Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі

  1. Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастыру

 

2.1 Өнімдерді  сату  мен  қызмет  көрсетуден  алынатын  кірістер  есебі .

 

 

     Өнімдер   сату  және   орындалған    жұмыстардан   және   көрсетілген   қызметтерден  түскен  түсім   кез-келген  ұйым  қаражаты айналымының  аяқталған  бөлігін  білдіреді.

      Негізгі   қызметтен  алған  кірістер  есебі 6010 «Өнімдерді  сатудан  және қызметтер  көрсетуден  алған  кіріс » пассив  шотында   жүргізіледі.Оған  аналитикалық  шоттар ашылуы  мүмкін,  оның  атауы  қызмет  салалары  бойынша  кірістердің  көздері мен  түрлеріне  қатысты  болады  және  нақты   кәсіпорын  шоттарының   бекітілген  жұмыс  жоспарында  бекиді.  есепті  кезең  ішінде  6010  шотының  кредитіне, тиісті  шоттарда: «Қорларды өткізуден алған кіріс », «тауарларды  өткізуден  алған  кіріс», «Жүктермен  жолаушылар   тасымалдау  бойынша  қызметтер көрсетуден алған кірісі», «Жалгерліктен  алған  кіріс»  және т.б   көздерінен  алынған  кіріс сомалары  тиісті   шоттарда  жинақталады.

       Есепті  кезең  соңында   6010  кредиті бойынша алынған кірістер  сомасы 5410 «есепті жылдың  пайдасы (залал) » шотына  көшіріледі.  осы шоттың  ақпараты 2 «кірістер мен шығыстар  туралы  есеп » үлгісін толтыру үшін  негіз болып табылады.

        Қазақстан Республикасында  есептеу әдісін  енгізгенге  дейін   ұйымдардың  басым   көпшілігі кірісті анықтау кезінде кассалық  әдісті  қолданып келді.  Жұмыстарды  орындаушылар мен қызмте  көрсетушілердің есебіне ақша  қаражаттарының  келіп түскен  кезі,  өткізу  кезін   есепке  алу  үшән  белгі  беру  болып  саналады.

      Сатушы  – ұйымның   сатып алушығы   меншікпен  байланысты  маңызды   тәуекелдер мен  сыйақыларды   беру  кезін  бағалау  мәміледегі  талаптарды зерттеуді  талап  етеді. көпшілік  жағдайларда,  меншікпен  байланысты тәуекелдерді және сыйақыларды  беру  меншіктің  заңды  құқықтарын  берумен  немесе иелік  ету  құқығын  сатып  алушыға берумен  сәйкес келеді.

 

3 – кесте. 6010 «Өнімдерді  сатудан және қызметтер көрсетуден  алған кіріс» шотындағы шоттар корреспонденциясы  төмендегі  кесетде   келтірілген:

       

№

Шаруашылық  операциялар  мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

Шот –фактуралар, тауар-көлік  құжаты  негізінде  дайын өнім /тауар/  тиеліп  жөнелтілді:

-  шарттағы бағалар   бойынша

- ҚҚС  сомасына

 

 

 

1210  1280

1210  1280

 

 

 

6010

3130

2

Орындалған  жұмыстар мен  көрсетілген  қызметтер үшін шарттар қойылды:

-ҚҚС сомасына 

 

 

1210  1280

1210  1280

 

 

6010

3130

3

Ұсынылған сомалар  үшін төлем банктегі  шоттарға  келіп  түсті.

 

1040

 

1210

1280

4

Ағымдағы  кезеңге  жатқызылған, өткен  кезеңде  алынған  кірістер

3520

6010

5

Есепті  кезең  соңында 6010 шоты 5410  шотының  ұлғаюына  жабылады.

6010

5410


 

          6010 шотындағы аналитикалық  есеп  жыл  басынан  өсіп  отырған  жиынмен, бір айда  алған кірістердің түрлері бойынша ведомостарда  жүргізіледі.

