаланады.

     

    Жүргізілген  мониторингтің нәтижесі бойынша  ағымдағы жылда Орал қаласында  атмосфералық ауаның жағдайы,  өткен жылмен салыстырғанда кішкене  жақсарды. Орал қаласының атмосфералық  ауасының ластануын байқау мәліметтері  бойынша орташа республика бойынша  аитарлықтай төмен: ағымдағы жылы  атмосфералық ауаның ластану  индексі (АЛИ5) 2,6-ны құрады (2008 жылы-2,4).

    Жедел  мәліметтер бойынша көміртегі  оксиді 1,9 есе (0,3 ШРК ор. тәул.) концентрациясының  төмендеуі байқалды. Күкіртсутегінің  концентрациясы өткен жылмен  бір қалыпта қалған 0,001 мг/м3 (0,125 ШРК). Аздап, азот диоксиді концентрациясының  1,5 есе өскені (0,68 ШРК) және күкірт  диоксиді 1,3 есе өскені(056 ШРК) және  шаң 1,1 есеге (1,1) байқалады.

    Шаң  бойынша ШРК аз мөлшерде көбейгені  анықталды, ол 1,1 ШРК. Есеп беру  кезеңінде анықталған ингредиенттер  бойынша ШРК артықтық анықталған  жоқ.

    Ағымдағы  жылы Ақсай қаласының атмосфералық  ауасының жағдайында өткен жылмен  салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс  байқалмайды. Аздап-қана көміртегі  оксиді бойынша концентрацияның  1,15 есе төмендегені (0,31 ШРК), ал  күкірт диоксиді бойынша концентрацияның  1,2 есе өскені байқалады (0,44 ШРК)  және шаңы 4,5 есе өскені байқалады  (0,06 ШРК) . Күкіртсутегі және азот  диоксидінің концентрациясы өткен  жылғы денгейде қалып, 0,002 мг/м3 (0,25 ШРК) және 0,031 мг/м3 (0,76 ШРК) құрайды.

    Ақсай  қаласының атмосфералық ауасында  кукіртсутегі концентрациясының  көптігі маусым айында байқалғанын  атап айтқан жөн. Ол 0,003-0,004 мг/м3  құрап, сәйкесінше 0,38-0,5 ШРК құрайды,  ал азот диоксиді бойынша концентрациясының  көптігі солай маусым айында  болып, 0,035-0,04 мг/м3 құрап, сәйкесінше 0,88-1,0 ШРК құрады.

    Есеп  беру кезеңінде анықталған ингредиенттер  бойынша ШРК артықтық анықталған  жоқ.

    Батыс  Қазақстан облысының ауа қабатын  ластайтын негізгі көздер болып  табылатын мұнай-газ кешені кәсіпорындары,  жылу беретін қазандар, автокөліктер  және элеваторлар. Олар атмосфераға  азот қышқылдарын, көміртегін, күкірт  ангидридін, күкіртсутегін, ұшқыш  органикалық қосындылар және  органикалық емес шаңдарды шығарады.

    Облыс  бойынша тұрақты көздерден атмосфералық  ауаға шығарылатын ластағыш заттар  шығарындыларының динамикасы: 1997ж.-13,3 мың тонна, 20001ж-33,6 мың тонна, 2003ж.-58,4 мың тонна, 2004ж.-93,7 мың тонна, 2005ж.-76,4 мың тонна, 2006ж.-52,3 мың тонна, 2007ж.-46,3 мың тонна, 2008 жылы – 42,0 мың тонна, ал 2009 жылы шұғыл мәліметтерге сәйкес, 56,0 мың тонна болды. 

    6.   Қоршаған ортаның мемлекеттік   бақылауы және табиғат қорғау  заңнамаларының орындалуы.

    2009 жылы  бойынша экологиялық инспекциясы  433 табиғат пайдаланушыларға тексеріс  өткізді.

