Операциондық жүйе архитектурасына шолу. 3

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ  МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

Операциондық жүйе архитектурасына шолу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРЫНДАҒАН: КАРТАБАЕВА АСЕЛЬ,

 ИС-09-3А

ТЕКСЕРГЕН: САПАКОВА.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2012 

 

Оглавление

Кіріспе 3

Эем архитектурасы. 4

Windows XP желілік операциялық жүйесі 8

Операциондық жүйе тағайындалуы 10

Операциондық жүйелер функциялары 10

ҚОРЫТЫНДЫ 12

Қолданылған әдебиттер тізімі 13

 

 

 

Кіріспе

Операциялық жүйелер – компьютердi басқаруға арналған және қолданбалы бағдарламалармен байланысы бар нақты бағдарлама. Дербес компьютерлер үшiн кең тараған операциялық жүйелерге MS DOS, WINDOWS*, UNIX ж„не т.б.

Дербес компьютерлерге арналған операциялыј жүйелердiң барлығы да тек бiр адамдық болып табылады. WINDOWS*, UNIX көп мақсатты жүйелер болып табылады. Көп мақсаттылығта – бiр компьютерде бiр уақытта қатарласа бiрнеше есептi шығару мүмкiндiгi немесе бiрнеше әрекеттiң қатар атқарылады.

Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы  және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың  бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен  өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу  кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі  оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс  істеуге дайындау, монитор мен  принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б, яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.

Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады,Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы.

Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады.

 

Эем архитектурасы.

ЭЕМ архитектурасы  дегеніміз – ЭЕМ жұмысын программалық басқаруға және оның негізгі функционалдық  бөліктерінің өзара әсерлесуін жүзеге асыратын оны құрудың жалпы принциптері. ЭЕМ архитектура зерттеулерінің алғашқы негізін қалаған американ математигі Джон фон Нейман. Ол бұл  тұжырымдарды 1944 жылы ENIAC машинасын  құру барысында, Г.Голдстайн мен  А.Беркспен дискуссия барысында  принципиалды жаңа машина құру идеясы түрінде берді. Бұл принциптер төмендегідей тұжырымдалады:

  1. Фон Нейман машинасының негізгі блоктары болып БҚ (басқару құрылғысы), АЛҚ (арифметико-логикалық құрылғы), жад, сыртқы жад, енгізу-шығару құралдары болып табылады.
  2. Ақпараттарды екілік кодтауды қолдайды және ақпараттар сөз деп аталатын бірліктерге бөлінеді.
  3. «Сақталатын программа» принципі.
  4. Программа мен мәліметтер бір жадта сақталады.
  5. БҚ мен АЛҚ орталық процессоа деп аталатын бір құрылғыға біріктіріледі.

Блоктардың  негізгі қызметі:

  • процессор жадыдан команданы оқу арқылы орындалатын қимылды анықтайды, оларды кодтайды немесе декодтайды, машинаның әр бөлігінің жұмысын сәйкестендіреді;
  • жад мәліметтер мен программаларды сақтайды. Ол көпқабатты. Жад түрлері:

а) оперативті жад –жұмыс істеу кезінде мәліметтер сақталынады;

б) сыртқы жад – көлемі үлкенірек, жетуі  баяулау, ақпараттарды ұзақ уақытқа  сақтауға қолданылады;

с) тұрақты  жад – мәліметтерді ұзақ уақытқа  сақтайтын және арнайы мамандармен  ғана өзгертілетін жад бөлігі.

ДК-дің  құрамына міндетті түрде  ең  негізгі  үш құрылғы кіреді: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Бірақ ДК-дің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін көптеген қосымша периферийлық құрылғыларды қосуға болады: манипуляторлар (тышқан, джойстик, трекбол, жарық қаламы, дигитайзер), басу құрылғысы (принтер), кескіндерді оптикалық оқу құрылғысы (сканер), графиксалғыштар (плоттер), магниттік лентадағы ақпаратты тасуыш (стример), т.с.с. ДК  модульдік құрылымды, оның барлық модульдері  жүйелік магистраль арқылы байланысқан.

Жүйелік магистраль  -  шиналардың жиынтығы: мәліметтер шинасы, адрестер және басқарушы сигналдар шиналары. Адресті - ақпараттық шинаның тізбектерінің саны адрестер мен мәліметтердің разрядтығымен анықталады, ал басқару шинасының тізбектері – ДК-де қолданылатын басқару сигналдарының санымен анықталады.

Жүйелік блок – құрамына микропроцессор, сопроцессор, оперативті және тұрақты жад модульдері, контроллерлер, магниттік дискілерде жинақтаушылар және т. б. кіреді. Бұл конфигурацияны өзгертуге болады.

Контроллер - бұл құрылғылар  СҚ басқару үшін қолданылады, әрбір СҚ-ның өзінің контроллері бар. Электрондық  контроллер–модульдері жеке платаларда жасалып жүйелік блок ішінде орналасады.  Мұндай платаларды   адаптер  деп атайды.  Микропроцессордан команда алғаннан кейін контроллер жеке жұмыс жасай бастайды, яғни микропроцессорды босатады. Контроллер екі типті регистрлерден тұрады:

  1. күй регистрлері (басқару)
  2. мәліметтер регистрлері.

Бұл регистрлерді көбінесе енгізу – шығару порттары деп атайды.  Әрбір порттың нөмірі – порт адресі бар.

М и к р о п р о ц  е с с о р . Микропроцессор (МП) құрамына:

  • орталық басқару құралы;
  • арифметико – логикалық құрылғы;
  • ішкі регистрлік жады;
  • кэш – жады
  • жүйелік шинаны басқару сызбалары, т.б. кіреді.

МП-дың негізгі атқаратын функциялары:

  • оперативті жадыдан командалар алу;
  • командаларды декодтау (яғни команданың мағынасын анықтау, орындалу әдісін, операциялар адрестерін анықтау);
  • командалар құрамында кодталған операцияларды анықтау;
  • өзінің ішкі регистрлері, оперативті жад мен СҚ, МП  мен оперативті жад арасындағы ақпараттар алмасу үрдістерін   басқару;
  • ішкі процессорлық және  программалық үзілістерді өңдеу;
  • СҚ – дан берілген сигналдарды өңдеу және сәйкес үзілістерді жүзеге  асыру;
  • компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғылар жұмысын басқару.

Программалаушының көзқарасынан МП әртүрлі регистрлер жинағы деп қарастырылады: команда  санақшысы регистрі, стекке сілтеу регистрі, күй (жалауша) регистрі , адрестер регистрі, регистр – аккумулятор, т.б. Кейбір МП-де барлық регистрлер  тең  мағыналы (РДР), ал кейбір машиналарда (Intel)  әрбір  регистр  ролі қатаң  анықталған. Микропроцессордың типі ДК-дің типін анықтайды. ДК-дің  барлық аппараттық бөліктерін және олардың  негізгі мінездемелерін қысқаша  көрсеттік, неғұрлым кең мағлұтматтар алуды мұндай сұрақтар кеңінен қарастырылған  әдебиеттерден өз бетінше зерттеуге  ұсынамыз.

Жүйелік программалық жасақтаманың негізгі  компоненті – ОЖ. ОЖ- компьютер мен  қолданушы арасындағы диалогты қалыптастыратын, компьютерді және оның ресурстарын  басқаратын (үйлестіретін) өзара байланысқан  жүйелік программалардың жиынтығы.

ОЖ-ден  ДК-дің жұмыс істеу сапасы, қолданушының жұмыс жасау икемділігі анақталады.

Қазіргі уақытта жүздеген ОЖ-лер құрастырылған. Олардың ішіндегі ең танымалдары - MS-DOS, Linux (Европада таралған), Unix (АҚШ-та таралған). Ең алғашқы ОЖ MS-DOS 1981 ж. Microsoft фирмасымен шығарылған.

Ресейде және біздің елімізде Windows операциялық  жүйесі кең таралған. Бұл ОЖ басқа  жүйелермен салыстырғанда тек өзінің интерфейсімен ғана емес (сыртқы түрі) және жұмыс істеу концепциясымен (тұжырымдамасымен) ерекшеленеді: Windows негізіне терезелік технология  тән - әрбір программа үшін мәліметтермен  амалдар орындауға арналған төртбұрышты  аймақ (терезе пайда болады).

Қазіргі уақытқа дейін  Windows ОЖ-нің келесі нұсқалары таралған: Windows 95, 98, 2000 (Millenium Edition), XP. Әрбір жаңа нұсқа алдыңғысын толықтырып, олардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Файлдық жүйе мен аппараттық құралдарды басқарудан басқа ОЖ-нің негізгі қызметтеріне мәліметтерді енгізу-шығару, командаларды өңдеу, қолданушы интерфейсін қалыптастыру жатады.

 

Көптеген компьютерлерде MS DOS пен көп терезелi WINDOWS операциялыј жүйелерiн падаланады.

Операциялық жүйе ЭЕМ-нiң бағдарламалық  құралдарының ажырамас бөлiгi болып саналады. әрбiр адамға ЭЕМ-нiң барлық құрылғыларын басқару мүмкiншiлiгiн беретiн, сол себептi басқа бағдарламаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босатын, компьютерде жұмыс iстегiсi келетiн әрбiр адамға өте қажет операциялық жүйенiң алатын орны ерекше.

Операциялық жүйе екi негiзгi қызметтi орындайды:

  1. Барлық қолданбалы және жүйелiк бағдарламалардың жұмыстарын қолдап, олардың бiр-бiрiмн және аппараттық жабдыјтармен байланыстарын қамтамасыз ету;
  2. әрбiр адамға ЭЕМ-дi жлпы басқару мүмкiншiлiгiн беру.

Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды: ЭЕМ-нiң

жадын бөлу, жұмыс кезiнде туындайтын әртүрлi оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелеренi қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, ақпараттарды сыртқы ортадан алу және беру т.б. Операциялық жүйе-нiң негiзгi ядросы машина iске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нiң жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшiн операциялыј жүйенiң командалық тiлi пайдаланылады, оның көмегiмен адам дискiнi белгiлеу, мәлiметтердi көшiру, кез келген бағдарламаны iске қосу, керектi жұмыс режимiн орнату сияқты әртүрлi әрекеттер орындайды.

Операциялық жүйе (ОЖ) – программалық құралдардың кешені, олар

  • ресурстарды (физикалық және логикалық) басқаруды, яғни  компьютерлердің барлық ақпараттық құралдарының үйлесімді жұмысын;
  • үрдістерді басқаруды, яғни программалардың орындалуын, олардың аппараттық құралдар, мәліметтермен әсерлесуін;
  • пайдаланушы интерфейсін, яғни пайдаланушының компьютермен диалогын жүзеге асыруды жасақтайды. Бұлар ОЖ-нің негізгі атқаратын қызметін анықтайды.

ЭЕМ (компьютер) физикалық ресурстары қатарына– оперативті жад, процессор, монитор, басу құралдары, магниттік және оптикалық дискілер, ал логикалық қатарына– программалар, файлдар, оқиғалар, т.с.с. жатады.

Үрдістер дегеніміз – сәйкес енгізілген программамен және ол қолданатын мәліметтермен анықталған қимылдардың белгілі бір тізбегі.

Операциялық жүйе – ең машиналық-тәуелді  программалық құралдар, сондықтан олар белгілі компьютер типтеріне  бағытталады. Қазіргі замнға дейін  ОЖ де ЭЕМ-дер дамуына сәйкес өзгерістерді бастан кешірген және көптеген әртипті  машиналар кластарына сәйкес түрлері  бар (OS/360, OS/370, OS/2, VMS/VAX, VNIX, LUNIX, MS-DOS, Windows 95, Windows NT, Windows XP, т.с.с.). Операциялық  жүйелерді жіктеуді бірнеше ірі  мінездемелерге байланысты қарастырайық (әдебиеттерде мұндай жіктеулердің әртүрлілері  ұсынылады): алдына қойған мақсаттарына, есептерді өңдеу режімдеріне, жүйемен  әсерлесу әдістеріне байланысты.

Мақсаттарына байланысты:

  • жалпы мақсаттағы;
  • арнайы мақсаттағы

операциялық жүйелер болып бөлінеді. Арнайы мақсаттағы ОЖ-ң келесі түрлері болады: тасымалданатын микрокомпьютерлерге және әртүрлі  ендірілген жүйелерге арналған, мәліметтер қорын ұйымдастыруға және жетелеуге  арналған, ақиқат уақыт режіміндегі  есептерге арналған, т.с.с.

Есептерді өңдеу режімдеріне байланысты:

  • бірпрограммалы (MS-DOS, MSX),
  • мультипрограммалы (OS/2, UNIX, Windows) режімдегі ОЖ.

Мультипрограммалы режімде бір процессорлы машинада  бір уақытта бірнеше программаның орындалуы жүзеге асырылады. Кейде  бұл жағдайда мультиесепті режім  туралы да айтылады, алайда мультипрограммалы  және мультиесепті режімдер синонимдер емес, жақын ұғымдар. Олардың негізгі  айырмашылықтары:

  • мультипрограммалы режімде бірнеше программалардың бір уақытта орындалуы жүйенің өзімен басқарылады;
  • мультиесепті режімде мұндай басқаруды программалаушының өзі жүзеге асыруы қажет.

Қазіргі дербес компьютерлерге арналған ОЖ жоғарыдағы екі режімді де қолдайды.

Есептеу жүйесімен диалогтық режімде әсерлесу мінездемелеріне байланысты:

  • бірпайдаланушылы (біртерминалды) (MS-DOS);
  • көппайдаланушылы (көптерминалды) (UNIX, Windows NT) ОЖ болып жіктеледі. Көппайдаланушылы ОЖ-де бір есептеу жүйесімен бір уақытта бірнеше пайдаланушылар өз терминалынан жұмыс атқаруына болады. Сондықтан көппайдаланушылы режім мультипрограммалы  режім болуын қажет етеді.

 

Windows XP желілік  операциялық жүйесі

Желілік мүмкіндіктер Windows XP операциялық жүйесінің  құрамына енгізілген, тек баптауды және активтендіруді қажет етеді.

Егер  компьютерде қандай да бір қызметтер  активті болса, онда оларға желінің  басқа компьютерлерінен кіру мүмкіндігін  алуға болады.

Операциялық жүйеге файлдарға ену қызметі  және баспаға шығару қызметі орнатылған.

Linux операциондық  жүйелері толығымен тегін, оған  қарамастан коды ашық және  азат операциондық жүйе.  Ubuntu-ні  тегін түрде поштамен алуға  болады және шексіз копютерлерге  орнатуға толық құқығыныз бар.

Бағалары  бойынша бұл екі поерациондық жүйелердің ішінен Linux-ті таңдағаны  жөн болуы әлдеқайда мәлім.

 

Екі операциондық жүйелерді орнату ешқандай қиындық  туғызбайды. Windows 7 мен Ubuntu 9.10 алсақ, оларды компьтерге орнату 10-15 минут алады. Алайда, Ubuntu-ға қосатын нәрсе, Live CD функциясы  арқылы оны компьтерге орнатпай-ақ тексеріп байқауға болады. Және тікілей Windows-тан орнтып шығаруға болады.

Сондықтан, екі операциондық жүйелерді орнатқан кезде Ubuntu Linux оңайлау және қолайлырақ екені түсінікті.

 

Операциондық  жүйлерінің қауіпсіздігі туралы айтсақ. 2007 жылы Symantec деректері бойынша Windows-қа 150 мың вирус арналған, ал Linux-қа сол  кезде 500-ақ вирус табылған. Дегенмен Windows-қа антивирус қойып, врустардан қорғануға болады. Бірақ ол үшін компьютердің рессурстары мен қосымша  ақша жұмсалады. Linux опрациондық жүйелерінің  коды ашық болғандықтан, кез-келген адам оны алып пректіге көмек көрсете  алады. Ал, вирус кіріп кеткен жағдайда кез-келген адам сол туралы мәлім  етіп бұл қатені жөндей алады. Сондықттан Linux операциондық жүйесі кез-келген қауіпті  уақытында жоя алады.

Windows пен  Linux операциондық жүйелердің конфигурацияларын  жеңіл өзгертіп жөндеуге болады. Алайда, Linux операциондық жүйенің  коды ашық болғандықтан алдымызда  үлкен мүмкіншіліктер пайда болады. Біз кез-келген нәрсені ұсақ-түйекке  дейін өзгертіп ала аламыз.

Компьютерге Windows-ты тек винчестерінде орната аламыз және ол тек сол комьютерде ғана ашылатындай етіп жасалған. Linux-та мүлдем олай емес. Оны кез-келген тасымалдаушыға жазып, компьтердің жабдықтарына тәуелсіз болғандықтан, кез-келген компьютерде  аша аламыз. Осылай көптеген қиындықтар жойылады.

Windows бағдарламалық  қамтамасыз етілуі бірер жылдар  бұрын Linux-тан алдында жүрді.  Себебі, бағдарламалардың басым-көпшілігі  Windows-қа арналп жазылған. Қазір  мұндай бағдрламалар Linux-қа да  арналып жазылуда, олай болмаса,  қиындықты шешетін Wine эммуляторы Windows-қа жазылған бағдарламалардың  көбісін  Linux-қа көшіреді. Windows-қа  жазылған бағдарламаларға лайықты,тегін  және ашық аналогтар бар. Мысалы,  Microsoft Office-қа Open Office, Photoshop-қа Gimp. Linux-қа қосатын тағы бір жағдай, пакеттер менеджері деген бағдарлама арқылы сіз оңай да, тез кез-келген бағдарламаны орната аласыз.

Windows-тың  соңғы шыққан бірнеше версияларының  интерфейстері бірі-бірінен ажырамайды. Стандартты пуск батырмасы, үлкен  жұмыс үстелі мен гаджеттар.  Ал, Linux болса, көптеген мүмкіншілік  ашады. Сіздің жұыс үстелінде  терезе көбейіп кетті ме,бірнеше  жұмыс үстелін қолданыныз, жұмыс  үстелдер менеджері арқылы сіз  көптеген жұмыс үстелдердің түрлерін, және өзініздің жұмыс үстелін  өзіңіз жасай аласыз. Бұған қоса, Linux-та 3d мүмкіншіліктері таң қалдырады. 

Windows жаңа  версиялары шығаруыменен компьтердің  жабдықтарының қуаттандырылуын  қажет етеді. Өзіңізді Windows-пен  бірге жаңа компютерлік жабдықтарды  сатып алуға мәжбүрлемей, Linux операциондық  жүйені орнатыныз. 

Әрине, Linux сіздің компьютерініздің қуатын арттыра алмайды, бірақ күнделікті жасайтын мәтінді  теру, интернет, пошта жіберу сізге  ешқандай қиындық туғызбайды.

     ОЖ – компьютер (оның құраушылары) мен программалар арасындағы буфер-таратқыш.

 

Операциондық  жүйе тағайындалуы

ОЖ міндеті:

  1. Программалардан сигнал-командаларды қабылдап, оларды екілік кодтың машиналық тіліне «аударады»
  2. Компьютерге қосылған барлық құрылғыларды оларға басқа программалардың қатынауын қамтамасыз етіп басқарады
  3. Пайдаланушының компьютермен жұмысын қолайлы етеді

ОЖ міндетті үш бөліктен тұрады:

  1. Ядро, командалық интерпретатор (программалық тілден машиналық кодтар тіліне аударады)
  2. Драйверлер деп аталатын компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаратын арнайы программалар. Мұнда ОЖ-ның өзімен және оның құрамына кіретін программалармен қолданылатын «жүйелік библиотекалар» кіреді.
  3. Интерфейс – пайдаланушы қатынасатын қабық

Операциондық жүйелер функциялары

Операциондық жүйе (ОЖ) пайдаланушыға компьютермен тұтас жүйе ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйелік және қызметтік программалық құралдар жиынтығы болып табылады. Бір жағынан ОЖ компьютердің базалық программалық қамтылуына, оның жүйесіне кіретін BIOS-қа (енгізу/шығару базалық жүйесі) тірелсе, екінші жақтан ол қолданбалы және қызметтік программалардың (қосымшалардың) программалық қамтылуы үшін тірек болып табылады. Осы ОЖ басқаруымен жұмыс істеуге арналған программаларды операциондық жүйенің қосымшалары деп атау қабылданған.

ОЖ-да пайдаланушы мен компьютердің программалық-аппараттық құралдары  арасындағы интерфейстің (пайдаланушы  интерфейсі) қалай жүзеге асырылғанына қарай графикалық емес және графикалық операциондық жүйелерді айырады. Графикалық емес операциондық жүйелер командалық жол интерфейсін қолданады, мұнда  басқарушы командалар мәтіндік түрде  командалық жол өрісіне енгізіледі. Бұл жерде басқарудың негізгі  құрылғысы пернетақта болып табылады. IBM PC-мен сыйысатын компьютерлер үшін бұндай ОЖ-ға MS-DOS тектес операциондық жүйелер жатады.

Графикалық операциондық жүйелер  басқару органы ретінде пернетақтамен  қоса тышқанды немесе осы тәрізді  позиционирлеу құрылғыларын қолданады. Басқару элементі ретінде тышқан нұсқағышы алынады, нұсқағыгтың  экранда жылжуы тышқанның жылжуымен  синхрондалған. IBM PC-мен сыйысатын компьютерлер үшін бұндай ОЖ-ға Microsoft Windows тектес операциондық жүйелер жатады.

Операциондық жүйелердің қосымша  функциялары. Оларға компьютерлік желілерде жұмыс істеуді, санкционирленбеген қатынаудан мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету, т.б. жатады. Сонымен қатар қазіргі ОЖ құрамына қарапайым есептерді шешуге арналған қолданбалы программалық қамтылудың минималды жиынтығы кіреді: мәтіндік құжаттарды, суреттерді, дыбыс жазуларды редактрлеу, математикалық есептеулерді орындау, күнделік жүргізу және т.б.

 

Операциялық жүйенің классификациясы.

ОЖ бірмақсатты  және көпмақсатты болып бөлінеді.

Бірмақсатты ОЖ (DOS – Disk Operating System) бір уақытта  бір ғана тапсырма орындай алады.

Көпмақсатты ОЖ (Windows 98/ME) бірден бірнеше тапсырмаларды  олардың арасында компьютердің қуатын бөле отырып орындайды.

Тапсырмалар саны процессордың қуатымен және жедел  жадының сыйымдылығымен шектеледі.

ОЖ бірпайдаланушылық (бір клиентке қызмет көрсетуге арналған ) және көппайдаланушылық (бір уақытта  пайдаланушылар тобымен жұмыс істеуге  арналған) болады. Бірпайдаланушылық  ОЖ-ға мысалы ретінде Windows 98/ME, ал көппайдаланушылық  ОЖ-ға - Windows NT/2000 келтіруге болады.

ОЖ разрядтылығы (16-разрядты, 32-разрядты, 64-разрядты).

ОЖ мамандануы – ОЖ-ның біреуіне лайықты.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы айтқанда, «нейрокомпьютер» терминінің астында есептеуіштердің кең  класы жатыр. Бұл кез-келген нейрожелілік алгоритмнің (биологиялық нейронның  моделінен бастап бейнелерді тану жүйелеріне дейін) аппараттық жүзеге асырылуын  есептеуге формалды түрде нейрокомпьютер деп есептеуге болатындығынан. 

Қазіргі уақыттағы технология жалпыға  арналған нейрокомпьютерлер (әрі жасанды  зерде болып табылатын) туралы айтуға болатындай даму деңгейіне жеткен жоқ. Салмақтық коэффициенттері тұрақты  жүйелер – нейрожелілік топтың бір  ғана саланың есептерін шешуге арналған түрі. Осылайша нейрокомпьютерлерді  құру – бұл нейрондық желілердің барлық элементтерінің аппараттық жүзеге асыру жолында әрқашан терең  зерттеу жүргізу деген сөз.

21 ғасырдың басында, 40-50 жылдармен  салыстырғанда нейрокомпьютерлерді  жасауды үйренуге, яғни параллелді  әрекет ететін нейрондарды аппараттық  жүзеге асыруға деген қажеттілік  жоғарырақ. 
Ұзақ уақыт бойы нейрокомпьютерлер шешу алгоритміне шынайы тәжірибелік материалдармен оқыту үрдісін қосу қажеттілігімен байланысты, формализацияланбайтын немесе нашар формализацияланатын есептерді шешуге тиімді деп есептеліп келді. Бірінші кезекте мұндай есептерге функцияның жеке түрінің аппроксимациясы есебі, яғни бейнелерді тану есебі жатады. Қазіргі кезде бұл классқа тәжірибелік материалдармен оқытуды талап етпейтін, бірақ нейрожелілік логикалық базисте жақсы келтірілетін есептер класы қосылады. Оларға сигналдарды өңдеудің табиғи параллелизмі айқын бейнеленген есептер, суреттерді өңдеу есептері т.б. жатады.  
Болашақта нейрокомпьютерлердің басқа архитектураларға қарағанда тиімдірек болады деген көзқарасты растау ретінде соңғы жылдары логикалық нейрожелілік базисте шешілетін жалпы математикалық есептер классының кенеттен кеңеюін айтуға болады.

Бүгінгі таңдағы маңызды есептердің бірі — сөйлеуді тану есебі болып  табылады. Сөйлеуді тану қазір көп  жерлерде кеңінен қолданыс табуда.  
Процессордың ана тілімізде айтылған бұйрықты түсініп, оны бұлжытпай орындаса, құба-құп болатыны анық. Бұл мақсатқа жетудің ең тиімді жолы – нейрондық желілерді аппараттық жүзеге асыратын процессорлар.  

 

Қолданылған әдебиттер тізімі

 
 
1. АЯ.Соловьева. «Электронные вычислительные машины». — М.: Высшая школа, 1987. 
2. А.В. Богданов, Е.Н. Станкова, В.В. Мареев, В.В. Корхов. «Архитектуры и топологии многопроцессорных вычислительных систем». Курс лекций. Информационный портал «Интернет-университет информационных технологий».  
3. Кун С. «Матричные процессоры на СБИС»: Пер. с англ. 1991. 672 с. 
4. С. Пахомов. «ДНК-логика как основа биокомпьютера». Электронный журнал «КомпьютерПресс» №1, 2007.  
5. П.И. Соснин, О.Г. Канаев, А.И. Афанасьев «Процессоры обработки нечеткой информации». — Саратов: Из-во Саратовского университета, 1988. — 76 с. 
6. Ю. Борисов, В. Кашкаров, С. Сорокин. «Нейросетевые методы обработки информации и средства их программно-аппаратной поддержки». Электронный журнал «Открытые системы», №04, 17/04/1997  
7. А.Б. Барский. «Логические нейронные сети»: учеб. пособие. М.: Интернет-Университет Информационных Технологий; БИНОМ. Лаборатория знаний, 2007. — 352 с.

8. Гордеев А. В. Операционные системы. Санкт-Петербург: Питер, 2006. – 416 с.

9. Дейтел Х. М. Операционные системы. – М.: Финансы и статистика, 1984.

10. Maurice J. Bach, The design of the UNIX operating system. Prentice-Hall, Englewood Cliffs: New Jersey, 1986, - 356 p.

11. Олифер Н.А.  Олифер В.Г. Сетевые операционные системы.  Санкт Петербург:Питер, 2001. – 544 с.

12. Тревеннор А. Операционные системы малых ЭВМ / Пер. c англ. А. Г. Васильева. –М.: Финансы и статистика, 1987. - 188 с.

13. Балақаева Г. Операциялық жүйелер Алматы 2004. – 58 б.


Операциондық жүйе архитектурасына шолу. 3