 

 

2.2 Негізгі құралдардың кіріс есебі

 

 

Халық шаруашылығының қай  саласында болмасын өндірістік өнімнің  өсуі ондағы негізгі  құралдарының өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектісі әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыратыны дұрыс.

Кәсіпорындарға  негізгі  құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа  ұйымдардың және адамның сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының беруі және тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау- тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады.

Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • объектінің аты;
  • объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
  • салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
  • құрылыстың салынып біткен уақыты;
  • амортизациялық аударым мөлшері;
  • бастапқы құны;
  • басқа шартты белгілері.

Негізгі құралдардың салынып біткен аса  ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтыралатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу мөлшері, істен шығарылу себебі) және тағы да басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады[23,51-52].

Негізгі құралдарғы толтырылған  қабылдау-тапсыру  актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына  тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріліді. Бухгалтерия бұл құжаттардың  негізінде тиісті түгендеу карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл  құжаттар кәсіпорыннның тиісті бөлімдеріне  табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы  бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:

  • Дебет: негізгі құралдар шоты;
  • Кредит: ақшалар шоты;
  • Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге қарыз шоты;
  • Қоюшы мердігерлермен есеп айырсыу шоты;
  • Төленбеген  капитал шоты;

Үкімет  оргнадарының субсидиялары шоты деп аталатын шоттардың  тиістілері.

 Егер  кәсіпорынға  келіп түскен,яғни кіріске   алынған негізі құралдар бұрын  пайдалынып және оларға тозу  сомасы есептелген болса, ондай  негізгі құралдардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар  жазылады:

Дебет: негізгі құралдар шоты;

Кредит: негізгі құралдар тозуы шоты.

 

 

 

 

 

 

  1. – кесте. Негізгі құралдар кіріске  алынғанда бухгалтерлік есепшоттары бойынша  жүргізілетін операциялар

 

№

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

Ұйымның салынып жатқан құрылысы кіріске алынды

121-126

121-126

641-643

641-643

2

Негізгі құралдар қатарына өткізілген жас малдарды есепке алу 

121-126

121-126

671

671

3

Көп жылдық өсімдіктерді кіріске алу 

121-126

121-126

727

131-134

4

Уақытша салынған құрылысты  кіріске алу

121-126

121-126

727

131-134

5

Үлес қосушылардан жарғылық қорды толтыру мақсатымен кіріс  етілген негізгі құралдарға:

  • келісілген  құнына
  • тозу  құнына 

121-126

121-126

727

131-134

6

Жеке немесе  заңды тұлғалардан сатылып алынған  негізгі құралдарғы:

  • қалдық  құны бойынша:
  • қосылған  құн салығы сомасын

121-126

121-126 

641-643

641-643

7

Тәуелді, еншілес  және бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардан  кіріске алынған  негізгі құралдар:

  • қалдық құны бойынша
  • қосылған құн салығы сомасына

121-126

 

121-126

671

 

671

8

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан келіп түскен, әзірге ақшасы төленбеген негізгі құралдар:

  • бастапқы құны бойынша
  • қосылған құн салығы сомасына

121-126

121-126

727

131-134

9

Басқа да атқарушы органдардан субсидия ретінде келіп  түскен негізгі құралдарды кіріске алу:

  • қалдық құны бойынша;
  • тозу құнына  

121-126

121-126

727

131-134

10

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (ақысыз, қайтарусыз) алынған негізгі құралдарды кіріске  алу:

  • қалдық  құны бойынша;
  • тозу  құнына  

121-126

121-126

727

131-134

11

Тексеру  немесе түгендеу кезінде артық  шыққан немесе бұрын  есепке  алынбаған негізгі құралдарды  кіріске алғанда:

  • ағымдағы құны бойынша
  • есептелген тозу сомасына 

121-126

121-126

727

131-134

12

Ұйымның өзінде өндіріліп, кіріске алынатын негізгі  құралдар:

  • негізгі  өндірістен
  • көмекші  өндірістен 

121-126

121-126 

8010

8030 


 

 

Есеп  №1. Негізгі құралдар №30 орта мектебіне  «компьютер»  түрінде 10 данасы, әрқайсысының бағасы 120 000 теңге, демеушілік көмек ретінде алынды. Оларды былайша кіріске алады:

Дебет 2411-2417 Кредит 6280 Σ 1 200 000 теңге

Егер  табыс ету  құжаттарында тозу сомасы көрсетілсе, онда

А) баланстық құнына Дебет 2411-2417 Кредит 6280 Σ 400000

    Б) тозу сомасына Дебет 2411-2417 кредит 2421-2429 Σ 800000

 Есеп  №2. Егер негізгі құралдар атқарушы үкімет органдарынан демеуқаржы (субсидия) түрінде алынса.

Дебет 2411-2417 Кредит 6230 Σ 1 000 000 теңге

Табыс етілген НҚ пайдалануда  болып, құжаттарында тозу құны көрсетілсе, онда:

А) баланстық құнына Дебет 2411-2417 Кредит 6230 Σ 600000

Б) тозу сомасына Дебет 2411-2417 кредит 2421-2429 Σ 400000

Тауар-айырбас  операциясы нәтижесінде НҚ келіп  түсу (тауар  беріліп, орнына НҚ алынған).

Босатылған тауарлардың  сатып алу құнына

Дебет 7010 Кредит 1330 Σ 1 200 000 теңге

ҚҚС-сыз босатылған тауарларлардың келісім құнына (салық салу шот-фактурасына  сәйкес)

Дебет 1210 Кредит 6010 Σ 1 500 000 теңге

3. ҚҚС сомасына (салық  шот-фактурасы бойынша)

Дебет 1210 Кредит 3130 Σ 300 000 теңге

4. алынған НҚ баланстық құнына (егер  құжаттарда тозу сомасы көрсетілсе) Дебет 2412 Кредит 3310 Σ 1 500 000 теңге

5. Тозу сомасына (қабылдау-өткізу  құжаттары  бойынша) 

Дебет 2413 Кредит 2423 Σ 200 000 теңге

6. ҚҚС сомасына (әріптетен  алынған салық шоты бойынша)

Дебет 1420 Кредит 3310 Σ 300 000 теңге

7. ҚҚС есепке алу  Дебет 3130 Кредит 1420 Σ 300 000 теңге

1210- 1 800 000 (1500000+300000)

8. Жыл соңында:

А) шығындар жиынтық табысты  кемітеді

Дебет 5410 Кредит 7010 Σ 1 200 000 теңге

Б) кірістер жиынтық табысты арттырады

Дебет 6010 Кредит 5410 Σ 1 500 000 теңге

Аталған операциядан  алынатын табыс (571-шоттың кредиттік сальдосы) Σ 300000

Жыл қорытындысы бойынша 6-бөлімнің шоттарында көрсетілген  кірістер жиынтық табыстың өсуі: Дебет 6230,6280 кредит 5410

Негізгі құралдарды түгендеу кезінде анықталған артықшылықтары (келіп түскен кезде  кіріске алынбағандары) мынадай  бухгалтерлік жазбамен кірістеледі: Дебет 2411-2417 кредит 6280

 

 

2.3 Кәсіпорынның  кірістер  мен шығыстар  туралы   есептілігін  құру  тәртіптері.