    Есеп  кезеңіндегі салынған 216 айыппұлдың 122 заңды тұлғаларға, 32 жеке тұлғаларға, 62 лауазымды тұлғаларға салынды.  Салынған айыппұлдардың жалпы  сомасы 5 934 265,1 мың. теңгені құрады, оның 5 933 057,1 мың теңгесі  заңды  тұлғаларға болса, 260,4 мың теңгесі  жеке тұлғаларға салынған, 947,6 мың  теңгесі лауазымды тұлғаларға  салынды.

    Қоршаған  ортаға зиянды әсер тигізгені  үшін 95 заңды тұлғаларға  келтірілген  шығынды қайтарып алу үшін  жалпы сомасы 46 749,6 мың. теңге айыппұл  төленген.

   Экологиялық талаптар мен нормалардың сақталуын  насихаттау бойынша өткізілген кездесулер, БАҚ шығу туралы мәліметтер. 

   Облыстың  экологиялық мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару және қоршаған ортаны туралы экологиялық ақпаратты тарату бойынша Жайық-каспий экология департаментінің  Батыс Қазақстан облыстық филиалы  мамандары үнемі облыстық, қалалық  және аудандық басылымдарда мақалалары жарияланып, «Ақ қайнар», «Маман кеңесі», «Это актуально» радиобағдарламалар, облыстық телеарналардағы тікелей эфирде «Ел алдында», «Время вашего вопроса» телебағдарламаларына қатысып тұрады.

    Филиал  тоқсан сайын экологиялық жаршы «Жайық табиғаты». 

    2009 жылы бойынша басылымдарда 32 мақала жарияланса, телевидение, радиодан берілген сұхбаттар саны 35, экологиялық тақырыпта 32 дәрістер оқылды. 

   8. Қоршаған  ортаны ластауға рұқсат беру  және оның  есебі.

    2009 жылы  бойынша Жайық-Каспий экология  департаментінің облыстық филиалында 1 санат бойынша  қоршаған ортаға  эмиссияға 16 тапсырыс қабылданды, оның 3-і қаралу үстінде, 3 тапсырыс  ұсынылған материалдардың жетіспеушілігінен  кері қайтарылды, ал 9 тапсырыс бойынша  қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат  рәсімделді.

    2008 жылдың  аяғында қабылданған 25 тапсырыс  материалдары қаралды, оның  22-сі  бойынша рұқсат рәсімделіп, 3 тапсырыс  өңдеу үшін кері қайтарылды. 

   9. Экологиялық  ақпаратты тарату, мемлекеттік емес  ұйымдармен және бұқаралық ақпарат  құралдарымен жұмыс

    Облысымыздағы   қоғамдық бірлестіктердің ішінде  қоршаған ортаны қорғау бойынша  қоғамдық бақылаудың міндеті  БҚО бойынша облыстық үкіметтік  емес экологиялық ұйым Ассоциация  жарғысында қарастырылған.

    Ағымдағы  жылдың наурыз айынан бастап  тұрғындар арасында экологиялық  үгіт-насихат және ағарту жұмыстарын  жүргізу үшін облыстық экологиялық-биологиялық  орталық базасында «Жас эколог» ЖҚҰ өз жұмысын бастады.

    2009 жылдың 1-жартыжылдығында Батыс Қазақстан  облысының үкіметтік емес ұйымдар  ассоциациясы мен «Жас эколог» ЖҚҰ мүшелерінің  қатысуымен облыстық санитарлық-экологиялық айлық барысында Ақсай қаласындағы кездейсоқ қалыптасқан қоқыстамен күрес жөнінде сход жиналыстарын, Жайық өзенінің су қорғау аймақтарын тазалау акциялары   өткізілді. 

