Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары

                                            

                                                  Жоспар

І.Кіріспе..............................................................................................................3

ІІ.Негізгі  бөлім

1)Өнімнің  өзіндік құны туралы жалпы  түсінік..................................................4

2)Өнімнің  өзіндік құнын төмендету жолдары....................................................7

ІІІ.Қорытынды.................................................................................................13

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................14 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                  КІРІСПЕ

      Тақырыптың  өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық өсуі жоғары қарқынмен дамып отыр. Экономиканы шикізаттың бағдарынан, өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялау жолдарын айқындап қарастырылуда. Қазақстанның кен байлығы – минералдық шикізаттың қайтып қалпына келмейтіні белгілі, сонымен қатар кен орындары уақыт өте келе сарқылатыны белгілі. Мұның өзі болашақта әуелі экономикалық, содан кейін саяси тәуелсіздігімізге әсер етуі мүмкін.

      Сондықтан Үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық -  инновациялық даму бағдарламасын  әзірледі. Бағдарламаны іске асыру  барысында мұнай саласына назар  аударуды қажет етеді. Сонымен бірге  мұнай өнімдерін өткізу басты  назардағы мәселе болып отыр. Мұнай  өнімдерін өндіру мен өткізу оған жүмсалған шығындармен тығыз байланыста.

      Жұмыстың мақсаты: Мұнай өндірудің өзіндік құны және калькуляциялық шығындарды есепке алу, өзіндік құнды төмендету жолдарын қарастыру болып табылады. Мұнай өнімдерінің өзіндік құнын төмендету оған  жұмсалған материалды және басқа шығындар есебінен резервтерді анықтауға мүмкіндік береді. Мұнай өнімдерін өндіру тікелей бұрғылау жұмыстарымен тығыз байланыста болғандықтан бұрғылау жұмысының өзіндік құнын төмендету жолдары есепке алынған.

       Жұмыста қолданылған әдістері: Кәсіпорынның негізгі техника экономикалық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасай отырып, топтау, абсолюттік мәнін анықтау, тізбектеп қою тәсілімен салыстыру, және 1 тонна өнімнің өзіндік құнының денгейіне диаграммалық үлгілері көрсетілген.

     Жұмыстың жаңалығы: Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін есепке алу жолдары қарастырылған. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарын есепке алуда өнім өндіруді арттыру мәселесі бірінші орындыалады. Сонымен қатар 1 тонна мұнайдың өзіндік құны оған әсер етуші факторлердің есебі жүргізілген. Өнім өндіруге жұмсалған шығын турлері бойынша тікелей материалды шығындар есебіне және еңбек шығындарының есебіне талдау жасалған. Өнім өндірудегі тікелей материалды шығындардың әсері мен олардың көлемі, бағасы есепке алынған. Сол сияқты еңбек ақы шығыны, еңбек сиымдылығы, 1 сағаттағы еңбек ақы қорынның деңгейі, тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын көлемі есепке алынып талдау жасалған. 

                                 
 
 
 
 
 
 

            І.Өнімнің өзіндік құны тураы жалпы түсінік

    Өнімнің өзіндік құны – бүл кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған ағымдағы шығындары. Ол ақшалай және натуральды заттай есептеледі.

Өнімнің өзіндік құнына өнім өндіру өндіріс  процесінде жұмсалған еңбек құралдары, еңбек заттары және күшінің құндары  кіреді. Барлық шығындарды бір өлшемге  келтіру үшін оны ақшалай есептейді.

     Өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана, жатахана, мектеп, клуб) кірмейді.

     Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:

-әлеуметтік сақтандыруға

-банк кредитінің пайызы

-негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға нететін шығын

-айыптар т.б. ескерілмеген өндірістік шығындар

-тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.

