Н.Хрущев реформаларының қоғам дамуына әсері

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті. 
 

Кафедра: Қазақстан тарихы,құқық және экономикалық теория негіздері.

Факультет: Қоғамдық денсаулық сақтау 
 

   

      Студенттің өзіндік жұмысы. 
 

Тақырыбы:

 

  Н.Хрущев реформаларының қоғам дамуына әсері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                Орындаған: Меңдіғалиева Ж.С.

                                                                Тексерген:  Қалманова Г.Т 
 
 
 

                                              Ақтөбе-2011 жыл.

   

      1953 жылы наурыздың бас кезінде Сталиннің қаза болуынан кейін партиялық- мемлекеттік аппаратта билік үшін жанталасқан бақталастық басталды.Көсемінен айырылған Кремль сарайындағылар жаңа саяси айлакерлік пен қулық-сұмдық күресіне бел шеше кірісіп кетті,оның бәрі партия құжаттары қарарларында көрініс тапты.

   

   Наурыз айынан ел билігін үш  адам (триумвират)- Н.С.Хрущев,Г.М.Маленков,Л.П.Берия басқарды.Алайда, бұлардың соңғысы

26 маусымда тура КСРО Министрлер Кеңесі Президиумы отырысы үстінде

тұтқындалып, артынша атылды.Сол сәттен бастап сырт көзге көшбасшы

Г.Маленков болды.КОКП Орталық комитетінің  В.М.Молотов,Л.МКагано-

вич және Г.Маленковтың «партияға қарсы  тобының» жікшілдік әрекетін

айыптауынан кейін мемлекет басына Н.Хрущев келді.

 

    Ол ел өміріне өзгеріс енгізуді  аграрлық сектордан бастады.Халық  шаруа-

шылығының«жанды жері» нақ осында шоғырланған еді.Тоқтаусыз сыр беріп келе жатқан астық мәселесі азық-түлік тапшылығына ұрыну қаупін туғызды.Астық өндіру мемлекет сұранысын (социалистік лагерьді қосқанда) жылдан-жылға қамтамасыз ете алмады. 1950 жылға қарай халықтың саны 20  млн адамға,оның ішінде қала тұрғандары 10 млн адамға (осы жылдары ауылды тастап,қалаға босу басталды) жетті.1953 жылы елде 31 млн тонна астық жиналды,пайдалануға жұмсалғаны  32 млн тоннадан асып кетті.Дефицитті мемлекет резервінен табуға тура келді. 

  Ауыл  туралы дәстүрлі саясатты өзгерту  қажет екенін өмір алға тартты.1953 жылы наурызда КСРО Министрлер  Кеңесінің органдары егжей-тегжейлі жаңа концепция жасауға кірісті.Оның негізгі ой желісі Жоғарғы Кеңестің тамыз сессиясында Г.Маленковтың баяндамасында айтылды. 

Аграрлық  саясатты өзгерту идеялары КОКП ОК-нің  қыркүйек Пленумында (1953 жылы) директивалық тапсырыстар түрінде қолдау тапты.Соған  орай ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге итып анвестицияны күрт арттыру қарастырылды.Ауыл шаруашылығына салынатын қаржы көлемі ұлғайтылды,ауыл шаруашылығы өнімдері кейбір түрлерінің сатып алу және дайындау бағалары айтарлықтай өсті,салық саясаты жұмсарды,еңбекақыға үстеме қосылды,агросаланы дамытуды экономикалық тұрғыда қолдаудың басқа да әдіс-амалдары енгізілді. 

  Аграралық  саясатты сапа жағынан жағымды  мазмұнға үміт арту өзіндік  сенімге негізделді,инвестиция көздерін  колхоз-совхоз құрылысына бағыттаса-ақ, «олардың табиғатында бар мол мүмкіндіктің көзін ашады» деп білді.Таза нарық экономикасына тән, «неғұрлым көп құйсаң-соғұрлым көп аласың» деген принцип,осынау аксиоманы қабылдай қоймайтын социалистік шаруашылыққа зорлап енгізілді.Осы сәттен бастап,ол өндірісті барынша шоғырландыру және еңбекті дәріптеу идеясын білдіретін,сталиндік колхоздың  «неғұрлым ірі – жақсының түрі» делінетін биік межемен қатар ,ауыл шаруашылығы саласындағы экономикалық басымдықты (және тек оны ғана емес) нақтылай бастады. 

   Жаңа беталыстың алғашқы кезеңінде мемлекеттік тәжірибеде ауыл тұрғындары отбасы шаруашылығына кейбір жеңілдік жасау шаралары қабылданды.Атап айтқанда,колхозшының жеке меншігінен мемлекетке міндетті мал өнімін өткізу бойынша өткен жылдардағы қарызы алынып тасталды,олардан алынатын ауыл шаруашылығы сомасы (1952 жылмен салыстырғанда 1954 жылы  2.5 есе азайды) төмендетілді.Аграрлық концепциядағы өзгеріс,әлбетте, Қазақстанда да жүзеге асырылды.Мұнда ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемі,бүкіл ел бойынша орташа алғанда,шапшаңырақ ұлғая түсті (басты себебі тыңға сенім артуға байланысты болды.) Ол 1946-1952жылдармен салыстырғанда, 1953-1958 жылдары  4 еседен асты.Егер ауыл шаруашылығы өндірісіне  1953 жылы  97.2 млн сом бөлінсе, 1960 жылы оның мөлшері  814.1 млн сомға жетті.Егіс алқабының  1 гектарына құйылған қаржы мөлшері  1953-1960 жылдар аралығында 2.5 есе өсті. 

   Аграрлық секторға құйылатын  инвестиция көзін молайту оның матерялдық-техникалық базасының шапшаң дамуына жағдай тудырды. 1958 жылы МТС-терді таратуғ байланысты олардың техникасы колхоздарға сатылды: колхоздардың трактор және басқа да ауыл шаруашылығы машиналарының жеке меншік парктері қалыптаса бастады.Қазақстан ауыл шаруашылығының энергетикалық қуатын ғалама арттыру жүзеге асырылды.Трактор саны (15күштік есеп бойынша)  1950 жылғы  49 мыңнан 1958 жылы- 264 мыңға,комбайн, сол секілді  16 мыңнан  96мыңға,жүк автомобильдері  -8 мыңнан  74 мыңға жетті. 1960 жылы совхоздың бір жұмысшысының еңбек энергиялық жарағы дәстүрлі коэфициенттік өлшемге аударғанда  23 а.к –н (ат күшін) құрады. 

   «Ауылға бетбұрыс» жасалуы едәуір  жақсылық, онда да ел басшылары  ойламаған, тура табанасты оң  нәтиже бере алмады. 1954-1958 жылға дейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы ішкі өнімінің өсуі 35.3% -ды құрады. Колхоз – совхоз жүйесі мұндай қарқынды ұжымдастыру кезінен бері көрмеген еді. 

   Кеңес экономика ғылымы бірауыздан  «алтын бесжылдық» туралы сайрай  бастады,онда елдің ауыл шаруашылығы  «партия – мемлекет басшылығының  даналығы» арқасында,өндірісті интенсификациялауға  өзінің етене қабілеттілігін көрсеткенін, «өмір бойы тоқыраумен ауыратын капиталистік экономиканың» қолынан келмейтін осындай қарқынға қол жеткізгенін мақтан етті. Мақтаныш етуіне ел басшылығы да берілді.Ауылдағы жанданудың ықпалындағы билік,өндірісті жедел дамыту тетігі табылды,ол тұрақты іске қосылды деп сендірілді.Осындай елес салдарынан «ет,сүт,май өндіруден Американы қуып жетіп,басып озу!», «Кеңес елінің қазіргі адамдары коммунизм заманында өмір сүреді» деген сияқты кеудемсоқ ұрандар пайда болды. 

   Алайда интенсивтендіру тек қана қаржы құюды, энергиялық қуатты, мал басы санын, егіс алқабын ұлғайту, тіпті өнім шығаруды жай ғана көбейту емес, өндіріс тиімділігін нақты арттыру екені назарға алына қоймады. Осы шешуші ақиқат мәнінде алып қарағанда КСРО  экономикасы капиталистік дамыған елдермен ешқандай салыстыруға келмейтін еді. 