    «Ақсай қаласы тұрғындары арасында экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу» жобасы аясында Ассоциация  мүшелері Бөрлі ауданының ауылдық округтері аумақтарын көгалдандыру және тазалау жөнінде қоғамдық тыңдау өткізді. Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша БҚО үкіметтік емес экологиялық ұйымдар Ассоциациясы және «Жас эколог» ЖҚҰ-ның бастамасымен «Шанхай» шағын ауданында күздік ағаш отырғызулар жүргізу туралы шешім қабылданды.

    Батыс  Қазақстан облысының үкіметтік  емес ұйымдар ассоциациясы мүшелері  қоғамдық тыңдауларға да белсенді  қатысады. Мысалы, ағымдағы жылдың 20 наурызында ассоциация мүшелерінің  қатысуымен Ақжайық ауданы Базаршолан  ауылындағы Сатимолла кен орнындағы  сүзу алаңдары мен ҚТҚ полигоны  ның қоршаған ортаға әсерін  бағалау, 27 наурызда  Бөрлі ауданы  Ақсай қаласындағы Қарашығанақ  өндірістік кешенінде көмірсутек  шикізатын тазалау және 4 технологиялық  линиясы құрылысы барысында қоршаған  ортаға әсерін бағалау  туралы  қоғамдық тыңдауларға қатысты.

   10. Желілі  кестедегі барлық шаралардың  орындалуы туралы ақпарат.

    2009 жылы  бойынша   ЖКЭД БҚОФ-ның желілі  кестесі бойынша 122 шара өткізу  жоспарланған болатын, нақты түрде  203 шара орындалып, ал 81 желілі  кестенің жоспарынан тыс шара  орындалды.

    Қаңтар  айы бойынша барлығы 6 шара  өткізу жоспарланған болатын,  соның нақты түрде 11 шарасы  орындалды, ал 5 шара кестеден  тыс орындалған. Ақпан айы бойынша  барлығы 5 шара өткізу жоспарланған  болатын, соның нақты түрде  8 шарасы орындалды, ал 3 шара кестеден  тыс орындалған.Наурыз айы бойынша  барлығы 9 шара өткізу жоспарланған  болатын, соның нақты түрде  18 шарасы орындалды, ал 9 шара кестеден  тыс орындалған.Сәуір айы бойынша  барлығы 12 шара өткізу жоспарланған  болатын, соның нақты түрде  27 шарасы орындалды, ал 15 шара  кестеден тыс орындалған.Мамыр  айы бойынша барлығы 12 шара өткізу жоспарланған болатын, соның нақты түрде 17 шарасы орындалды, ал 5 шара кестеден тыс орындалған. Маусым айы бойынша барлығы 17 шара өткізу жоспарланған болатын, соның нақты түрде 22 шарасы орындалды, ал 5 шара кестеден тыс орындалған. Шілде айы бойынша барлығы 12 шара өткізу жоспарланған болатын, соның нақты түрде 18 шарасы орындалды, ал 6 шара кестеден тыс орындалған. Тамыз айы бойынша барлығы 9 шара өткізу жоспарланған болатын, соның нақты түрде 15 шарасы орындалды, ал 6 шара кестеден тыс орындалған.Қыркүйек айы бойынша барлығы 15 шара өткізу жоспарланған болатын, соның нақты түрде 22 шарасы орындалды, ал 7 шара кестеден тыс орындалған.Қазан айы бойынша барлығы 11 шара өткізу жоспарланған болатын, соның нақты түрде 19 шарасы орындалды, ал 8 шара кестеден тыс орындалған.Қараша айы бойынша барлығы 11 шара өткізу жоспарланған болатын, соның нақты түрде 17 шарасы орындалды, ал 6 шара кестеден тыс орындалған.Желтоқсан айы бойынша барлығы 3 шара өткізу жоспарланған болатын, соның нақты түрде 9 шарасы орындалды, ал 6 шара кестеден тыс орындалған.