 

 

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қаржылық есеп берудің маңызды формасы болып саналады. Ол ұйымның барлық кірісінің сомасын өз қызметін ұстап тұру үшін жұмсаған шығыстарының барлық сомасымен салыстырудан тұрады, Сонымен бірге оның баланстан өзгешелігі уақыт аралығындағы капиталдың қозғалысын, есепті кезендегі ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді. Сондықтанда ұйым балансымен салыстырғанда бұл есеп беру талдаушы (аналитик) үшін неғұрлым маңызды және көбірек ақпарат беруші болып саналады. Ол ұйым табыс әкеле ме, әлде зиян шеге ме дегенді анықтау үшін кірістер мен шығыстар туралы толық деректердің көмегімен белгілі бір есепті кезендегі ұйым қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.

Кірістер мен шығыстар туралы есеп – бұл есепті кезеңдегі  ұйым қызметінің табыстылығын өлшейтін есеп. Іскерлік және инвестициялық шеңберлерде ол ұйымдардың рентабелдігін, инвестициялық құндылықтарын, несие қабілеттілігін анықтау үшін пайдаланылады. Ол инвесторларға және кредиторларға, соның көмегімен олар алдағы ақша ағындарының көлемін болжауы мүмкін ақпарат береді.

Бұл есеп қаржылық есептілікті  пайдаланушыларға болашақтағы ақша қаражатының қозғалысын бірнеше  әртүрлі тәсілдерімен болжауға мүмкіндік  береді.

Кірістер мен шығыстар, кірістер мен шығыстар туралы Есепте, өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кірістер мен шығыстарды, қаржыландырудан және өзге де қызметтен алған кірістер мен шығыстарды анықтауға болатындай етіп топтастырылады. Бұл ретте таза кіріс (залал) тұжырымдамасы, кез келген кірістер мен шығыстардың әдеттегі қызметке жататындығына сендіруге негізделген, өйткені олар, істі белгілі бір саяси, экономикалық және географиялық жағдайларда жүргізуші ұйым кездескен тәуекелдерді көрсетеді[26,71-72].

Әдеттегі қызметтен  біржақты түрде ерекшеленетін оқиғалар мен мәмілелер төтенше жағдайлар болып есептеледі. Төтенше жағдайлар белгілерінің бірі – негізінен, олардың сирек, қайталанбас сипаты болып саналады. Бірақ та, барлық сирек болатын оқиғаны төтенше жағдайларға жатқызу міндетті емес. Мысалы, еншілес серіктестікті сату көпшілік ұйымдар үшін жиі оқиға болып саналмайды, бірақ та ол әдеттегі қызмет оқиғасы ретінде қарастырылады. Төтенше жағдайлардың неғұрлым кең таралған мысалдары – жер сілкіну, меншікті экспропорциялау және т.б.

Сонымен бірге, төтенше  жағдайларға тіпті табиғи және саяси катастрофаларды жатқызу, ұйымдар үшін әдеттегі қызмет болып саналатынына-саналмайтынына қатысты болады. Мысалы, сейсмикалық қауіпті ауданға орналасқан ұйымдар үшін жер сілкінуінен болған залалдар, әдеттегі қызметтен болған нәтижелерге жатқызылуы тиіс, өйткені осындай шығындардың болу тәуекелі – аталған географиялық аймақта бизнес жүргізудің әдеттегі тәуекелі (қауіп-қатері) болып саналады.

Әдеттегі қызмет шеңберінде кейбір кірістер мен шығыстарды оқшау  түрде ашып көрсету талап етіледі. Бұған деген қажеттілік, өзінің сипаты немесе мөлшері бойынша, олар туралы мәлімет есепті кезеңдегі ұйым қызметінің нәтижелерін түсіндіру үшін маңызды болған кезде туындайды. Мысал үшін, негізгі қызметтен алған (дайын өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді өткізу) кіріс (залал) пен негізгі емес қызметтен алған (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді өткізуден бағамдағы айырмашылықтан және т.б.) алған кіріс (залал) бөлек табыс етіледі.

Кірістер мен шығыстар туралы Есепке мына баптар кіруі тиіс:

1) өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алған кіріс. Осы бап бойынша, дайын өнімдерді өткізуден алған кіріс.

