Өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету
Тақырыбы: Өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету.
Орындаған: Маулутканова Назерке.
Мазмұны:
Кіріспе
- Өнімнің бәсекеқабілеттілігі.
- Кәсіпорындағы өнімнің сапасын басқару.
- Кәсіпорындарының бәсекеқабілеттілігінің факторлары.
- Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі бағыттары.
Қорытынды.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
бағалау үшін, ең алдымен, бәсекелестері
өнімді сатып жатқан немесе өткізуге
мақсат қойған нарықтар туралы
объективті ақпаратты алуы керек.
Нарықтарды талдауға ерекше назар аударылады.
Әсіресе берілген тауар қанағаттандырмайтын
қажеттіліктер және тұтынушылар
атап өткен тауардың жақсы қасиеттері
бағалану керек. Ең соңында техникалық
деңгейі және сапасы бойынша өндірілетін
өнімнің ақырғы тұтынушылардың талаптарына
сәйкес келетіні туралы мәселе шешіліп,
нарықты комплексті зерттеуі нәтижесінде
оның бәсекегқабілеттіліг
Тауардың қазіргі және болашақтағы бәсекеге қабілеттілігін бағалаудан кейін одан әрі өндірістік-өткізу саясаты туралы шешім қабылданады:
- Берілген тауардың өндірісі мен өткізуін жалғастыру керек пе;
- Өндірістің модернизациясын жасау керек пе;
- Оны өндірістен алып тастап, жаңа тауарды шығаруға кірісу керек пе;
- Тауарды нарықтық жаңалық тауарға айналдыруындағы модернизацияны өткізу керек пе;
- Қаржылық ресурстар, тауарды өткізу торы, сатылған тауардың сервисін қамтамасыз ету мүмкіндігінің жеткіліктік есебінен жаңа өткізу нарығын іздеуге кірісу керек пе.
Өнеркәсіптік кәсіпорын жағынан өндіріс рентабельділігі мен өткізуін қамтамасыз ету мақсатында нарықтың жоспарланған үлеске ие болуға мүмкіндік беретін тауарлардың өндіріс көлемін туралы мәселе шешілуі тиіс.
Сонымен бірге, кәсіпорынды
ресурстық қамтамасыз ету ─ қажетті
материалдар, жинақтайтын бұйымдар,
жартылай фабрикаттар сатып
алу мүмкіндігі, қажетті қаржылық
ресурстар мен квалификациялық
деңгейі жоғары кадрларды тарту
да өте маңызды мәселе болып табылады.
Көптеген бәсекелестерге қатысты нарықта
ұстанымды жаулап алудың негізгі
сәті - өндірілетін өнімдердің уақытылы
жаңаруы, өнімнің жаңа түрлерінің
өндірісін ұйымдастыру мен
Жаңа тауарларды шығару тұжырымдамасының негізінде тек жаңа техникалық және техникалық-экономикалық параметрлерге жетудегі дәстүрлі ұмтылысты сақтау ғана емес, сонымен бірге басқа аналог тауарларға қарағанда бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейлі «нарықтық жаңалық тауарды» құруға талпыныс болып табылады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату жолдарын таңдаған кезде жаңа өнім шығару емес, өндірістен моральдық ескірген өнімді шығару емес, тауардың модификациясы туралы уақытылы шешім қабылдау жиі жақсы нәтижеге әкеледі. Өнімнің модификациясы туралы шешім үлкен пайда алу үшін тұтынушының ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қабылданады. Сонымен қатар, машина, құрал-жабдық және басқа өнеркәсіптік өнімді қолдану мен өткізумен байланысты комплексті қызметті көрсету, олардың жоғары тиімділікті эксплуатацияға әрқашан дайын болуы, яғни сервистік немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға дұрыс бағыт болып табылады. Білікті ұйымда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың шешуші факторы сервис болып табылады, өйткені қосалқы бөлшектерге баға өндірісте қолданылатын жинақтаушы бөлшектерге қарағанда 1,5-2,0 есе төмен.
Өнімнің бәсекеге қабілетілігін жоғарылату міндетін шешуінде таңдау мәселесі мен жаңа өткізу нарықтарын игеру мағынасы жылдан жылға артып келеді. Осыған байланысты әрбір кәсіпорында бұл салады талдау-іздеу жігері өте маңызды. Жаңа өткізу нарықтары тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен өткізу қызметінің рентабельділігін күрт өзгерте алады. Жаңа нарыққа тауарды еңгізіп, оның өмірлік циклін ұзартуға болатыны түсінікті. Әлемнің әрбір түкпірінде сұраныстағы маусымдық ауытқулар тауардың сәтті өтуіне себеп бола алады. Ал жаңа нарықтарда сату көлемінің өсуі бірлік өнім өндірісіне кеткен шығынды азайта алады, бұл ең алдымен арзан жұмыс күші, салықтың төмен деңгейі және кеден баждары мен өткізу жаңа нарықтардағы басқа факторлар есебінен болуы мүмкін. Осыған байланысты, егер ішкі нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігі күрт төмендесе, тауардың бәсекеге қабілеттілігі әрі қарай дамуы үшін (оның модификациясын жасамас бұрын, жаңа өнім немесе ескі өнімді өндірістен шығармас бұрын) онымен өткізу жаңа нарығына шығуға әрекет жасау керек.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың келесі жолдары қабылдануы мүмкін:
- Қолданылатын материалдардың, комплект бұйымдардың немесе өнім конструкциясының құрамы мен құрылымының өзгеруі;
- өнімді жобалау тәртібінің өзгеруі;
- өнімді дайындау технологиясының; дайындау сапасы, сақтау, орама, транспорттау мен монтаждауды бақылау жүйесінің өзгеруі;
- өнім бағасының, қызмет көрсету мен жөндеу бағасының, қосалқы бөлшектерге бағаның өзгеруі;
- нарықта өнімді өткізу тәртібінің өзгеруі;
- өнімді өткізу, өндіріс, жетілдіруге арналған инвестиция көлемі мен құрылымының өзгеруі;
- жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесінің өзгеруі;
- импорт құрылымы мен импортталатын өнім түрлерінің өзгеруі.
Қорытындылай келіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатудың 3 негізгі жолдарын көрсетуге болады:
- тауардың сапасын жоғарылату;
- тауардың бағасын арзандату;
- тауардың өткізуін өрістету.
Соңғысына біз ашып қарастырайық.
Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі, евро курсының жоғарылауы мен доллардың төмен түсуі өндірушілерді өз өнімін өткізуінде тұтынушылар мен делдалдарға жол беруге тура келеді. Одан басқа, жарнама тиімділігі өсіп жатқан шығындар есебінен төмендейді. Сондықтан, соңғы кездері көптеген кәсіпорындар жарнама ЖШС-гіна тиімді сүйеу болатын өткізуді ынталандыруға сүйенеді.
Сатуды ынталандыру көп
мақсатты бағытқа ие. Мақсат алдағы
ықпал объектісіне байланысты таңдалады.
Мақсаттық аудиториялардың
- Тұтынушы: оның мағынасы өте үлкен және барлық маркетингтік саясат сол тұтынушыға бағытталады. Сатуды ынталандырудың кең спектр тәсілдері бір ғана мақсатпен жасалған ─ тұтынушыны ең тиімді әдіспен тарту және оның сұранысын қанағаттандыру. Тұтынушыға арналған ынталандыру жолдары келесідей:
- сатып алушылардың санын көбейту;
- бір сатып алушымен сатып алынған тауарлар көлемін ұлғайту.
- Сатушы: сатушының тауарды сату қабілеттілігі мен шеберлігі өндіруші назарынан тыс қалмауы керек. Фирманың мақсаты сол қасиеттерді ынталандырып көтермелеу. Сатушыға арналған ынталандыру мақсаттары:
- тауарға қызығушылығы жоқ тұтынушыны қызықтыру.
- Сауда делдалы: өндіруші мен тұтынушының арасында негізгі буын болып, реттейтін қызметін атқаратын өзіндік объектісі болып табылады. Ынталандыру мақсаттары келесідей болуы мүмкін:
- тез танымалды болатындай тауардың белгілі бір имиджін қалыптастыру;
- сауда желісіне келіп түсетін тауар көлемін ұлғайту;
- бір немесе басқа марканың белсенді өтуінде делдалдың қызығушылын көтеру, т.б.
Ынталандыру шаралары қойылған мақсатқа байланысты таңдалып алынады. Оларды 3 ірі топқа біріктіруге болады:
- баға ұсынысы (төмен бағамен сату, жеңілдік купондары мен талондары);
- натуралды формадағы ұсыныс (премиялар, тауар үлгілері);
- белсенді ұсыныс (сатып алушылар конкурсы, ойындар мен лотереялар).
Нан өндірісі саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру біртұтас механизм ретінде нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндігіне сай болуы тиіс.
Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру механизмі іс-
бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау
Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық нан өнімін өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірушілер саналатын АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Дания сынды мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын игеріп алуы қиын емес.
Сондықтан да ішкі нарықтағы нан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен, олардың сапасына байланысты.
Нан өнімдерінің сапалық
деңгейі бірнеше тұрғыда
Өндіріске инновациялық
және ғылыми-техникалық жетістіктерді
енгізу, алдыңғы қатарлы озық технологияларды
пайдалану тек өнімнің сапалық
қасиеттерінің жақсаруына ғана емес,
шикізат пен материалдарды
Бүгінгі жағдайда, өңдеуші
өнеркәсіптердің, соның ішінде нан
өнімі кәсіпорындарының инвесторлар
үшін тартымдылығы төмен екендігін
ескере отырып, бұл кемшілікті жою
мақсатында сол кәсіпорындардың
өздері нақты ұсыныстарды алға тартуы
тиіс. өйткені, ғылыми-
техникалық жетістіктерді өндіріске
тарту ірі көлемдегі қаржының
Бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру тетіктері
Өнімнің тартымдылығын арттыру - өнімнің сапалық және
бағалық тиімділіктерін - кәсіпорынның сауда белгісін нығайту және танымалдылығын кеңейту; - өнімнің сыртқы келбеті
мен жағымдылық қасиет-терін -маркетинг жүйенің |
Өнімнің сапасын арттыру - халықаралық сапа - өнімнің органолептикалық қасиеттерін жақсарту; - ғылыми-техникалық және
инновациялық жетістіктерді - өндірісті диверсификациялау; - өнімді дифференциациялау; - еңбек күшінің ықпалы |
Баға саясатын реттеу - нарықта баға стратегиясын айқындау; - өнімнің өзіндік құнын
төмендету мүмкіндіктерін - бағаны қалыптастыру әдістерін анықтау; - нарықтық бәсеке жағдай-ында
байланысты өнімнің бағасын |
Өндірісті мемлекеттік қолдау - БСҰ кіру қарсаңында
өндірушілерді заңдылық - инвестициялық саясат ұстану; - экономикалық қолдау шараларын енгізу; - өзара байланысты салаларды кешенді дамыту; -бәсекелік ортаны дамыту. |
Сурет 4. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Мұндай ұсыныстардың қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- қосылған құн тізбегі бойынша өнім шығаруды дамыту жолдарын айқындау. Яғни, өнімнің шикізат түрінен дайын өнімге айналуына дейінгі өндірістік процесті ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- нан өнімдері тамақ өнімдерінің басқа да түрлері сияқты белгілі бір мөлшерде құнарлылық, энергетикалық құндылылық көрсеткіштеріне, пайдалану уақытына сай жарамдылық, сақталу мерзімі, дәмдік сипаттарына тәуелді. Осыған орай, дамыған елдерде қолданылып жүрген, өнімнің осы қасиеттерін жетілдіруге немесе жақсартуға мүикіндік беретін, инновациялық сипаттағы технологияларды пайдалану жолдарын қарастыру.
