Өндірістік практика есебі. 2
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университтеті
Өндірістік практика есебі
Орындаған: ЭКЛ-41 Кушанова.СМ
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Батыс Қазақстан облысы бойынша экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экологиялық департаменті туралы анықтама
2. Негізгі бөлім
2.1 Қалдықтарға сипаттама
2.2 Қатты қалдықтардың классификациясы
2.3 Өндірісті қалдықтарды көмуге арналған полигондар
2.4 Қалдықтардың түрлері
2.5 Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау
3. Қорытынды
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министірлігі Батыс Қазақстан облысы бойынша экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экологиялық департаменті
Табиғатты қорғау, табиғатты тиімді пайдалануды реттеу, өсімдік және жануар дүниесін ұдайы өндіру саласында бірыңғай Мемлекеттік саясат жүргізу мақсатында, Қазақстанда 10 жыл бұрын мемлекеттік экология органы құрылды. (1988 жылы 7 қаңтарда «Елде табиғатты қорғау істерін түбегейлі қайта құру туралы» Совет одағының Министрлер Кеңесі мен Коммунистік партияның орталық комитетінің үкіміне сәйкес, 1988 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің осындай үкімі шықты).1988 жылы 20 шілдеде (Табиғатты қорғау туралы Орал облыстық халық депутаттарының кеңесінің шешімі қабылданды. Ол атмосфералық ауаны қорғау туралы Батыс Қазақстан аймақтық инспекциясының гидрометеообсерваторының шығарындылардың қалдықтарын қалыпқа келтіретін топтар, аңшылық инспекциясы, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау облыстық басқармасы және оны бақылау бөлімшелері негізінде ұйымдастырылды.Табиғатты қорғау комитеті, экологиялық жағдайды қалпына келтіру, жақсарту бағытында адамның тұрмыс жағдайын, экологиялық жүйені, ландшафтарды және тағы басқа табиғат обьектілерін қорғау заңдылықтарын сақтау жолында бақылауды жүзеге асыру шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар радиациялық жағдайды зерттеу, халық арасында экологиялық білімді насихаттау жұмыстарын ұйымдастырады.Облыста табиғат қорғау сұрақтарын кең көлемде шешу қажеттілігіне байланысты табиғат қорғау комиттетері ұйымдастырылды.1991 жылы Орал облыстық халық депутаттары кеңесінің «Басқару органдарын қайта құру туралы» үкімі бойынша табиғат қорғау комитеті экология және табиғатты пайдалану коитеті болып қайта құрылды. Ол Қазақстан Республикасының экология және табиғатты пайдалану бойынша Мемлекеттік комитетке бағынды. Өзіміздің ауданымызда 3.03.91 жылғы № 46 үкіміне сәйкес облыстық экология және табиғатты пайдалану басқармасы болып қайта құрылды. Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау комитетінің бұйрығы (16.03.2000 жыл № 2/23-П) бойынша мынадай өзгерістер енгізілді: оның атына «аумақтық» деген сөз қосылып – Батыс Қазақстан Облысты аумақтық қоршаған ортаны қорғву басқармасы деп аталды. Мемлекеттік экологиялық бөлімі облыстық қоршаған ортаны қорғау инспекциясы болып өзгертілді. 1988 жылы басқарманың құрамында жаңа бөлім – мемлекеттік экологиялық мониторинг және жобалар дайындау бөлімі пайда болды. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы Жайық, Каспий экология департаментінің қоршаған ортаны қорғау қоры табиғатты пайдалану үшін қаржы жинауды жүзеге асыратын аудан территориясында Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдылықтарын бұзушылардан әкімшілік және айыптау қаржыларын жинайтын заңды тұлға. ҚОҚОҚ-ның атқаратын маңызды істерінің бірі қоршаған ортаны реабилитациялау және сауықтыру экологиялық білімді насихаттау және халықты экология туралы ақпаратпен қамтамасыз ету бағытында табиғат қорғау шараларын қаржыландыру болып саналады. Батыс Қазақстан облысы Жайық, Каспий экология департаменті аймағындағы өзендерінің орталық ағысында орналасқан. Шығысында Орал маңы үстіртімен шектеледі. Шөгіндінің беткі қабаты – құмды. Тұщы еспе судың деңгейі жер бетінен 1-2 метрден 6-8 метрге дейін. Толқынды-жазықты кеңістікте еркекшөпті, ақселеуді дала және құм төбелер алқабымен бөлшектенеді.Топырағы құмды және құмайтты-ашық қызғылт. Құмайтты –ашық қызғылт топырақты бозды-ақселеулі-бидайықты дала алып жатыр. Қарашірікаті шалғындық дала өсімдіктері, ал карбонатты ойпаңдарда кездеседі. Онда шалғындық дала өсімдіктері, ал карбонатты топырақты сортаң шалғындықта галафитті фитоценоздар қалыптасады. Батыс Қазақстан облысы Жайық, Каспий экология департаментінің табиғат қорғау заңдылықтарын, шаруашылық субьектілерінің орындалуын, мемлекеттік бақылауды, облыстық қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік инспекциясы жүзеге асырады. Инспекция қоршаған ортаны қорғау бойынша Мемлекеттік бас инспектор Батыс Қазақстан облысы территориялық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары (бір мезгілде) болып есептеледі. Инспекция құрамында бір адам жұмыс жасайды. Инспекцияның құрамында әр түрлі сферасында экологиялық бақылау жүргізетін үш топ кіреді:
- Су және биоресурстардың мемлекеттік бақылау тобы;
- Атмосфераның мемлекеттік бақылау тобы;
- Жер ресурстары,қалдықтар және радиациялық қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау тобы.