     Нарықтық қатынастарға толық енгенде, өзіндік құнға арендалық төлем, капиталға пайыз, кәсіпкерлек пайданың минималды мөлшері   кіруі керек. Ол жағдайда өзіндік құн экономикалық шығындар деп аталады, немесе маркетингтік теория бойынша құн деуге болады. Жалпы алғанда кәсіпкер кепілді табыс табу үшін өзіндік құнды емес, экономикалық шығынды есептеуі керек.

     Өнімнің өзіндік құны, тауарға баға тағайындаудың базасы және пайданың болашақ мөлшерін айқындайтын инструмент.

     Өнімнің өзіндік құны өндіру сатыларына байланысты: цехтых, фабрика, зауаттық, немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөленеді.

     Өнімнің цехтық өзіндік құны – бұған өндірілетін өнімге цехта учаскелерде бригадаларда шыққан шығындар кіреді. Зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн – бұл цехтық шығындар + жалпы зауаттық, өндірістік шығындар.

    Өндірістік өзіндік құн – цехтық өзіндік құнмен жалпы өндірістік шығындардың қосындысына тең. Өнімнің толық өзіндік құны өндірістік өзіндік құнмен өнімді өткізуге кеткен шығындар кіреді.

    Өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: өнімнің жалпы тауарлы немесе сатылған өнімдердің өзіндік құны, салыстырылатын өнімнің өзіндік құны, өнім бірлігінің өзіндік құны болып және тағы басқалай бөлінеді. Сонымен бірге өнімнің өзндік құнын жоспарлы, болжамды, нақтылы деп бөлінеді.

    Жоспарлы өзіндік қүн – бұл қажетті шығындар ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайымен байланысты.

    Болжамды өзіндік құн – бұл техникалық экономикалық есептер ескерілуі, қандай жаңалықтар енгізілгенін тағы басқалай ғылыми жетістіктерді ескереді.

   Нақтылы өзіндік қүн – бүл барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн.

     Өндірістік шығындарды есептеу үшін өндірістік шығындар сметасын жасайды, онда шығындар элементтерге бөліп тандайды. Шығынның элементтік классификациясы мынадай шығын элементтеріне бөлінеді:

 -шикізаттар мен материалдар элементі 

-жалақы қоры

-әлеуметтік сақтандыруға болу

-негізгі капитал амортизациясы

-басқа да шығындар.

   Шығындарды экономикалық мазмүнына қарай калькуляциялық статьялары бойынша «негізгі» шығындар және «қосымша» шығындар деп бөлінеді.

Негізгі шығындар өнім өндірумен тікелей  байланысты шығындар, ал қосымша шығындар – бүл өндірістік техникалық даярлау, басқару ұйымдастыру шығындары  жатады.

   Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

    Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

    Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

    Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

    Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті-жұмсалған шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші. Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негзгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы-ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорын да  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес  қорларға  аудрымдар  жүргізеді-бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

    Өнекәсіптің дамуының бөлек  кезеңдерінде бұл  шығындардың  орнын  толтыру көздері өзгеріп  отырады. Олар  өнімнің  өзіндік құнына қосылса немесе  кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен  іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша,  өнімнің  өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп  отырады. Бұл  өзгерістердің  басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан  өндірістік қатынастардың  дамуын  қамтамасыз  ету, оларды  толтыру  көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің  өзіндік құны  немесе  пайда.

    Шығындар  жиынтығы  пайда  көлемін  анықтайды, олардың  көбейуі  2 түрлі факторға  байланысты болады: бағаның өсуі және  өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі. Соңғысы тиімдірек  болып табылады.

    Өнімнің  өзіндік  құны –синтетикалық, кәсіпорын  қызметінің  барлық

жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын  жалпылама көрсеткіш болып табылады.  Ол  кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің  сапалы көрсеткіші. Оның  деңгейі мен динамикасы бойынша  өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек  пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік  құнның  мағынасы  сонымен  қатар  оның  атқаратын  қызметтерімен де анықталады:

1) Өзіндік   құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан  да өнімнің өзіндік  құны  арқылы өндіріс құралдарының  жұмсалуы қамтамасыз етіледі.

