Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын орны
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Нәрестелік кезеңдегі баланың психологиялық
ерекшеліктері.................
1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен
ерекшеліктері.................
1.2 Нәрестелік кезеңдегі баланың ақыл-ойының даму ерекшеліктері........8
1.3 Нәрестелік кезеңдегі баланың
физикалық дамуы.........................
2 Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын
орны..........................
2.1 Ойын – бала дамуының негізгі іс-әрекеті....................
2.2 Нәрестелік кезеңдегі алғашқы дағдарыстар...................
Қортынды......................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымша.......................
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау – білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.
Қоғамдақ жаңару кезеңінде,
Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық
қатынастардың сипатының
Баланың нәрестелік кезеңі - жас дамуы кезеңдерінің ішінде өзіндік орны бар, мазмұны бар, мағынасы бар кезең. Жас нәресте кезеңін анықтау теорияларын зерттеуде атақты психологтар - Э.Эриксонның, Ф.Пиазженің, Б.Г.Ананьевтің, А.В.Дмитриевтің, Фрейдтің, Л.Выготскийдің В.Т.Лисаковскийдің және т.б.еңбектері бар.
Фрейдтің идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Нәрестелік кезеңдегі баланың физикалық және ақыл-ой дамуының ерекшеліктерін қарастыру, баланың дамуына әсер ететін факторларды анықтау, ойынның маңыздылығын ашу.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- нәрестелік кезеңдегі баланың психологиялық даму ерекшеліктерін қарастыру;
- нәрестелік кезеңдегі баланың ақыл-ойының дамуын бақылау;
- нәрестелік кезеңдегі баланың физикалық дамуы ерекшеліктерін қарастыру;
- баланың дамуында ойынның алатын орнын анықтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 Нәрестелік кезеңдегі баланың психологиялық ерекшеліктері
1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері
Өмірге келген нәресте өзінің анасынан оқшауланады. Ол бөтен жағдайға тап болады: суық, күшті жарық, ауа ортасы, көректену типін өзгерту қажеттілігі т.б. Бұл жаңа, бөтен ортаға бейімделуге балаға тұқымқуалаушылық арқылы бекітілген механизмдер – шартсыз рефлекстер көмектеседі. Бұл ең алдымен тамақтану рефлекстерінің жүйесі. Сонымен бірге шартсыз рефлекстер қатарына қорғану және бағытталу рефлекстері жатады. Есту анализаторлары 2-3 аптада пайда болады. Қатты дыбыс, мысалы, есіктің жабылуы бала қимылының тоқтауына әкеледі, бала қимылдамайды және үндемейді. Кейінен, 3-4 аптада мұндай реакция адам дауысына пайда болады. Бұл уақытта бала дауыс шыққан жаққа басын бұрады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алғашқы эмоцияның пайда болуы айғайлау, тырысу, қызару, әртүрлі қимылдардан байқалады. 2-ші айда бала адам бетіне көз тоқтатып, күлімсірейді, қол-аяқ қимылдарын жасайды, дауыс реакциялары пайда болады. Бұл реакцияны жандану комплексі деп аталады.
Нағыз адамзат ерекшелігінен тұратын жандану комплексі күлу, алғашқа әлеуметтік қажеттілік-қарым-қатынасқа қажеттліктің туғандығын айқындайды.Ал баланың қарым – қатынасқа қажеттілігінің қалыптасуы, ол өзінің психикалық дамуында жаңа кезеңге өткендігін білдіреді. Нәрестелік кезең аяқталып сәбилік кезең басталады.
Бала өмірінің 2-ші жылының даму жетістігі- жүру. Бұл баланы дербестікке жетелейді және кеңістікті әрі қарай меңгеруге жағдай жасайды. Өмірінің 2-ші жылының соңында балаларда қимыл координациялары жақсарады, олар күрделі әрекет комплекстерін меңгере бастайды.
Бұл жастағы балалардың затты меңгеруі алғашқы ойлау формаларының дамуына шешуші әсер етеді.Бұл жастағы баланың ойлауы көрнекі - әрекеттік сипатта болады. Заттық әрекетті жетілдіру бала тілінің дамуына әсер етеді. Бала сөйлеуі диалогты сипатта болады, сұрақ және үлкендердің жауап мазмұндарынан құралады. 2 жылдың аяғында бала өз тілінде екі сөзден тұратын сөйлемді пайдаланады. Сөйлеуді баланың қарқынды меңгеруі фактісі ретінде баланың бір сөзді бірнеше рет қайталауды ұнатуы. Осының қортындысында бала сөзді дұрыс түсінеді және сөзді дұрыс айтады, сөйлем құрады. Бұл кезең баланың қоршағандардың тілін жоғары қабылдауы. Сондықтан, бұл кезеңді бала тілінің дамуының сензитивті (жағымды) кезеңі деп атайды. Бұл кезеңдегі тілдің қалыптасуы психикалық дамудың негізі болады.
Сәбилік жаста адамгершілік сезімнің белгілері қалыптаса бастайды. Бұл тек үлкендер балаларды басқалармен санасуға үйреткенде болады. Өмірінің 2-ші жылында балада бірге ойнайтын жолдастарына жағымды сезім пайда болады.Симпатияны көрсету формасы әртүрлі. Бұл күлу, жылы сөздер, жанашырлық, басқа адаммен қуанышты бөлісуге ұмтылу.
Үлкендермен қарым-қатынаста бала өмірінің 2-ші жылында мадақтауға жағымды эмоционалды реакция қалыптасады. Бұл өзін-өзі сүю, өзін-өзі бағалаудың дамуына ішкі жағдай жасайды. Сәбилік кезеңде баланың еркінің алғышарттарының іргетасы қаланады. Бұл алғышарттар даму үшін бала өмірінің жағдайын, қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас сипатын өзгерту қажет болады [1].
Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан ғөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. қы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту, жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.
Нәресте мен үлкен адам (нәрестелік шақтың шегі — бір-екі айдан бір жылға дейін). Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші асоциальдық тіршілік иесі болып есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескендігі, сасқалақтап, абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен, З.Фрейд жарық дүкиеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратының пессимистік тұрғыда суреттейді.
Фрейдтің бүл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.
Фрейд пен Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынады. Француздық прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шарылдап жылауды бірдемені алдын ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиялы деп есептеді. Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі Пиаже қағидасы өз кезінде Л. С. Выготский, ал кейінірек басқа да совет психологтары тарапынан сыйға ілікті. Советтік және прогресшіл шетел авторларының зерттеулерінде алынған көптеген фактілер нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді. Үлкен адам баланың органикалық қажеттерін қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады, аударып салады. Үлкен адам баланың белсенді психикалық өмірде де қажетін қанағаттандырады: нәресте өзін қолға алғанда, едәуір жадырап қалады. Үлкен адамның көмегімен кеңістікте қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге, олардың бір-біріне қарай жылжуын байқауға мүмкіндік алады, ал мұның өзі оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты есту, сипай сезу әсерлері де үлкендер тарапынан беріледі.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммеи қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.
Қарым-катынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен қарым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері пайда болып, біртіндеп дамиды (олардың ішінде қарым-қатвнас жасау қажеттілігі — эмоциялық жутаңдықтың маңызды мәні бар), екінші жағынан, оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.
Бала алдымен жетіледі, содан кейін барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлық мінез-құлықты барлық психикалық қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта жүруге, заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауғә, тануға, есте сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине нәрестелік шақта баланы үйрету көбінесе алдын ала ойластырылмаған, стихиялы сипатта болады [2].
Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп қалғаны нәресте өзінің дамуында адамдық мүмкіндік дәрежесіне көтеріле: алмайды. Әлеуметтік орта мен арнайьі үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну меи ойлауға қабілетті жеке адам қалыптасады. Үлкен адам бұл жерде де бала мен тұтас: алғанда адамзат қоғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында өмір сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлұматтар ала отырып, бала танымға барған сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері білім құмарлыққа дейін өседі. Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыларға бағытталады. Бұл тектес білім құмарлықты И. П. Павлов «риясыз» деп атады, өйткені ол органикалық қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес еді.
Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар женді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардың арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау қимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары интериоризацияланады — көріп қабылдауға ауысады.
Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде тұрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және тұрақтылыққа ие болады.
Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділгінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте қабілетті болады.
Нәрестелік шақтың соңына қарай балалар
үлкендердің көптеген іс-әрекеттерін
қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді.
Әдейі жасалған әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі (тарсылдатып, сілкілеп, бұрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен сол, балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктей отырып ойлауды әрекет үстінде үйренеді [3].
1.2 Нәрестелік кезеңдегі баланың ақыл-ойының даму ерекшеліктері
Баланың психикалық дамуына тік өмір
сүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік
шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар
жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу
— ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен
аттап басу үлкен күшке түседі. Локомоция
программасы әлі қалыптаспағандықтан,
бала үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алады.
Құлал қалу каупін де жеңіп, осынау алғашқы
қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш
жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде
жұмыс істеп тұрған аяқ, қол, арқа және
бүкіл дене бұлшық еттерінен пайда болатын
бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы
болып табылады. Өз денесін өзі билеу сезімі
бала үшін өзін-өзі мадатқау қызметін
атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін
сол сияқты тілеген мақсатына жету мүмкіндігі
және, сонымен қоса, үлкендердің қатысуы
мен мақұлдауы қолдайды. Өте тез арада,
алғашқы ол-сіз қадамдардан соң үйлесімді
тура бағытты қимылдар жасау қабілеті
қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала
орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан
кедергілер іздестіреді. Қиындықтар және
оларды жеңу сәбиде жағымды эмоциялық
көңіл күй туғызады.
Қозғалып жүруге қабылеттілігінің (дене қимылының табысы бола отырып) психологиялық салдарлары. Қозғалып жүруге қабілеттілік арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану қабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын есептеу өлшемі болады. Бұл көру, қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады. Өзі қарап тұрған затқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттармен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттар тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.
Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы мүмкін, бірақ мұндай белсенділік оны заттардың атқаратын міндетімен таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердін тәрбиелік және оқыту ықпалдары арқылы ашылады. Бала түрлі заттармен жасалынатын іс-әрекеттер түрлі дәрежеде ерікті болатынын біледі. Кейбір заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін қатаң сақтауды қажет етеді (бұған қорапшаның қақпақпен жабылуы, пирамиданың шығыршықтарын өткізу, матрешкаларды-жинастыру тәрізді арақатынастағы әрекеттер жатады). Басқа заттарда әрекет тәсілдері олардың, қоғамдық міндетімен қатаң бекітілген. Олар — зат-құралдар (қасық, қарындаш, балға). Нақ осы арақатынастың және құралдың әрекеттерді игерудің баланың психикалық дамуына неғұрлым елеулі әсер ететінін атап өту маңызды. Ерте сәбилік шақтағы-игерген -зат-құралдардың сан жағынан шағын болуынан келіп кетер ештеме жоқ. Мәселе санда емес, осы заттар балада әрбір жаңа зат-құралдан оның өзіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын қалыптастыратындығында [4].
Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Нәрестелік кезеңдегі баланың тілін дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілғен қателіктердің орнын толтыру ете қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстіпде бала нәрестелік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақикат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс-әрекеттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптасады. Үш жасқа карай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей езіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тындай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдаланура мүмкіндік жасайды.
Ерте сәбилік шақтық басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардық арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойының қарапайым формаларын, сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шарттарын жасайды. Ерте сәбилі шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жақа түрлері құрастырады.
Қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын арақатынастың іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың, атап айтқанда, қандай заттармен шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы балаларға деген ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшек-терін бір-бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін туғызатындай етіп (матрешкалар, қорапшалар, мозаикалар т. б.) жасалынған. Мұндай ойыпшықтарды автодидактыкалық, яғни өзін өзі үйретуші ойыншықтар деп атайды.
Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады.
Көзбен қабылдауымен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен, фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді.
Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне {ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуацияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әре-кет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екенін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады.
Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Л. С. Выготский бала өмірінің алғашқы күнінен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді. Өзінің ақыл-ой шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағ-дар алады. Үлкендердіц заттармен жасаған іс-әрекеттерін бақылай отырып, бала практикалық заттық іс-әрекеттік адамзаттық формаларын иемденеді. Заттармен әрекет жасау практикасында бала әр түрлі заттардың ұқсас қолданыла алатынын ашады.
Мұндай жаңалықтар ұқсас заттарды («қайсыбір белгілері бойынша) ғана жалпылап қоймай, сондай-ақ іс-әркет тәжіриесін жалпылауға да алып келеді.
Ойлауды дамыту үшін әсіресе құралдық әрекеттер маңызды. Құрал баланың заттық дүниеге жасайтын ықпалын дәнекерлейді. Әр түрлі ситуацияларда және әр затқа қатысты қолданыла отырып, құрал жалпылаудың алғашқы таратушысы болады.
Бала дамуының алғашқы кезеңдеріндегі ойлаудың сапалық өзгерісі оның практикалық заттық әрекеттің адамзаттық формаларын игеруіне және баланың адам тіліне біртіндеп тартылуына байланысты. Ең мол тәжірибелі бала үлкендермен тілдік қарым-қатынас жасау арқасында алады. Бала адамзат жасаған ұғымдарды, ойлау тәсілдерін игереді. Үлкендерге еліктей отырып, ол дұрыс пікірлер құрастыруға жәде ой қорытындыларын жасауға үйренеді. Баланың ақыл-ой дамуын қарастыра отырып, И. М. Сеченов балаға өте ерте бастан іспен де, сөзбен де өзгенің тәжірибесінің даяр формалары беріледі деп жазды [5].
Ерте сәбилік шақта үлкеннің сөзі көрнекі әсерлі ойлауын дамытуға көмектесе алады. Ересек адам қайсыбір ситуациялық міндеттің шешілу жолын балаға іс-әрекетпен ғана емес, сөзбен де айтып береді. Мәселен, сәби кереуеттің шыбықтары арасынан қорапты өткізгісі келіп, бірақ дұрыс өткізе алмаса, үлкендер. «Қорапты төңкер, сонда ол өтеді»,— деп кеңес береді де баланың тиісті әрекетін туғызады.
Ерте сәбилік шақта бала іс-әрекеттің орындалу барысында сөйлеп отыра алады. Бірақ бастапқы кезенде сейлеу гәуелсіз процесс тәрізді болып көрінеді: бұл кезде баланың мінез-құлқы-дан әрекеттің екі түрін: сөйлеуді және ойлауды байқауға болады. Кейінірек тілдік ойлауды құра отырып, бұл іс-әрекеттер бірігеді.
Үш жасқа қарағанда баланың ақыл-ойының дамуында, іс-әрекеттің күрделі формалары мен жаңа түрлерін бұдан былайғы игеруде анықтаушы мәні бар мадызды ұмтылыс болып өтеді — сананың таңбалық (немесе символдық) функциясы қалыптаса бастайды. Оныд мәні бір объектісі екішісінің орнын басушы ретінде қолдану мүмкіндігінде. Мұның өзінде заттармен әрекет жасаудың орнына олардың орнын басушы заттармен әре-кеттер жасалынады.
Түрлі таңбалар мен олардың жүйесін пайдалану — адам психикасына тән айрықша ерекшелік. Таңбалардың кез келген түрі (тіл, математикалық символика, дүниені суреттеуде, музыкалық әуендерде т. б. бейнелейтін өнерде) адамдар арасындағы қарым-қатынас үшім қызмет аткарады, заттар мен кұбылыстардың орнына жүріп, соларды белгілейді. Сәбилік шақта таңбалық функция бастапқыда практикалық іс-әрекетке байланысты дамиды да, тек кейінірек қана сөзді қолдануға ауысады.
1.3. Нәрестелік кезеңдегі баланың физикалық дамуы
Дүниеге келгенде баланың салмағы орта есеппен 3-тен 4 кг-ға дейін, ал бойларының ұзындығы 45-50 см болады. Бірақ бұл көрсеткіштер нақты емес, кейбірінің салмағы аз, не бұдан артық болып туылады. Шамамен, өмірінің алғашқы жылдары сәби 7 кг салмақ қосады, бойы 25 см-ге өседі.
Бала денсаулығының ең маңызды көрсеткіші – оның дене құрылымының үйлесімділігі. Сәбилердің дене құрылысы ересектердікінен айтарлықтай ерекше. Ең негізі ерекшелігі – сәбидің басы денесінің басқа мүшелерінен үлкен болып келеді.
Дүниеге жаңа келген сәбилердің қимыл-қозғалысының координациясы әлі толық дамыған жоқ және өзінің қалауы бойынша денесін басқара алмайды. Шалқасынан жатып, дені сау бала жатырда жатқан күйіндегідей қалыпта болады: аяқтары мен қолдарын қарнына қарай жымқырып алады. Бұл оның бұлшықеттері мен жүйке жүйесінің дұрыс дамығандығын көрсетеді. Егер нәрестенің өкшесіне қолыңызды тигізсеңіз, аяғындағы саусақтарын қысып, ашады. Ал басын өз бетімен әлі ұстай алмайды: бұған сәбидің бұлшықеттері 2-2,5 айдан соң ғана дайын болады.

- Нәсілдер
- Н.Бердяев о личности,о творчестве и о русской истории
- Н. Бердяев: персонализм и внутренняя свобода
- НБУ як орган управління грошовим оборотом
- Нварсакский договор
- Н.В.Гоголь
- Н.В.Гоголь как мыслитель
- Нашествие Татаро-Монголов и влияние ига на развитие русских земель
- Нашествие татаро-монголов на Русь
- Наши дети не такие, какими были мы
- Наш рынок
- Наш соотечественник И.П. Павлов, лауреат Нобелевской премии
- Наш школьный музей
- Н.Ә. Назарбаев – үздіксіз көшбасшы