   Алайда халық шаруашылығындағы  үрдісті қадағалап отырушы органдар (министрлер кеңесі, Мемжоспарлау, ОСБ  (ЦСУ) және т.б.)ең мықтысын айтқанда - өз қызметін жаңашаландыруға  келгенде таптырмайтын -

Бтлік режимінің өзі де, халық санасына «ең дамыған кеңестік құрылыс» мақтанышы жайындағы өсек аяңын сіңірумен болды. «Жабақ қоғамға» тән,экономикалық және әлеуметтік ақпаратты оның барлық деңгейінде құпия ұстауға, жасыруға құмарлық, оған дамудың басқадай құрылымдарына,үлгісі және сапасына теңелуге мүмкіндік бермеді. Шаруашылық жағдайда сыни тұрғыда зерделеуге және қорытуға қажет салыстырмалы талдауға қол жеткізу (оны тіпті КОКП ОК қаласа да) мүмкін емес болатын,себебі ол идеологиялық бағдар мен экономикалық теориялық- тұжырымдық құрылым тапсырысы күшіне, олардың методологиялық құралдарына және партиялық – бақылау аппаратына тәуелділігі ондай сараптауға жол бермейтін еді.Елдің осы кезеңдегі дамуының сәтті картинасыныңпайда болуы жоғарыда айтылғандарға қатысты болатын. 

   Солай  бола тұра, салыстырмалы түрде  одан біраз бертіңгі бағалау  бойынша экономиканың үдемелі  деңгейі, әсіресе ауыл шаруашылығындағы  ілгерілеу, қарастырылып отырған  жылдарда қолданған шаралардың  ауқым деңгейінің шектен тыс  екендігі саяды.  

   Ауыл  шаруашылығының түпкі өнімі (саланың ағымдағы өндіріс мұқтажына пайдаланғанын  шығарып тастағандағы ішкі өнімі) өзінің жылдық көрсеткіші бойынша елде  1951-1955 жылдары 50 млрд долларды, 1961-1965 жылдары 79.5,ал АҚШ –та бұл көрсеткіш 118 және  137.5 млрд долларды құрады. Қарастырылып отырған бесжылдықта бір ауылшаруашылықпен шұғылданушыға жылдық өнім өндіру КСРО – да 1600 бен  2500 доллар аралығында белгіленді.  

  Сонымен  қатар КСРО аталмыш елдерді  техниканы кеңейту қарқыны, ауыл  шаруашылығы басымдығын (егіс алабы т.б.) кеңістік бойынша ұлғайту масштабы жағынан басып озды. Ауыл шаруашылығына салынған еңбек қорлары да аса ауқымды еді.1951-1955 жылдары және  1961-1965 жылдары ауыл шаруашылығында  32 млн адам еңбек етті. 

 

   Бұл цифрлардан,қарастырылып  отырған жылдары ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шамалы ілгерілеу сапаның емес, санның есебінен жүзеге асқанын айтқан жөн. Екінші сөзбен айтқанда, колхоз- совхоз жүйесінің экстенсивті механизмі сол күйінде сақталды. Онымен қоймай айналысын жалғастырған күйі адмын ұлғайта түсті.

   

    Дегенмен, 1954-1958 жылдары  ауыл шаруашылығы   ішкі өнімінің  теңдесі жоқ   деңгейде өсуіндегі экстенсивті   фактордың өзі рөлі мен мәні  жағынан отбасылық  жеке меншік  шаруашылықтан қалыс қалды.

 

   Алайда  қарастырылып отырған жылдарда Хрущев жеке меншіктің  тамырын жайғызбай, түбірімен қопару, ауыл шаруашылығын  жаппай  қоғамдастыру сияқты партияның  сара жолын  ұстанды. Кооперативтік меншік түріндегі  делінетін колхоздардың  өзі де одан  жоғарырақ қоғамдық құрылымға (мемлекеттік деп оқыңыз) өтудің уақытша деңгейі деп  қарастырылды. Осыдан келіп қала мен ауылдың арасындағы,  өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы  еңбек арасындағы айырмашлықты жою, агроқалалар мен тектес поселкелер салу идеялары ауыл шаруашылығын  индустрияландыру,  өнеркәсіп  модернизациялаумен қатар, колхозшыға әлеуметтік келбет және жұмысшы стеоретипін  берудің құралы деген түсінік туындайды. Осы ретте  колхоздар мен совхоздарды  жаңаша  қайта құру науқаны  да қызу жүріп жатты. Алайда бұл арада экономикалық пайымдардың болғаны рас, мемлекеттік және колхоздық кооперативтік меншік түрін жақындастыру идеологиялық доктринасына, социалистік дамудың жарқын болашағындағы жалпыхалықтық  меншік аңызы  тамаша қабысып жатты. 

   Ал отбасылық жеке меншік шаруашылығына келетін болсақ, ол ұжымдастыру кезінен бері келе жатқан қолайсыз амал ретінде  қарастырылды, азық- түлік қиыншылығы тұсында оымен келісе тұруға болады, ал ерте ме, кеш пе бәрібір жойылады, өйтпеген күнде сталиндік «ұлы бетбұрыс» жылдары соншалық табысты басталған, түбегейлі «шаруа кіріптарлығын жоюға» қол жеткізу мүмкін емес деп саналды. 

  Көп ұзамай, 1954 жылы наурызда КСРО Министрлер Кеңесінің қауоысы шығып, соған сәйкес қора- жай учаскелерінің мөлшері азайтылды. Тура екі жыл өткенде (1956 жылы алтыншы наурызда) «Ауыл шаруашылығы артелінің жарғысы және колхоз өндірісін ұйымдастырумен және артель  ісін басқаруда колхоз мүшелері  белсенділігін одан әрі арттыру туралы» қаулы шықты. Атауының өзі күрделі қаулының  ар жағында жаңа тыйым салулар,  жеке меншіктік  отбасы жер қорын  қысқарту қажеттігі тұрды, себебі  «техникасы көп және механикаландырылған МТС –ы бар қоғамдық шаруашылық жерін пайдаланудың тиімдлігі өлшеусіз екенін, түптеп келгенде колхозшылардң табысы әлдеқайда көп болатындығы» айтылады. Алайда қаулының бұл тұжырымы бос қиял болып шықты, колхоз мүшелері өз бюджетіне қоғамдықтан гөрі бұрынғыша табысты жеке меншік шаруашылығынан көбірек түсіріп отырды.  

       «Жекеше мен қоғамдық мүддені біріктіру», яғни колхоздағы еңбекті жеке отбасылық шаруашылықтағыдан әлдеқайда тиімді ету үшін, авансты енгізу жолымен, еңбекақыны кепілдік ақшамен төлеуге көшуге әрекет жасалынды. Алайда осы секілді және басқа да шаралар, жеке күнкөріс көзі болып табылатын, аясы тарыла түскен өзіндік отбасылық шаруашылықтың орнын толтыра алмады.  

    Бірқатар мамандардың топшылауынша, аграрлық реформа өзінің тиімділігін шамамен 1957-1958 жылдарға дейін сақтап келді. Одан әрі кезекті құлдырау басталды. 1965 жылы Қазақстан ауыл шаруашылығы ішкі өнімі 1960 салыстырғанда небары 92 %-ды құрады. Кезіндегі экстенсивті фактор әсерін (тың және аграрлық саладағы қызметпен айналысқандар санының бірнеше есе өсуі )алып тастағанда құлдырау шапшаңдығы бұдан да тезірек еді. 

  Экстенсивтендіруге  баса назар аудару өнеркәсіп дамуына кері әсеін тигізіп отырды. Сол кездегі идеологиялық басшылықтың өктемділігі мен экономика қоғам өмірін қамтамасыз етуі ретінде ғана емес, ол әрі екі жүйе: социализм мен капитализм жартысындағы ең басты сала түрінде қарастырылды. 

  Онда да  АҚШ басты бәсекелес деп таныды. Ол кезде мында нарықтық механизмдер ықпалымен (бәсекелестік және конъюктуралар) өнеркәсіпте құрылымдық орын ауыстырулар орын алды. Ұлттық ішкі азық түлік өнімдегі өндірші сектордың үлес салмағы 5%-ға төмендеді (1959 жыл).Өндіруші сектордың үлесі 20%-дан астам болған жағдайдың өзінде осылай еді. Алайда соңғысының өз ішінде де «өсім плюстері» өзгеріп отырды. Көп шығын қажет ететін саланың материалдық қуат пен түсім қайтарымы мол салалар ауыстыра бастады. Қалыптасқан өндіріс түрінен жоғары технологиялық заманауи дәстүрге (қара және түсті металлургия, көмір өнеркәсібі т.б. салады) көшуде еңбек ағымы мен қаржы құюда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

       

 КСРО-да өнеркәсіп саясаты, елдің басшыларына тәуелді, субтілік- ырыққа көндіру бағытында жүргізілді, жарыстың нәтижесін базистік салалар диамикасы (металлургия, көмір мен темір кенін қазу және т.б.) анықтайды деген ескі қағидадан арылмады. Сондықтан г.Маленковтың ауыр индустриямен салыстырғанда жеңіл өнеркәсіптің даму мүмкіндіктері туралы тезис ұсынуы тегін емес еді, алайда  Н.Хрущев  бастаған кеңес басшыларының халық шаруашылығын дамытудың ғылыми негізделген жоспары болмады. ОК- нің қаңтар (1955) Пленумында сөйлеген сөзінде байыпты айтылған Г.Маленковтың тезисін «Рыков,Бухарин және басқалар оқытқан, ленинизм көзқарасына жат, оңшыл ауытқушылар сандырағы» деп бағаланды. 

  Экстенсивтендірудің  кезекті айналымы қарқын ала  бастады.Адымдағыш экскаваторлардың  алып болжаулары кен қатпарына  қарш-қарш қадалып, өзінен кейін кен орнын үңірейген ғаламат апаттарын қалдырды, жаңадан қосылған зауыт мұржалары қалаларды бұрынғыдан бетер көк түтінге орады, сотталғандар тобымен химияға (химия комбинаттары салынып жатқан жерге орналастыру) жөнелтілді. «кен қазуды болат,шойынды т.б. өндіруді еселей түсуді талап еткен» елде  «коммунизм құрылысы» қарыштады.  

  Қазақстанда  тек 1960 өзінде 83 ірі өнеркәсіп орны пайдалануға берілді. Осы уақытта республикада отын энергетика базасы дамыды. Қарағанды көмір бассейнінде оннан астам ірі шахта және байыту фабрикалары іске қосылды.  1955 жылы Екібастұз 2 млн тоннадан астам көмір (көмірді ашық қазу әдісімен) берді. Осы жылдары су электр станциялары, Жезқазған мен Жамбылдағы жылу электр станциялары пайдалануға берілді. Қарағанды, Шымкент және басқа да жылу- электр орталығының қуаттары арттырылды.  Республикада электр қуатын шығару екі еседен де астам, оның ішінде су энергиясы бес есе өсті. 

  1960 жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылмен салыстырғанда 732%-ды құрады. Осы жылы ертіс химия металлургия зауты іске қослды. Онда елде тұңғыш рет жер қойнауында сирек кездесетін элементтер мен сирек металдарыд өнеркәсіптік өндірудің тұтастй кешені іске қосылды.1957 жылы Соколов Сарыбай кен орны базасында салынған елдегі аса ірі Жезқазған комбинаты өнім бере бастады. Атасу кен орны рудаларына негізделген Қарағанды металлургия зауыты толық өндіріс циклімен жұмысқа кіріске. 

     Сірә Қарағанды металлургия зауытын салуға байланысты болған қайғылы оқиғаны осы жерде айта кеткен жөн болар. Сталин айыптаған КОКП ХХ съезінен кейін кеңестік басшылық, оның атымен ғана қоштасып тоталитарлық әміршіл жүйені сақтап қалды, кез келген әлеуметтік және саяси шиеленісті тек қана үйреншікті қудалау тәсілімен ғанa шешіп отырды. 

    Қарметті салу (Қарағанды облысындағы теміртау қаласында) бүкілодақтық жастар құрылысы деп жарияланды. Комсомолдың жолдамасымен мұнда елдің түпкірінен сан мыңдаған жастар келді. 1959 жылы Қазақстан Магнитасында 25.5 мың адам, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған бірнеше мың ұл қыздар жұмыс істеді. 

     Партия кеңес қызметкерлері, сондай ақ шенеуніктер, жастар энтузииасын саудаға салып, жұмысшы күші дегеннен қиындық көрмеді, жұмысқа басшылық жасаушылар құрылыстағы еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру дегенге мүлдем мән бермеді, мәдени, тұрмыстық және баспана салу мәселелеріне де көп көңіл аудармады. 