2) Өзіндік құн  көтерме бағаны қалыптастыру  базасы болып табылады, оның есептемей  бағақалыптастыру  мүмкін  болмайды.  

3) Өзіндік құн  негізінде табыс, жеке бұйымдардың  рентабельділігі , яғни олардың  өндіру мақсаттылығы  есептелінеді.

    Өнімнің  өзіндік  құнын құрайтын шығындар  2  түрлі  негізгі белгілер  бойынша  жіктеледі:

-Шығындардың  алғашқы  элементтері  бойынша.

-Пайда болу және  бағытталу  сипаттамасы  бойынша.                
 
 
 
 

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  ІІ. Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары

                   Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері

      Өнімнің өзіндік құнын өзгерту – бұл мақсат емес. Оның мәнін білу - көптеген экономикалық сұрақтарды дұрыс шешу үшін қажет, атап айтқанда, өнімбірлігіне келетін шығындарды төмендету резервтерін ашу үшін және өн                                                                                                                                                                                                            діріс рентаьбельділігін жоғарылату жолдарын іздестіру үшін қажет.                                                                                                                                                                                                                                                                          Өнімнің өзіндік құны құрылымы әр түрлі. Өнімнің өзіндік құны құрылымы деп – шығындардың жекелеген шығындардың өнім өндіріс ме өткізілуіне жұмсалған өндірістік шығындардың жалпы сомасындағы проценттік қатынасын түсінеміз. Ол үнемі қозғалыста болады, және оған келесі факторлар ықпал етеді:

     Кәсіпорын спецификасы (ерекшеліктері). Бұдан келесіні бөлеміз: еңбексыйымдылықты кәсіпорындар (өнімнің өзіндік құнында еңбек ақының үлесі үлкен); материалдық сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында материалдық шығындардың үлкен салмағы); қор сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында амортизацияның үлесінің үлкен болуы); энергия сыйымдылықты (өнімнің өзіндік құнында отын мен энергияның үлкен үлес салмағы болуы);

     Ғылыми-техникалық прогресс жеделдетілуі. Бұл фактор өнімнің өзіндік құны құрылымына көпжоспарлы ықпал етеді. Бірақ негізгі ықпалдың маңыздылығы - осы фактордың  әсерінен жанды еңбек үлесінің төмендеуінде, ал өнімнің өзіндік құнындағы затталған еңбектің үлесінің жоғарылауында болып табылады;

Өндірістің  шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау, құрамдасу мен диверсификациялау  деңгейі;

Кәсіпорынның  географиялық орналауы;

Банк  несиесінің проценттік ставкасының  өзгерісі мен инфляция;

Өнімнің өзіндік құны құрылымын келесі көрсеткіштер сипаттайды:

Жанды және затталған еңбек арасындағы қатынас;

Жеке  элементтердің үлесі немесе толық  шығындардағы баптар;

    Тұрақты және ауыспалы шығындар арасындағы, негізгі және  үстеме шығындар арасындағы, өндірістік және коммерциялық шығындар арасындағы, тікелей және жанама шығындар арасындағы және т.б. қатынасы.

Кәсіпорында шығындар құрылымын жүйелі анықтап, талдау ең алдымен кәсіпорындағы  шығындарды төмендету мақсатымен оларды басқару үшін өте маңызды болып  табылады. Шығындар құрылымы оларды төмендету  бойынша негізгі резервтерді  анықтауға және кәсіпорында оларды жүзеге асыру үшін нақты шараларды  өңдеуге мүмкіндік береді.

