Оралмандармен әлеуметтік жұмыс

КІРІСПЕ

 

           1. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті.

Курстық жұмысының мақсаты:

    • Қазақ диасорасының әлеуметтік ортасын зерттеу;
    • Еліміздегі жүргізіліп жатқан репатиациялау үрдісін зерделеп, зерттеу;
    • Оралмандар елімізге келгенде тап болатын әлеуметтік мәселелері анықтау және әлеуметтанушылық шешу методикасын көрсету;
    • Көші-қон саясатын талдау жасап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну;
    • Оралмандардың қоғамдағы әлеуметтік рөлі мен әлеуметтік топ екенін анықтау;
    • Көші-қон саласындағы корропцияға жол бермеу және жою.

Курстық жұмысының міндеттері:

    • Оралмандар туралы толық ақпараттар жинау, оның ішінде БАҚ-нан, ҚР заңдары мен заңдық актілерін, оралмандар мәселесімен айналысып жүрген ғалымдардың еңбектерін қарау;
    • Көші-қон саясатының бағытын қарастыру;
    • Жиналған мәліметтер нәтижесінде оралмандардың қазіргі жағдайына баға беру, проблемаларын ашып көрсету;
    • Оралмандарды әлеуметтанушы ретінде сараптау;
    • Мемлекеттің оралмандарға арналған әлеуметтік саясатына, істелген жұмыстарын сараптау, кемшіліктерін анықтау;
    • Қазақстандағы репатриация үрдісінің болашағына бағдар беру.

          Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын елдердегі қазақ диаспорасын ерекше көңіл бөлінуде. Кезінде әр түрле себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» атауда берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриат» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының 30-35 пайызы  өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүруде.  Қазіргі таңда әлемдегі  қазақтардың 7-8 пайызы  тарихи Отанына оралды. Яғни оралмандар еліміздегі үлкен әлеуметтік топты құрады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі демографиясының дамуына, демографиялық қауіптен шығудың амалы тек  оралмандар арқылы шешіліп жатыр.

       2. Курстық жұмыстың өзекті мәселесі.  Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа жолдауында – « Біз оралмандарды арнаулы орталықтарда алдын ала дайындау, қоғамызға бейімдеу мен кіріктіру үшін жағдай туғызуға  көбірек зер салуымыз керек. Басқа елдер сияқты кәсіпке баулап, тіл үйретсек, олар жаңа жағдайға тезірек бейімделетін болады» халыққа нұсқау беруі оралмандардың мәселесін түбегейлі шешуге бет бұратын уақыттың келгенін және бұл мәселенің өзекті болып отырғанын білдірсе керек.

Оралмандарды елге көшірудің  ең басты мақсаты халқымыздың  демографиялық жағдайын жақсарту және депопулизациядан құтылу болып отыр. Алайда елге оралған қазақтарды әлеуметтік жағдайының, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің  көңілі толмайтыны белгілі, олардың күнкөрістері және баспана, жер, азаматтық алу, оқу, жерсініп кетуі т.б. проблемаларын жетерлік.

Әлемде 13 млн-дай қазақ  болса, соның 8млн жарымы Қазақстанда  тұрады. Сонда әрбір үшінші қазақ  өз елінен тыс жерде өмір сүруде. Ирреденттер (қазақтар) бірқатары өзінің ата-бабасының тарихи жерінде отыр, бірақ шекара сызығын бөліскен кезде басқа мемлекеттің азаматы болып шыға келді. Кейбірі қазақ тарихиндағы қасірітінің қиыншылығынан, саяси қудалаудан еріксіз отандарын тастап кетуге мәжбүр болғандар. Осындай күрделі қиын заманда басынан өтікізген босқындардың ұрпақтары елдің тәуелсіздігінің сыйы ретінде ұрпақтары отанға оралуда.

Қазақтар дүниежүзінің 40-тан астам елінде, басым көпшілігі  Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде  тұрады. 2005 жылы 25 қыркүйекте Астанада болған дүниежүзілік қазақтардың құрылтайында  шет елдегі қазақтардың саны туралы деректер келтірді: «Өзбекстанда 967200, Қытайда 1258500, Ресейде 687800, Түркіменстанда 87000, Монғолияда 83000, Қырғызстанда 42000, Түркия 20000, Ауғанстанда 28000, Украина 10500, Тәжікстанда 10000, Әжірбайжанда 4000, Иранда 3450, Грузияда 3000, Латвияда 1000, Литва 800, Германия 700, Эстония 700, Жапонияда 40, Бельгияда 28, Францияда 172 отбасы, АҚШ 23 отбасы,» 

Осы ұлттық көші-қон мәселесі күні бүгінге дейін еліміздің өзекті проблемасының бірі болып келеді. 90 жылдары ұлттық саяси демографиясы оралмандармен шешеміздеп мемлекетіміз әлеуметтік мәселеге тап болды.

Он алты  жыл уақыттың өзі көші-қон барысындағы жетістіктерімен, бастан кешірген қиындықтарға және жіберген олқылықтарға толы кезең болып отыр. Көші-қон саясаты мен көші-қон тәжірибесі елімізде жинақталмағандығы көші-қон мәселесін күрделендіріп жатыр. Қазіргі таңда  әлемде тұратын қазақтардың 7-8%-ы ғана көшіп келді. Онда бұл көштің басы болса, ендігі көш бағыт қалай жүретінгігін анықтау мәселесі күн тәртібінде тұр.

         3. Методалогиялық негіздері. Мемлекеттік көші-қон саясатын немқұрайлы жүргізілген салдарынан бүгінгі күні үлкен мәселеге айналып отыр. Қайталанған көші-қон үрдісі (немесе басқа облысқа, ауданға көшу) оралмандар арасында жиі кездесетін жағдай. Зерттеулерге сүйенсек, оралмандардың 24%-і тұрған жерлерін ең азы 3 рет көбі 10 рет өзгерткен. Қайталанған көші-қон үрдісі әсіресе ауылдық жерде қоныстанған оралмандар арасында жиі кездеді. Оралмандарды нақты бір жерге қоныстандыру қоныстарын қайта – қайта өзгертуге жол бермеу.

Сонымен қатар ескі жүйенің  сан жылдар қалыптасқан бұғауынан  шығу, экономикадағы өтпелі кезеңнің құлдырау мен дағдарыстан шығып, келесі бір даму сатыға көтерілуде. Шеттегі қазақ диаспораларының мәдени және әлеуметтік даму деңгейі біршама басқашалау. Қоныстандырудың мәдени-әлеуметтік тәсілін еске ала отырып, мемлекеттік стратегиялық жоспарды мақсат етіп еліміздегі маңызды елді-мекендерге қоныстандыруды қазіргі күні талап етіп отырған мәселенің бірі. Осы проблеманы шешу жолы тек мемлекеттің қатысуымен ғана шешімін таппақ.

«Халықтық көші-қон туралы»  Заңын , ұлттық көші-қон саласына негіздеп саяси әлеуметтік көші-қон бағыттарынының функиясын нақтылап жетілдіруді мәселесі сұранысқа ие болып тұр.

       Миргациялық процестерді тиімді түрде реттеуді, ел ішінде басқаруды, дұрыс қоныстандыруды талап етеді. Онсыз Қазақстанның толық дәрежедегі мемлекет болып қалыптасуына кесерін тигізері анық. Сондықтан да бұл бағытта бізге тек миграциялық заңмен реттеу функциясын жасау маңызды.

          4. Зерттеу заты: Тарихи отанына оралған қазақтардың бүгінгі және ертеңгі жағдайлары қандай болу керек. Оларды ортаға қалай сіңдіру мәселесіде ойландырмай қоймайды. «Оралман» деген атауды ұрпақтан ұрпаққа жалғастырмау. Қоғамдық психологияны дұрыс бағытқа бұру.

Қазақтың жерінде қазақтың демографиялық үлесінің азшылығы, осы  мәселені оралмандармен толтыру. Және бүгінгі, ертеңгі қазақтың мәселесін  шешу  жолдарын талдау.

  1. Зерттеу нысаны: Оралмандардың әлеуметтік мәселесі болып табылады.

          Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазіргі кезде оралмандар мәселесін нақты баға беріп, және репатриация процесінің жүруін зерттеу әлі тиісті деңгейде қолға алынбай отыр, дегенмен аталған тақырыпта бірқатар ғалымдардың зерттеулері мен жұмыстары бар. Мәселен, ғалым Мақаш Тәтімовтың  «Дербестігіміз демография» атты еңбегі оралмандар туралы жақсы тәппіштеп жазған. Философия және саясаттану институтының ғалымдары ұсынған «Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі» атты шығармада өте керемет зерделеп, шетелдегі қазақтардың болағашы және оларды қалай сақтау туралы концепциялар қадап айтылған. Мейіржанов С.Т. «Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат» деген туындысында, еліміздегі көші-қон процестеріне көп тоқталған.  Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы ұсынған «Әлемдегі қазақтар Астанада бас қосты» бұл кітапта екі жақты қарастырылған. Шетелдегі қазақтар мен оралмандардың әлеуметтік мәселесін шешу жолдарын министрліктермен бірге талдайды. Зардыхан Қинаятұлының «Оралмандар олардың азаматтық құқығын қамтамасыз етудің бүгінгі жай-күйі» туралы мақаласына шолу жасалды. Сонымен қатар еліміздегі барлық аймақтарда тұратын оралмандар арасына жүргізілген әлеуметтік зерттеулерде ескерілді. Мәселен «Оралмандар: қазіргі жағдайы, проблемалар және перспекивалары», атты зерттеу жасаған Әлеуметтік зеттеу орталықының да жұмыстары қаралды. Сонымен қоса еліміздегі мерзімді басылымдардағы көші-қон және оралмандар мәселесі туралы мақаларға шолу жасалды. ҚР-ң заңдары, Президент Жарлықтары, Үкімет Қауылдары, «Халықтық көші-қон туралы» Заң пайдаланды. Және оралмандарға қатысты нормативтік-құқықтарға да шолу жасалды.

          Курстық жұмысынан күтілетін нәтиже:

  1. Оралмандардың нақты мәселелерін анықтау;
  2. Зерттеу әдістерін көрсету;
  3. Мемлекеттің көші-қон саласындағы кемшіліктерді анықтау;
  4. Болашақ көші-қон мәселесін зерделеп, шешу жолдарына бағыт беру;
  5. Отанға келген қазақтарға моральды жағынан көмек беру;
  6. Құқықтық, психологиялық қолдау жасау және ҚР-ң толыққанды азаматы ретінде қалыптастыру.

 Осы мәселелерге байланысты оралмандарға мемлекет тарапынан жасап  жатқан әлеуметтік көмектер бар. Бірақ та сол көмектері күрделі процестерге толы және  кемшіліктер жетерлік. Осы кемшіліктерге жол бермеу және оны жою мақсатында пайдаланғанымыз дұрыс деп санаймын.

    • Шетел қазақтарын сыртқы саяси мақсатқа қолдану;
    • Азаматтық алудағы көп  құжаттардың санын азайту;
    • Тұрақты тіркеуді талап етпеу;
    • Баспанамен қамтамас ету;
    • Үй салуға жер тілімдерін беру;
    • Шағын кәсіпкерлікті қолдау;
    • Несие беру;
    • Оралмандарға бөлінген 2 пайыз грантты  10 пайызға көтеру ;
    • Бейімдеу орталықтарында ағарту саласында ілім беру;
    • Осы сияқты т.б проблемаларды жоспарлы түрде шешуді қажет етеді.

             Курстық жұмысының жаңалығы: Қазақстандағы  қазақ көші-қон саяси процесін ғылыми деңгейде тәппіштеп, репатриаттарды әлеуметтанушы тұрғысынан  анықталды. Оралып келген қазақтарға әлеуметтік-мәдени баға беріп, оның шешу жолдары көрсетілді.

         Назарға ұсынылып отырған Курстық жұмысы оралмандармен әлеуметтік зерттеу жүргізу жөнінде арналып жазылды. Жұмыс кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Сілтеме мен пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралмандарды  бейімдеу орталықтары мен ортаның  негізгі рөлдері

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  айтқандай, «...қазақ үшін, бір елден бір елге көшу тұрмақ, бір ауылдан бір ауылға көшудің өзі қиын. Оның үстіне, шеттегі қазақтардың өскен ортасы, алған тәрбиесі мүлден өзгеше... ».    Неміс ғалымы Отто Бауэр өзінің «Ұлт мәселесі және социал-демократия» атты еңбегінде «Ұлт дегеніміз – ортақ тағдыр, генетикалық және мәдени мұра негізінде қалыптасқан мінездің ортақтығы», -дейді. Оның ойынша мәдениет пен өркениетдің дамуымен бірге ұлттық қасиеттер нығайып, ұлттық сана-сезім тереңдей түседі.

 Әлеуметтік бейімделу  қазақ диаспорасының бір бөлігі ретінде көптеген оралмандар қазақ мәдениетінің әр түрлі аспектілерін, әдет-ғұрпын сақтап қалған. Мұндай жағдай мәдени бейімделуге жақсы жақтарымен қатар, кедергі де болады. Осыған байланысты екі жағдайды байқауға болады: қай елден көшіп келді және қандай облысқа қоныстандырылды. Бұл жағдайды Оңтүстік Қазақстан облысы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау) бойынша байқауға болады, бұл облыстарда қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпы жақсы сақталған. Бұл облыстарда оралмандардың әлеуметтік-мәдени бейімделуі солтүстік пен орталық өңірлерге қарағанда жеңілдірек өтеді. Оралмандар солтүстік және орталық облыстарда интеграциялау барысында көптеген қиыншылықтармен кездеседі бері, кеңес одағы кезінде қазақ мәдениеті бұл облыстарда басқа мәдени және этникалық топтардың ықпалында қалды. Бұл өңірлерде орыс тілі, орыс мәдениеті басым болғандықтан, ол жерде тұратын оралмандардың жергілікті жағдайға бейімделуі қиындауы мүмкін.

Әлемдегі  қазақтардың  бір тарихи түбірі болса да, олардың  мәдениеті мен тұрмысында сәл өзгешіліктер бар. Мұның себебі, оралмандар қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен өмір сүру қағидатын сақтап қалса, (Қытай) Қазақстандағы қазақтар кеңес кезеңіндегі әр түрлі өзгерістердің, тәуелсіздік алған кезден бастап  нарықтық экономикаға өту кезіндегі өзгерістердің ықпалына бейімделіп қалды. Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттерінен көшіп келген қазақтар дінге өте жақын болады.

2007. 18 сәуірде  мәжіліс  депудаттары  «Халықтың көші-қоны туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар еңгізді. Осы өзгертулер мен толықтырулардың негізінде оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру бабан енгізді. Осы заң жобасы сенат депудаттарының қарауына ұсынылды. Бұл заң жобасында оралмандар мен үкімет арасында заңды құқықтарды анықтаған және 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттен оралмандарды бейімдеу орталықтарын құру үшін 633,1 млн. теңген бөлуді қарастырды.

Бейімдеу орталықтары  алғашқы қазақ көшінің басында  болған. Еліміздегі  экономикалық күйзеліс кезінде бұл орталықтар жойылып  кеттік. Бейімдеу орталықтары әлде кімдердің жекеменшігіне өтіп кеткен. Тек Павлодар қаласында сақталып қалды. Қазірде бұл орталық жұмысын жалғастыруда. Осы орталық талай оралмандарға баспана және әлеуметтік-ағарту мәселесіне көмектесті. Ал облыс орталығындағы бейімдеу орталықтарына төрт бөлмеле пәтерлер бөлінген. Егер халықаралық стандарттарға  сай «бейімдеу орталықтарын» салатын болсақ, оның сметалдық құны 200 миллион теңгеден асып кетеді. Қазір сол деңгейде әр облысқа орталық салуға ақша жоқ.

Бірақ бейімдеу орталығы тәжірибесі Ресейде болған. Бірақ ол да нақты үмітті ақтамады.

Ендігі ашылатын орталықтары  оралмандарды орыс тілін үйретуге негізделген. Мәселен, Германия, Израиль, Ресей мемлекеттерінде  өз мемлекеттік тілі тұрып,  көшіп  келген оралмандарын өзге тілде туралы мәселесі болған емес. Бейімдеу орталықтары Германия мен Израильде әлі күнге дейін жұмыс істейді. Бұл орталық шетелден келген репартиаттарды 6 айдан 1 жыл аралығында өмір сүруі мен сол елдің қоғамдық заңдылықтарын, заңды құқықтарын, мәдени-этикаларын, мемлекеттік тілін үйретеді. Сонымен қатар кәсіптік мамандандыру және оқыту процестері осы орталықтардың міндеті болып табылады. Германия мен Израильдегі репатриаттар біздегі репатриаттардан айырмашылығы өте көп. Себебі немістер мен еврейлер өздерінің ана тілін мүлдем білмейді. Сондықтан оларға бейімдеу орталықтары өте қажет етеді. Тіл білмеуі, жазу жаза алмауы (немісше, евейше)  өзекті проблема болып жатыр. Неміс диаспораларының тарихи отандарына барғанда өте күрделі мәселеге тап болды. Сондықтан да олар қайта көшуге мәжбүр болады. Тіпті, қоғамдық пікірлер теріс, яғни «сатқындар» деген көзқараспен қарайды. Қоғамда оларды екінші сорттың адамы ретінде қарау мәселе болды. Өркениетті дамыған қоғамның  әлеуметтік модерниза-циясына сәйкес келмеуі қиыншылық тудыруда. Біздегі оралмандар ондай қиыншылық жоқ. Дегенмен де өзекті мәселелер баршылық. Қазіргі таңда оралмандар арнайы бейімделу орталықтарысыз қоғамдық ортада бейімделіп кетіп жатыр. Тәуелсіздік алған соң, елімізде саяси және әлеуметтік  өзгерістер болып жатыр. Біздің жүйе нарықтық және ақпараттық қоғам жасау негізінде бағыт алған. Осы өзгерістер қазақ қоғамын жаңа замандық мобилизацияға бейімделуін талап етіп тұр. Сондықтан қазақстандық қоғамды нарықтық негізінде жасау мемлекеттің басты мақсаты. Арпалысып жатқан, өткен кеңес замандағы қоғамдық психологияны өзгертуде тек Қазақстанда тұратын қазақтармен қоса шетелдегі қазақтарды көшіріп әкеліп, бір уақытта жасаса өте тиімді болар еді. Сондықтан оралмандарды қазақстандық қоғамдық өзгерістер-ден қалыс қалдыруға болмайды.Ауыл шаруашылығына адам күші жетпеді. Қазақ көшінің басталуы- Монғал жерінен 10 мың отбасы қазақ жеріен шақырып алудан басталды. Олардың басым көпшілігі жаңа ортаға бейімделіп кетті.

 «Халықтың көші-қоны  туралы» заңға және де басқа  заң актілеріне сәйкес, оралмандарға көшіп келген соң міндетті түрде «уақытша үй» берілуі керек немесе бейімделу орталықтарына орналастыруы қажет деп көрсетілген. 2004 жылы ХКҰ (Халқаралық көші-қон ұйымы) жүргізген мониторинг мұндай орталықтардың өз мақсаттарын орындамайтынын көрсетті. Көбінесе оралмандар мұндай орталықтардың бар екендігінен хабардарсыз. Қандай көмек көрсетілуі керек екендігі немесе қалай орналасуға болатындығы туралы ешқандай қағидаттар жоқ. Мұндай орталықтарда уақыт шеңберінде шектеулер қойылған (20 күн), бірақ кейбір оралмандарға мұндай орталықтар тұрақты мекен жайға айналды.

Оралмандардың мәдени - әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін тағы бір жағдай, оралмандардың өмір сүру сипаты, дінге деген көзқарасының ерекшелігі. Ауғанстаннан және Ираннан келген оралмандар әсіресе киім киюінде, отбасылық қарым-қатынаста нақты көрініп тұрады. Әйел оралмандар, әсіресе оңтүстік өңірлерде мойынды жауып тұратын көйлек киеді, оның үстіне жакет киіп, бастарына орамал тартады. Түркіменстаннан, Ираннан және Ауғанстаннан келген оралман әйелдер жергілікті қазақ әйелдерінің киімін өте ашық, инабатсыз, сыпайы емес деп санайды. Оралман ерлердің де көзқарасы осындай. Иран мен Пәкістаннан келгендер (әсіресе жасы келгендер) сәлде киеді. Оралмандар мен жергілікті халықтың күнделікті өмірінде де көп ашырмағылық жоқ. Көптеген орламандар жиһаз сатып алмайды, олар өздері қолдан жасап алады. Қолдан құрап жасалған көрпені, түскиіз, жастықтарды және сырмақтарды қолданады. Қоғамдық өзара қатынастардың әсерінен тұрмыстық заттарды басқаша жасаудық  амалдарын тапты. Қазір Монғолиядан келген қазақтар үй жиһаздарын қазіргі заман талабымен өндіруде. Айта кетсек, диван, ас үй жабтықтары т.б.

Оралмандарды қоғамдық ортаға  бейімдеудің механизмдері әлеуметтік институттар болып табылады. Мәселен, мектеп, ЖОО-ны, жұмыс орындары негіз болады.

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралмандарды  тіл жағынан бейімделуі.

 

 Тіл қарым қатынастың негізі болып табылады, сондықтан да тіл интеграциясына айрықша көңіл бөлінеді. Мигранттардың көшіп келген елдің тілін білуі, олардың еңбек, әлеуметтік мәдени өмірге интеграциялануының негізгі индикаторы болып табылады. Мигранттарды қабылдайтын барлық елдер интеграция бағдарламаларында тіл жағынан бейімделуіне аса көңіл бөледі, бірақ әр ел тілді игеруге берілетін көмектің көлемін өздерінше анықтайды. Қазақ ұлты Қазақстанға көшіп келуінің бірінші себебі қазақ тілін, мәдениетін, тарихи отанының әдет-ғұрпын сақтап қалу, балаларының келешегін қамтамасыз ету. Көшіп келген соң оралмандар орыс тілінің күнделікті қолдану қиыншылықтарымен кездеседі. Орыс тілі қарым - қатынаста негізгі тіл болғандықтан, оралмандардың еңбек нарығында интеграциялануы, орыс тілін білмеу салдарынан көптеген қиындақтарға тап болуда. Мәселен Қытайда тұратын ханзу ұлты гегеорафиялық аймақтарына байланысты тіл ерекшеліктері бар, тіпті Батысы мен Шығысыда тұратын ханзулар өзара тілдік қарым-қатынасқа түсе алмайды. Себебі түсенбейді. Монғолдар арасында тілдік диалектінің көптігінен өзара тілдік қарым –қатынаста бару өте қиын. Бұндай факторлар әлемде көп кездеседі. Қазақтар арасында  диалектілер болғанмен ханзу ұлтындай тілмашсыз тілдік қатынасқа түсе алды. Тек оралмандар өзі тұрған жерінен алып келген, өзге ұлттардың тілі тілдік қатынаста кейбір жағдайда кедергілер жасауда. Негізгі себептер қазақ тіліндегі терминдердің ертеректе жасалмауына туындап отыр. Көбінесе техникалық атауларды өзге тілде ату қатынасы бар. Жергілікті қазақтар мен оралмандар арасында кей жағдайда тілдік түсінбеушіліктер болып тұрады. Жергілікті қазақтар орыс тілінің қорын қосып сөйлеуіде тілдік қатынасқа әсер етпей қоймайды.

Жалпы қазақ  даласындағы тілдік ерекшеліктер бар. Қазақстан терри-ториясына жапсарлас  территорияда тұратын шетел қазақтарында тілдік ерекшеліктер жоқ. Басында айтып  өткендей оралмандарды бейімдеудің  ең тиімді тәсілі, тарихи шежірені еске ала отырып бейімдеу нақты нәтиже береді. Мәселен проблеманы шешуде рулық қатынастарды қолданған абзал болар еді. Руына, жүзіне қарай шетелдегі қазақтарды еліміздегі қоныстандырсақ, оралмандар мен жергілікті қазақтар арасында үзілген мәдени қатынастар қайта жалғасын табар еді. Ортаға оралмандар әп-сәтте сіңісіп кетер еді. Жалпы қазақ халқы туысқандық қатынасты өте жоғары қойған. Осы қатынасты оралмандарға қатысты әлеуметтік бейімдеу процесінде пайдаланған жөн.

Бұл жерде  айта кететін жайт, қазір әлемде  үш қазақ алфавиті қолданылады; Қазақстанда, Монғолияда, Ресей мен басқа ТМД елдерінде кириллица, Түкия мен Батыс Еуропада латиница, Қытайда, Иран мен Пәкістанда ескі қазақ алфавиті (төтеше жазу). Осының нәтижесінде Қытайдан, Ираннан, Пәкістаннан, Ауғанстан мен Түкиядан келген оралмандар толық кириллица жазуындағы  қазақ тілін оқи алмайды, сондықтан да келе салысымен орыс  тілін білмеушілікке байланысты қиыншылықтарға кездеседі. Кейде ең қажетті істерді, мысалы, оралман статусын алуға құжаттарын толтыра алмайды. Осы қиыншылықтарға байланысты оралмандарға тілді меңгеру курстары ұйымдастырылмайды. Мемлекеттік бағдарламалар жоқ болғанымен, кейбір мектептер мен ЖОО өздері орыс тілі мен қазақ тілі курстарын ұйымдастырады. Елімізде орыс импералистік ықпалы үстем болып тұрғанда. Қазақстанда орыс тілінің қолдануы кең мемлекеттік статусы бар. Қазақ Елінде қазақ тілінің төмен мәртебесі тарихи отандарына оралған қазақтарға айтарлықтай әсер етіп отыр. Қазақтар қазақ тілін білмей, бір-бірімен аудармашылар арқылы қатынысқа түсуі ұлттық мәселе екені анық. Тіпті құзырлы органдардың өзі түшкіріп қарамайтынына қарағанда қазақтілділердің  қандай дәрежеде қалыпқалғанын көруге болады.

Кейбір қоғамдық пікірлерге назар аударсақ, оралмандар орыс тілін  білмейді сондықтан олар еліміздің дамуына кедергілер жасауда деген пікірлер кездесіп жатады. Бұдай пікірдің қайнар көзі,. «Біз қашан орыс тілін кез үйренсек соғырлым жылжам дамимыз» -деген 1952-1960 жылдар аралығында кеңес үкіметін басқарған Хрущевтың ұрандары еді. Хрущевтың  жалған ұрандары қоғамдық психологияда сіңісті болып қалған. Өкінішке орай, одақ ыдырағынмен, кеңестік азаматтық сана бірқатар адамдардың жадында өшкен жоқ. Оны көтеген социолгоиялық зерттеулерде дәлелдеп отыр. Кеңестік сананы аңсайтындар әсіресе Қазақстан көп. Ал тілсіз - ұлт, ұлтсыз - тіл болмайтыны белгілі. Орыс тілінде басымырақ сөйлейтін, орыстана бастаған қазақстандық қоғам орыс тілінді Қазақстан болуы дайын-ақ тұр.

 Қазақ тілінің мәселесін  шешу қазақтілділірдің көптігімен  анықталады. Олай болса нағыз ресурстар оралмандар болып табылады.

Иммигранттардың экономикалық интеграциясы немесе жұмыспен қамтылу деңгейі еңбек нарығына қатысуы жаңа қоғамға кіруіндегі негізгі көрсеткіш болып табылады. Зерттеулердің нәтижелері көрсетіп отырғандай, оралмандардың экономикалық интеграцияға жеткен деңгейі өте төмен деуге болады. 

Көші-қон комитетінің  ресми статистикасына жүгінсек, оралмандардың тек қана 61,5% ғана жұмыспен қамтылған. 2000 жылдағы жұмыспен қамтылу деңгейі 32% болғанына қарамастан бұл көрсеткіш 2004 жылы 91,6% болған барлық халықтың жұмыспен қамтылу деңгейімен салыстырғанда өте төмен болып отыр. Оралмандар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жалпы ел бойынша керсеткіштен (2004 ж 8,4%) анағұрлым жоғары.

Аймақтар бойынша жұмыспен қамту деңгейінде айырмашылық бар. Мысалы Астанада оралмандардың 91% жұмыспен қамтылған. Алматы облысында сұрақ қойылған оралмандардың 83% жұмысымыз бар деп жауап берді. Солтүстік Қазақстан облысында зерттеу барысында оралмандардың 79%-не жұмыс орны табылды. Оңтүстік аймақтарда жұмыспен қамту деңгейі өте төмен. Оңтүстік Қазақстанда сұрақ қойылған оралмандардың 38%-інде ғана жұмысы бар. Осындай төмен көрсеткіштер зерттеу барысында Батыс Қазақстан облысында да байқалды, ол жерде сұрақ қойылған оралмандардың 41% ғана жұмысымыз бар деп жауап берді.

 

           1. сурет   Оралмандар арасындағы жұмыссыздық

        

 

Оралмандар ішіндегі жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуын әр түрлі себептермен түсіндіруге болады.   Біріншіден,   оралмандардың  жұмыс  та орналасуына әсер ететін құқықтық кедергілер. «Халықтың көші-қон туралы» заң оралманның статусын анықтағанмен, заңда осы статусты айқындайтын оралманның құқтары мен міндеттері көрсетілген нормалар жоқ.

Сондықтан, заңда оралманның статус алғаннан кейінгі құқықтық нәтижелері бекітілмеген. Бұл нормалар басқа да заңдарда, атап айтқанда еңбек және салықтық заңдарда да көрсетілмеген. Мысалы, Қазақстанның еңбек туралы заңдарында жұмысшылар екі түрлі топқа бөлінеді (резиденттер және резиденттер емес) және резидент емес деп саналатын оралмандарға арнаулы құқықтық режим бекітілмейді. Сондықтан да жұмыс беруші оралманды жұмысқа алса, онда оған арнайы лицензия алу қажет, бұл оңай емес.

Тағы да осыған ұқсас  құқықтық кедергілерге азаматтықты  растау жатады. Ресми түрде Қазақстанда  жұмыс істеу үшін оралмандар азаматтық алу керек немесе уақытша тұруға рұқсат керек (осылай Қазақстан азаматтығын ресми түрде және жұмыс істеу құқығын алу үшін). Бірақ азаматтық алу үшін оралмандар тұратын жеріне тіркелуі қажет. Сондықтан тұрақты мекен жайы жоқ оралмандар үйіне тіркеуге тұрғызатын адамдарды іздеуге мәжбүр болады. Қазір азаматтық алу ережелері өзгеріп тұрақты тіркеуді талап етуде. Бұл мәселеге алаңдаушылық білдіріп, 672 оралман жастар парламентке хат жолдады. Жаңа келген оралман қандай тұрақты тіркеуі болуы мүмкін? Бұл мәселе оралмандардың азаматтық алуына кедергі болып тұр.

Екінші экономикалық интеграцияға кедергі болып отырған  жайт тіл проблемасы. Орыс тілінде  сөйлей алмайтын немесе осы тілді  нашар меңгерген оралмандар жұмыс  іздеуде, әсіресе, солтүстік аймақтарда елеулі кедергілерге тап болады. Қазақ тілі жақсы дамыған оңтүстік облыстарда тілге байланысты проблемалар көп емес, дегенмен ондай қиындықтар аздап кездеседі. Мысалы, Қытайдан, Ауғанстаннан және Пәкістаннан келген оралмандар ескі қазақшада (негізінде араб алфавиті кірген) жазады, ал Түркияда латин графикасы қолданылады. Осы елдерден көшіп келген оралмандар қазақ тілінде оқи да, жаза да алмайды. Сондықтан, орыс тілді де білмеу оралмандарға жұмыс табуында едәуір қиындықтар туғызады.

 Білім деңгейіндегі айырмашылық та жұмысқа орналасуға кедергі жасай-ды. Жоғары білімі бар оралман   егер   оның  дипломы   елімізде   мойындалмаса, (мысалы Қытай ) жұмысқа   орналаса   алмайды бір жағдайларда оралмандар өз мамандықтары бойынша (инженерлер, технологтар, дәрігерлер, экономистер) жұмысқа орналаса алмайды, бұл жағдай арнайы білімі жоқ сатушыларға да қатысты.

Сауалдардың нәтижесі көрсетіп отырғандай, оралмандардың 20%-і  Қазақстанға көшіп келгенге дейін  мемлекеттік секторда жұмыс істеген (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және т.б.), бірақ, соның ішінде 7,2%-і ғана сондай құрылымдарда жұмыс таба алған. Оралмандардың ішінде қол өнерімен айналысқандар саны 2%-тен 5%-ке өсіп отыр. Майда ұсақ бизнеспен айналысқан оралмандардың саны екі есе өсті (1,9% көшкенге дейін 4,9% көшкеннен соң). Басқа жағынан қарағанда көшіп келгенге дейін ауыл шаруашылығымен айналысқан оралмандар саны 4%-тен 1%-ке төмендеп кетті.

Респонденттердің ішінде жұмыссыздар  көбейіп бара жатыр. Иммиграциядан  кейін бұл көрсеткіш 24,4%-ке өсті. Оралмандар арасындағы жұмыссыздықты талдау барысы көрсетіп отырғандай олардың көбісі жұмыссыздар.

ҚР «Халықтың  көші-қон туралы» Заңға сәйкес (29-3 бабы) мемлекет оралмандарға жұмыс беруде, біліктілігін жоғарылатуда және жаңа мамандықты таңдауда көмек көрсетуге тиісті. Бірақ, соның өзінде, оралмандарды жұмыспен қамтуға байланысты көмектер беру туралы интеграциялық бағдарламалар жоқ. Оралмандарға көмек беру өкілеттігі бар жергілікті органдар , оларға жергілікті жұмыспен қамту органдарына тіркелуге ақыл береді немесе «қоғамдық жұмыстарды» ұсынады. Қазақстандағы заңдарға сәйкес, оралмандар жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға құқығы бар. Соның ішінде мүгедіктер, жұмыссыздарға арналған жәрдемақы мен зейнетақылар, атаулы әлеуметтік көмектер кіреді. Заңға сәйкес, барлық оралмандар еңбек өтіліне және бұрынғы елде қандай жұмыс істегеніне қарамастан ең төменгі мөлшерде мемлекеттік зейнетақы алады. осыған байланысты, кейбір оралмандар, әсересе Қытай мен Ресейден келгендер Қазақстанның азаматтықтарын алғысы келмейді.

Оралмандармен әлеуметтік жұмыс