Ноосфера. 3
Алғаш рет 1927 жылы «ноосфера» терминін енгізген Сорбеннде геохимиядан оның лекциясын тыңдаған В.И.Вернадскийдің жас замандастары, философ, математик, палеонтолог, антрополог Эдуард Леруа мен палеонтолог, антрополог Пьер Тейяр де Шарден болды. Олар ноосфера деп- табиғат эволюциясының адам санасы пайда болған кезеңдерін түсінген.
Ал В.И.Вернадский, адам еңбегіне бағытталған адамның саналық ролі мен барлық өсуші геологиялық күштері зор болатын биосфераның даму кезеңін- ноосфера деп атады.
Ноосфера саналы адамзаттың іс әрекеттері дамудың негізгі анықтаушы факторы болатын қоғам мен табиғаттың әрекеттесу сферасы.
Неліктен «ноосфера» түсінігі пайда болды? Ол биосфера эволюциясындағы адамның ролін бағалауға байланысты пайда болған. Ноосфера жөніндегі В.И.Вернадский ілімінің аса бағалылығы, оның тіршіліктің геологиялық, планетарлық процестердегі биосфераның қалыптасуы мен дамуындағы тірі заттың, организмдердің және планетадағы тірі заттардың алуантүрлілігін анықтауында.
Тірі организмдердің ішінде зор геологиялық күш ретіндегі адамды ерекше көрсетті. Бұл жер ортасында және жер жанындағы кеңістіктегі («жақын» космос) биогеохимиялық және де басқа процестердің барысына әсер етуге қабілетті күш. Адамның, оның еңбегінің нәтижесінде бұл орта ерекше өзгерді. Ол бүкіл жер тарихының геологиялық тарихы бойынша қалыптасқан, түзілген биосфераның өзгеруіне соқтыратын адамның қажеттіліктері мен түсініктеріне сәйкес өзгертуге қабілетті.
В.И.Вернадскийдің пікірінше, ноосфераның қалыптасуы «біздің планетамыздың кездейсоқ құбылысы емес», «еркін сананың қалыптасуы», - деп айтқан. Басқаша айтқанда, ноосфера зат пен энергия алмасуының табиғи процестері қоғаммен бақыланатын адамды қоршайтын орта. Адам «белгілі бір функциясын» атқаратын биосфераның бөлігі болып табылады.
Адамзат қоғамның табиғатқа әсері тірі заттардың басқа формаларының әсерлерінен сипаты жөнінен мүлдем өзгеше болды. Тірі организмдер бұрын өздерінің өсуі, көбеюі, қоректенуі, тыныс алуына қажетті атомдардың тарихына әсер ететін қазір өмірдің өркениетті формасын түзуге және техникаға қажет элементтерге әсер ете отырып, бұл шеңберді адам кеңейтті, нәтижесінде «геохимиялық циклдердің мәңгілік жарысын» өзгертті.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, ноосфера болашақта Күн жүйесінің ерекше аймағы болады. «Биосфера ерте ме, кеш пе ноосфера жағдайына көшеді. Дамудың белгілі бір кезеңінде адам планета әрі қарай эволюциясына жауапкершілікті алуға міндетті, олай болмаса оның болашағы болмайды», - деп В.И.Вернадский қорытынды жасады.
Адамзаттың ғылыми еңбектері биосфераны өзгертетін жаңа фактор болып табылады. Нәтижесінде биосфера жаңа кезеңге ауысып, жаңа күй - ноосфераға көшеді.
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары
ноосфераны материалистік
Ноосфера – табиғат
заңдылықтарының қоғамның
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы
Жер ғаламшарындағы органикалық
дүние эволюциясының бірнеше
кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең
— заттардың биологиялық
Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.
1930—1940 жылдары В.И. Вернадский
ноосфера туралы ілімді
В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.
Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.
Биосфераның ноосфераға ауысу
кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең
талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның
қалыптасуында адамзат
Соңғы жылдары экологиялық
мәселелер — бүкіл адамзатты
толғандырып отырған күрделі
мәселелердің біріне айналып отыр.
Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын
ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты.
Қазір табиғат байлықтарын
XX ғасырдың 60-жылдарынан
бастап ауқымды түрде экология
ғылымы да қалыптасып келеді.
Оның зерттейтін басты
Жер бетіндегі тіршілік пайда болуын қарастыра келіп, биосфера туралы, тірі заттардың биогеохимияльщ қызметтері туралы аздаған мөлшерде айтып өттік. Бұл сұрақта осы мәселелерге тереңірек тоқталамыз.
Қазіргі жаратылыстану ғылымдары
жүйесінде биосфера туралы ілім негізгі
орын алады. Биосфера туралы ілімнің
дамуы В.И.Вернадскийдің
Бірақ ол кездерде биосфераның геологиялық рөлі туралы, оның Жердің планетарлық факторларына тәуелділігі туралы еш нәрсе ай-тылмады. Ең алғаш рет тірі заттардың геологиялық қызметі туралы, барлық органикалық дүниенің біртутастығы туралы ой айтқан акаде-мик В.И.Вернадский болатын. Оның биосфера туралы концепциялары көптеген еңбектерінде біртіндеп жарық көре бастады. Ол еңбектеріне «Дала топырағының кемірушілер арқылы өзгеруі» (1884), «Тірі заттар» (20-шы жылдардағы қолжазба), «Биосфера» (1926), «Биогеологиялық очерктер» (1940), «Жер биосферасының химиялық құрылысы», «Табиғат зерттеушінің философиялық ойлары» атты еңбектері жатады.
Тірі заттардың геологиялық рөлі олардың атқаратын геохимиялық функцияларына негізделген, ал қазіргі жаратылыстану ғылымы - бұл функцияларды бірнеше категориямен береді:
1) энергетикалық;
2) концентрациялық;
3) деструктивтік;
4) орташа қалыптастырушы;
5) транспорттық.
Тірі органимздер тыныс
алу, қоректену, метаболизм
Ал геосфераның мундай орасан зор өзгерістері үлкен энергияны қажет етеді.
Вернадский ашқан биосферадағы
тірі заттардың биохимиялық
Биосфера - планетаның тірі және өлі заттарының бірлігі, ол геологиялың та, биологиялық та, географиялық та анықтама емес. Бұл биогеохимиядағы негізгі іргелі түсінік, біздің планетамыздың уйымдасуының негізгі қурылымдың компоненттерінің бірі. Немесе, тіршілік әрекеті арқылы биоэнергетикалық процестер мен зат алмасу жүретін ерекше қабық.
Жерді қоршап туратын биосфера қабығы өте жұқа. Бүгінгі күнде атмосфераның микроорганизмдер өмір сүретін қабаты Жер бетінен 20-22 км биіктікке дейін көтерілсе, мухит шуңғымаларында бул шекара 11 км тереңдікке түседі. Ал жердің тас қабатындағы (литосферадағы) тіршілік 2-3 км тереңдікке дейін барады деп есептелінеді. Өйткені, дәл осындай тереңдіктегі мунай құрамында анаэробты бактериялар тіршілік ететіні анықталды. Әрине, биосфераның әр аймағында тірі заттардың мөлшері әр алуан. Олардың ең көп мөлшері литосфераның беткі қабатында (топырақта) гидросферада және атмосфераның төменгі қабатында, ал жер қыртысының терең қабаттары мен гидросфераның ең терең бөліктерінде және жоғарғы атмосферада тіршілік те біртіндеп сирей береді.
Космостық сәулелер мен Күн энергиясы Жер биосферасына, жер бетіндегі барлық құбылыстарға тұрақты түрде әсер етіп турады. Ге-лиобиологияның негізін салушы А.Л.Чижевский Күн-Жер байланысын зерттеумен өте көп айналысқан ғалым. Ол Жер бетіндегі сан алуан, сан қьірлы құбылыстар мен процестер - Жер қыртысының геохимиялық өзгерісі, планетаның, оның қүрамдас бөліктерінің динамикасы тікелей Күн энергиясының әсер етуімен жүреді деп есептейді. Күн энергиясы жер бетіндегі барлық қубылыстарға - соққан самал жел мен өсімдіктердің өсуінен бастап дауылды желдерге дейін, тіпті адамның ақыл-есіне дейін әсерін тигізеді.
Күн белсенділігінің арту циклдері мен биосферадағы процестер арасындағы байланыс XVIII ғасырдың өзінде-ақ белгілі болған. Сол кезде ағылшын астрономы В.Гершель бидайдың өнімділігі мен күн дақтарының арасында байланыс бар екендігін анықтаған. Ал XIX ғасырдың аяғында Одесса университетінің профессоры Ф.Н.Шведов жүз жылдық қарағанның діңінің көлденең кесіндісін зерттеу арқылы оның жылдық сақинасының жуандығы әрбір 11 жыл сайын, күн бел-сенділігінің циклін қайталайтындай өзгеріп отыратынын байқаған.
А.Л.Чижевский өзінен бурынғы
бұл мәселемен шуғылданған
Бүгінгі уақытта көптеген ғалымдар адамзат біздің планетамыздағы тірі заттардың тек бір бөлігін ғана құрайтындығци айтады. Ал адам организмі және басқа тірі организмдер биогеосфера ырғағына бейімделеді, ең алдымен тәуліктік, содан соң жылдық немесе маусымдық ырғақтылыққа бағынады.
Адамдардағы зат алмасу ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын цир-кадалық (тәуліктік) ырғақпен өтеді. Мысалы, 1931 жылы адам бауыры-ның ырғақпен жумыс істейтіндігі анықталды. Тәуліктің бірінші жартысында бауыр өттің көп мөлшерін бөліп щығарады. Өт - майлар мен белоктарды қорытып, оларды қанттың әр түрлеріне айналдыру үшін қызмет істейді.
Тәуліктің екінші жартысында бауыр қантты өзіне тартып, гликоген мен суды жинақтай бастайды. Оның клеткаларының мөлшері мөлшермен үш есе үлкейеді.
Сонымен бірге, тәулік бойында қанның қурамындағы гемоглобиннің мөлшері де өзгеріп отырады. Оның ең көп мөлшері сағат 11-13 аралығына, ең аз мөлшері 16-18 сағатқа сәйкес келеді.
Тәуліктік өзгеріске организмдегі биофильді химиялық элементтер де түсіп отырады.
Организмде түнде магний
туздары, ал ми сұйықтығында калий туздары
кебейеді. Бул қосылыстардың екеуі
де жүйке-бұлшық ет қызуын бәсеңдетеді.
Сонымен қатар, вегетативтік жүйке
жүйесі де тәуліктік графикпен жумыс
істейді. Тіпті статистика туу мен
өлу процестерінің өзі
Күн белсенділігінің езгерісі
адамзат денсаулығына да әсерін тигізеді.
Мысалы, Чижевский Европалық Россиядағы
1823 жылдан 1917 жылға дейін болған
сүзек ауруының материалдарын, 1823 жыл-дан
1923 жылға дейінгі аралықтағы оба
ауруының шыққан кездерін зерттей келе,
бұл жұқпалы дерттердің шығуы
күн сферасында өтетін құбылстармен
тікелей байланысты екендігін анықтады.
Өзі құрастырған графиктер
Келтірілген фактілер космостық факторлардың және адам орга-низмінің физиологиялық жағдайларына әсер ететіндігін көрсетеді.
В.И.Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің
космос адамзат, биосфера арасындағы байланыс
туралы концепциялары Л.Н.Гумилевтің
этноге-нез концепциясына
Биосфера мен космостың, жеке адам мен космостың, қоғам мен космостың арасындағы байланыс туралы уғымдар біртіндеп ғылыми дүниетанымға енді. Бул көзқарасты космизм деп, ал мүндай көзқарастың қалыптасуын ғылым мен философияның космизациясы деп атайды.
Космизм идеясы В.В.Докучаевтың, В.И. Вернадскийдің, К.Э.Циолковскийдің, А.Л.Чижевскийдің, Л.Н.Гумилевтің, Н.Г.Холодныйдың, С.П. Королевтің, Н.А. Морозовтың, Н.Ф. Федоровтың, В.С. Соловьевтің, А.Белыйдың тағы басқа ,ғалымдардың еңбектерінен керініс тапты.
Ноосфера ұғымы. Ноосфера туралы екі түрлі түсінік бар:
1) ақыл-ой сферасының үстемдік етуі (Фихте);
2) адамзат пен табиғаттың ақыл-ой арқылы қарым-қатынас жасау сферасы (Теяр де Шарден, Вернадский)
Біз ноосфераны осы екінші түсінік бойынша қарастырамыз.
Теяр де Шарденнің анықтамасы
бойынша, ноосфера дегеніміз — планета
эволюциясының болашағының
В.И.Вернадский ноосфера атауымен біздің ғаламшарымыз бен оның маңындағы кеңістіктің адамның саналы әрекетінің белгілері орын алған бөлігін түсіндірді. Биосфера тәрізді, ноосфера да Жердің барлық бөліктерін әсер етуші биогеохимиялық күш болып табылады.
Ал ноосфера терминін 1927
жылы француз ғалымдары мен
Вернадскийдің биосфералық
ілімі бойынша тірі заттар Жер
планетасының жоғарғы қабатын өзгертеді.
Адамның осындай іс-әрекеті
Өзінің ноосфера туралы концепцияларына Вернадский мынандай алғы шарттарды ұсынады:
1) Адамзат біртутас бүтін
қоғам. Кез келген құрылық
2) Байланыс пен ақпарат таратудағы жаңалықтар. Олардь жер шарының кез келген түкпіріне таратады;
3) Адамзаттың тең өмір сүруі - ноосфера үшін қажетті жағдай;
4) Адамзаттың өмір сүру
деңгейінің көтерілуі, халық
5) Энергетикалық дамуы, энергияның жаңа көздері мен түрлерінің ашылуы;
6) Қоғам өмірінен соғыстың аластатылуы.
Вернадскийдің ноосфера туралы концепциясы ғылыми орталарда қазіргі кезде жан-жақты талқылануда. Ол экологиялық мәселелерді шешу мен адамзат қоғамын сақтап қалу жөніндегі идеялар мен теорияларға негіз болып саналады.
Пайдаланған әдебиеттер
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN
9965-808-89-9
Қазақ тілі термиңдерінің
салалық ғылыми түсіндірме
Сәтімбеков Р. Биология:
Жалпы білім беретін мектептің
қоғамдык-гуманитарлық
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТТЕТІ
СОӨЖ
Тақырыбы: Биосфераның бағытты дамуының жоғарғы сатысы ретіндегі ноосфераның мәні
Орындаған: ия-ағылшын тобының
1-курс студенті Турешова Н.У
Қабылдаған: аға оқытушы-магистр
Садвакасова Арай Тұрысқанқызы
Алматы 2013 жыл
Жоспары:
Кіріспе:
Ноосфера туралы түсінік
Негізгі бөлім:
В.И.Вернадскийдің пікірі
Биосферадағы ноосфераның мәні
Қорытынды:
Ноосфераның алғышарттары