2) өткізілген өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны. Өткізілген өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) өзіндік құнына, өнімдер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету) өндірумен тікелей байланысты, олардың экономикалық мазмұнына сәйкес келесі элементтерге: материалдық шығындарға, еңбекақы төлеу шығындарына, сақтандыру жарналарына, негізгі құралдардың тозуына, өзге де шығындарға топтастырылатын нақты шығындар кіреді;

3) жалпы пайда. Жалпы  пайда өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден  алған қаржылық нәтижені білдіреді  және өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін  қызметтерді) өткізуден алған кіріс пен өткізілген өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады;

4) қаржыландыру шығыстары.  Оған әкімшілік шығыстары, өткізу  шығыстары, пайыздар төлеу шығыстары  жатады. Қаржыландыру шығыстары – бұл өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кірмейтін шығыстар;

5) қаржыландырудан алған  кіріс ұзақ мерзімді активтерді  беру, биржада айналым жасайтын  бағалы қағаздарды қайта бағалау және т.б. осындай кірістердің мысалы болып саналады;

6) әдеттегі қызметтен  салық салғанға дейін алған  пайда (залал). Аталған көрсеткіштер  әдеттегі қызметтен салық салғанға  дейін алған сальдоланған қаржылық  нәтижені (кіріс, залал) көрсетеді.

7) Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар. Осы бап бойынша, салық заңнамасымен айқындалатын табыс салығының сомасы көрсетіледі;

8) Барлық пайда (залал). Аталған көрсеткіш, заңды тұлға  есепті кезеңде алған сальдоланған  нәтижені (таза кірісті) (залалды)  көрсетеді.

Кірістер мен шығыстар туралы Есептің үлгісі (формасы) мынадай түрде (нақты мәліметтер) көрінеді.

Ұйым қызметінің әртүрлі  өзіндік ерекшеліктерінің әсері, операциялар  мен оқиғалар тұрақтылығы, тәуекелі және алдын ала болжап білуге болатындығы  бойынша ерекшеленеді, ал қызмет нәтижелерінің элементтерін ашып көрсету қол жеткен нәтижелерді түсінуге және алдағы нәтижелерді бағалауға көмектеседі.

Кірістер мен шығыстар туралы есепке қосымша баптар енгізіледі, ал баптардың атауы мен орналасу тәртібі, қажет болған жағдайда қызмет нәтижелерін түсіндіру үшін өзгертіледі.

Ұйым кірістер мен  шығыстар туралы есепте немесе түсіндірме хатта кірістер мен шығыстардың  талдауын табыс етуі тиіс.

Ұйым кірістер мен  шығыстар туралы есепте немесе түсіндірме хатта, хабарланған немесе кезең ішінде ұсынылған, қаржылық есептілікпен қамтылған, акцияға дивидендтер сомасы ашып көрсетілуі тиіс.

Халықаралық қаржылық есептілік  стандартына сәйкес, ұйымдар кірістер мен шығыстар туралы есепте немесе оған қосымшалар мен ескертпелерде  шығыстар талдауын немесе кәсіпорын шеңберіндегі олардың функцияларын қоса табыс етуі тиіс.

Талдаудың бірінші әдісі  шығындар сипаты әдісі болып аталады. Шығыстар олардың сипатына сәйкес (мысалы, тозуы және амортизациясы, материалдар  сатып алу, көлік шығыстары, еңбекақы, жарнама шығындары) есепте біріктіріледі және ұйым ішінде әртүрлі функционалдық бағыттар арасында қайта бөлінбейді. Бұл әдіс, функционалдық жіктеулерге сәйкес операциялық шығыстарды бөлу талап етілмейтін көптеген шағын кәсіпорындарда қолдануға оңай.