      Жұмысқа тартылмай қалған адамдар, көбінесе жалақысы төмен жұмысқа (тоқтап қалған экскаватор орнына), жер қазуға пайдаланды.Көптеген адамдар шатырларда тұрды. Теміртау қаласының шығыс бөлігінде тұратын 31 мың құрылысшының 1300 ғана асханада тамақтана алды, ауруханада мың адамға 3.5 төсек (құрылыста жарақаттану өте жиі болып тұратын) мектеп жасындағыларға 55, мектепке дейінгілерге 6 орын ған тиесілі болды. Нан ман ауыз су жетіспей қалатын кез жиі қайталанып тұрды.  

  ...1959 жылы 1 тамызда , сенбі күні бір топ жұмысшылар асханаға бет алады,содан ешбір жерден тамақ іше алмайды (асхананың бәрі жабық болатын). Ақыры ыза-ашуға кернеген жұмысшылар шеруге шығады. (олардың ішінде комсомолдық беделден жұрдайлар, тіпті сотталғандар да бар еді, тобырды бас бұзарлық әрекетке итермелегендер де солар болатын). 

   Одан арғы әрекет ашуға ерік берген қалың нөпірдің қимылына (милиция бөлімшесін талқандау,универмагты тонау және т.б.)ұласты. Әміршіл биліктің өз заңы бойынша бұған қарама қарсы шаралар ұйымдастырылды,милиция келтіріп,әскер алдырды. Кімнің әмірімен болғаны беймәлім,милиция мен солдат жағынан бірі-біріне қарсы бей-берекет оқ атылды. 

     Соцлагерь одақтастары, сонымен бірге «прогресшіл режимдер» мен             « империализмге қарсы» қозғалыстардың әрқайсысы  көрпені өздеріне тартты. Елдің бюджетіне өнім өндірмеітін әскери өнеркәсіп кешені аса ауыр салмақ түсірді. Біркелкі жұпыны киінген кеңес халқы тұңғыш ғарышкерлерге шынайы мақтаныш сезімімен қол соқты, ал тап сол кезде Тынық мұхитының «А» квадратына кезекті баллистикалық зымыран ұшыру сынағы түрінде «Эшелондаған жанармай» тоғытылып жатты. Елге Байқоңыр зымыранының ғарыш кешенінің немесе Семей атом полигонындығы жарылыстың қаншалықты қаржы мен қиындыққа түскенін ешқашан біле алмайтын шығармыз. Соғыс мақсатында қолдануға жарамды әрбір ғылыми-техникалық жаңа идея пайда болысымен оған қолма-қол қоғам қорын кезекті жұмылдыру басталды,  оның есесінe ең күшті держава мақтанышы мен елдің уақытша әскери өнеркәсіп басымдылығына қол жеткізу сезіну ғана толтырды. Жанталаса қарулану жолына бағындырылған ғылыми техникалық прогресс, Кеңес адамының тұрмысын жақсартуға емес өзінің табиғатына кереғар, оның лайықты өмір сүру құқығына нұқсан келтіру бағытында жұмыс істеді. 
 

  Қарастырылып отырған кезеңде,  яғни Н.Хрущев тұсында   халықтың тұрмыс жағдай мен өмір сүру деңгейі, өсу жағына қарай бет алғандығы туралы әдебиеттерде сан  мәрте жазылды. Сол замандағы аштық пен жоқшылықты, сталиндік тығырық пен үpейді, соғыс жылдарындағы азапты бастан кешкен адамдар,оның қандай кез болғанын ұмыта алмайтын шығар. Алайда тарихты бүгінгі сыни көзқараспен пайымдағанда, мемлекет өзінің әміршіл-әкімшіл жүйесінен бас тартқан жағдайда азаматтарына бұдан да жүз есе артық жақсылық жасаған болар еді.   

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                  Жоспар: 

І Кіріспе:

    1953  жылдағы КСРО-ның жағдайы. 

ІІ.Негізгі:

 А) Хрущевтің билік басына келуі.

 Б)  Хрущев  реформасы

 С) Реформаның  қоғам дамуына әсері. 

ІІІ Қорытынды. 

ІY Пайдаланылған әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        

                      Пайдаланылған әдебиеттер: 

І. «Қазақстан тарихы»  V томдық Алматы 1994 жыл.

ІІ. «Қазақстан тарихы очерктері.»  Алматы 1994 жыл.

ІІІ. «Қазақстан тарихы» М.Чапай Алматы 2005 жыл

VI. www.google.ru

  
 
 
 

Н.Хрущев реформаларының қоғам дамуына әсері