     Екініші бөлімде жасалған өнім өндірісі мен өткізілуі бойынша шығындарды талдаудан  берілген өндіріс түрі үшін  материалдысыйымдылықты болып есептеледі. Себебі материалдық  шығындар  үлесі 2002 ж.- 59%, 2003ж. – 61,3%, 2004ж. -51,3% құрады. Құрамына салық төлемдері, аудиторлық қызметтер, байланыс қызметтері және транспорттық қызметтер кіретін басқа шығындар үлесі де өнімнің өзіндік құны құрамында үлкен үлеске ие. Сонымен, осы аталған шығындарды төмендету бойынша резервтерді іздестіру қажет. Шығынға қарсы рыноктық механизмді іске қосу – бұл меншіктің түрлі формаларын дамыту үшін тең жағдайлар құру, салаішілік және салааралық бәсекенің әсер ету зонасын кеңінен қамту, саланың экстенсивті өндіріс жүргізу түрінен  интенсивті түрге көшіру, материалдық сыйымдылықты тәсілінен анағұрлым төмен материалдық сыйымдылықты тәсіліне көшу, өндірістің жаңа технологиясын  енгізу, жұмыс күші мен өндірістік қорлар арасындағы оптимальді қатынасын бекіту, қосымша шығындарсыз өнімнің өсіңкілігін алуға бағытталған басқа шараларды жүргізу болып табылады.

      Егер бұрын өндірістік шығындар жылдан жылға бірте-бірте өндірілген өнім көлемінен бұрын артып отырса, яғни шығынға қарсы рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі қызмет етсе, онда рыноктық экономика барысында және өнімнің шығысын арттыру қарқындары ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін кеңінен енгізу өндірістік шығындардытың артуынан ілгері болуы тиіс. Тек ос жағдайда ғана кәсіпорынның өзін-өзі қайтарымдылығы мен өзін-өзі қаржыландыру  принциптері, рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі толық құқықта қызмет етеді.

      Шығынға қарсы рыноктық шаруашылық жүргізу механизмі – бұл кең сыйымдылықты ұғым және ол өнім өндірісін арттырумен және өндіріс шығындарын қысқартумен байланысты сұрақтарды қамтиды. Бұл механизмнің қалыптасуы мен дамуының маңызды бағыты ретінде өнім шығындарын болдырмау есептеледі.

      Рыноктық экономикаға көшу кезеңінде кәсіпорындар алдында нақты міндет қойылады - өндірісіті интенсификациялау, өндіріс шығындарын қысқарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету мен өндіріс рентабельділігін жоғарылату үшін салынған қаржылармен салыстырғанда  өнімнің арту қарқындарының ілгері болуын қамтамасыз ету болып табылады.

       Өнімнің өзіндік құнын төмендету бұл маңызды халықшаруашылық мәселесі болып табылады, өндірістің экономикалық  тиімділігін көтерудің маңызды шарты болып есептеледі.

      Өнімді алуға жұмсалатын өндірістік шығындар деңгейі келесі факторлар ықпалымен қалыптасады (1. сурет).

      Өнімнің өзіндік құны сонымен қатар оның сапасымен де байланысты. Себебі өнім сапасын жақсарту қосымша шығындарды талап етеді. Өнімнің өзіндік құнын оның сапасын ескере отырып есептеу өнімнің тұтынушылық тиімділігі бірлігіне келетін шығындар шамасын анықтауға мүмкіндік береді.

   

      1 сурет   Өндірістік шығындарға ықпал етуші факторлар 

      Сонымен, материалды пен еңбек ресуртары  құнының тұрақты шамасы барысында  өндіріс көлемін арттыру тек  өзіндік құнді төмендету есебінен ғана қамтамасыз етіледі.

      Талданушы кәсіпорында негізгі өндіріс  болып мұнай өндіру есептеледі, сондықтан  мұнайдың өзіндік құнын төмендету  резервтерін қарастырайық.

Кесте  1.

1 тонна мұнайдың  өзіндік құнын  төмендету есебі

Шығындар  баптары 2002 2003 2004 Үш жылда  орташа м‰нi Үнемділік,  тенге
Материалдық шығындар 4337,7 3776,5 2954,8 3689,26 -734,46
Еңбек ақы шығындары 632,21 517,5 472,3 540,33 -68,03
Негізгі қорлардың амортизациясы 639,7 603,8 1054,0 765,83 288,17
Жанама  шығындар 139,86 141,7 109,5 130,35 -20,85
Басқа шығындар 1602,7 1121,4 1169,4 1297,83 -128,43
Өнімнің өзіндік құны 7352,17 6160,9 5760 6424,35 -664,34
 

Кестеден  көріп отырғанымыздай үнеміділікті тек негізгі қорлардың амортизациясы  шығындарын ғана үш жылдық орташа мәнге  жеткізіп қана қол жеткізуге болады: 288,17 * 2147,8 мың тонна= 618902 мың тенге  құрады.

      Алдыңғы бөлімдерде айтылғандай, табыс өсіңкілігіне ықпал етуші барлық себептер ішінде  жетекші орын өнімнің құнын төмендетуге  беріледі. 
 
 
 

Кесте 2.

Табыс өсіңкілігін есептеу  үшін қажетті мәліметтер

Көрсеткіштер Белгілеуі 2003 2004
Өнімді  өткізуден түскен табыс,млн.тенге Q 30093,8 48560,39
Өнімнің өзіндік құны, млн.тенге C 6194,1 10154,88
Өнім  рентабельділігі, % R 385,8 378,2
Жалпы табыс Dv 23899,7 38405,51
Өнім  құнындағы табыс үлесі,% dпр 79,4 79,0
Табыс өсіңкілігі D - 14505,81
Оның  ішінде:

өткізілген  өнімнің табысы артуы есебінен

өзіндің құн төмендеуі есебінен

 
Dq

Dc

   
14588,606

-159,867

Негізгі капиталдың орташа жылдық құны OКсрг 16872,2 20246,6
Айналым құралдарының орташа жылдық құны ОС 8420,6 10104,72
Өндіріс рентабельділігінің деңгейі, % Rп 94,5 126,5
 

     Табыс өнім өндірісі көлемі артуымен, жоғарғы рентабельділікті өнімнің үлес салмағының артуымен, өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен, өнім сапасы артуына байланысты бағаның көтерілуімен  өсуі мүмкін.

     Өнім өндірісі артуымен байланысты табыс өсіңкілігін келесі формуламен есептеуге болады:

Dq= (Qп  - Qб) : 100 x dпр = (48560,39-30093,8):100 х 79,0 = 14588,606 млн.тенге

Мұндағы Dq- берілген жағдайда өнім өндірісі артуы  есебінен табыс өсуі;

Qп   және Qб – 2003 және 2004жж. өндіріс  көлемдері;

Dпр  – 2003 жылғы табыс өсіңкілігі.

     Өнімнің өзіндік құны төмендеуі әсерінен табыс өсіңкілігін келесі формула мен есептеуге болады:

Dс = (Qб -Dб) x Qп : Qб – Cпл = (30093,8 – 23899,7) х 48560,39 : 30093,8 – 10154,88 = 6194,1 х 48560,39:30093,8 – 10154,88 = -159,867 млн.тенге

Мұндағы Dс - өнімнің өзіндік құны төмендеуі  әсерінен табыс өсіңкілігі;

Спл – 2004 жылғы өнімнің өзіндік құны;

Dб -2003 жылғы табыс.

    Содан соң өндіріс рентабельділігін анықтаймыз. Рентабельділік деңгейі келесі түрде анықталады:

Rн = (Dv+D) : (ОКсрг + ОС) х 100 = (23899,7+ 14505,81): (20246,6 + 10104,72) х 100= 38405,51 : 30351,32 х 100= 126,53%

   Сонымен рентабельділік деңгейі өсіңкілігі төмендегіні құрайды:

R = Rн  – Rст = 126,51- 94,5 = 32,01%

    Рентабельділік негізгі капиталды пайдалануды сипаттаушы көрсеткіш болғандықтан, оның деңгейіне кәсіпорындағы негізгі капитал размері мен оны пайдалану деңгейі ықпал етеді. Негізгі капиталдың орташа жылдық құнының төмендеуі негізгі капиталдың 1 тенгесіне келетін табыстың үлес салмағын жоғарылату есебінен, өнімнің бірлігіне келетін амортизациялық бөлулерді төмендету есебінен рентабельділік өсіңкілігін қамтамасыз етуге болады.

    Өндіріс тиімділігін жоғарылату материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалану деңгейінің қаншалықты жоғары екендігіне байланысты. Соңғы жылдары ол өнім өндірісіндегі материалдық шығындардың үлес салмағының артуымен сипатталады. .Материалдық шығындардың құрылымын талдау - өнімнің материалдық сыйымдылығының төмендеуі өзіндік құнның төмендеуіне қор сыйымдылығының осы көрсеткішке әсерімен салыстырғанда қатты ықпал ететіндігін сипаттайды. Өнімнің материалдық сыйымдылығы шикізат пен материалдарды пайдалану деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.  Материалдық сыйымдылық – бұл өткен еңбек шығындарын бейнелейтін және материалдық ресурстардың өндіріс процесінде тиімді пайдалануын сипаттаушы экономикалық категория.

     Шикізат пен материалдарды үнемдеу – бұл өндіріс көлемін арттыру факторларының бірі болып табылады.

     Тұтынылатын материалдардың өзіндік құны өнім бірлігіне келетін материалдардың үлестік шығындарының қысқаруы нәтижесінде төмендейді. Бұл айналым құралдарының нормативінің төмендеуімен тікелей байланысты.  Өнімнің материалдық сыйымдылығы  шамасы өндірістік запастар размеріне және нормаланатын айналым құралдараның құнына тікелей ықпал етеді. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы үшін маңызды болып табылады.

      Материалдық ресурстарды пайдалануды жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шаралар технология, негізгі жабдықтың паркіне талаптарды күшейтуді, біліктілік деңгейіне, сапа, маркетинг қызметіне талаптарды жоғарылатуды көздейді.

      Сонымен, өнім өндіріс мен өткізу шығындарын төмендету проблемаларын шешу үшін жалпы концепция өңдеу қажет., яғни кәсіпорын міндеттемелерімен байланысты өзгерістерді ескере отырып түзетулер жыл сайын енгізіліп отыратын бағдарлама.  Бұл бағдарлама кешенді сипатқа ие болуы тиіс, яғни өнім өндіріс мен өткізу  шығындарына ықпал етуші барлық факторларды ескеруі қажет. Атап айтқанда, онда төмендегі бейнеленуі тиіс:

Материалдық ресурстарды рационалды пайдалану  бойынша  шаралар  (шикізат, материалдар, отын, энергия ресурстарын үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін  жаңа техника мен қалдықсыз технология енгізу; анағұрлым прогрессивті материалдарды  енгізу және пайдалану;  шикізат  пен материалдарды кешенді пайдалану; өнім сапасын жақсарту және ақау процентін  төмендету және т.б.);

    Өндіріс көлеміне байланысты шығындарды минимизациялауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның оптималды размерін анықтап ұстап тұрумен   байланысты шаралар;

   Негізгі қорларды пайдалануды жақсартумен байланысты шаралар (кәсіпорынның басы артық машиналар мен жабдықтардан арылуы; кәсіпорынның мүлкін арендаға беру; негізгі құралдарды жөндеу мен оларға қызмет көрсету сапасын жақсарту; машиналар мен жабдықтардың толық  жүқтелуін қамтамасыз ету; машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігі деңгейін арттыру; анағұрлым прогрессивті машиналар мен жабдықтарды енгізу және т.б.);

   Жұмыс күшін пайдалануды жақсартумен байланысты шаралар (персоналдың оптималды  санын анықтау және ұстап тұру; еңбек ақымен салыстырғанда еңбек өніміділігінің арту қарқынының ілгері болуын қамтамасыз ету; жоғарғы өнімді еңбектің мотивациялануын қамтамасыз ету және т.б.);

Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары