Нормативтік құқықтық актілер

         Қазақстан Республикасының ғылым  және білім министрлігі

         Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай  университеті (КГУ) 
 
 

           Факультет Юриспруденция 
 
 
 

РЕФЕРАТ 
 

Тақырыбы: Нормативтік құқықтық актілер. 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                          Орындаған: Кудебаев Қаиржан

Тексерген:                                                                                                               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қостанай 2011 ж. 

Жоспар: 

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім 

1.1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі.

1.2. Нормативтік құқықтық актілердің түрлері

1.3. Нормативтiк құқықтық актiнiң реквизиттерi мен құрылымы

III. Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

КІРІСПЕ 

Қоғамның объективті даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір – біріне қайшы келуі де, немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы саналуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану, жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әртүрлі әдіс – тәсілдері болады.

XX ғасырдың екінші  жартысында халықаралық қатынастарда  ұлттық заң жүйесіне әсерін  тигізіп, ықпал ететіндей халықаралық – құқықтық құжаттар әзірлеуге айқын бетбұрыс бара – бара күш алып, тұрақты құбылысқа айналып келеді. Аталған бағыттың сипаты белгісі ұлттық заңдарды демократияландыруға, гуманитарландыруға, интернационалдандыруға, мемлекеттік – саяси құрылымды жетілдіруге ықпал ету болып табылады.

Әрине, халықаралық  – құқықтық нормалар ұлттық заңдардың  және мемлекеттік құрылыстың барлық салаларын қамти алмайды. Басқару  мен мемлекеттік құрылым нысандары  әр халық өзі таңдайды және мұндай таңдауға халықаралық құқық ықпал ете алмайды.

Сонымен бірге  халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңға әсері туралы да айтуға болады. Осы ретте халықаралық  құқық нормаларының өзінен өзі пайда  болмағанын, әр түрлі елдердің мемлекеттік  – құқықтық құрылыс жөніндегі  заңдарынан мейлінше өміршендерін бойына жинақтағанын атап көрсеткен жөн. Енді ол нормалар жекелеген елдер халықтарының еркін білдіретін сипатта емес, алдыңғы қатарлы халықаралық қоғамдастық арқылы халықтардың жинақталған еркін білдіретін жаңа сапада жекелеген мемлекеттерге қайтып оралады.

Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде құрылған күнінен  бастап Қазақстан заңдары халықаралық  құқық нормаларын ескере отырып қалыптаса  бастады. Бұл бағыт Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында  барынша сабақтастықпен көрініс  тапты.

Халықаралық құқық  нормалары өзін – өзі тану құқығына тек саяси құқықты ғана емес, сондай – ақ экономикалық құқықты да жатқызады.

Аталған пактте азаматтық және саяси құқықтар туралы мынандай қағида бар: «Өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін барлық халықтар өзара тиімділік принципіне негізделген халықаралық экономикалықынтымақтастықтан және халықаралық құқықтан туындайтын міндеттемелеріне қандай да бір нұқсан келтірмейтіндей жағдайда өзінің табиғи байлықтары мен ресурстарына еркін билік жүргізе алады »(1 – бап).

Халықаралық құқықтың нақты мемлекеттің құрылымдық және басқару проблемаларына араласпайтыны  белгілі. Сонымен бірге мемлекет қызметін ұйымдастыруда халықаралық  құқық нормаларына сүйенетін  бірқатар мәселелер бар.Оның қатарына бірінші мемлекетті демократияландыру проблемасы жатады. Халықаралық құқық нормалары мемлекеттік биліктің демократиялық тұрғыда ұйымдастырылуын қолдайды. Осы нормалар Қазақстан Республикасы Конститутциясында жүйелі қолданылады.

Халықаралық құқық  мемлекеттің заң шығару қызметінің барынша елеулі сәттеріне айрықша назар аударады. Әр түрлі пакттерде заңдардың кері күшін белгілеуге жол берілмейтіндігі атап көрсетілген. «Адам құқының жалпыға бірдей Декларациясында»: «Қайсы бір іс -әрекеті немесе әрекетсіздігі негізінде жасаған қылмысы үшін, оны жасаған кезде ұлттық заң бойынша да, сондай-ақ халықаралық құқық бойынша да қылмыс құрамы болмаса, ешкім сотталмауы тиіс. Сондай- ақ қылмыс жасалған кезде қолданылуы мүмкін болса да, барынша ауыр жаза қолданылмайды» деп жазылған. ҚР Конститутциясының 77-бабында: «Жауапкершілік белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады» делінген.