Инновациялық процестерді
жетілдірудің жолы ретінде аймақтық
ғылыми-өндірістік жүйені құруды ұсынуға
болады. Бұл жүйе белгілі бір өңірдің
(мәселен, Алматы облысының) нан
өндіретін кәсіпорындары
мен осы салаға қатысы бар ғылыми
зерттеу мекемелері кіреді. Бұл мекемелердің
өзара тығыз жұмысы әлемдік нан
өндірісінің техникалық мүмкіндіктерін,
өнімдерінің дайындалу
Сонымен, нан өнімдерінің сапасын арттыру осы сала өндірісінің даму тұрақтылығы мен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігінің кепілі болатынын ескере отырып, бұл бағытта келесі нақты қадамдар шешімін табуы тиіс деп санаймын:
- Отандық тауар өндірушілер өнімнің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
- Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің осы салаға қатысты тәжірибелерін негізге алу;
- Тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапалық талаптарын ғылыми тұрғыдан негіздеу;
- Нан саласына қатысты өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелерінің ортақ жүйесін құру;
- Құрамында витаминдері, майлы қышқылдары, минералдық заттары бар өнімдер шығаратын технология дайындау;
- Отандық қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың тұтыну ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстану;
- өнімнің биологиялық құрамын табиғи түрінде сақтау үшін ғылыми негізделген жолдары мен әдістерін іздестіру;
- өнімнің органолептикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында қажетті табиғи қоспаларды пайдалану;
- өнімнің сапасын көтеруде және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
- өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;
- тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;
- инновациялық озық үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту.
Кәсіпорындағы өнімнің сапасын басқару.
«Сапа түсінігі ИСО 8402-94 стандары
бойынша («бекітілген және қарастырылатын
тұтынушылық мүмкіндіктерді орындауға
бағытталған бұйым немее
- Өнімнің өзіндік ерекшеліктерін объективті бағалау тұрғысынан мапа нақты өлшеуі мүмкін. Сападағы айырмашылық өнімнің анықталған сипаттамаларының көмегімен мөлшерлік түрде көрсетідуі керек.
- Өндірістік процесс тұрғысында сапа үшін басты нәрсе технологиялық ерекшеліктерді сақтау, сақтамаған жағдайда, кездесетін ауытқулар өнім сапасын төмендетеді.
- Баға мен пайдалылық қатынасының тұрғысында сапа шығындары баға арқылы анықталады. Сапалы өнім белгілі бір қызметте ақылға қонатын бағаменен, сонымен бірге ақылға қонымды айырықшалыққа сәйкес шығындарымен жүзеге асырады.
«Сапа» түсінігі екі деңгейлік деп қарастыруға болады. Бірінші деңгейдегі сапа – зерттеу, талдау және өндіру сатыларында қалыптасатын техникалық сапа. Бұл сатыдағы сапаны басқарудың құрамында өнімге қойылатын сапалық және сандық талаптардың қажетті минимумы болуы тиіс. Екінші деңгейдегі сапа сауда – сату алдындағы және кейінгі қызмет көрсету сатыларында қалыптасатын коммуникативтік сапа.
Өнімнің ерекшеліктері сапалы және санды түрде сипатталуы мүмкін. Өнімнің сапасын құрайтын бір немесе бірнеше ерекшеліктерінің санндық сипаттамасы, өнім сапасының көрсеткіші деп аталады. Өнім сапасын, оның белгіленген, өзіне көрсеткіштер жиынтығымен бағалауға болады.
Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Кез келген өндірістік процесті басқару айналмалы кезең болып табылады: жоспарлау (Р), жүзеге асыру (Д), бақылау (С). Басқарушылық әсер ету (А). Сапаны басқару процесін осы сатыларды өту кезегі ретіндк көрсетуге де болады. РДСА циклі өндірісінің сапа деңгейін әр уақытта бақылап және жоғарлатуды қамтамасыз етеді. Басқаруды кешенді жеті іс – шаралардың негізінде ұйымдастыру керек:
- Проблеманы сәйкестендіру.
- Шамаларды жинау және талдау.
- Себептерді талдау.
- Проблемаларды шешуді жоспарлау мен жүзеге асыру.
- Нәтижелерді талдау.
- Стандарттау.
- Қорытындыларды жасап, келесі проблемаларға өту.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда
сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық
қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы
техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны
басқару мәселелерімен
Өнімнің сапасын басқаруды
жетілдіруде отандың
- өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
- тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
- өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.
Сапаны басқару жүйесін
енгізу кәсіпорында мынадай
- жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
- жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
- өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
Өнімнің сапасын басқару
жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек,
атап айтқанда, кәсіпорында сапаны
басқару үшін қажетті жауапкершілікті,
процедура мен ресурстарлды нақты
бөліп беріп отыратын ұйымдық
құрылым түрінде алынған
Сапа жүйесі – өнім спапасын
жалпы басқаруға керекті
Сапа жүйесін кәсіпорынның нақты ісін есепке алу арқылы қалыптастырады, дегенмен кез келген жағдайда ол сапа тұзағының барлық сатыларын қамтуы тиіс:
- Маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу.
- Өнімге қойылатын техникалық талаптарды жобалау және зерттеу.
- Материалды-техникалық қамсыздандыру.
- Өндірістік процестерді дайындау және зерттеу.
- Өндіріс.
- Бақылау және сақтау.
- Өнімді орау және сақтау.
- Өнімді өткізу және бөлу.
- Монтаждау және пайдалану.
- Қызмет көрсетудегі техникалық көмек.
Сапа бойынша ауытқуларды ақаулаған өнімді алып тастау және берілген сапа деңгейіндегі өнімді шығаруды анықтау үшін сапаны бақылау жүзеге асырылады. Бақылау – берілеген көрсеткіштерге сәйкестігін анықтау және алынған нәтижелердің қойылатын талаптарға сай болуын, бұйым немесе қызметтің бір немесе бірнеше сипаттамаларын өлшеу экспертиза жасау немесе бағалау жасау бойынша жүргізілетін шаралар.
Өндірістік процесс бойынша бақылау кірістік (тапсырыс берушінің дайындау, жөндеу, пайдалануы кезінде қолдануына арналған тұтынушы тапсырыс берушіге түскен жабдықтаушы өнімнің бақылау), операциялық (анықталған операцияларды орындау және бітіру кезіндегі өнімді бақылау) және қабылдау (нәтижесі бойынша процесті реттеу жүзеге асырылатын дайын өнімді кешенді бақылау) болып бөлінеді.
Сертификаттау өнімнің стандарттарға
сай емесе анықталған сәйкес екендігін
тұтынушыға дәлелдейтін кепілдеме
болып табылады. Сертификаттау жүйесі
мемлекеттің деңгейінде құрылады және
әр елде өз ерекшеліктері болуы мүмкін.
Қазақстан Республикамыздағы
- Тұтынушының өнімдеріне, денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті және қауіпті болуы мүмкін өнімді, оның ішінде импортты өнімді сатып алудан қорғау;
- Өнімнің бәсекелестік мүмкіндігін жоғарлату және экспортқа қолдау жасау.
Сертификаттау жүйесінің құрылымына кіретіндер:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты;
- Біртекті өнімді сертификаттайтын органдар;
- Сынақ жүргізуші зертханалар.
Кәсіпорындарының бәсекеқабілеттілігінің факторлары.
2010 жылғы 29 – шы қаңтарда
Қазақстан Республикасының

- Өнімнің өзіндік құны және баға белгілеу
- Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- Өнімнің өзіндік құнын талдау
- Өнімнің өзіндік құнын талдау
- Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары
- Өнеркәсіп экономикасы
- Өнертабыс түсінігі мен объектілері
- Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі
- Өнімдер мен қызметтер
- Өнімді өткізудің маркетингтік жүйелері
- Өнімді өткізу және тарату
- Өнімді өткізу және тарату