Заңды және жеке
тұлғаның экологиялық норма мен
ережелерді сақтауын бақылауды мемлекеттік
инспектор атқарады. Инспекция өзінің
іс-әрекетінде 1997 жылы қабылданған «Қоршаған ортаны
қорғау туралы» Қазақстан Республикасының
заңдарынан басқа қоршаған ортаны қорғаудағы
заңдылықтарды (атмосфералық ауа,су және
жер қорлары,жануарлар әлемі,арнайы қорғауға
алынған аумақтар т.б.) басшылыққа алады.
Инспекция өз міндетін инспекциялық тексеру
(мақсатты,кешенді және бірлескен) арқылы
жүзеге асырады.Бірлескен тексерулер
қоршаған ортаны қорғаудағы арнайы өкілеттік
мемлекеттік органдармен (мемсанэпид-бақылаумен
Қ.Ж.облыстық басқармалары,жер қойнауын
қорғау инспекциясы т.б.). Егерде экологиялық
талаптардың бұзылуы адам денсаулығына
зиян келтіретін,жануар немесе өсімдік
дүниесін жаппай жойылуға әкелетін,қоршаған
ортаны ластайтын болса онда жауапқа тартылады.
Табиғат қорғау заңдылықтарын бұзушылықтарға
көбінесе арнайы табиғатты пайдалануға
рұқсаттын болмауы, ШДШ және ШДТ қалыптасқан
нормаларының шектен шығуы,суды қорғау
және санитарлық сақтау аймақтарын пайдалану
ережелерін бұзу. Жайық-Каспий экология
департаменті Батыс Қазақстан облыстық
филиалының атқарылған жұмыстары
туралы ақпарат. Қазақстан Республикасының
қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитеті «Жайық-Каспий
экология департаментінің Батыс Қазақстан
облыстық филиалы» ММ
Филиалдың бастығы: Қазтуғанов Төлеген
Мақсотұлы. Анықтама қызметтерінің телефондары: Қалалық
телефон станциясы 09, қалааралық телефон
станциясы 8 дыбыс «13», Қалааралық тапсырыстар
үстелі телефон станциясы 8 дыбыс «11»,
Анықтама бюросы: поездар туралы - 98-36-09,
ұшақтар туралы - 51-15-55. Филиалдың басшысы
туралы мәлімет:Қазтуғанов Толеген Мақсотұлы –Жайық-Каспий
экология департаменті Батыс Қазақстан
облыстық филиалының басшысы, 1967 жылы
14 сәуірде БҚО, Камен ауданы Крупский ауылында
дүниеге келген, ұлты қазақ.1984-1985 ж.ж- Камен
ауданы Крупский ауылында жұмысшы;
1985-1987 ж.ж – СА әскери қатарында болған;
1987-1992 ж.ж – Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы
институтының студенті;
1992-1995 ж.ж – НГГХ «Казахгазпром» әлеуметтік
дамыту бөлімінің маманы;
1995-1997 ж.ж– Специалист 1 категорий отдела
хоз. обеспечения НГГХ
«Казахгазпром» шаруашылықпен қамтамасыз
ету бөлімінің 1 санатты маманы;
1997-1998 ж.ж – Зам. управ. делами НГХ «Казахгаз»
істері басқармасының орынбасары;
1998-1999 ж.ж – « Уральсктрансгаз» ДАҚ бас
директорының орынбасары;
1999 ж.- « Уральсктрансгаз» ДАҚ бас директорының
м.а.;
1999-2000 ж.ж – «Колесо» ЖШС коммерциялық
директоры;
2000 ж - «Гороформление» МКК директоры, «Уральсоблгаз»
АҚ істерін басқару;
Қалдықтарға сипаттама
Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар- мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады. Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі мақсатын орындаумен бірге, зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді — жылу, металл, шлактарды да шығарады. Мысалы, Мәскеудің N1 қоқыс жағатын зауытынан шыққан шлакты зерттеу арқылы алынған мәліметтерге (Г.И. Сидоренко, 1990 ж.) сүйенсек, жылына тұрмыстық қалдық, жинайтын жерге тек Мәскеудің өзінен мынадай көлемде металдар тасталады екен: Мо - 8,3 т, Со - 11,4 т, V - 12,4 т, Аg - 27,6 т, Иі - 75 т, 5Ь - 115 т, 5п - 244 т, F - 353 т, Сг - 689 т, РЬ - 1573 т, Сu - 2180 т, Zn - 6762 т. Бұл мөлшер жыл бойына үлкен кең орындарынан алынатын мөлшерге эквивалентті. Санкт-Петербург маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жыддан бастап тұрмыстық қокысты өндсйтін зауыт қызмет етуде, оның ең негізгі шығаратын өнімі компост (тыңайткыш), бірақ-та қоқыстың 30%-і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш, металдан тұратын бөлігі өнделінбейді. Жылдық өнімділігі 110 мың тонна төңірегінлегі зауыт 1975 жылдап бастап Ташкентте іске қосылған. Жыл сайын тұрмыстык қоқыстан 400 т кара және 5 т түсті металдар, 20 мың т компост алынады. Компост деп микроорганизмдермен ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан шыкқан органикалық тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға көң, көң бөкпесі және құстар саңғырығы, шьмтезек, қала сыпырындысы, ағаштардың түскен жапырақтары, сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар колданылады. Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадагы өсімдіктер сіңіруге қолайлы қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мөлшері жоғарылайды, патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері азаяды, сонымен катар тыңайткыш топырақка еңгізуге қолайлы сусымалы түрде алынады. Өте тапшы органикалық тыңайткыштардың (көң, шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануға жатады. Тұрмыстық қалдықтардың барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен жүретін биохимилык процесс. Бұл микробтардан өте көп мөлшерде жылу бөлініп шыккандықтан қоқыс 70 0С-ге дейін қызады. Бұл жағдайда ауру қоздыратын микробтар жойылып, шикізат қызып, тұрмыстық тынайтқышқа айналады. Табиғи жағдайда бұл процесс айлап жүрсе, зауыт жағдайыңда аэрадия аркылы 2-3 күнде аякталады. Ал қалдықтарда азық-түлікке жағатын компоненттер аз болса процестін жүру жылдамдығы күрт төмендейді. Тұрмыстық қоқысты қайта өндеу үшін магниттік сепарация әдісі де қолданылып келеді. Қалдықтарды сақтау (Хранение отходов) — қалдықтарды арнайы жерде (контейнерде не сақтау орнында) сақтау; өте улы, радиоактивті қалдықтар металл капсулаға, содан соң жер асты сулары бармайтын, түзілген улы газдардың кездейсоқ жарылысы болмайтын, пайдаланылған тұз кеніне не жер қыртысындағы басқа жасанды қуыстарға орналастырылған шыныдап жасалған текшеге салынады (қажет болған кезде ол жерден контейнелер алынуы мүмкін). Қалдықтарды сақтауды қалдықтары бар контейнерлерді кайта алуға болмайтын немесе алу өте қиын болатын комуден ажырата білу керек.