Аталған нормалардан  мынандай жәйттер назар аудартады. Әдетте, Конституцияда заңның кері күші көрсетілмейді. Алайда, ҚР Конституциясында мұндай құқықтық норма бар, ол адам құқығын қорғаудың жүйелілігінің жемісі. Оның үстіне халықаралық құқық нормаларына қарағанда ҚР Конститутциясы нормаларының ауқымы кең. Халықаралық құқық нормалары тек қылмыстарға қатысты болса, ҚР Конститутциясы нормалары құқық бұзушылықтың барлық түрлерін: мүліктік, еңбек, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты қамтиды. Заңның кері күшіне тыйым салуды барлық жағдайға орнықтыру немесе жауаптылықты күшейту – мейлінше, мархабатты шара.

Адам құқығы саласында ҚР Конституциясының толықтай халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Адам қоғамның даму процесінде бір – бірімен байланысты миллиондаған қарым – қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективті диалектикалық процес. Осы процесті реттеп – басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.

Сондықтан құқық  нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала – салаға, жүйе – жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық – жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп – басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның , объективтік процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II. Негізгі бөлім 

    1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі.
 

Нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Заң актілері мен  өзге де нормативтік құқықтық актілерді  әзірлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың деңгейіне сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады , бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды.

Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының Заңы заңдарға сәйкес қабылданған, бірақ Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 11- тармақшасында келтірілген талаптарға сай келмейтін және құқықты іске асыру және құқық қолданушылық мәні бар нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда:

1) мемлекеттік  емес ұйымдардың, оның ішінде  қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  нормативтік актілерін; 

2) уәкілетті орган болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдардың нормативтік актілерін;

3) техникалық және технологиялық нормалар қамтылған нормативтік актілерді әзірлеу, табыс ету, қабылдау, күшіне енгізу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібі белгіленбейді.

Егер  нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтік құқықтық актілер тікелей қолданылады.

Қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді қолдану үшін қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етілмейді.

Егер нормативтік құқықтық актінің өзінде оның қандай да бір құқық нормасы қосымша нормативтік құқықтық акт негізінде қолданылатындығы көрсетілсе, онда бұл норма негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актіге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтік құқықтық актілер қолданылады. 

    1. Нормативтік құқықтық актілердің түрлері

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.

Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) Конституция,  конституциялық заңдар, кодекстер,  заңдар;

2) Қазақстан  Республикасы Президентінің Конституциялық  Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан  Республикасы Президентінің Заң  күші бар Жарлықтары; Қазақстан  Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан  Республикасы Парламенті мен  оның палаталарының нормативтік  қаулылары; 

4) Қазақстан  Республикасы Үкіметінің нормативтік  қаулылары; 

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;

6) Қазақстан  Республикасының министрлері мен  өзге де орталық мемлекеттік  органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

7) орталық  мемлекеттік органдардың нормативтік  құқықтық қаулылары; 

8) мәслихаттардың  нормативтік құқықтық шешімдері,  әкімдіктердің нормативтік құқықтық  қаулылары, әкімдердің нормативтік  құқықтық шешімдері. 

Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;

2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

3) қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.

Қазақстан Республикасының заңда рын да туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.

Туынды  түрлердегі нормативтік құқықтық актілер  негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады.

Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.

Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды. 

    1. Нормативтiк құқықтық актiнiң реквизиттерi мен құрылымы

Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

2) актiнiң нысанын көрсету: Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасының кодексі; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; министрдің бұйрығы; орталық мемлекеттік орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттік органның қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актінің өзге де нысаны;

3) осы нормативтiк құқықтық актінің реттеу нысанасын бiлдiретiн тақырып;

4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен жылы, күнi, айы;

5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;

6) нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлеттік берiлген адамның немесе адамдардың қолтаңбалары;

7) нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өткен күнi мен нөмiрiн мемлекеттік тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;

8) елтаңбалы мөр.

Нормативтiк құқықтық актiнiң негізгі құрылымдық бөліктері құқық нормаларын қамтитын абзац, бөлік, тармақша, тармақ және бап болып табылады.

Нормативтік құқықтық актінің бабының, тармағы мен тармақшасының ішінде бөлік - құқықтың қисынды аяқталған, бас әріптен басталатын азат жол арқылы бөлініп көрсетілген жеке нормасы болуы мүмкін.

Мәтіннің мағыналық жағынан тұтас, бірінші жолда азат жол арқылы бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады.

Заңнамалық актілер, әдетте, «бап» деген атауы бар баптардан тұрады, олар бөлікті, тармақты, тармақшаны және абзацты қамтуы мүмкін.

Өзге де нормативтiк құқықтық актiлер олардың атауы «тармақ» деген сөзбен жазылмайтын тармақтардан тұрады, олар тармақшаларды, бөліктерді, абзацтарды қамтуы мүмкін.

Көлемi қомақты нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау - бөлiмдерге, ал бөлiмдер нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн. Көлемi үлкен тараулар мен бөлімдерде тиісінше параграфтар және кіші бөлімдер бөлiніп көрсетілуі мүмкiн.

Нормативтік құқықтық актілердегі параграфтар мен кіші бөлімдер тиісінше «параграф» және «кіші бөлім» деген сөздермен белгіленеді.

Кодекс, әдетте, «бөлік» деген сөзбен жазылмайтын бөліктерге бөлінетін баптардан тұрады, олар араб цифрларымен нөмірленеді.

Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тармағы, бабы, параграфы, тарауы, кіші бөлімі және бөлімі араб цифрларымен нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары, тараулары, бөлімдері және бөліктері тұтастай нөмірленеді. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбір тарауындағы параграфтар және әрбір бөлімдегі кіші бөлімдер дербес нөмірленеді.

Тармақтардағы тармақшалар және баптардағы тармақтар тиісінше дербес нөмірленеді. Тармақтардағы тармақшалардың нөмірленуі жақшамен жабылған араб цифрларымен мынадай түрде белгіленеді: 1), 2), 3) және одан әрі қарай.

Заңды қабылдаудың мақсаттарын және оның алдында тұрған негізгі міндеттерді түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын жазудың алдынан кiрiспе бөлiм (кіріспе) берiледi.

Кiрiспе бөлiм (кіріспе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заң жобаларында жазылмайды.

Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда, онда олардың мәнiн түсiндiретiн бап (тармақ) берiледi. Қазақ тіліндегі нормативтік құқықтық актідегі терминдер мен анықтамалар әліпбилік ретпен орналастырылады. Орыс тіліндегі нормативтiк құқықтық актiдегі терминдер мен анықтамалар қазақ тілінде жазылған ретпен сәйкес келуге тиіс.

Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актіде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.

Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігі тиісті нұсқауларды нормативтік құқықтық актінің мәтінінде құқық нормасының мағынасына нұқсан келтірмей жазу мүмкін болмаған кезде ескертпемен толықтырылуы мүмкін.

Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауы, бөлiмі, бөлiгі, сондай-ақ тараудың параграфы мен бөлiмнің кіші бөлiмінің тақырыптары болуға тиiс.

Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық актілерді қоспағанда, заңнамалық актілер баптарының тақырыптары болуға тиіс.

Нормативтік құқықтық акт бөліктерінің, бөлімдерінің, кіші бөлімдерінің, тарауларының және параграфтарының тақырыптары алдыңғы мәтіннен - екі, ал келесі мәтіннен бір жоларалық интервалмен бөлінеді.

Кодекстiң құрылымына мазмұн кіреді.

Нормативтік құқықтық актінің құрылымына қосымшалар енгізілуі мүмкін. 
 

Негізгі әдебиеттер: 

  1. Ағдарбеков  Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
  3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
  4. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
Нормативтік құқықтық актілер