    Желілі  кестеде көрсетілген барлық шаралар  өткізіліді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Жайық-Каспий департаментінің өзіндік орындалған жұмыс көлемі және оның міндеттерінің  шешу жолдары:

Қоршаған  ортаны қорғау

1 - мақсат: қоршаған орта жағдайын тұрақтандыру және жақсарту

Нысаналы  индикаторлар:

  • 2015 жылға атмосфераға шығарылатын жалпы зиянды заттардың азаюы – 6,6%  (2009 жыл - 0)
  • 2015 жылға ақаба сулармен келетін ластанулардың төмендеуі – 3,3% (2009 жыл – 0)
  • 2015 жылға қалдықтардың жиналуы мен қайта өңдеудің үлесі - 8%  
    (2009 жыл - 7%)
  • 2015 жылға Жайық өзені суының көтерілуі – 100% ( 2009 жыл – 78,8%)
  • 2015 жылға Қиғаш өзені суының көтерілуі – 100% ( 2009 жыл – 90%)
  • 2015 жылға Жайық өзеніндегі судың ластану индексінің көрсеткіші (СЛИ) - 30% (2009 жыл – 60%)
  • 2015 жылға Қиғаш өзеніндегі судың ластану индексінің көрсеткіші (СЛИ) – 40% (2009 жыл– 65%)
  • 2015 жылға су объектілерінің су қорғау белдеулері және аймақтарының белгіленуі – 40% (2009 жыл – 65%)
  • 2015 жылға суды жалпы тұтыну балансында жер асты суларын пайдалану – 5,6% (2009 жыл – 6%)
  • 2015 жылға өзағар гидрологиялық ұңғымаларды жою мен тоқтату – 100% (2009 жыл – 23%)
 

Негізгі міндеттер:

№ Көрсеткіш 1- кезең 2 -кезең
2011 ж. 2012ж. 2013ж. 2014ж. 2015 ж.
1 2 3 4 5 6 7
1 міндет. Ластаушы заттардың жалпы шығарындылары деңгейінің төмендеуі
11 Ауа ластануының төмендеуі, мың.тонна (2009 ж. – 13,9) 14,1 13,7 20,4 23,4 27,4
Қойылған  мақсаттарға қол  жеткізу және міндеттерді  шешу жолдары:

     АМӨЗ  және басқа өндірістік объектілердің (қала ішіндегі мекемелердің)  Орал қаласы халқының денсаулығы мен қоршаған орта жағдайына әсерін кешенді зерттеу.

     Теңіздегі ластаушы көздердің атмосфераға  шығаратын ластаушы заттарын сейілтуге  арналған есептеу әдістемесін  жасақтау

     Қоршаған  орта сапасын зерттеу 

     Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу  кезінде шығарындыларды азайту және тазалау бойынша жаңа және жетілген технологияларды енгізу жолымен  ластаушы заттар көлемін төмендету

2 - міндет. Ағынды  сулармен  ластаушы заттардың  жалпы тастандыларын  азайту
11 Ластағыш заттардың  азаюы тонна (2009 ж. – 149,0) 149,5 149,5 146,8 146,8 146,8
Қойылған  мақсаттарға қол  жеткізу және міндеттерді  шешу жолдары:

     Облыстың 7 аудан орталығында кәріздік –  тазарту қондырғылары  құрылысының  ТЭН  жасақтау

     Облыстың 7 аудан орталығында кәріздік–тазарту қондырғылары  құрылысының    ЖСҚ  жасақтау

3 - міндет. Жинақталған  қалдықтар көлемінен  оны қайта өңдеу  көлемінің артуы
11 Қалдықтар көлемінің  азаюы, мың.тонна (2009 ж. – 154,0) 154,4 154,4 153,8 153,8 142,3
Қойылған  мақсаттарға қол  жеткізу және міндеттерді  шешу жолдары:

     Облыстың 7 аудан орталығында полигон құрылысына ТЭН жасақтау

     Облыстың 7 аудан орталығында полигон құрылысының  ЖСҚ жасақтау және түзету

     Орал  қаласы үшін қоқыс іріктеу кешені құрылысының ТЭН жасақтау

4 - міндет. Өзендердің  гидрологиялық режимін  жақсарту
11 Жаз мезгілінде ҚР–ның РФ - мен шекарасында Орал өзеніне  келетін су көлемі, куб.м/сек 78,8 100 100 100 100
22 Котяевка гидрокүзетіндегі судың деңгейі, см 265 290 290 290 290
Қойылған  мақсаттарға қол  жеткізу және міндеттерді  шешу жолдары:

     Орал  облысының шегінде Жайық өзенінің сулылығын арттыру мен гидрологиялық режимін жақсартудың ЖСҚ жасақтау

     Жайық өзені жайылмасының өзбойларын, көлдерін және басқа да су айдындарын суландыруға  ЖСҚ жасақтау

     Қиғаш және Шароновка өзендерінің сулылығын  арттыру мен гидрологиялық режимін  жақсартуға ТЭН жасақтау

      Қиғаш  және Шароновка өзендерінің тармақтарында  мелиоративтік жұмыстар жүргізу

     Балықтарды  өсіру мақсатында Қиғаш өзенінің тармақтарында қатты өсімдіктердің  шабу арқылы   биотехникалық іс – шараларын жүргізу

5 - міндет. Жер үсті  су ресурстары  сапасын жақсарту
11 Жайық өзені суының ластануының максималды индексі, шартты бірлік 0,70 0,62 0,54 0,46 0,39
22 Қиғаш өзені суының ластануының максималды индексі, шартты бірлік 0,82 0,73 0,64 0,55 0,45
33 Су объектілерінің су қорғау белдеулері және аймақтарының белгіленуі, км 1110 1810 1810 1810 1810
Қойылған  мақсаттарға қол  жеткізу және міндеттерді  шешу жолдары:

Жайық өзенінің  Оралдық бөлігінде су қорғау белдеулері және аймақтарын белгілеу жобасын жасақтау

Су қорғау белгілерін қою

6 - міндет. Шаруашылық-ауыз су қажеттілігі үшін жерасты суларын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және олардың сарқылуына жол бермеу
11 Жерасты суларын пайдалануда  эксплуатациялық ұңғымаларды қолдану, бірлік. 23 28 33 38 43
22  Өзағар  гидрологиялық  ұңғымаларды жою мен тоқтату,  бірлік. 70 98 126 154 182
Қойылған  мақсаттарға қол  жеткізу және міндеттерді  шешу жолдары:

     Орал  облысының елді-мекендерінің жерасты суы қорымен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу

     Орал  облысының Шынғырлау және Жаңакала елді мекендерінің  жерасты суының қорын  бағалау мақсатында барлау алды жұмыстарын жүргізу

      Өзағар  гидрологиялық ұңғымаларды жою  мен тоқтату

     Жоғары  антропогендік әсер ету жағдайларында  солтүстік-шығыс Каспийдің жануарлар  әлемінің жай-күйін зерттеу

     Азғыр полигонының қоршаған ортаға және халық  денсаулығына әсерін радиоэкологиялық, эколого-экономикалық және медициналық  кешенді зерттеу

     Технологиялық алаңдар қоршауын жаңарту

     Технологиялық алаңдар маңындағы карсты шұқырларды жою


 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды.

    Қорыта  келе біздің Жайық-Каспий департаментінде өткен 5 апталық өндірістік практикада табиғатты қорғау комитеті,экологиялық жағдайды қалпына келтіру,жақсарту бағытында адамның тұрмыс жағдайын,экологиялық жүиені,ланшафтарды және тағы басқа табиғат объектілерін қорғау заңдылықтарын сақтау жолында бақылауды жүзеге асыру шараларын қамтамасыз етеді.

    Сонымен қатар радиациялық жерлерді зерттеу,халық  арасындағы экологиялық білімді  насихаттау жұмыстарын ұйымдастырады.Облыста  табиғатты қорғау сұрақтарын кең көлемде шешу қажеттілігіне байланысты табиғат қорғау комиттетері ұйымдастырылды.

    Департамент әртүрлі сферасында экологиялық  бақылау жүргізетін үш топ кіреді:

  • Су жене биоресурстардың мемлекеттік бақылау тобы;
  • Атмосфераның мемлекеттік бақылау тобы;
  • Жер ресурстары,қалдықтар және радияциялық қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау тобы;

    Сонымен бірге Жайық-Каспий департаменті қоршаған ортаны ластаған кезде төленетін айыппұлдар туралыда кішкене түсіндірді.Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының саланың кәсіпорынның нормативтік- құқықтық базасы,оны кәсіпорында жасақтау жағдайы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды оқып үйреніп олармен жұмысқа дағдылану.Нормативтік құжаттар тізімін олардың жаңғыртылу дәрежесін талдау.

    Өндірістік  практиканың мақсаты- өндіріс технологиясымен  кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасы  және қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің  жұмысые ұйымдастырумен танысу.

    Сонымен қатар департамен басшысы  А.В  Хон мырза мына мәселегеде тоқталып кетті:

      Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін әсері мол:қоршаған ортаның (атмосфераның) құрамы мен қасиетін,өзендерді,теңіздер мен мұхиттарды,сонымен қатар топырақты жай ғана емес радиоактивті заттармен ластау экожүйелердің құрамы мен құрылымына,көптеген өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігінің азаюы мен жойылып кетуіне әкелуде.

    Кейбір  мәліметтер бойынша,жыл  сайын 15 мың баррель  мұнай өнімдері теңіздер мен мұхиттарға төгіліп,жүздеген жануарлар түрлеріне  жоғалып кетудің  қаупі төніп тұр.Ылғалды  тропикалық ормандардың  көлемі жылыны 17млн  гектарға азайып,жерді  дұрыс пайдаланбау  әсіренен жылына 6 млн  гектар жер шөлейттенуде.Жыл  сайын 26 млрд тонна  құнарлы топырық  беті өзгеріске ұшырап,қышқыл жаңбырлар әсерінен 31 млн гектар  жердің ормандануына зиян келіп,жүздеген миллен тонна әртүрлі  химиялық заттар өндіруде,25-30 мың өсімдіктер түрі жоғалып кетудің  алдында және бұл  процестер планетамыздағы адам санының күрт өсуімен бірге  қатар жүріп келеді.

    Адамзат тарихында аң аулау,ауыл шаруашылығы,транспорт  пен өнеркәсіпті  дамыту қоршаған ортаны қатты өзгеріске  ұшыратуда.Жер бетіндегі  бүкіл тіршілік иелеріне антропогендік әсер күннен-күнге күшеюде.Қазіргі  таңда Жер бетіндегі  бүкіл тіршілік –  адамзат қоғамының  қолында,адамның  антропогендік әсеріне  байланысты-деп сөзін аяқтады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Әдебиеттер  тізімі:

    1.Закон  РК «Об образовании» №319-111 от 27 июля 2007г.

    2.Трудовой  кодекс РК №251 от 15.05.2007г.

    3.Концепция  развития в РК в РКдо 2015г. 24.02.2004г.№3

    4.СТ  РК ИСО 9001-2001 Системы менеджмента  качества.Требования.

    5. ГОСО РК 5.04.19-2008.Высшее профессиональное  образование.Бакалавриат.Основные  положения.

    6.ГОСО  РК 5.03.005-2006 система образования РК.Профессиональное.Основные  положения7

    7.Иванов,И.П.Методика коммунарского воспитания И.П. Иванов. Высшая школа, 1990-160с.

    8.Педагогика.Оқулық.Алматы.Принт-С.-2005.-346с.


Өндірістік практика есебі