Қазақстанда жылына мыңдаған тонна өндірістік және ауылшаруашылығының қалдықтары пайда болады. Бұл қалдықтар топырақты, су көздерін ластап, әртүрлі аурулардың тарауына жағдай жасап, қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Сондықтан осы қалдықтарды пайдаға жарату халық шаруашылығының аса маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Бұл проблеманы шешу экологияны ғана жақсартып қоймайды, ол көптеген өндірістік және ауылшаруашылық мәселелерінің дамуына зор үлесін қосады. Сол себепті шынайы экологиялық таза және экономикалық тиімді технологияны пайдалану, экологиялық мәселелерді шешуге зор мүмкіндік береді. Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 1)жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және т. б.); 2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі); 3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы. Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады. Екінші реттік энергетикалық ресурстарды жүзеге асыру жылу мен энергияны үнемдеумен қатар, атмосфераға бөлінетін жылу мөлшерін азайтып, қоршаған ортаны қорғауға себебін тигізеді. Череповец мсталлургиялық комбинатына карасты зауыттың жылу электр орталығында барлық казандықтар екінші реттік ресурстарды пайдалану арқылы жұмыс істеуде. Құс фабрикаларында қалдық болып шығып отырған кұс жүндері жоғары сапалы мал жемін - күрамында 85%-ке дейін белогі бар ұн алуға арзан шикізат ретінде қолдануын тауып жатыр. Мұндай өндіріс Германияда жаксы жолға қойылған, 3 т қалдықтан 1,2 т ұн алынады. Қалдықтар проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір көргенде, мысалы, күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын іс сияқты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның миллионында ~ 10 кг. Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін кұрамында вольфрамы бар минералдар — вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес көлемі өңделеді, сонымсн қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады. Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін, бұрынғы Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі бойынша вольфрам рудасыньң 25 мьң тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет вольфрам қосылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл аударудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Румынияның аяқ-киім өнеркәсіп институтында тері қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы жоқ материал шығаруға бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг қалдыктан 0,9 кг материал алынады. Ерекше назар аударуға және кідіртпей оңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда " 33,5%-і, Францияда — 6%-і, Ресейде — 10%-і, Ұлыбританияда - 3%-і, Италия меи Жапонияда - 0,3%-і. Жылына Москва қаласынан шығатын тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м3 , Алматыдан — 3 млн. м3 үстінде. Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық мөлшсрі 80-90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250 кг дәнді жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45 кг-ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз. Қала қалдықтарында әртүрлі компоненттерге келетін мөлшер массалық %-пен алғандай: қағаз (30-40), азық-түлік қалдықтары (30-40), металдар (2-4), ағаш (1,5-3), кездемелер (2-4), шыны (3-6), тастар (1-2), тері, резина (1-2), пластмасса (1-1,5). Қала сыпырындысын жинайтын негізгі жер қоқыстар үйіндісі, шамалы мөлшері қайтадан өнделеді немесе арнайы ұйымдастыры лған зауыттарда жағылады. Елімізде соңғы технологияларды пайдаланудың арқасында қоршаған ортаға тасталатын қалдықтар 1,3%-ға азайған. Олар – күнделікті тұрмыстағы қоқыс, техникалық майлардың ыдыстары мен құбырлардан будақтаған түтіндер. Сонымен қатар, 1 миллиард теңгеге зиянды қалдықтардың төрттен бірі қайталама тазалаудан өтіп, қайта кәдеге жаратылған. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау миинистрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан «жасыл экономиканы» құруға бір табан жақындай түсті. Сонымен бірге, министр қазір Сорбұлақ жасанды көлінің экологиялық ахуалы маңызды экологиялық мәселе екендігін ескертті. Сорбұлақ суының құрамы қауіпті. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық коммуналдық суы 70 шақырым жердегі бөгетке жинақталып, ірі жасанды көлге айналған болатын. Суды азайтатын арналар қалыпты жұмыс істемейді. Сондықтан көл құрамында көп мөлшерде улы токсиндер, фенолдар, нитриттер сияқты зиянды химиялық заттар жинақталған. Министр оны тездетіп шешу қажеттігін айтты. Осылайша, алдағы уақытта мекеме басты назарын Қазақстанның экологиялық ахуалын жақсартуға жұмсамақ.
Қалдықтарды қосымша
шикізат ретінде тиімді пайдалану
көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады.
Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған
ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды,
электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын
босатумен байланысты көптеген мәселелерді
шешуге жол ашады. |
2.2 Қалдықтардың
классификациясы келесі
Қалдық түзілу орны (өндіріс саласына байланысты);
өндіріс циклінің кезеңі;
қалдық түрі;
қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;
қолдану бағыты;
қолданыс эффектісі;
утильдеу технологиясының қаншалықты қарастырылып, зерттелгені.
Отандық стандарт бойынша «Зиянды заттар классификациясы және ортақ қауіпсіздік талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші классқа – аса қауіпті, екінші классқа – жоғары қауіпті, үшінші классқа – орташа қауіпті, ал төртінші классқа –қауіптілігі аз қалдықтар жатады Егер де қалдықтарда сынап, калий хлорқышқылы, үшхлорлы сурьма, мышьяк оксиді және басқа да улы заттар болса, олар бірінші классқа жатқызылады.Хлорлы никель, хлорлы медь болатын болса екінші классқа жатады.Классификациялардың негізінде орталық жинақтау схемалары жасалады, оларды екінші ретті пайдалануға асыру және ол қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауы қарастырылады.
Барлық қатты өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :
1 улы қалдықтар
2 улы емес қалдықтар
Улы қалдықтар өзі бірнеше топқа жіктеледі, олардың кейбіреулері төменде көрсетілген:
құрамында мышьягы бар органикалық емес қатты қалдықтар және шламдар, сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, цинк, сурьма, висмут,кобальт және т.б. қалдықтар;
құрамында фосфор және фторы бар қалдықтар мен шламдар, қолданысқа жарамайтын және тыйым салынған пестицидтер;
гальваникалық өндіріс қалдықтары;
мұнайхимия және мұнайөңдеудегі қалдықтар;
хромқұрамды қалдықтар,шламдар,темір карбонильдері бар қалдықтар.
Улы қалдықтарды жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың және көмудің тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек.Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.
- Өндірісті қалдықтарды көмуге арналған полигондар
Қалдықтарды орталықтандырып жинау, жеткізу, яғни транспорттау, заласыздандыру және көму қалаларды санитарлы тазалайтын шаралардың бірі.Улы қалдықтар түрлерінің және мөлшерінің көптігінен оларды залалсыздандыру экономикалық тұрғыдан алғанда тиімсіз. Бұл қалдықтардың химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты залалсыздандыру және жою қоршаған ортаға еш зиянсыз жүргізу болмайды, сондықатан осы улы өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандырып, көмуге арнайы аудандық полигондар ұйымдастырылады.Қалдықтарды көму полигондары табиғи қорғаудағы ғимараттар болып табылады, ал орталық жинақтау, залалсыздандыру және утильденбейтін қалдықтарды сақтауға сақтауға арналғандықтан қорғалады. Полигон саны мен қуаттылығы әр ауданның техникалық-экономикалық есептеулерімен жүзеге асырылады.Полигонның құрамында келесі шаралардың қарастырылуы:
улы өндірістік қалдықтарды өңдеу заводтары
улы өндірістік қалдықтарын көму учаскелері;
арнайы улы қалдықтарды тасымалдайтын автокөліктерге арналған тұрақтар (гараж).
Ескерту
1) улы өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу заводтары қалдықтарды жағу және физико-химиялық өңдеу үшін, оларды заласыздандырып улылығын төмендетіп, ерімейтін формаға дейін жеткізіп, көлемін азайту үшін қолданылады;
2) қалдық мөлшері 100мың т-дан аспайтын болған жағдайда, құзырлы органдармен келісе отырып, мұндай завод құрылысын жүргізбеуге рұқсат беріледі.
Полигонға қабылдамайтын қалдықтар түрлері:
эффективті әдістер арқылы металл өнімдерін және басқа да заттарды айыруға болатын қалдықтар;
радиоактивті қалдықтар;
регенерациялауға жататын мұнай өнімдері.
Полигонның
жобаларында өнеркәсіптік қалдықтар
жөнінде төмендегі ақпарат
1) өнеркәсіптік
қалдықтардың болжанатын
2) қоршаған ортаға
өнеркәсіптік қалдықтардың
3) өнеркәсіптік қалдықтарды зиянсыздандыру, жою, көму мәселелерінің технологиялық шешімдері;
4) зиянды заттардан
топырақты қорғау және
5) қоршаған орта
объектілеріндегі зиянды
Полигондарды орналастыру үшін тұрғын үй, құрылыс нысандарынан аулақ, жақсы желденіп, су баспайтын жерде болу керек. Полигон айналасында 3000м-ден кем емес жерде санитарлы-қорғаныс зонасы ұйымдастырылу қажет. Полигон кем дегенде 200м ауылшаруашылық нысандарынан, транзиттік магистральдарынан, орман массивтерінен 50м алшақ орналастырылады. Көму орындары бас транспорт магистралінен алшақ болмай және сол магистральмен жолдар жақсы байланыстырылуы қажет.Алаңдардың жетіспеушілігіне байланысты үлкен қалалардың маңайында қайта жүктеу станцияларын ұйымдастыру арқылы азайтуға мүмкіндік бар. Ол жерде қалдықтар іріктеледі, бөлшектенеді және түрлері бойынша жинақталады. Бұл әдіс қалдықтардың көлемін азайтады және алшақ полигондарға тасымалдап көмуге мүмкіндік береді.Полигондардың учаскесі нашар фильтрленетін грунттармен орналастырылады(сары топырақ, сланцы,сугликок және т.б.), олардың фильтрация коэффициенті 0,00001 см/с аспауы шарт. Грунттық сулар деңгейі олардың жоғары көтерілуі мөлшері көмілген қалдықтардан кем дегенде 2м-ден төмен болу керек.(Ережеге сәйкес, 7-15м).Полигондарды орналастыруға рұқсат етілмейтін жағдайлар:
-пайдалы қазбалар қорына жақын аумақта,құзырлы органдардың рұқсатынсыз;
-активті карст зоналарында;
-қар, лай көшкіні қауіптілігі бар және сель ағымдары бар жерлерде;
-ауыз су қоры бар зона;
-санитарлы демалу курорттарының маңайында;
-көгалданған жасыл қала зоналарында;
-ормандар, демалу орындарында;
-органикалық
және радиоактивті
Полигондардың қуаттылығы бір жыл ішінде қабылданған улы қалдықтар мөлшерімен(мың.т.) айқындалады. Қалдықтардың мөлшері олардың көмілетін контейнерлердің массасымен қоса алынады.Өнеркәсіптік улы қалдықтарды көмуге арналған полигондарды ұйымдастырғанда мынаған назар аудару керек:
Ø дұрыс таңдалған алаң:
Ø керекті инженерлік ғимараттарды қарастыру;
Ø қалдықтарды толтыру реттілігі;
Ø қоршаған орта мониторингі:
Ø биогаздың түзілуін, жинақталуын, тасымалдауын қадағалануы;
фильтраттың түзілуін, жинақталуын және жоюлуын бақылау.
Улы өнеркәсіптік қалдықтарын көму учаскелерінің территориясы арнайы жабдықталған картамен белгіленеді, онда улы өнеркәсіптік қалдықтар класс бойнша жіктеледі және қосымша ғимарттар мен үймереттер қарастырылады.
Қазіргі жаңа заман талабына сәйкес, өндіріс қалдықтарын көму келесі жеке инженерлік ғимарттармен жабдықталуы керек, олар:
-тығыз минералды
қабаттар мен жасанда
-жол айрықтар(проезды);
-ағып өтетін судың жинақталу және тазалану ғимарттары;
-сілтіленетін газды утильдеу және жинау ғимараттары;
-рекультивация көмегімен ландшафтарды қорғау ғимараттары.
Өнеркәсіптік қалдықтарды көму учаскесінің негізгі конструкциялық элементі болып:
Ø герметик қаптама;
Ø қорғаныс қабат қаптамасы;
Ø полимерді пленкалы материалдар(полиэтилен);
Ø асфальтбетон жабындылары;
Ø топырақты бентонитпен күшейту жатады.
Улы өнеркәсіптік қалдықтарды заласыздандыру және көмуге байланысты ситуациялық план
Улы өнеркәсіптік
қалдықтарды заласыздандыру
1 –тұрмыстық ауыз сумен қамтамасыз ететін ғимарат; 2 – улы өнеркәсіптік қалдықтарды заласыздандыратын утельдейтін завод; 3 – утельденбейтін өнеркәсіп қалдықтарын көмуге арналған участок; 4 – тұрмыстық канализацияны тазартатын ғимарат; 5 –жаңбыр суы жиналатын көлшік; 6 –өндірістік судың насостық станциясы; 7 – плотина(бөген); 8 –елді мекен; 9 — подстанция 110/35 кВ; 10 –снтарлы -қуіпсіз аймағының шекарасы ; 11 — подъезді автожол.
Қалдықтарды негізінде көмудің екі әдісі қолданылады: жерасты және жерүсті .
Жерасты көму түрі – шахталарды, қуыстар, скважиналар, бұрынғы мұнай алаңдары және т.б — радиокативті және қалдықтарды орналастыруға арналған. Жерүсті көму әдісі – құрылыс қоқыстары, қатты тұрмыстық қалдықьар және өнеркәсіптік улы қалдықтарды орналастыруға арналған.
Көмудің артықшылықтары:
көмудің негізі жерүстінде;
орналастырылатын материалдарды тығыздауда бақылау жасауға мумкіндік болады;
отвод вод насосты қолданусыз жүреді;
Дренажды жүйелерге жақсы бақылау жүргізіледі.
2.4.Қалдықтардың түрлері
Тұрмыстық және өнеркәсіптік
қалдықтар - түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын,
ауыл шаруашылығының басқа салаларында
өнім ретінде немесе қайта өңдеу арқылы
пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс,
транспорт және т.б. қоқыстар тұрмыстық
(коммуналдық) қалдықтар адам өміріндегі
заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана
және т.б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын,
тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ
ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары)
қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің
көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы,
АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда
- 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді.
Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген
елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары
(тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла
бастады.Соңғы жылдары тірі организмдердің
улануына алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың
мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында
пайдаланылмай қалған улы химикаттар,
құрамында канцерогенді және мутагенді
заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары.
Бұрынғы КСРО территориясында химиялық
«тұзақтар», яғни, кезінде көміліп ұмытылып
кеткен, бертін келе тұрғын үйлер және
басқа да обьектілер салынған көптеген
қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт
өте келе сол жердегі тұрғылықты халық
әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды. Мұндай
қалдықтар көмілген жердің санақ бойынша
АҚШ-та 32 мың жерде, Германияда - 50 ООО,
Нидерландыда – 4000 кішкентай Данияның
өзінде - 3200 көзі бар. Өнеркәсіптік (өндіріс
орындары) қалдықтар - өнімдерді шығару
және әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде
бастапқы тұтыну қабілетін толық немесе
жарым-жартылай жоғалтқан шикізат, материалдар,
жартылай фабрикаттар қалдықтары. Олар
қайтымды және қайтымсыз (технологиялық
шығындар: буға айналу, бықсық түтін, кеуіп
кету) болуы мүмкін. Мәліметтер бойынша
Европа одағы елдерінде жыл сайын: қайта
өңдеу өнеркәсіп орындарында - 400 млн тонна,
өндіріс орындарында - 160 млн тонна және
т.б. қалдықтар түзіледі. 90-шы жылдардың
бас кезінде барлық қалдықтардың (2,2 млрд
тонна) жартысы ауыл шаруашылығындағы
өндіріс орындарының еншісіне тиді. Урбанизация
(адамның планета территориясын игеруі
және өзіне қажетті обьектілерді салуы)
табиғатқ а елеулі әсер етеді. Халықтың
сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін
оның жолдарын, құралдарын, әдістері мен
шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен
шешуді Урбоэкология (қала салудағы экология)
саласы қарастырады. Қалалардағы адам
мен табиғат үшін қолайлы ортаны сол жерде
өмір сүретін тұрғындардың психологиялық,
әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімді,
орнықты әлеуметтік және экономикалық
дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық орта
сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде
және әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік
және әлеуметтік-экономикалық кешенді
факторлар болып табылады. Адамның қаладағы
өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның, пәтерден
тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт
және т.б), мәдени ландшафтар ортасының
(бақтар, саябақтар), табиғи ортаның, сондай-ақ
әлеуметтік-психолоғиялық және әлеуметтік-экономикалық
орталардың жиынтығы. Жер бетіндегі адамдардың
көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін
қанағаттандыруға қолайлы қалада тұратыны
мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық
мәселелердің де орталығы болып табылады.
2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы
тұратын халық саны планетадағы адамдардың
50%- нан асты. Болжамдар бойынша 2030 жылға
қарай қалада тұратын адамдардың саны
ауыл тұрғындарының санынан 2 еседей көп
болады деп күтілуде. Соңғы ғасыр ішінде
қалаларға байланысты ауқымды экологиялық
қиыншылықтар байқала бастады.Қалалық
орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары
және оларды жетілдіру жолдары туралы
кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі
мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың
(қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар,
құрылысшылар, қала халқы) экологиялық
білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге,
бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына
және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне
байланысты.Қалалық ортаны құруда әлеуметтік,
экономикалық және экологиялық факторларды
біріктіру.Сапалы өмір сүру ортасы жоғары
дәрежеде болу үшінқаланы және оның маңайын
жоғары сапалы экологиялық инфрақүрылыммен
қамтамасыз ету. Энергетиканы, өнеркәсіп
орындарын, транспортты, судыпайдалануды,
қалдықтарды және т.б. экологияландыру.