 

 

 

5 – кесте. Шығындар сипаты әдісінің көмегімен жіктеу мысалы

 

Өткізуден алған кіріс

7 468 037

 

Өзге де кіріс

57 070

 

Дайын өнімдер қорларындағы және аяқталмаған өндірістегі өзгеріс

 

0

Пайдаланылған шикізат  және шығыс материалдары

3 309 645

 

Еңбекақы

 

4 012 434

Тозу және амортизация  шығыстары

 

935 692

Өзге де шығыстар

464 519

 

Барлық шығыстар

   

Кезеңдегі пайда (залал)

77 472

 

 

Кезең ішіндегі дайын  өнімдердегі және аяқталмаған өндірістегі  өзгеріс, өндірістің қорлар деңгейін ұлғайтқанын  немесе өндіруден сауданың (сатудан) асып кетуі қорлар деңгейін айтқанын көрсетуге шақырылған өндірістік шығыстарға түзетулер енгізуді білдіреді. Кейбір жағдайларда кезең ішіндегі дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістің ұлғаюы жоғарыда келтірілген талдаудағы тікелей түрде түсім арқылы көрінеді. Сонымен бірге пайдаланылған тәсіл, осындай сомалардың кірісті білдіретініне күмәнденбеу қажет[10,65-67].

Талдаудың екінші әдісі  шығындар функциясы немесе «өткізілген  өнімдердің өзіндік құны» әдісі  деп аталады және шығыстар өткізілген өнімдердің өзіндік құнының бір бөлігі, бөлу немесе әкімшілік қызмет ретінде олардың функциясына сәйкес жіктеледі. Мұндай түсінік пайдаланушыларға олардың сипаты бойынша шығыстарды жіктеуге қарағанда, неғұрлым орынды ақпарат береді, бірақ та функциялар бойынша шығындарды бөлу даулы болуы мүмкін.

 

6 – кесте. Шығындарды функциялар әдісінің көмегімен жіктеу мысалы.

 

Өткізуден алған кіріс

74 680 331

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны

68 427 301

Жалпы пайда (залал)

 

Өзге кірістер

57 070

Өткізу шығыстары

10 835 680

Әкімшілік шыстары

0

Өзге шығыстар

464 519

Кезеңдегі пайда (залал)

77 472


 

Бұл ретте, шығыстарды функциялар бойынша жіктейтін ұйымдар шығыстардың  сипаты туралы қосымша ақпаратты  ашып көрсетуі тиіс.

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны әдісі мен шығындар сипаты әдісі арасындағы талдау әдісін таңдау тарихи, сол сияқты салалық факторлар және ұйымның өзіндік ерекшелігіне қатысты болады.

Негізгі және негізгі  емес қызметтерден алынған  кіріс  жылдық жиынтық табысты  құрайды  және ол №7 Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес стандартқа сай есептелінеді. Кіріс сондай-ақ тауарлы - материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздар және дивиденттерден алынуы мүмкін.

Кіріс дайын өнімдерден, сатып алынған  тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады: олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім - шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын кіріс сомасын бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олырдың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларында көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатыскен кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және кандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда. Мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны кәсіпкердің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім - шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төяейтіндігі туралы сенімін білдіреді.

Келісімшарт сатушыдан  сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін  сақтаған болса, онда ол сатылған болып  табылмайды және табыс танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.

Көрсетілген қызметтен  және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды  сатқаннан алынатын табыс ретінде  танылады:

  • есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
  • мәмілені жүргізу кезінде жүмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Субьект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем  жағдайы мен тәсіліне, күтілетін  компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді[18,63-64].

Өнім  өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстары  болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа  ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына мыналар жатады:

  • жалпы және әкімшілік шығыстар;
  • пайыз бойынша шығыстар;
  • тауар-материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.

Бұл шығыстар тауар-материалдық қорлардың  қалдығына жатқызылмайды, олар өзі орын алған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтып есептен шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды. 

Жалпы және әкімшілік  шығыстары, шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік - шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады.

