Өнім өндірісінің өзіндік құнын талдау. 2
ІІ. Өнім өндірісінің өзіндік құнын талдау
2.1.
Өнім өндіруге жұмсалған
жалпы шығындар деңгейіне
талдау
Өнімнің өзіндік құны – бүл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған ағымдағы шығындары. Ол ақшалай және натуральды заттай есептеледі.
Өнімнің өзіндік құнына өнім өндіру өндіріс процесінде жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары және күшінің құндары кіреді. Барлық шығындарды бір өлшемге келтіру үшін оны ақшалай есептейді.
Өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана, жатахана, мектеп, клуб) кірмейді.
Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:
- әлеуметтік сақтандыруға
- банк кредитінің пайызы
- негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға нететін шығын
- айыптар т.б. ескерілмеген өндірістік шығындар
- тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.
Нарықтық қатынастарға толық енгенде, өзіндік құнға арендалық төлем, капиталға пайыз, кәсіпкерлек пайданың минималды мөлшері кіруі керек. Ол жағдайда өзіндік құн экономикалық шығындар деп аталады, немесе маркетингтік теория бойынша құн деуге болады. Жалпы алғанда кәсіпкер кепілді табыс табу үшін өзіндік құнды емес, экономикалық шығынды есептеуі керек.
Өнімнің өзіндік құны, тауарға баға тағайындаудың базасы және пайданың болашақ мөлшерін айқындайтын инструмент.
Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты: цехтых, фабрика, зауаттық, немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөленеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны – бұған өндірілетін өнімге цехта учаскелерде бригадаларда шыққан шығындар кіреді. Зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн – бұл цехтық шығындар + жалпы зауаттық, өндірістік шығындар.
Өдірістік өзіндік құн – цехтық өзіндік құнмен жалпы өндірістік шығындардың қосындысына тең. Өнімнің толық өзіндік құны өндірістік өзіндік құнмен өнімді өткізуге кеткен шығындар кіреді.
Өнімнің
өзіндік құнын қолдану
Жоспарлы өзіндік қүн – бұл қажетті шығындар ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайымен байланысты.
Болжамды өзіндік құн – бұл техникалық экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін тағы басқалай ғылыми жетістіктерді ескереді.
Нақтылы өзіндік қүн – бүл барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.
Өндірістік шығындарды есептеу үшін өндірістік шығындар сметасын жасайды, онда шығындар элементтерге бөліп тандайды. Шығынның элементтік классификациясы мынадай шығын элементтеріне бөлінеді:
- шикізаттар мен материалдар элементі
Кесте 2.1.1
Өткізілген
өнімнің шығындары деңгейіне
талдау
| № | Шығын элементтері | 2002 ж | 2003ж | 2004 ж | Абсолюттік ауытқуы | Құрылымы б/а | |||||
| Млн. теңге | % | Млн. теңге | % | Млн. теңге | % | 2004-2003 | 2004-2002 | % | % | ||
| +, - | +, - | ||||||||||
| 1 2 3 4 5 |
Материалды
шығындар
Еңбек ақы шығындары Әлеуметтік шығындар Негізгі қордың амортизациясы Тағы басқа өндірістік шығындар Барлық өндірістік шығындар Коммерциялық шығындар Толық өзіндік құн |
4259,2 620,8 137,4 628,0 1573,7 7219,1 6175,3 13394,4 |
59,0 8,6 1,9 8,7 21,8 54,0 46,0 100 |
3796,9 520,3 142,5 607,1 1127,3 6194,1 14986,0 21180,1 |
61,3 8,4 2,3 9,8 18,2 30,0 70,0 100 |
5209,4 832,7 193,08 1858,3 2061,4 10154,88 17983,24 28138,12 |
51,3 8,2 1,9 18,3 20,3 36,0 64,0 100 |
1412,5 312,4 50,58 1251,2 934,1 3960,78 2997,24 6958,02 |
950,2 211,9 55,68 1230,3 487,7 2935,78 11807,94 14743,72 |
-10,0 -0,2 -0,4 8,5 2,1 6,0 -6,0 - |
-7,7 -0,4 - 9,6 -1,5 -18,0 18,0 - |
| Оның ішінде:
- ауыспалы - тұрақты |
7219,1 6175,3 |
65,3 34,7 |
6194,1 14986,0 |
73,2 26,8 |
10154,88 17983,24 |
32,5 67,5 |
3960,78 2997,24 |
2935,78 11807,94 |
6,0 -6,0 |
-18,0 18,0 | |
- жалақы қоры
- әлеуметтік сақтандыруға болу
- негізгі капитал амортизациясы
- басқа да шығындар.
Шығындарды экономикалық мазмүнына қарай калькуляциялық статьялары бойынша «негізгі» шығындар және «қосымша» шығындар деп бөлінеді.
Негізгі шығындар өнім өндірумен тікелей байланысты шығындар, ал қосымша шығындар – бүл өндірістік техникалық даярлау, басқару ұйымдастыру шығындары жатады.
Кесте деректерінен көріп отырғанымыздай материалды шығындар 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 1412,5 млн теңгеге немесе 37,0%-ке өскен. Ал 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 950,2 млн теңгеге артты. Еңбек ақы шығындары бойынша 2004 жылы 2003 жылмен салыстырсақ 312,4 млн теңгеге өскен, ал 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 211,9 млн теңгеге жоғарылаған. Әлеуметтік қорғау шығындары 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 50,58 млн теңгеге немесе 36%-ке өскен. Ал 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 55,68 млн теңгеге артып отыр. Негізгі қордың амортизациясына келетін болсақ, 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 1251,2 млн теңгеге өскен, 2004 жылды 2002 жылмен салыстырғанда 1230,3 млн. тенгеге артты. Тағы басқа өндірістік шығындар бойынша 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 934,1 млн теңгеге немесе 83%-ке жоғарылаған. 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 487,7 млн теңгеге артып отыр. Барлық өндірістік шығындар 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 3960,78 млн теңгеге өскен, ал 2004 жылды 2002 жылмен салыстырсақ, 2935,78 млн теңгеге өскен.
Оның ішінде ауыспалы шығындар деңгейі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 3960,78 млн теңгеге өскен, ал 2004 жылды 2002 жылмен салыстырсақ 2935,78 млн теңгеге өсіп отыр. Ал тұрақты шығындар деңгейі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 2997,24 млн теңгеге өскен, ал 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 11807,94 млн теңгеге жоғарылап отырғанын көреміз. Сонымен өткізілген өнім шығындары деңгейінің көбеюіне: өнім өндіру көлемінің көбеюі және материалдар мен шикізаттардың бағасының қымбаттауы әсерінен болып отыр.
Жоғарыдағы
2.1.1. кестеде көрсетілгендей «Қазгермұнай»
БК-ның соңғы 2004 жылғы өндірістік
шығындар деңгейінің құрылымын көрсетеміз.
Сурет 1 - Өндірістік шығындар көлеміне
талдау
Жалпы шығын (Зобщ) деңгейінің өзгеруіне өнім көлемі (VВПобщ) оның құрылымы (УДі) өнім бірлігіне шаққандағы ауыспалы шығындар деңгейі (Ві) және өнім көлеміне есептелген тұрақты шығындар (А) әсер етеді. Енді осы көрсеткіштерді есепке ала отырып жалпы шығын деңгейінің өзгерісін есептеміз. Ол келесі формуламен анықталады:
Зобщ = ∑ (VВПобщ х УДі х Ві) + А
Осы формуланы пайдалана отырып, есептеу жүйесін келесі кесте арқылы көрсетеміз.
Кестеде көрсетілген жалпы шығын соммасының өзгерісінің есептелу тәсілі төмендегідей.
1. Жоспарлы
өнім көлемі жоспарлы шығын
деңгейі бойынша есептелген
∑ (VВПі пл х Ві пл) + Аі пл =(1005,4 х 6160,9) + 14986,0 = 21180,1 млн теңге
Кесте 2.1.2
Өткізілген
өнім шығындары деңгейіне
факторлардың әсерін
талдау
| Шығындар |
Жалпы
соммасы мың теңге |
Факторлердің өзгерісі | |||
| өнім
көлемі |
өнім құрылымы | ауыспалы
шығ-р |
тұрақты
шығ-р | ||
| 1. Жоспарлы
өнім көлемі жоспарлы шығын
деңгейі ∑ (VВПі пл х Ві пл) + А пл |
21180,1 |
2003 |
2003 |
2003 |
2003 |
| 2. Өнім
өндірудің нақты құрылымы
жоспарлы деңгеймен есептелген ∑(VВПі пл х Ві пл)хКm n+Aпл |
25454,1 |
2004 |
2003 |
2003 |
2003 |
| 3. Нақты
өнім көлемі бойынша ∑ (VВПі ф х Ві пл) + А пл |
25847,66 |
2004 |
2004 |
2003 |
2003 |
| 4.Ауыспалы
шығындардың нақты деңгейімен
есептелген ∑ (VВПі ф х Ві ф) + А пл |
25140,88 |
2004 |
2004 |
2004 |
2003 |
| 5. Накты
шығын деңгейі ∑ (VВПі ф х Ві ф) + А ф |
28138,12 |
2004 |
2004 |
2004 |
2004 |
Өнім өндірудің нақты құрылымы жоспарлы деңгеймен есептелген шығын соммасы
∑ (VВПі пл х Ві пл) х Кm n + Апл = (1005,4 х 6160,9)х 1,69 + 14986,0 =25454,1
мұндағы Кm n – өнім өндіру көлемін сипаттаушы коэффициент.
- Нақты өнім көлемі бойынша есептелген шығын соммасы
∑ (VВПі ф х Ві
пл) + Апл = (1763,0 х 6160,9) + 14986,0 = 25847,66
млн теңге
- Ауыспалы шығындардың нақты деңгейімен есептелген шығын соммасы
∑ (VВПі ф х Ві
ф) + Аф = (1763,0 х 5760) + 14986,0 = 25140,88
млн теңге
Сонымен жалпы шығын
- Өнім көлемінің әсерінен
∆ З = Зус1 – Зпл
= 25454,1 – 21180,1 = 4274,0 млн теңге
2. Өнім құрылымының әсерінен
∆ З = Зус2 – Зус = 25847,66
– 25454,1 = 393,56 млн теңге
3. Ауыспалы шығындар әсерінен
∆ З = Зус2 – Зу = 25140,88
– 25847,66 = - 706,78 млн теңге
4. Тұрақты шығындар әсерінен
∆ З = Зф – Зус3 = 28138,12
- 25140,88 = 2997,24 млн теңге
Сонымен жалпы өндірістік шығын соммасының өзгерісі
∆ Зобщ = 4274,0 + 393,56 + (-706,78) + 2997,24 = 6958,02 млн теңге
Жоғарыдағы 2.1.1. кестеде көрсетілгендей «Қазгермұнай» БК-ның өткізілген өнімнің шығындар деңгейі 2004 жылы 28138,12 млн теңгеге болса 2003 жылы 21180,1 млн теңгеге тең болып, 6958,02 млн теңгеге көбейген. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, өндірістік шығын деңгейіне факторлердің әсерін талдау жасаймыз.
Біріншіден өнім көлемінің нақты деңгейі мен өнім құрылымының жоспарлы деңгейімен салыстырғанда, яғни өнім көлемінің әсерінен өндірістік шығын көлемі 4274,0 млн теңгеге көбейсе, өнім құрылымының әсерінен 393,56 млн теңгеге өскенін, ал ауыспалы шығындардың әсерінен - 706,78 теңгеге кемігенің көруімізге болады. Өнім көлемінің көбеюімен қатар кәсіпорындағы 1 тонна өнімнің өзіндік құнының көлемі төмендегенін көреміз. Ал тұрақты шығындардың деңгейі көбеюіне байланысты тұрақты шығындардың әсерінен 2997,24 млн теңгеге көбейген. Сонымен өндірістік шығын деңгейіне әсер етуші жоғарыдағы аталған 4 фактордаң әсерінен өндірістік шығын деңгейінің өзгерісі 6958,02 млн теңгеге тең болып отыр.
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын деңгейіне талдау
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар - өнімнің өзіндік құнындағы басты көрсеткіш, яғни біріншіден ол кез келген өндіріс сапалары бойынша есептеледі, екіншіден:өнімнің өзіндік құнымен табыс арасындағы өзара байланысты сипаттайды.
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар - өндірілген өнімнің құнының өзгерісімен және өнімді сатукөлемінің өзгерісі, өндірістік шығындардың жалпы соммасының өзгерісімен тікелей байланысты.
Осы
аталған факторлер бойынша
Сурет 2 . Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын деңгейін
анықтаушы
факторлердің өзара байланысты
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар мөлшері келесі формула бойынша анықталады:
мұндағы Зо – жалпы шығындар көлемі, мың теңге
ТӨ - тауарлы өнім көлемі, мың теңге
Тауарлы
өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар
көлеміне тікелей 4 фактор әсер етеді:
- Өндірілген өнімнің құрылымының өзгерісі.
- Жекелеген өнімдерді өндіруге кеткен шығындардың деңгейінің өзгерісі.
- Тұтынылған материалдардың бағасы мен тарифінің өзгерісі.
- Тауарлы өнімі бағасының өзгерісі.
Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындарды есептеу үшін тауарлы өнім көлемінің өзгерісін келесі мәліметтерді пайдалана отырып есептеймыз.
1. Жоспарлы тауарлы өнімнің құны
∑ (VВПі
пл х Ці пл) = 1269,3 х 23709 = 30093,8 млн
теңге
2. Нақты
өнім көлемімен жоспарлы
∑ (VВПі ф х Ці пл) + ∆ ТПстр = (1763,0 х 23709) + 18466,59 = 60265,557
3. Нақты
өнім көлемімен жоспарлы
∑ (VВПі
ф х Ці пл) = 1763,0 х 23709 =
41798,967 млн теңге
4. Нақты өнім көлемі нақты бағамен есептелген тауарлы өнім құны
∑ (VВПі
ф х Ці ф) = 1763,0 х 27544,18 = 48560,39 млн
теңге
Жоғарыда
аталған факторлардың өзгерісін келесі
кесте арқылы көрсетеміз.
Кесте 2.1.3
1 теңге тауарлы өнім көлеміне шаққандағы шығын соммасының
өзгеруіне
факторлердің әсерін талдау
| Тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шығын көлемі (теңге) | Факторлар | ||||
| өнім көлемі | өнім
құралы-мы |
ауспалы шығ-р үлес | тұрақты шығ-р | сатылу бағасы | |
| Жоспар=6194,1:
30093,8 = 0,205
Усл1 = 25454,1:60265,557 = 0,422 Усл2 = 25847,66: 41798,967 = 0,62 Усл3 = 25140,88: 41798,967 = 0,60 Усл4 = 3526,861:41798,967 = 0,08 Нақты =28138,12:48560,4= 0,58 |
2003
2004 2004 2004 2004 2004 |
2003
2003 2004 2004 2004 2004 |
2003
2003 2003 2004 2004 2004 |
2003
2003 2003 2003 2004 2004 |
2003
2003 2003 2003 2003 2004 |
| ∆ Зобщ = 0,58 – 0,205 = 0,375 | 0,217 | 0,198 | -0,02 | -0,52 | 0,50 |
Әрбір фактордың әсерін есептеп көрсететін болсақ
1. Өнім көлемінің әсерінен
∆ З = 0,422 – 0,205 = 0,217 теңге
2. Өнім құрылымы әсерінен
∆ З = 0,62 – 0,422 = 0,198 теңге
3. Ауыспалы шығындар үлесі әсерінен
∆ З = 0,6 – 0,62 = - 0,02 теңге
4. Тұрақты шығындар соммасының әсерінен
∆ З = 0,08 - 0,60 = -0,52 теңге
5. Сатылу бағасының әсерінен
∆ З = 0,58 – 0,08 = 0,50 теңге
Жалпы шығын соммасының
∆ Зобщ = 0,217 + 0,198 – 0,02 - 0,52 +0,50
= 0,375 теңге
Сонымен тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын соммасы 2004 жылға қарағанда 2003 жылы 0,375 теңгеге өскен.
Себебі өндірілген өнім көлемі көбейгенімен байланысты жұмсалған шығын деңгейі де өсіп отыр.
Мысалы.
Тауарлы өнім көлемі 2003 жылы 30093,8 млн
теңгеге тең болса, 2004 жылы 48560,39 млн теңгеге
тең болып, 18466,59 млн теңгеге көбейген.
Керісінше 1 тонна өнімнің өзіндік құны
2004 жылы 2003 жылға карағанда 400,9 теңгеге
кеміген. Осыған байланысты өткізілген
өнімнің өзіндік құны кеміп отыр. Сондықтан
тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы
шығын көлемінің төмендеуіне әкеліп соғады.
2.2.
Мұнай өндіруші
кәсіпорындағы өнімдердің
өзіндік құны калькуляциясы
Жоспарлы жұмыс істеуде өнімнің өзіндік құнын есептеудің үш әдісінің бірі қолданылады: нормативтік, параметрлік және факторлық.
w Нормативтік әдіс қолданылғанда өндірілген өнімнің барлық номенклатурасы, барлық өндірістік және өндірістік емес бөлімшелер бойынша бағалық және натуралды нормалар мен нормативтердің толық кешені болуы тиіс.
Бұл мөлшерлер және бағаланымдар кәсіпорын экономикасының барлық жақтарын қамтып қана қоймай, ілгеріге бағытталған болуы керек. Ал оны тек техника, технология және өндіріс құрылысының дамуы есепке алынғандағы ғылыми тұрғыдан негізделген нормативтік базалар мен нормаларды кеңейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізу негізінде қамтамасыз етуге болады.
w Параметрлік әдіс өндірістік (техникалық және тағы басқа) параметрлермен өндіріс шығындары арасында тікелей байланыс орнату мүмкін болған жағдайда ғана қолданылады.
Сондықтан параметрлік әдіс нормативтік әдіс сияқты кеңілеп қолданылмайды.
w Факторлар бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеу әдісі едәуір аз мәліметтерді қажет етсе де қанағаттанарлық нақты нәтиже береді. Сондай-ақ шығын деңгейіне әсер ететін әр түрлі бағыттар мен факторлардың ролі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Мұнай
өндірудің өзіндік құнын
Мұнай
өндірудің өзіндік құнын
Шығын жиынтығында цех бойынша шығындар және жалпы шаруашылық шығындарының сметалары қосылып, одан ішкі шаруашылық айналымы тасталады.
Экономикалық тұрғыдан біркелкі элементтер бойынша есептелінген шығындар қатары төмендегі негізде жүргізіледі:
- негізгі және косалқы материалдар,
- басқа жақтан әкелінген жағар май және энергиялар,
- амортизация,
- еңбек ақы,
- әлеуметтік сақтандыруға аударылатын төлемдер,
- басқа да қаржылық шығындар.
Басқа да қаржылық шығындарға көлік қызметіне төленетін, геофизикалық және жабдыктау мекемелерінің қызметіне төленетін ақшалар, бұрғылау мен айналысатын кәсіпорындардан алынған мұнай төлемдері, геологиялық іздеу және зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығындардың орнын толтыруға (шикізат және негізгі материалдар) кеткен төлемдер жатқызылады. Элементтер бойынша жасалған шығындар шығын статьяларымен байланыстырылады.
Жеке-жеке статьяларға калькуляция жасаудың мазмұны мен есептеу әдісі төмендегідей:
- Энергиятикалық шығындарға басқа жақтан алынған энергия түрлеріне элект қуаты, ыстық су, бу, сығыстырылған ауа және газға жұмсалған шығындар жатады. Шығындарды сондық тұрғыдан нормаларға қарап анықтайды, ал шығындарды есептеу үшін энергия бірлігінің бағасы ескеріледі. Басқа жақтан алынған элект қуатының шығындары тұтынылған энергия құнынан артып кетпеуі тиіс.
Кесте 2.2.1
1
тонна мұнай өндірудің
өзіндік құнының
калькуляциясы, тенге
| Калькуляция шығындар | 2002ж | 2003ж | 2004ж | Ауытқу | |||
| 2004/2003 | 2004/2002 | ||||||
| +, - | % | +, - | % | ||||
| 1. Материалды
шығындар
2. Амортизациялық шығындар 3. Жанама шығындар 4.Еңбек ақы шығындары 5. Тағы басқа шығындар |
4337,7
639,7 139,86 632,211602,7 |
3776,5
603,8 141,7 517,5 1121,4 |
2954,8
1054,0 109,5 472,3 1169,4 |
-821,7
450,2 -32,2 -45,2 48,0 |
78,2
174,5 77,3 91,3 104,3 |
-1382,9
414,3 -30,36 -159,91 -433,3 |
68,1
165 78,4 74,6 73,0 |
| 6. 1 тонна сатылған өнімнің өзіндік құны | 7352,17 | 6160,9 | 5760 | -400,9 | 93,5 | -1592,17 | 78,3 |

- Өнім өндірісінің өзіндік құнын талдау
- Өнім сапасын арттырудағы экономикалық тиімділікті анықтау
- Өнім сапасын басқару
- Өнім сапасын басқару
- Өнім сапасын басқарудың статистикалық әдіс таңдаудың экономикалық негіздемесі
- Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру
- Өңдеу әдісі мен құрал жабдық таңдау
- Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- Өнімнің өзіндік құнын талдау
- Өнімнің өзіндік құнын талдау
- Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары
- Өнімнің сапа индексін анықтау
- Өнімнің сапасы
- Өнім өндірісінің өзіндік құнын талдау