Тұрғындар қажеттіліктерін экологияландыру
және осықалалық ортаны құруға қатысы
бар барлық адамдар санасында экологиялық
этика негізін құру.Қазірдің өзінде бірқатар
елдерде қалалар алып жатқан территориялардың
үлесі көп. Мысалы, Бельгияда - 28%, Англияда
- 12%, Данияда - 11% ел территориясы қалалардың
үлесіне тиеді. Мұндай үлкен урбанизацияланған
аумақтарда қалалар мен табиғат арасындағы
экологиялық тепе-теңдікті сақтау мүмкін
емес. Әлеуметтік-экономикалық дамуы нашар
басқарылатын қалалардың қоршаған ортаға
тигізетін жағымсыз әсерлері көбейе түсті.Урбанизация
қазіргі кезде негізгі әлемдік тенденция
болып отыр. 1900-2000 жылдар аралығында қала
халқы шамамен 0,2-ден 2,9 млрд адамға көбейді.
Ал осы уақыт ішінде халық саны 1 миллионная
асатын қалалар 17-ден 388-ге дейін көбейді.
Қалалар Құрылықтың аз ғана бөлігін алып
жатыр, алайда мұнда бүкіл халықтың жартысына
жуығы тұрып жатыр.
Урбанизация процесінің дамуына байланысты
қалалық ортаның көптеген проблемалары
(урбанистикалық, құрылыс- архитектуралық,
технологиялық, әлеуметтік, экологиялық)
пайда болды. Оның ішінде қала саны мен
көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының,
транспорттың, тұрғындар санының артуы
да бар. Ауыл тұргындарының қалаға көшуіне
байланысты ауыл мен қала тұрғындарының
саны үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының
саны және қалалар саны мен көлемдері
де өсуде. Қала халқының сандық пайызы
әлемнің әртүрлі аймақтарында әрқалай.
Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған
елдері - Солтүстік Америка мен Европаның
үлесінде (70%-дан жоғары), ал ең төменгі
көрсеткіш - Азия және Африка елдерінің
еншісінде. Үлкен қалалар өздерінің маңайымен
және кішкене қалалармен қосылып, ұзындығы
жүздеген километрге жететін урбанизацияланған
ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне
алып келді. Қазіргі кезде ең ұзын мегаполис
«Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы
біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн
адам) тұрады. Түнгі уақытта бұл территория
Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді.
Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан
асты. Оның әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды
«жұтып қойды».Қалалардың демографиялык,
және экономикалық тұрғыдан өсуі әсерінен
экожүйеге техногенді әсердің артуы тек
қала маңында ғана емес, олардан біршама
қашықтықтарда да біліне бастады. Осыған
байланысты қаланың экологиялық жағдайы
көптеген өнеркәсіпті қалаларда нашарлап
кетті. Қалалар планетамыздың азғана бөлігін
алып жатуына байланысты, қалған табиғаттың
бөлігін аман сақтап қалуға мүмкіндік
бар. Қалалар - адамзаттың болашағы. Аристотель
айтқандай - «Біз қалаларды тұрғызамыз,
алқалалар бізді қалыптастырады». Урбанизацияның
экожүйелер үшін жағымсыз болуы міндетті
түрде емес, ал оны экологияландыру жағымды
құбылыс. Қала және қалалық орта сонда
өмір сүретін халықтың Қажеттіліктерін
өтеуге, денсаулығына, өмір сапасына қатты
әсер етеді.
2.5. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдауды
және оларды аулаққа шығаруды бақылау
-Қауiптi және
басқа да қалдықтардың және
оларды трансшекаралық
-қауiптi және басқа да қалдықтарды өндiрудiң
және трансшекаралық тасымалдаудың өсуi
және олардың күрделi сипаты нәтижесiнде
адам денсаулығына және қоршаған ортаға
төнген қауiптiң өсуiн сезiне отырып;
-сондай-ақ, адамның денсаулығын және қоршаған
ортаны осындай құралған қалдықтардың
қаупiнен қорғаудың барынша тиiмдi әдiсi
оларды өндiрудiң мөлшерiн және/немесе
олардың қауiптi әлеуетiн ең төменгi шекке
дейiн қысқарту болып табылатынын сезiне
отырып;
-қауiптi және басқа да қалдықтарды, оларды
трансшекаралық тасымалдауды және аулаққа
шығаруды қоса алғанда, олардың шығарып
тасталған орнына қарамастан, адамның
денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаумен
сыйымды мемлекеттің қажеттi шаралар қабылдауға
тиiстi eкендігіне сене отырып;
-мемлекеттiң өндiрушiнiң қауiптi және басқа
да қалдықтарға қатысты мiндеттемелерiн,
шығарып тастау орнына қарамастан, қоршаған
ортаға сыйымды әдiспен орындауды қамтамасыз
eтуге тиiс екендiгiн атап көрсете отырып;
-әрбiр мемлекеттің өз аумағында басқа
мемлекеттiң қауiптi және басқа да қалдықтарын
трансшекаралық тасуға немесе аулаққа
шығаруға тыйым салуға егемендi құқығы
бар екенiн толық тани отырып;
-сондай-ақ, басқа мемлекеттердегi, әсiресе
дамушы елдердегi қауiптi қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдауға және оларды аулаққа шығаруға
тыйым салуға ұмтылыстың өсе түскенiн
тани отырып;
-қауiптi және басқа да қалдықтардың осы
қалдықтар өндiрiлген мемлекетте аулаққа
шығару тиiстілігiнің оларды экологиялық
негiзделген және тиiмдi пайдалануға қандай
дәрежеде, қаншалықты сәйкес келетiнiне
көз жеткiзе отырып;
-сондай-ақ, осындай қалдықтарды оларды
өндiрген мемлекеттен кез келген басқа
мемлекетке трансшекаралық тасымалдауға
Конвенция ережелерiне сәйкес адамның
денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiп
туғызбайтын жағдайда жүзеге асырылған
кезде ғана рұқсат етілуге тиiс екенiн
сезiне отырып;
-қауiптi және басқа да қалдықтарды трансшекаралық
тасымалдауға бақылауды күшейту оларды
экологиялық негiзделген пайдалануға
және мұндай трансшекаралық тасымалдаудың
көлемiн қысқартуға ынталандырады деп
есептей отырып;
-мемлекеттердiң қауiптi және басқа да қалдықтарды
осы мемлекеттерден әкелу немесе олардан
әкету және осындай тасымалды бақылау
трансшекаралық тасымалдау туралы ақпараттармен
тиiсiнше алмасуды қамтамасыз ету үшiн
шаралар қабылдауға тиiс екендiгiне көз
жеткiзе отырып;
- бiрқатар халықаралық және аймақтық келiсiмдерде
транзиттік қауiптi жүктерге байланысты
қоршаған ортаны қорғау мен сақтау туралы
мәселе қарастырылатынын атап көрсете
отырып;
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта
проблемасы бойынша Конференциясының
Декларациясын (Стокгольм 1972), Бiрiккен
Ұлттар Ұйымының қоршаған орта бойынша
1987 жылғы 17 маусымдағы Бағдарламаларды
басқарушылар Кеңесiнің (ЮНЕП) қауiптi қалдықтарды
экологиялық жағынан ақталған пайдалануға
қатысты қабылданған 14/30 шешiмiндегi басшылыққа
алатын Каир ережелерi мен принциптерiн,
БҰҰ-ның қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi
сарапшылар Комитетiнiң (1957 жылы құрылған
және әр екi жылда жаңартылатын) ұсыныстарын,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiнiң шеңберiнде
қабылданған ұсыныстарды, декларацияларды,
құжаттарды және ережелердi, сондай-ақ
басқа да халықаралық және аймақтық ұйымдарда
жүргiзілген жұмыстарды және зерттеулердi
назарға ала отырып;
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының
отыз жетiншi сессиясында қабылданған
(1982 ж.) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи
ресурстарды сақтауға қатысты тәртiп ережелерi
ретiнде Дүниежүзілік табиғат хартиясының
рухын, принциптерiн, мақсаттары мен мiндеттерiн
ескере отырып;
Мемлекеттердiң адам денсаулығын қорғауға
және қоршаған ортаны қорғау мен сақтауға
қатысты өздерiнiң халықаралық міндеттемелерiн
орындау үшiн жауап беретінін және халықаралық
құқыққа сәйкес жауапкершілікте болатынын
растай отырып;
осы Конвенцияның ережелерi немесе оған
кез келген хаттама елеулi дәрежеде бұзылған
жағдайда халықаралық құқық шарттарының
тиiсті ережелерi қолданылатынын тани
отырып;
экологиялық негiзделген аз қалдықты технологияларды,
әкiмшiлiк-шаруашылық қызметiнiң тиiмдi жүйесi
мен қауiптi және басқа да қалдықтар өндiрудi
ең төменгi шекке дейiн қысқарту мақсатында
қалдықтарды пайдаланудың керi айналысы
әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi жалғастыру
қажет екенiн ескере отырып;
сондай-ақ, қауiптi және басқа да қалдықтарды
трансшекаралық тасымалдауға бақылауды
күшейту қажеттiгiне байланысты халықаралық
қоғамдастықтың өсе түсiп отырған қаупiн,
сондай-ақ, осындай тасымалды мүмкiндiгiнше
ең төменгi шекке дейiн қысқарту қажеттiгiн
ескере отырып;
қауiптi және басқа да қалдықтардың трансшекаралық
заңсыз айналымының проблемаларына алаңдаушылық
бiлдiре отырып,
қажеттілiктi тани отырады.
Қорытынды
Мен 11-і ақпан
мен 2-і наурыз аралығында

- Өндірістік практика есебі
- Өндірістік процестердің мәні және түрлер
- Өндірістік процестердің мәні және түрлер
- Өндірістік роботтарды жинау операцияларында пайдалану
- Өндірістік улар
- өндірістік шаң
- Өндірістік шығындар
- Өндірістік кәсіби аурулар
- Өндірістік логистика
- Өндірістік менеджмент
- Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адамға тигізетін әсері
- Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адамға тигізетін әсері
- Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адамға тигізетін әсері
- Өндірістік орындардағы желдету