Неолиберализм

Экономиканы реттеудегі ақшаның рөлін темен ұстаған  кейнс теориясына 50—60-жылдары монетаризмнің  негізін қалаушы, Чикаго университетінің  профессоры М. Фридмен белсенді түрде  қарсы шықты. Ол 1950 жылы АҚШ-тың Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының бастамасымен іскер циклдағы ақшаның ролін зерттеу жобасын басқарды. М. Фридменнің және оның жетекшілігімен Чикаго университетінің студенттер тобының қарқынды тәжірибелік зерттеулері нәтижесінде ақша айналысының тарихы мен теориясы туралы іргелі еңбектер жарық корді1. М. Фридмен өзінің зерттеулерінде ақшаның белсенді ролін теріске шығаратын ортодаксальды кейнс теориясына қарама-қарсы - ақшаның сандық теориясына сүйенді. Алғашқы монетаристік тезистердің іс-тәжірибелік негізіне АҚШ-тың жүз жыл уақыт ішіндегі ақша айналысының тарихының статистикалық материалдары алынды. Өзінің теориясын «монетаризм» деп атап, М. Фридмен ақшаның классикалық сандық теориясын қайта жандандырды және экономикадағы ұзақ мерзімді тепе-теңдікке сүйенетін ерте монетаризмнің негізін қалады.

Монетаризм - XX ғасырдағы экономикадағы теңдесі жоқ ірі құбылыс, біртүтас экономикалық ағым. Ол көптеген мемлекеттерді дағдарыстан шығарды, экономикасын сауықтыруға мүмкіндік берді.

Монетаристер  ақшаның сандық теориясын бұрынғы  қалпында жандандыру мүмкін еместігін түсініп, оның негізінде ақшаға сұраныс теориясын ұсынды. Ақшаның сандық теориясының жаңа нұсқасында ақшаға сұраныстың мынадай функциясы ұсынылды:

А.Маршаллдың басты  идеясы нарықтағы процестерді анықтаушы  күш ретінде сұраныс пен ұсыныстың  қалай қалыптасатының, қалай өзара әрекет ететіндігі талдап, сұраныс икемділігі түсінігін енгізді. Ол тепе – теңдік база түсінігін қолданды

 

 

 

 

 

 

 

Неолибералдық бағыттың сипаттары (Ф.Лист, В.Рошер, К.Книс, Б.Гильдебранд, Г.Шмоллер, Брентано, М.Вебер, В.Зомбарт, В.Ойкен, Л.Эрхард

 

Тема 9. Неолибералды экономикалық  теория

Мақсаты: Қазіргі монетаризмдегі неолибералды теорияны зерттеу

Жоспар:

1. Монетаризм теориясы. М.Фридмен қазіргі монетаризмді  қалаушы ретінде.

2. Либерализмді қазіргі  жақтаушылар 

3. Неолиберализмнің Лондон мектебі.

4. Ордолиберализм позициясы. В. Ойкеннің экономикалық көқарастары.

1.ХХ ғасырдың 7-ші жылдарыдң  басында  неоконсерватизмнің  жаңа ағымы – монетаризм пайда  болды. Монетаризмнің  негізін  салушы Чикаго  мектебінің  экономистері, ал лидері – Милтон Фридмен (1912) болды. Ол Бруклинде (Нью-Йорк) туды, Чмкаго және Колумбия университеттерін бітірген, философия және құқықтану ғылымдарының профессоры 1971 жылдан 1974 жылдар аралығында  Фридмен президент Р.Никсонның экономикалық мәселелер  бойынша кеңесшісі  болып жұмыс жасады. Ал 1984 жылдан бастап Чикаго  университетінің  экономика ғылымдарының професссоры.

Фридмен қазіргі замандағы  беделді экономистердің  бірі. Оның монетаристік концепциясы  алғаш  рет президент Р.Никсонның тұсында  1960-1970 жылдары АҚШ-тың республикалық үкіметінің  мақұлдауынан өтті. Монетаристік  идеяның жарқын көрінісі ретінде америка экономикасын тұрақтандыру концепциясы мен АҚШ-тағы инфляцияны бәсеңдету және долларды нығайтуға мүмкіндік берген «рейганомиканы» жатқызуға болады.

Фридмен 250-ге тарта еңбектің, соның ішінде 27 кітаптың авторы. Оның еңбектерінің ішінде «Ақшаның сандық теориясы» (1956, «Капитализм және еркіндік» (1962), «Өз тағдырының қожайындары» (1980)  деп аталатын еңбектері бар. Ал оған Нобель сыйлығын әперген еңбегі «1867-1960 жылдар аралығындағы  АҚШ-тың ақша жүйесінің тарихы» деп аталады.

Фридмен ірі теориктігімен  қатар экономикалық өзгерістердің  бірнеше практикалық бағдарламаларын  жасады. Бұл бағдарламалар  Чилиде, Израильде және басқа да елдерде  азды-көпті жүзеге асырылды.

Монетаризмнің өмір сүру кезеңдеріне байланысты бірнеше  түрлері кездеседі:

классикалық (фридмендік) монетаризм (50-ші жылдардың ортасынан  – 60-шы жылдардың ортасына дейін);

«ғаламдық монетаризм»  «90-шы жылдардың аяғы – 70-ші жылдардың  бірінші жартысы), инфляция мәселесімен айналысады;

«атаулы табыс» концепциясы (70-ші жылдар), несие-ақшы саласы мен  «нақты» сектордағы жүретін процестердің өзара іс-әрекетін зерттейді;

«Брунер – Мельцер» моделі, ақшалы экономика моделінің  жалпы  вариантын әрі байлық әсері мен орнын басу әсерінің бірігуін білдіреді;

«экономиканы  тұрақтандыру»  моделі және  FRS-MIT –PENN  моделі,  мұнда экономикалық зерттеулер жүргізіледі;

Бюджеттік монетаризм.

          Жалпылама алғанда монетаризм  – бұл экономикалық талдауда  ақшаның рөліне ерекше мән берілетін теория. Ақша-экономикалық талдаудың негзгі элементі, экономикалық болжалдың іргетасы және мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құралы ретінде  қарастырылады.

          Монетаристер, немесе монетаризм  теориясының өкілдері-сөзсіз  еркін рыноктық шаруашылықты жақтаушылар. Олар мемлекеттің кейнстік үлгідегі экономикаға араласуы қысқа мерзімдік қана нәтиже береді, ал ұзақ мерзімде олар нәтижесіз, керісінше зиян келтіріп рынок реттеушілерін тежеуге әкеледі деп  дәлелдеуге тырысады.

         Монетаристердің  негізгі талдау  объектсі ақша және айналымдағы  ақша саны. Фридмен мен оның  жолын жалғастырушылар ақшаның  сандық теориясын жақтайды. Фридменнің  пікірінше  бұл теория –  ақша сұранысы теориясы.

         Ақша теориясын монетаристер ақшаның сандық теориясына негіздейді, яғни айналымдағы ақша санының өзгерісі баға өзгерісіне әкеледі. Бұл тұрғыда Фридмен ақша сұранысы жайында өзінің теориясын ұсынады: ақшаға сұраныс салыстырмалы жағдайда тұрақты, ақшаға деген сұраныс функциясы баға деңгейінен, облигация мен акция табысынан, процент мөлшерлемесіне байланысты, ақша айналымы жылдамдығынан тәуелді. Егер баға өсімі күтілсе (инфляция) ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді. Проценттік мөлшерлеменің көтерілуі  де ақшаға сұранысты азайтады.

1. Германиядағы неолиберализм (В.Ойкен).

3Әлеуметтің рыноктық  шаруашылық теориясы (Л.Эрхард)

Неолиберализм экономика  ғылымының бір бағыты ретінде  ХХ ғасырдың  30-шы жылдарында Германияда,  еркін кәсіпкерлік туралы философиялық көзқарастың  дағдарысы кезінде  қалыптасты. Оның лидері – Фрайбург  университетінің   профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950). Осыған байланысты необерализм  теориясының жақтаушылары  Фрайбург  мектебін құрды. Ойкеннің  өзі Фрайбург мектебінің дамытқан  концепциясын ордолиберализм   (латын тілінде ordo – қатар, тәртіп  мағынасын білдіреді) деп атады.

Жалпы неолиберализм  бағытының әр түрлілігі кездеседі: Австрия мен Швейцариядағы неолиберализм (неомаржинализм), Франциядағы неолибералды  дирижизм  және Германиядағы неолиберализм (ордолиберализм). Осылардың ішіндегі соңғысының маңыздылығы басым. Себебі  Германиядағы неолиберализм  бағытының теориялық және практикалық  жағдайда қалыптасуының  шарттары  мен мүмкіндігі болды:

  1. Гремания басқа батыс елдеріне  қарағанда  капиталистік  даму жолына кештеу түсті;
  2. феодалдық сарқыншақтардың ұзақ уақытқа сақталуы;
  3. Германияны қоршаған батыс елдеріндегі  әлеуметтік шиеленістердің өршуі;
  4. экономистердің теориясын ең басты пайдаланушы  әрі оған  сұранысты қалыптастырушысы болып мемлекеттің табылуы;
  5. экономистердің көзқарастарына  Г.Гегель (1770-1831)  философиясының  әсері ол үкіметті  халық рухының ең жоғарғы бейнесі деп есептеді).

Осы жағдайларға байланысты  классикалық мектептің  еркін  бәсекелестікке  негізделген көзқарастары  Германия  экономикасына  жарамсыздық танытты. Гремания буржуазиясының  өзінің сыртқы  бәсекелестіктеріне  қарсы тұруы  үшін үкіметтің  қолдауы қажет болды.

Ойкеннің пікірінше экономикалық құрлыстың екі түрі бар: орталықтан басқарылатын шаруашылық және рыноктық шаруашылық.Орталықтан басқарылатын шаруашылықтың өзі екі түрге бөлінеді. Оның бірі ұсақ  бір –бірімен байланыссыз  шаруашылық, яғни натуралды  шаруашылық  түрінде  көрінеді.Мұндағы барлық экономикалық іс-әрекеттер олардың иесінің – патриархалды отбасының қожасы, құл иеленуші, помещик, т.б. еркіне бағынады. Екіншісі  - халық шаруашылығы, яғни барлық  экономикалық  шаруашылық орталықтанған әкімшілік аппараттың  үкімі арқылы жүргізіледі.

Ойкеннің пікірінше рынок көп  түрлі. Рыноктық шаруашылықта ұсынысты ұйымдастырудың  5 түрлі формасы, сәйкесінше сұраныстың   да 5 түрлі  ұйымдастыру формасының болуы мүмкін: бәсекелестік, ішінара олигопия, олигопия, ішінара монополия, монополия. Бұлардың әртүрлі комбинациясы  рыноктың таза 25 түрін құрайды. Экономиканы олигополия мен монополия арқылы  реттеу – экономиканы толық бәсекелестік  пен орталықтанған әкімшілік басқарудың  аралық формасы болып табылады.

Әлеуметтік  рыноктық  шаруашылық теориясы екінші дүниежүзілік  соғыстан кейінгі  Германия үкіметінің жүргізген  экономикалық саясатының негізін құрады. Осы теорияны  негізгі әзірлеушілердің бірі, экономика профессоры, экономика министрі, одан соң федералдық канцлер Людвиг Эрхард (1897-1977) болды.

Аденауэр-Эрхард үкіметі өздерінің  мемлекеттік доктринасы ретінде  неолиберализмді  ұстаныд. Жалпы  Эрхард  әлеуметтік рыноктық  шаруашылықты  капитализмнің де социализмнің де баламасына  жатқызды.

3. Ұсынымның  экономикалық теориясы

(А.Лаффер, М.Фелдстейн)

            Ұсынымның экономикалық теориясы  өзінің мағыналылығы жағынан  екінші неоконсерватизм мектебіне  жатады. Ол ХХ ғасырдың 70 жылдары  кейнстік ілімнің дағдарысы кезінде қалыптасты.

            Ұсынымның экономикалық теориясы  монетаризм теориясымен салыстырғанда  іргелі теория, ол барлық кеінен  қамтиды.Бұл теория негізінен   консерватизм өкілдеріне жатады  жән ол американдық экономикалық романтизм, прагматизм, саяси демогогия қоспаларынан шыққан.

            Ұсынымның экономикалық теориясы  АҚШ әкімшілігінің экономикалық  саясатын анықтауда маңызды роль  атқарды.

            Алғашқы рет бұл теория туралы  идеяны  1977- 1978 жылдары бюджет саясаты мәселесінің  туындауына  ьайланысты саясатшылар Дж.Кемр,ДжРусселоторг, У.Роттар айтқан болатыг. Бірақ ұсынымның экономикалық теориясының негізгі идеологтары журналистер: Дж.Ванниски, Дж.Гилдер, И.Кристол болса, теориктері – А.Лаффер, Р.Мандель болды. Ал эмпирикалық  зерттеулерін профессорлар М.Фелдстейн, М.Боскиндер жүргізді. Сондықтан бұл теорияның  бірыңғай жетекшілері болмағанымен, көрнекті өкілдерінің қатарына Артур Лаффер мен Мартин Фелдстейн жатады.

            Бұл теория экономикалық неоконсерватизм мектебіне жатаындықтан, оның төрт түрлі ерекшеліктеріне тоқталамыз.

            Біріншісі –оның методологиясы, ол  екі мектептің, неоавстриялық және монетаризм мектебінің синтезі. Неоавстриялық мектепті құрған АҚШ-та қызмет атқарушы австриялықтар. Оларға Людвиг фон Мизес (1881-1973) және оның оқушысы Фридрих Август фон Хайек (1889-1924).

            Неоавстриялықтар – таза рынокты  жақтаушылар және консерваторлар. Ұсынымның экономикалық теориясының   өкілдері өздерінің  ілімінде Ф.Хайектің ұсынған  төрт түрлі тезисіне сүйенеді. Ф.Хайектің бірінші тезисі  рыноктың монополиялық тәртібі. Ф.Хайектің пікірінше, экономикалық күрделілігі соншалықты, оның объективті заңдарын адамның ақыл-ойы түсіне бермейді. Сондықтан экономиканы реттеудің ең жақсы құралы смиттің «көрінбейтін қол механизмі» болып табылады. Мемлекеттің рынокқа араласуы экономикада бүлінушілікті тудырады.

            Хайектің екінші тезисі  рыноктың таза болуын білдіреді. Оның ойынша мемлекет рынокты  бүлдіреді, сондықтан да ол экономиканың мемлекеттік реттелуі  туралы кез-келген шешімге қарсы. Ф.Хайек – Маркс ілімінің жанды қарсыласы. Ол мемлекеттің экономикаға араласуын «зиянды өз-өзіне сенушілік» деп атады.

            Хайектің үшінші тезисі – бюджеттің қайта бөліну саясатын сынға алады. Бюджеттің қайта бөлінуі экономика мен қоғамға зиянын тигізеді, өйткені теңсіздік міндетті түрде болады. Бұл рыноктың нәтижесі ғана емес, оның қажетті алғы шарты да.

            Хайектің төртінші тезисі – кәсіподақтарды сынға алады. Кәсіподақтар, Хайектің пікірінші, еңбек нарығындағы монополистер. Олар да рынокты ластайды, сондықтан олармен де күресу қажет деген пікір айтады. 

Ұсынымның экономикалық  теориясы бойынша мемлекет екі мәселемен  айналысуы қажет: 1) экономикалық өсуді  қамтамасыз ету; 2) инфляцияны шектеу.

            Ұсынымның экономикалық теориясының екінші ерекшелігі  - жұмыссыздық теориясында жатыр. Ұсынымның экономикалық теориясының жақтаушылары әлеуметтік кепілдік жүйесіне толығымен қарыс.

М.Фелдстейн - әлеуметтік шығындардың, салықтың, ақша жинағының, инвестицияның, жұмысбастылықтың динамикалық қатарын жасады. Осыларға талдау жасай отырып, ол әлеуметтік шығындардың есебінен жұмыссыздықтың азаятыны туралы  тұжырымға келді.

            Ұсынымның экономикалық теориясының үшінші ерекшелігі – инфляция мәселелері. Бұл мәселе бойынша олар ақша массасын шектеу қажеттілігі туралы М.Фридменмен пікірлес. Бірақ бұл мәселені шешуде олардың арасында шамалы айырмашылық бар.

            Ұсынымның экономикалық теориясының төртінші ерекшелігі – экономикалық өсу теориясы. Олар экономикалық өсу теориясының өзіндік дербес концепциясын ұсынады. Бұл концепциядағы негізгі фактор – жинақ ақша.

            80 жылдардың басында салық жүйесін  реформалау (қайта құру) туралы ой-пікірді негіздеуші Артур Лаффер болды. А.Лаффер ұсынымның экономикалық теориясының белгілі өкілдерінің бірі. Оның  атын әлемге әйгілеген «Лаффер қисығы» болды.

4.Ұтымды күту  теориясы

(Р.Лукас, Дж.Мут,Н.Уоллес)

            Неоконсервативтік теорияның басқаша тармағы ұтымды күту теориясы деп аталады. Бұл  теория да өткен  ғасырымыздың  70-жылдары қолданыла бастады. Қолайлы күту теориясының өзіне тән алғы шарттары бар; теориялық тұрғыда ол тереңдігімен, практикалық  тұжырымдамаларының ерекшеліктерімен айырықшаланады. Сондықтан да бұл теорияны «жаңа класссикалық теория» деп те атайды. «Жаңа классиктер» микро және микроэкономиканың қарама-қарсы бағытта қарастырылуына  қарсы; олардың талдану аспектісінің ерекшеліктері болғанымен, объектілері бір – адамдардың экономикалық іс-әрекеті. «Жаңа классиктер» субъектілердің мінез-құлқын микро және макро моделінде болмасын, олардан тәуелсіз экономикалық ұтымдылық тезисі тұрғысынан қарастырады.  Субъектілердің экономикалық мінез-құлқы  ұтымдылығының қажетті алғы шарты – қолайлы күтуі болып табылады.

            «Жаңа классиктердің»  алдыңғы  қатарында 1961 жылы «Қолайлы күту  және баға қозғалысы теориясы»  мақаласын  жариялаған американдық  экономист – математик Джон  Мут  (1930 жылы туған) тұрды.

Жаңа классиктердің  негізгі идеяларының бірі экономикалық объектілердің  қолда бар мәліметтерді толық пайдалана отырып, алдағы  экономикалық процестерге  болжау  жасауы, осыған  байланысты  сәйкесіеше шешімдер қабылдауы. Мысалы, экономикалық объектілердің болашақтағы баға деңгейін болжай отырып, а,ымдағы және келешектегі тұтынуды белгілей алады. Бірақ кейбір жағдайда экономикалық объектілердің қолда бар мәліметтердің негізінде жасаған шешімдері теріс те болып шығуы мүмкін немесе әр түрлі бағалау нәтижесінде теріс шешімдер  қабылдауы мүмкін. Сондықтан «аңа классиктер» экономикалық объектілердің тиімді күтуі экономикалық жағдайлардың  тұрақтылығында ғана өз-өзін ақтайтынын мойындайды. Егер экономикалық  тұрақтылық жағдайы болмаса, мысалы қарқынды инфляция кезінде, экономикалық объектілердің  өткен жылдардың тәжірибесіне бағдар жасауы оңтайлы нәтиже бере қоймайды.

            Мут идеялары 70-ші жылдары сұранысты  ынталандыруға байланысты кейнсиандық  саясатының құлдырауынан кейін  қолдау тапты. АҚШ-тағы қолайлы  күту мектебінің қалыптасуына  басшылық жасаған Роберт Лукас (1937 жылы туған) болды. Роберт Лукас пен қатар, бірақ одан тәуелсіз американдық экономистер Томас Сарджент (1943 жылы туған) және Нейл Уоллес (1939 жылы туған) кейнсиандық саясаттың сәтсіздігін үкіметтің қысымы арқылы  түсіндіреді.

            Мемлекеттің экономикаға араласу қажеттілігін мойындай отырып, «қолайлы күту» теориясының жақтастары кейнсиандық және монетарлық экономикалық саясатты тиімсіз деп санайды. Сондықтан жалпы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін ең алдымен саяси ойлау әдісін өзгерту қажет. «Қолайлы күту» теориясында теп-теңдік өздігінен пайда болмайды деп көрсетіледі. Сондықтан, экономикалық теорияның аса маңызды міндеттерінің бірі экономикаға мемлекеттің араласуының әдістері мен шектерін, түрлерін таңдай білуінде жатыр.

            «Қолайлы күту» гипотезасымен қатар «жаңа классиктер» рынокты тиімді тазарту гипотезасын ұсынады. Бұл гипотезаға сәйкес рыноктағы барлық бағаның икемді болуы шарт. Мұндайда рынок тез арада, кез келген сәтте «тазарады». Ал рыноктың тазарысы теп-теңділік бағаның орнығып, артық сұраныстың жоғалуына әкеледі. Экономикалық тепе-теңдік жұмыссыздықтың  табиғи  деңгейінде де қалыптаса алады. Мемлекеттің сұранысты бюджет есебінен қаржыландыру немесе ұсынысқа ақша-несие шараларымен ықпал жасау арқылы жұмыссыздықты  табиғи деңгейінен төмендетуге  жасаған әрекеті, кез келген жағдайда тиімсіз. Мемлекеттің экономикаға мұндай интервенциясы  рынок агенттерінің  оңтайлы іс-әрекеттерінен байқалады. Рынок субъектілері өздерінің  қолда бар қажетті мәліметтері арқылы үкіметтің акцияларына тез арада жауап қайтара алмады.

            Қолайлы күту мектебі өзінің  танымалдығы жағынан  80-ші жылдардың  алғашқы жартысында  Чикаго мектебінен  кейінгі орынды иеленді. Олардың  кейнсиандық саясатқа қарсы бірқатар  мәселелерінің ортаұтығына байланысты кейбір экономистер «жаңа класссиктерді» Чикаго мектебінің тармағына жатқызады. Шындығында екеуінің арасындағы айырмашылық алшақтығына сәйкес, Чикаго мектебін  неоконсерватизм бағытына жатқызғаннан гзрі монетаризм ілімі шеңберінде қарастырған дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі әдебиет:

1. История экономических  учений (под ред. Худокормова А.  Г.). – М., 2002.

2. История экономических  учений (под ред. Автономова В.). – М., 2002.

3. История экономических  учений (под ред. Шмарловской Г.  А.). – М., 2001.

4. История экономических учений Ч.1 (под. Ред. В.А.Жамина.,

Е.Г.Василевского.) - М. 1989.

5. Бартенев С. А.  История экономических учений. –  М., 2002.

6. Блауг М. Экономическая  мысль в ретроспективе. – М., 1994.

7. Жид Ш., Рист Ш. История экономических  учений. – М., 1995.

8. Майбурд Е. М. Введение в  историю экономической мысли.  – М., 1996

9. Тюнин А.И. История экономических  учений. Учебное пособие – Костанай : КГУ им. А. Байтурсынова, 2008.-94 (стр.61-67)

Қосымша әдебиет:

1. Ковалев И. Н. История экономических  учений. – Р/Д, 2000.

2. Костюк В. Н. История экономических  учений. – М., 2001.

3. Левита Р. Я. История экономических  учений. – М., 2001.

4. Сурин А. И. История экономики  и экономических учений. – М., 2002.

5. Ядгаров Я.С. История экономических  учений. 4-е изд. М.: ИНФРА-М, 2002

6. Всемирная история экономической  мысли. М., 1987 - 1995. Т. 1 - 5.

7. Антология экономической классики. В 2-х т. М., 1991, 1993.

8. Жиентаев С.М., Тюнин А.И., МЕТОДИЧЕСКИЕ  РЕКОМЕНДАЦИИ по дисциплине «История  экономических учений» студентам экономических специальностей заочной формы обучения – ИЭУ- Костанай: КГУ им. А. Байтурсынова, 2008. – 35 с.

 

 

. 1. Неолиберализм: бастау көздері мен әр түрлі мектептері 
1.1. Неолибералдық теорияның бастаулары 
Неолиберализм теориясының тамыры тым тереңде, А.Смиттің экономикалық көзқарастарына 
Жалпы неолибералистік доктрина жасау талпынысы екінші дүниежүзілік соғысқа 
Неолиберализмнің алғашқы нұсқасы батысгерманиялық ордолиберализм болды. Бұл концепция 
Ордолиберализмнің бастапқы теориясы экономикалық құрылымның негізгі екі типі 
Неолиберализм кейнсианствомен бір мезгілде қалыптасты, бірақ одан айырмашылығы 
В. Ойкен монополиялаудың заңды сипатын үзілді-кесілді жоққа шығарды. 
Неолибералистік теорияның негізінде либерализмнің саяси философиясы жатыр, оның 
Саяси экономикадағы либералистік бағыт өкілдерінің пікірлері бойынша, экономикалық 
Неолиберализмдегi кейнсшiлдiк бағытының негiзiн қалаушы ағылшын экономисi Джон 
Кейнстiң идеялары 50-60 жылдары кеңiнен таралды. Бұл идеялар 
Неолиберализм идеологиясына қарсы шығып, еркiн кәсiпкерлiктi жақтаған қазiргi 
Қазіргі кездегі либералдарды концептуалдық ережелері емес, әдістемелерінің ортақтығы 
1.2. Неолиберализм теориясы өкілдерінің  
экономикалық көзқарастары 
Жиырмасыншы ғасырда классикалық либериализмнің өркендеу бастауында әйгілі экономист 
Мизестің пікірінше, жеке меншік өркениет пен материалдық игіліктің 
Мизес нарықтық емес жүйелерді, атап айтқанда социалистік жүйені 
Мизес мемлекеттің ролін күшейту міндетті түрде бюрократияға алып 
Аралас экономика термині «бір тектес» пайымдауға келмейді. Оның 
Аралас экономиканың аталған пайымдалуы қазіргі жағдайда бір-біріне қайшы 
Мизестің пікірінше, тек еркін нарық қана демократиялық принциптерге 
Мизес идеясының дамуын оның шәкірті және жолын қуушы 
Фридрих фон Хайек неолибералдық бағыттың жолын ұстана отырып, 
Хайектің ойы бойынша, нарық мүлдем басқаша қызмет етеді. 
Хайек бойынша, өздігінен пайда болған экономикалық тәртіптің артықшылықтары 
Сол секілді Хайек бәсекелестік механизміне айрықша назар аударды. 
Хайек өз iлiмiнде нарықты мемлекеттiк реттеудiң кез-келген формасын 
Неолибералдық теорияны әзірлеуде Вальтер Ойкеннің (1891-1950) үлесі зор. 
Ойкеннің ойынша, экономикалық құрылыс «іс жүзінде жүзеге асырылған 
Ойкен «бәсеке құрылымының» негізгі принциптерін жасады. Ол оның 
1.3. Батыс германиялық неолиберализм теориясы 
Батыс германиялық неолиберализмнің іргелі идеялары германияның «жаңа» тарихм 
Батыс германиялық неолиберализм әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың еуропалық және 
Ғылыми методология тұрғысынан алғанда германиялық неолиберализмге мыналар тән. 
1.4. Неолиберализмнің Чикаго мектебі 
АҚШ-та кейнсианствоға балама ретінде неолиберализмнің Чикаго мектебі болды. 
Монетаризм - экономикалық концепция, бұл макроэкономикалық талдаудың негізгі 
Монетаризм 20 ғ. 50-ші жылдарында пайда болды, ал 
Осы бағыттың туынды бастаушысы - Гервинг Фишер. Монетаризмнің 
Қысқаша айтқанда, монетаризм мәні екі түрлі тезиске саяды. 
1. Ақша экономикада басты рольді ойнайды; 
2. Орталық банк ақша ұсынысына, яғни айналымдағы ақша 
Монетаризм ақшаның сандық теориясына негізделеді, оның түбірі XVII 
Монетаризм - бұл ақша және оның ұдайы өндіріс 
Концепцияның негізгі бағыттары М.Фридменмен оның "Оңтайлы экономика очерктері" 
Егер кейнсиандықтар пікірінің орталығында тиімді сұраныс болса, онда 
Экономиканы жақсарту үшін, олардың ойынша, салықтарды төмендету және 
Кейнсиандықтарды сынға ала отырып, қоғамдық таңдау теориясының өкілдері 
Қазіргі заманғы монетаризмде ақшаның кейнсиандық жәке неокейнсиандық бәсекелес 
Кейнстік теория ақшаға сұранысты анықтау үшін, экономикалық тұлға 
Д.Кейнс мынандай тетіктерді (ықпал күштер) шығарады: трансакциондық, спекулятивтік 
Монетаризм мен Кейнстік теориясының арасындағы негізгі айырмашылық келесіге 
Кейнсиандық бағыт ақшаны екінші орынға қояды, монетарлық теория 
Кейнсиандық ілім жорамалы бойынша, ақша ұсынысының өзгеруі проценттік 
Монетарлық бағдар бойынша, ұзақ мерзімді саясатта мемлекет негізделген 
Монетарлық бағдардың кейнсиандық ілімдерден пікір айырмашылығы: ақша ұсынысының 
Белгіленуі тиіс келе-келе олар және басқаларда өздерінің соңғы 
Қазіргі кездегі дамушы елдердегі қарыз дағдарысы және халықаралық 
Инновациялық және инвестициялық қызметтерін мемлекеттік реттеу жүйелеріне басқару 
Мәні бойынша неолибералдық монетарлық концепцияны АҚШ-тың республикалық үкіметі 
Мемлекеттің экономикаға араласуынан тұратын концепцияның жаңалығы Фридмен бойынша, 
2. Әлеуметтік нарықтық шаруашылық және неолибералистік  
теорияны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері 
2.1. Әлеуметтік нарықтық шаруашылықтың теориясы мен практикасы 
Әлеуметтік нарықтық шаруашылық бастауында профессорлар Франц Бем, Вальтер 
Бұл кереметтің іске асуы Батыс Германияда келесі жағдайдың 
Ойкен мемлекеттік экономикалық саясатында екі бағытты ұсынды. Біріншіден, 
60-шы жылдары Ойкеннің ізбасарлары оның теориясын біршама 
Сондықтан Мюллер-Армак өз үлгісінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде 
– кірістерге прогрессивтік салық салу, бұл жоғары және 
– халықтың тұрмысы төмен бөлігіне бюджеттік дотация, бұл 
– әлеуметтік сақтандырудың және әлеуметтік инфрақұрылымның (білім беру, 
Әлеуметтік нарықтық шаруашылық концепциясы – мемлекет кепілдік берген 
ФРГ-дағы бұл экономикалық үлгі табысты болды, кейіннен ол 
Реформаның табысты болуының бір себебі оны авторлардың өздерінің 
Эрхардтың экономикалық саясатының тиімділігінің мынадай сипаттары бар: 
1. Мемлекеттің ерекше ролі. Шаруашылық жүйесінің негізіне еркін 
2. Мемлекеттің маңызды функциясы – ерекше әлеуметтік саясат 
3. Тәртіп жүйесі факторы ретінде бәсекенің барынша дамуы. 
Сөйтіп, әлеуметтік нарықтық шаруашылық нақты заңдарды өмірге енгізіп, 
Әлеуметтік-нарықтық экономика орталықтандырылған басқарылатын экономикадан ерекшеленеді.  
2.2. Неолибералдық теорияны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері 
Жоғарыдағы мәселелерді қарастыра отырып, осындағы тәжірибелерді Қазақстанда қолдануға 
Батыс әдебиетінде «әлеуметтік нарықтық экономика», «экономикалық тәртіп» терминдері 
Сол секілді бірқатар маңызды тіршілік факторлары да үлкен 
Осы жағынан алғанда неолибералистік теорияның оңды жақтарын Қазақстан 
Сол сияқты ФРГ-да іске асырылған әлеуметтік нарықтық шаруашылық 
Қорытынды 
ХХ ғасырда мемлекет және құқық мәселелерiн ғылыми тұрғыда 
Жоғарыда келтiрiлген саяси және экономикалық iлiмдер ХХ ғасырдағы 
Неолиберализм – негізінде өлшеулі мемлекеттік басқару мен экономиканың 
Экономикалық неолиберализмнің теориялық ережесінің мәні мынада жатыр, неолибералдықтар 
Неолиберальдық бағытының дамуы АҚШ, Ұлыбритания және Германия экономистерінің 
Неолиберализм идеясы мен ережелері қазіргі кезде де өз 
Әлеуметтік-нарықтық экономика – бұл экономикалық еркіндік пен әлеуметтік


Неолиберализм