Үстеме шығыстары. Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың  жұмыс ұйымдастрымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды.

Үстеме  шығыстарға, әдетте, біршама жалпы  сипатқа ие болады:

      - кешендік  сипаты 

     - шығыстар  құрамында барлық экономикалық  элементтер шығындары.

Үстеме  шығындарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылық есеп саясытына сәйкес көрініс табады.

  • өндіріс жұмысшыларынң еңбек ақысына пара-пар етіп таратылады,
  • тікелей материал шығыстарына пара-пар етіліп таратылады;
  • цех құнына пара-пар етіп немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп таратылады;
  • алдын-ала берілген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;
  • басқа да таратылу базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс сағатына және т.б.).

    Барлық  кірістер  кредитінде есептеліп, дебетінде   жабылады. Ал шығыстар дебетінде  есептеліп  кредитінде жабылады.

 

 

 

 

 

 

       3 Кәсіпорын  кірістерінің  талдауы  және  аудиті

 

3.1   Кәсіпорынның ақашалай кірістерінің аудиті

 

 

Бүгінгі таңда басқарушылық құрылымды ақпараттық және бақылаушы-талдамалы міндетті істермен қамтамасыз етуді жүзеге асыру барысында еңбекті саралаудың объективті процесі жалғасын тауып отыр. Мысалы, бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылыққа және басқарушылыққа, ал аудитті – сәйкестікке орай, жалпыға, қаржылық есеп беруге, ішкіге, сыртқыға, операциондыққа, функционалдыққа, технологиялыққа және т.б. бөлу. Бұл бухгалтерлік есептің, қаржылық-экономикалық талдаудың, аудиттің басқарушылық қызметтерін жүзеге асыру саласындағы дамыған елдердің алдынғы қатарлы тәжірибелері мен озық тұжырымдамаларын әлдеқайда тиімді пайдалану қажеттілігінен туындайды. Қызметті жақсы ұйымдастырудың резервтерін анықтау үшін басқарушылық шешімге орай қаржылық ресурстардың қозғалысы туралы шындыққа жанасымды ақпарат аса қажет. Деректерді уақытылы бағалау, саралап баға беруге мүмкіндік береді және әртүрлі қатысушылардың, атап айтқанда, инвесторлардың, қарыз берушілердің, жабдықтаушылардың, тұтынушылардың, меншік иелерінің, әкімшілік пен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін қоса ескеру арқылы тиімділікті арттырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

 Экономикалық талдауды  қаржылыққа және басқарушылыққа  бөлу бухгалтерлік есеп пен  аудит бойынша халықаралық және  қазақстандық стандарттардың талаптарына толық жауап береді. Мұнда қаржылық есептің деректері қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде қызмет етеді, ал басқарушылық қызметтің көрсеткіштері басқарушылық талдаудың аясында қызмет етеді. Қаржылық-экономикалық талдауды ұйымдастырудың мұндай ұтымдылығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Сонымен бірге сыртқы қаржылық талдау мен ішкі немесе басқарушылық талдаудың арасында белгілі бір шеңбермен шектелген шекара жоқ, өйткені ішкі талдау сыртқы талдаудың жалғасы ретінде қарастырылады немесе оған керсінше.

Шаруашылық ішіндегі кешендік аудит бастапқы құжаттардың  ақпарат көздері, бухгалтерлік тіркемелермен  есеп, техникалық дайындық мәліметтері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің тиімділігін тексеру, нормалар мен жоспарлар ретінде пайдаланылады.

Нарықтық қатынастардың  дамуы түпкілікті қаржылық нәтижиелеріне  қол жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы  шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын  кәсіпорын қызметін аудиттеу мен  талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы өз ішіндегі ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне де, сыртқы жағдайларға да, оның ішінде маңыздылары болып табылатын нарық конъюктурасына, инвестиция мөлшеріне, инфляция деңгейі мен мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты.

Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі